Азаматтық құқықтық қатынастар туралы ақпарат
КІРІСПЕ 3
1. Азаматтық құқық: жалпы сипаттама 4
1.2 Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері 5
2. Мәмілелер: ұғымы түрлері, түрпішіндері 9
2.1. Міндеттеме: ұғымы, түрлері, орындалу тәсілдері 14
3. Меншік құқығы 18
3.1. Зияткерлік меншік құқығы 19
4. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі және мұрагерлік 26
4.1.Баланың құқықтары 34
4.2. Мұра және мұрагерлік 44
4.3. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары. 48
5. Азаматтық құқықтық жауаптылық 54
Қорытынды 57
Пайдаланылған әдебиеттер 58

Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтану үрдістерінің құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Азаматтық құқық — жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен ажырамас байланыстағы Қазақстан республикасы құқығының бір саласы. Тауар-ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады. Жеке мүліктік емес қатынастардың мәніне жатпайтындықтан, әрі басқа заңнамаларда қаралмағандықтан, мүліктен тыс, жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық заңнамалармен реттеледі.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардын негізгі түрлерінің біріне, құқықтық нормалардын ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, бағалы қағаздармен, т.б. мүліктермен) байланысты қоғамдық қатынас¬тар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардың іс-әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Бұл қаты¬настар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастарына айналады. Сондықтан нарық жағдайында тауар-ақша қатынастары азаматтық құқықтық реттеудің негізгі объектісі болады.

1. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 493-1 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
2. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы № 528-И Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
3.«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 Конституциялық Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
4. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-1 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269-ХІП. (Жалпы бөлім). Алматы: Юрист, 2005.
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409-1 (Ерекше бөлім). Алматы: Юрист, 2005.
7. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (Ас-тана, 1999 жылғы 13 шілде № 411-1). Алматы: Юрист, 2005.
8. «Патент заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 427-1 Қазақстан Республикасынын Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
9. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-1 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
10. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-И. Алматы: Юрист, 2005.
11. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ту-ралы Қазақстан Республикасынын Кодексі (Салық кодексі). Алматы: Юрист, 2005.
12. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373-И Заңы. Алматы: Юрист, 2005.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
КІРІСПЕ 3
1. Азаматтық құқық: жалпы сипаттама 4
1.2 Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері 5
2. Мәмілелер: ұғымы түрлері, түрпішіндері 9
2.1. Міндеттеме: ұғымы, түрлері, орындалу тәсілдері 14
3. Меншік құқығы 18
3.1. Зияткерлік меншік құқығы 19
4. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі және мұрагерлік 26
4.1.Баланың құқықтары 34
4.2. Мұра және мұрагерлік 44
4.3. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары. 48
5. Азаматтық құқықтық жауаптылық 54
Қорытынды 57
Пайдаланылған әдебиеттер 58
Кіріспе
Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің бірліктің,
татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани
қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу,
адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтану үрдістерінің
құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық
қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Азаматтық құқық — жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның
әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен
ажырамас байланыстағы Қазақстан республикасы құқығының бір саласы. Тауар-
ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты
жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады. Жеке
мүліктік емес қатынастардың мәніне жатпайтындықтан, әрі басқа заңнамаларда
қаралмағандықтан, мүліктен тыс, жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық
заңнамалармен реттеледі.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардын негізгі түрлерінің
біріне, құқықтық нормалардын ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады.
Материалды игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен,
бағалы қағаздармен, т.б. мүліктермен) байланысты қоғамдық қатынастар
мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген
меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардың
іс-әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті
алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Бұл
қатынастар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша
қатынастарына айналады. Сондықтан нарық жағдайында тауар-ақша қатынастары
азаматтық құқықтық реттеудің негізгі объектісі болады.
1. Азаматтық құқықтық қатынастар
Азаматттық құқық тек қана мүліктік емес, сонымен бірге жеке мүліктік
емес қатынастарды да реттейді. Қазақстан Республикасының азаматтық
заңнамалары екі түрлі жеке мүліктік емес қатынастарды:
1) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес және;
2) мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға авторлық,
өнертапқыштық сияқты қатынастар жатады. Мысалы, бір ұйымның екінші бір
заңды тұлғаның тауарлы белгісін пайдалануы, соңғысына зиян шектіруі, атына
кір келтіруі мүмкін. Мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастар, мүліктік
қатынастар сияқты емес, басқа фактілердің, басқа субъектілердің арасында
пайда болады. Олар мүліктік мазмұны болмайтын, ақшалай бағалауға келмейтін,
жеке және заңды тұлғалардан айырмайтын игіліктерге байланысты туындайды.
Азаматтық құқықтық қатынастар азаматтық құқықты түсіну үшін маңызы бар.
Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бір-бірімен
субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық
құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес,
мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар.
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері: біріншіден, азаматтық
құқықтық қатынастардың субъектілері заң жүзінде тең, бір-бірінен тәуелсіз,
осынысымен басқа құқықтық қатынастардан айырмашылығы бар; екіншіден,
азаматтық құқықтық қатынастар заңда көрсетілген не көрсетілмеген
негіздердің де барысында пайда болады; үшіншіден, азаматтық құқықтық
қатынастардың жағдайы мен мазмұнын бекітуде тараптардың келісімі шешуші рөл
атқарады; төртіншіден, азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі мен тәсілінің
өзгешелілігі.
Азаматтық құқықтық қатынастардын пайда болуының негіздеріне заңды
фактілер жатады. Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарда көзделген
негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда
болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, олардың
жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді
туғызады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 7-бабына сәйкес
азаматтық құқықтар мен міндеттер:
1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ
заңдарда қөзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;
2) заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік
құжаттардан;
3) азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімінен;
4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау
немесе иемдену нәтижесінде;
5) өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер
шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау
нәтижесінде;
6) басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен
мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау (негізсіз баю) салдарынан;
7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;
8) заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын
оқиғалар салдарынан пайда болады.
1.2 Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері
Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын
құқықтық қатынасқа қатынасушыларға тән. Азаматтық Құқықтық қатынастардың
субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-
аумақтық бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық
қатынастарға қатынасуының алғышарты олардың азаматтық құқықтық
қабілеттілікке және азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.
Азаматтық құқықтық қабілеттілік дегеніміз азаматтың заңмен бекітілген
құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі.
Азаматтық құқық қабілеттілігі барлық азаматтарға бірдей, ортақ деп
танылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс
болған соң тоқтатылады. Азаматтық құқықтық қабілеттілік дегеніміз: азамат
Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның
ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға;
республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға;
республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып
оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға;
дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды
тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып,
міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер
шығармаларына, интеллектуалдык қызметтің өзге де туындыларына
интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның
орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке
құқықтары болады; өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің
атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге
асырады. Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп,
міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат (ойдан
шығарылған есімді) пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін; азамат тұрақты
немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады. Он
төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың
тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырып алушыларының немесе
қорғаншыларының тұрғылықты жері болып танылады.
Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден
өткеннен кейін пайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.
Азаматтың әрекет қабілеттілігі дегеніміз азаматтың өзінің іс-қимылымен
белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және
белгілі бір міндеттерді атқару, алып жүре алу қабілеттілігі. Азаматтық
қабілеттілік, әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, толық,
шектелген деген сияқты түрлері бар.
Алты жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады.
Сонымен бірге, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз
әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты
сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған
қорғаншылық белгіленеді.
Жартылай әрекет қабілеттілігі 6—14 жасқа дейінгі балаларға тән.
Азаматтық заңнамалар бойынша олар үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында
өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе
қорғаншылары жасайды. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің
жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз
бетінше жасауға құқылы. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке
толмағандардың толық, емес әрекет қабілеттілігі бар деп мойындалады. Бұл
жастағы азаматтар мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе
қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда
кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге
тиіс. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің
табысына, стипендциясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған
интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-
ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасасуға құқылы. Жеткілікті негіздер болған
жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз
табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өзі жасаған зияткерлік
меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеуі немесе ол
құқықтан айыруы мүмкін. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке
толмағандар осы баптың ережелеріне сәйкес өздері жасаған мәмілелер бойынша
дербес жауапты болады және өздерінің әрекеттерінен келтірілген зиян үшін
осы Кодекстің ережелері бойынша жауап береді.
Азаматтар 18 жасқа, яғни кәмелетке толғанда олардың толық әрекет
қабілеттілігі мойындалады. Бұл жерде мынандай бір сәтті есімізге салып
кеткеніміз жөн. Егерде заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін
некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге
тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің
отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет
қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу
кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық
белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа
мәмілелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін
алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге
асыра алады. Азамат спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға және
нашақорлыққа салынуды тоқтатқан жағдайда сот оның әрекет қабілеттілігіне
қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа
белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Мүліктік және жеке мүліктік емес
игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке): заттар, ақша, соның
ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық
интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар,
тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік
құқықтар мен басқа да мүлік жатады.
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі,
денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге
қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу
құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес
игіліктер мен құқықтар жатады.
2. Мәмілелер: ұғымы, түрлері, түр пішіндері
Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері. Қатынастардың негізі
материалды игіліктердің болуы және болмауына байланысты қалыптасатындықтан
азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері мүліктік және мүліктік емес деп
бөлінеді. Мүліктік қатынастар мүліктік, материалды игіліктер сипатында
болатындықтан, олардың экономикалық мазмұны бар. Мүліктік емес қатынастарға
адамның, азаматтың өмірі, денсаулығы, еркіндігі, бостандығы, қауіпсіздігі,
ар-ожданы, намысы, аты-жөні т.с.с. жеке басының мүліктік емес мүдделері
жатады. Мүліктік, материалды игіліктер бір жеке және заңды тұлғалардан
екіншілеріне көшуі, қайтарылуы мүмкін. Ал мүліктік емес құбылыстар мен
мүдделер екінші біреуге берілмейді, көшпейді.
Азаматтық құқықтық қатынастардың тууы үшін белгілі бір жағдайлар болу
керек. Осындай азаматтық құқықтық қатынастардың тууының әмбебап тәсілдеріне
мәмілелер жатады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабында
көрсетілгендей мәмілелер дегеніміз азаматтар мен заңды тұлғалардың
азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға
бағытталған әрекеттер. Мәмілелердің төмендегідей төрт белгілері бар:
біріншіден, мәміле адамдардың еркін білдіретін ерікті әрекет. Оның
еріктілігі азаматтық құқықтық қатынастарды белгілеуге, өзгертуге және
тоқтатуға мақсатты түрде бағытталатындығынан көрінеді. Бұндай мақсаты жоқ
әрекет — қарапайым қылықтан бұл мәміленің басты айырмашылығы; екіншіден,
мәміле, көп жағдайда, заңмен мақұлданған, құқыққа сәйкес әрекет; үшіншіден,
мәміле тек азаматтық құқықтық қатынастарды тудыруға, өзгертуге және
тоқтатуға бағытталған әрекет; төртіншіден, мәміле азаматтық құқықтық
қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық салдарлары
азаматтық заңнамалардың нормаларымен реттеледі.
Мәміленің түрпішіндері. Мәміле ауызша, жазбаша не болмаса конклюдетті
әрекет арқылы және үндемеу (әрекетсіздік) сияқты түрпішіндерде болады.
Мәміленің ауызша түр пішіні мәміле жасаушы тараптардың өзара
еріктерінің тікелей қабылдануы. Бұл жерде мәміле жасаушылардың еркі
тараптардың бір-бірімен ауызша келісіміне негізделеді. Бұндай келісім
телефон, тараптардың тікелей кездесуі, жүздесуі не олардың өкілдері арқылы
жасалуы мүмкін. Заңдармен немесе тараптардың келісімімен жазбаша (жай не
нотариалдық) немесе өзге белгілі бір нысан белгіленбеген мәміле, атап
айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмілелердің бәрі ауызша жасалуы
мүмкін. Ауызша мәміле адамның мінез-құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын
көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады.
Жазбаша мәмілелер:
1) егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы
талап көрсетілмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан
туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатын әрекеттен басқа,
кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын әрекет жағдайында;
2) мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз
есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалатын мәміле жазбаша түрпішінде
жасалуы тиіс;
3) заңдарда немесе тараптардың де көзделген өзге де реттерде жазбаша
түрде жасалуға тиіс.
Егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса,
жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюға
тиіс. Егер заңдарға немесе мәмілеге қатысушылардың бірінің талаптарына
қайшы келмесе, мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме,
электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол беріледі.
Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған
құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар
немесе субъектілерді және олардың ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын
өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келісімімен
өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.
Заңдармен және тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі
мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге
жазу, мермен бекіту сәйкес келуге және оларда осы тараптарды орындамау
салдары көзделуге тиіс. Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе
сауатсыздығы салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге
басқа азамат қол қоя алады. Соңғысының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше
көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар
басқа лауазымды адам, мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерді
көрсете отырып, куәландыруға тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның
орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы. Мәмілелерді жасау кезінің
өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсіпкерлік мәмілені орындаған
тараптың да осындай құқығы бар. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін
жасалған мәмілелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімі
бойынша ауызша жасалуы мүмкін.
Мәміленің конклюдетті түрпішіні мысалы жетон, билет немесе әдеттегідей
қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда
өзгеше белгіленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады. Мәміле адамның
мінез-құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де
жасалған деп саналады. Сонда, адамның мәміле жасауға деген еркі айқын
көрініп тұруын, мәміле жасайын деген ниетінің байқалып тұруы арқылы
мәміленің жасалуы конклюдетті мәміле деп аталады. Мысалы банкоматқа
карточканы салып ақша алу, көшеде телефон-автоматқа карта салып сөйлесу,
қоғамдық көліке кіргенде жол ақысын төлеп билет алу сияқты әрекеттерді
жатқызуға болады.
Үндемеу (әрекетсіздік), заңдарда немесе тараптардың келісімінде
көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.
Мәміленің түрлері. Азаматтық құқық саласында мәмілелердің бірнеше
түрлері бар. Мысалы мәміле жасауға араласатын тараптардың санына байланысты
бір жақты, екі жақты және көп жақты деген мәмілелердің түрлерін көрсетуге
болады. Заңнамалар мен тараптардың келісімі бойынша мәміле жасау үшін бір
жақтың еркі ғана қажет әрі жеткілікті болатын мәмілені бір жақты мәміле деп
атаймыз. Бір жақты мәміледе басқа жақтардың (тараптардың) келісімі, еркі
міндетті емес. Бұндай мәмілелерге азаматтың өзіне берілген белгілі бір
құқықтан бас тартуы, берілген сенімхаттың мерзімінің бітуі, өсиет т.б.
жатқызуға болады.
Екі жақтың да еркі мен келісімі міндетті болып табылатын мәміле екі
жақты мәміле деп аталады. Екі және одан да көп тараптардың еркі мен
келісімі талап етілетін мәміле көп жақты деп аталады. Қазіргі кезде екі не
одан да көп тараптар жасайтын мәміленің түрін шарт деп атайды. Сонымен екі
немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу,
өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.
Бір жақ екінші жаққа көрсеткен қызметі, жұмысы үшін ақы алатын мәміле
ақылы мәміле делінеді. Керісінше болса ақысыз мәміле.
Мәміленің жасалу уақытына байланысты нақты (заттық, мүліктік) және
келісімді (консенсуалды) мәміленің түрлері бар. Мәміленің талабына
байланысты белгілі бір заттың, мүліктің берілуіне байланысты жасалатын
мәміленің түрін нақты мәміле дейді. Мысалы, бұндай мәмілеге жүк тасымалдау
туралы шартты айтуға болады. Жүк жіберушінің жүкті тасымалдаушыға беруі
аталған мәміленің жасалғандығын көрсетеді.
Келісімді (консенсуалды) мәміленің жасалуы үшін сол мәмілені жасау
туралы тараптардың өзара келісімге келуі жеткілікті болады. Бұған мысал
ретінде сауда-саттық шартын келтіруге болады. Аталған мәмілені жасау үшін
мүлікті не затты беріп, оның арасын, құнын төлеу міндетті емес. Бұл
әрекетті жақтар шарттын орындалуы барысында іске асырады. Тараптар ең
алдымен мүлікті не затты бір-біріне сату жөнінде өзара келісіп қойса,
мәміле жасалды деп есептеледі. Мысалы, бір азамат екінші бір азаматқа
өзінің пәтерін сатамын, ал анау аламын деп сөз байласса не шарт жасаса
мәміле жасалды делінеді. Ал ақшасын төлеп, пәтерді алу сөз байласудан кейін
орындалады.
Мәміленің негізінің маңыздылығына байланысты каузалды және абстрактілі
мәмілелер болады.
Каузалды мәміле негізіне байланысты туатындықтан соған тәуелді
болады. Сондықтан негізінің жойылуы бір жақты мәміленің әрекет етуінің
заңды күшін жояды. Мысалы, сатып алушы сатып алынатын тауардың жарты құнын
төлеп қойды, бірақ сатушы тауарды таба алмады. Сатушы сатып алушыдан
тауардың қалған бағасын талап етуіне негіз жоқ, сондықтан, бұл жерде
мәміленің негізі болып тауардың берілуі не сатып алушыға жеткізілуі
табылады. Ондай негіз жойылып еді, мәміле өзінің заңдық күшін жойды.
Абстрактілі мәміледе, керісінше, мәміленің негізі есепке алынбайды,
егер мәміле сол мәмілені жасаушының түпкілікті еркін білдірсе. Мысалы,
сатып алушы сатып алынған тауардың құнына сәйкес сатушыға вексель беріп,
соңынан, тауар сапасыз болып шықса, вексель қайта қайтарылмайды және
вексель векселді ұстаушы не векселді төлеуші үшін болашақта векселге деген
құқықтарын жоймайды. Мерзімсіз және мерзімді мәмілелер болады. Мерзімсіз
мәміледе оның күшіне ену не күшінің аяқталу мерзімдері көрсетілмейді.
Сондықтан бұндай мәмілелер жасалған сәтінен бастап күшіне енеді. Мерзімді
мәміледе, мәміленің күшіне кіретін уақыты ғана не болмаса мерзімінің
аяқталатын уақыты ғана немесе екі мерзімі де қатар көрсетілуі мүмкін. Егер
де мәміледе тараптардың құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асырылу мерзімі
көрсетілсе ол кейінге қалдырылған мерзім делінеді. Ал, керісінше мәміле
жасалған сәтінде күшіне еніп, оның күшін жоятын уақыты көрсетілген мерзім
жойылатын мерзім деп аталады.
Егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу басталмауы
белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, бұндай мәміле кейінге
қалдырылатын шартпен жасалатын шартты мәміле деп есептеледі.
Нысаны биржадағы айналысқа жіберілген мүлік болып табылатын және
тиісті биржалар (тауар, қор және басқа) туралы.
Қазақстан Республикасының заңдары мен биржалық сауда ережелеріне
сәйкес онымен сауда-саттық жүргізуге қатысатындармен жасалатын мәмілелер
биржалық мәмілелер деп аталады.
2.1. Міндеттеме: ұғымы, түрлері, орындалу тәсілдері
Міндеттеме дегеніміз бір адамның (борышқордың) басқа адамның (несие
берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты
белгілі бір әрекеттер жасауға не белгілі бір әрекет жасаудан бас тартуы.
Бірақ несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы.
Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті.
Міндеттемелер зиян келтіруден немесе өзге де негіздерден пайда болады.
Сонымен бірге міндеттемелер төмендегідей іс-қимылдардың негізінде
туындайды:

заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;

Міндеттеме — міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше
орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда —
іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге
де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс.
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері. Міндеттемені
орындау, заңдарда немесе шартта көзделген айып төлету, кепіл, борышқордың
мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепіл пұл және басқа да әдістер арқылы
қамтамасыз етілуі мүмкін.
Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте,
атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге
міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы айып төлеу
(айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие беруші
оған келтірілген залалдарды дәлелдеуге міндетті емес. Айып төлеу туралы
келісім, негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша түрде жасалады.
Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына
әкеліп соқтырады.
Айып төлеу мөлшері нақты ақша сомасында немесе орындалмаған не
тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы пайызбен белгіленеді.
Міндеттемеге сәйкес несие берушінің (кепіл ұстаушының) борышқор кепілмен
қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік
құнынан заңдарда белгіленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлік тиесілі
адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілердің алдында артықшылықпен
канағаттандырылуға құқығы бар міндеттемені атқаруының осындай әдісі кепіл
деп танылады.
Кепіл ұстаушының кепілге салынған мүлік, кімнің пайдасына
сақтандырылғанына қарамастан, оның жоғалғаны немесе бүлінгені үшін, егер
жоғалу немесе бүліну кепіл ұстаушы жауап беретін себептер бойынша болмаса,
сақтандыру өтемінен сол бұрынғы негізде қанағаттандырылуға құқығы бар.
Кепіл шартқа сәйкес пайда болады.
Кепіл заң құжаттарының негізінде, егер заң құжаттарында қандай мүлік
және қандай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілде жатқан деп
танылатыны көзделсе, оларды көрсетілген міндеттемелердің пайда болуы
кезінде де туындайды. Кез келген мүлік, сонын ішінде айналымнан алып
тасталған заттар, несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты талаптар,
атап айтқанда алименттер, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды
өтеу туралы талаптар және заң құжаттарымен оларды басқа тұлғаға беруге
тыйым салынған өзге құқыктар, заттар мен мүліктік құқықтар (талаптар) кепіл
мәні бола алады. Егер шартта немесе заң кұжаттарында өзгеше көзделмесе,
кепіл талапты оның нақты қанағаттандырылатын кезіндегі көлемді сыйақыны
(мүддені) коса алғанда, орындау мерзімін өтізіп алу арқылы келтірілген
шығындардың өтелуін, айып (айыппұл, өсім) салуды, кепілге салынған мүлікті
ұстау жөніндегі қажетті шығыңдарды, соңдай-ақ өндіріп алу жөніндегі
шығындарды өтеуді қамтамасыз етеді.
Кепіл түрлері:
а. Ипотека — кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір
жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі. Кәсіпорындар,
құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлі үйдегі пәтерлер, көлік
құралдары, ғарыш объектілері, айналымдағы тауарлар және азаматтық
айналымнан алынбаған басқа да мүлік ипотека мәні бола алады. Бөлінетін
жемістер бөлген кезден бастап үшінші жақтың құқықтарының объектісі
болмайтын жағдайда ғана олар ипотека мәні бола алады. Кәсіпорындар,
құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлі үйдегі пәтерлер, көлік құралдары
мен ғарыш объектілері ипотекасы осындай объектілерді тіркеуді жүзеге
асыратын органдарда тіркелуге тиіс.
ә. Кепілзат - кепілге салынған мүлікті кепіл беруші кепіл ұстаушының
иелігіне беретін кепіл түрі. Кепіл ұстаушының келісімімен кепілге салынған
зат кепіл ұстаушының құлпы салынып, мөрі басылып, кепіл салушыда қалдырылуы
мүмкін. Кепіл мәні кепіл туралы куәландырылатын белгілер салынып (анық
кепіл), кепіл берушінің иелігінде қалдырылуы мүмкін.
б. Құқықтарды кепілге салу кезінде иеліктен айырылуы мүмкін мүліктік
құқықтар, атап айтқанда, кәсіпорындарды, құрылыстарды, үйлерді,
ғимараттарды жалға беру құқықтары, шаруашылық серіктестік мүлкіндегі үлеске
құқық, борыштық талап қою, авторлық, өнертапқыштық және өзге де мүліктік
құқықтар кепіл мәні болып табылады. Жер учаскесіне құқықтарды, сондай-ақ
өзге табиғи ресурстарға құқықтарды кепілге беруге, жер және өзге табиғи
ресурстық заңдарда белгіленген шектер мен ережелер бойынша жол беріледі.
Мерзімді құқық оның әрекет жасау мерзімі біткенге дейін ғана кепіл мәні
бола алады. Кепіл құқығының борышқоры кепіл туралы хабардар болуға тиіс.
Егер кепілге салынатын құқық құжатпен расталатын болса, кепіл шарты құқық
белгілеуші құжатты беру арқылы ресімделуі мүмкін.
Кепілдік және кепіл болушылық. Кепілдік бойынша кепілдік беруші, заң
ақтілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың (борышқордың)
несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе
борышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенеді.
Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие
берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе
ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді.
в. Кепіл болушылық немесе кепілдік шарттарының негізінде кепілдік және
кепіл болушылық пайда болады. Кепілдік немесе кепіл болушылық шарттары
жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілдік
немесе кепіл болушылык шартының жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.
Кепілпұл. Уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен
алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа жене шарт жасау мен орындауды
қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сома кепілпұл деп танылады. Кепілпұл
жазбаша нысанда жасалады. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау
кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады.
3. Меншік құқығы
Күнделікті тұрмыста меншік ұғымы мүлік, зат және оларға деген
белгілі бір құқықпен байланыстырылады. Сондықтан меншік дегеніміз заттың,
мүліктің өзі ғана емес, оған деген белгілі бір құқықтың пайда болуы. Сонда,
меншік экономикалық ұғым болса, меншік құқығы құқықтық ұғым. Ал меншік
құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын
өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету
құқығы. Көрсетілген құқықтардың әрбіреуі меншік құқығының қажетті
бөлшектері және барлығы бірігіп меншік құқығының мазмұнын білдіреді.
Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң
жүзінде қамтамасыз ету. Иеленудің заңды, заңсыз, ұқыпты, ұқыпсыз деген
сияқты түрлері болады.
Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін
алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда
кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін.
Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің
заңмен қамтамасыз етілуі. Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз
қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа
адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала
отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз
өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен
ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Жеке меншік
азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың
бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Жеке меншікте болатын мүліктің
саны мен құны шектелмейді. Мемлекеттік меншік республикалық және
коммуналдық меншік түрінде көрінеді. Республикалық меншік мемлекеттік
қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды
тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Республикалық бюджеттің
қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, жер, оның қойнауы, су, өсімдік
және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте
болады. Бұлардың барлығы және мемлекеттіқ заңды тұлғаларға бекітіліп
берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттіқ
қазынасын құрайды.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес
коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Жергілікті
бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге
де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
3.1. Зияткерлік меншік құқығы
Зияткерлік меншік деп заңнамаларда белгіленген реттер мен тәртіп
бойынша азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық
қызметтің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру
құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе
қызметінің өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі
және т.б.) ерекше құқығы танылады.
Зияткерлік меншік құқығының объектілеріне:
1) зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері;
2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе
қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары жатады.
Зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне:
1) ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
2) орындау, фонограмма және хабар таратуды ұйымдастыру;
3) өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер;
4) селекциялық жетістіктер;
5) интегралдық микросызба топологиялары;
6) ашылмаған ақпарат, оның ішінде өңдіріс құпиялары (ноу-хау);
7) осы кодексте немесе өзге де заң актілерінде көзделген реттерде
интеллектуалдық шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелері жатады.
Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе
қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына:
1) фирмалық атаулар;
2) тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері);
3) тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары (шығатын жерін көрсету);
4) заңнамаларда көзделген реттерде азаматтық айналымға қатысушылардың,
тауарлар мен қызмет көрсетулердің басқа да дараландыру құралдары жатады.
Зияткерлік меншік объектілеріне құқық оларды құру фактісінің күшімен
не заңнамаларда көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша уәкілетті
мемлекеттік органның құқықтық қорғауды беруі нәтижесінен туындайды.
Зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерінің авторлары осы нәтижелерге
қатысты жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарға ие болады. Жеке
мүліктік емес құқықтар, оның мүліктік құқығына қарамастан, авторға тиесілі
болады және оның мүліктік құқығы басқа тұлғаның зияткерлік шығармашылық
қызметінің нәтижелеріне ауысқан жағдайда өзінде сақталып қалады. Азаматтық
айналымға қатысушыларды, тауарларды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру
құралдарына (бұдан әрі -дараландыру құралдары) арналған құқық іргелері осы
құралдарға қатысты мүліктік құқықтарға ие болады. Зияткерлік шығармашылық
қызмет нәтижесінің авторы болып танылу құқығы (авторлық құқық) жеке
мүліктік емес құқық болып табылады және оған шығармашылық енбегімен
интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесін жасаған адам ғана ие бола
алады.
Авторлық құқық дегеніміз — автордың мүліктік және мүліктік емес жеке
құқықтары. Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесі болып табылатын
ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен
маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысанына қарамастан
қолданылады. Автор — шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға.
Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған, жарыққа шыққан, басып
шығарылған, көпшілік алдында орындалған, көпшілікке көрсетілген), сондай-ақ
халыққа таратылмаған туындыларға қандай да бір объективті нысанда:
1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.);
2) ауызша (көпшілік алдында айту, көпшілік алдында орындау және т.б.);
3) дыбыс және бейне жазу (механикалық, цифрлық, магнитті, оптикалық
және т.б.);
4) бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне
немесе фото кадр және т.б.);
5) көлемдік-кеңістікті (мүсіндеме, модель, пакет, құрылыс және т.б.);
6) басқа да нысандарда қолданылады. Авторлық құқық идеялардың,
тұжырымдамалардың, принциптердің, әдістердің, жүйелердің, процестердің,
жаңалықтардың, фактілердің жеке өздеріне қолданылмайды.
