Windows жүйесінде жұмыс істеу негіздері


Жоспар.

Кіріспе 2

Windows жүйесінде жұмыс істеу негіздері 2

Негізгі бөлім. 3

1. WINDOWS жүйесінің негізгі функциялары 3

WINDOWS жүйесінің негізгі ұғымдары 4

WINDOWS жүйесінің негізгі технологиялық принциптері 7

WINDOWS-ті іске қосу 9

WINDOWS жүйесімен жұмысты аяқтау 10

2. WINDOWS жүйесіндегі терезелерді пайдалану. 11

Қорытынды 15

Кіріспе

Windows жүйесінде жұмыс істеу негіздері

Бұрынғы компьютерлерде кең тараған МS (PC) - DOS операциялық жүесы болатын. МS-DOS операциялық жүесінің бір адамның жұмыс істеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетінің, оның устіне МS-DOS операциялық жүйесі компьютердің тек 640 Кб жедел жадын ғана (RAM) пайдалана алатынын білетін боларсыздар.

Әрине, МS-DOS операциялық жүйесі соңғы версиялары қолданбалы программаларға 1 Мб-тан артық жедел жадын қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу мүмкіндігін беретін, кейініректе шыққан сервистік программалармен толықтырылған болатын.

Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланылатын негізгі интерфейс рөлін МS-DOS жүйесінде командалық жол атқарады. Бұл жол арқылы МS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден аса командалар, пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінің тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды.

Осыдан барып, адам мен операциялық жүйе арасындағы байланысты жеңілдету үшін әртүрлі жүйелік қоршаулар қарастырыла бастады. Бірақ олар негізінің мәтіндік режимде (ең кең таралғандарының бірі - Norton Commander) жұмыс істейтін еді. Бұларда бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі де қиын командаларда термей-ақ, тікелей орындау жүзеге асырылды.

Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және онымен жұмыс істеуге өз септігін тигізді.

DЕС фирмасы компьютерлерінің операциялық жүйесі ретінде UNIX қолданылды, олар үлкен және орташа ЭЕМ-дерде жұмыс істеген болатын. UNIX операциялық жүйесінің МS-DOS жүйесінен негізгі артықшылығы - оның бір мезетте бірнеше мақсатты шешу мүмкіндігі, яғни бірнеше программаларды параллель орындау қасиеті.

80-ші жылдардың ортасында МS (PC) - DOS-тың мұндай кемшілігінен арылу үшін, Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсаты операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды, солардың бірі WINDOWS жүйесі болатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төмендігімен түсіндіруге болады.

80386 сериалы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла бастаған WINDOWS графикалық ортасының жаңа версиясы Windows 3. 1. бірте-бірте бұрынғы мәтіндік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады. 80486 сериалы процессорлардың шығуына байланысты дербес компьютерлердің көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3. 1. немесе одан кейінгі Windows 3. 11 версиялы МS-DOS операциялық жүйесі тағайындала бастады.

Microsoft корпорациясы ОС даярлау жолындағы келесі елеулі қадамы болып, ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күйінде емес, сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады. Осылайша Windows 95, Windows 98 және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Windows 95 жүйесінің, сондай-ақ Windows NT жүйесінің соңғы версияларының графиктік интерфейс стандарттары Windows 3. 1. жүйесінің стандартынан өзгеше түрге енді, бірақ негізгі идеологиясы бұрынғыша сақталған болатын. Windows 3. 1. -ден Windows 95-ке өту әрине МS-DOS-тан бірден Windows 95-ке өтуге қарағанда біршама жеңіл екені түсінікті.

Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері МS-DOS жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың тек бір қыры ғана.

Бұдан былай WINDOWS жүйесі деген сөзді Windows 3. 1. және Windows 95, Windows 98 операциялық жүйелері деп ұққан жөн.

Негізгі бөлім.

1. WINDOWS жүйесінің негізгі функциялары

Кез келген операциялық жүйе сияқты WINDOWS мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

  • компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
  • файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
  • қолданбалы программаларды іске қосу. Бұған қоса WINDOWS жүйесі :
  • бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
  • әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды;
  • масштабталатын қаріптерді қолдауды;
  • мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;
  • бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.

WINDOWS жүйесінің негізгі ұғымдары

Терезе

Терезе - WINDOWS жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, WINDOWS сөзінің нақты аудармасы «терезелер» екені осыны білдіреді.

Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. WINDOWS терезесінің экранды толығымен, жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін.

Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады. Егер терезені жабатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін терезе ішінде екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаның жұмысы да аяқталады.

Болашақта WINDOWS ортасының әр түрлі терезелерін қарастырамыз, олардың жұмыс істеуінде айырмашылық болса да, бәрінің кейбір ортақ элементтері, қасиеттері бар. Енді сол элементтермен танысайық.

Терезе шекаралары - бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі төртбұрышты аудан - терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағында әр түрлі информация болады: орындалатын программа, өңделуге арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т. б.

Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшелері болады, сондықтан информация көп болса, ол терезеге симай қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішіне симайтын информацияның бар екендігін көрсетеді.

Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:

  • толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;
  • қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады;
  • белгіше түрінде, яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.

Жұмыс столы

Жұмыс столы - екінші негізгі ұғым.

Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер (WINDOWS, OS\2, Macintosh компьютерлеріндегі OS, SUN компьютерлеріндегі OS, т. б. ) интерфейсінің элементі болып саналады. Әдеттегі өзіміздің жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кітаптар, мәліметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар (қалам, өшіргіш) орналасуы мүмкін. Олар, сіздің қалауыңызша, столда әр түрлі күйде орналаса алады. Стол беті әдемі дастарқанмен жабылуы мүмкін немесе ештеңе төселмей таза болуы да ықтимал. Сіздің стол бетіндегі заттарды алма-кезек қолдануға және олардың орнын ауыстыуыңызға болады. Дәл осы стол бейнесі экранда да жүзеге асырылып отыр.

WINDOWS ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары белгілер түрінде орналасқан.

Өзіңіздін жұмыс столыңызды реттеп таза ұстауыңыз сияқты, экранда да қоқырсып жатқан столда жұмыс істеу тіптен ыңғайсыз. Қажетті құжаттарды, қрал-жабдықтарды жоғалтып алмайтындай, экранда артық зат ұстамай жұмыс істеуге көңіл бөлейік.

Белгішелер, жарлықтар, бумалар

Белгіше (Icon) - бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды, т. б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынадай белгішелер кездеседі:

  • қосымша(қолданбалы) программалар белгішісі;
  • белгілі бір топтар белгішесі;
  • функциялар белгішесі.

Жарлық (shortcut) - бұл белгілі бір обьектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды жылдам ашуға болады және т. б. Жарлықты пайдаланғанда негізгі обьектілердің өздері өз орындарында ешбір өзгеріссіз тұрады. Ал сол обьектілермен қатынас жасау shortcut файлында сақталған информацияның көмегімен іске асырылады. Мысалы, егер жұмыс столында файлдың өзі орналастырылған болса, онда олардың бірің жою командасын қолданған кезде ол дискіден жойылады. Ал егер де сіз жұмыс столынан shortcut белгішесін орналастырып, оны артынан өшірсеңіз, онда жарлық беріп тұрған командалық файл жойылады да, бастапқы файлдар ешбір өзгеріссіз қалады.

Бума (folder) экранда каталогтарды (WINDOWS 98) және программалық топтарды (Windows 3. 1. ) белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастурыда қолданалатын контейнер болып табылады. Бума - каталог, директории ұғымының баламасы болып табылады. Каталог - файылдарға арналған контейнер, программалық топ - жеке программаларға арналған контейнер, т. с. с. әрине мүндай контейнерлер әр объект үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын амалдар біртектес бола береді (мысалға, жою, көшіру және т. б. ) .

«Тышқан» тәрізді графикалық сілтеме

Windows ортасында пернелер тақтасының көмегімен жұмыс істеуге болады, бірақ тышқан тетігімен басқарлатын графиктік сілтемені (Point) немесе олардың комбинациялардың (бірге) қолдану өте тиімді. Стол бетімен тышқанды жылжыту экран бетіндегі тышқан сілтемесінің, яғни курсорының жылжуымен сай келеді.

Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Жұмыс барысында негізінен (көбінесе) оның сол жақтағы, ал анда-санда оң жақтағы батырмасы пайданылады. Тышқан тетігінің ортаңғы батырмасы (егер бар болса) Windows ортасының тек кейбір программаларымен жұмыс істеуге пайдаланылады.

Тышқан тетігінен орындалатын ең негізгі операция - экран бетімен курсордың (сілтеменің) қозғалуы болып табылады. Бұл дайындық операциясы, ол өздігінен ешқандай әрекет - амал орындамайды.

Келесы операция - шерту (Click) . Бұл операция сілтемені экран бетіндегі қажетті элементке апарғаннан кейін ғана орындалады, мысалы, сілтемені графиктік элементтің белгішесіне жеткізіп, шерту операциясын орындауға болады. Шерту деп тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басып, қайта жылдам қоя беруді айтады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Windows жүйесінде әдетте жұмыс істеу кезінде негізінен тышқанның сол жақ батырмасын жай шерту дегеніміз - тышқанның сол жақ батырмасын басып жылдам қайта қоя беру.

Бұл әрекет меню пункттерінің бірін таңдау, объектілерді белгілеу немесе жол курсорын қалаған орынға жедел көшіру кездерінде және терезелерді екпінді етіп жұмысқа қосу кезінде және т. б. қолданылады.

Тышқанмен орындалатын күрделі операцияға оның сол жақ батырмасын жылдам түрде екі рет шерту әрікеті жатады (Double-click) оның жұмыс істеуі негізінен тышқанды жай шерту әрекетіне өте ұқсас, яғни тышқан сілтемесі керекті элементке апарылғаннан соң, тез арада тышқанның батырмасын екі рет сырт еткізу қажет болады. Бұл әрекет алғаш тышқанмен жұмыс істей бастаған адамға күрделі операция болып табылады. Оның ерекшелігі тышқанды екі рет жылдам шерту аралығында өте аз уақыт өтуі тиіс, ол секундтың оннан бір бөлігіндей ғана уақыт. Егер ол аралықта көп уақыт өтіп кетсе, онда Windows жүйесі бұл әрекетті жекеленген екі бөлек шерту деп түсінеді. Ал егер бұл амал дұрыс орындалса, онда Windows жүйесі бірден белгіленген операцияны (үнсіз келісім бойынша, көбінесе белгілі бір пограмманы, құжатты екпінді іске қосу) іске асыры бастайды.

Келесі операция- тасымалдау (Drag&Drop) . Ол терезелер мен шарт белгілердің орнын ауыстырады, яғни басқа орынға тасымалдайды және терезелердің ұзындығы мен енін өзгертуде қолданылады. Обьектілердің тасымалдау амалы былай орындалады: сілтемені орны ауыстырылатын элементке апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны сол басулы күйінде ұстап отырып, сілтемені қалаған жаңа орынға жеткіземіз, сонан соң батырманы қоя береміз.

Осы айтылған тышқан тетігі көмегімен орындалатын операциялар Windows жүйесін басқаруға олық мүмкіндік беред.

Мәлімет алмастыру буфері

Өзінің жұмыс істеуі кезінде Windows жүйесі программалар мен құжаттар арасында мәліметтер алмасуға арналған компьютердің жедел жадының арнаулы бөлігін алмастыру буфері (Clipboard) ретінде пайдаланылады. Буфер (дәнекер жад) әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында керекті шағын көлемдімәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін пайдаланылады. Алмастырылатын мәліметтер ретінде мәтін үзінділері (фрагменттер), сурет, кесте және т. б. объектілер алуына мүмкін.

WINDOWS жүйесінің негізгі технологиялық принциптері

Енді WINDOWS ортасының кейбір технологиялық принциптерін атап өткен жөн болар.

Жұмыс істейін әрбір адамға арналған стандартты интерфейс.

МS-DOS операциялық жүйесінде жазылған программалардың өзіндік интерфейсі болған еді, олар: меню жүйесі (көлденең, сырғып түсетін, қалқып шығатын, иерархиялық), сұхбаттасу тәсілдері (мәліметтер енгізу, варианттарды таңдау) және т. б.

Мұндай тәсіл жаңа программаларға көшкен сайын әрбір адамға қайтадан оқып - үйрену қажеттілігін туғызатын. Бірақ көптеген ірі фирмалардың программалық өнімдерінің бәрінде де тұрақты пайдаланылатын стандартты элементы болды, алайда, программалар арасындағы алшақтық жетып артылатын. Ал, WINDOWS жүйесінде көптеген іс - әрекеттер программалардың әртүрлілігіне қарамастан бір тектес командалар арқылы орындалып, бірдей терезелер көмегімен өнделетін болып, ортақ технология іске асқаның практика жүзінде көрсете білді.

«Point-and-Click» (көрсету және шерту) принципі. Бұл принцип бойынша графикалық технологиядағы көптеген операцияларды орындау үшін тышқан сілтемесін экран элементіне апарып, оның сол немесе оң батырмасын шерту жеткілікті. Бұл тәсілмен төмендегі әрекеттерді орындауға болады:

  • программа немесе құжат терезесінің аумағын кішірейту, үлкейту бұрынғы қалпына келтіру;
  • көлденең орналасқан меню пункттерін тандау;
  • экранға шығатын меню командаларын тандау;
  • аспаптар тақтасы командаларын тандау;
  • ауыстырып қосқыштын мәнін өзгерту;
  • мәтіндік информацияны енгізу кезінде курсордың орналасуын өзгерту;
  • мәтін енгізілетін өріс жолдарынын бірін таңдап, оған мәлімет енгізу және көптеген басқа әрекеттер.

Select (ерекшелеу, белгілеу) принципі. Программалар терезесінде құжатпен жұмыс істеу барысында бізге үнемі мәтін фрагменттерімен, үзінділермен әр түрлі операциялар орындауға тура келеді. Ол операциялар мынадай іс-әрекеттерден тұрады.

  • фрагментті көшіру, тасымалдау, жою, олардың қаріптерін, мөлшерін өзгерту, кейбір жерлеріне көленке түсіріп қараңғылау т. б. мұндай операциялар екіге бөлініп орындалады: ең алдымен біз фрагменты белгілеп алуымыз керек, ал сонан соң нақты команданы орындау. Оның түріне немесе программа талабына сай фрагментті әр түрлі тәсілдермен белгілейді. Графиктік түрдегі фрагментерді белгілеуде, әдетте сол бөлікке сілтемені алып барып, тышқанды шертуды қолданады.

Егер белгілеу барысында қандайда бір қате жіберілсе, онда фрагменттен тыс жерде тышқанды жай шерту жеткілікті-мұның нәтижесінде белгілеу әрекеті ауынып тасталынады, яғни орындалмайды.

Жұмыс істеуді жаңадан үйреніп жүргендер ешбір объектіні белгілеместен команда орындауға тырысады. Мұндай істің нәтижесі қандай болмақ? Кейде бұл команда орындаусыз қалады; кейде команда ескерілмей, еленбей де қалады; кейде команда үнсіз келісім бойынша орындалып та кетеді.

«Drag-Drop» принципі (тасымалдау және барған орнында қалдыру) . Бұл әдіспен өңделіп жатқан құжаттың белгіленген үзігін, пиктограмманын, терезені басқа орынға ауыстыруға болады.

Мысалы, егер де сүреттің бір бөлігі қайшымен қиылып белгіленген болса, онда тышқан курсорын сол сурет бөлігіне жеткізіп, оның сол немесе оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орынға ауыстыруға болады. Батырманы босатқан мезетте сурет қиығы жаңа орынға бекітіледі. Егер оны ауыстыру барысында Ctrl пернесін басып тұратын болсақ, онда жаңа орынға сол сурет фрагментінің көшірмесі орналасады. Осындай жолмен үнемі көшіру мен орнын ауыстыру амалдарын қатар қолдануға тура келеді. Мысалы, көп элементтері ұқсас болып келген күрделі схеманың суретін салу үшін оның бір элементін сызып алып, сонан соң «Drag-and-Drop» режимінде оның санын көбейте отырып, көшірмесін алуға болады. Ақырында осы әдіспен тасымалдау режимінде экрандағы элементтердің шеттерін тегістеп түзетуге болады. WINDOWS жүйесінде «Drag-and-Drop» әдісімен келесі операцияларды орындау жиі жүргізіледі:

  • үлкейтілмеген терезелермен пиктограммалардың орнын ауыстыру. Көп жағдайларда, тышқанның сол жақ батырмасымен бірге Ctrl пернесін бассақ, онда программалық элементтерді бір топтан екінші топқа көшіруге болады;
  • графикалық редактордың жұмыс аумағындағын суреттің белгіленген фрагментті жаңа орынға ауыстыру немесе оның көшірмесін алу. Мұндай фрагмент ролін басқа графиктік файлдан мәтіндік құжатқа қойылуға тиіс бейне суреттер атқарады;
  • Word редакторында мәтіндік информацияның белгілінген фрагментін басқа жерге ауыстыру немесе оның көшірмесін алу;
  • дайын белгішелер жиынынан әрбір адам өзі қолданатын құрал-саймандар тақтасын құрастыру.

Қазіргі жүйелерге «Drag-and-Drop» әдісін программалаушылар да жиі пайдаланады, олар әртүрлі объектілер жиынынан өздерінін программаларын балалар кубиктерінен сурет бейнелі жинаған тәрізді құрастылады.

«WYSIWYG» принципі (не көрсеңіз, соны аласыз) . Экранда мәтінік құжатты баспаға дайындау кезінде символдар бейнесі, басылып шыққан қағаз бетіндегі символдармен бірдей болады. WINDOWS жүйесі символдарды экранда бейнелегенде олардың шеттерін нықтап анық етіп көрсетеді, ал қағазда таңбалар бейнесі дәл экрандағыдай болмай қалуы да мүмкін. Бұларды бірдей етіп көрсету үшін арнаулы операциялар қолданылады, олар туралы мәтін редакторларын оқу кезінде айтылады.

OLE технологиясы - объектілерді байланыстыра отырып кірістіру. Бұл программаларды кірістірудегі ең басты құрал боп табылады. Ол бір программада өңделген объектіні басқа программаларды құжаттар арасына енгізіп, оны негізгі, яғни бастапқы программа құралдарымен редакцияларға мүмкіндік береді.

DDE технологиясы - объектілерді динамикалық түрде байланыстыру. Объектілерді басқа құжатқа не программалық қолданбаға енгізе отырып, негізімен байланыстырудың ең қуатты түрі, мұнда объектіні бастапқы программада түзетсек, ол түзету онымен DDE технологиясы арқылы байланысқан екінші программада да автоматты түрде жүзеге асады.

WINDOWS-ті іске қосу

WINDOWS 98 операциялық жүйесі компьютер тоқ көзіне қосылысымен жедел жадқа жүктеле бастайды. Ал, WINDOWS 3. 1. жүйесі МS-DOS үстіндегі тапсырма жүе болғандықтан әдеттегі қарапайым программа тәрізді жүктеледі, яғни оны іске қосу командалық қатарда WIN командасын теріп, енгізу пернесін басқанда ғана жүзеге асады, мысалы: С:> win командасын тергенен кейін экранға WINDOWS жүйесі жүктелу кезіндегі стандартты бейне шығады. Оның толық жүктелу уақыты 1-2 минутқа созылады. Егер мұндай уақыт өткенде де стандартты бейне экранда тура берсе, онда жүйенің жұмыс істеуінде ақау болғаны, мұндайда мамандар көмегі қажет болады.

WINDOWS жүктелгеннен кейін экранға «жұмыс столы» шығуы тиіс, WINDOWS 3. 1. жүйесінде Программа диспетчері шығады да, WINDOWS 98-те- жарлықтары мен белгішелері бар қалыптағы көрініс пайда болады.

WINDOWS жүйесімен жұмысты аяқтау

МS-DOS жүйесінде немесе сол тәрізді басқа операциялық орталарда компьютерді сөндіру ісі оп-оңай орындалады, оның тоқ келетін қосқышын ажыратса болғаны.

WINDOWS жүйесімен жұмыс істеу барысында компьютерді өшірмес бұрын мынадай әрекеттерді орындау қажет:

  • жұмыс істеп тұрған программаларды жабу;
  • WINDOWS-тен шығып жұмысты аяқтау ісін орындау.

Тек осыдан кейін компьютер өшіріледі. Неге бұлай?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
WINDOWS жүйесі
Windows операциялық жүйесінің қызметі
Windows жүйесінің негізгі функциялары
Wіndows жайлы жалпы мағлұматтар
Windows ОЖ
Windows’98 операциялық жүйесi жайлы
Информатика пәні бойынша сыртқы бөлімге арналған тапсырмалар жинағы
Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері
Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері. Негізгі функциялары
Терезенің аумағын өзгерту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz