Сәбит Дөнентаев поэзиясы



Кіріспе
І тарау
Ақын поэзиясындағы ағартушылық арна.
ІІ Тарау
Ақындық шеберлік айшықтары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті біраз зерттелді десек те, оның әлі де толық зерттелмеген тұстары баршылық. Қазақ әдебиеті тарихының үлкен бір қоғамдық саяси ахуалды бастан кешірген тұсы - осы кезең. Абай айтқан «Қалың елім қазағым» (1,58) деген ойдың алға шығып, Ахмет ұсынған «елеулім болуды» (2) көздеген тұсы болатын-ды.
Қазақ зиялылары жаңа бір арнаға бет бұрып, ірі саяси- әлеуметтік оқиғаларға араласып қана қоймай, көбі қазақ әдебиетінің барлық жанрларының біршама дамуына қызмет етті. Әдебиеттің осы бір даму кезеңінде уақыт сұранысына орай әрқилы көзқарастар қылаң беріп,
жан- жақты ой ортаға салынды. Ақынның көбі ұлт мәселесін, елдікті, діл мен тіл, жер мен ел тағдырын жырлады, ғылым, оқу арқылы биіктерге көтерілуге болатынын айтып ағартушылық мақсатты өз шығармашылықтарына арқау етті. Ал енді заман өзгеріп қос төңкерістің қыспағынан шыққан тұста ол ойлардың көбі замана сұранысына сай болмай шығып келді. Міне, сондай ақынның бірі Сәбит Дөнентаев еді.
Әрине, Сәбит жайлы аз жазылған жоқ. Ол әдебиет тарихынан шығып та қалған жоқ. Бірақ оның өзіндік көзқарастары, өмірлік ұстанымдары, шығармашылық бағыт- бағдары өңі айналдырылып беріліп, тіпті, көптеген дүниесі назардан тыс қалып қойды. Ақын шығармашылығының кеңестік идеологияның ыңғайына келетіні белгілі. Тіпті ақын шығармашылығын осы күнге дейін бір ғана зерттеуінің ізденісіне арқау болғанын, ал негізінен мақалалар мен жиған оқулықтарда, әдебиет тарихында жалпылама сөз болып келгенін еске алсақ та жеткілікті. Өйткені Сәбит Дөнентаев шығармашылығы даулы дүние болатын. Ғасыр басындағы (XX ғасыр) зерттеуінде Сәбит ақындығына қатты көңіл бөлініп, М.Әуезов, С.Мұқанов сынды жазушылардың назарына ілінгенімен кейінен ақын шығармашылығына деген бір түрлі салқындық сезіледі. Жаттанды, бір бағыттағы кәдеуілгі мақтау ақын шығармашылығын тану болып табылмайтыны белгілі.
Сонау XX ғасыр 20-30 жылда қазақ зерттеушілер Сәбит Дөнентаев туралы қилы пікір айтып, өзіндік ой қорытқанда М. Әуезов Сәбитті көркем әдебиеттің көрнекті өкілдеріне балап, өлеңдері ойшылдыққа бейім деп таныса (3,148), Сәбит Мұқанов керісінше оны ұлтшыл ақын (4,236) деп білді. Әрқайсы өзіндік пікірінде қалды.
Сәбит Дөнентаев туралы іргелі зерттеу жазған Балташ Ысқақов Сәбитті бұқарашыл ақын деп танып (5,72) оның шығармашылық болмысына терең бойлай алды.
1Абай (Ибраһим) Құнанбаев.Шығармаларының толық жинағы,Ітом Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977.454 бет
2. Байтұрсынов. А. Ақ жол.- Алматы: «Жалын», 1992.- 462бет
3. Әуезов. М. Әдебиет тарихы -Алматы: Ана тілі, 1991. -240бет
4. Мұқанұлы. С. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. Қызылорда, 1932
5.Ысқақов. Б.Сәбит Дөнентаевтың ақындық жолы.-Алматы: «Мектеп» баспасы, 1966, 207бет
6 Қамзабекұлы. Д. Алаш және әдебиет -Астана: «Флиант», 2002,-474бет
7. Машақов. С. Өшпес талант мұрасы. // Қазақ әдебиеті, 1958, 9 май.
8.Кенжебаев. Б. Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары. Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1958.-307бет.
9.Смайылов. Е. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Қазақтың Біріккен мемлекеттік баспасы, 1941,118 бет.
10. Кенжебаев. Б., Есназаров. Д. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. -Алматы: «Мектеп» баспасы,1966. -300 бет
11. Кенжебаев. Б. XX ғасырдағы әдебиет.- Алматы, Білім,1993-248 бет.
12.Қазақ әдебиетінің тарихы.ІІ том.Екінші кітап.-Алматы, «Ғылым баспасы, 1965- 522 бет.
13. Дөнентаев. С. Ұрпағыма айтарым: Өлең, әңгіме, очерк, фельетон, мақала, естеліктер.- Алматы: Жазушы, 1989.-344 бет.
14. Дербісәлин. Ә. Қазақтың Қазан алдындағы демократияшыл әдебиеті- Алматы. Қазақ ССР- ның «Ғылым» баспасы, 1966-311 бет.
15. Байтұрсынов. А. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1989.-320 бет.
16.Әміров. Г. С. Дөнентаевтың жаряланбаған өлеңдерінен. // Қазақ әдебиеті, 1957, 24 май.
17.Некрасов. Н.А. Полн.собр. соч. пжем. Т.VI. М., 1952.
18.Белинский. В. Г. Таңдамалы шығармалары, М., 1947.
19.Бейбытова. К.Д. Традиций Абая в казахской поэзии начало XX века - Алматы: Рауан, 1997 - 208 бет.
20.Қоңыратбаев. Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы.-Алматы, «Санат», 1994 - 312 бет.
21.Әуезов М. Әдебиет хрестоматиясы.- Алматы, 1937. -168 бет
22.Жансүгіров. І. Мүсірепов Ғ.Көркем әдебиет жинағы. - Алматы, 1933.-215 бет.
23.Жолдыбаев. М., Әуезов М., Қоңыратбаев Ә. XIX ғасырмен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы. Алматы, 1933 - 242 бет.
24.Жұмалиев. Қ., Ысмайлов Е. Қазақ әдебиеті. - Алматы, 1946.- 158 бет.
25.Қаратев. М, Брагин А. Жыр қанатында. - Алматы, 1958.-210 бет.
26.Нұрқатов. А. Абайдың ақындық дәстүрі.- Алматы: «Жазушы» баспасы. - Алматы, 1966.-345 бет.
27.Шәріп. А. Қазақ поэзиясы және ұлттық идея. - Алматы: Білім, 2000.-336 бет.
28.Дербісәлин. Ә. Дәстүр мен жалғастық.- Алматы: Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, Алматы- 1976.-203 бет.
29.Кенжебаев. Б. Қазақ әдебиеті тариыхының мәселері.- Алматы:Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1973.-166 бет.
30.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы.2- кітап: оқу құралы.-Алматы:Қазақ Университеті, 2002.- 455 бет.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті біраз зерттелді десек
те, оның әлі де толық зерттелмеген тұстары баршылық. Қазақ әдебиеті
тарихының үлкен бір қоғамдық саяси ахуалды бастан кешірген тұсы -
осы кезең. Абай айтқан Қалың елім қазағым (1,58) деген ойдың алға
шығып, Ахмет ұсынған елеулім болуды (2) көздеген тұсы болатын-ды.
Қазақ зиялылары жаңа бір арнаға бет бұрып, ірі саяси- әлеуметтік
оқиғаларға араласып қана қоймай, көбі қазақ әдебиетінің барлық
жанрларының біршама дамуына қызмет етті. Әдебиеттің осы бір даму
кезеңінде уақыт сұранысына орай әрқилы көзқарастар қылаң
беріп,
жан- жақты ой ортаға салынды. Ақынның көбі ұлт мәселесін, елдікті, діл
мен тіл, жер мен ел тағдырын жырлады, ғылым, оқу арқылы биіктерге
көтерілуге болатынын айтып ағартушылық мақсатты өз шығармашылықтарына
арқау етті. Ал енді заман өзгеріп қос төңкерістің қыспағынан шыққан
тұста ол ойлардың көбі замана сұранысына сай болмай шығып келді.
Міне, сондай ақынның бірі Сәбит Дөнентаев еді.
Әрине, Сәбит жайлы аз жазылған жоқ. Ол әдебиет тарихынан
шығып та қалған жоқ. Бірақ оның өзіндік көзқарастары, өмірлік
ұстанымдары, шығармашылық бағыт- бағдары өңі айналдырылып беріліп,
тіпті, көптеген дүниесі назардан тыс қалып қойды. Ақын шығармашылығының
кеңестік идеологияның ыңғайына келетіні белгілі. Тіпті ақын шығармашылығын
осы күнге дейін бір ғана зерттеуінің ізденісіне арқау болғанын, ал
негізінен мақалалар мен жиған оқулықтарда, әдебиет тарихында жалпылама
сөз болып келгенін еске алсақ та жеткілікті. Өйткені Сәбит Дөнентаев
шығармашылығы даулы дүние болатын. Ғасыр басындағы (XX ғасыр) зерттеуінде
Сәбит ақындығына қатты көңіл бөлініп, М.Әуезов, С.Мұқанов сынды
жазушылардың назарына ілінгенімен кейінен ақын шығармашылығына деген бір
түрлі салқындық сезіледі. Жаттанды, бір бағыттағы кәдеуілгі мақтау ақын
шығармашылығын тану болып табылмайтыны белгілі.
Сонау XX ғасыр 20-30 жылда қазақ зерттеушілер Сәбит Дөнентаев туралы
қилы пікір айтып, өзіндік ой қорытқанда М. Әуезов Сәбитті көркем
әдебиеттің көрнекті өкілдеріне балап, өлеңдері ойшылдыққа бейім деп
таныса (3,148), Сәбит Мұқанов керісінше оны ұлтшыл ақын (4,236) деп
білді. Әрқайсы өзіндік пікірінде қалды.
Сәбит Дөнентаев туралы іргелі зерттеу жазған Балташ Ысқақов
Сәбитті бұқарашыл ақын деп танып (5,72) оның шығармашылық болмысына терең
бойлай алды.
Ал енді бүгінгі күнде Сәбит Дөнентаев шығармашылығына өзгеше
көзбен қарап, оның ақындық табиғатын тереңдей ашуға ден қойып
отырмыз. Әсіресе, ақынның 100 жылдық, 110 жылдық мерейтойлары тұсында бұған
аса қатты көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде Сәбит Дөнентаев ақындығының тың
беттері ашылды деп білеміз. Сәбиттануды жаңа белесі жаңадан шығып жатқан
он томдық қазақ әдебиетінің 5- томындағы XX ғасыр басындағы қазақ
әдебиеті тарихына арналған Сәбит Дөнентаев шығармашылығы туралы жазған
ұстазымыз Т. Кәкішұлы жазған тарау деп білеміз. Онда тың ойлар
жетерлік.
Міне, осынау шығармашылығы сан түрлі пікірге арқау болған ақын
туралы жазу бізге оңай түспегені белгілі. Осы кісінің шығармашылығы
туралы өзіндік ой- пікірімізді білдіріп, бітіру жұмысын жазуға ниет
еттік.
Жұмыстың өзектілігін әлі де болса шығармашылығы толыққанды зерттелмей
келе жатқан ақынды жете тануға сәлде болса үлес қосу талабы оның ақындық
болмысын ашуға, өзіндік ерекшелігін ашуға ұмтылған талпынысымызды
танытады. Ал жаңашылдығы - ақын шығармашылығына бүгінгі көзқарас,
байыптаулар тұрғысынан көз жіберу деп білеміз.
Бітіру жұмысы екі тараудан кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Жұмыстың
негізгі бөлімі болып табылатын екі тараудың алғашқысын Ақын
поэзиясындағы ағартушылық арна деп атап онда ақын ғұмырнамасын ағартушылық
пен бірлікте алып қарастырдық. Ақын шығармашылығындағы ағартушылық ойдың
өрісіне көз салдық. Ағартушылық идеяның негізін ашуға тырыстық.
Ал жұмыстың екінші тарауы Ақындық шеберлік айшықтары деп атап, Сәбит
Дөнентаев поэзиясынан өзіндік ерекшелігін, ақындық шеберлік белгілерін
талдауға ұмтылдық.
Кезінде XX ғасыр басындағы ақын - жазушыларды ұлтшыл- буржуазияшыл,
діни- клерикальды, ағартушы - демократ деп бөліп, кейіннен ағартушы,
ағартушы- демократтар деп бөлген едік. Бүгінгі әдеби көзқараста ғалым Дихан
Қамзабекұлы ұстанған XX ғасыр басында негізгі ағартушылық болды деген
пікірі (6,67) біздің ойымызда жақын. Ал енді осы ағартушылық ағымда
Сәбит Дөнентаевтың орны ерекше-ақ. Ендеше, біздің мақсатымыздың бастысы
- Сәбит шығармашылығындағы ақындық ағартушылықтың орнын айқындау.

І тарау

Ақын поэзиясындағы ағартушылық арна.
Сәбит Дөнентаев 1894 жылы Семей губерниясы, Павлодар уезі,
Ақсу болсында (қазіргі Павлодар облысы Ермак ауданында) кедей
шаруашысының отбасында туған. Сәбит 1907 жылы Маралды ауданындағы
Жалеладин ұзтаздың төте оқу жүйесіндегі татар медресесіне түседі. Мұнда
ол Торицкіден келген Нұрғали молдадан жаңаша (жәдетше) оқып
әжептәүір білім алады. Біраз дайындығы бар ол енді Павлодар қаласының
маңындағы Құлабай- Қыпшақ ауылына барып Қасымқажы Ертісбайұлының
медресесіне түседі. Мұнда да сабақ жаңаша және көбінесе татар тілінде
жүргізіледі, бірақ Нұрғалидің оқытқанына қарағанда пән жүйесі басым
болады: жаратылыстану, география, тарих, есеп, әдебиеттік оқу сабақтары
жүреді. Сәбит бұлармен ғана тынбайды, қолы бос уақытында Павлодар қаласына
барып Сәния Ертісбаеваның көмегімен ақысын төлеп, орысша да оқиды.

Сәбиттің білімге, ақындық өнерге беріле кірісуі осы медреседегі
кезінен (1909-1912) басталады. Ол әртүрлі әдебит кітаптарды, татар, қазақ
тіліндегі газет - журналдарды, Абай мен Ғ. Тоқайдың
шығармаларын,
И.А. Крыловтың мысал өлеңдерін, қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері
мен шығыс әдебиетінің аударма нұсқаларын көп оқиды. Бірте - бірте өзінің
де эстетикалық талғамы қалыптасып, өлең жазуға машықтана бастайды.
(Жолдыбай - асқан тентек құдай атқан, Қаламға т.б.). Ақыры ол
медресені бітіргенде әкесінің ойлағанындай діндар молда болмай,
ақындық өнері бар жаңашыл мұғалім, ағартушы ұстаз болып
шығады.
Сәбит Дөнентаев 1913-1916 жылдары Павлодар уезінің Ұрық болысы
мектебінде сабақ береді. Газет - журналдар, көркем шығармалар оқумен
бұрыңғысынан да мол шұғылданады. Жазғы демалыс кездерінде Омбы Павлодар
қалаларының төңірегіндегі елдерді аралайды.Бұл ізденістер ақынның ел
өмірімен жете танысуына, суреткерлік қорын молайта түсуіне, сөйтіп,
Заман кімдікі, Қайтіп қарғыс алмайсың, Балалық, Жәмила қыз,
Бозторғай, У жеген қасқырға сияқты бірнеше реалисті өлеңдер жазуына
жағдай жасайды.
Сәбит Дөнентаевтың саяси сатиралық лирикамен шұғылдануына
С. Торайғыровтың да көп көмегі тиеді. Ол өзінің Айқап журналына
орналасқанын жерлес досына кешікпей- ақ хабарлайды. С. Дөнентаев оған
Қиялым атты өлеңін жібереді, С.Торайғыров өлеңді журналдың 1913 жылғы
22 - 23 сандарында бастырып шығарады. 1914 жылы Айқапта
С. Дөнетаевтың Биік тау (№12), Заман біздікі (№13), Қазақтарға қарап
(№20), Бабалықты сағыну(№21) атты өлеңдері мен Жөнімен өкпелеу керек
(№11) дейтін мақаласы жарияланады. Бұл шығармаларынан ақынның ағартушылық
бағыты айқын аңғарылады.
Кейіннен ол Қазақ газетіне ат салысады.Оның Әр жан әр түрде
(1914,№80), Ұлтшылға (1915,№93), Жанға (1915,№103), Жаз (1915,№122),
Тотыға (1915,№152) секілді сатиралық өлеңдері Қазақ газетінде
жарияланады. Бұл ақын шығармашылығына жаңа белес еді. 1915 жылы
Уақ - түйек атты тұңғыш жинағы жарық көреді.
Сөйтіп,
С. Дөнентаев 1914-1915 жылдары өзінде қаламы төселген, беталысы
айқындалған көрнекті ағартушы ақын ретінде танылады.
Суреткерлік өнері толысып, ақындық шабыты әбден кемелденген ең
бір жемісті шағында патша өкіметінің 1916 жылғы маусым жарлығы
килігеді. Сәбит Дөнетаев та дүние жүзілік бірінші соғыстың майдан
жұмысына ілігеді. Ақын Рига қаласы төңірегіндегі қара жұмыста
болады.
Ресейдегі ақпан революциясы болып, уақытша үкімет орнаған
кезде С.Дөнентаев майданнан елге қайтады да, онда көп аялдамай, май
айында Семей қаласына келеді. Бұл тұста қазақтың Алашшыл оқығандары
Семей қаласында өздерінің Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін құрып
жатқан- ды. Ақпан революциясын азаттық туды деп бағалаған ақын
сол үлкен дүрбелең кезінде Алашорда үкіметі ашқан мұғалімдер дайындайтын
үш айлық курсқа түсіп оқиды, кейінірек Сарыарқа газетінде экспедитор
болып Адаспаспыз, Сарыарқа анамызға атты өлеңдерін бастырып шығарады.
С. Дөнентаев 1919 жылдың басында еліне қайтіп келеді. Елде біраз уақыт
халық ағарту жұмысымен айналысады.
1920 жылдың басында Сібірде, Семей мен Павлодар аймақтарында кеңес
үкіметі орнайды. С.Дөнентаев асқан қуанышпен Павлодар қаласына барады.
Уездік ревком оған Ақсу болысында сот болуды ұсынады. Содан ол 1922 жылға
дейін ел ішінде сот ағасы қызметін атқарып ескі әділетсіздіктермен
күреседі. Кеңес үкіметінің платформасын насихаттайды. Ел ішіндегі саяси-
әлеуметтік істерден қолы босамаған ақын өлең жазуды қойып кетеді. Анда-
санда белгілі бір жағдайларға байланысты жазған шығармаларын әр жерде
қалдырып қояды.
С.Дөнентаев 1924 жылдың басында Губерниялық Қазақ тілі газеті
редакциясының шақыруы бойынша Семейге барып, сонда қызметке орналасады.
Газеттің бұл кездегі жайы туралы ақынның жерлес досы
С. Машақов былай дейді: Қазақ тілі газеті осы күнгі Семей, Павлодар
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының көлеміне тарайтын еді. Бұл
айтылған жерлерде қазақ тілінде шығатын өзге газет жоқ еді. Сондықтан
Қазақ тіліне күніне ондаған хат түсетін... Редакцияда ол кезде екі-
үш адам қызмет істейтін. Оның бірі - хатшы, екіншісі- аудармашы немесе
әдебиетші, үшіншісі - ауыл шаруашылық, ағарту бөлімінің бастығы.
Сәбитке тиістісі ауыл шаруашылығы, әдебиет, өлең, мәдениет және
әйелдер тұрмысы болатын (7).
Ақынның газеттегі жұмысының қандайлық жауапты, қаншалық ауыр болғаны
осыдан - ақ аңғарылады.
Редакция қызметінің қиындығына қарамастан, С. Дөнентаев мұның үстіне
тағы да шығармашылық жұмыспен шұғылданады: біраз саябырлатып алған
машықты ісін қайта қолға алады. Ол осы тұста көптеген өлең, әңгіме,
Жанәлин, Бегімбет, Азалы, Жетім, Бегендік, Еңбекшіл, С. Д.,
Жанас деген лақап аттарымен ондаған мақала, фельетондар жазады. С.
Дөнентаев осылайша алты жыл ұдайы Қазақ тілі газетінде қызмет істейді.
С.Дөнентаев газетте қызмет атқарып жүрген кездерінде Семейдегі
Қазақстанды зерттеу қоғамы мен Қазақтың пролетариат- шаруа жазушылары
ұйымының бөлімшесіне мүше болып, олардың да күнделікті жұмысына белсене
араласып отырады. Ақыры денсаулығы нашарлап, 1930 жылдың май айында
туған еліне қайтады. Сол жылдың күзінде Бесқарағай ауданының
орталығы Беген дейтін жерде мұғалім болады. Бірақ 1932 жылдың
көктемінде Қызыл дала (бұрынғы Қазақ тілі) газетінің редакциясына
қайта шақыртып алады. Сол кезде ақын: Енді ширайтын кез келді.
Денсаулықты біраз түзеп алып, өндіріске жуық, сонымен қатысы бар жерде
тұрып, белсене жұмыс істесем деген ойым бар (8,73), - деген екен.
Бірақ ақынның мұндай ірі іске мүмкіндігі болмайды: ескі
безгегі мен көкірек ауруы меңдей түседі де, 1932 жылдың қазан айынан
бастап төсек тартып жатып, меңдеп алған ауруынан айыға алмай, 1933 жылы
23 мамырда Семей қаласында қайтыс болады.Сәбит Дөнентаев ақындығына
сипаттама беру үшін ең алдымен оның шығармашылық қызметінің
кездерін айқындап алу қажет.
Сәбит Дөнентаев шығармашылық мерзімі жағынан да, мазмұн бағыты
жағынан да әр түрлі кезеңдер бойынша зерттеліп келді.
Е. Ысмайылов: Сәбит Дөнентаевтың ақындық шығармашылық қызметі екі
дәуірге бөлінеді: алғашқы дәуірі негізінен революцияға дейінгі, яғни
1912-1918 жылдар арасы (9,90), - десе, Б.Кенжебаев: Сәбит Дөнентаевтың
жазушылық қызметінің үш кезеңі бар...
1) 1913-1917 жылдар - ақынның демократ - ағартушы бағытта өлең, мақала
жазып жүрген дәуірі;
2)1917-1920 жылдар -ақынның буржуазияшыл- ұлтшыл бағытта,
алашордашылар ықпалында болып, сол бағытта өлеңдер жазған кезі;

3) 1924-1933 жылдар - ақынның Кеңес өкіметіне, кеңестік идеяға
көшкен, кеңес шындығын жырлаған дәуірі (10,232), - деп
тұжырымдайды.
Уақыт жағынан алып қарағанда, Е.Ысмайылов 1913жылы Айқап журналында
(№22-23) жарияланған Қиялым өлеңінен бұрын да С.Дөнентаевтың
шығармашылық жұмыспен айналысқанына сүйенеді. Бұл дұрыс. Бірақ ақын
шығамашылығының екінші дәуірін 1918 жылдан бастау алады деп дәлелдеуі
керек еді. Мақаланың авторы Сәбитпен бірге істес болған адамдарың
ауызекі сөздеріне және С. Дөнентаевтың 1924 жылы Қазақ тілі газетінде
жарияланған көптеген өлеңдеріне сүйеніп, Сәбит сол 1919 жылдардан
бері әр мезгіл үзбей жазып отырыпты, - деген тоқтамға келді.
Ал Б. Кенжебаев С. Дөнентаевтың шығармашылық қызметін кезеңге
бөлуде көбіне ақынның өмірбаянына сүйенген: ақын 1917 жылға дейін
елде, майдан жұмысында болады, сондықтан Б.Кенжебаев оның 1917 жылға
дейінгі шығармаларын бір дәуірге - қалтқы - қатесі жоқ таза дәуірге
топтастырады. С. Дөнентаев 1917-1919 жылдары ұлтшыл- буржуазияшылдар
ықпалына беріліп, әрі- беріде жүреді. 1920 жылы Семей, Павлодар
жағында Кеңес өкіметі орнағанда, ақын бірден кеңес қызметкері
болады, сондықтан Б. Кенжебаев, С.Дөнентаевтың 1920 жылға дейінгі
өмірін бір шығармашылық кезеңге, яғни жаңылыспен басқан бөгде
бағыттағы кезеңге жатқызады. Әрине, Б.Кенжебаевтың Дөнентаев
шығармашылығының үшінші кезеңі 1924 жылдан бастауы әбден орынды. Демек,
негізгі мәселе ақын шығармашылығының Б.Кенжебаев тағайындап отырған
бірінші, екінші кезеңдері туралы болмақшы.
Ең алдымен, С. Дөнентаев шығармашылығының бірінші кезеңі 1917 жылмен
шектеу дұрыс емес. Себебі ақын ақпан революциясынан, Қазан революциясынан
кейін де бұрынғы ағартушылық бағытын жалғастыра берді.Сол тұстағы Алашшыл
газет- журналдарда жарияланған Қаулы, Абайға, Кәрі батырға тәрізді
өлеңдерінің өзінде бұрынғысынша патриархалды- феодалдық ескілікке қарсы
шығып қатты сынады. Сондай-ақ, ақпан ревлоюциясы кезінде жазылған Кіді
досқа, Кемшілікте Бостандық өлеңдерінде де ағартушылық басым.
Ендеше,С.Дөнентаев шығармашылығының бірінші кезеңін Е. Ысайыловша 1912-
1918 жылдар арасы деп белгілеген дұрыс.
Б.Кенжебаевтың 1917-1920 жылдарды ақынның буржуазияшыл- ұлтшыл
бағытта, алашордашылар ықпалында болып, сол бағыттағы өлеңдер жазған
кезіне жатқызуы да көркем шығармашылыққа қойылатын саяси- әлеуметтік,
әдеби - эстетикалық талаптарға сай келмейді. Себебі, біріншіден,
С.Дөнентаев 1919-1923 жылдары шығармашылық жұмыспен айналыспаған, олай
болса, бұл жылдарды ақынның шығармашылық кезеңіне қосып, арнайы көрсету
шындыққа жанаспайды. Екіншіден, Б. КенжебаевтыңҚазан кезінде Сәбит
буржуазилық -ұлтшыл бағытта Адаспаспыз, Сарыарқа, Анамызға,
Айналдырған құдайым-ай деген өлеңдер жазды деген тұжырымы да уақыт
жағынан дәл емес. Анығында, С.Дөнентаевтың бөл өлеңдері ақпан революциясы
тұсында жазылған. Үшіншіден, ақынның өзі реакцияшыл топтың төңірегінде
жүргенімен, идеясы халық жағында болғандығын жоғарыда аталған өлеңдерімен
қатар Абай журналының 1918 жылғы 1-3 сандарында жарияланған Қазақ
әйелдері туралы, Жазушыларға атты мақалалары да дәлелдеп бере алады.
Мұны Б. Кенжебаевтың өзі де: Сәбит буржуазияшыл-ұлтшыл бағытта,
алашордашылар ықпалында жүрген кезінде басқа кейбір ұлтшыл ақын- жазушылар
сияқты кеңес үкіметін, большевиктерді жамандап, оларға қарсы өлең жазып,
үгіт жүргізген жоқ. Қайта алашордашылардың... көпірмелі көп сөзділіктерін,
жалған бұқарашылдығын сықақ етіп жүрді(11,210) - дейді. Ендеше, С.
Дөнентаев шығармашылығында Б. Кенжебаев көрсеткен 1917-1920 жылдардағы
дербес кезең жоқ.
1965 жылы шыққан қазақ әдебиеті тарихының үш томдығының екінші томының
екінші кітабында С. Дөнентаев шығармашылығы екі дәуірге бөлінген:біріншісі
-демократтық -ағартушылық бағыттағы дәуірі (1912-1918), екіншісі -кеңестік
шындықты жырлаған, соны насихаттаған дәуірі)1924-1933) (12,452). Ақын,
жоғарыда көрсетілгендей, 1919-1923 жылдары шығармашылық жұмыспен
айналыспаған.Сәбит Дөнентаевтың қазан төңкерісіне шығармаларының негізгі
және өзекті тақырыбы -әлеуметтік теңсіздік. Қазақ халқына монархиялық патша
билеген Ресейдің отаршылдық қысымы аса осы бір мүшкіл хәлді Менің жайым
атты өлеңінде өз атынан төмендегіше баяндап береді:
Кез келіп арыстанның арбауына,
Тап болдым қу түлкінің алдауына...
Тұншығып әлім бітті, есім шықты,
Бұрқылдақ жердің кез боп шаңдауына.
От салып біреуі әкеп, бірі үрлеп тұр,
Кім менің су құймақшы жанбауы ма?(13,72)
Ақын біреуі от әкеп сап, біреуі үрлеп тұрған күшті мен азулар,
тырнақты мен тістілер заманына наразы. Ол өзінің тәрізді саяси- әлеуметтік
лирикаларында заман шындығын, халық наразылығын тап басып бейнелеумен
қатар, орыстың классикалық әдебиетіндегі, сондай -ақ Абай Құнанбаев,
Ғабдолла Тоқай, Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығындағы сыншыл реализм
дәстүрлерін меңгере дамыта түсу арқылы ағартушылықпен қатар демократтық
көзқарастарын да айқын аңғартады. Бұл ретте ақынның Заман кімдікі
лирикасын айрықша атап көрсетуге болады:
Бұл заман байқағанға күштінікі,
Азулы, тырнақты мен тістінікі...
Жуас қой ел жайлаған қасқырдікі,
Құл еркі қожайыны- тақсырдікі...
Жаным хақ, қара басым -патшанікі.
Абырой, кісілігім-ақшанікі.
Билігім, жиған малым, сөйлер сөзім
Ашулы, жұдырығы зор саспанікі.
Ақынның революцияға дейінгі шығармаларында Қазағым, ісің оңбас
бірікпей қосың, Біздерде жігер, намыс бар ма қазақ?, Қазекем, өз
нәпсіңмен кәсіп бақ, Қазақтыққа берсін Алла амандық, Ұлт ісімен
ойнама, Қамалған қараңғыда, қалың қазақ, Қашан кетер біздің елден
балалық?! деген сияқты арнау -риторикалық көп кездеседі. Мұның мәнісі
мынада: XIX ғасырдың орта шенінен былай қарай қазақ қоғамы патриархалды
-феодалдық тұрмыс қалпынан капиталистік даму жолына түсті, ұлттық, жалпы
халықтық ояну кезеңі туды. Әсіресе, 1905 жылғы буржуазиялық -демократтық
орыс революциясы толқынымен Ресей патшалығының отаршылдық езгісіндегі
бұратана деп аталған халықтар ұлт бостандығы қозғалысына белсене
араласты.Қазақ зиялылары шын мәніндегі жалпы халықтық бостандықты талап
етті.Солардың бірі-Сәбит Дөнентаев өзін елдің, халықтың жанашыр жақыны
санайды. Оның түсінігінше, бостандық, теңдік жолындағы күресте әрбір
қайраткер, әрбір өнер иесі ылғи да халық жағында болуға тиіс, бұл елін шын
сүйген адал азаматтың абзал мұраты:
Еңбек кетпес далаға,
Жығылғынын демей бер.
Тарт қолынан, ет жәрдем,
Оттан шықсын күйгендер...
Бұл сөздерді тек көрмес,
Қазағын шын сүйгендер.
Ақын өзінің бұл идеясын Уай, жаным! лирикасында дамыта түседі:
Отқа күй, оққа байлан, адалды тап,
Киген тәж, мінген тағың болсын сол-ақ,
Күннің бұл, іс ететін орның -осы,
Мұнда бақ, мұнда дәулет, мұнда зор ат.
Оптимистік асқақ үн ақынның Талап, Соңғы сөз, Қиялым, Үміт
тәрізді өлеңдерінде де сол кездегі әлеуметтік жағдайларға байланысты
қайталанып отырады. Ақын бірде: Жалғызбын, жарлымын деп қорғылама, Пайда
бермес тартыншақтық, алаңдық деп қалың бұқараны өрге бастаса, бірде
тарлан үмітке қол артып, халықты әділетсіздікке қарсы қайрап салады.
Сөйтіп, ол халықты азат ету мақсатын алға қояды.
Алайда, С. Дөнентаев поэзиясында азатшыл, күрескерлік жалын тапшы,
басқа ақын- жазушылар шығармашылығындағы сияқты Дөнентаев
шығармашылығында да мәдениетке, білімге, бірлікке үндеу ағартушы сарыны
басым.
Бұның бірнеше себебі бар. Ең алдымен, С. Дөнентаев өзінен бұрыңғы
Ш. Уәлиханов, Ы Алтынсарин, А. Құнанбаев шығармашылығындағы қанаттанған
қазақ мәдениеті тарихындағы ағартушылық идеяны одан әрі жалғастырушылардың
бірі болды, яғни оның халықты мәдениетке, білімге үндеуі жалпы халықтық,
ағартушылық идеядан туған. Оның Абай, Ыбырай өлеңдерімен сарындас болып
келетін Замандастар, Жастыққа, Жұмыскердің өкініші, Соңғы сөз,
қазақтың білгендеріне тәрізді шығармалары бізді осындай тұжырым жасауға
жетектейді.
Тағы бір дәлел -егер ақынның бүкіл шығармашылығын тұтас алсақ, оның
оқу- білім тақырыбына жазған өлеңдерінен саяси -әлеуметтік тақырыпқа жазған
өлеңдері әлде қайда көп. Дөнентаев саяси сатираларында көне тәртіптің тарих
сахнасынан таюын тілейді. Бұған ақын шығармаларындағы жас мырза
(Жұмыскердің өкініші), Бекіш (Жәмила қыз), феодалдық- рушылдық,
әмеңгерлік салтты өз мақсатына пайдаланған бай (Өгей ұл) сияқты көптеген
жағымсыз образдар дәлел. Демек, С.Дөнентаев ұсақ буржуазияшыл дидактиканы
ұстанбаған, ол -өзінен бұрынғы қазақ, татар, орыс әдебиетіндегі демократтық-
ағартушылық идеяны одан әрі дамыта түскен ақын.
Сондай ақ ақын қазақ халқын бірлікке, ынтымаққа шақырғанда, қазақ
даласындағы әлеуметтік жік барлығын жоққа шығармайды, үстем тап өкілдерін,
аяусыз әшкерлеп отырады. Ақынның тұспалды бейнелерінде бай - болыстар
өлексе жейтін қара қарға (Әр жан әр түрде), балтырдан қабатын төбет (Көк
төбетке), адамның қанын соратын бүрге (Бит пен бүрге), момын құстардың
етін жеп күн көретін жыртқыш құс (Бозторғай), құлқыны құрыған қасқыр (У
жеген қасқырға), жемқор жалмауыз (Ескі болыстың тәубесі) іспетті. Ол
Қайтіп қарғыс алмайсың!, Ұлтшылға, Қаулы атты саяси лирикаларында
қазақтың өз қамын ғана ойлаған оқығандарын да өлтіре сынайды.
Өзіңнің қайда жүрсең қарныңды ойлап,
Ұялмай жұрттың қамын жедім дейсің.
Орнына өз ақылың келе алмаса,
Дірілдеп қалшылдайсың, безілдейсің,- дейді ол Ұлтшылға атты
өлеңінде.
С. Дөнентаев 1916 жыл оқиғасын, майдан жұмысына алынған қазақ
жігіттерінің ауыр халін суреттейтін Екібаста, Қайран атам лирикаларында
патшаның маусым жарлығын, майдан жұмысына кілең жарлы балаларының
жөнелтілгендердің бірі болған ақын майдан жұмысында жүрген кезінде жазған
Қайран атам атты көңіл күйі лирикасында былай дейді:
Тағдыр байлап, тырп еткізбей таңып тұр,
Жан -жағынан жеті тамұқ жанып тұр.
Жебірейіл жер тамырын созғандай,
Түстік сапар жылдық жолға қалып тұр.
С. Дөнентаев ақпан революциясына арнап, жазған Бостандық өлеңінің
өзінде де патшаның айдарға теңеп, құлдық өмірге қарсы шығады:
Ғаламға аузын ашқан айдаһардың
Мерт болып, мақсатының өлген күні...
Бостандық өмір сүріп, өшсін құлдық!-
Деп жұрттың мойнын созып төнген күні.
Демек, С. Дөнентаев ұлттық мүддені таптық көзқарас тұрғысынан қарай
алмаған ұсақ буржуазияшыл ақын емес, ол -ұлт бірлігін бұқара бірлігі
тұрғысынан түсінген демократ ақын.
С.Дөнентаев революцияға дейін негізінен сыншыл- сықақшыл (сатирик)
ақын болды, Салтыков -Щедриннің, Абайдың, Ғ. Тоқайдың реалистік дәстүрлерін
өнеге тұтты, ал сатира -өзінің табиғатында халықтық жанр екенін
мәлім(14,154)- дейді әдебиетші ғалым Ә. Дербісәлин. Ақын өмір жүгін арқалап
келе жатқан халық рахат тұрмыс құруға кеселін тигізген кесеапат зұлматтарды
әр заман ащы сөзбен ашына мұқатып, аяусыз әшкерлеп отырған. Бұл дәстүр -
жазба сатираның да өзекті тамыры. Мәселен, XX ғасыр басныдағы қазақ жазба
сатирасын халықтық мақсаттарға, еңбекшілердің кимыл- қозғалыстарына кесе-
көлденең келген сан қилы зұлматты, әлеуметтік теңсіздіктерді мансұқ етті.
С. Дөнентаевтың революцияға дейінгі дәуірде көбінесе сатиралық шығармалар
жазумен шұғылдануының өзі -ақ оның ағартушы ақын болғандығын дәлелдей
алады.
С. Дөнентаевтың сатиралық шығармаларын жанрлық ерекшеліктері жағынан
үш топқа бөлуге болады. 1) сатиралық өлең- Қаулы, Өгей ұл, Жәмила
қыз, Ескі болыстың тәубесі; 2) Юмор - Жұмыскердің өкініші, Атамыз бен
өзіміз Көркем қызға, Кәрі батырға: 3) мысал өлеңдер.
Ақынның сатиралық өлеңдері қазақ қоғамындағы келеңсіздіктерді аяусыз
әшкерлеген саяси сатира болып, көбінше ашық пікір мен өткір кекесінге
құрылады. Ескі болыстың тәубесі атты шағын ғана өлеңде халықтың аузын
аштырмай, әбден тұншықтырып, қысып ұстауы бірнеше жыл ел билеп келген жебір
болыс өзінің осы ісіне мақтанып, тәубе қылады:
Ел биледім неше жыл,
Бергеніңе мың шүкір,
Қылдым тәубе-ай, сұбықан!
Жемқор болыс, жалмауыз!-
Деген сөзді бірауыз
Естіген жоқ халықтан.
Басқа пәле тілден ғой,
Оны халық білген ғой
Автор жемқор, жалмауыз болысты оның өз сөзімен Абайша әшкерлесе де,
бұл болыс Абай әшкерлеген болыстардан өзгешелеу: Абай сынаған болыстар елін
мығымдап ұстай алмаса, мына болыс халықтың үнін шығармай тастайды. Яғни, С.
Дөнентаев шығармаларындағы болыстар - кейінгі заманадағы, мемлдекет заңы
қаталдана түскен тұстағы болыстар.
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде әйелдің бас бостандығын талап ету
тақырыбы айрықша жырланады.Бұл әлеуметтік теңсіздікпен күрестің бір
белгісі, ағартушылық идеяның үлкен бір саласы еді. Бүкіл қазақ әдебиеті
тарихында тұңғыш рет көрінген көркем әңгіме, повесть, роман іспетті
реалистік жанрлар осы әйел теңдігі тақырыбына байланысты туды. Проза
саласында Әкрам Ғалимовтың Бишара қыз, Спандияр Көбеевтің Қалың мал,
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Қамар Сұлу, Бейімбет Майлиннің Шұғаның
белгісі жазылған кезде поэзияда да әйел теңдігі тақырыбына арналған
сюжетті шығармалар көп көрінді. Солардың бірі -С. Дөнентаевтың Жәмила қыз
атты сатиралық өлеңі.
Мұндағы ең жағымсыз кейіпкер - Төкіш. Оқиғаның бәрі соның төңірегінен
өрбиді. Бұған қарағанда, автор шығармасының тақырыбы (атын) Төкішке
байланысты қойса керек еді, бірақ өйтпеген, - Жәмила қыз деп қойған,
себебі оның негізгі эсетикалық идеялы - қалың мал құрбандығы болған Жәмила
сияқты жас қыздарды азат ету.
Шығармада Жәмила азаттық ала алмайды:патриархалды феодалдық қоғам
жағдайында ол мүмкін емес. Жәмила қыздың реалистік қасиеті де осында.
Әлеуметтік тұрмыстың барлық беталысын байлық шешкен сол қоғамда орташа
шаруасы бар, баюға бейім тұрған Бекіштің өзі мал құмар Төкішке тіпті
жексұрын көрінеді:
Жүзге малы толмаған,
Жексұрын ғой оңбаған.
Осы себепті ұрын келген, бұрын келген Бекішке Төкіш Жәмиланы
бермейді. Сөйтіп жүргенде:
Сақалының ағы бар,
Маңдайының бағы бар
Берден дейтін шал келді.
Оның аты Берден ғой,
Құдай оған берген ғой,
Жәмилаға дәл келді.
Ақынның сатиралық, породиялық стиліндегі кекесін нәші бойынша және
Жәмиланың әкесі Төкіштің сараң, малқұмар тілегі бойынша дәл келгенімен,
алпыстағы Берден бүлдіршіндей Жәмилаға сай келіп тұрған жоқ. Сондықтан да
автор өлең сюжетінің екінші эпизодын: Әлдекімді сор соқты, - деп
аяқтайды. Әлбетте, екі арада шыбын өлгендей болған сорлы жан - Жәмила:
Жәмиласы зарлап жүр,
Көзден жасы парлап жүр,
Кім тиді екен сорлыға?!
Жақтырмаған апасы.
Түк білмейсің шатасып!-
Деп әкесі болды ма.
Шайтан алсын, шал алсын,
Төкең байғұс мал алсын.
Сатиралық өлең осы шумақпен аяқталды. Мұның өзі шығарманың бүкіл
түйіні, шығармадағы барлық кейіпкерлер әрекетінің соңғы нәтижесі сияқты:
көзінің қарашығындай жалғыз қызын махаббатсыз қорлыққа қиғысы келмейтін
дәрменсіз ана, жас өмірін өлі тәнге телігісі келмеген, жастықтың қадір-
қасиетін адамгершілік тұрғыдан түсінетін әлсіз қыз, сайтан болса да малды
болса, өз ұрпағын соған сатып жіберетін Төкіш сияқты сараңдар, малы мен
байлығы арқылы дүниені сайтанша сиқырлаған Бердендер осы соңғы шумақта
түйдектеле келіп тоғысқан. Бұл беттесу С. Дөнентаев шығармаларының қысқа
сюжетке құрылатын көркемдік ерекшелігін танытады.
С. Дөнентаев шығармашылығында юмор да ерекше орын алады. Ақынның
Жұмыскердің өкініші атты юморлық өлеңі кәдуілгі жұмыскер өмірін
суреттемейді, мұнда өзінің байлығын капиталистік қаланың тонағыш сән-
салтанатына жұмсаған қазақ буржуазиясының дағдарысы, кризисі
суреттеледі.Білімісіз бай баласы оқығандар қатарына қосыламын деп
капиталистік қаланың шашып – төкпе тұрмыссалттарын орындаумен болады. Бірақ
мұның бәрі білім күшімен емес, ақша күшімен болып жатады. Ақырында ол әбден
кедейленіп, Жауыр атқа ұқсап қалады. Дүниенің байлығы білімде, ақшаға
сүйенген соңғы, жаңа қазақы байлық өмірге тірек бола алмайды дейтін
идея шығарманың негізгі түйіні ретінде көрінеді.Шығармадағы әзіл –
мысқылдардың бәрі де осы идеяға бағындырылған
С. Дөнентаевтың қазан төңкерісіне дейінгі сатиралық шығармаларының
дені - мысал өлеңдер.
Ақын өзінің неліктен осы жанрға үйір болғандығы туралы Бұлбұлға
(1914) мысалында былай дейді:
Зарланып көрмей дамыл не ай, не жыл,
Сондағы бар мұрадың -бір қызыл гүл.
Не гүл жоқ, не даусыңды тыңдаушы жоқ,
Бейнеті босқа кеткен сорлы бұлбұл.
Дабыл жеп ақырында қаршығадан,
Бұл күнде болып сақау қырқылған тіл (13,41).
Мұндағы бұлбұл -ақынның өзі, ал қаршыға - қанатын қайырған дұшпандары.
Егер ақын көкейіндегі наразылығын ашып айтса, дұшпандары қатты жазаламақ.
Сол себепті ол айтпағын тұспалмен, ишарамен жеткізуге мәжбүр болған. Бұл
тәсілді А. Байтұрсыновтың Кернелеу деп алғаны белгілі (15,121).
Пікір берік болу үшін тағы бір дәлел келтірейік: С. Дөнентаев
революцияға дейін жиырмадан астам мысал өлең жазады, ашық мағыналы
сатиралық шығармалары он шақты ғана. Ал кеңес дәуірінде үш- ақ мысал жазады
да, жиырмадан астам ашық мағыналы сатиралық өлеңдер мен фельетондар береді.

Сонымен, Дөнентаев сатирасының алғашқы кезеңдегі ең көлемді, ең
маңызды саласы - мысал өлең
С. Дөнентаевтың революцияға дейінгі мысал өлеңдерін екі топқа бөлуге
болады:
1)аударма мысалдары;
2) өзінің төл мысалдары
Ақын алғашқы суреткерлік ізденіс сапарында көбінесе Қалила мен
Димна, Данышпан Пилпай жинағы сияқты Индияның классикалық мысал,
новеллаларының орыс тіліндегі нұсқаларын аударды: Қожа, Ауырған
арыстан, Ұры мен баласы, Көзі тоймаған ит, Екі теке, Бит пен
бүрге, Бір көлдегі үш балық. Ал, жеке мысалдарынан С.Дөнентаев, Ғ.
Тоқайдың Рамазан айында Ібілістің шайтандарына айтатыны атты мысал
өлеңді аударған. Ақын Индияның мысал, новелларын өзінше өлеңмен, ал Ғ.
Тоқайдың мысалын сюжетін сақтай отырып еркін аударған: көпшілігінде қазақ
өміріне байланысты қорытынды берген. Мәселен, Рамазан айында Ібілістің
шайтандарына айтатыны мысалының соңында:
Демейік шайтанды да сүттей аппақ,
Әйтсе де бұлбұл туралы айтқаны хақ,
Шайтанның саған қылар зорлығы кем,
Қазекем, өз нәпсіңмен келісіп бақ,-
Десе, Ауырған арыстанда:
Қазақта қасқыр да көп, түлкі де көп
Алайда жіп тақпаймыз ешкімге дөп.
Сөз жүртіп, шағыстырған қасекеңдер
Түлкіге қалып жатыр күлкі де боп,-
деп тұжырымдайды.
Классикалық мысалдарды аудару немесе олардың сюжет желісінен ауысып-
түйісу – бүкіл әлем әдебиеті тарихында ертеден қалыптасқан дәстүр. Байырғы
заманда Калила мен Димнадағы аю мен жапандағы жалғыз адам әңгімесі шығыс
халықтары (араб, парсы т.б.) тіліне, XVIII ғасырда атақты мысалшы Лафонтен
француз тіліне, одан И.А.Крылов орыс тіліне (Пустынник и медведь), одан
Ы. Алтынсарин қазақ тіліне (Ақымақ дос) аударады. Бұлардың бәрінде дерлік
аудармашы авторлар түп нұсқаны өз халқының тұрмыстық, ұлттық
ерекшеліктеріне қарай бейімдеп, өзінше жаңғартып отырған. С. Дөнентаевта
өзінің аударма мысалдарында осы дәстүрді берік сақтап, ғасырлар бойы бірден-
бірге көшіп келе жатқан жалпы адам баласына ортақ ізгіліктерді уағыздайды,
оларды қазақ халқының тіршілік қалпына сай қиыстырады. Сондықтан да С.
Дөнентаевтың классикалық мысал үлгілерін қазақ тіліне аударудың өзі үлкен
шығармашылық еңбек болып табылады.
С. Дөнентаев мысал үлгілерін аудару жұмысымен шу деп қалам ұстаған
шағында айналысты, сол себепті оның аударма мысалдары, әсіресе көркемдік
қасиеті жағынан алып қарағанда, әлсіздеу, поэтикалық стилі ала-құла, тіл
кестесі құнарсыздау келіп, ақынның әлі де үйрену, шығармармашылық іздену
жолында жүргенін аңғартып отырады.
Ақын талантының шарықтап, шабыт шеберлігінің арта түскенін танытатыны-
Жан мен тән, Ерегіс, Көк төбетке, Сұңқар мен қарғалар, Түстегі
қарлығаш, Тотыға Жарық ағаш. Бұла тек Дөнентаевтың ғана емес, сонымен
қатар бүкіл демократтық қазақ жазба әдебиетінің алғашқы төл мысалдары.
С. Дөнентаевқа дейінгі қазақ жазба әдебиетінде пернелеумен суреттелген
кейіпкерлері қазақ даласы табиғатынан алынған, тұспал оқиғасы қазақ қоғамы
жағдайын танытатын төл мысалдар жоқтың қасы еді. Қазақ әдебиеті тариыхында
мысал шығармалар мен тұңғыш рет айналысқан Ы. Алтынсарин новеллалары, А.
Құнанбаев, А. Байтұрсынов, С. Торайғыров, С. Көбеев мысалдары, тіпті С.
Дөнентаев тұсындағы Б. Өтетілеуов, Ш. Иманбаева мысалдарының өзі де көбіне
аударма болатын. С. Дөнентаевтың төл мысалдары - бүкіл қазақ әдебиеті
тарихындағы жаңалық, қазақ поэзиясына қосылған соны үлес.
С. Дөнентаев мысалдарында, оның барша сатиралық шығармаларындағы
сияқты қазақ қоғамының ішкі - сыртқы әлсіздіктері, адамдар арасындағы
қолайсыз қарым- қатынастар пайымдалады. Ақын барлық жағдайда күштілерден
зорлық көрген момындар мен олардың қамқоршыларын есіркеп, үстем тап
өкілдеріне ел ішіндегі ала аяқ қуларға тіс қайрап отырады, оларды халықтың
жауы деп біледі:
Талай кәрі жорға жүр,
Ақаулы боп зорға жүр.
Іліне алмай дарысқа,
Кейбір жүйрік орда жүр.
Кейбір сұңқар тауды жүр.
Томағасы жауда жүр.
Дұшпандары аңдыған
Дұзақ құрып ауда жүр.
Кей тырналар көкте жүр,
Қиқу салып текте жүр.
Қара қарға қаңқылдап,
Өлексені жеп те жүр.
Ақын мысалдарының сюжеттік материалдары көбінесе өмірде кездескен
нақтылы оқиға - көріністер, аллегориялық кейіпкері халыққа қанық жаратылыс
заттары болып келеді. Мәселен, ақынның жерлес досы Ғ. Әміров өзінің
естелігінде Бозторғай өлеңінің жазылу тарихы жөнінде былай дейді:
Ертістің сол жақ бетіндегі Он шақырым алап деп аталатын тоғайлықты
ежелден қазақтар пайдаланып келген. Сол жерді патша үкіметі 1900 жылдары
Ертіс жиегінде отырған қазақ кулактарына тартып әперген. Сонда Семей
Павлодар, Омбы уездерінің қазақтары ел жерді қумақшы болып, 1907 жылы
Петербургте бес кісі уәкіл жібереді. Бірақ олар тек патшаның атына арыз
жазғаннан басқа ештеңе бітірмей, қайтып келіпті. Бозторғай өлеңі осы
жайында жазылған(16). Естеліктің авторы мұны 1922 жылы С. Дөнентаевтың өз
аузынан естігенін айтады. Сонымен қатар мұндай оқиғалардың болғанын тарихи
деректер де бекітеді. Сонда аталған мысал өлеңдегі бозторғай - халық өкілі,
құс патшасы бүркіт патшаның өзі болып шығады. Халық өкілі патшаға
аттанбастан бұрын жергілікті әкімнен (тұрымтайдан) көрген қорлық- зорлығын
айтып, саты- сатысымен одан гөрі жоғарлау орындардағы әкімдерге (қырғи,
қаршыға, лашын) шағым жасайды, бірақ бұлардың бәрі де өздерінің іс-
әрекеттері арқылы халықтың (бөдене, үйрек, қаз) қанын сорып, әлекке салып
жатқан жыртықыштар екенін танытады. Ақыры халық өкілі кейпінде берілген
бозторғай не істерін білмей, дел-сал күйде қалады:

Тапқаның бүркітті іздеп, таппағанын,
Шаққанын ішкі мұңын, шақпағанын-
Білмеймін, әлі күнге естігем жоқ,
Жатқанын жаны тыныш, жатпағанын,-
деп ақын ол заманда халыққа теңдік, тыныштық жоқ екендігін аңғартады.
Бозторғай мысалында автор оқиға мен кейіпкерлерін тұспалмен бүкпелеп
берсе- дағы, өзінің сол әділетсіз заманға, үстем тап өкілдеріне деген
ішқайнар ызасын ашық айтып отыралы: Тұруға сөз қайтарып заман бар ма!?,
бұлар ешкімге опа бермес - деп, солардан рахым күтіп жүрген бозторғайды
жазғыртады:
Тыңдаса бұл дауысты жақын келіп,
Әр жерде бір шүрегей жатыр өліп.
Бұлардың бәрін қырған бір қаршыға,
Мен мәңгі келіп жүрген бұған сеніп,-
дейді бозторғай ең соңында.
С. Дөнентаев ирония мен сарказмді осылайша шебер қолдана отырып, оны
кейде пародияға да ұластырады; бейнелеген оқиғаларымен аллегориялық
кейіпкерлері жайындағы өз ойын, топшылауларын шығарманың поэтикалық
мүсіндеу нақысы арқылы жатық қиыстырады. Бозторғай мысалында төре, сал,
бекзат, хан, құс патшасы сөздерін әдейі сұрыптап, астарлы кекесін, шенеу,
мұқату мағыналарында бере білу сияқты шеберліктер - оның ақындық өнерінің
үлкен бір қыры.
Астарлы сюжет пен аллегориялық кейіпкердің тасасындағы саяси
-әлеуметтік құбылыстарды тұспалмен бейнелеу тәсілі жағынан
С. Дөнентаевтың революцияға дейінгі мысал өлеңдерін бірнеше топқа бөлуге
болады.
1) Аллегорялық суреттемелерден белгілі бір қорытынды шығармай- ақ,
пікірін ашық айтып отыратын мысал өлеңдер: Бозторғай, У жеген қасқырға,
Әр жан әр түрде, Жан мен тән.
2) Ешқандай қорытынды берілмей, оқиғасы да кейіпкерлерлі де кілең
тұспалмен сипатталған лирикалық мысалдар: Бұлбұлға, Биік тау, Ерегіс,
Тотыға, Жарық ағаш. Бұл тектес мысалдарында ақын тұспалдан туатын
түйінді ойлап табуды оқушы жұртшылықтың үлесіне қалдырады.
3) Ешқандай ашық қорытынды берілмей, оның үстіне оқиғасы да,
кейіпкерлері де кілең тұспалмен бейнеленіп, бірақ онан шығатын негізгі
түйін мен мораль өз- өзінен белгілі болып тұратын дәстүрлі мысал өлеңдер:
Түстегі қарлығаш, Көк төбетке, Сұңқар мен қарғалар. Ақынның кеңес
дәуірінде жазған Жалдамалы сандуғаш, Шошқа мен саудагер, Бөшкенің
зары атты мысал өлеңдері де сыртқы түр ерекшелігі жағынан осы топқа
қосылады.
С.Дөнентаев мысалдарының көркемдік құрылысы оларда баяндалатын
оқиғалар мен сипатталатын құбылыстардың мән- мағынасына қарай осылайша
түрленіп, жаңғырып отырғанымен, ондағы ой түйіндері бірыңғай. Ақын
сатирасындағы абзал идеал- бостандық пен теңдік, әділдік пен адамгершілік,
еңбек пен әрекет. Н.А.Некрасов: Ақын өз заманының ақыны болумен қатар, сол
заман жайын терең сезіне білетін адам болуға тиіс,- дейді. Біз
С. Дөнентаевтың сатиралық шығармаларынан тап осындай терең тербеліс пен
дүниелік шындықты табамыз. Реалист ақынның іргелі қазынасы да осылар.
Әлбетте, сыншыл реализм мен сатира- өзінің табиғатында тел өскен әдбеи
құбылыс, С.Дөнентаев реализмінің әсіресе сатиралық шығармаларында жарқын
көрінуі сол себепті заңды да.
Жалпы алғанда Сәбит Дөнентаев өз поэзиясы арқылы қазақ ұлтына
ағартушылықтың, рухын септі. Өлеңдерінде болсын, мысалдарында болсын оның
көздеген мақсаты ел санасын ояту еді. Ендеше С. Дөнентаев поэзиясының алтын
тұғыры -ағартушылық десек еш қателеспейміз.

ІІ Тарау

Ақындық шеберлік айшықтары

Сәбит шығармашылығында оның бірсыпыра лирикалық өлеңдері көңіл күйін,
табиғат көрінісін суреттеуге арналған. Бірақ ақынның бұл тәрізді өлеңдері
ішкі сезім дүниесін қозғап, жүрек қылын тербететін нәзік сырлы лирикаға
құрылмай, салмақты ой, сабырлы ақыл айту түрінде жазылғандығы көрінеді.
Тегінде, Сәбиттің лирикалары сезімнен гөрі байсалды ойға, сабырлы түйінге
құрылған. Бұл -ақын лирикасының өзіне тән ерекшелігі. Мысалы: Балалықты
сағыну деген өлеңінде өзінің балалық шағын еске былай түсіреді:
Сен бардағы уақыттай
Еш нәрсеге қақтықпай,
Сұм жүрегім бір минут
Тұрар ма екен ағарып?(13,52)
дейді, өз заманында налыған ақын мұңға бөленеді. Бұдан ол тұрмыс
зардабын көрмеген күнәсіз, кіршіксіз таза балалық өмірінің өзі жақсы еді
деп толғанады.Жүрегіне қайғы дертін түсірген өмірге іштей күйінеді. Қайда
кеткен? атты өлеңінде де Сәбит мұң-шерге батып, қалың ойға шомады.
Тентек пен дүние толған мақұл қайда?
Досыңнан біреу де жоқ, дұспан сансыз,
Бәрі жат жан біткеннің, жақын қайда?
Қорқақтау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәбит Дөнентаев және балалар әдебиеті
Сәбит Дөнентаевтың шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Сәбит Дөнентаев (1894—1933) — қазақ ақыны
С. Дөнентаевтың ағартушылық, демократтық бағыттағы шығармалары
Сәбит Дөнентаевтың шығармаларын оқыту
С. Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы
Сәбит Дөнентаев өлеңдерінің құрылысы
Сәбит Дөнентаев. Өмірі мен шығармашылығы
Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
Пәндер