Тебін жылқыларын өсіру тәсілдері



Жоспар:

Кіріспе.

1. Жылқы тұқымдары.
2. Тебінді жылқының ерекшеліктері.
3. Азықтың жұғымдылығын анықтау.
4. Жылқының ас қорытуы.
5. Тебін жылқыларын өсіру тәсілдері.
6. Тебінді жылқыларын жыл маусымына қарай бағып.күту.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Жылқы қазақтың қашаннан қадірлі малы, ел мақтанышы, байлық нышаны. Халқымыз жылқыға ерекше көңіл бөлді және жылқы өсірудің ел экономикасындағы маңызы да зор болды. Қазақ үшін жылқыдай қасиетті, әсем де сұлу, пайдалы да адал мал болған жоқ. Ғасырлар бойы ол адаммен етене қайнасып, мінсе – көлік, сойса – соғым, сауса – қымыз береді, елді, жерді жаудан қорғасты, бәйге ат ойын – сайыстарында иесіне абырой – атақ әперді. Халқымыз оны «Ер қанаты – ат» деп әспеттеді.
Бір кезде ауыл шаруашылық өндірісінің механикаландырылуы және электрлендірілуіне, ал кейінгі жылдары нарықтық қатынасқа өтуге байланысты жылқының саны едәуір азайып кетті. Қазіргі уақытта республикада 1 миллионға жуық қана жылқы бар. Ал, бір кезде оның саны 5 миллионға жуық болатын. Жылқыны пайдалану жөнінен елімізде мынадай бағыттар қалыптасқан: мініс-жұмыс көлігі, өнім алу (ет, сүт т.б.), спорт және ат ойынына арналған және асыл тұқымды мал өсіру саласы. Әсіресе, асыл тұқымды жылқы өсіру барлық сала үшін бірдей маңызы болуымен қатар олардың даму деңгейіне де әсерін тигізді.
Қазақстанның өзіндік асыл тұқымдық негізі – 11 жылқы зауыты және 19 асыл тұқымды мал өсіріп таратушы шаруашылық болып табылады. Соңғы жылдары мемлекеттік шаруашылықтар мен акционерлік қоғамдардан басқа жекеше асыл тұқымды шаруашылықтар пайда болды.
Кезінде Қазақстанда жылқы шаруашылығының етті-сүтті саласы кеңінен дамыды. Елімізде етті бағыттағы маманданған жылқы фермалары құрылды. Жылқы табынын қысы-жазы жайылымда бағу арзан тағам өндіруге, басқа мал түрлері алыстағы шөл, шөлейт және таудағы жайылымдарды игеруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа медицина және биологиялық өнеркәсіптерде жылқы қанынан емдік сарысулар мен басқа да дәрі-дәрмектер дайындалады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Бабажанов С. Этнографиялық мақалалар. Алматы, 1993.
2. Несіпбаев Т. Тебінді жылқы шаруашылығы. Алматы, 1985.
3. Тоқтарбайұлы С. Монғол жылықыларының өсіп-жетілуі мен еттенуінің жасына байланысты өзгеруі. Алматы, 1995.
4. М.А.Кенеев. Қазақстандағы жылқы шаруашылығы және ат спортының қазіргі жағдайы // Жаршы. 2002, №6.
5. Жаршы. 2001, №10.
6. Маңмаңкер. 1999, №5.
7. Биология, география, химия. 1999, №3.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе.
1. Жылқы тұқымдары.
2. Тебінді жылқының ерекшеліктері.
3. Азықтың жұғымдылығын анықтау.
4. Жылқының ас қорытуы.
5. Тебін жылқыларын өсіру тәсілдері.
6. Тебінді жылқыларын жыл маусымына қарай бағып-күту.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Жылқы қазақтың қашаннан қадірлі малы, ел мақтанышы, байлық нышаны.
Халқымыз жылқыға ерекше көңіл бөлді және жылқы өсірудің ел экономикасындағы
маңызы да зор болды. Қазақ үшін жылқыдай қасиетті, әсем де сұлу, пайдалы да
адал мал болған жоқ. Ғасырлар бойы ол адаммен етене қайнасып, мінсе –
көлік, сойса – соғым, сауса – қымыз береді, елді, жерді жаудан қорғасты,
бәйге ат ойын – сайыстарында иесіне абырой – атақ әперді. Халқымыз оны Ер
қанаты – ат деп әспеттеді.
Бір кезде ауыл шаруашылық өндірісінің механикаландырылуы және
электрлендірілуіне, ал кейінгі жылдары нарықтық қатынасқа өтуге байланысты
жылқының саны едәуір азайып кетті. Қазіргі уақытта республикада 1 миллионға
жуық қана жылқы бар. Ал, бір кезде оның саны 5 миллионға жуық болатын.
Жылқыны пайдалану жөнінен елімізде мынадай бағыттар қалыптасқан: мініс-
жұмыс көлігі, өнім алу (ет, сүт т.б.), спорт және ат ойынына арналған және
асыл тұқымды мал өсіру саласы. Әсіресе, асыл тұқымды жылқы өсіру барлық
сала үшін бірдей маңызы болуымен қатар олардың даму деңгейіне де әсерін
тигізді.
Қазақстанның өзіндік асыл тұқымдық негізі – 11 жылқы зауыты және 19
асыл тұқымды мал өсіріп таратушы шаруашылық болып табылады. Соңғы жылдары
мемлекеттік шаруашылықтар мен акционерлік қоғамдардан басқа жекеше асыл
тұқымды шаруашылықтар пайда болды.
Кезінде Қазақстанда жылқы шаруашылығының етті-сүтті саласы кеңінен
дамыды. Елімізде етті бағыттағы маманданған жылқы фермалары құрылды. Жылқы
табынын қысы-жазы жайылымда бағу арзан тағам өндіруге, басқа мал түрлері
алыстағы шөл, шөлейт және таудағы жайылымдарды игеруге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа медицина және биологиялық өнеркәсіптерде жылқы қанынан емдік
сарысулар мен басқа да дәрі-дәрмектер дайындалады.
2

Халқымыздың мәдени-тұрмыстық тарихында жылқы малы ерекше орын алып
алып келеді. Халық өзіндік қыр-сыры бар, спорттық ат ойындары мен, көкпар
сайыстарын, бәйге және басқаларын әлімсақтан біздің уақытқа дейін жеткізді.
Бүгінгі таңда да қазақтың халықтық тойы ұшқыр сәйгүліктің бәйгесі мен
қанды қыздыратын ат ойын-сайыссыз өтпейді.
Қазіргі жағдайда ауыл шаруашылықтың бірде-бір саласы ғылыммен
қамтамасыз етілмей тұрақты дамып, нарықтық сұранысқа ие бола алмайды. Тек
дүние жүзілік тәжірибені, ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін көтерудің
ұтымды әдісін білетін ғалымдар ғана саланың келешекте даму бағыттарын
белгілеп, кемістіктерін жоятын, биіктеу сатыға көтеретін жол мен тәсілдерді
ұсына алады.
Кеңестік кезеңде республика басшылығы отандық жылқы шаруашылығының
дамуына камкорлық жасап келеді 1961 жылы Қазақ компартиясы мен Қазақ КСР
Министрлер Кеңесі Жылқы шаруашылығын дамыту және жылқы етін өндіруді
ұлғайту туралы арнаулы қаулы қабылданды. Онда алғаш рет етті және сүтті
бағытындағы жылқы өсіру қажеттілігі айтылған еді. Осы қаулыға байланысты
мемлекттік жылқы зауыттары құрылды, кейбір облыстық тәжірибе станцияларында
жаңадан жылқы өсіру бөлімдері ұйымдастырылды.

Жылқы тұқымдары.
Бүгінгі таңда дүние жүзінде 250-ге тарта жылқы тұқымдары бар. Ал
біздің елімізде елуге жуық жылқы тұқымы өсіріледі.
Жылқы тұқымының көптігі оны топтастыруды қажет етеді. Ол үшін
жылқының тегі, тараған жері, морфологиялық, биологиялық қасиеттері,
шаруашылықтық және тұқымдық пайдасы ескерілуге тиіс.
3

Жылқы тұқымын мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Жергілікті жылқылар: тебіндік-далалық жылқы, тау жылқысы, тоғай
жылқысы.
2. Заводта және мәдени жағдайда өсірілген тұқымдар: салып
мінетін
жылқылар, мініс және жегу жылқысы, желіті жылқылар, ауыр жүк
тартатын жылқылар, жегу-жұмыс аттары.

Республикада жылқы етін мол өндірудің негізгі резервтерінің бірі –
тебінді жылқы шаруашылығы. Өйткені республикада жайылымдық жер жеткілікті.
Ал жылқы түлігі болса бүкіл жыл бойы дерлік жайылымда жайылуға бейім.
Қазіргі кезде жылқыны тебінде өсірудің бірнеше түрі қолданылады:
1. Қысы-жазы жайылымда бағу. Бұл әдіс негізінен ет және сүт өндіретін
шаруашылықтарға тән.
2. Қора-жайда бағып-күту негізінен көлік ретінде пайдаланылатын жылқы
өсіру үшін қолданылады.
3. Қолда – тебінде өсіру әдісімен асыл тұқымды жылқылар мен спорт аттары
күтіп-бағылады.
Жылқыны қысы-жазы жайылымда бағу – ең экстенсивті әдіс. Мұнда барлық
мал бір үйірде аралас бағылады. Ауа райының қолайсыз жағдайларынан қорғау
үшін арнаулы қора-жай салынбайтындықтан табиғи ықтасындар ғана
пайдаланылады. Міне, осындай жайттарға орай бұл әдіспен өсірілетін жылқы
үнемі климат жағдайларына тәуелді болады.
Тебінді жылқы шаруашылығының ең прогрессивті түрі – тебінде-қолда
өсіру болып табылады. Бұл тәсіл далалы және таулы жайылым жағдайларда
шаруашылықтың жалпы жылқысы мен асыл тұқымды жылқы өсіруге мүмкіндік
береді. Сондай-ақ, ол ертеден қалыптасқан дон, кабардин жылқы тұқымдарын
жақсартып, жылқының буденный, қостанай, жаңа қырғыз сияқты жаңа
тұқымдарын шығару ісінде кезінен қолданылады. Жылқы
4

өсірудің бұл тәсілі осы түлікті бағып-күту, азықтандыру, өз төлінен
көбейту, яғни ұдайы өсіру, асыл тұқымды қасиеттерін бұрынғыдан да жақсарту
сияқты комплексті шараларға тікелей байланысты.

Тебінді жылқының биологиялық ерекшеліктері.

Экологиялық және азықтандыру жағдайына орай тебінді жылқыларда кейбір
биологиялық ерекшеліктер пайда болған.
Тебінді жылқының терісі тығыз да қалың болады. Осы терісі оларды
жаздың ыстығынан, қыстың суығынан сақтайды. Қысқа орай олардың жүндері де
аса шапшаң өсіп, қалыңдай түседі.
Тебінді жылқылар қалың қарлы өрісте тебіндеп жайылуға жақсы
бейімделген. Сондай-ақ, шөп те талғамайды. Олар шөл және шөлейт жерлерде
өсетін жусан, сораң сияқты шөптерді жақсы жейді. Қолайлы жағдайда тебінді
жылқылар тез семіреді де, қолайсыз жағдайда баяу арықтайды.
Жергілікті жылқы тұқымының ауа райының қатал жағдайларына керемет
төзімділігі мен жақсы бейімділігі олардың ішкі құрылысына тікелей
байланысты. Мәселен, қазақтың жабы жылқысы биенің қан айналу жылдамдығы
таза қанды салт мінетін жылқы тұқымы биелердің қан айналу жылдамдығымен
бірдей. Қазақы жылқылардың жүрегі бір жиырылған,да қантамырына жылқы
салмағының әр килограмына шаққанда 2,3 мл қан қуады. Бұл көрсеткіш ауыр
салмақты жылқымен салыстырғанда 23,2% жоғары.
Тебінді жылқы шаруашылығы жағдайында жылқы жыл бойы жайылымда
бағылса, құлындар азықтану жағдайына қарай бірқалыпты өсіп-жетіле алмайды.
Мысалы, көктемде олар көк шөпке отығады, оның үстіне
5

енесін емеді. Сөйтіп, өте тез жетіле бастайды. Ал жаз шыға өріс оты азая
бастаған шақта олардың өсу қарқыны баяулайды. Кейде тіпті тоқтап та қалуы
мүмкін
Жергілікті жылқылар таза қанды жылқымен не олардың будандарымен
салыстырғанда тебін жағдайына өте төзімді де бейімді. Олардың құлындарына
қыстыкүні тек пішен беріп, түнде қорада түнетсе, сыр бермейді, өсуі де
тежелмейді. Ал таза қанды жылқылардың құлындары мен
будан құлындар мұндай жағдайға шыдамайды, өлім-жітімге ұшырайды.
Әрине, малды, соның ішінде жылқыны табысты өсіру үшін дұрыс
азықтандыра білу керек. Ал дұрыс азықтандыру үшін азықтың жұғымдылығын
анықтай білу қажет.

Азықтың жұғымдылығын анықтау.
Малды энергиямен қамтамасыз ету деңгейі оның протеин, амин
қышқылдары, клетчатка, витаминдер, минералды заттар сияқты қоректік
заттарға мұқтаждығын анықтайды. Мал сіңіре алатын энергияның ең жақсы
көрсеткіші ретінде алмасу энергисы немесе сіңірілген заттың энергиясы
танылып жүр. Энергиның бұл бөлігі организмнің тіршілік әрекетін сақтау және
әр түрлі өнімдер (сүт, ет, май) өндіру үшін жұмсалады. Бұл энергия мөлшері
азықтағы жалпы энергияның мөлшеріне оганизмнің нәжіс, зәр және газбен
бөлінген энергияның алып тастау арқылы анықталады.
Жылқыларға жүргізілген кейбір тәжірибелер рационда клетчатканың
мөлшері 16 %-тен көп болса, энергия алмасуды пайдалану мүмкіндігі нашарлап,
ал оның мөлшері кемісе, оның жағымсыз әсері азая түседі.
Азықтың қорытылғыштығын зерттегенде оның химиялық құрамындағы судың,
органикалық заттың, протеиннің күлдің, кальций, фосфор элементтерінің,
каротиннің мөлшерін, ал тіпті тереңірек зерттеген жағдайда –
6

оның құнарлылығын анықтау қажет.
Азықтың ылғалдылығына байланысты оның құнарлығы өзгеріп отырады.
Осыған орай ол әр түрлі азықтың химиялық құрамы мен қуаттылығын салыстыру
үшін олардың құрамындағы судың мөлшерін ескеріп, оларды белгілі бір
мөлшерге келтіру керек.

Жылқының ас қорытуы.
Ас қорыту органының маңызы. Ас қорыту органының негізгі қызметі –
қабылданған азық құрамындағы қоректік заттарды организмге жеңіл сіңірген
қарапайым қосылыстарға айналдырып, оларды ішектің қабырғасы арқылы қанға
өткізу.
Малдың ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып, тік ішекпен бітеді
де, ұзынабойына бірнеше рет кеңейіп, тарылып отырады. Ас қорыту каналы ішек
жағынан кілегей қабықпен қапталып, онда ас қорыту бездерінің өзектері
ашылады.
Ас қорыту жүйесіне түскен қоректік заттар механикалық, химиялық және
биологиялық өңдеуден өтеді. Азықты механикалық өңдеу шайнау аппараты (тіс,
жақ) арқылы ауыз қуысынан басталады. Ауыз қуысында шайналып, жаншылып,
ұнтақталған азық ас қорыту органдарының кейінгі бөліктерінде ондағы ет
қабығының жиырылуының әсерінен шайқалып, араласып, жылжып отырады.
Азықты қорытып, сіңіруде қоректік заттарды химиялық өңдеуден
өткізудің маңызы зор. Қарын мен ішек сөлдерінің құрамындағы сілтілер мен
қышқылдар азықты қорыту процесіне дайындайды да, ферменттер олардың
ыдырауын шапшаңдатады.
Ас қорыту жолында қоректік заттар әр түрлі микроорганизмдер
ферменттерінің әсерімен биологиялық өңдеуден өтеді. Ас қорыту жолының
айтарлықтай көлемді келетін алдыңғы бөліктерінде және ішектің кеңейген

7

соңғы бөліктерінде алуан түрлі микроорганизмдер өздеріне қолайлы жағдай
тауып алады. Қажетті мөлшерде өз мұқтаждығын қанағаттандыратын қоректік
заттар тез көбейіп өседі де ірі азықты қорытуға көмектеседі. Бұл
микроорганизмдердің әсіресе, азықтың тоқ ішекте қорытылу процесіндегі ролі
зор.
Ас қорыту органдары организмге қажетсіз, зат алмасу кезінде түзілген
кейбір қалдықтрды бөлу процесіне де қатысады. Олар қан құрамынан өз қуысына
зат алмасу процесі кезінде түзілген кейбір қалдықтарды өткізіп,
оларды бөліп шығаруға жәрдемдеседі.
Зат алмасу процесінің қажетсіз аралық және соңғы қалдықтары қарын-
ішек қуысына тек сөл құрамында ғана емес, сонымен қатар ас қорыту
органдарының қабырғасынан олардың қуысына бөлініп тұратын сарысумен де
шығып отырады. Ескертетін жай - әр орган тек өзіне ғана тән экскреторлық –
бөлу қызметін атқарады.
Қорыта келгенде, ас қорыту органдары өзінің күрделі қызмет арқасында
азық құрамында қабылданған қоректік заттарды денеге тез сіңетін
қосылыстарға айналдырып, организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты
жағдайында жүруіне үлкен ықпал етеді. Сол себептен де ас қорыту процесін
организмдегі зат алмасудың бастамасы, алғаш сатысы деп те атайды. Барлық
малда ас қорыту органдары құрылысының принципі бір болғанымен, әрбір
түліктің азықты қабылдаудан бастап, оның қорытылмаған қалдығын бөліп
шығаруға дейін тек өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Сонымен қатар тағы
бір көңіл аударатын жағдай – организмде ас қорыту органдары біртұтас жүйе
құрғанымен, ол құрылысы мен қызметі жағынан өз ерекшеліктері бар әр түрлі
бөліктерден тұрады.

Тебін жылқыларын өсіру тәсілдері.
Тебін жылқыларын өсіру тәсіліне жылқыға е сеп жүргізу, құлын
бөлу,
8

таңба басу, үйрету, бас білдіру тағы басқа жағдайлар жатады.
Мал есебін жүргізу. Тебінді жылқы шаруашылығында дер кезінде және
нақты есеп жүргізудің маңызы зор. Ол жылқыға мал дәрігерлік-зоотехникалық
жұмыстар жүргізуге, іріктеуге, сұрыптауға, үйір және тебін құруға, айғырдан
шыққан және құлындаған биелерді тіркеуге, жылқыны жайып семіртуге қоюға,
сауылатын биелерді іріктеуге мүмкіндік береді. Жылқы жайып семіртілуге
бөлінерде және одан кейін міндетті түрде өлшенеді.
Құлын бөлу. Шаруашылық және климат жағдайына, құлынның
өсу дәрежесі мен тұқымдық құндылығына орай олар енелерінен күзде немесе
көктемде бөлінеді.
Төл енелерінен 7-9 айлығында, яғни күзде мал азығын жеткілікті түрде
жинап алған және ықтырма, баз, қора-жайлары бар асыл тұқымды мал өсіретін
шаруашылықта айырылады. Ал жай шаруашылықтарда күздікүні тек арық құлындар
мен енелері арық құлындар, сондай-ақ сүт аз шығатын биелердің құлындары
бөлінеді.
Құлындарын бөліп алғаннан кейін биелер жайылымға айдап салынады. Ал
енелерінен айырылған құлындардың еркектері бір бөлек, ұрғашылары бір бөлек
үйірлерге бөлінеді. Құлындар бір-біріне тез үйреніп, тынышталу үшін олармен
бірге 2-3 сақа ат немесе бие қалдырылады.
Құлындарды енелерінен бөлген бойда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дон жылқы тұқымы
Кабардин тұқымы жылқыларын азықтандыру
Мал шаруашылығы. Жылқы
Міністі жылқы тұқымы
Жылқы жайылым малы
Қазақстандағы жылқы тұқымын асылдандыру тарихы және мұғалжар тұқымының пайда болуы
Жылқының аяқ тұсамыс буындарының контрактурасының емін жетілдіру
Тракенен жылқы тұқымының сипаттамасы
Бізге жеткілікті ғылыми әдебиеттер бойынша жылқылардың аяқ аурулары
Жабе тұқымды жылқылардың биологиялық және физиологиялық сипаттамасы
Пәндер