Авторлық құқық объектілері мыналар болып табылады:
1) әдеби туындылар (әдеби-көркем, ғылыми, оқу, публицистикалық және
т.б.);
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3) сценарийлік туындылар;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтінді және мәтінсіз музыкалық туындылар;
6) аудио-бейне туындылар, (кино, теле және бейне фильмдер, диафильмдер
және басқа кино, теле туындылар), радио туындылар;
7) кескіңдеме, мүсін, графика туындылары мен басқа да бейнелеу
өнерінің туындылары;
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнері туындылары;
10) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдістермен алынған
туындылар;
11) географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар,
жоспарлар, эскиздер, безендірмелер мен үш өлшемді туындылар;
12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
13) туынды шығармалар (аудармалар, өндеулер, аннотациялар, рефераттар,
түйіндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылым,
әдебиет пен өнер туындыларының басқа да қайта өнделімдері);
14) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және
басқа да іріктелу және (немесе) материалдардың орналасу бойынша
шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады.
Авторлық құқықты иеліктен айыруға және басқа адамға беруге болмайды.
Егер нәтиже екі немесе одан да көп адамның бірлескен авторлығымен жасалса,
олар тең авторлар болып танылады.
Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу
фактісіне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге
асырылуы үшін туындыны тіркеу, туындыны өзге де арнайы ресімдеу немесе
қаңдай да болсын шарттылықты сақтау талап етілмейді. Өздерінің айрықша
мүліктік құқықтары туралы хабарлау үшін автор және (немесе) құқық иеленуші
авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануға құқылы, ол белгі туындының әр
данасына қойылады және міндетті түрде мынадай үш элементтен тұрады:
1) қоршауға алынған латынша С әрпі;
2) айрықша авторлық құқықтар иесінің есімі (атауы);
3) туындының алғаш жарияланған жылы.
Жарияланбаған туыңдыға жеке мүліктік емес құқықтарын куәландыру үшін
автор, сондай-ақ құқық иеленуші туындыға айрықша мүліктік құқықтарды
иеленетінін растау үшін авторлық құқықтың қорғалатын не тиісті шарттардың
қолданылатын мерзімі ішінде кез келген уақытта оларды ресми тізілімдерде
тіркеуге құқылы.
Тең авторлар. Екі немесе одан да көп адамның (тең авторлардың)
бірлескен шығармашылык еңбегімен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай
туындының бөлінбес біртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге
ие бөлімдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесілі болады.
Егер туындының бір бөлігін осы туындының басқа бөліктеріне қарамастан
пайдалану мүмкін болса, бұл бөлігі дербес мәні бар туынды деп танылады.
Авторлық құқықтың қолданылу мерзімі. Авторлық құқық, негізінде,
автордың бүкіл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейін елу жыл бойы күшін
сақтайды. Өсиетті орындаушы тағайындайтын тәртіп бойынша автор өзі қайтыс
болғаннан кейін өзінің авторлық құқығын, есімінін құқығын және өзінің
беделін сақтау құқығын қорғауды жүктейтін адамды көрсетуге құқылы. Ол адам
өз өкілеттігін өмір бойы атқарады. Мұндай нұсқаулар болмаған жағдайда автор
қайтыс болғаннан кейін оның авторлық құқығын, есімнің құқығын және беделін
қорғау құқығын қорғауды оның мұрагерлері, егер мұрагерлері жоқ болса немесе
олардың авторлық құқығы тоқтатылса, Қазақстан Республикасының мұндай
қорғауды жүзеге асыратын уәкілдік берілген ортаны жүзеге асырады. Жасырын
немесе бүркеншік атпен жарияланған туындыға авторлық құқы ол туынды заңды
түрде жарияланған күннен кейін елу жыл бойы күшін сақтайды. Егер аталған
мерзім ішінде жасырын немесе бүркеншік атпен шығарылған туындының авторы
өзінің шын есімін немесе оның кім екені ендігі жерде күмән тұғызбаса, оның
авторлық құқығы елу жыл бойына сақталады. Тең авторлар жасаған туындыға
авторлық құқық өмір бойы және басқа тең авторлардан ұзақ өмір сүрген ең
соңғы автор қайтыс болғаннан кейін елу жыл бойы күшін сақтайды.
Автор қайтыс болғаннан кейін отыз жыл ішінде бірінші рет жарыққа
шығарылған туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейінгі жылдың
бірінші қаңтарынан есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейін елу жыл бойы
күшін сақтайды. Туындыға авторлық құқықтың қолданылу мерзімінің бітуі
олардың қоғамдық игілікке айналғандығын білдіреді. Қоғамды игілікке
айналған туындыларды кез келғен адам авторлық сыйақы төлемей еркін
пайдалана алады. Бұл орайда авторлық құқық, автор есімінің құқығы мен оның
беделін қорғау құқығы сақталуға тиіс. Қоғамдық игілікке айналған
туындыларды пайдаланушылар авторлардың шығармашылық қызметіне ықпал ету,
олардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында авторлардың
кәсіби қорына немесе авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде
басқаратын ұйымдарға қаржы аударуға ерікті. Сабақтас құқықтар қойылымдарға,
орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлік және кабельдік хабар тарату
ұйымдарының хабарларына олардың мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ
жеткізілу әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады. Орындаушылар,
фонограмма жасаушылар, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары
сабақтас құқықтардың субъектілері болып табылады.
