Авторлық құқық туралы ақпарат



Кіріспе
1 Авторлық құқықтың жалпы сипаттамасы
Авторлық құқықтың түсінігі мен туындауы
Авторлық құқық объектілерінің құқықтық түсінігі
1.3 Авторлық құқықтың субъектілері мен олардың құқықтары
2 Қазақстан Республикасындағы авторлық құқықты
қорғаудың реттеу жолдары
Авторлық құқық туралы заңның құқықтық табиғаты
Бұзылған авторлық құқықтарды қорғаудың тәсілдері
Авторлық құқықты қорғау ұйымдары
3 Авторлық құқықты қорғауды халықаралық шарттық түрде реттеу
3.1 Авторлық құқықтың халықаралық құқықтағы
даму тенденциялары
3.2 Авторлық құқықтың халықаралық және аумақтық
қайнар көздеріне шолу
3.3 Берн және Женева Конвенцияларының авторлық құқықты
халықаралық.құқықтық қорғаудағы рөлі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Екі жүз жылдан астам тарихы бар авторлық құқықтың әлемдік жүйесі дамуы мен өркендеуіне халықаралық қатынастардың қарқынды дамуы мен құқық саласында соңғы он жеті жылда жаңа мемлекеттердің (соның ішінде Қазақстан Республикасының) пайда болуы едәуір әсер етті.
Авторлық құқық туралы заңнамамен реттелетін құқықтық қатынастар жеке азаматтық қатынастар шеңберінен шығады және өзіне қойылатын мәдени-ағартушылық қасиеттегі талаптар мен құқықтармен өзгеше көріністе болады.
Осыған сәйкес, диплом жұмысының тақырыбы «Авторлық құқықты қорғаудың халықаралық құқықтық аспектілері» болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Соңғы он үш жылда ғылым, өнер мен мәдениет туындыларын жасау мен қолдану аясында Қазақстандық қоғамның құқықтық өмірінде мәнді өзгерістер пайда болды. 1996 жылы 10 маусымында «Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Дәл осы уақытта әдеби және көркем туындыларды қорғау туралы Берн конвенциясының талаптарына толығымен сәйкес келетін авторлардың құқықтарын қорғаудың жоғары дәрежесін қарастырған қазақстандық нормалар жүйесінің қалыптасуы аяқталды. Бұл заңның қабылдануы адам, оның құқықтары мен бостандықтарына қатысты мемлекет саясатының өзгеруінің жалғасы болды. Екінші жағынан, Қазақстан Республикасының Берн одағының мүшесі болу ниеті орындалды.
Бұған қарамастан, көптеген қазақстандықтар үшін авторлық құқықты қорғау – алшақтау ұғым болып табылады. Мүмкін сондықтан елімізде әлі күнге дейін құқық қолдану тәжірибесі дұрыс қалыптаспаған, қазақстандық авторлар өздерінің интеллектуалдық меншігі үшін үлесімді қаламақы алатын прецеденттер де болмаған. Ал қазіргі кезеңде Батыста интеллектуалдық меншік экономикасы сияқты бағыт қалыптасқан. Мысалы, АҚШ-та бұл саладағы ішкі жалпы өнім 430 миллиард АҚШ долларын немесе американдық жалпы мемлекттік ішкі жалпы өнімнің 4,8% құрайды.
Уақыт өтіп, техника дамыған сайын шығармашылық қызмет нәтижелерін заңсыз өңдеу мен көшіріп көбейту кең орын алып, бұл авторлардың мүдделеріне үлкен зиян келтіруде. Шетелдік сарапшылардың айтуы бойынша, Қазақстанның музыкалық нарығында ай сайын 200 мың данаға жуық бейна таспалары және бір миллионға жуық дыбыс таспалары таратылады екен. Осы тұрғыда қарақшылық дәрежесі 86% құрап, контрафактілік даналардан түсетін заңсыз түсім 17 миллион АҚШ долларын құрайды екен.
Бақылап қарасақ, осындай заңсыз әрекеттердің нәтижесінде қаншама автордың құқықтары бұзылып жатыр. Бұндай жағдайда бұзылған құқықтардың иегері оларды қорғаудың жан-жақты аспектілерін білуі маңызды болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (2007 жылғы 21 мамырдағы №254-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен) – Алматы: «Юрист» баспасы, 2007. – 40 бет
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, 2006. – 296 бет
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (2007 жылғы 15 мамырдағы №253-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен) – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 144 бет
4. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (2006 жылғы 2 наурыздағы №123-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен) – Алматы: Юрист, 2006. – 280 бет
5. 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы (2007 жылы 7 шілдеде енгізілген өзгертулер және толықтырулармен) //Источник: Справочная правовая система ЮРИСТ
6. 1998 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Әдеби және көркем шығармаларды қорғау туралы Берн конвенциясына қосылуы туралы» Заңы //Источник: Справочная правовая система ЮРИСТ
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы №411 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқықтары бойынша Комитеті мәселелері» Қаулысы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1120 Қаулысымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен) //Әділет министрлігінің құжаттары, 2004, 20 желтоқсан, №1120
8. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі №146 «Авторлық және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Бұйрығы //Әділет Министрлігінің құжаттары, 2003, 9 ақпан, №146. – 35-97 беттер

Халықаралық құқықтық актілер:
9. Бернская конвенция об охране литературных и художественных произведений 1886 года (Парижский акт от 24 июля 1971 года, измененный 28 сентября 1979 года) //Источник: ИС ПАРАГРАФ
10. Всемирная конвенция об авторском праве (Женева, 6 сентября 1952 года /Парижский акт от 24 июля 1971 года) //Источник: ИС ПАРАГРАФ
11. Соглашение о сотрудничестве в областе охраны авторских и смежных прав (Москва, 24 сентября 1993 года) //Источник: ИС ПАРАГРАФ
12. 1996 жылы 20 желтоқсанда қабылданған Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымының авторлық құқық жөнiндегi шарты //Источник: Справочная правовая система ЮРИСТ


Ғылыми әдебиеттер:
13. Абдреев Н. Юридическое лицо, как субъект авторского права. //Фемида, 2004, №7. – 35-36 беттер
14. Абдуразаков М.Г. Борьба с нарушителями на потребительском рынке. //ИС: Авторское право и смежные права. – Алматы, 2000, №1. – 39 бет
15. Абуова Р.Ж. Авторский договор в гражданском праве. /Автореферат диссертации на соискание ученой степени к.ю.н. – Алматы, 2002. – 29 бет
16. Айдарбеков Б. Доверено управлять. //А.: Юридическая газета, 2005, 25 ноября. – 2 бет
17. Амангельды А. Эволюция формирования юридической сущности понятия «авторское право» //Фемида, 2008, №8 (152). – 16-17 беттер
18. Антимонов Б.С., Флейшиц Е.А. Авторское право. – М.: Наука, 1957. – 369 бет
19. Богуславский М.М. Проблемы авторского права в международных отношениях. – М.: Наука, 1973. – 305 бет
20. Богуславский М.М. Международное частное право: Учебник. – М.: Юристъ, 1999. – 408 бет
21. Вальтер М.М. Связь и сопоставление Римской конвенции, договора ВОИС по исполнениям и фонограммам (ДВИФ) и Соглашения по аспектам прав интеллектуальной собственности, связанным с торговлей (соглашения ТРИПС); развитие и возможное совершенствование охраны смежных прав, признаваемых Римской ковенцией //Бюллетень по авторскому праву, 2000, том XXXIV, №3. – 28-40 беттер
22. Гаврилов Э.П. Советское авторское право. – М.: Юридическая литература, 1985. – 466 бет
23. Гражданское и торговое право капиталистических государств: Учебник /Под ред. Е.А. Васильева. – М.: Международные отношения, 1993. – 571 бет
24. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть). Комментарий. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. – А.: Жеті жарғы, 2000. – 726 бет
25. Гордон М.В. Советское авторское право. –М.: Наука, 1955. – 576 бет
26. Дозорцев В.А. Проблемы современного авторского права. – Свердловск: Свердловский юридический институт, 1980. – 378 бет
27. Дозорцев В.А. Исключительные права и их развитие /Права на результаты интеллектуальной деятельности. Сборник нормативных актов. – М.: ДЕ-ЮРЕ, 1994. – 619 бет
28. Дюма Р. Литературная и художественная собственность. Авторское право Франции: перевод с французского языка. – М.: Международные отношения, 1989. – 233 бет
29. Жан Муанэ. Частное копирование в сравнительном праве Франции. Тэзисы доклада на семинаре по смежному праву. – М.: Международные отношения, 1996. – 187 бет
30. Зенин И.А. Интеллектуальная собственность и ноу-хау: Учебно-практическое пособие. – М.: Юристъ, 2001. – 223 бет
31. Звеков В.П. Международное частное право. Курс лекций. – М.: НОРМА – ИНФРА-М, 2000. – 686 бет
32. Ионас В.Я. Произведения творчества в гражданском праве. – М.: Юристъ, 1997. – 667 бет
33. Ихсанов Е.У. Авторское право как субъективное гражданское право по законодательству Республики Казахстан: Диссертация на соискание ученой степени к.ю.н. [Науч. рук. Сулейменов М.К.] – А.: Институт государства и права Министерства образования и науки РК, 2001. – 160 бет
34. Калюжный В. Доверяй, но проверяй: Коллективное управление – лучшая форма защиты прав авторов. //Справочная правовая система ЮРИСТ: Законодательство РК: Принципы интеллектуальной собственности. – 2 бет
35. Лунц Л.А. Курс международного частного права. Особенная часть. М.: Юридическая литература, 1975. – 384 бет
36. Лунц Л.А., Марышева Н.И., Садиков О.Н. Международное частное право: Учебник. – М.: Юридическая литература, 1984. – 336 бет
37. Моргунова Е. Управление правами авторов на коллективной основе //Интеллектуальная собственность, 1997, №5-6. – 40 бет
38. Никитина М.И. Право на произведение науки, литературы и искусства. – Казань, 1972. – 307 бет
39. Оразалинов С.Ш. Право на права. – А.: Жеті жарғы, 2004. – 196 бет
40. Пиленко А.А. Новый закон об авторском праве. – СПб.: 1997. – 489 беттер
41. Савельева С.В. Правовое регулирование отношений в области художественного творчества. – М.: Юридическая литература, 1986. – 356 бет
42. Сарсембаев М.А. Международное частное право. Учебное пособие. – Алматы: Ғылым, 1998. – 339 бет
43. Серебровский В.И. Проблемы советского авторского права. – М., 1956
44. Строуэл А. Права производителей фонограмм и видеопрограмм организаций телевидения и радиовещания //Авторское и смежное право в Европейском союзе и Российской Федерации: сборник докладов и дискуссий по материалам международных семинаров по вопросам охраны интеллектуальной собственности в сфере культуры и искусства (май-ноябрь 1996г.), выпуск 1. – М., 1997. – 83 бет
45. Сулейменов М.К. Структура договорных-хозяйственных связей. – Алматы, 1980. – 261 бет
46. Табашников И.Г. Литературная, музыкальная и художественная собственность. – СПб., 1978. – 897 бет
47. Театральная энциклопедия. 4-том /Гл. ред. Марков П.А. – М.: Издательство «Советская энциклопедия», 1965. – 1143 бет
48. Тлеужанова А.И. Авторлық құқықты жүзеге асыру аясын салықтық-құқықтық реттеу: З.ғ.к. ғылыми дәрежесін ізденуге диссертация [Ғылыми жетекші Сабикенов С.Н.] – Алматы: Абай атындағы Қаз ҰПУ, 2006. – 152 бет
49. Федосеева Г.Ю. Международное частное право. Учебник – М.: Эксмо, 2007 – 432 бет
50. Халфина Р.О. Современный рынок: правила игры: Учебное пособие по торговому и гражданскому праву зарубежных стран. – М.: Ассоциация «Гуманитарное знание», 1993. – 330 бет
51. Copyright aspects of the preservation of electronic publications. – Amsterdam: Institute for Information Law, University of Amsterdam, 1998. – 243 бет
52. Copyright for the nineties: Cases and materials /Alan Latman және т.б. – Charlottesville: Michic Co., 1989. – XXII, 857 бет
53. Intellectual law – Oxford: Oxford University Press, 2001. – XVII, 269 бет
54. Intellectual property rights and economic development /Braga, Carlos и др. – Washington: The World Bank, 2002. – 433 бет
55. Stewart S.M. International copyright and neighboring rights. 2 ed. Butterworths, 1989. //Бюллетень по авторскому праву, 1992. Том XXV. №1. – 30-37 беттер

Қысқартулар

- ҚР – Қазақстан Республикасы;
- РФ – Ресей Федерациясы;
- КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар одағы;
- ҚазКСР – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы;
- ҚР АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
- ҚР ҚК – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі;
- ҚазАҚ – Қазақстандық авторлар қоғамы;
- ДИМҰ – Дүниежүзілік Интеллектуалдық Меншік Ұйымы;
- БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы
- ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы;
- ИМҚСА (ТРИПС) Келісімі – Интеллектуалдық меншік құқығының сауда
аспектілері бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымының Келісімі;
- Берн конвенциясы – Әдебиет және көркем туындыларды қорғау туралы Берн
конвенциясы;
- Женева конвенциясы – Авторлық құқық туралы Дүниежүзілік конвенция;
- т.б. – тағы басқа;
- т.с.с. – тағы сол сияқты.

Кіріспе

Екі жүз жылдан астам тарихы бар авторлық құқықтың әлемдік жүйесі дамуы
мен өркендеуіне халықаралық қатынастардың қарқынды дамуы мен құқық
саласында соңғы он жеті жылда жаңа мемлекеттердің (соның ішінде Қазақстан
Республикасының) пайда болуы едәуір әсер етті.
Авторлық құқық туралы заңнамамен реттелетін құқықтық қатынастар жеке
азаматтық қатынастар шеңберінен шығады және өзіне қойылатын мәдени-
ағартушылық қасиеттегі талаптар мен құқықтармен өзгеше көріністе болады.
Осыған сәйкес, диплом жұмысының тақырыбы Авторлық құқықты қорғаудың
халықаралық құқықтық аспектілері болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Соңғы он үш жылда ғылым, өнер мен мәдениет
туындыларын жасау мен қолдану аясында Қазақстандық қоғамның құқықтық
өмірінде мәнді өзгерістер пайда болды. 1996 жылы 10 маусымында Авторлық
құқық пен сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының Заңы
қабылданды. Дәл осы уақытта әдеби және көркем туындыларды қорғау туралы
Берн конвенциясының талаптарына толығымен сәйкес келетін авторлардың
құқықтарын қорғаудың жоғары дәрежесін қарастырған қазақстандық нормалар
жүйесінің қалыптасуы аяқталды. Бұл заңның қабылдануы адам, оның құқықтары
мен бостандықтарына қатысты мемлекет саясатының өзгеруінің жалғасы болды.
Екінші жағынан, Қазақстан Республикасының Берн одағының мүшесі болу ниеті
орындалды.
Бұған қарамастан, көптеген қазақстандықтар үшін авторлық құқықты
қорғау – алшақтау ұғым болып табылады. Мүмкін сондықтан елімізде әлі күнге
дейін құқық қолдану тәжірибесі дұрыс қалыптаспаған, қазақстандық авторлар
өздерінің интеллектуалдық меншігі үшін үлесімді қаламақы алатын
прецеденттер де болмаған. Ал қазіргі кезеңде Батыста интеллектуалдық меншік
экономикасы сияқты бағыт қалыптасқан. Мысалы, АҚШ-та бұл саладағы ішкі
жалпы өнім 430 миллиард АҚШ долларын немесе американдық жалпы мемлекттік
ішкі жалпы өнімнің 4,8% құрайды.
Уақыт өтіп, техника дамыған сайын шығармашылық қызмет нәтижелерін
заңсыз өңдеу мен көшіріп көбейту кең орын алып, бұл авторлардың мүдделеріне
үлкен зиян келтіруде. Шетелдік сарапшылардың айтуы бойынша, Қазақстанның
музыкалық нарығында ай сайын 200 мың данаға жуық бейна таспалары және бір
миллионға жуық дыбыс таспалары таратылады екен. Осы тұрғыда қарақшылық
дәрежесі 86% құрап, контрафактілік даналардан түсетін заңсыз түсім 17
миллион АҚШ долларын құрайды екен.[1]
Бақылап қарасақ, осындай заңсыз әрекеттердің нәтижесінде қаншама
автордың құқықтары бұзылып жатыр. Бұндай жағдайда бұзылған құқықтардың
иегері оларды қорғаудың жан-жақты аспектілерін білуі маңызды болып
табылады.
Сондықтан авторлық құқық – азаматтық құқықтың жетекші бөлімдерінің
бірі бола тұрып, құқықтық қатынастардың бірқатарында авторлық құқық қорғау
– аса мәнді институтты құрайды.
Тақырыптың зерттелу жағдайы. Авторлық құқық субъектілері арасындағы
құқықтық қатынастарын азаматтық-құқықтық реттеу мәселесіне көптеген ғалым-
заңгерлердің еңбектері арналған. Қазақстандық заңгерлердің ішінен
Абдуразаков М.Г., Басин Ю.Г., Искакова С.О., Ихсанов Е.Б., Каудыров Т.Е.,
Оразалинов С.Ш., Сулейменов М.К., Тілеужанова А.И. ерекше атап өтуге
болады. Шетелдік, оның ішінде орыс ғалымдарының да бұл салаға сіңірген
еңбегі зор. Олар: Банхаев Ф.Е., Борохович Л., Гаврилов Э.П., Диденко А.Г.,
Дозорцев В.А., Ионас В.Я., Кекух-Луцк Б.Ф., Кириллова М.Я., Козырев А.К.,
Майков А.Н., Савельева И.В. және т.с.с. белді заңгерлер. Ал өзге шетел
құқықтанушыларынан Алан Латман, Вальтер М.М., Жан Муане, Карлос Брага,
Строуэл А., Стюарт С.М. бұл тақырыпты түбегейлі зерттеген. Авторлық құқықты
халықаралық дейгейде қорғауға қатысты мәліметтерді Богуславский М.М.,
Гаврилов В. В., Звеков В.П., Лунц Л.А., Марышева Н.И., Садиков О.Н., М.А.
Сарсембаев сияқты ғалымдарды халықаралық жеке құқық бойынша жазылған
еңбектерінде таба аламыз.
Жоғарыда аталған ғалымдардың және басқа да заңгер-зерттеушілердің осы
саладағы атқарған зор еңбектерінің арқасында авторлық құқықтың құқықтық
негізін қалыптастыруға мүмкіндік туындады. Бірақ осы саладағы кейбір
сұрақтар түпкілікті зерттелмеген. Атап өтсем, Қазақстан Республикасында
авторлық құқық субъектілері мен объектілерінің жекеленген түрлерінің өзара
байланысы мен оларға тән белгілерін сипаттау, осы тұлғалардың құқық
субъектілігінің көлемін белгілеу, авторлық құқықтарды қорғаудың әдіс-
тәсілдеріне қатысты мәселелер өте аз зерттелген.
Осы айқындалған мәселелер диплом жұмысының негізгі мақсаты мен
міндеттерін белгілейді.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты
– халықаралық-құқықтық қатынас жүйесіндегі авторлық құқықтың орны мен рөлін
анықтап бекіту және біздің мемлекетімізде авторлық құқықтың заңшығарушылық
базасы мен оны қолдануды жетілдіре отырып, оның қорғалуы мен тиісті
дәрежеде сақталу стратегиясын бейнелеу.
Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер алға қойылды:
- авторлық құқықтың түсінігі, субъектілері мен олардың құқықтары, сондай-
ақ объектілерін, яғни қорғалатын туындыларды анықтау;
- шетел авторының Қазақстан Республикасындағы және қазақстандық автордың
шетелдегі құқықтық жағдайын зерделеу;
- авторлық құқық саласындағы халықаралық әмбебап және аумақтық
конвенциялардың пайда болуы, дамуын зерттеп, олардың ережелерін және
маңыздылығын қарастыру;
- аталған тақырыптағы Қазақстан Республикасындағы нормативтік құқықтық
актілер негізінде авторлық құқықтың қорғалу деңгейін сипаттау;
- халықаралық құжаттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында
қарастырылған авторлық құқықты қорғау және бұзылған құқықтарды қалпына
келтіру тәсілдерін зерттеу.
Зерттеудің объектісі болып авторлық құқықтың халықаралық құқық
саласындағы құқықтық қорғалу жағдайы табылады.
Зерттеудің пәні болып авторлық құқық институтымен қамтылатын
қатынастарға әсер ететін механизмдер, авторлық құқықтың қорғалуын әртүрлі
тұрғыдан реттейтін нормативтік актілер және зерттеліп жатқан институттың
тиімді түрде қолданылуы мен жүзеге асырылуы мүмкін жағдайлар табылады.
Зерттеу әдістері. Бітіру жұмысының тақырыбын зерттеуінің әдістемелік
және теориялық негізі – құбылыстар мен процестерді зерттеудің ғылыми
тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы болып табылады, оның ішінде, материалдық
диалектика, формальды логика, салыстырмалы құқықтану, жүйелік және тарихи
анализ, кешенді талдау әдістері.
Материалдық базаны интеллектуалды меншік аясындағы Қазақстанның
заңнамасы, оның ішінде Қазақстан Республикасының Заңдары, Үкімет Қаулылары,
Әділет минисртлігінің нормативтік актілері т.б. және Қазақстан Республикасы
мүше болып табылатын халықаралық құжаттар мен әртүрлі мемлекеттермен
жасасқан екіжақты келісімдер мен келісімшарттар құрайды.
Әдістемелік қайнар көздер ретінде қазақстандық, ресейлік және
шетелдік ғалым-заңгерлердің ғылыми еңбектері, оның ішінде диссертациялар,
оқулықтар, мақалалар және өзге де ғылыми басылымдары қолданылды. Диплом
жұмысын жазу барысында құқықтың әр түрлі салаларындағы танымал заңгерлердің
зерттеулері негізге алынды.
Қорғауға шығарылатын ережелер:
1. Еліміздің қарқынды экономикалық дамуы жаңа бәсекелі ортаның
қалыптасуына әкелді. Бұл салада елдің табиғи ресурстары мен
кең қорына алдыңғы қатар берілмей, интеллектуалды меншік ролі
артып келеді. Әрине өзге құқық салаларындағыдай бұл мәселелер
бойынша да даулы сұрақтар туындауда. Авторлық құқықтың негізгі
мәселелерінің бірі ғылым, әдебиет, өнер аясындағы шығармашылық
қызметтің қарқынды дамуы үшін құқықтық, мүліктік және т.б.
жағдайлар жасау, автордың шығармашылық еңбегімен жасалған
туындыларын тану мен оған қатысты құқықтың қорғалуына нақты
мүмкіндіктермен қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар,
авторлық құқықтың маңызды бір мәселесі – ғылым, өнер мен
әдебиет туындыларын халықтың кең тобымен қолданылуы үшін
құқықтық, материалдық және т.б. жағдайлар жасау керектігі.
2. Авторлық құқық объектілерінің экономикалық айналымға түсуі
объектілерге айрықша құқықтарды беру арқылы немесе шектеулі
уақыт аралығында белгілі бір елде бір немесе бірнеше
әрекеттерді жүзеге асыру үшін сату арқылы көрініс табады. Ал
бұл объектілерді осылай пайдалануға оның иегерінің берген
рұқсатын растайтын заңды құжат болып лицензиялық контракт
табылады. Осы тұрғыда лицензиялық келісім негізінде
пайдаланылып отырған туындыларды жүзеге асыру шектерін нақтылы
заңнамалық норма түрінде белгілеу керек.
3. Авторлық құқықтық қатынастар аясындағы маңызды мәселелердің
бірі – осы құқықтардың бұзылуы болып табылады. Халықаралық
құжаттарда, сонымен қатар республикалық заңнамада авторлық
құқықты тиісті түрде қорғау мен оларды қалпына келтірудің әдіс-
тәсілдері толығымен жүйелендірілмеген. Осыған байланысты
олардың сақталуы мен қорғалуына ыңғайлы жағдай қалыптаспаған,
бұдан әсіресе шетелдік авторлардың құқықтарына қатысты
мәселелер өз шешімін таппай отыр.
4. Авторлық құқықтың дамуы мен құрылу индустриясындағы жетекші
рөл – мемлекетте. Осы рөл жан-жақты болуы мүмкін: туындыларды
шығарған кезде авторға қаржылай көмек көрсету, жеке салаларды
дамыту бағдарламарын шығару, авторлық құқық концепциясын
шығарып, оны жалпы мемлекеттік шеңберде тарату.
Республикамызда аталған салада қызмет атқаратын мемлекеттік
органдар бар болғанымен, осы саладағы қоғамдық ұйымдардың саны
азшылық. Авторлық құқықты қорғаудағы олардың да қызметі
жеткіліксіз болып отыр.
5. Авторлық құқықтың әлемдік жүйесіне Қазақстанның халықаралық
көпжақты және екіжақты шарттарға қосылу арқылы енуі –
қазақстандық авторлардың құқығын шет елдерде барабар қорғауды
қамтамасыз етумен қатар, интеллектуалдық меншік құқығын
мойындайтын және сонымен қатар қорғайтын мемлекет ретінде
республикамыздың халықарлық беделін арттырып, инвестиция тарту
ахуалын жақсарта түседі. Осы халықаралық шартардың әрі қарайғы
тиісті түрде сақталуы – авторлық құқықтың қорғалуының бірден-
бір кепілі бола алады.
Бұл диплом жұмысында жоғарыда аталып өтілген мәселелерді шешудегі
көзқарастар қарастырылған.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы жайлы айтатын
болсақ, зерттеу нәтижесінде қалыптастырылған теориялық мәселелер мен
қорытындылар авторлық құқықты қорғау аясындағы қазақстандық заңнаманы
жетілдіруге бағытталған. Бұл бітіру жұмысында авторлық құқықтың жалпыға
белгілі құқықтық түсінігі ғана көрсетілмеген, сонымен қатар, Қазақстан
Республикасы мен әлемдік деңгейде авторлық құқықтық қорғалуын реттеу
мәселесі кеңінен қарастырылған. Авторлық құқықты қорғаудың теориялық-
құқықтық аспектілері жайлы мәселелердің халықаралық құқық және ұлттық
заңнаманы қолдану тәжірибесінде маңызы зор, осы зерттеу шегінде авторлық
құқықты қорғау иеханизмін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар жасалатын
нормативтік тұжырымдардың Қазақстан Республикасындағы авторлардың іс
жүзінде біліп пайдалануы үшін де өзекті болып табылады.
Диплом жұмысының құрылымы. Авторлық құқықты қорғаудың халықаралық-
құқықтық аспектілері деп аталатын бітіру жұмысы жұмыс барысында
қолданылған қысқартулар тізімінен, кіріспеден, негізгі бөлімнен,
қорытындыдан, библиографиядан және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде аталған тақырыптың өзектілігі, проблеманың зерттелу жағдайы,
жұмыстың мақсаты мен міндеттері, зерттеудің объектісі мен пәні, зерттеу
әдістемесі, қорғауға шығарылатын ережелер, зерттеудің теориялық және
тәжірибелік маңыздылығы мен жұмыс құрылымы мәселелерінің қысқаша
сипаттамасы көрініс тапқан. Негізгі бөлім үш тараудан тұрады: 1) Авторлық
құқықтың жалпы сипаттамасы; 2) ҚР-дағы авторлық құқықты қорғаудың реттеу
жолдары; 3) Авторлық құқықты қорғауды халықаралық шарттық түрде реттеу.
Қорытынды қарастырылған сұрақтар бойынша бітіру жұмысының тақырыбын зерттеу
барысында көз жеткізілген негізгі қорытынды ережелер, туындаған мәселелер
мен сол бойынша ұсыныстар туралы сараптамаға арналған.
1. Авторлық құқықтың жалпы сипаттамасы

1. Авторлық құқықтың түсінігі мен туындауы

Авторлық құқықты ғылым, өнер мен мәдениет туындыларын пайдалану
бойынша қатынастарды реттейтін ішкі мемлекеттік және халықаралық нормалар
жиынтығы ретінде анықтауға болады.
Тар мағынада авторлық құқық – ғылым, өнер мен мәдениет туындыларын
ойлап табушысының құқықтары. Олар осы туындылардың пайда болуымен туындайды
және туынды объективті нысанда болу тиіс.
Авторлық құқықтың заңды мәнінің жайлы бірнеше көзқарастар сан ғасырлар
бойы қалыптасып келген:
1. Әдеби меншіктің болуын жоққа шығару. Авторлық құқық артықшылықтарға
негізделеді (оның жақтаушылары – Локре, Ренуар, Гербер, В. Спасович).
В. Спасовичтің айтыунша:Азаматтық құқық жүйесінде авторлық құқық ең
ыңғайсыз, ерекше бөлім, оның қай салаға жатқызудың өзі күрделі мәселе
болып табылады. Бұл – мүліктік құқық, бірақ оның жеке сипаты бар, ол
міндеттемелерден туындамайды, бірақ заттық құқық та болып
табылмайды.[2]
2. Ғалымдардың екінші тобы авторлық құқықты заттық емес, мүліктік
құқықтырға жатқызу дұрыс деп санаған (неміс заңгерлері О. Вехтер, Ю.
Иолли, Р. Клостерман, орыс ғалымы Г.Ф. Шершеневич).
3. Ғалымдардың үшінші тобы авторлық құқықты адамның айырылмас құқығы
ретінде қарастырған (неміс заңгерлері Блунчи, Дан. Р. Гарум, Г.
Безелер). Бұл ғалымдар авторлық құқықты меншік құқығымен де, мүліктік
құқықпен де байланыстырмады, оны мүліктік емес құқық деп санады.
4. Ғалымдардың төртінші тобы авторлық құқықты меншік құқығы ретінде
таныды (неміс заңгерлері В. Крамер, А. Фолькман, Л. Гейдеман).
Авторлық құқықтың құқықтық мәнінің қазіргі заманғы түсінігі жоғарыда
аталған көзқарастардың жиынтығынан тұрады деп айтуға болады. Бірақ
ғалымдардың қай тобы қазіргі кездегі құқықта қалыптасқын авторлық құқықтың
құқықтық мәніне жақын болды деген сұраққа жауап беретін болсам, менің
ойымша, бұл – авторлық құқықты автордың мүліктік және жеке құқықтарынан
тұратын интеллектуалды меншік құқығының ерекше түрі деп тұжырымдаған
заңгерлердің көзқарастары.[3]
Авторлық құқықтың негізгі функциялары – шығармашылық туындыларын кең
қолдануына жағдай жасау және туындыларды шығару қызметін жақсарту болып
табылады.
Авторлық құқықпен реттелетін қатынастарға Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінің 2-бабындағы негізгі қағидалар қолданылады, олар:
- реттелетін қатынастардың қатысушыларының теңдігі;
- меншікке қол сұқпаушылық;
- шарт еркіндігі;
- жеке істерге басқа біреудің араласуына жол бермеу;
- азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асырылуы;
- азаматтық құқықтардың қалпына келуін қамтамасыз ету және олардың сотта
қорғалуы.
Авторлық құқық қағидалары, сонымен қатар, осы салада жазылған заң
әдебиеттерінде қалыптасқанымен, әлі толық жүйелендірілмеген. Бұл
қағидаларға төмендегілерді жатқызуға болады:
- автордың мүдделері мен қоғам мүдделерінің сәйкес келуі;
- шығармашылықтың еркіндігі;
- автордың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы;
- авторлық құқықтың тек сол туынды авторының артында танылуы;[4]
- автордың туындыны шығаруда моральдік және материалдық мүдделілігі;
- шығармашылық еңбегіне ақының сапасы мен санына сәйкес төленуі;
- тараптардың жазбаны басылымға беруге дайындық кезінде ұйымдастырушылық
шығармашылығы;
- шығармаға қол сұқпаушылық.[5]
Азаматтық заңнаманың нормаларынан басқа, авторлық құқық арнайы заңмен
реттеледі. 1996 жылы 10 маусымда Қазақстан Республикасының Авторлық құқық
және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Бұл Қазақстандағы авторлық құқықтың дамуының жаңа сатысы және авторлық
қатынастарды реттеудің негізі болып табылады. Бұл Заңға соңғы өзгерістер
мен толықтырулар 2007 жылы 7 шілдеде енгізілді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі мен 1996 жылғы Авторлық
құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңға сәйкес автордың айрықша
құқықтары танылады. Авторлық құқықтың айрықша құқықтары – ол авторға немесе
басқа авторлық құқыққа ие тұлғаға өз туындыларын кез-келген тәсілмен
қолдануды рұқсат ету немесе тыйым салу құқығы деп түсіндіріледі. Айрықша
құқық мәні – ол құқықтарды алғашқы кезде сол құқыққа ие тұлғаның жүзеге
асыра алатындығында. Сонымен қатар, айрықша құқық ішкі заңнама нормаларына
сәйкес пайда болады, ал басқа мемлекет аумағында тұлғаның авторлық
құқықтары тек халықаралық келісімдерге сәйкес танылады. Яғни авторлық
құқықтың ерекшелігі – оның аумақтық сипаты болады.
Сонымен әдебиет, ғылым, өнер және ғылыми-техникалық шығармашылық
туындылары авторларының құқықтары ортақ ерекшелікке ие – олар аумақтық
сипатта болады, яғни бір мемлекетте оның заңдары сәйкес пайда болып, сол
мемлекеттің аумағында ғана әрекет етеді. Халықаралық жеке құқық
көзқарасынан, бұл – оның басқы азаматтық құқықтардан негізгі айырмашылығы
болып табылады. Мысалы, егер тұлға бір мемлекетте оның заңдарына сәйкес
меншік иесі болып табылса, ол сол меншікке басқа мемлекетте де ие болып
табылады.
Ал қарастырылып отырған құқықтардың аумақтық сипаты бойынша, егер бір
мемлекетте әдеби туынды жарияланса, ол басқа мемлекетте де автордың
келісімінсіз және оған ешқандай қаламақы төленбей жариялана немесе аударыла
алады. [6]
Авторлық құқықтың туындауы жайлы айтатын болсақ, ғылым, әдебиет, өнер
туындыларына авторлық құқық оның пайда болу фактісіне байланысты туындайды.
Авторлық құқықтың туындауы мен жүзеге асырылуы туындыны тіркеуді немесе
өзге де рәсімделуді, немесе туындының нысандалуын талап етпейді.
Айрықша авторлық құқық иесі өздерінің құқықтарын мәлімдеу үшін
авторлық құқықты қорғау белгісін қолдануға құқылы. Бұл белгі туындының әр
данасына қойылады және ол үш элементтен тұрады: қоршауға алынған латынның
С әріпі, айрықша авторлық құқық иесінің аты (атауы), туындыны алғашқы
жарық көрген жылы.
Тең авторлықта әр тең автор туындының өзі жасаған бөлігін өз қалауынша
қолдануға құқылы. Ал туындыны тұтастай пайдалану құқығы жалпылай тең
авторларға тиесілі.
Жинақталған туындыны құрастырушы авторлық құқықты, егер ол
құрастырылған туындыға енгізілген әр туындының авторларының құқықтарын
сақтаса, пайдаланады. Құрастырушыға материалдарды іріктеуді және
орналастыруды жүзеге асыруға авторлық құқық беріледі. Баспагер оны
пайдаланғанда туындыға өз атауын көрсетуге құқылы.
Туынды шығармалардың авторлары (аудармашы, өңдеуші және т.б.) өңдеуден
өткізетін туынды авторының авторлық құқығын сақтаған жағдайда өзі жасаған
туындыға авторлық құқықты пайдаланады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер, олардың туындыларының
жарияланған не жарияланбағанына қарамастан, объективті нысандағы
туындыларға Қазақстан Республикасының аумағында авторлық құқықтарды
пайдаланады. Яғни осы туындыларға қатысты шетелдіктерге ұлттық режим
ұсынылады. Шетелдік автордың құқық көлемі Қазақстан Республикасының
құқығымен анықталады, біздің заңнамамен қарастырылған құқықтар беріледі.
Шетелдіктерге, алғаш шетелде жарық көрген туындыларға қатысты авторлық
құқық Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар немесе
келісімдерге сәйкес танылады. Шетелдіктерге келісім бойынша Қазақстан
Республикасының азаматтарына қарағанда құқықтар шағын көлемде берілуі
мүмкін, бірақ біздің авторларға қолданатын біздің заңнамада көрсетілген
құқықтардан басқа және үлкен көлемде берілмейді.
Кез-келген конвенцияға қатысу біздің республиканың азаматтарының
құқықтары конвенцияға қатысушы барлық елдерде қорғалады, ал осы елдердің
азаматтарының олардың туындыларына қатысты құқықтары біздің елдің аумағында
қорғалатындығын білдіреді.
Сонымен, авторлық құқық идеялардың өзін емес, олардың жүзеге асу
нысандарын қорғайды, яғни идеялар туындыға айналған сәттен бастап
сөздердің, ноталардың немесе белгілердің орналасуымен сипатталатын
нысандарын авторлық-құқықтық қорғау пайда болады. Олай болса, авторлық
құқық көркем туындылар авторларының құқықтарын осы туындыларды көшіріп
алушылардан, яғни автордың оригиналды дүниесі болатын нысанды
пайдаланушылардын қорғайды.

2. Авторлық құқық объектілерінің құқықтық түсінігі

Авторлық құқық шығармашылық қызметтің қорытындылары болып табылатын
және белгілі бір объективті нысанда болатын ғылым, әдебиет және өнер
туындыларын қорғайды.
Авторлық құқықты зерттеушілердің бірі М.В. Гордон: Егер белгілі
автордың шығармашылық қызметінің қорытындысы ретінде шығарма шықпаса,
авторлық құқық туындамайды – деп көрсеткен.[7]
Қазіргі кезде авторлық құқық объектісі ретінде шығарма түсінігінің
заңды анықтамасы авторлық заңнамада жоқ.
Осы тұрғыда, яғни авторлық құқық объектілері аясындағы халықаралық
конвенцияларға назар аударатын болсақ, 1886 жылғы Берн конвенциясына
сәйкес, әдебиет және көркем туындылар термині қандай әдіспен және қандай
нысанда көрініс табатындығына қарамастан, әдебиет, ғылым және өнер
аяларындағы барлық туындыларды қамтиды. Осындай норма санаткерлік меншік
құқығының сауда-саттық аспектілерін қарастыратын 1994 жылғы ТРИПС Келісімі
мен 1996 жылғы Дүниежүзілік Интеллектуалдық Меншік Ұйымының
Келісімшартында да қарастырылған.
1952 жылғы Женева конвенциясының мазмұнына сәйкес, авторлық құқық
объектілері ретінде әдебиет, ғылым және өнер туындылары, соның ішінде:
жазбаша, музыкалық драмалық және киномотографиялық, көркемсурет, мүсіндеме
және гравюра туындылары танылады.
Авторлық құқық объектісіне тоқталған кезде туындылар деген ұғым
негізгі болып табылады. Кез келген құбылыстың, көріністің объектісін
анықтау үшін оның өзіне тән белгілерін анықтап алу қажет, олар жайлы
толығырақ айтып кетейін.
Ең алдымен, туындының мақсаты білім тарату мен эстэтикалық ләззат беру
болып табылатын әдебиет және өнер саласына қатысты болуы тиіс; дәл осы
қасиетімен ол басқа адамның материалдық қажеттіліктерін өтеуге арналған жай
немесе қолөнер туындыларынан ерекшеленеді.
Авторлық құқық объектісінің келесі белгісі – туынды белгілі бір
объективті нысанда болуы тиіс. Бұл талаптың қойылу себебі – автордың ой,
көзқарастары қолжазба, ноталық жазба, сурет, магнитті пленка және т.с.с.
материалдық объект түрінде болмағанша, олар ой нысанында қала береді.
Туынды қайтарымсыз қоғамдық пайдалануға арналмаған айырбастық
құндылыққа ие болу тиіс; сол себепті заңдар, үкімет бұйрықтары, халықаралық
трактаттар, сот шешімдері авторлық құқық объектісі болмайды.
Туынды өнертабыс нәтижесі болуы тиіс, және де өзінде автордың жеке
даралығы белгісін жинақтауы тиіс.[8]
Авторлық құқық мәселесіне арналған заң әдебиеттерінде туынды
түсінігінің әр түрлі анықтамалары бар. Мысалы, туынды деп, автордың
шығармашылық қызметі нәтижесінде пайда болған көзқарастар, ой жиынтығын
атаған.[9]
ТМД-ның бірқатар мемлекеттерінде жүзеге асырылатын авторлық құқық
туралы заң әдебиеттеріне сай, туынды – ең алдымен шығармашылық қызмет
нәтижесі ретінде авторлық құқықтың объектісі болып табылады.[10]
Сонымен, туынды деп – белгілі бір объективтік, түсінуге болатындай,
қолайлы нысанда болатын интеллектуалдық (әдеби, көркем және ғылыми)
авторлық өнертабыс нәтижесін атауға болады.
Өнертабыс деп – тұлғаның өзінің жеке дара тұлға ретінде танытатындай
және жаңа, бұрын-соңды болмаған нәтиже туындататындай рухани,
интеллектуалдық қызметің нәтижесін түсінуге болады.[11]
Жоғарыда бірнеше рет аталған Берн конвенциясы қабылданғаннан бері
бірнеше рет қайта қараулар мен өзгертілер енгізуден өтті, бұған себеп
болып, авторлар құқықтарын қорғау жүйесін күшейту мен қоғам дамуымен пайда
болатын жаңа объетілерге сәйкестендіріп заңнамаларды жаңарту табылады.
Берн конвенциясы үш негізгі қағидаға негізделеді:
біріншіден, ұлттық режим қағидасы, ол бойынша конвенцияның кез-келген
мүше-мемлекетінде пайда болған өнер туындысына басқа мүше- мемлекеттер
территориясында өз еліндегідей қорғау жүзеге асырылуы тиіс;
екіншіден, автоматты түрде қорғау қағидасы, ол бойынша қорғау туындыға
қатысты тіркеу немесе дипонирлеу сияқтыформалдық әрекеттерге байланыссыз
жүзеге асады;
үшіншіден, қорғаудың тәуелсіздігі қағидасы, ол бойынша, авторлық
құқықтың қорғалуы туындылардың шығу елдерінде олардың қорғалу-қорғалмауына
байланыссыз жүзеге асырылады.
Қазақстан территориясында 1996 жылдың 10 маусымынан бері жүзеге асып
келе жатқан Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы Берн
конвенциясының барлық негізгі қағидаларын өзіне жинап отыр.
Қазақстандағы авторлық құқық пен сабақтас құқықтың қорғау объектісі
болып олардың жүзеге асу әдістері мен нысандарына байланыссыз барлық
әдебиет, ғылым және өнер туындылары танылады.
Авторлық құқық және сабақтас құқық туралы Қазақстан Республикасы
Заңының Авторлық құқық объектісі. Жалпы ережелер атты 6-бабының 1-
тармағында былай делінген: Авторлық құқық туындының мақсаты мен
маңыздылығына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық
еңбектің нәтижесі болып ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.
Туынды оның құндылығы мен қасиеттеріне де, қолданылу аяларына да
байланыссыз түрде қорғалуы тиіс, себебі туындыларды жүзеге асыру
мақсаттарының оларды қорғауға еш қатысы жоқ.
Туынды авторлық құқықпен қорғалу үшін, ол оригиналды болуы тиіс. Яғни,
туындының идеясы, мазмұны түпкілікті жаңа болуы міндетті емес, ең бастысы,
оларды автордың жеткізу нысаны жаңаша болуы тиіс. Әр адамның кез-келген
затқа өзінің жеке субъективтік көзқарасы болатындықтан, туындыны қорғау
оның көркемдік сипатына да байланысты емес.
Туындының қорғалуға жататын заңды маңызы бар элементтерінің қатарына
оның бейнесі мен тілін жатқызуға болады. Заң ғылымында туындының мазмұнын
сипаттайтын бейнелік құрылымын – ішкі нысан деп, ал оның тілін – сыртқы
нысан деп атайды. Негізінен, туындының негізгі бейнесін басқа жаңа туынды
жасауға пайдалануға болады деп есептелінеді, бірақ ол үшін туындының сыртқы
нысанын ауыстырып, және де оған автордың келісімін алу қажет. Осындай
туынды туындылар да авторлық құқықпен міндетті түрде қорғалады және олар
автормен жасалатын келісімшарт арқылы рәсімделеді.
Авторлық құқық объектісі ретіндегі туындылар Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінің 971-бабының 2-тармағы және 1996 жылғы Авторлық құқық
және сабақтас құқықтар туралы Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетілген
нысандарда болу керек: жазбаша, ауызша, дыбыс-бейнежазба, бейнелеу, көлемді-
кеңістікті. Сол себептен объективтіі нысан мен шығармашылық қасиет авторлық
құқық объектісінің белгілері болып табылады.
Өзге жағынан қарасақ, авторлық құқыққа нұқсан келтіру объектісі
ретінде заттық нысан емес, шығармашылық қызмет нәтижесінің мазмұны
танылады.[12]
Авторлық құқықпен қандай нақты туындылар түрлері реттеледі, яғни
авторлық құқық объектілері нелер деген сауалға Авторлық құқық және
сабақтас құқықтар туралы Заңның 7-бабы авторлық құқық объектілерінің
келесідей бөлектелген түрлерін көрсетеді:
- әдеби туындылар;
- драмалық және музыкалық драмалық туындылар;
- сценарий туындылары;
- хореография және понтамима туындылары;
- мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындылар;
- дыбыс-бейнежазба туындылары (кино-теле және бейнефильмдер, диафильмдер
және басқа бейне және телетуындылар);
- мүсіндеме, кескіндеме, графика және бейнелеу өнерінің басқа да
туындылары;
- сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ туындылары;
- суретке түсіру туындылары және суретке түсіруге орайлас әдістермен
жасалған туындылар;
- карталар, жоспарлар, нобайлар, безендірулер және географияға,
топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар;
- ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
- өзге де туындылар.
ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау ЭЕМ-ге арналған
бағдарламалардың (соның ішінде операциялық жүйелердің) бастапқы мәтіні мен
объектілік кодты қоса алғанда, кез-келген тілде және кез-келген нысанда
жасалуы мүмкін барлық түріне қолданылады.
Авторлық құқық объектілеріне сондай-ақ мыналар да жатады:
1) туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер,
аннотациялар, рефераттар, түйіндер, шолулар,
инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым,
әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер);
2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары)
және материалдарының іріктелуі және (немесе) орналасуы
жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын
басқа да құрама туындылар.
Туынды және құрама шығармалар, өздерінің негізге алынған немесе
өздеріне енген туындылардың авторлық құқық объектілері болу-болмауына
қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады.
Туынды немесе құрама туындыларды құрастырған кезде мынаны ескерген
жөн: оригиналды жеке дара дүниеге келген туындының авторлары оларды тек өз
қалауы бойынша қолданатын болса, туындыны туындыларды құрастыру және
пайдалану үшін олар негізделген туындылар авторларының рұқсаты қажет.
Негізінен, заңнама оригинал авторымен оның еңбектерінің нәтижесін пайдалана
отырып, жаңа туынды жасауға рұқсат ететін келісімшарт жасасуды талап етеді,
немесе кем дегенде, негізгі туынды авторы құқықтарының толық жүзеге асуы
және тиісті сыйақы сомасы төленуі қамтамасыз етілуі қажет.
Яғни, авторға өз туындысына қатысты туындыны кез-келген нысанда және
кез-келген тәсілмен қолдануына құқықтары тиесілі.[13]
Сонымен, авторлық құқықпен қорғалатын барлық туындыларды 2 топқа
бөлуге болады:
1. Дербес не алғашқы туындылар – басқа туындының элементтерінсіз пайда
болған туындылар.
2. Тәуелді не туынды туындылар – бұрын боған туынды негізінде пайда
болған туындылар (жинақтар, аудармалар, өңдеулер т.б.).[14] Бұл
жағдайда түпнұсқа туындылардың авторларының құқықтары сақталу керек.
Жоғарыда аталған Заңның 8-бабында авторлық құқықтың объектілері
болмайтын туындылар қарастырылған, оларға:
1) ресми құжаттар мен олардың ресми аудармалары;
2) мемлекеттік рәміздер мен белгілер. Оларды шығару немесе басқаша
орындау мемлекеттің айрықша құқықтары болып табылады;
3) халық шығармашылығының туындылары. Өйткені олар ұлттық мәдениеттің
маңызды элементі ретінде қорғалады, сондай-ақ халық шығармашылығының
туындылары бүкіл этникалық қоғамдастық иелігінде;
4) ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер туралы хабарлар. Өйткені
олар тек оқиға мен фактінің көрінісі.
Осы аталғандармен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің
971-бабының 4-тармағы авторлық құқық идеялар, концепциялар, қағидалар,
тәсілдер, жүйелер, процестер, ашулар және фактілерге таралмайды деп
бекітеді.
Бұл тұрғыда, яғни, авторлық құқық объектілері болмайтын туындылар
туралы 1952 жылғы Женева конвенциясында да, 1994 жылғы ТРИПС Келісімінде
де, 1996 жылғы ДИМҰ келісімшартында да, 1886 жылғы Берн конвенциясы 2-
бабының 8-тармағында да: көрсетілетін қорғау күн жаңалықтарына немесе жай
пресс-жаңалық сипатына ие болатын әртүрлі оқиғалар туралы хабарламаларға
таралмайды делінген. Сондай-ақ, осы Берн конвенциясының 2bis-бабының 1-
тармағында саяси сөздер мен сот процесі барысында сөйленетін сөздерді Кеңес
мүше-мемлекеттерінің заңнамасының негізінде және олардың қалауы бойынша
жартылай немесе толық түрде қорғаудан алып тастауға рұқсат беріледі
делінген.
Шығармашылық қызметтің көпшілік туындылары материалдық нысанда өмір
сүреді: кітаптар, суреттер, мүсіндер немесе фотосуреттер. Бірақ,
туындылардың кейбір түрлері, мысалға музыка немесе сахналық әрекеттер, олар
нота немесе текст түрінде қағаз бетіне түспесе де, түскенге дейін де деөмір
сүре алады. Яғни, авторлық құқық идеялардың өзін емес, олардың жүзеге асу
нысандарын қорғайды.
Идеялар туындыға айналған сәттен бастап, сөздердің, ноталардың немесе
белгілердің орналасуымен сипатталатын нысандарын авторлық-құқықтық қорғау
пайда болады. Олай болса, авторлық құқық көркем туындылар авторларының
құқықтарын осы туындыларды көшіріп алушылардан, яғни, автордың оригиналды
дүниесі болатын нысанды пайдаланушылардан қоғайды.[15]
Авторлық құқық объектілерінің нысандарына байланысты 1886 жылғы Берн
конвенциясы 2-бабының 2-тармағында Кеңес мүше-мемлекеттері заңнамаларының
белгілі бір материалдық нысанда бекітілмеген әдебиет және көркем
туындылардың немесе олардың жекелеген категорияларының қорғалуға
жатпайтындығын бекіту құқығы бар делінген.
1952 жылғы Женева конвенцияның 4bis-бабының 1-тармағында авторлық
құқық объектілері алғашқы нысанда да, туындының оригиналынан туындайтын
басқа да нысандарда да қорғала береді делінген.
1994 жылғы ТРИПС Келісімі 9-бабының 2-тармағы және 1996 жылғы ДИМҰ
келісімшартының 2-бабы бойынша Авторлық құқық нормаларымен қорғау идеялар,
процедуралар, тәсілдер немесе математикалық концепцияларға емес, олардың
жүзеге асу нысандарына таралады деп қарастырады.
Бұған байланысты, Қақақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 971-бабы
мен Авторлық және сабақтас құқықтар туралы Заңның 6-бабы бойынша авторлық
құқық мынандай белгілі бір объективтік нысанда жүзеге асатын: 1) жазбаша
(қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты); 2) ауызша
(көпшілік алдында айтушылық, көпшілік алдында орындаушылық және сол
сияқты); 3) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттік,
оптикалық және сол сияқты); 4) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар,
сызба, кино, телебейне- немесе фотокадрлар және сол сияқты); 5) көлемді
-кеңістікті (мүсін, үлгі, макет, ғимарат және сол сияқты) жарияланған
туындыларға да, жарияланбаған туындыларға да таралады.
Шетелдік заңнамалармен қоғамда жарық көрмеген туындылар да, яғни
жарияланбаған туындылар да қорғалуға жатады. Осы тұрғыда заңнама туындыны
жариялау деп – автордың келісімімен жариялау, көпшілік алдында орындау,
қандай да болмасын өзге бір әдіспен эфирге беру арқылы туындыны жалпы
көпшілікке алғаш рет жеткізетін іс-әрекетті жүзеге асыруды атайды.[16]
Жарыққа шығарылған туындылар ретінде 1886 жылғы Берн конвенциясы 3-
бабы және 1994 жылғы ТРИПС келісімі мен 1996 жылғы ДИМҰ келісім шартының
мазмұны даналарды жасап шығару әдісіне байланыссыз автор келісімімен
шығарылған туындылар танылады, бірақ, бұл даналар туындының сипатына
байланысты көрермендердің талаптарын қанағаттандыра алатын көлемде
айналымға түсуі тиіс деп атап өтеді. Сонымен қатар, жарыққа шығару болып
драмалық, музыкалық-драмалық немесе киномотографиялық туындыларды ұсыну,
музыкалық туындыларды орындау, әдебиет туындыларын халық алдында оқу,
әдебиет немесе көркемөнер туындыларын хабарлау немесе эфирге беру, өнер
туындысын жария ету мен архитектура туындыларын салу, құру танылмайды деп
қарастырылған.
Жарыққа шығару ретінде 1952 жылғы Женева конвенцияның 2, 4-
баптарында оқуға немесе басқалай түрде көруге болатын туынды даналарын
материалдық нысанда шығару және халық арасында тарату қарастырылған.
Ал Авторлық және сабақтас құқықтар туралы Заңның 5-бабына сәйкес,
авторлық құқық: 1) авторларының немесе олардың құқық мұрагерлерінің
азаматтығына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не
жарияланбаған, бірақ қандай болсын объективтік нысандағы туындыларға; 2)
жарияланған не жарияланбаған, бірақ Қазақстан Республикасынан тыс
жерлердегі қандай да болсын объективті нысандағы туындыларға қолданылады
және Қазақстан Республикасының азаматтары авторлар және олардың құқық
мұрагерлері деп танылады; 3) жарияланған не жарияланбаған, бірақ Қазақстан
Республикасынан тыс жерлердегі қандай да болсын объективті нысандағы
туындыларға қолданылады және Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарына сәйкес басқа мемлекеттердің азаматтары авторлар (олардың құқық
мұрагерлері) деп танылады. Егер туынды Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерде алғаш жарияланған күннен кейінгі отыз күн ішінде Қазақстан
Республикасының аумағында жарияланса, ол Қазақстан Республикасында
жарияланды деп саналады.
Қорытындылай келе, авторлық құқық объектілерінің келесідей ерекше
белгілерін атап өтейін:
- қорғаудың шектелген мерзімі;
- аумақтық әрекет ету сипаты;
- ерекше мазмұны;
- шығармашылық қызмет нәтижелігі;
- айрықша авторлық құқықтың бөлінбестігі.[17]
Шығармашылық қызметке үнемі стимул беріп отыру – прогрестің бірден-бір
итермелеуші күші десек қателеспеспіз. Осы процестегі авторлық құқықтың ролі
Берн конвенциясына жасалатын түсініктемелерде көрініс табады.
Авторлық құқық даму процесінде маңызды орынға ие болады. Тәжірибе
көрсеткендей, ұлттық мәдени мұрағаттың байлығы әдеби және көркем
туындыларға көрсетілетін қорғау дәрежесіне тікелей бағынышты. Бұл дәреже
неғұрлым жоғары болған сайын, авторлар үшін стимул да көбейе түседі;
интеллектуалдық туындылар неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым ол елдің
беделі жоғары болады; неғұрлым әдебиет және көркем туындылар саны көп
болған сайын, кітап шығару, үн-жазба және басқа да өндірістерді дамыта түсу
мүмкіншілігі жоғарлайды. Қорыта айтқанда, интеллектуалдық шығармашылықты
дамыта түсу әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамудың алғышарттарының
бірі екендігі сөзсіз болып табылады.

3. Авторлық құқықтың субъектілері мен олардың құқықтары

Заңнамада авторлық құқықтың субъектілері жайында нақты анықтама жоқ.
Бірақ жалпы айтатын болсақ, авторлық құқық субъектілері – шығармашылық
қызмет нәтижесі ретіндегі туындыларға жеке мүліктік емес және мүліктік
құқықтарға белгілі бір көлемде ие болатын жеке және заңды тұлғалар, сонымен
қатар осы құқықтарды пайдалынуға алушы – тұтынушылар болып табылады.
Авторлық құқықтың пайда болу негіздеріне қарай субъектілерді екі топқа
бөлуге болады:
1) Алғашқы субъектілер – туындының шығу фактісіне байланысты туындайтын
авторлық құқықтарға ие болатын автор. Сонымен қатар осы топқа
туындының шығу сәтінен бастап, осы туындыға заңмен авторлық
құқықтары танылатын тұлғалар, мысалы, дыбыс-бейне жазу туындыларын
дайындаушылар, жинақтар, энциклопедиялар, газет-журналдарды және
т.б. басылымдарды жарыққа шығаратын баспагерлер жатады.
2) Туынды субъектілер – авторлық құқықтың алғашқы субъектісінен әр
түрлі негіздерге байланысты өткен және сол авторлық құқықты иеленген
тұлғалар. Мысалы, шарт бойынша құқықтарды иеленуші, мұрагер не
мирасқор, автордың сұрауы бойынша мүліктік емес құқықтарды қорғалуды
жүзеге асыратын тұлға немесе ұйым.[18]
Авторлық құқықты толық көлемде тек авторлық құқықтың алғашқы
субъектілері, яғни туындының авторы иеленеді. Ал авторлық құқықтың туынды
субъектілері белгілі көлемде авторлық құқықтың бөліктерін иелене алады.
Заңи тұлғалар туындыны пайдалануға мүліктік құқыққа ие болады. Оларға
баспа ұйымы, фонограмма өндіруші, эфирлік және кабельдік хабар тарату
ұйымын жатқызуға болады. Сонымен қатар, авторлық құқықты басқару
тапсырылған ұйым деген ұғым бар. Бұл ұйым авторлық құқықты қолданушылармен
құқық иеленушілер атынан лицензиялық шарт жасасады, сыйақы мөлшерін
белгілеп, өндіріп, құқық иеленушілер арасында бөледі. Авторлық сыйақының
белгілі бір бөлігін шығындарды өтеу үшін алады.[19]
Автор дегеніміз – шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға.
Авторлық құқықты иеленушіге Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің
жалпы бөлімінің ережелері оның әрекет және құқық қабілеттілігіне қатысты
қолданылады. 14 жастан 18 жасқа дейінгі авторлар өздері шығарған
интеллектуалдық меншік объектісімен өз бетінше бұйрық ету құқығы бар. 14
жасқа дейінгі кәмелет жасына толмаған авторлардың орнына бұл құқықты
олардың ата-аналары, асырап алушылары мен қамқоршылары жүзеге асырады.
Автордың азаматтығына байланысты да авторлық құқықтың танылу мәселесі
де реттеледі. Қазақстан Республикасының Азаматтарының жарияланған немесе
жарияланбаған, қандай да болсын объективті нысандағы туындыларға Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерде де танылады. Шетел авторларының құқықтары
олардың жарияланған не жарияланбаған, бірақ қандай да болсын объективті
нысандағы туындыларға Қазақстан Республикасының аумағындағы туындыларына
танылады. Шетел авторларының республикадан тыс жердегі туындыларға авторлық
құқығы халықаралық келісімшарттарға сәйкес қорғалады.
1996 жылғы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңының 5-
бабының 3-тармағына сәйкес жарияланған не жарияданбаған, бірақ Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерде қандай да болсын объективті нысандағы
туындыларға қолданылады және Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарына сәйкес басқа мемлекеттердің азаматтары авторлар деп танылады.
Тең авторлармен шығарылған туынды Қазақстан Республикасында қорғалады,
егер тең авторлардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болып
табылса.
Екі не одан да көп тұлғалардың бірігіп, шығармашылық ету арқылы
туындының шығуы кезінде оның бірнеше алғашқы құқық иеленушілері болуы
мүмкін. Осындай қатынастар тең авторлық деп танылады және Қазақстан
Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңының 10-
бабымен реттеледі. Авторлық құқықтар туындының біртұтас болуына немесе
әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлімдерден тұратындығына қарамастан, тең
авторларға тиесілі болады.
Бірлескен шығармашылық қатысушылық әр автордың қосқан үлесімен
анықталады. Авторға туындыны шығару кезінде қатысу арқылы үлес қоспаған,
бірақ техникалық көмек көрсеткен тұлғалар тең авторлар деп танылады.
Тұлғалардың тең авторлар деп танылуы туындыны шығару кезіндегі жұмыстардың
қай сатысында қатысқандығына да байланысты емес.
Туындыны бірігіп шығару кезіндегі қатынастар арнайы рәсімдеуді талап
етпейді. Бірақ кейбір заңгерлер авторлар арасындағы келісімді тең
авторлықтың қажетті талабы деп есептейді.[20]
Мысалы, тең авторлыққа туындыған авторлық құқықтар ортақ, сондықтан
бірде-біреуі қалған тең авторлардың келісімінсіз туындыға авторлық
құқықтарды жүзеге асыра алмайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасы тең авторлықтың 2 түрін көрсетеді:
1) Дербес тең авторлық – жеке мәнге ие және туындының басқа
бөлімдерінен тәуелсіз қолданыла алатын бөлімдерге тең авторлық.
2) Біртұтас тең авторлық – бірнеше тұлғалардың бірлескен еңбегімен
жасалып, тең авторлардың біреуі құрастырған бөлінбейтін бөлімдерге
тең авторлық.
Шартты түрде авторлық құқықтар жиынтығын негізгі екі топқа бөліп
қарастыруға болады:
1. авторлардың жеке мүліктік емес құқықтары (батыстық
әдебиеттердегі терминология бойынша – моральдық құқықтар –
moral rights);
2. мүліктік құқықтар.[21]
Автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарына Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексінің 977-978-баптары және 1996 жылғы
Авторлық құқық пен сабақтас құқықтары туралы Қазақстан Республикасының
Заңының 15-16-баптары қолданылады.
Жеке мүліктік емес құқықтар, оның мүліктік құқығына қарамастан,
авторға тиесілі болады және оның мүліктік құқығы басқа тұлғаның
шығармашылық қызметінің нәтижелеріне ауысқан жағдайда өзінде сақталып
қалады. Кейбір мемлекеттердің заңнамаларында жеке мүліктік емес құқықтар
моральдық құқықтар деп аталады. [22]
Берн конвенциясына қатысушы мемлекеттер авторларға мынандай құқықтарды
табыс етуді міндеттенетіндігі туралы айтылады:
1. туындыға авторлық құқығы;
2. туындының құрылысы мен құрамын автордың намысы мен репутациясына
нұқсан келтіретіндей кез-келген түрде өзгертуге қарсылық білдіре
алу құқығы.
Бұл құқықтар автордың негізгі мүліктік құқықтарымен байланысты болмауы
тиіс және де автор өз құқықтарын басқа тұлғаларға берген жағдайда да
сақталады.[23]
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша туынды авторының
төмендегідей жеке мүліктік емес құқықтары бар:
- туынды авторы ретінде танылу және тануды талап ету құқығы (авторлықтың
құқығы);
- туындыны өз атымен, бүркеншек атпен немесе жасырын атпен пайдалану
құқығы (авторлық атқа құқық);
- өз туындысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге және басқа
тұлғалардың оның келісімінсіз өзгерістер мен толықтырулар енгізілуінен
туындыны қорғау құқығы (туындыға қол сұқпаушылық құқығы);
- халыққа жария ету құқығы;
- туындыны халыққа тарату туралы шешімінен бас тарту құқығы (кері
қайтарып алу құқығы).
Авторлық құқықтың пайда болғанын тану үшін ешқандай тіркеудің қажеті
жоқ. Тұлғаны автор деп тану үшін туындының нысаны да, мақсаты мен құндылығы
да қажет емес. Бірақ автор өз құқықтары туралы жариялау үшін ескертпелік
маркировканы, яғни әрбір туынды данасында орналасатын және негізгі үш
элеметтен тұратын авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануға құқылы:
- қоршауға алынған латынша С әрпі – ©;
- айрықша авторлық құқықтар иесінің есімі (атауы);
- туындының алғаш жарияланған жылы.
Қоршауға алынған латынша С әрпі – © – бұл ағылшынның авторлық
құқықты білдіретін copyright терминінің алғашқы әрпі. Авторлық құқықтарды
қорғау белгісі құқықтардың тиесілігін белгілеу үшін ғана көрсетіледі;
авторлар болу құқығын тануға copyright белгісін қою басқа дәлелдемелер
жоқ кезде ғана әсер ете алады.[24]
Сонымен қатар, жеке мүліктік емес құқықтардың айырылмастығы туралы
айтқанда, оның мерзімсіз екенін де айта кету керек. Яғни қандай да бір
мерзімге байланысты шектеулер тек мүліктік құқықтарға қатысты белгіленуі
мүмкін.
Авторлық құқық объектісін оның иесінің өз қалауы бойынша кез-келген
әдіспен пайдалану мүліктік құқығы шығармашылық қызмет нәтижесіне айрықша
құқық болып табылады.
Шығармашылық қызмет нәтижесіне құқық заттық емес, айрықша сипатта
болады. В.А. Дозорцев Интеллектуалдық қызмет нәтижесіне құқық атты
нормативті актілер жинағының алғысөзінде былай дейді:Айрықша құқық
дегеніміз – материалды емес объектіге абсолютті құқық. Айрықша құқық
материалды емес объектілерге меншік құқығы материалды объектілерге
атқаратын қызметті атқарады. Сондықтан азаматтық құқықта осы объектілер
түріне сәйкес келетін екі негізгі құқықтын бар екендігін айтуға болады.
Олар – айрықша құқықтар мен меншік құқығы. Айрықша құқықтың өз кезегінде
көптеген түрі бар.[25]
Автор туындыны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүліктік емес құқықтар ұғымын ашу, оның қалыптасу негіздерін анықтау, азаматтық құқықтағы қалыптасқан нормаларын талдау
Авторлық құқықты қорғау
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің құқықтық негіздері
Азаматтардың мүліктік емес құқықтары оны қорғау тәсілдері
Зияткерлік меншік құқығын қорғаудың халықаралық жүйесін дамытудың теориялық мәселелері
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері
Интеллектуалдық меншік
Интеллектуалдық меншікті халықаралық қорғау
Авторлық құқық объектісі
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ ИНСТИТУТТАРЫ
Пәндер