Оңтүстік Қазақстанның табиғаты мен тарихи-мәдени орындары: Сарыағаш минералды суларының емдік әлеуеті


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстіктің табиғаты, суы

Табиғаты

Қазақ елінің, қазақ жерінің қарыс-сүйеміне дейін қасиетті де сүйікті болмағының себебі белгілі. Асыл текті ата-бабаларымыз айтып кеткен. Қазақ баласына қазақ жерінің қай тұсы, қандай аймағы, нендей өңірі де етене, қымбат, киелі. Ұлтымыздың жыр сырбаздарының бірегейі Сырбай ақын бір сұхбатында өзінің онша шетелшіл еместігін, шет мемлекеттерге шықпағанын, шыққысы да келмейтінін, мүмкіндік туып жатса, қолайы түсіп жатса, қайран Қазақстанды асықпай араламаққа, табиғаты таңғажайып, түрлі-түрлі тұстарын тамашалап таңданбаққа құштарлығы молдығын меңзеген еді. Сол Сырбай Мәуленов ағамыз Шымкентке, Түркістанға, Отырарға, Созаққа, Кентауға, Шардараға, Сарыағашқа, Келеске келіңкірейтін. “Оңтүстіктің тарихи-мәдени орындарын бір кісідей білетін сияқтымын, ал табиғи тамашаларына, таулары мен бауларына, даласы мен құмына, шөлі мен шөлейтіне онша қанық емеспін”, дейтін.

Әдетте зиялы-зиятты қауым болсын, басқалар болсын, туған еліңіз, туған жеріңіз, өскен өлкеңіз, республикаңыз, атамекеніңіз хақында өзара әңгімелей келе: “Біз шынында да өзіміздің тауларымыз бен даламызды біле бермейміз-ау. Қит етсе, шекара асып, алыс-жақын шетелдерге шапқылап кете барамыз. Ал Қазақстанда көрмеген, қадіріне жетпеген жерлеріміз жетіп-артылады ғой . . . ” дейтіні бар. Өкінішке қарай, көбісі осылай айтады-дағы, артынша ұмытып кетеді. Сіз-дағы сөйтіп сөйлеп, солай айтып, алайда, атамекеніңіздің айшықты аймақтарын, өзгешелеу өңірлерін көрмекке, саяхат жасамаққа соншалықты мән бере қоймайсыз. Әуелден белгілі әуенге салыңқырап: “Осы жұрт Оңтүстікті біле ме екен?” деп отыруымыздың мәнісі де осыдан.

Сонау Созақтан басталық. Былайғы жұрт Созақты басқаша елестетер. Бірақ Бетпақдаланың өзі саяхаттаймын деген кісіге тарихи жағымен қатар табиғи тосындықтарымен талай қызықтарға толы. Мұнда дала да, құм да, сексеуіл мен жыңғыл да, кенет алдыңыздан шыға келетін қайнарлар мен құдықтар да басқаша. Шу бойының өзі неге тұрады?! Баба Түкті Шашты Әзізге, Қарабура, Балықшы, Ақбикеш, Ақсүмбелерге бара жатып, Бабатаға келе жатып, Ащыкөл атырабын, Тоғызкентау жалдарын, Қыземшекті, Тастыны, Жуантөбе, Жартытөбені, Қызылкөл мен Жылыбұлақты ұмытпағайсыз. Қарағұр, Күлтөбелерді көре жүріп, Көкбұлақ, Қарабұлақ, Қарасай, Желсайлардан желе-жортып өтіп кетпеңіз. Келіншектау, Мыңжылқыны білесіз. Айыртауға аялдаңыз, Суындық дейтін асу бар. Өгізтау арқылы Түркістанға түсерсіз. Түркістан төңірегіндегі Қарашық, Қарнақ, Шорнақ, Оранғай, Жүйнектерді, Шаға, Шойтөбе, Иқансу жақтарын тастап кетпеңіз. Қаратау тәжі - Кентаудың айналасындағы сауыс-сауыс сеңгірлердің саяларына саяхаттаңыз, Хантағы, Байылдырды байыптаңыз.

Сыр-анаңыздың бойындағы ен тоғайлардың, тораңғылды түбектердің, жиделі жиектердің, майда талды, майқайыңды маңайлардың, майбалықты, маймаң қаққан қаз-үйректі көл-көлшіктердің көркі мен құнарын қалай-қалай қиярсыз. Түркістаннан төмен тартып, Отырар, Арыс, Шардара, Жетісай жаққа сапар шегерсіз. Сырды бойлап, оқта-текте құмға шығып кетсеңіз де еркіңіз. Мырзашөлдің Мақтааралы мерейіңізді тасытар. Қайтарда, әрине, екі Келеске келерсіз. Қалауыңызға қарай Сарыағаштың ыстық, жылы, салқын суларына түсерсіз. Сонсоң Қазығұртқа қарарсыз. Ал енді Қазығұртыңыз және оның айнала төңірегі тұнып тұрған тылсым. Алаш баласы “Қазығұрттың басында кеме қалған; Ол әулие болмаса, неге қалған” - деген жыр жолдарын жақсы білгенмен, бұл аймақтың тарихына және табиғатына терең бойлап, қадір-қасиетін толық ұғына қоймаған сияқты. Сырттай қызықтаған болады, ары-бері өткенде көз қиығын тастаған болады. Түрін де, сырын да жасырып жатқан қарапайым, қайран Қазығұртты сонымен білгенге санайды, танығанға балайды.

“Әуесқой Әуесбай” дейтін журналист жігітке айтқызсаңыз, Қазығұрт жайында жеңіл ғана әндетіп жүре берудің уақыты өтті. Қазығұртты ерекше қорғалатын аймаққа айналдырып, қолға алатын кез жетті. Қазығұрт пен Қаржантауыңыздың арасындай кереметіңіз кемде-кем. Өгеміңіз өзгеше. Табиғатыңыздың таңырқатар ғажайыптарын көрем десеңіз, келіңіз. Көріңіз. Қазығұрттың Ақбурасының өзі - өзінше бөлек әлем. Ғайып Ерен-Қырық Шілтен тас мүсіндері ше? Ататас пен Анатас, Шілдетас, Емдіктас, Түсіктас, Бесіктас, Пайғамбар дастарқаны . . .

Суы

Сарыағаштың табиғи емдік факторларын (минералды суы, емдік балшығы, климаты) негізінен ас қорыту жүйесінің, бүйректің созылмалы қабынуларын, буын ауруларын емдеуте қолданылады. Орта Азия елдерінде жоқ арнайы архитектуралық жобамен салынған су ішетін бювет өте сәнді көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шымкент қаласының көрікті жерлері, Оңтүстік Қазақстанның музейлері және тарихи-мәдени киелі орындары
Қазақстанның минералды сулары: гидрогеологиялық сипаты, түрлері және емдік қасиеттері
Оңтүстік Қазақстан: географиясы, тарихи-мәдени және табиғи мұраларының туристік әлеуеті
Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлері мен әулие тұлғаларының тарихи-мәдени және туристік мәні
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының рекреациялық аймақтарының экологиялық сипаттамасы
Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұражайлары мен туристік әлеуеті: жағдайы және даму бағыттары
Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштерін сақтау, жаңғырту және туристік әлеуеті
Оңтүстік Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері мен Келес өңірінің археологиялық зерттеулері
Манкент шипажайының орналасуы, шипалы сулары және емдік-курорттық әлеуеті
Мәдени мұра бағдарламасы және Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштерін сақтау, қалпына келтіру және туристік әлеуеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz