Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының ақша-несиелік саясаты



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Ақша.несие саясатының экономикалық мәнi және оны
жүргiзу құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Ақша.несие теориясы негiзiнде экономиканы реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3 Шетел елдерiнiң ақша.несие саясатын жүргiзудегi
тәжiрибесi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫНА ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.1 Ұлттық Банктiң ақша.несие саясатын реттеу механизмi ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Қазақстан Республикасының ақша.несие саясатының негiзгi даму кезеңдерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.3 Ақша.несие саясатының проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
Үкiметтiң саясаты бюджет тапшылығы мен салықтардың мөлшерлемелерiн көзделген деңгейде сақтау арқылы экономиканы тұрақтандыруға бағытталады.. Салықтық-бюджеттiк реттеу әлсiз болса да жиынтық кiрiстiң өсуiн ынталандыруды негiзге алған. Ақша-несие саясатының рөлi айырбастау бағасының жарияланғанмен тепе-тең сәйкестiгiн қамтамасыз ету үшiн ақша ұсыныстарын реттеумен шектелген.
Несие ұйымдарын ынталандыру мен олардың экономиканың нақты секторымен өзара iс-қимыл жасауын қолдау мәселелерi ҰБ тарапынан тiкелей реттеу аясынан шығарылып, ақша нарығының өтiмдiлiгiн басқару қиындады, ашық нарықта ломбардтық несиелеу және РЕПО мәмiлелерi, коммерциялық банктерге күндiк қарызбен “овернайт” несиелерiн беру сияқты классикалық операцияларды жүзеге асыру қиындады.
Осымен бiрге, Үкiмет жұмыссыздықты азайтудан ұлттық валютаның құнсыздауымен күресудi маңыздырақ деп санап, тiркелген айырбастау бағамы қолданылған жағдайда, инфляцияны ауыздықтау мен инфляциялық болжамды төмендетуде едәуiр нәтижелерге қол жеткiздi.
Баланстағы тепе-теңсiздiк кезiнде орын алатын ұлттық валюта бағасының ауытқуына сыртқы қаржыландыру көздерiн тартпай-ақ түзету жасалады. Осы мақсаттарға Халықаралық Валюталық Қор несиелерiн қарызға алу, қосымша валюта мен алтын резервтерiн жасау қажет болмайды.
Сонымен бiрге, Қазақстан экономикасында бiрқатар дағдарыстық жағдайлар соңына дейiн әлi де жойылмай келедi. Экономиканың кейбiр салаларында өндiрiстiң құлдырауы тоқтатылмады, салық салу және бюджеттiк кiрiстi арттыру проблемалары орын алуда, мемлекеттiк iшкi және сыртқы қарыздар мөлшерiнің өсуi жалғасуда және мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiк табалдырығының мағынасына жақындады, өндiрiстiк салаға берiлетiн несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер жоғары болып қалуда, шаруашылық етушi субъектiлердiң инвестициялық белсендiлiгi тиiстi деңгейде емес және т.б. Мұның барлығы ақша-несиелеудi реттеу жөнiндегi шаралар бюджеттiк шығындар мен салық салуды басқару жөнiндегi мемлекеттiк шаралармен тығыз байланысты болу керектiгiн дәлелдейдi /1, б.2 /.
1. Основные направления денежно-кредитной политики Национального банка Казахстана на 2002-2006 годы. Постановление Нацбанка РК №518 от 08.12.2006г. – 2б.
1. Мақыш С.Б. Нарық жағдайындағы мемлекеттің монетарлық саясаты. Хабаршы. Алматы. №1(35), 2003. – 108-112б.
2. Шенаев В.Н., Иринязов Б.С. Проектное кредитование. Москва. АО Консалтбанкир,1996. – 33-35б.
4. Сейткасымов Ғ. С. Банковское дело. Алматы, – 1998. – 24б.
5. Эдвин Дж. Долан и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. Москва. – Санкт-Петербург, 1993. – 45-46б.
6. Жуков Е.Ф. Деньги , кредит, банки. Москва . Юнити , 2000. – 43-47б.
7. Лаврушина О.И. Банковское дело. Москва, - 1992. – 31-35б.
8. Сейтқасымов Ғ. С. Ақша, несие, банктер. Алматы, – 2001. – 12-15б.
9. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Алматы, – 2004. – 25-27б.
10. Қазақстан Республикасының “ҚР Ұлттық Банкі туралы” 30.03.2006 жылғы Заңы, 19-22б.
11. www.stat.kz.
12. www.narodbank.kz.
13. Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агенттігі. 12/2006. – 31б.
14. Молдағазиев Н.Ы. Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері.Саясат. №7,2006. – 26-28б.
15. Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережелері 11.02.1994. ҚР Ұлттық Банк басқармасы бекіткен. – 3б.
16. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің Несие серіктестері туралы 29.08.2006 жылғы қаулысы. – 4б.
17. Имразиева М.Е. Несие тәуекелін басқару. Хабаршы. Алматы, №5(51),2005.– 71-74б.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ...5
1.1 Ақша-несие саясатының экономикалық мәнi және оны
жүргiзу құралдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Ақша-несие теориясы негiзiнде экономиканы
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 10
1.3 Шетел елдерiнiң ақша-несие саясатын жүргiзудегi
тәжiрибесi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНА
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.1 Ұлттық Банктiң ақша-несие саясатын реттеу
механизмi ... ... ... ... ... ... .. ... .20
2.2 Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының негiзгi даму
кезеңдерi ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.3 Ақша-несие саясатының
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТIЗIМI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

КIРIСПЕ

Үкiметтiң саясаты бюджет тапшылығы мен салықтардың мөлшерлемелерiн
көзделген деңгейде сақтау арқылы экономиканы тұрақтандыруға бағытталады..
Салықтық-бюджеттiк реттеу әлсiз болса да жиынтық кiрiстiң өсуiн
ынталандыруды негiзге алған. Ақша-несие саясатының рөлi айырбастау
бағасының жарияланғанмен тепе-тең сәйкестiгiн қамтамасыз ету үшiн ақша
ұсыныстарын реттеумен шектелген.
Несие ұйымдарын ынталандыру мен олардың экономиканың нақты секторымен
өзара iс-қимыл жасауын қолдау мәселелерi ҰБ тарапынан тiкелей реттеу
аясынан шығарылып, ақша нарығының өтiмдiлiгiн басқару қиындады, ашық
нарықта ломбардтық несиелеу және РЕПО мәмiлелерi, коммерциялық банктерге
күндiк қарызбен “овернайт” несиелерiн беру сияқты классикалық операцияларды
жүзеге асыру қиындады.
Осымен бiрге, Үкiмет жұмыссыздықты азайтудан ұлттық валютаның
құнсыздауымен күресудi маңыздырақ деп санап, тiркелген айырбастау бағамы
қолданылған жағдайда, инфляцияны ауыздықтау мен инфляциялық болжамды
төмендетуде едәуiр нәтижелерге қол жеткiздi.
Баланстағы тепе-теңсiздiк кезiнде орын алатын ұлттық валюта бағасының
ауытқуына сыртқы қаржыландыру көздерiн тартпай-ақ түзету жасалады. Осы
мақсаттарға Халықаралық Валюталық Қор несиелерiн қарызға алу, қосымша
валюта мен алтын резервтерiн жасау қажет болмайды.
Сонымен бiрге, Қазақстан экономикасында бiрқатар дағдарыстық жағдайлар
соңына дейiн әлi де жойылмай келедi. Экономиканың кейбiр салаларында
өндiрiстiң құлдырауы тоқтатылмады, салық салу және бюджеттiк кiрiстi
арттыру проблемалары орын алуда, мемлекеттiк iшкi және сыртқы қарыздар
мөлшерiнің өсуi жалғасуда және мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiк
табалдырығының мағынасына жақындады, өндiрiстiк салаға берiлетiн несиелер
бойынша пайыздық мөлшерлемелер жоғары болып қалуда, шаруашылық етушi
субъектiлердiң инвестициялық белсендiлiгi тиiстi деңгейде емес және т.б.
Мұның барлығы ақша-несиелеудi реттеу жөнiндегi шаралар бюджеттiк
шығындар мен салық салуды басқару жөнiндегi мемлекеттiк шаралармен тығыз
байланысты болу керектiгiн дәлелдейдi 1, б.2 .
Ақша-несие саясаты туралы өз еңбектерінде қарастырған көптеген
экономистерді айта кетуге болады. Оларға орыс экономистерінен “Кредитно-
денежная политика в США” деген еңбегі бар С.В.Пятенко, “Управление
банковским капиталом” деген еңбекті жазған В.В.Киселевті жатқыза аламыз. Ал
қазақ экономистерінен өзінің “Ақша айналысы және несие”, “Ақша, несие,
банктер” деген кітаптарын шығарған С.Б.Мақыш, “Макроэкономические процессы
реформирования финансово-кредитной системы РК в условиях перехода к
рыночной экономике” деген еңбегі бар Н.К.Кучукова , “Переходная экономика:
проблемы методологии и теории” деген еңбектің авторы Р.Е.Елемесовты айта
аламыз. Ақша-несие саясатына қатысты барлық жағдайлар қазіргі кезде
маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да мен өзімнің курстық
жұмысымның тақырыбын “Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының ақша-
несиелік саясаты” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі еліміз үшін ақша-
несие саясатының маңызы мен оны дамытудың іс-шараларын қарастырып өту болып
табылады.
Жұмысымда ақша-несие саясатының мәнi мен қазiргi кезеңдегi оның даму
проблемаларын айқындауды мақсат тұтамын.
Осы қойылған мақсаттарға байланысты мен мынадай мiндеттерді белгiлеу
керек деп ойлаймын:
1) Бұл тақырып бойынша экономикалық әдебиеттерді талдау;
2) Ақша-несие саясатын басқару әдiстерiн таңдау;
3) Ақша-несие саясатының негiзгi сипаттамалары мен өлшемдерiн
қарастыру;
4) Банк iсiнiң теориялық негiздерiн қарау;
5) Ақша жүйесiнiң негiзгi сипаттамалары мен қазiргi заманғы өлшемдерiн
және ұйымдастыру тетiгiн дамыту деңгейiн зерделеу;
6) Ақша-несие саясатының негiзгi проблемаларын және оларды жою
жолдарын айқындау.

1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

1.1 Ақша-несие саясатының экономикалық мәнi және оны
жүргiзу құралдары

Нарықтық экономикаға көшу мен ақша-несие саласында мемлекеттiк саясат
рөлiнiң белсендiлеуi ақша мөлшерiнiң баға деңгейiне әсер етуiн күшейттi,
сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдiгi ақша теориясы мәселелерiне мүдделiлiктiң
артуына ықпал еттi. Баға деңгейiн белгiлеу мен өндiрiс тиiмдiлiгiн
өзгертуде ақша мөлшерiнiң артықшылығын мойындау, айналымдағы ақшаның сандық
теориясының негiзгi мазмұнын құрайды.
Ақшаның осындай әсерi американдық экономист И. Фишердiң ақша
теориясының неоклассикалық бағытының бөлiгi болып табылатын айырбасты мына
теңестiруде келтiрiлген:

MV= PQ, (1)

Мұндағы:
M - айналымдағы ақша мөлшерi немесе ақша ұсынысы;
V- ақша айналымының жылдамдығы;
P - тауарлық мәмiлелер бағасының орташа деңгейi;
Q - тауарлық мәмiлелердiң мөлшерi (ұлттық өнiм).
Iс жүзiнде бағалардың өзгеруi айналымдағы ақша мөлшерiмен ғана емес,
сондай-ақ тауарлар бағасының өзгеруiмен де байланысты (өндiрiс шығындары).
Ақша мөлшерi теориясының тұжырымдамасы ақша айналымы жылдамдығының
тұрақты шамасы (V) мен тауарлық мәмiлелер саны (Q) үшiн дұрыс болып
табылады, ол iс жүзiнде болуы мүмкiн емес. Сандық доктринасының басқа өкiлi
(кембридждiк) ағылшын экономисi А. Пигу ақша ұсынысының мына формуласын
ұсынады:

M=K * P *T (2)

Мұндағы:
М - ақша мөлшерi;
K – ақшалай нысанда иеленгiсi келетiн жылдық кiрiс үлесi;
P – баға деңгейi;
Т - өндiрiстiң нақты мөлшерi.
Экономистер ұзақ жылдар бойы экономикалық өсу факторларына ықпал
ететiн ақша-несие саясатының тұжырымдамаларына қатысты пiкiр таластыруда.
Нарықтық экономика iштей тұрақсыз өзгермелi жүйе болып табылады,
мемлекеттiк реттеуге онда негiзгi рөл берiлген. Реттеушiлер қатарында
мемлекеттiң монетарлық саясаты маңызды орын алады; ақша ұсынысындағы
өзгерiс инвестициялық сұраныстың өзгеруiне әкелiп соқтырған пайыздық
мөлшерлеме деңгейiнiң өзгеруiнiң себепкерi болып табылады, ал
мультикативтiк әсер арқылы атаулы жалпы ұлттық өнiм (ЖҰӨ) өзгередi.
Кейнсиандық теорияның негiзгi теориялық теңдеуi мынадай:

ЖҰӨ=С+I+G+Nх (3)

Мұндағы:
С - халықтың тұтыну шығындары;
I - инвестициялар;
G - тауарлар мен қызметтер сатып алуға арналған мемлекеттiк шығындар;
Nх – таза экспорт.
Кейнсиандықтар мемлекеттiк реттеу процесiнде тоқыраған экономиканы
тұрақтандыру iсiнде бюджеттiк саясатқа, салық жүйесi мен мемлекеттiк
шығындар құрылымының өзгеруiне негiзгi маңыз бередi. Олардың түсiнiгiнше
өндiрiстiң құлдырау, жұмыссыздық пен инфляция жағдайында монетарлық
саясаттың макроэкономикалық салдары көп мәндi. Кейнсиандық тұжырымдамаға
сәйкес нақты пайыздық мөлшерлемесiнiң деңгейiн төмендетумен (инфляция
пайызы шегерiлген пайыздық мөлшерлеме) монетарлық саясатты ынталандыру ақша
ұсынысын көбейтедi және инвестициялық сұранысты арттыруға жетелейдi.
Осыған байланысты ЖҰӨ мультипликациялық тиiмдiлiгi артады. Өндiрiстiң
құлдырауы тоқтап, жұмыссыздық азаяды, халықтың кiрiсiнiң артуы үшiн
жағдайлар жасалады. Ақша ұсынысы артқанда, олардың қысқа мерзiмдi
артықшылығы пайда болады. Халық артқан ақша запастарын тауар сатып алуға
немесе банктердегi салымдарда жинақтайды. Ақша сұранысы артып, тиiсiнше
бағалар да өседi. Халық пен фирмалардың шоттардағы қолма-қол ақшаның
мөлшерi де артады. Егер ақша ұсынысын азайтса, онда пайыздық мөлшерлеменiң
өсуiмен тепе-теңдiк белгiлiнедi.
Монетаризм нарықтық экономика - өзiн-өзi реттеуге қабiлеттi iштей
тұрақты жүйе деген сенiмге негiзделген. Ол инвестициялар мен ЖҰӨ арасындағы
емес, айналымдағы ақша жиыны мен нарықтық ЖҰӨ арасындағы тығыз байланысқа
негiзделедi. Осы бағыттың бас теоретигi М. Фридмен мемлекет айналымдағы
ақша жиынының негiзделген тұрақты өсуiн қолдауға негiзделген “ұзақ мерзiмдi
тепе-теңдiк монетарлық саясаттың ақша тәртiбiн” алдыға тартады. М.
Фридменнiң теңдеуi бойынша осындай өсу шамасы:

(M=(Р((Y (4)

Мұндағы:
(M - ақша өсiмiнiң орташа жылдық қарқыны, ұзақ мерзiмдi пайызы;
(P – болжалды инфляцияның орташа жылдық қарқыны, ұзақ мерзiмдi пайызы;
(Y – ЖҰӨ өсiмiнiң орташа жылдық қарқыны, ұзақ мерзiмдi пайызы.
Қазiргi заманғы сандық теория классикалық канондарды жетiлдiрдi.
Теориялық ақша үлгiлерi синтетикалық нысанды иелендi, оларға екi теорияға
тән мемлекеттiк ақша-несие саясатындағы элементтерi де Үкiметтiң
айналымдағы ақша мөлшерiне әсер ететiн саясаты Республиканың ақша-несие
саясатындағы монетарлық тұжырымдама ережелерi өтпелi кезеңнiң
экономикасының ерекшелiктерiне орай iшiнара iске асырылған болатын (мысалы,
ақша жиыны төмендегенде төленбеген ақшаның өсуi). Iс жүзiнде қиын
проблемаларды шешу үшiн ымыралы шешiм iздестiру, қарама-қайшы үрдiстердi
байланыстыру, естi тиiмдi шараларды пайдалану қажеттiлiгi туындады.
Дамыған елдерде банк қадағалауы қаржы дағдарыстарына, экономикалық
оқиғалар мен саясаттағы құбылыстарға жауап ретiнде дамыды. Екi деңгейлi
банк жүйесi болған кезде орталық банк ақша мультипликаторларының тетiгiн
немесе екiншi деңгейдегi банктер жүргiзетiн ақша аударымдарының эмиссиясын
(қайталама эмиссия) қадағалауды жүзеге асырады. Әкiмшiлiк-әмiршiлдiк
экономика жағдайында ақша рөлi өнiм шығарудың әртүрлi шығындар жиынтығына
(материалдар, амортизация, еңбекақы және т.б.) бағынышты болады. Ақшаның
басымды есептiк және бақылау рөлi “қысымға түскен инфляцияны” жасыруға,
тұтынушылық тауарлар тапшылығында әркелкi бағалар белгiлеуге және
ресурстарды өтiмсiз тауарларға шашырауға ықпал еттi. Жиынтық сұраныс пен
жиынтық ұсыныстың тепе-теңсiздiк ара қатынасында нұсқаумен белгiленген
бағалар негiзсiз тұрақты болып қалды.
Ақша айналымының жылдамдығы төмендедi, жинақтаулардың нақты сектордан
алып-сатарлық сипаттағы сипаттағы қаржы операцияларына өту процесi
жеделдетiлдi.
Дүниежүзiнiң 83 елiнде инфляция мен айналымдағы ақша мөлшерiнiң
байланысын зерделеу айналымдағы ақша мөлшерi мен инфляция жылдамдығының
арасындағы жоғары деңгейдегi тәуелдiлiктi айқындады.
Дүниежүзiлiк экономикалық тәжiрибеде ақша-несие саясатын реттейтiн
әртүрлi құралдар пайдаланылады:
1) ашық нарықтағы, яғни құнды қағаздар нарығында операциялар;
2) есептеу мөлшерлемесi саясаты, яғни екiншi деңгейлi банктердiң
орталық банктен қарыздары бойынша пайыздарын реттеу;
3) мiндеттi резервтер нормативiнiң өзгеруi.
Ақша-несие саясатының басқарушы құралдары: қайта қаржыландырудың
пайыздық мөлшерлемесi, қысқамерзiмдi теңге несиелерi және үш айлық мекамдар
бойынша сыйақы мөлшерлемесi ақша эмиссиясын бақылау кезiнде Ұлттық банктiң
монетарлық процесi тетiгiнiң негiзiн құрайды.
Орталық банк осындай құралдардың жәрдемiмен тiкелей және Қаржы
министрлiгiмен келiсiм бойынша осы кезеңдегi монетарлық саясатқа сәйкес
пайыздық жағдайларды, ақша нарығындағы ұсыныс мөлшерiн қалыптастырады 2,
б.108.
Осы үшiн ол қайта қаржыландыру мен ашық нарықтағы операцияларда өзiнiң
пайыздық мөлшерлемелерiн өзгертедi, ақша нарығында басқыншылық сәтi туралы
шешiм қабылдайды. Экономиканы қаржы сiлкiнiстерiне неғұрлым шыдамды етуге
тырысу, оның икемдiлiгiн және нарықтық қатынастарға оның бейiмделуiн
арттыру банк жүйесiн дамытудың негiзгi мақсаттарының бiрi болып табылады.
Экономикалық саясат теориясына сәйкес, өтпелi экономика кезеңiнде
монетарлық саясат ақшаның тауарлық бағасына әсер ететiн ақша, несие және
валюта саясатының өлшем жүйесiнiң тепе-теңдiк сипатын бiлдiредi. Ақша-несие
және бағам саясаты қол жеткен құралдар тiзбесiнде көрсетiлген барлық
шешiмдер ақшаның тауарлық бағасына әсер етедi. Ақшаның тұрақтылығын реттеу
нарық жағдайларына макроэкономикалық құралы, екi каналды ақша эмиссиясы
(ақша жиыны) мен ақша айналымының жылдамдығы арқылы ақшалай қаржылардың
айналым саласын бақылауды күшейту құралы болып табылуда.
Iс жүзiнде ақша және несие саясатының қарама-қайшылығы, ақшаның
тұрақтылығын және экономиканы дамуын реттеудi теңгеруге тиiс.
Ақша-несие саясаты мемлекеттiк жалпы экономикалық саясат бөлiгiн, оның
элементерiнiң (өнеркәсiптiк, құрылымдық, сыртқы сауда, қазынашылық және
басқа да саясат түрлерiмен қатар) бiрiн бiлдiредi және үкiметтiң
басымдықтарымен және мақсаттарымен тiкелей белгiленедi. Әдетте,
экономикалық өсу тұрақтылығы, жұмыссыздықтың төмен деңгейi, бағалардың
тұрақтылығы, тұрақты төлем балансы осындай түпкiлiктi мақсат болып
табылады.
Әртүрлi ақша түрлерi ретiнде белгiлi ақша агрегаттары М0 , М1 , М2
және т.б. түсiндірiледi. Олардың мазмұнын егжей-тегжейлi қарайық:
1) М0 - айналымдағы банкноттар (орталық банк шектерiнен тыс) және
орталық банктегi екiншi деңгейлi банктердiң шоттарындағы қаржылар.Бұл ақша
базасы немесе орталық банктiң ақшалары.
2) М1 – халықтың қолындағы кез-келген ақша белгiлерiнiң мөлшерi мен
кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың кассаларындағы қаржылар.
3) М2 – М1 барлық құрамдастары және араласқан пайдалану режимдi заңды
және жеке тұлғалардың депозиттерi, халықтың, кәсiпорындардың, мекемелердiң,
ұйымдардың жедел салымдары, банк жинақтау сертификаттары, еркiн айналымдағы
займдардың облигациялары, банк резервтерi.
4) М4 - М1 басқа халыққа, банктерге, кәсiпорындар мен ұйымдарға
тиесiлi шетел валютасындағы қаржылар.
М1 және М2 ақша жиынының бiрдей көрсеткiштерi болып саналады. М4 соңғы
көрсеткiшi жеке де, сондай-ақ өндiрiстiк тұтынудағы тауарлар мен
қызметтерге барынша жоғары төлемге қабiлеттi жиынтық сұранысын сипаттайды.
Осы ақша агрегаттарының, бiз көрiп отырғандай, өтемпаздықтарының
әртүрлiгiмен, яғни, олардың қолма-қол ақшаға жеңiл айналып кетуiмен
ерекшеленедi. Тиiсiнше, ақша қажеттiлiгi туралы айтқан кезде қазiргi
заманғы жағдайларда, олардың жалпы мөлшерiн ғана емес, әртүрлi ақша
түрлерiнiң арасындағы ара қатынасты және трансакциондық iс-қимылдарда оның
мұқтаждығына сәйкес олардың осы жерде (аймақта) болуы ескерiледi. Сондықтан
орталық банктiң жоғарыда атап өтiлген бас функциясы- айналымын реттеу жалпы
мөлшердi ғана емес, сондай-ақ ақша түрлерi арасындағы ара қатынасты
қадағалауды көздейдi. Iс жүзiнде кез-келген қазiргi заманғы мемлекет үшiн
ақша эмиссиясын және ақша айналымын реттеу елдегi жиынтық ақша жиынының
бiрнеше аса маңызды көрсеткiштерiнiң жобаланған және нақтылы мөлшерiн
талдау, бақылау, салыстыру қажеттiлiгiн бiлдiредi.
Осы ақша-несие құралдарына қысқаша сипаттама берейiк:
Ресми есеп мөлшерлемесi - орталық банктiң мөлшерлемесi, ол бойынша
банк вексельдердi санайды немесе соңғы сатыдағы несиелер ретiнде енiншi
деңгейлi банктер мен несие мекемелерiне несие бередi. Орталық банк ресми
есеп мөлшерлемесiн жоғарылатып немесе төмендетiп, екiншi деңгейлi
банктердiң мүмкiндiктерiне несие алу үшiн олардың клиенттерiне ықпал етедi,
бұл өз кезегiнде экономикалық өсуге, ақша жиынының артуына, нарық пайызының
жоғарылуына әсер етедi. Орталық банктiң ресми есеп мөлшерлемесiнiң өзгеруi
нарықтық пайыздың тиiстi өзгерiстерiн туындата отырып, төлем балансы мен
валюта бағамының жай-күйiнде бiлiнедi. Мөлшерлеменiң артуы елге қысқа
мерзiмдi шетел капиталының тартылуына ықпал етедi, осының нәтижесiнде төлем
балансы жанданады, тиiсiнше, шетелдiк валютаның бағамы төмендеп, ал ұлттық
валютаның бағамы көтерiледi. Мөлшерлеменiң төмендеуi керi нәтижелерге
әкелiп соқтырады.
Ашық нарықтағы құнды қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар - орталық
банктiң қысқа мерзiмдi операцияларды қоса алғанда, кейiн керi мәмiле жасай
отырып, коммерциялық және қазынашылық вексельдердi, мемлекеттiк
облигациялар мен өзге де құнды қағаздарды сатып алу-сату жөнiндегi
операциялары. Орталық банктiң мұндай iс-қимылдары екiншi деңгейлi
банктердiң қызметiне олардың қолда бар ресурстар мөлшерi арқылы әсер етедi.
Егер орталық банк ашық нарықта құнды қағаздарды сатса, ал екiншi деңгейлi
банктер оларды сатып алады, онда соңғылардың ресурстары мен тиiсiнше
олардың клиенттерге несие беру мүмкiндiктерi сарқылады. Бұл айналымдағы
ақша жиынының қысқаруына және несие пайызының артуына әкелiп соқтырады.
Орталық банк нарықта екiншi деңгейлi банктерден құнды қағаздар сатып ала
отырып, оларға қосымша ресурстар ұсынады. Несие беру жөнiндегi олардың
мүмкiндiктерiн кеңейтедi. Ашық нарықтағы операциялар банк ресурстарын,
пайыздық мөлшерлемелердiң және мемлекеттiк құнды қағаздарды реттеуге және
соңғы есепте ақша нарықтағы сұраныс пен ұсыныстарды реттеуге ықпал етедi
3, б.33.
Мiндеттi резервтер - банктер мен несие мекемелерiнде орталық банктiң
талабы бойынша, әдетте, пайызсыз шотта ашылған несие ресурстарының бөлiгi.
Екiншi деңгейлi банктерге олар өздерiнде сақтайтын мiндеттi резервтер
нормасын арттыра немесе төмендете отырып, орталық банк банктер мен несие
мекемелерiнiң несиелеу мен депозиттiк эмиссияны жүзеге асыру мүмкiндiктерiн
шектейдi немесе кеңейтедi.
Мiндеттi резервтер едәуiр шамада әкiмшiлiк тұтқаны бiлдiредi. Бiрқатар
елдерде олар толықтай жойылған немесе олардың мөлшерi елеулi түрде
төмендетiлген. Кейбiр елдерде қызмет бабын терiс пайдалануға жол бермеу
үшiн осындай резервтердiң ең жоғары мөлшерде заңнамада белгiленедi.
Осы негiзгi құралдардан басқа дүниежүзiлiк банк тәжiрибесiнде орталық
банктердiң ақша-несие саясатының басқа құралдары кең танымал, жақсы
пысықталып және кеңiнен пайдаланылады. Оларды қайсыбiр елдiң нарықтық
немесе өтпелi экономикалық нақты жағдайында өтiмдiрек пайдалану туралы сөз
қозғалады. Оларды қысқаша сипаттап өтейiк.
Капиталдар нарығын бақылау- акциялар мен облигациялар шығару тәртiбi,
сырттан қарыз алу шектерiн белгiлеу және т.б.
Нарықтарға қол жеткiзу - жаңа банктер мен несие мекемелерiн, оның
iшiнде шетелдiктердi ашуды реттеу.
Валюта басқыншылығы - ақша бiрлiгiне сұраныс пен ұсыныс мөлшерiне
ықпал ету үшiн едәуiр мөлшердегi валюта сатып алу-сату.
Шектеу - ақша жиыны көрсеткштерiнiң өсуiнiң мақсатты болжалын
белгiлеу.
Мемлекеттiк құнды қағаздарға инвестициялау нормалары - мемлекеттiк
қарызды тұрақты орналастыру мен алып-сатарлық операцияларды шектеу
мақсатында банктер, несие мекемелерi үшiн белгiленедi.
Нарықтық экономика жағдайында экономикаға ықпал етудiң атап өтiлген
және басқа кейбiр құралдарын пайдалану жолымен iскерлiк белсендiлiктi
арттыруға немесе төмендетуге қол жеткiзiледi. Мұның өзiнде банктердiң
төлемге қабiлеттiгiне ықпал ету шешушi болып табылады. Олар кәсiпкерлерге
арзан несиенi көбiрек ұсынса, соңғылар соғұрлым өз iсiн ашуға ынталанады,
өндiрiстi кеңейтiп немесе жетiлдiредi, экономикалық өсудi жеделдетедi.
Көрсетiлген құралдардың әртүрлi қиыстырулары орталық банкке
мемлекеттiң осы кезеңдегi экономикалық стратегиясына байланысты “қымбат”
немесе “арзан” саясат жүргiзуге жол ашады. Орталық банк аталған құралдардың
көмегiмен ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады: ақша жиынының
деңгейiн (қатаң монетарлық саясат) немесе пайыздық мөлшерлеменi белгiленген
деңгейде ұстайды (икемдi монетарлық саясат).
Ақша-несие саясатының құралдарын пайдалану бюджеттiк-салықтық
саясатпен, заңнамамен тығыз байланыстырған жағдайда ғана тиiмдi болуы
мүмкiн.

1.2 Ақша-несие теориясы негiзiнде экономиканы реттеу

Экономиканы ақша-несие реттеудiң теориялық тұрғылары қазiргi заманғы
экономикалық ғылымның ең бiр қимылды-қозғалысты бағыттарының бiрi болып
табылады, бiрiншiден, осы тұжырымдама әдiстемелерiнiң ерекшелiгiмен,
екiншiден, экономиканы мемлекеттiк реттеу жүйесiнiң қазiргi заманғы
дамуының объективтi заңдылықтарымен түсiндiрiледi.
Ақша-несие реттеу тұжырымдамасының қолданбалы тұрғыларын әзiрлеу
орталық банкке экономиканың жай-күйiн ақша-несие бақылаудың құралдар жүйесi
мен әдiстерiн қамтамасыз етедi.
Мемлекет ақша-несие реттеудiң жәрдемiмен экономикалық дағдарыстарды
жұмсартуға, инфляцияның өсуiн тоқтатуға ұмтылады, мемлекет экономикалық
жағдайды қолдау мақсатында, ел экономикасының түрлi салаларына күрделi
салымдарды ынталандыруға арналған несиелердi пайдаланады.
Ақша-несие реттеу тетiгi мына негiзгi әдiстерден тұрады: банк
өтiмдiлiгiн реттеу, мемлекеттiк қарызды басқару, банк несиесiнiң мөлшерiн
реттеу.
Осыдан ақша -несие реттеу тетiгi ақша-несие әдiстер мен құралдарының
жиынтығын бiлдiредi деп пайымдауға болады, олардың кешендi қолдануы
қойылған экономикалық мақсаттарға қол жеткiзуге жеткiзедi.
Сонымен, ақша-несие реттеу тетiгiнiң үлгiсi былайша түсiндiрiледi.
Ақша-несие реттеудiң теориялық негiздемесi жүйеге фактiлердi ендiруге,
түсiндiруге және қорытуға негiзделедi, экономикалық ғылым басқалар сияқты
фактiлерге, яғни, белгiлi деректердiң немесе белгiленген құбылыстардың
қадағаланатын өзгерiстерiне негiзделу салдарынан - осы ғылымдардың
эмпириялылығын айқындайды. Теорияны талдаудың соңғы нәтижесi ретiнде
фактiлер жиынына мағына енгiзедi, оларды бiрiктiрiп байланыстырады, олардың
арасында өзара байланыс орнатады және олардан белгiленген қағидалар мен
беталыстар шығарады.
Ғылыми тұрғыдан фактiлер қазiргi бар теорияларды растау (дедуктикалық
әдiс) үшiн де, сондай-ақ жаңа теория үшiн негiз болуы мүмкiн.
Бұрынғы экономистер барынша дәрежеде жүргiзетiн макроэкономикалық
саясат негiзiнде ескеретiн макроэкономикалық теориялар (кейнсиандық теория
мен монетарлық) – негiзiнен индуктивтiк жолмен пайда болатын теориялар.
Бүгiнгi күнге көптеген ғалым экономистер оларды макроэкономика мәселелерiне
бiр мәндi жауап беретiн оқулардан гөрi болжамдарға жатқызады. Осыған
қарамастан макроэкономикалық теоиялардың болжалдығы олардың маңызын
кемiтпейдi.
Экономистер экономикалық өсу факторларына ықпал ететiн ақша-несие
саясатының тұжырымдамаларына қатысты ұзақ жылдар бойы пiкiр таластыруда.
Ақша-несие саясатының мәнi айналымдағы ақша мөлшерiн өзгерту жолымен
экономикалық жағдайға ықпал етуге негiзделедi. Монетарлық билiктердiң
тиiстi құралдары болса да, алайда әр түрлi экономикалық бағыттар арасында
ақша ұсынысының экономикаға ықпал етуiне қатысты әртүрлi келiспеушiлiктер
орын алуда. Ақша-несие саясатының негiздемесi, оның стратегиясы мен
тактикасын белгiлеу алдымен теориялық қағидаларды айқындауды және оның iшкi
тетiктерiн ашуды талап етедi 4, б.24.
Ақша жиынын зерделеу дәстүрлерi көптеген он жылдар бойы терең
теориялық әзiрлемелердi қамтиды, олар iс жүзiндегi әрекеттер негiзi ретiнде
пайдаланылады. Басты мәселе-осы салада дүниежүзiлiк ғылыми бiлiм әлеуетiнiң
қолданылуы, бұған мына құбылыстар кiредi:
1) экономикалық және институционалдық ерекшелiктердi ескере
отырып, ақшаның баламалы айқындамасын қалыптастыруы;
2) орталық банктiң ақша жиынын бақылау мүмкiндiгi анықтау;
3) ақша жиынына ықпал ету құралдарын талдау және олардың
салыстырма тиiмдiлiгi.

Ақша-несие реттеу

Ақша-несие реттеу құралдары (ресми пайыздық мөлшерлемелер, мiндеттi
резерветер нормалары, валюталық басқыншылық, мемлекеттiк қарызды
басқару, банктерге несие, тiкелей мөлшерлiк шектеулер)

Ақша-несие реттеу әдiстерi – несиелеудi реттеу, пайыздық реттеу,
мемлекеттiк қарызды басқару, валюталық реттеу

Ақша-несие саясатының мақсаттары - ұлттық валюта бағамын
тұрақтандыру, инфляция қарқынын төмендету, өндiрiстiң өсуi және
т.б.

1.сурет - Ақша-несие тетігінің үлгісі

Ақша-несие реттеу тұжырымдасы әдiстемесiнiң сипатты ерекшелiгi айырбас
тұжырымдамасына тән ақша-несие айналым саласында iс-шара жүргiзу жолымен
макроэкономикалық процестерге реттеуші ықпалды жүзеге асыру көзқарасы болып
табылады. Мысалы, Неокейнсиандық мектептiң өкiлi Ф. Модильяни: “Тиiстi
тұрақтатын iс-шаралармен тұрақсыздыққа қарсы тұруға болады. Ақша-несие
саясаты ақша ұсынысын нақты сұраныс өзгерiстерiн сәйкестiкке әкелуi
мүмкiн”, - деп атап өттi.
Неоклассикалық постулаттардың iзбасары П. Самуэльсон: “Тиiстi ақша-
несие саясатының көмегiмен даурықпа бұзақылықтан және күрт құлдыраудан
жалтаруға, кең экономикалық өсуге сенiм артуға болады”, - деп жазды.
Монетарлық идеялардың негiзiн қалаушы М.Фридмен ақша-несие құралдары ақша
мөлшерiнiң тұрақты, алайда бiрте-бiрте өсуiн сақтай отырып,
макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткiзуде елеулi әсер етуi мүмкiн деп
санайды.
Осы пiкiрлер экономиканы ақша-несие реттеу теориясының барлық
бағыттарының әдiстемелiк негiзiнiң ортақтығын растайды, ол экономиканы ақша
айналымы мен несие құралдарымен мүмкiндiктерiн өсiруге, экономиканы
сұраныс пен ұсынысты сәйкестiкке келтiретiн бағалармен реттелетiн тепе-тең,
жеткiлiктi тұрақты жүйе ретiнде қарауға негiзделген.
.

Ақша-несие реттеу теориялары

Ақша-несие жүйесiн қараған кезде, әдетте, ақша-несие реттеудiң
кейнсиандық және неоклассикалық теорияларын қозғайды.
“Несиелiк реттеуге негiзделген кейнсиандық үлгi” нарық жүйесi мен
еркiн кәсiпкерлiктiң кемшiлiктерiн мемлекеттiк қазынашылық және несие
саясатының жәрдемiмен жоюға ұмтылады. Алайда, ол iшкi өндiрiс пен жұмыспен
қамтудың дамуына ақшаның ықпалын жеткiлiктi бағаламайды. Осыған қарама-
қайшы монетаризмдi қолдаушылар осы ықпалды мойындай ғана қоймай, ұтымды
ақша-несие саясатын жүргiзудi экономиканы тұрақтандырудың шешушi шарттары
деп санайды.
Кейнсиандықтар мен монетаристер арасындағы пiкiрталас экономикалық
ойлардың екi бағытының да жағымды жақтары мен кемшiлiктерiн де айқындауға
мүмкiндiк бередi. Бұл теориялар алғашқыда қарағанда қарама-қарсы, алайда
мәнi бойынша бiрiн-бiрi толықтыратын экономикалық үлгiлерден барлық құнды
және ұтымды алынатын синтетикалық көзқарасты әзiрлеуге себеп болды.
Кейнсиандық экономикалық тұжырымдама. Дж.М. Кейнс 1936 жылы шыққан
”Жұмыспен қамтудың, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы” атты кiтабында өз
тұжырымдамасының мазмұнын баяндады. Кейнс теориясының бас идеясы- нарықтық
капиталистiк экономиканың өзiн-өзi реттеудi жоққа шығару. Ол өз күшiн
шындықпен, атап айтқанда, капитализмде өндiрiстiң кезеңдi құлдырауы мен
одан туындаған жұмыссыздықтың орын алуымен жанасатын жаңа жұмыспен қамтылу
теориясын әзiрлеуге жұмсады. Мұның өзiнде жаңа теорияда кезеңдi құлдырау
мен өндiрiс дағдарысына байланысты заңды туындайтын мәжбүрлi жұмыссыздыққа
ерекше назар аударылады.
Кейнсиандықтардан монетаристердiң айырмашылығы олар ақша-несие
саясатын экономиканы реттеудiң маңызды құралы деп санамайды. Ақша ұсынысы
пайыздық мөлшерлеменiң өзгеруiне әкеп соқтыруына, ал соңғысы
инвестицияларға арналған несиеге әсер етуiне байланысты, сондай-ақ ақша мен
пайыздық мөлшерлеменiң реттеушi рөлi мемлекеттiк шығындар сияқты едәуiр
емес деп санайды. Кейнстi кейбiр зерттеушiлер ақшаның экономиканы
тұрақтандыру үшiн маңызы жоқ дегендi айтады.
Экономикада iскерлiк цикл деп нақты өндiрiс мөлшерiнiң кемуiмен немесе
артуымен, халықтың жұмыспен қамту мен бағалар деңгейiнiң өзгеруiмен
сипатталатын құлдырау мен өрлеудiң кезектесуi аталады. Мұның өзiнде кәдiмгi
iскерлiк цикл төрт фазадан тұрады: нақты өндiрiс мөлшерiнiң түсуiмен орын
алатын құлдырау және тиiсiнше жұмыссыздық күшейедi және егер құлдырау
фазасы жарты жылдан астам жалғасса, онда құлдырау орын алады; цикл өзiнiң
төменгi нүктесiне жеткен кезде және орташа бiр жарым жыл жалғасса -ол
түбiне жетедi; нақты өндiрiс мөлшерi кеңейе бастап, халықтың жұмыспен қамту
арттырылып, бағалар тұрақтандырылғанда кеңею фазасы орын алады. Нақты
өндiрiс мөлшерi барынша жоғары деңгейге жеткен нүкте шарықтау деп аталады.
Осыдан бастап жаңа цикл басталады 5, б.45.
М. Фридмен мен А. Шварц өздерiнiң “АҚШ-да 1867-1960 жылдары ақша
айналымының тарихы” деп аталатын жұмысында ақша айналымының рөлiн егжей-
тегжейлi зерттеген. Ауқымды статистикалық материалдың негiзiнде, олар
айналымдағы ақша жиынының өсу қарқыны циклдар iскерлiктермен сәйкес келмесе
де, солармен байланысты циклдiк схемаға сәйкес екенiн айқындады. Ақша циклы
iскерлiк циклдың алдында болады, өйткенi айналымдағы ақша мөлшерi өзiнiң
шарықтауына жетiп жоғары нүктеге- iскерлiк циклының шарықтауына дейiн түсе
бастайды. Және керiсiнше, ақша мөлшерi iскерлiк цикл өзiнiң төменгi нүктесi
- түпке дейiн жеткен сәтке дейiн арта бастайды.
Нақты мысалға жүгiнейiк: экономикалық өсу қарқыны 3% құрайды, бұл
дамыған елдердегi ұзақ мерзiмдi уақытша аралықтардағы нақты көрсеткiштерге
сәйкес келедi. Бұл жағдайда атаулы ЖIӨ мен айналымдағы ақша мөлшерi де
үшпайыздық өсуге сәйкес келедi деп ұйғарайық. Егер ақша жиынының мөлшерi
10% артса не болады? Бiраз саябырдан кейiн номиналдық ЖIӨ өсу қарқыны өсе
бастап болжаммен атаулы ақша жиынының өсуiнiң тиiстi 10 пайыздық деңгейiне
жетедi. Содан кейiн ЖIӨ бұрынғыдай 10% құраса да, нақты өндiрiстiң өсу
мөлшерi тағы да 3% кемидi. Бұл мұндай өсу жыл сайын 7% артып отыратын
абсолюттiк баға деңгейiнiң арту есебiнен қол жеткiзiлетiнiн бiлдiредi.
Сонымен, ақша жиынының өсу қарқынының өзгеруi өндiрiстiң нақты
деңгейiне, жұмыспен қамтуға және бағаларға елеулi түрде әсер етедi.
Монетаризм. Дж. Кейнстiң iзбасарлары негiзiнен құлдырау мен тоқырау
проблемаларына көңiл аударуына байланысты, әртүрлi елдерде кезең-кезеңмен
туындайтын инфляциялық процестерге орай ақша рөлiне жаңа сипаттағы
қызығушылық пайда болды.
Қазiргi заманғы кейнсиандық оппозиция ретiнде пайда болды. Дж Кейнстiң
iзбасарларына қарама-қайшы М. Фридмен дұрыс монетарлық саясат инфляция
кезiнде ғана емес, сондай-ақ тоқыру кезiнде де маңызды рөл атқаратынын атап
өттi.
Монетаристер мен кейнсиандықтар арасындағы айырмашылықты анығырақ көру
үшiн олардың негiзгi теңдеулерiн талдау қажет.
Кейнсиандықтар өздерiнiң теоретикалық құрулардың негiзiне нақты өнiм
мөлшерiн өндiруге жұмсалған жиынтық шығындар теңдеуiн алады:

C+I+Eі = NVP (5)

Монетарлықтар айырбас теңдеуiн негiзге алады:

МV=PQ (6)

Мұндағы:
М - ақша жиыны,
V- ақша айналымының жылдамдығы.
Q - өнiмiнiң жеке мөлшерi мен тауарлар сатылатын орташа P бағалар
деңгейiне көбейтiндiсi таза iшкi өнiмдi (NVP) құрайды, келтiрiлген
теңдеулердiң сол бөлiктерiн теңдестiре алғандықтан мына теңдеудi
аламыз:

C+I+Eі= MV (7)

Жаңа теңдеудiң сол бөлiгiнде бүкiл таза iшкi өнiм өндiрiсiне жұмсалған
жиынтық шығындар, ал сол жағында сатып алушылар осы өнiмге жұмсаған ақша
мөлшерi көрсетiлген. Егер MV дайын тауарға жұмсалған шығындардың жалпы
сомасы болса онда ол NVP тең болуға тиiс. Тиiсiнше, бұл сома NVP өндiрiсiне
жұмсалған жиынтық шығындардың монетарлық баламасын бiлдiредi. Сондықтан
монетарлық және кейнсиандық көзқарастар өнiм өндiрiсiнiң сол бiр
экономикалық процесiне әртүрлi екi тұрғыдан қараған екi көзқарас болып
табылады.
Кейнсиандықтар өздерiнiң теңдеулерiнде ақшаға қосалқы рөл бередi,
өйткенi ақша ұсынысының өзгеруi пайыздық мөлшерлеменiң өзгеруi ал ол арқылы
инвестицияларға ТЖӨ мөлшерiнiң өзгеруiне жанама әсер етедi.
Монетаристер ақша ұсынысы өндiрiстiң, жұмыспен қамтудың, бағалардың
дейгейiн айқындайтын негiзгi фактор деп санап, ақшаға маңызды мағына
бередi.
Кейнсиандықтар мен монератистердiң тұрақтандыру саясаты. Iскерлiк
циклдар уақытында өндiрiстiң кезең-кезеңмен құлдырауы мен өрлеуi
белгiленген тұрақтандыру саясат жүргiзудi талап етедi. Ол көбiнесе әртүрлi
экономикалық көзқарастарды жақтаушылар ұстанатын теориялық тұжырымадаларға
байланысты.
Кейнсиандықтар тауарлар мен қызметтерге жұмсалған мемлекеттiк шығындар
жиынтық шығындардың құрамдас бөлiгi болғандықтан және осыған байланысты
жалпы өндiрiс деңгейiне (ТЖӨ) өзгеруiне тiкелей әсер етуiне орай,
қазынашылық саясатты экономикалық тұрақтандырудың негiзгi құралы ретiнде
санайды. Қазынашалық саясаттың екiншi бөлiгiн құрайтын салық түсiмдерi
тұтыну мен жинақтауға кететiн кiрiстерге тiкелей әсер етедi. Сонымен,
негiзiнен тұтыну арқылы олар ТЖӨ мөлшерiне де әсер етедi. Кейнсиандықтар
ақша-несие саясатының әсерiн мойындайды, алайда, олардың пiкiрiнше, ол
құлдырау мен тоқырау кезеңiнде неғұрлым аз байқалады 6, б.43.
Монетаристер қазынашылық саясат экономиканы тұрақтандырудың сенiмдi
құралы болып табылмайды деп пайымдайды. Өздерiнiң көзқарастарын олар
мемлекеттiк шығындарды арттыру бюджет тапшылығы мен мемлекеттiк банктерден
қарыз беру, алуына әкеп соқтыратын “орнын басу әсерiмен” негiздеуге
ұмтылады. Нәтижесiнде қаржы нарықтарында ақшаға сұраныс артады, осының
салдарынан пайыздық мөлшерлеме артады. Инвестицияларға арналған ақшаға
сұраныс кемидi, ал соңғылардың кемуi жиынтық шығындардың қысқаруына және
тиiсiнше ТЖӨ кемуiне әкеп соқтырады. Тиiсiнше, экономиканы тұрақтандыру
үшiн қолданылған саясат өзiнiң мақсатына жетпейдi, өйткенi қаржы
нарығындағы қарыздарды пайдаланған мемлекет ондағы жеке бизнестi алмастырып
немесе дәлiрек айтқанда оның орнын басады.
Ақша ұсынысы экономикалық белсендiлiлiкте шешушi рөл атқарады деген
өзiнiң iргелi тезисiн негiзге ала отырып, дұрыс ақша-несие саясатын
жүргiзудi табысты тұрақтандырудың басты шарты деп санайды. Алайда, дұрыс
ақша-несие саясатын жүргiзу күрделi қиындықтарға толы. Бiрiншiден, ақша
ұсынысының өзгеруi мен оның атаулы NVP әсерi арасында жеткiлiктi ұзақ уақыт
немесе уақытша лаг өтедi. Осы лаг едәуiр қысқа (6-дан бастап 8 айға дейiн)
немесе ұзақ (екi жылға дейiн) орын алуы мүмкiн. Ақша ұсынысы атаулы ТЖӨ
әсер ететiн сәттi дәл анықтау ықтималдығы мардымсыз. Егер кейбiр белгiлер
экономиканың құлдырау процесiн көрсетсе, онда әдетте арзан ақша, яғни,
төмен пайыздық мөлшерлеме саясатын қолдана бастайды. Алайда, жарты жылдан
кейiн экономиканың инфляция деңгейiне жетуi мүмкiн, осының салдарынан
қолданылған саясат тұрақсыздандыруды әлсiретпей керiсiнше күшейтiп,
инфляцияның одан әрi өсуiне әкеп соқтыруы мүмкiн.
Екiншiден, пайыздық мөлшерлеменi реттеумен қиындықтар туындайды. Несие
мекемелерi тұрақтандыру мақсатында, оларды арттырудың орнына осы
мөлшерлемелердi төмендетiп және осымен инфляцияның одан әрi өсуiн туындатуы
мүмкiн. Монетаристердiң пiкiрiнше ұзақ мерзiмдi уақыт аралықтарында
өндiрiстiң нақты мөлшерiнiң өсуiнiң үшпайыздық деңгейiне тең ақша жиынының
тұрақты өсуiне негiзделген саясат оңтайлы болып табылады. Бұл жағдайда
артқан ақша ұсынысы жиынтық шығындарға және тиiсiнше өндiрiс мөлшерiнiң
артуына ықпал етедi.
Экономикалық жүйеде толық жұмыспен қамтылған жағдайда ғана
кейнсиандықтар мен монетаристер арасында ымыраға қол жеткiзуге болады.
Алайда жеке кәсiпкерлiк жағдайында толық жұмыспен қамту қол жеткiзбейтiн
шарт екенi белгiлi.
Кейнсиандық үлгi керiсiнше, экономикалық жүйенi сыртқы, яғни,
мемлекеттiң кiрiсу қажеттiлiгiн атап өтедi.
Осылайша, осы үлгiлер экономикалық дамудың түрлi құбылыстарын
бiлдiредi және сондықтан бiрiн-бiрi жоққа шығарудан гөрi бiрiн-бiрi
толықтыруға тиiс.

1.3 Шетел елдерiнiң ақша-несие саясатын жүргiзудегi тәжiрибесi

Орталық Банк экономиканы тiкелей емес, ақша-несие жүйесi арқылы
реттейдi. Несие құралдарына ықпал ете отырып, олардың жұмыс iстеуi үшiн
белгiленген жағдайлар жасайды. Осы жағдайлардан белгiленген шамада екiншi
деңгейлi банктер мен басқа да қаржы институттарының қызметiнiң бағытына
тәуелдi, бұл жағдай елдiң экономикалық даму барысына әсер етедi. Сондықтан
несие жүйесiнiң ұлттық ерекшелiктерi орталық банктiң ақша-несие реттеу
жолдары мен әдiстерiн таңдауына, оның ақша қайсы бiр құралдарына артықшылық
көрсетуiне едәуiр шамада ықпал етедi.
Ақша-несие саласында бақылаушы органдардың функциялары жиi тоғысады.
Мысалы, АҚШ-да банк секторының қызметiн бақылаушы Федералдық резерв
жүйесiмен (ФРЖ) қатар ақша айналымын бақылаушы маңызды орган болып
табылады. Бұл орган ФРЖ пайда болғаннан бұрын, 1863 жылы, “Ұлттық ақша
бiрлiгi туралы” Заңына сәйкес құрылған. Ақша айналымын бақылаушы федералдық
деңгейдегi ұйымдардың иелiгiндегi барлық несие құралдарының қызметiн
қадағалайды.
АҚШ-та бұл органнан басқа банк қадағалау жөнiндегi құқықтар штаттардың
банк департаментерi, сондай-ақ депозиттердi сақтандыру жөнiндегi Федералдық
корпорацияға берiлген, ол несие институттарына федералдық деңгейде банк
операцияларын жасауға арналған құқықтарға лицензия бередi. Лицензия беру
кезiнде ең алдымен жаңадан құрылған банкiнiң “қаржы тылдары”, капиталды
пайдалану жөнiндегi нормативтердi сақтауы, басшылықтың құзыреттiлiгi,
сондай-ақ осы жердегi маркетингтiк зерттеулердiң нақтылығы тексерiледi.
Федералдық лицензия берiлген банкiлерге ФРЖ мiндеттi түрде қатысу
мiндеттеледi; оларға федералдық несие институты мәртебесi берiледi және
олар ұлттық деп аталады. Штат үкiметiнен лицензия алған банкiлердiң штаттың
несие институты деген мәртебесi болады және оларға ФРЖ мүше болу немесе
болмауды таңдау мүмкiндiгi берiледi. Түрлi штаттар өздерiнiң банк заңдарын
шығаруға құқылы болуына байланысты, АҚШ несие институттарының жағдайлары
әртүрлi, бұл ФРЖ әкiмшiлiк емес нарықтық реттеу тетiктерiн пайдалануға
жетелейдi.
Ұлыбританияның ақша-несие жүйесiнде ерекше жағдайлар қалыптасқан.
Англияның банкi қарым-қатынастарды арнайы мамандандырылған несие
институттар топтары - дисконттық үйлер арқылы ұйымдастыруды артық көредi.
Соңғылар Англия Банкiнiң ақша саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқаруына
байланысты, ағылшын банк жүйесiнiң елеулi институттық ерекшелiгiн
бiлдiредi. Оларға орталық банк пен өзге несие институттары арасында аралық
орын алатын сегiз институт жатады. Мұндай ерекше жағдай ағылшын банк
жүйесiнде тек қана осы несие институттары ғана орталық банкте қайта
қаржыландыру артықшылығына ие болуымен түсiндiрiледi. Осы үшiн дисконттық
үйлер Англия Банкiнен қазынашылық вексельдердi толық мөлшерде қабылдауға
мәжбүр, Ұлыбританияда қазынашылық құнды қағаздарды орналастыру орталық
банкке жүктелгендiктен, бұл соңғыға өте пайдалы.
Басқа елдердегiдей, басқа несие институттары орталық банктiң қайта
қаржыландыруына тiкелей қол жеткiзе алмағандықтан, дисконттық үйлер Англия
банкi мен орталық банкi тiкелей ықпал ете алмайтын банк жүйесi арасында
делдал ретiнде болады.
Елдiң банк жүйесi мен орталық банкi арасындағы iскерлiк
ынтымақтастықтың мысалы болып орталық банк пен ұлттық несие институттарының
басшылығымен байланыстар дамып келе жатқан Нидерландының банк жүйесiнiң екi
деңгейi арасындағы қарым-қатынастар бола алады. Ел заңнамасымен орталық
банкке орталық банк саясатының негiзгi бағыттарын түсiндiру, сондай-ақ
күштердi бiрiктiрiп, тұрақтандыру, инфляцияға қарсы шаралар әзiрлеу
мақсатында несие-қаржы мекемелерiнiң өкiлдерiмен ұдайы консультациялар
өткiзу көзделген.
Мұндай тәжiрибе несие жүйесiнiң екi деңгейiнiң арасында жақсы қарым-
қатынастар мен өзара түсiнiстiк орнатуға ықпал етедi. Нидерландының орталық
банкiсi сияқты Австриялық ұлттық банк те несие жүйесiмен тығыз қарым-
қатынастарды қолдауға ұмтылады.
Немiс федералдық банкi ұлттық несие жүйесiмен өзiнiң қарым-
қатынастарын филиалдық жүйе ғана емес, сондай-ақ iрi немiс банкiлерi арқылы
да құрады. Немiс федералдық банкi филиалдарының негiзгi мақсаты – екiншi
деңгейлi банктердiң ең төмен резевтер жөнiндегi белгiленген талаптардың
сақталуын бақылау, тиiстi аумақта орналасқан несие институттарын қолма-қол
ақшамен, сондай-ақ ұлттық клирингтiк кеңселердiң функцияларын атқарады.
Немiс федералдық банкiсiнiң филиалдары несие инстититуттары мен орталық
банк арасындағы аралық буын ретiнде болады.
Ресей Федерациясының Орталық банкi банк секторына нарықтық талаптарда
Ресей Федерациясының Үкiметi мен Орталық Банк ақша-несие саясатының
шеңберiнде орталықтандырылған несиелер бередi. 1992 жылға дейiн дамыған
елдерде қабылданған несие институттарын қайта қаржыландыру тетiгi Ресей
Банкiнiң экономикалық реттеу тәжiрибесiнде болмаған. Ресей Федерациясының
Орталық банкi инфляцияға қарсы реттеу жөнiндегi қойылған мiндеттерiнiң
талаптарына жауап беретiн орталықтандырылған несиелердiң мөлшерi мен
бағаларын реттеу жолымен екiншi деңгейлi банктердiң пайыздық мөлшерлемесiне
ықпал етуге әрекеттендi. Алайда, мөлшерлемелердi қарапайым көтеру жолымен
инфляцияға қарсы реттеудегi қойылған мақсаттарға қол жеткiзiлмедi. Ресей
Банкiсiнiң экономикалық реттеудiң нарықтық тетiктерiн дамыту бағытында
несие аукциондарын ұйымдастырды, олар енгiзiлгеннен кейiн орталық банктiң
пайыздық мөлшерлеме мен несие мөлшерлерiн әкiмшiлiк белгiлеу шектелдi 7,
б.31.
Бельгияда, Германияда және Нидерландыда несие институттары орталық
банктен нарықтан төмен мөлшерлемелер бойынша шектеулi мөлшерде қайта
қаржыландыруға мүмкiндiкпен пайдаланады. Германия мен Данияда несие
институттары нарықтық мөлшерлемелер бойынша орталық банктен қосымша iс
жүзiнде шектелмеген несие алуы мүмкiн, бұл басқа еуропалық елдердiң
коммерциялық банктерiмен салыстырғанда олардың өтiмдiлiгi мен бәсекеге
қабiлеттiлiгiн арттырады.
Дүниежүзiнiң көптеген жетекшi елдерiнiң банктерi банк жүйесiнiң
ұйтқысы болып табылатын бiрқатар iрi институттармен тығыз ынтымақтастық
жасайды.
Дамыған елдердiң банктерiнiң қазiргi заманғы стратегияларын ақша
саясатының дәстүрлi тұжырымдамаларына жатқызу монетаризм де, мемлекеттiк
реттеу де ел экономикасына ықпал ету практикасында сол қалпында
қолданылмайды деуге болады. Келешекте орталық банк стратегиясын таңдауда
ымыра нұсқасына иек артуға болады. Мұның өзiнде қазiргi уақытта әкiмшiлiк
реттеу әдiстерiмен салыстырғанда, көптеген жағдайларда нарықтық тетiктерге
басымдық берiледi. 90 жылдардың басында бiрқатар еуропалық елдерде
(Австрия, Италия, Франция және т.б.) банк заңнамасын ырықтандыру осының
дәлелi болып табылады.
Орталық банктердiң стратегиясын анықтаудың негiзгi қағидаларының бiрi
ұлттық экономикада ақша жиынын өсу қарқынының реттеуге бағдарлау немесе
қандай да болмасын бiр тұрақты шетел валютасына қатысты ұлттық ақша
бiрлiгiнiң валюта бағамын реттеу, яғни, iшкi немесе сыртқы көрсеткiштер
болып табылады.

Iшкi көрсеткшiтерге Ақша жиынының өсу қарқынын
бағдар реттеу

Сыртқы көрсеткiштерге Ұлттық ақша бiрлiгiнiң
бағдар валюта бағамын реттеу

2.сурет - Орталық банктің стратегиясы

Орталық банктiң қандай да болмасын бiр стратегияны таңдауы ел
экономикасының бағдарына байланысты. Мұның өзiнде мына үрдiс байқалуда.
Iшкi нарық мықты дамыған елдердiң орталық банктерi есептiк индекс
шектерiндегi ақша жиынының өсу қарқынын реттеуге бағдарланады. Мұндай
стратегияны, мысалы Немiс федералдық банкi, Англияның банкi, АҚШ ФРЖ
ұстанады. Ұлттық ақша бiрлiгiнiң iшкi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша саясаты
Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын және ҚР екінші денгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдау
Ақша-несие саясатының мәні
Қазақстанда ақша айналымының жағдайы
Қазақстан Республикасыдағы ақша.несие саясатын жүргізу ерекшеліктері
ҚР-ғы шағын және орта бизнесті несиелендіру
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының ерекшеліктері және оның нарық кезеңіңде тауарлар мен ақша нарығындағы тепе-теңдікке әсері
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері
Ақша массасының экономикалық мәні мен теориялық негіздері
Ақша - несие саясатының құралдарын талдау
Пәндер