Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы



§ 1. ЖАЗАНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
§ 2. АЙЫППҮЛ
§ 3. БЕЛПЛІ БІР ЛАУАЗЫМДЫ АТҚАРУ НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ БІР ҚЫЗМЕТПЕН АЙНАЛЫСУ ҚҮҚЫҒЫНАН АЙЫРУ
§ 4. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТУ
§ 5. ТҮЗЕУ ЖҮМЫСТАРЫ
§ 6. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША ШЕКТЕУ
§ 7. БАС БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕУ
§ 8. ҚАМАУ
§ 9. ТӘРТІПТІК ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ ҰСТАУ
§ 10. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ
§ 11. ӨЛІМ ЖАЗАСЫ
§ 12. АРНАУЛЫ ӘСКЕРИ НЕМЕСЕ ҚҮРМЕТТІ
АТАГЫНАН, СЫНЫПТЫҚ ШЕНІНЕН, ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ
ДӘРЕЖЕСІНЕН, БІЛІКТІЛІК СЫНЫБЫНАН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК
НАГРАДАЛАРЫНАН АЙЫРУ
§ 13. МҮЛІКТІТӘРКІЛЕУ
Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заң-да белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауыр-лышна қарай белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамЬІз.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті бо-лып табылатын жекелеген жазаларды қодданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға қелтірілетін айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топтарға
бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бүған жататындар: қоғамдық жүмыстарға тарту, арнау-лы, әскери немесё құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дип-ломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемле-кеттік наградадан айыру.
2. Сотталған адамның қүқығына шек қоюмен байланысты жазатүрлері: белгілі бір лауазым аткару немесе белгілі бір қыз-метпен шүғылдану қүқығынан айыру, әскери қызмет бойынша
шектелу.
3. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байла-нысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппүл, мүлікті тәркілеу;
4. Сотталған адамның қүқығынан немесе бас бостандығы-нан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бос-тандығынан айыру, кдмау, тәртіптік әскери бөлімде үстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлык жазатүрлері негізінен үш топ-қа бөлінеді: Бірінші топты негізгі жазалар қүрайды. Негізгі жа-залар дегеніміз заң бойынша жеке-дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін колданылатын жаза түрлерін айта-мыз.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысук;үқығынан айыру;
1. Конституция РК, Алматы, 1995.
2. УК Республики Казахстан, Алматы, 1997.
3. Сборник постановлений пленума Верховного Суда Республики Казахстан. Алматы, т 1-2, 1997
4. Каиржанов Е.К. Уголовная право Республики Казахстан. Общая часть Алматы , 1997
5. Поленов Г.Ф. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть - Ал¬маты, 1997; Схемы по уголовному праву Республики Казахстан.Общая часть - Алматы, 1998
6. Уголовное право (право Казахстанское, право международное) Учебное пособие. Алматы. Гылым, 1998
7. Уголовный кодекс Республики Казахстан. Общая характеристика. Срав¬нительные таблицы. Под ред. И.И.Рогова. 1-вып. - Алматы, 1997
8. Уголовное право Российской Федерации. Общая часть. Под ред. Б.В.Здра-вомыслова- - М., 1996
9. Уголовное право России. Общая часть. Под ред. А.И.Рарога. - М., 1997
10. Наумов А.В. Российское уголовное право. Общая часть. Курс лекций. -М.,1996 и др. учебники по общей части уголовного права.
11. Уголовное право. Общая часть . Учебник /Под. ред. Н.И. Ветрова, Ю.И. Ляпунова. М.1997
12. Уголовное право Казахской ССР . Общая часть . Алма-Ата 1986
13. Комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации. - М., 1996
14. Комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации. Общая часть / Под. ред. Ю.И. Скуратова, О.М. Лебедева. М. 1996
15. Комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации. / Ответ. редактор А.И. Бойко. Ростов -на- Дону . 1996
16. Комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации. Ответ. редактор В.И. Радченко. М.1996
17. Научно практический комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации. В 2 т. / Под ред. П.Н. Панченко. Н. Новгород. 1996
18. Практикум по уголовному праву . Учебное пособие / Под. ред Л.Л. Кругликова. М.1997
19. Комментарий к Уголовному кодексу Казахской ССР. - Алма-Ата., 1970
20. Курс советского - уголовного права. Т.1-3. - М., 1970
21. Курс советского уголовного права. Т.1-2. - П., 1968, 1970 .
22. Сборник задач по Общей части уголовного права. / Ответ, редакторы Н.С. Гагарин, С.М. Рахметов. Алматы, 1997
23. Сборник задач по уголовному праву Республики Казахстан / Общая часть /, / Г.Ф. Поленов, М.Н. Сыздыков. Алматы , 1994

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
§ 1. ЖАЗАНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
§ 2. АЙЫППҮЛ
§ 3. БЕЛПЛІ БІР ЛАУАЗЫМДЫ АТҚАРУ НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ БІР ҚЫЗМЕТПЕН АЙНАЛЫСУ
ҚҮҚЫҒЫНАН АЙЫРУ
§ 4. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТУ
§ 5. ТҮЗЕУ ЖҮМЫСТАРЫ
§ 6. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША ШЕКТЕУ
§ 7. БАС БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕУ
§ 8. ҚАМАУ
§ 9. ТӘРТІПТІК ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ ҰСТАУ
§ 10. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ
§ 11. ӨЛІМ ЖАЗАСЫ
§ 12. АРНАУЛЫ ӘСКЕРИ НЕМЕСЕ ҚҮРМЕТТІ
АТАГЫНАН, СЫНЫПТЫҚ ШЕНІНЕН, ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ
ДӘРЕЖЕСІНЕН, БІЛІКТІЛІК СЫНЫБЫНАН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК
НАГРАДАЛАРЫНАН АЙЫРУ
§ 13. МҮЛІКТІТӘРКІЛЕУ

§ 1. ЖАЗАНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заң-да белгіленген
соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауыр-лышна қарай белгілі тәртіппен
орналасқан жазаның түрлерін айтамЬІз.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті бо-лып табылатын
жекелеген жазаларды қодданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның
өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау
қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға қелтірілетін
айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топтарға
бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бүған
жататындар: қоғамдық жүмыстарға тарту, арнау-лы, әскери немесё құрметті
атағынан, сыныптық шенінен, дип-ломатиялық дәрежесінен, біліктілік
сыныбынан және мемле-кеттік наградадан айыру.
2. Сотталған адамның қүқығына шек қоюмен байланысты жазатүрлері:
белгілі бір лауазым аткару немесе белгілі бір қыз-метпен шүғылдану
қүқығынан айыру, әскери қызмет бойынша
шектелу.
3. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байла-нысты жазалар:
түзеу жұмыстары, айыппүл, мүлікті тәркілеу;
4. Сотталған адамның қүқығынан немесе бас бостандығы-нан айыруға
байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бос-тандығынан айыру, кдмау,
тәртіптік әскери бөлімде үстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа
түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлык жазатүрлері негізінен
үш топ-қа бөлінеді: Бірінші топты негізгі жазалар қүрайды. Негізгі жа-залар
дегеніміз заң бойынша жеке-дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру
үшін колданылатын жаза түрлерін айта-мыз.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен
айналысук;үқығынан айыру;
в) қоғамдық жүмыстарға тарту;
г) түзеу жүмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығынан шектеу;
ж) қамау;
з) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;
и) бас бостандығынан айыру;
к) өлім жазасы қолданылуы мүмкін.
Екінші топқа қосымша жазалар жатады аныңмақсатын жүзеге асыруда оған
көмекші роль атқа-ратын жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Соты Пленумының "Жаза тағайындалғанда соттардың зандарды дұрыс қолдануы
туралы" 24 маусым 1993 жылғы № 3 қаулы-сының 16-тармағында "соттардың
қосымша жаза тағайындау мәселелеріне баса назар аударғаны жөн, өйткені
негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу оны даралай көрсету
принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуге
көмектеседі"1, — делінген. Сондықтан да қылмыстық заңның баптарының
санкцияларында қосымша жазаларды қол-дану немесе қолдану мүмкіндігі
көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған
шешімнің тұжы-рымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша
жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің
қабылданбауына сілтеме жасалмайды. Кінәлі сотталған кезде ол жауапқа
тартылған қылмыстық заңның бап-тарында қосымша жаза қолдану міндетгі деп
көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар
болған жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімнің
дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған қосымша жазаны
қолданбауы мүмкін.
Қосымша жаза жеке-дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға
қосылып тағайындалады.
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен,
дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік
наградаларынан айыру;
б) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін (39-бап, 2-бөлігі).
Үшінші топқа негізгі де, қосымша да жаза ретінде қолданы-латын жазалар
жатады. Оларға жататындар: айыппүл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе
белгілі бір қызметпен айна-лысу құқығынан айыру. Осы көрсетілген жаза
түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе басқа жазаға занда
белгі-ленген реттерде қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін.
Сонымен, қолданылып жүрген қылмыстық занда мазмұны мен мәні әр түрлі жаза
түрлері көрсетілген. Бүл жаза-ларды дұрыс қолдану — қылмыспен тиімді күрес
жүргізудің негізгі шарты болып табылады. Енді осы жазаның жекеленген
түрлеріне сипаттама береміз.
§ 2. АЙЫППҮЛ
Қылмыстық кодекстің 40-бабы бойынша: "Айыппұл — осы Кодексте
көрсетілген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне
қолданылып жүрген айлык есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес
келетін мөлшерде не сот-талған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған
сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайын-
далатын акдіа өндіріп алу (40-бап, 1-бөлігі).
Қылмыстық кодекстің 40-бабында көрсетілгендей айыппұл негізгі немесе
қосымша жаза қатарында қолданылуы мүмкін. Қылмыстық жаза шарасы ретінде
айыппұл төлеуге сотталған адам белгілі бір материалдыққиындыққатап болады.
Айыппұл-дың жазалау қасиеті дәл осындай жағдайда көрініс табады. Кінәлі
адамнан үкім бойынша ақшалай өндіру сотталған адам және басқалар үшін
тәрбиелік мәні зор және мұның өзі қыл-мыстан сакгандыруда ерекше роль
атқарады. Айыппұл негізгі және қосымша жаза ретінде тек қана заңца
көрсетілген ретге және соның шегінде ғана қолданылады.
Егер айыппұл қылмыс сараланған баптың санкциясында көрсетілмеген
болса, онда ол негізгі немесе қосымша жаза ретін-де қолдануға жатпайды. Тек
қана мұндай жағдайда айыппұлды Қылмыстық кодекстің 55-бабы бойынша занда
көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындауға негіз болғанда ғана қолда-
нады.
Айыппұл Қазақстан Республикасының зандарымен белгілен-ген айлық
есептік көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде немесе
сотталған адамның жалақысының не-месе екі аптадан бір жылға дейінгі
кезендегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін
жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағ-дайын ескере
отырып сот белгілейді. Айыппүлдың нақты мөлшері істелген қылмыстың
ауырлығына, кінәлінің материал-дық, отбасылық жағдайларына, істің нақгы
жағдайларына бай-ланысты сот арқылы жеке-дара анықталады. Занда айыппүлдың
төменгі және жоғарғы шегі көрсетілген. Егер сот айыппұл төлеу-дің негізіне
айлық есептік көрсеткішті алса, онда ол жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі
шекте тағайындалады. Егер сот айыппұл төлеудің негізіне сотталған адамның
жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге
табысының мөлшерінде: екі аптадан бір жылға дейін тағайын-далады. Занда
айтылған өзге де табыстар деген ұғымға жалақы-дан басқа алатын жеке еңбек
қызметі, авторлык қаламақы, мүлікті жалға беруден табатын табыстары жатады.
Қылмыстық-атқару құқығы бойынша айыппұлды орындау сотқа жүктеледі. Сот үкім
күшіне енгеннен кейін бір ай мерзім ішінде сотталған адамға айыппұлды
төлеуді міндеттейді. Егер сртталған адамның айыппұлды уақытында төлеуге
мүршасы жоқ болса, онда сот сотталғанның өтініші бойынша оны бөліп төлеуді
немесе төлеу-ді завда белгіленген мерзімге кейінге қалдыруға қүқылы. Егер
сотталған адам айыппүлды дер кезінде төлемесе, жазаның бұл түрі сот арқылы
күшпен орындалуға жатады. Занда айыппұлды төлеуден әдейі жалтарғаны үшін
жауаптылық белгіленген. Әдейі жалтару деп сотгалған адамның өзінің ақша
каражаттары басқа да мүмкіндіктерін төлеуден әдейі жасырып оны төлеуден
ашық бас тартуы болып табылады.
Жазалаудың негізгі түрі ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейі
жалтарған жағдайда ол осы Кодекстің42,43 және 46-баптарында көзделген
ережелер сақтала отырып, айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшеріне
тиісінше айыппүл сомасы үшін тиісінше бір ай түзеу жұмыстарының, немесе сек-
сен сағат қоғамдық жұмыстарға тартудың, немесе он күнге камаудың ебебінен
коғамдық жұмысқа тартумен түзеу жұмыс-тарымен немесе қамаумен ауыстырылады.
§ 3. БЕЛПЛІ БІР ЛАУАЗЫМДЫ АТҚАРУ НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ БІР ҚЫЗМЕТПЕН АЙНАЛЫСУ
ҚҮҚЫҒЫНАН АЙЫРУ
кұқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу немесе
өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады (41-бап).
Қылмыстық кодекстін осы бабында екі түрлі әр түрлі жаза біріктірілген:
белгілі бір лауазымды атқарудан және белгілі бір кәсіппен айналысу
құқығынан айыру.
Жазаның бұл түрі сот арқылы істелген қылмыстың мәніне қарай сотталған
адамды одан әрі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсіппен
шұғылдануы мүмкін болмайтын жағдайдатағайындалады. Мұндай жаза, мысалы
көлік құралда-рын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құрал-дарын
пайдалану ережелсрін бұзғаны үшін (296-бап), тұтыну-шыларды алдаған
адамдарға (223-бап), қызмет бабын пайдала-нып сеніп тапсырылған бөтен
мүлікті иемденген немесе ысы-рап еткен лауазым адамдарына (176-бап)
қолданылуы мүмкін.
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану
құқығынан айыру қылмыстық жаза шарасы ретінде істелген қылмыстың мәніне
қарай кінәлі адамды белгілі бір лауа-зым иесі болу немесе белгілі бір
қызметпен шұғылдану қүқығы-нан айыру қажет болғанда, мұндай адамдарға осы
қүқықтарды одан әрі жүзеге асыруға сеніп тапсыруға болмайтын реттерде
қолданылады.
Мұндай жазаны қолдану негізінен кызмет бабын немесе кәсіптік қызметін
пайдаланып қылмыс жасайтындардың қылмысты қайталап жасауына бөгет қою,
мұндай тәсілмен қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Белгілі бір
лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылданудың өзара айыр-
машылығы мынада: біріншісі сотталған адамды мемлекеттік қызметге белгілі
бір лауазым иесі болуға тыйым салады. Мыса-лы, материалдық жауапкершілікке
байланысты лауазымдық қызмет атқармау.
Екіншісі, сотталған адамның белгілі қызметпен (кәсіппен) шұғылдануына
тыйым салу. Мысалы, дәрігерлікпен шұғылда-нуға, адвокаттықпен шұғылдануға
тыйым салу, көлік құралда-рын жүргізуге байланысты кәсіпті атқаруды тыю,
т.б. ҚК-тің 41-бабының 2-бөлігіне сәйкес:
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі
мерзімге және жазаның қосымшатүрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі
мерзімге белгіленеді.
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру негізгі жаза ретінде қылмыстық заң-ның санкцияда ол туралы
арнайы көрсетілген ретінде немесе Қылмыстық кодекстің 55-бабының
талаптарына сай жеңілірек жаза тағайындау кезінде қолданьшады.
Жазаның бұл түрі қосымша жаза ретінде істелген іс-әрекет сараланатын
қылмыс кұрамының санкцияларында арнайы көрсетілген жағдайда немесе заңның
санкциясында көрсетіл-месе де кінәлінің істеген іс-әрекетінің мәніне қарай
сот оны белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен
шұғылдану құқығынан айыру қажет деп тапса қолданылады. Мысалы, медицина
қызметкерлерінің мамандық міндеттерін тиісті орындамаудың салдарынан
адамның еңбек қабілетінің үштен бір бөлігі тұрақты жоғалса немесе ұзақ
уақытқа денсау-лығы бүзылып айыппұлға немесе бас бостандығына шек коюға
жазалаумен бірге (114-бап, 1-бөлік) қосымша жаза ретінде дәрігерлік
қызметпен белгілі бір уақытқа шұғылдану қүқығы-нан айыру жазасын
тағайындауға да болады.
Сонымен, Қылмыстық кодекстің 41-бабының талабына сәйкес сот белгілі
бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыз-метпен шұғылдану құқығынан бұл
жаза түрі заңның санкция-сында көрсетілмесе де оны қолдану қажеттілігі
туралы үкімде көрсетіле отырып қосымша жаза ретінде қолдануға құқылы.
Сотталған адамдар сот белгілеген мерзім ішінде бұрынғы істеп жүрген
жүйесінде мүлдем жұмыс істемеу туралы тыйым салуы заңда көрсетілмеген.
Мысалы, белгілі сот үкімі бойынша қойма меңгерушісі лауазымын атқаруға
тыйым салынған адам, сол жүйеде жүк тиеуші, күзетші және басқа да
материалдық игілік-терді басқаруға қақысы жоқ жұмыспен айналысуға құқылы
немесе дәрігерлік юлзметпен шұғылдану құқығынан белгілі бір мерзімге
айрылған адам сол салада басқа жұмысты, атап айтқан-да, санитарлық,
шаруашылық меңгерушісі, лаборатория кыз-меткері сияқты жұмыстарды атқаруға
қүқылы. Белгілі бір лауа-зым иесі болу немесе белгілі бір қылмыспен
шұғылдану құқығы-нан айыру жазасын орындаудың тәртібі мен шарттары арнаулы
Ережеде көрсетілген.
Қылмыстық жазаның осы түрін қолдану барысында жаза-ның орындалу
мерзімін есептеудің маңызы аса зор.
Бұл жазаны бостандығын шектеуге, камауға алуға, тәртіптік әскери
бөлімде ұстауға немесе бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретінде
тағайындау кезінде ол жазалаудың атал-ған негізгі түрлерін өтеудің барлық
уақытына қолданылады, бірақ бұл орайда оның мерзімі олардың өтелген сәтінен
бастап есептеледі. Жазалаудың басқа негізгі түрлеріне қосымша жаза түрі
ретінде белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған
жағдайда, сондай-ақшарттытүрде сотталған кез-де оның мерзімі үкім занды
күшіне енген сәттен бастап есепте-леді.
Осы жаза қолданылған сот үкімі күшіне енгеннен кейін ол касақана
орындалмаса оған кедергі жасаған адам Қылмыстық кодекстің 362-бабы бойынша
жауапқа тартылады.
§ 4. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТУ
Қоғамдық жұмыстарға тарту деп жергілікті өкімет органда-ры белгілеген
жұмыстарды сотталған адамның қоғамның пай-дасына тегін істеуі айтылады.
Жазаның бүл түрі негізгі жаза ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөліміндегі баптардың санкцияларында тікелей көрсетілген жағдайларда ғана
қолда-нылады. Қоғамдықжұмыстардың сот ұзақтығын 60 сағаттан 200 сағатқа
дейін, күніне 4 сағаттан аспайтын мөлшерде тағайын-дайды және сотталған
адам оны негізгі жұмысынан және окуы-нан бос уақытындатегін өтейді.
Сотталған адамдардың істейтін қоғамдық жұмыстарының тізбегі жергілікті
өкімет немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы белгіленеді. Сот-
талған адам қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған рет-те олар осы
Кодекстің тиісінше 45 және 46-баптарында көзделген мерзімдер шегінде бас
бостандығын шектеумен не-месе қамауға алумен ауыстырылады. Бұл орайда
сотталған адам қоғамдық жұмысты өтеген уақыт сегіз сағат қоғамдық жұмыс
үшін бас бостандығынан шектеудің немесе бір күн камауда болу есебімен
есептеледі.
Әскери қызметшілерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан
асқан еркектерге, жүкті әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар
әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа
тарту тағайындалмайды.
§ 5. ТҮЗЕУ ЖҮМЫСТАРЫ
Түзеу жұмысы сотталған адамды мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, үкімде
көрсетілген мерзімде оның ай сайынғы табы-сының бір бөлегін мемлекет
пайдасына ұстауды білдіретін қыл-мыстық жазаның бір түрі болып табылады.
Бұл жаза жазаның тек негізгі түрі ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінің санкцияларында арнаулы көрсетілген реттерде ғана қолданы-лады.
Түзеу жұмысына сотталған адам бас бостандығынан айырыл-майды,
отбасынан, еңбек ұжымынан бөлінбейді, өзінің жұмы-сын, қызметін сотталғанға
дейін еңбек еткен ұжымында жал-ғастыра береді. Оның түзелуі осы өзі істеген
еңбек ұжымы шең-берінде, қоғамнан оқшауланбай жүзеге асырылады. Мұның өзі
сотталған адамға еңбек ұжымы әкімшілігінің, отбасы мүше-лерінің,
жақындарының бақылау жүргізуіне толық мүмкіндік береді.
Сонымен бірге түзеу жүмысы бас бостандығынан айыру жазасы сияқты
сотталған адамға белгілі бір дәрежеде жазалау ықпалы арқылы да әсер етеді.
Түзеу жұмысы тағайындалған сотталған адамның түзелуі міндетті түрде
қоғамға пайдалы еңбекке қатыстырыла отыры-лып бұрынғы немесе басқа үйымда
жүзеге асырылады. Жазаны өтеу мерзімінде сотталған адамның еңбегі мәжбүрлі
сипатқа ие болады. Жаза өтеу мерзімінде оның жалақысының белгілі бір бөлегі
мемлекет пайдасына өндіріледі. Түзеу жүмысы жазасын өтеу мерзімі
жеңілдіктер мен жалақыға қөсымша алуға негіз болмайды. Бұл жазаға сотталған
адамдар өз бетінше жұмыстан кетіп қалуға қақысы жоқ. Мұндай ретте жұмыстан
босану үшін жазаның орындалуын іске асыратын — қылмыстық өрындау
инспекциясының келісімі қажет. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық
кодексі бойынша түзеу жұмыстары адамның жұмыс орны бойынша ғана өтеледі.
Түзеу жұмысын жұмыс орнында өтеу деген сөз сотталған адамды бұрынғы
сөтталғанға дейін лауазымында немесе кәсібімен шұғылдана беруге болады
деген мағынаны білдірмейді. Егер қылмыс лауазымды жағдайы-на немесе кәсіби
қызметіне байланысты жасалған болса, онда сотталған адам басқа жұмысқа
немесе басқа жұмыс орнына ауыстырылуы мүмкін. Бірақ үкім сотталған адамның
жұмыс орнында өтелуі тиіс. Түзеу жұмыстары екі айдан екі жылға дейінгі
мерзімге белгіленеді және сотталған адамның ай сайын-ғы табысынан 5
проценттен 20 процентке дейінгісі мемлекет кірісіне үсталады.
Қылмыстық кодекстің 43-бабының 3-бөлігіне сәйкес:
Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен
белгіленген мөлшерде, бес проценттен жиырма про-центке дейінгі шекте
мемлекеттің кірісіне ұстап қалу жүргізіледі.
Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұракты жұмысы жок не-месе оқу орнында
өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға
болмайды. Мұндай адамдарға, егер осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті
баптың санкциясымен айыппұл түрінде жаза көзделмеген болса, бір ай түзеу
жұмысы үшін заңмен белгіленген бір айлық есепті көрсеткішке тең айыппұл
сомасының есебінен сот түзеу жұмыстарының орны-на айыппұл тағайындауы
мүмкін. Егер аталған мән-жайлар жа-заны өтеу кезінде пайда болса, сот түзеу
жұмыстарын айыппұл салумен де ауыстыра алады.
Жаңа Қылмыстық кодексте түзеу жұмыстарына сотталған адамның жазасын
өтеуден әдейі бұлтарғаны үшін жауаптылық белгіленген. Мұндай жағдайда сот
түзеу жұмыстарының өтел-меген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығын
шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазалауға
ауыстыра алады.
Қылмыстық орындау заңы бойынша: 1) Сотталған адамға инспекцияның
жұмысқа кірісу туралы берген ескертпесінен 15 күн өтіп кетсе; 2)
инспекцияға жазбаша ескертпеден кейін се-бепсіз жағдайлармен келмесе; 3)
белгіленген міндеттерді және тыйым салынған әрекеттерді жазбаша ескертуден
кейін бұзса; 4) бұрынғы ескертуге қарамастан тағы да жұмысқа мас күйінде
келсе немесе жұмысқа мүлдем келмей қалса; 5) сотталған адам түзеу жұмысын
өтеуден бас тарту мақсатында бой тасалап қалса, олар әдейі жалтарған деп
саналады.
Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау қылмыстық орындау
инспекцияларына жүктелген. Оны орындаудыңтәртібі Қазақстан Республикасы
Қылмыстық атқару кодексімен рет-теледі.
§ 6. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША ШЕКТЕУ
Әскери қызмет бойынша шектеу жазаның негізгі түрі бо-лып табылады.
Қылмыстық кодекстің 44-бабының 1-бөлігіне сәйкес: келісім-шарт бойынша
әскери қызмет өткеріп жүрген, соттал-ған әскери қызметшілерге, сондай-ақ
шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге осы Кодекстің Ерекше
бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда әскери қыз-метке қарсы
қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп
жүрген, сотталған әскери кызметшілерге осы Кодекстің Ерекше бөлімінің
тиісті баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына үш айдан екі жылға
дейінгі мерзімге әскери қызмет бойынша шектеу тағайындалады.
Сонымен, қылмыстық занда осы бапты қолдану үшін бірне-ше шарттар
белгіленген. Біріншіден, бұл жаза келісім-шарт бойынша әскери қызмет өтеп
жүрген сотталған әскери қыз-метшілерге; екіншіден, шақыру бойынша әскери
қызметін өтеп жүрген офицерлерге; үшіншіден, бұл жаза көрсетілген адам-
дардың тек әскери қызметке карсы (Қылмыстық кодекстің 16-тарауы) қылмыс
жасағаны немесе Қылмыстық кодекстің Ерек-ше бөлімінің тиісті баптарында
көзделген түзеу жұмысының орнына қолданылуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 44-бабының 2-бөлігінде әскери қыз-мет бойынша
шектеудің екі түрі көрсетілген: 1) Осы жазаны өтеу кезінде сотталған
адамның лауазымы көтерілмейді (бата-льон командирі полк командиріне,
дивизия командирі армия командирі лауазымына).
2) Осы жазаны өтеу кезінде сотталған адамның кезекті әске-ри атағы
жоғарыламайды (мысалы лейтенант аға лейтенантқа, аға лейтенант капитанға
жоғарыламайды). Бұл жазаны өтеу мерзімі әскери атақ беру үшін еңбек
сіңірген мерзімге есептел-мейді.
Қылмыстық кодекстің 44-бабында көрсетілмеген әскери қызмет бойынша
шектеуге жол берілмейді.
Осы жазаны өтеу мерзімі Қьшмыстық кодекстің 44-бабының 1-бөлігінде үш
айдан екі жылға дейінгі мерзім деп белгіленген.
Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған адамның үлес қаражатынан
соттың үкімімен белгіленген, бірақ 20 процент-тен аспайтын мөлшерде
мемлекетгің кірісіне ақша ұсталып қала-ды (44-бап, 2-бөлігі).
§ 7. БАС БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕУ
Бас бостандығын шектеу сотталған адамды қоғамнан оқшау-ламай арнаулы
мекемеде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзім-ге оны қадағалауды жүзеге
асыру жағдайында үстаудан тұрады. Бас бостандығын шектеуді қоғамдық
жұмыстарға тартумен не-месе түзеу жұмыстарымен ауыстырған жағдайда ол бір
жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін (45-бап, 1-бөлігі).
Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде жеке-дара тағайында-лады. Бас
бостандығынан шектеу негізгі жазаға балама ретінде Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөлімінің көптеген баптарының санкцияларында арнайы көрсетілген.
Мысалы 108-баптағы ден-саулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру, 101-
баптағы абайсызда кісі өлтіру, 102-баптағы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткі-
зу, т.б. құрамдар. Бас бостандығынан шектеуге сотталғандар жазаны арнаулы
мекемелерде — қоныс колонияларында Рес-публика көлемінде өтейді. Жергілікті
өкімет және басқару ор-гандары осы жазаны өтеуге жіберілгендерді еңбекке
орналас-тыруға міндетті. Бас бостандығынан шектеу мерзімі заңда 1 жылдан 5
жылға дейінгі мерзім деп белгіленген. Заң бойынша бас бостандығынан шектеу
мына адамдарға қолданылмайды:
— кәмелетке толмағандарға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге,
жүкті әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, елу бес
жасқатолған әйелдерге, алпыс жасқатолған еркектерге, қасақана қылмыс
жасағаны үшін соттылығы бар адамдарға, сондай-ақ шақыру бойынша әскери
қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге (45 бап, 3-бөлігі).
Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден әдейі жалтарған
жағдайда сот бас бостандығын шектеудің өтел-меген мерзімін нақ сол мерзімге
бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыра алады. Бұл орайда бас
бостандығын шектеуді өтеу уақыты бас бостандығын шектеудің бір күні үшін
бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығы-нан айыру
мерзіміне есептеледі (45-бап, 2-бөлігі).
Бас бостандығынан шектеу жазасын өтеудің тәртібі және шарттары
Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару ко-дексі бойынша белгіленеді.
§ 8. ҚАМАУ
Бүрынғы Қазақ ССР Қылмыстык, кодексінде қамау жаза түрі ретінде
қарастырылмаған еді. Жазаның бұл түрі тұңғыш рет Қазақстан Республикасы
жаңа Қылмыстық кодексінде негізгі жаза ретінде енгізіліп отыр. Қылмыстық
кодекстің 46-бабы, 1-бөлігіне сәйкес қамау дегеніміз сотталған адамды
тағайын-далған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң окдіаулау жағ-
дайында ұстау болып табылады.
Қамау өзінің мәні жөнінен қысқа мерзімдегі бас бостандығы-нан айыру
болыптабылады. Қамау негізгі жаза ретінде сот арқы-лы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылық босату түрлері
Қылмыстық жазаны қолдану - тек қана соттың құзыреті
Жазаның белгілері
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері
Қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары. Түзеу жұмыстары
Қылмыстық құқықтық міндеттері
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының жазалар жүйесінің ұғымы, түрлері және маңызы
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.
Жазаның жүйелері және түрлері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗYШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ
Пәндер