Сабақтас құқықтардық пайда болуы және жүзеге асырылуы үшін қандай да
болсын формальдылықты сақтау талап етілмейді. Фонограмма жасаушы және
(немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшін фонограмманың әр
данасында және (немесе) оның әрбір қорабында көрсетілетін және үш
элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгісін пайдалануға құқылы,
олар:
1) қоршауға алынған латынша Р әрпі: Р;
2) айрықша сабақтас кұқықтар иесінің есімі (атауы);
3) фонограмманың алғаш жарияланған жылы.
Патенттік құқық. Өнертабыс, пайдалы кескіндерді, өнеркәсіп үлгілерін
тағы басқа да зияткерлік меншіктің түрлеріне құқықтың пайда болу, бекіту
және қарау тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын патенттік
құқық дейміз. Кез келген адам өзінің ойлап тапқан өнертабысын, пайдалы
модельдерін, өнеркәсіп үлгілерін, ашқан жаңалықтарын іске асырып оны қорын,
өзінің керегінше пайдаланып, табыс, пайда табуы үшін оны арнайы мемлекеттік
органдарда тіркеуден өткізіп, заңды, қорғау құжаттарын алады. Қорғау
құжаттары деп заңнамаларға сәйкес берілген алдын ала патенттер мен
өнертабыс пен өнеркәсіп үлгілеріне, пайдалы модельдерге берілген
патенттерді айтамыз. Өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге құқық алдын ала
берілетін патентпен және патентпен, ал пайдалы модельге патентпен
куәландырылады. Өнертабыс және өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент,
пайдалы модельге патент өтінімге үстірт сараптама өткізілгеннен кейін
беріледі. Өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге патент өтінімге мәні бойынша
сараптама өткізілгеннен кейін беріледі. Алдын ала патент және патент
өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және ерекше құқықты
куәландырады. Өнертабысқа алдын ала патент өтінім келіп түскен күннен
бастап бес жыл бойы күшін сақтайды, патент иеленушісінің өтініші бойынша
оның қолданылу мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ ол үш жылдан аспауы керек.
Өнертабысқа патент өтінім берілген күннен бастап жиырма жыл бойы күшін
сақтайды. Пайдалы модельге патент өтінім берілген күннен бастап бес жыл
бойы күшін сақтайды, патент иеленушінің өтініші бойынша оның қолданылу
мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ ол үш жылдан аспауы керек.
Өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент өтінім берілген күннен бастап бес
жыл бойы күшін сақтайды. Өнеркәсіптік үлгіге патент өтінім берілген күннен
бастап он жыл бойы күшін сақтайды, патент иеленушінің өтініші бойынша оның
қолданылу мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ ол бес жылдан аспауы керек.
Патент иеленушінің қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауынша
пайдалануына ерекше құқығы болады. Патент иеленуші қорғалатын өнеркәсіптік
меншік объектілерін пайдалануға айрықша құқықты осы қорғау құжатын беру
туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланған күннен бастап қорғау
құжатының қолданылу кезеңінде жүзеге асырады. Қорғалатын өнеркәсіптік
меншік объектісі бар өнімді дайындау, қолдану, жеткізу, сатуға ұсыну, сату,
азаматтық айналымға өзге де енгізу немесе осы мақсатпен сақтау, сондай-ақ
қорғау әдісін қолдану өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану болып
танылады.
Егер өнімде оны пайдалану күніне техниканың осы саласындағы белгілі
формуланың тәуелсіз тармағында келтірілген өнертабыстар, пайдалы
модельдердің әрбір белгісі немесе соларға тендес белгілер пайдалану әдісі
болса, өнім қоргалатын өнертабыс немесе пайдалы модель деп танылады, ал
қорғалатын әдіс қолданылған деп табылады. Тікелей осындай әдіспен
дайындалған өнімді азаматтық айналымға енгізу не осы мақсатпен сақтау өнім
алудың қорғалатын әдісін пайдалану деп танылады.
Егер өнімде бұйымның ұсынылған кескіндеріңде (макетінде) көрсетілген
және негізгі белгілерінің тізбесінде келтірілген барлық негізгі белгілері
болса, қорғалатын өнеркәсіптік үлгісі бар болып танылады.
4. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі
Неке дегеніміз ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес
жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген
тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек
пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ. Ал отбасы деп некеден, туыстықтан,
бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан
туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге
байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге
тиісті адамдар тобын айтамыз.
Неке азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАЖ) органдарында ресімделгенде
заңды деп танылады және белгілі бір құқықтық салдарлар туғыза алады.
Шіркеулерде, мешіттерде некені қиюға заң тыйым салмайды, бірақ олардың
құқықтық күші жоқ. Некеге тұру үшін заң некеге тұрудың жағымды және
жағымсыз жақтарын белгілейді. Неке тұрудың жағымды жақтарына: некеге тұрушы
еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі
жатады.
Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы 1998 жылғы 17
желтоқсандағы № 321-1 Заңының 10-бабына сәкес неке жасы еркектер мен
әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған
жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу
органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке
жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе
олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын
төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады.
Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың
келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы
некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.
Неке тұрудың жағымсыз жақтарына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz