Жаңажол мұнай газ өңдеу кешенінің №4 зауытының басты компрессорлық станциясының автоматтандырылуын жобалау



Өндірісті автоматтандыру – машиналық өндірістің дамуы барысында бұрын адам атқарып келген басқару және бақылау жұмыстарын аспаптар мен автомат құрылғыларға жүктеу процесі. Өндірісті автоматтандыру – осы заманғы өндірісті дамытудың негізгі әрі техникалық прогрестің ең басты бағыты. Өндірісті автоматтандырудың жарым – жартылай, кешенді және толықтай автоматтандырылған түрлері бар. Өндірісті жарым – жартылай автоматтандыру өте күрделі, әрі тез өтетін процестерді адамның тікелей басқаруы болмайтын жағдайларда пайдаланылады. Басқару жұмыстарын автоматтандыру өндірісті жарым – жартылай автоматтандыруға жатады. Өндірісті автоматтандыру процесі кезінде цех, зауыт, электр станциялар өзара бір – бірімен байланысқан автоматты кешен ретінде жұмыс істейді. Кешенді автоматтандыру кәсіпорынның, шаруашылықтың, қызметтің негізгі өндірістік жұмыстарын түгелдей қамтиды. Адам бұл жағдайда жалпылама бақылау жұмыстарымен ғана айналысады. Өндірісті толықтай автоматтандыру өндірісті басқару мен бақылау жұмыстарын түгелдей автоматтандырылған жүйелерге жүктейді. Бұл процесс – автоматтандырудың ең жоғарғы сатысы. Өндірісті толықтай автоматтандыру іске қосылатын өндіріс рентабельді, жұмыс ырғағы ылғи бір қалыпты және әр түрлі ауытқуларды алдын ала болжап, есепке алу болатын жағдайларда, сондай – ақ адамға қауіпті және денсаулығына зиянды өндірістерде іске асырылады. Өндірістік автоматтандырылудың негізгі басқарылушы нысанның заңдылықтарын тиімді түрде зерттеу әдістерін жасау, басқару әдістерінің экономикалық тиімділігін анықтау және автоматтандыру құралдарын жасаудың инженерлік әдістерін табу секілді мәселелерден құралады. Белгілі бір мақсатқа жету үшін таңдалып алынған тиімді басқару әдістері мен оны іске асыратын техникалық құралдар автоматтандырылған басқару жүйесін құрады. Осы заманға автоматтандырылған басқару жүйесінің құрамына сигналдар тудыру құрылғылары, логикалық және математикалық өңдеулерден өткен ақпаратты қабылдау және қайтарып беру, белгілі болған ақпараттарды операторға хабарлау, басқару сигналдарын тудыру және жұмыстық құрылғылар кіреді.
Өндірісті кешенді түрде автоматтандыру, өнеркәсіп көлемі мен өндіріс қарқынының артыуы және халық шаруашылығының әр түрлі салалары арасындағы өндірістік байланыстардың күрделенуі экономикалық мәліметтер мен статистикалық мәліметтер жинау және оларды өңдеу процестерін документация түрлерін есепке алып, таратып отыру, жоспарлау және басқару міндеттерін шешу ісінде автоматтандыру қажеттігін туғызады. Басқару жұмыыстарын автоматтандырудың ғылыми негізі халық шаруашылығын басқарудың оптимальдық жүйесін синтездеу әдісін зерттейтін және экономикалық мақсаттарға математикалық әдістерді пайдалану мәселелерімен шұғылданатын экономикалық кибернетика. Оның басты проблемасы – халық шаруашылығымен оның жеке салаларын басқаруды автоматтандырудың бір тұтас жүйесінде адам мен кибернетикалық машиналардың өзара әрекеттігін методологиялық және принциптік мәселелерін шешу. Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізгі үш жүйесі бар:
• Басқарудың жалпы мемлекет территориялық органдарын қамтитын автоматтандырылған мемлекеттік жүйе;
• Өнеркәсіптің жеке салаларын қамтитын автоматтандырылған салалық жүйе;
• Бір не жақын орналасқан бірнеше кәсіпорындарда экономикалық мәліметтерді өндейтін және олардың жоспарлау, басқару міндеттерін шешетін автоматтандырылған жүйе.
Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізгі құралдары – электронды есептеуіш машиналар мен электрондық басқарғыш машиналар. Олардық ішінде сандық есептеуіш машина.
1) И.Г Блейхер « Компресорный станция»
2) А.Ф Колягин « Автоматизация производственных процесов и АСУТП газонефтепроводов»
3) В.И Мичков, А.Г Арнополин « Электро-оборудование насосных и компрессорных станций» Москва «Недра» 1991
4) В.Г Зезин, В.А Лазуков « Определение росхода сплошных сред методом переменного перепада давления» Челябинск 2007
5) М.Ю Трахова « Автоматизация производственных процесов в трубопровдном транспорте» Часть 1
6) «Техникалық терминдео» сөздігі Алматы 2009

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Өндірісті автоматтандыру – машиналық өндірістің дамуы барысында бұрын
адам атқарып келген басқару және бақылау жұмыстарын аспаптар мен автомат
құрылғыларға жүктеу процесі. Өндірісті автоматтандыру – осы заманғы
өндірісті дамытудың негізгі әрі техникалық прогрестің ең басты бағыты.
Өндірісті автоматтандырудың жарым – жартылай, кешенді және толықтай
автоматтандырылған түрлері бар. Өндірісті жарым – жартылай автоматтандыру
өте күрделі, әрі тез өтетін процестерді адамның тікелей басқаруы
болмайтын жағдайларда пайдаланылады. Басқару жұмыстарын автоматтандыру
өндірісті жарым – жартылай автоматтандыруға жатады. Өндірісті
автоматтандыру процесі кезінде цех, зауыт, электр станциялар өзара бір –
бірімен байланысқан автоматты кешен ретінде жұмыс істейді. Кешенді
автоматтандыру кәсіпорынның, шаруашылықтың, қызметтің негізгі өндірістік
жұмыстарын түгелдей қамтиды. Адам бұл жағдайда жалпылама бақылау
жұмыстарымен ғана айналысады. Өндірісті толықтай автоматтандыру өндірісті
басқару мен бақылау жұмыстарын түгелдей автоматтандырылған жүйелерге
жүктейді. Бұл процесс – автоматтандырудың ең жоғарғы сатысы. Өндірісті
толықтай автоматтандыру іске қосылатын өндіріс рентабельді, жұмыс ырғағы
ылғи бір қалыпты және әр түрлі ауытқуларды алдын ала болжап, есепке алу
болатын жағдайларда, сондай – ақ адамға қауіпті және денсаулығына зиянды
өндірістерде іске асырылады. Өндірістік автоматтандырылудың негізгі
басқарылушы нысанның заңдылықтарын тиімді түрде зерттеу әдістерін жасау,
басқару әдістерінің экономикалық тиімділігін анықтау және автоматтандыру
құралдарын жасаудың инженерлік әдістерін табу секілді мәселелерден
құралады. Белгілі бір мақсатқа жету үшін таңдалып алынған тиімді басқару
әдістері мен оны іске асыратын техникалық құралдар автоматтандырылған
басқару жүйесін құрады. Осы заманға автоматтандырылған басқару жүйесінің
құрамына сигналдар тудыру құрылғылары, логикалық және математикалық
өңдеулерден өткен ақпаратты қабылдау және қайтарып беру, белгілі болған
ақпараттарды операторға хабарлау, басқару сигналдарын тудыру және
жұмыстық құрылғылар кіреді.
Өндірісті кешенді түрде автоматтандыру, өнеркәсіп көлемі мен өндіріс
қарқынының артыуы және халық шаруашылығының әр түрлі салалары арасындағы
өндірістік байланыстардың күрделенуі экономикалық мәліметтер мен
статистикалық мәліметтер жинау және оларды өңдеу процестерін документация
түрлерін есепке алып, таратып отыру, жоспарлау және басқару міндеттерін
шешу ісінде автоматтандыру қажеттігін туғызады. Басқару жұмыыстарын
автоматтандырудың ғылыми негізі халық шаруашылығын басқарудың оптимальдық
жүйесін синтездеу әдісін зерттейтін және экономикалық мақсаттарға
математикалық әдістерді пайдалану мәселелерімен шұғылданатын экономикалық
кибернетика. Оның басты проблемасы – халық шаруашылығымен оның жеке
салаларын басқаруды автоматтандырудың бір тұтас жүйесінде адам мен
кибернетикалық машиналардың өзара әрекеттігін методологиялық және
принциптік мәселелерін шешу. Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізгі
үш жүйесі бар:
• Басқарудың жалпы мемлекет территориялық органдарын қамтитын
автоматтандырылған мемлекеттік жүйе;
• Өнеркәсіптің жеке салаларын қамтитын автоматтандырылған салалық жүйе;
• Бір не жақын орналасқан бірнеше кәсіпорындарда экономикалық мәліметтерді
өндейтін және олардың жоспарлау, басқару міндеттерін шешетін
автоматтандырылған жүйе.
Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізгі құралдары – электронды
есептеуіш машиналар мен электрондық басқарғыш машиналар. Олардық ішінде
сандық есептеуіш машина.

I. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. Автоматтандырылатын технологиялық процесс
туралы мәлімет беру

Интергаз Орталық Азия АҚ қызметтерінің негізгі бағыттары
магистральдық газ құбырлары жүйесін пайдалану әрі техникалық күту және
ішкі тұтынушыларға табиғи газ тасымалын жүзеге асыру, сондай-ақ
халықаралық транзит болып табылады.
Нақты алғанда Интергаз Орталық Азия республикада жалпы ұзындығы 14
мың км барлық магистральдық газ құбырларын бақылайды. Ұдайы жаңартып
отыру арқылы газ құбырларының өткізу қабілеті үнемі өсіп отырады.
Компания газды Қазақстанның аумағы бойынша 14 магистральдық газ
құбырымен тасымалдайды. Газ тасымалын алуан түрдегі және үлгідегі 291 газ
айдайтын агрегат орнатылған. 24 компрессорлық станция жүзеге асырады.
Солардың бірі Шалқар тораптық өндіріс басқармасындағы компрессорлық
станция 12 (КС-12).
Компрессорлық станция құрамы: Басты басқару щиті (ГЩУ), отын-газ
жіберу блогы (БПТПГ), газ айдау агрегаттары ГПА-Ц 6,3, трансформаторлық
подстанция, жылу қазандықтары орналасқан.
Агрегат автоматикасы жүйесінің типі – электрлі. Электрқозғалқыш-
тардың, шамдардың, түзету құрылғыларының, КСП-2 типтес потенциометрдің,
КСМ-2 типтес теңдестірілген көпірдің, көпірдің Сапфир типтес өлшеуіш
түрлендіргіштердің және қосымша механизмдердің электр қозғалтқыштарын
басқару тізбектерінің қоректенуі 380220 В, 50 гц жиелікте жүзеге
асырылады. Пайдалану қуаты 75 кВт- тан кем емес. Агрегаттың газдық
бекіткіш крандарын, басқару тізбектерін және НК-12СТ қозғалтқышы
механизмдерін, басқару тізбектерін, агрегаттың қорғанысы және белгі
беруін қоректендіру тұрақты токтың 27 В кернеуде жүзеге асырылады.
Пайдалымдық қуаты 1 кВт – тан кем емес. ИВ-500-СТ вибрацияны бақылау
аппаратурасы мен СПО-2Р шекті айналым сигнализаторын қоректендіру 115 В
кернеуімен қозғалмайтын ПОС – 125 ТЧ түрлендіргішімен жүзеге асрылады.
Пайдалымдық қуаты 0,2 кВт –тан кем емес.
Агрегат үш режимде жұмыс істейді. Салқын айналым, Сақина,
Магистраль.
Салқын айналым - НК-12-СТ қозғалтқышының негізгі жүйесі мен қосымша
механиздерінің жұмыс жасау қабілеттілігінтексеру үшін агрегаттың жұмысын
ВС-12стартерінің қамтамасыз ететін агрегатты басқару жүйесі. Салқын
айналым агрегаттың автоматты түрде іске қосылуынан бұрын жүзеге
асырылады.
Іске қосудығы алдыңғы шарттары:
1,2,4,6,11,12,13 газдық бекіткіштің технологиялық крандары жабық;
5,9,10 4 газдық бекіткіштің технологиялық крандары ашық;
Майлау және тығыздау май беру бактарындағы май температурасы +150С
(288К)- тан жоғары; Реле 52ажыратулы;
Айдауыш май беру бактарындағы май деңгейі май багінің қақпағынан 250
мм –ден төмен (реле РС62 қосулы);
Қозғалтқыш майлау және май беру бактарындағы май деңгейі май багінің
қақпағынан 250 мм –ден төмен (реле РС64 қосулы);
Тұрақты токтың 27В кернеуі және 115В, 400гц басқару, қорғау, өрт
сөндіру, белгі беру және аспаптарды қоректендіру тізбектеріне беріледі
(реле РКН2, РКН3, РКН4, РКН5, РКН100 қосулы);
ВОУ-жұмысқа дайын (реле РС70 ажыратулы);
ВЦ1 және ВЦ2 сыртқа тепкіш ажыратқыштарының тізбектері (реле РП19
және РП20 қосулы);
Майды апатты құйып алу желілеріндегі электр клапандары жабық (В30 ...
В33 ажыратқыштары ажыратулы);
Май бактеріндегі майды қыздыру элементтері ажыратыулы(9-В автоматты
ажыратқыш ажыратулы);
Алгоритм бойынша автоматты басқару:
• Агрегатты іске қосумен;
• Агрегаттың қалыпты тоқтауы
• Агрегаттың апатты тоқтауы
Басқару сызбасы агрегатты айдауышта газ бар немесе газ жоқ кезде де
іске қосуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Айдауышта газ бар кезде іске
қосуды агрегатты апатты тоқтаудан кейін орындалады.
Автоматты іске қосу алгоритімі агрегаттың Сақина немесе
Магистраль режимінен шығуын қамтамасыз етеді. Жұмыс режимін таңдау В2
немесе В3 қайта қосқыштары арқылы жүзеге асрылады.
Іске қосу алдыңғы шарттарын орындап, В2 (немесе B3) кнопкаларын
басқанда РП1 релесі іске қосылады, ол өз байланыстарымен ТС1 іске
қосуға дайын белгілік таблоны қосады және РП6- РП9 релелерін қосу
тізбегін дайындайды. КПВ 1,5 басқаурының ЭМ11 электромагниті қосылады.
КнП Пуск кнопкасын басқанда РП6-РП9 релелері іске қосылады және
өздінен блокдалынады, оның байланыстары арқылы РП1 релесінің тізбегі
ажырайды, ТС1 іске қосуға дайын белгілік таблоны өшіп қалады.
ЛБ Пуск белгі бергіш шамы жағылады;
РП6-РП9 аралық релелер қосылады;
РП32-РП33 аралық релелер қосылады;
РП11, РП15, және РП18 релелерінің қоректену тізбегі дайындалады.
Айдағыштың айдау майының қысымы 1,5 кгссм2 (0,15 мПа) жеткен кезде
РС-РС44 релелері іске қосылады және өздігінен блокталынады, РС43 релесі
РП11 релесінің қосылу тізбегін дайындайды және қорғаныстың енуін жүзеге
асрыды. РС44 релесі СС1,СС2 сиреналарының қосылу тізбегін ажыратады.
Май-газ қысымы 1,2 кгссм2 (0,12 мПа) түскен жағдайда айдауыштың
тығыздалу жүйесінде РС-40 релесі іске қосылады, оның байланысымен 1-63-64-
71-61-62 тізбегінде РП10 релесі қосылады. Майлау соленоиды мен №4 кранды
ашу соленоиды қоректендіріледі.
№4 кран ашылады және ашық кранның арғы қосқышымен 4 –РКО ашылуын
бақылау релесі қосылады, ол өз кезіндегі байланыстармен РП10 релесін
ажыратады және РВ1 релесін ажыратады және РВ1 релесін іске қосады. РП10
арқылы РВ1 релесі РП12 релесін қосады, ол 317-318 тізбегінде №5 жабу
краны соленоиды қоректенеді. РП23 релесі өз байланыстарымен майлау
соленоиды мен №5 жабу краны соленоидын іске қосады. Кран жабылады, РВ1
уақыт релесі ажырайды. Одан соң РП28 аралық реле қосылады, оның
байланыстарымен мыналар жүзеге асырылады:
ОГ-12 айналым шектеуші төменгі келтіруге аударылады;
№1 кранның ашылу соленоидының қосылу тізбегі дайындалады;
1-63-64-67-59-58 тізбегі бойынша РВ1 уақыт релесі қосылады;
10с уақытта РП23 релесі қосылады, ол №1 кранды майлау және ашу
соленоитарын қоректендіреді. №1 кранның ашылған соң 1-РКО2 релесі іске
қосылады, оның байланыстарымен мыналар жүзеге асырылады:
РП10, РВ1, РП23 релелерінің қоректену тізбегі ажырайды;
№4 кранның жабылған соң 4-РК3 жабылуын бақылау релесімен РП11 релесі
іске қосылады. №11 кранның ашылуына және №10 кранның жабылуына бұйрық
беріледі, содан соң 10-РК3 11-РКО релесі қосылады, ол РП11 және РП18
релелерін іске қосады.
РП15 релесі байланыстармен мыналар жүзеге асырылады: іске қосу электр
магнитін, төменгі газ электр магнитін, НК-12СТ қозғалтқышының ВНА қайта
құруының электр магнитін іске қосады.
№12 кранды ашқан соң ДГ-12 газ дозаторының кірісіне отандық газ
беріледі. Егер қысым 20 кгссм2 (2 мПа)- дан жоғары болса, РС49 релесі
қосылады және аралық РС50 релесі арқылы №13 кранның ашылуына бұйрық
беріледі. №13 кранның ашылуы нәтижесінде келіп түскен газ ВС-12 стартер
турбинасын тарқатады, ол өз кезегінде турбокомпрессордың роторын
тарқатады. Айналым жиілігі 1800 айнмин жеткен кезде сыртқа тепкіш ВЦ-22Б
ажыратқыш РП-19 аралық релені, ал май қысымы 15кгссм2 жеткенде РД8 қысым
белгі бершісі РС48 релесін ажыратып тастайды. РП19 және РС48
байланыстармен РП12 релесі іске қосылады, ол өз байланыстарымен №6
кранның ашылу және желісін басқару соленидын қосады. Ақырғысы ашылады
және агрегат айдауышын тұйық контурға жалғайды, сол арқылы оның іске
қосылуы кезінде агрегаттың жұмыс жасауы қамтамасыз етіледі.
НК-12СТ қозғалтқышының май келтіру каналындағы майдың қысымының
жоғарылауы салдарынан ауаны қайта жіберу клапандары ашылады және КПВ
ақырғы ажыратқыштары РП65-РП69 ашылуының реле-қайталағыштар қоректену
тізбегін тұйықтайды. РП65-РП69 және 6-РК2 релесі байланыстарымен мыналар
жүзеге асырылады:
РВ1 уақыт релесі қосылады;
Қозғалтқыш тұтандыру агрегатына қорек жіберіледі;
Іске қосу электр магниті ажырайды;
Қозғалтқыш форсункаларына газ беру электр магниті қосылады (№15
кран). №15 кран арқылы газ тәріздес отын тұтандырғыштардың іске қосу
форсункаларына беріледі.
Автоматика жүйесі құрамдас бөліктенінің құрылымы.
Басқару щиті компрессорлық станцияның оператор бөлмесінде
орналастырылады және оның құрамына мыналар енеді:
• Қорғаныс панелі.
• Басқару панелі , оларда басқару органдары мен келесі функцияларды
орындауға қажетті индикациялар орналастырылған;
• Агрегат жұмысы режимін таңдау: (салқын айналым, сақина, магистраль);
• Автоматты іске қосу, агрегаттың қалыпты, апатты тоқауы;
• Май суытқыштар мен айдағыш контейнерінің желдеткіштерінің электр
қозғалтқыштарын қашықтықтан басқару;
• СТ айналымын дистанциялық реттеу;
• ВНА қыздыруын қосу;
• Агрегат механизмдерінің жағдайын бақылау;
• ТК және СТ (ИТЭ-2) айналым жиілігін бақылау;
• Апаттық тоқтаудың себептерін табу;
• Қорғаныс тізбектерін бақылау.

2. Бақыланатын, реттелетін және сигналданатын
параметрлерін таңдау
Кесте 1
Газ турбиналы газ айдаушы агрегаттарда бақыланатын парметрлер
Бақыланатын параметр Бақылау Ақпаратты пайдалану
нүктесінің орны
саны
Дабылқағу Көрсеу
Айдағыштың кірісі мен шығысындағы қысым 2 - ББЩ, ДП КС
Айдағыш ішіндегі газ қысымы 1 ББЩ ББЩ
Газ-газ (айдағыш ішіндегі газ- 1 ББЩ -
магистраль-дағы газ) қысым құламасы
Айдағыштың кірісі мен шығысындағы газ 2 ББЩ -
температурасы
Айдағыштың көлмедік өнімділігі 1 ББЩ ББЩ
Айдағыш роторының осьтік ығысуы 1 ББЩ ББЩ
Подшипник дірілі 6 ББЩ ББЩ
Подшипник температурасы 12 ББЩ ББЩ
Басты май- сораптан кейінгі май қысымы ББЩ ББЩ
Айдағыш подшипниктерін майлау май қысымы 2 ББЩ ББЩ
Турбина подшипниктерін майлау май қысымы 2 ББЩ ББЩ
Тығыздағыштағы май қысымы 1 - ББЩ
Газ-май (айдағыш ішіндегі газ- 1 ББЩ ББЩ
тығыздағыш-тағы май) қысым құламасы
Қалтқылы камера сүзгісіндегі қысым 1 - ББЩ
құламасы
Май багындағы май деңгейі 2 ББЩ ББЩ
Май багындағы май температурасы 1 ББЩ ББЩ
Аккумулятордағы май деңгейі 1 ББЩ ББЩ
Майды салқындатқыштан кейінгі және оған 6 - ББЩ
дейінгі май температурасы
Компрессор осі алдындағы сиретілулер 1 ББЩ ББЩ
Отын газының қысымы 1 ББЩ ББЩ
Іске қосу газының қысымы 1 ББЩ ББЩ
Іске қосу газының шығыны мен көлемі 1 - ББЩ
Отын газының шығыны мен көлемі 1 - ББЩ
Төменгі қысым турбина (ТНД) білігінің 1 ББЩ ББЩ
айналу жиелігі
Жоғарғы қысым турбина (ТВД) білігінің 1 ББЩ ББЩ
айналу жиелігі
Жоғарғы қысым турбина (ТВД) алдындағы газ1 ББЩ ББЩ
температурасы
Компрессор осі алдындағы газ 1 ББЩ ББЩ
температурасы
ТНД кейінгі өнімнің жану температурасы 1 ББЩ ББЩ
ТВД кейінгі өнімнің жану температурасы 1 ББЩ ББЩ
Регенатор алдындағы ауа температурасы 4 ББЩ ББЩ
Жану камерасында жалынынң болуы 1 ББЩ -
ТВД алдында өнімнің жану қысымы 1 ББЩ ББЩ
Компрессор осінен кейінгі ауа қысымы 1 ББЩ -
Айдағыш потрубкасындағы ауа қысымы 1 ББЩ -
ГПА дамытатын қуат 1 - ББЩ
Газ айдаушы агрегаттардың ПӘК 1 - ББЩ
ГПА жеке механизмдерінің жағдайы - ББЩ -
ГПА жағдайы 3 ББЩ -

II. ГПА- газ айдаушы агрегаттар; ДП КС- компрессорлық стансаның
диспетчерлік пункты; ББЩ- басты басқару щиті.

II.АРНАЙЫ БӨЛІМ
1. Технологиялық процесті автоматтандырудың функционалдық схемасын
қарастыру

Газ айдаушы агрегаттардың функционалды схемасы
Газ турбиналы қондырғыларда бақылау және сигналдау бірнеше
параметрлермен жүзеге асырылады (100- ден астам). Олардың ең
негізгілеріне қауіпті- ескерту қорғаныс және сигналдау жүйелері жатады.
Оларға мыналар жатады: майлау қысымы, айдағыш қабатындағы газ бен майды
сығу арасындағы қысым түсуі, подшипниктер температурасы, ротордың осьтік
ығысуы, отын газдарының қысымы, жану өнімдерінің температурасы, агрегат
подшипниктерінің дірілі, ротордың айналу жиелігі, шекті қорғаныстағы май
қысымы, шамшырақ сөнген кезде агрегаттарды тоқтату және т.б.
Газ айдаушы агрегаттарды автоматтандыру функциональды схемасы сурет 6-
де көрсетілген.
Майлау қысымы бойынша қорғаныс 1 (PISA) келтірілген шамалардан
турбинаны немесе айдағышты майлау жүйесіндегі қысым төмендеген кезде
агрегат жұмысын тоқтатады. Қысым электр контактылы манометрмен өлшенеді,
олардың контактылары май қысымы түскен кезде қауіпті май қысым релесін
іске қосады.
Газ бен майды сығымдағыш арасындағы қысым құлауы бойынша қорғаныс РДД-
1М релесі көмегімен жүзеге асырылады. Оның контактісі аппатық реле
айырмасын іске қосады. Негізгі жұмыс істеу принципі төменде
көрсетілгендей. Ең алдымен факелдің жарық сезгіш элементімен бақыланады,
мысалға фоторизистор, фотодиод, фоторезистор.
Осы элементте ажыратқыш конденсатордың көмегімен алынатын
сигналдан жану камерасында алаудың жарығының лүпілінен туындайтын
айнымалы құрамдас бөлшек бөлінеді. Схеманың осылайша құрылуы
компрессорлық станцияның ыстық қабырғаларының факелдің сөнуінен кейін де
салқындатылатын сәулеленуіне деген төзімталдығын қамтамасыз етеді. Камера
корпусымен датчиктің ара қашықтығы 100 мм ден кем болмауы керек, ол үшін
фотореле датчигі компрессорлық станцияның көрінетін терезесіне
орнатылады. Бұл жарық сезгіш элемент факелге тіке сәуле түсірімен қызып
кетуден сақтайды. Сондай-ақ фотодатчик корпусы сумен салқындатылады.
Қазіргі уақытта осындай құрылғылар факел және жалын ретінде қолданылады.
Аз габаритті платинді кедергілі термометр, подщипниктің тірекпен
орналасуымен, колодка тірегі подшипниктің температурасынан қорғайды.
(поз. 5а ТЕ, поз 5б,5в, TIRS)
КСМ типті электронды көпір арқылы терморезистор қосылады,
подшипниктің температурасын тіркеп және өлшеп тұрады, және жоғары
температураға жеткен кезде ескертуші және апаттық дабыл қосылады.
Подшипниктің қақпағында орналасатын датчик арқылы агрегатты
дірілден қорғайды. (поз. 6а SE, поз 6б, 6в, 6г, SISA ). Дірілді өлшеу екі
әдіспен жүргізіледі: агрегат осіне перпендикуляр және көлденең. Қазіргі
уақытта діріл түрлендіргіші және түйіспесіз құйынды ток діріліне
негізделген. Остің жылжуынан қорғау (поз7,8 PISA) гидравликалық реле
арқылы орындалады. Жанармай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңажол мұнай газ кешенінің №2 зауытындағы үш фазалы сепаратор қондырғысының автоматтандырылуын жобалау
Жаңажол мұнай газ өңдеу кешенінің №2 мұнайды дайындау цехы ЦПН бойынша мұнайды демеркантандыру қондырғысының автоматтандырылуын жобалау
Жанажол мұнай газ өндеу кешенінің газды кептіру кондыргысының автоматтандырылуын жобалау
Жаңажол мұнай газ кешенінің автоматтандырылуын жобалау
Табиғи газ датчиктері
Мұнай газ өңдеу саласын жоспарлау негізі
Технологиялық процесті автоматтандыру
Жаңажол мұнай кешенінің №1 газ лифтілі компрессорлы станциясының автоматтандырылуы
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің даму кезеңдері.Қазақстан мұнай-газ кешенінің келешектегі болжамы
Магистралды газ құбырларының оңтайлы трассасын таңдау
Пәндер