XVII ғасырдың I- жартысындағы еуропадағы халықаралық жағдай және отызжылдық соғыс


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы

Кіріспе . . . 4

I - тарау. XVII - ғасырдағы Еуропадағы

халықаралық жағдай . . . 12

II - тарау. Отызжылдық соғыстың басталуы және оған қатысушы мемлекеттердің саяси ұстанған бағыты . . . 28

2. 1. Отызжылдық соғыстың бірінші Чех - пфальцк кезеңі

(1618 - 1624ж. ж. ) . . . 28

2. 2. Отызжылдық соғыстың екінші Даттық кезеңі

(1625-1629ж. ж. ) . . . 31

2. 3. Отызжылдық соғыстың үшінші Шведтық кезеңі

(1630 - 1635ж. ж. ) . . . 37

2. 4. Отызжылдық соғыстың төртінші Франк - шведтық кезеңі (1635- 1648ж. ж. ) . . . 43

III - тарау. Отызжылдық соғыстың аяқталуы. Вестфаль бітім шарты . . . 46

Қорытынды . . . 51

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 58

Кіріспе

Орта ғасырдың XVII - ғасырында Батыс және Шығыс Еуропа елдерінің тарихы байланысқа түскен кезеңі еді.

Олардың тарихын орта ғасырдың күрделі де маңызды оқиғасы Отыз -жылдық соғыс біріктірген еді. Бұл бірінші жалпыеуропалық соғыс еуропа саясатындағы жағдайды үлкен бұрылысқа әкелген еді. Бұл оқиғада орта ғасыр мен жаңа кезең, дәстүр мен мемлекеттік қызығушылық, конфессионализм мен рационализм бір - бірімен шиелініскен кез еді. Отыз -жылдық соғыс кезінде халықаралық қатынастың Еуропадағы жаңа арнаға бұрылуы байқалды.

Жаңа кезеңдегі Еуропа қазіргі тарихнама мен қоғамдық көзқараста батысеуропалық елдердің көз алдарында революциялық төңкеріс пен Рефор -мацияның әсерінен мұнда рухани және діни бостандықтарға, капитализмнің дамуына әкелуі, экономика мен саясатының еркін дамуына әкелді. /1/ Сонымен қоса Отызжылдық соғыс кезіңде бір - бірімен кездескен екі феодалдық және ұлттық - абсолюттік концепциялары үшінші буржуазиялық концепцияның пайда болуына және дамуына әкелді. Отызжылдық соғыстың барысында пайда болған және дамыған бұл тұжырым кейінірек Англия дипломатиясында айқын байқалды.

XVII - ғасырдың I - жартысында және ортасында бүкіләлемдік қарым - қатынаста үш фактор маңызды роль атқарды.

Бірінші фактор - ұлттық - абсолюттік мемлекет пен католиктік Габсбургтер империясының арасындағы күрес.

Екіншісі - Нидерландия және Ағылшын революциясында көрініс тапқан саяси өмірдегі абсолютизм мен ертекапиталистік тенденциялардың қақтығысы.

Үшінші фактор - бұл реформация кезінен басталған Еуропаның конфессионалдық: католиктік және протестанттық лагерьге бөлінуі еді.

Міне осы факторлар отызжылдық соғыстың дипломатиялық комбинациясы мен оқиғасының түп негізінде осы үш фактор жатты. Олар жалпыеуропалық мінез беріп қорытынды жасады.

XVII - ғасырда кез - келген саяси әлде экономикалық мемлекетаралық қарым - қатынас кезінде болған дағдарысты басқа Еуропа мемлекеттерінен жеке алып қарастыра алмаймыз. Себебі, жоғарыда айтып кеткендей XVII - ғасырдан бастап Еуропа мемлекеттерінің «кіндігі бір» болды деп айта аламыз.

Сондықтан да, XVII - ғасырдағы Еуропа мемлекеттері арасындағы дипломатиялық, саяси және экономикалық қарым - қатынастың «ақтандақтары» әлі күнге дейін ашылмай жатыр деуімізге болады.

Міне осы себептерге байланысты біз дипломдқ жұмыстың тақырыбын «XVII - ғасырдағы Еуропадағы халықаралық жағдай және Отызжылдық соғыс »деп алдық.

Дипломдық жұмыс жазу кезінде қойған басты мақсатымыз XVII - ғасырдағы Еуропадағы халықаралық саяси - дипломатиялық жағдайды және Отызжылдық соғысқа әкелген себептерді зерттеу.

Ал, басты міндетім:

  1. XVII - ғасырдағы Еуропа мемлекеттерінің халықаралық қатынастағы саяси - дипломатиялық жағдайларын зерттеу.
  2. Отызжылдық соғысқа қатысушы мемлекеттердің саяси ұстанған бағытын зерттеу.
  3. Отызжылдық соғыстың аяқталуы мен Вестфаль бітім шартына шолу жасау.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі XVII - ғасырдағы Еуропадағы халықаралық жағдайдың шиеленісуінен Отызжылдық соғыстың басталуы әлемдегі саяси тепе - теңдікті бұзып, жаңа ғасырға аяқ басуы алдында Еуропа мемлекеттерін сұрыптауға салды. Осы кезде Еуропа территориясындағы мемлекеттердің ішінен ең мықты мемлекеттер бөлініп шығуына әкелді.

Сонымен қоса Отызжылдық соғыс кезінде бір - бірімен кездескен екі феодалдық және ұлттық - абсолюттік концепциялары, үшінші буржуазиялық концепцияны түғызды. Және де діни соғыстар, діни қызығушылықтар артта қалып, мемлекеттік қызығушылық алдыға шыққан кез болатын.

Дипломдық жұмысты жазу кезінде біз XVII - ғасырдағы өткен Еуропа мемлекеттерінің тарихын зерттеп ғылыми еңбектерді қолдандық. Әсіресе, біздің замандастарымыздың еңбектерін қолданғанды жөн көрдік. Себебі, қазіргі кездегі тарихшылардың көз - қарасы XVII - ғасырдағы тарихшылардың көз - қарасынан әлде - қайда нақтырақ, себебі ол кездегі тарихнамашылар императорлардың немесе шіркеулердің нұсқасымен, олардың «көз - қарасымен» жазылған еді. Сондықтан да, «жаңа көз - қараста» жазылған еңбектерден жазғанды дұрыс деп таптым.

Жаңа шетелдік ғылыми зерттеулерінде басқа жаңаша ойлар кездеседі.

Кейбір зерттеушілердің айтуынша Отызжылыдық соғыс кезінде мемлекет - аралық және мемлекет ішіндегі көптеген қақтығыстар, сұрақтар шешілмей қалған, керсінше олар XVII - ғасырдың I - жартысында басқа оқиғалардың тууына әкеліп, өз жалғасын тапқан, Шығыс Еуропа территориясында шетте қалған жоқ, ал содан соң бұл қақтығыстар испан мұрагерлігі үшін соғыста жалғасын тапқан дейді.

Тарихи зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде біз Отызжылыдық соғысты жеке қарастыра алмаймыз, сондықтан да мен басында XVII - ғасырдың I - жартысындағы Еуропадағы халықаралық жағдайды қарастырдым. Сондықтан да бірінші тараудың тақырыбын «XVII - ғасырдағы Еуропадағы халықаралық жағдай» деп атадым.

Бұл тарауда қарастырған ең басты мәселем ол Габсбургтер әулетінің күшеюіне байланысты, Еуропадағы саяси және дипломатиялық тепе - теңдіктің бұзылуына әкелді. Міне осы уақыттан бастап Еуропадағы жағдай шиеленіске түскен еді. Еуропада XVII - ғасырда қалыптасқан «жағдайды» зерттеу үшін А. Д. Люблинскаяның «Франция в начале XVII - го века» еңбегін қарастырып, ондағы Францияның XVII - ғасырдағы саяси және дипломатиялық рөлімен таныстық. Сонымен қоса Б. Ф. Поршневтің «Тридцатилетняя война» еңбегімен жұмыс істеу барысында, ондағы « . . . Отызжылыдық соғыс конфессионалдық күрес болған жоқ, ол Германия мен Еуропаның территория үшін жүргізген соғыс . . . »деген автордың тұжырымдамасымен толық келісуге болады. /2/ Себебі бұл кезде әрбір Еуропалық мемлекет басшылары, өз елін әлемдік держава қылу ойларын жүзеге асыруды мақсат ететін, ал дінді олар «қолшатыр» ретінде қолданып, түп нұсқадағы ойларын жасыруға тырыстПоршневтің Отызжылыдық соғыс 1617 жылдыңсоныңда басталды деуге болады, деген ойымен де келісуге болады. Себебі, Фердинанд Штирийскидің (1619 жылы император атанды) агрессиялық саясатының арқасында Францияға қарсы қолданылған, ол агрессиялық саясатты біз Франциядан Эльзас ландграфтігін Испандық Габсбургтерге алып беріп, Францияны габсбургтердің «қойнына» тығып берді десе де болады Сонымен қоса, Фердинанд Чехияның екі қаласындағы протестанттық шіркеулерді жабуы, чех халқының бостандығына қол сұғу болып еді, ол 1618 - 1620 жылдары Чехиядағы өткен Габсбургтерге қарсы көтеріліске алып келді. Жоғарыда айтылған себептер, Отызжылдық соғыстың басталуына алып келді. Ал, неміс тарихшысы Х. Шиллинг, мемлекеттік - саяси ахуалдарды зерттеу кезінде конфессионализм мен менталитетке көп көңіл бөледі. Оның ойынша дін мен шіркеу жүйенің астында болмаған, керісінше ол жүйенің дінгегі болған дейді. Ал, мемлекеттік құрылыс пен «ұлттық біртектілік» бір - бірімен мүлдем ұқсамайтын жүйелер болса да, екеуі тығыз байланыста еді дейді неміс тарихшысы. /3/

Әрине Шиллингтің ойы Поршневтің тұжырымына қарсы келеді.

Өз ойын жалғастыра келе Шиллинг, «Ұлт» XIX ғасырдың басты категориясы болса, ал «конфессия» - конфессионалдық ғасыр XVII ғасырдың басты категориясы болды дейді. /4/ Шиллингтің бұл ой - тұжырымдамасы оның американдық әріптестері Х. Роуэн мен К. Харлингтің, және ағылшындық әріптесі Х. Кенигебергтің тұжырымдамаларымен сәйкес келеді дейді Л. И. Ивонина «Тридцатилетняя война и Восточная Европа» мақаласында. /5/

Дипломатиялық сұраққа келетін болсақ Шиллинг жаңа заманның бас кезінде халықаралық қарым - қатынас - әулет, конфессия, мемлекеттік қызығушылық және дәстүр сияқты даму дәрежелерінен өтеді дейді. XVI ғасырдың соңында Мадрид - Вена - Варшава өсі пайда болып, Отызжылдық соғыстың соңына дейін сақталды. /6/

Демек, әрбір мемлекет өз қызығушылықтарын қуа отыра, XVII ғасырда жалпыеуропалық дағдарыс Отызжылыдық соғысқа алып келді. Сондықтан екінші тараудың атын «Отызжылыдық соғысытың басталуы және оған қатысушы мемлекеттердің саяси ұстанған бағыты» деп алдым. Бұл тарауда мен отызжылдық соғыстың төрт кезеңің қарастыра отыра, соғыс кезіндегі жағдайды қарастыра отыра, ондағы басты басты қатысушы мемлекеттерді айқындадық. Отызжылдық соғыстың төрт кезеңінде де, оған «демеу» беріп отырған, өз саясатының арнасына қарай бұрып отырған Франция мемлекеті -

нің рөлін көрсетуге болады. Бірақ, соғыс алаңы Германия болғанымен, ол аса күрделі рөл ойнамады. Ал, Франциядан кейін басты рөл ойнаған, Испандық және Австриялық Габсбургтер әулеті. Әрине, Францияны бірінші орынға қойып отырған себебіміз, ол Ришелье мен Мазарини кезіндегі оның дипломатиялық күшеюіне байланысты.

Францияның саясаты Ю. Е. Ивонин мен Л. И. Ивонинаның «Тридцатилетняя война и германская политика Франции» мақаласында жақсы жазылған.

Онда, Франция мен Германия арасындағы қарым - қатынасқа байланысты фактілер жазылған. Саяси - діни күрес XVI ғасырдың және XVII ғасырдың I жартысындағы Батыс және Орталық Еуропада өткен әлеуметтік - саяси тарихи даму тенденциямен тығыз байланысты болып, бұл дағдарыстардың шиеленіскен жері - Германия болды деп көрсетілген. /7/ Ал, Д. Эллиот және басқа тарихшылар Француздың кардинал ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құрып, римдік папа және Еуропаның ұсақ мемлекеттерінің Франциядан көмек сұрап, оған арбитр және делдал ретінде қарауына әкелгісі келді дейді. /8/Поршнев те Ришелье кезіңдегі Француз саясатын зерттей келе, оның « . . . одақтастар іздеп, оларды қару ретінде қолданып, өз қаржыларының арқасында «соғысқа тікелей» қатыспауына жол берді». Ришелье Габсбургтерге қарсы дипломатиялық айлаларды қолданып, «оны Еуропаның ортақ идеясы қылып қойды. Оның ойы мен комбинациясы жалпыеуропалық болғансын күшті еді . . . ». Поршнев Франция саясатының «екі жүздігін» айта отырып, оның 1626 - 1628 жылдардағы Ришельенің «габсбургтер лагеріне» ауысып кетуін қатты сыңға алып, оған «ақтау»таба алмаған. /9/ А. Д. Люблинскаяның ойынша, «Франция үшін тек қана өзінің солтүстік және шығыс шекараларын қорғау ғана керек болған, содан соң XV ғасырда Бургундия жаулап алған ескі француз облыстарын қайтару болатын» деп көрсетеді. /1 Ал, П. П черкасовтің ойынша Ришелье Еуропада және Германияда Реформацияның орнағаның қалаған еді дейді. /11/

Ал, Мазарини туралы шетел тарихнамасында өте аз жазылған. Бірақ американдық тарихшы А. Лосскидің айтуынша, Мазарини ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне қол жеткізген және Еуропада «жалпы бейбітшілік» жағдайға неміс княздерімен Рейн одағын құру арқылы және Испаниямен 1659 жылы Пиреней келісіміне қол қою арқылы жеткізген деп көрсетеді Л. И. Ивонина өз мақаласында.

Ришелье мен Мазаринидің саясаттары халықаралық сахнада Францияны ең басты рөлге әкелуі еді. Және олар оған қол жеткізді деуге болады.

Отызжылдық соғыс кезіндегі Шығыс Еуропа мемлекеттерінің ішінде Ресей басты рөл ойнады деуге болады. Себебі, Шығыс Еуропадағы ірі мемлекеттердің бірі еді, ең күшті десе де болады. Б. Н Флоридің «История Европы» еңбегінде, Отызжылдық соғыс кезіндегі өзінің рөлін басынан - ақ айқындап, антигабсбургтік лагердің державаларымен жақындасу тенденциясы байқалды дейді. /12/ Ресей үшін XVII ғасыр «аласапыраң кезең» еді. Бұл кезде мұнда саяси төңкерістер өтіп, 1613 жылы Романовтар әулеті билікке келген кез еді, абсолюттік билікке өту кезі болатын. Сонымен қоса, капиталистік қарым - қатынастың аяқ алып, дамып келе жатқан кезі еді. Сонымен қатар, ол өзінің жерлерінің қауіпсіздігін кепілдендіріп, өз билігін күшейту үшін ол Осман империясымен және Швециямен соғыс жағдайына әкелді.

Дегенмен, Ресей Отызжылыдық соғыстың барысында өз шекараларын кеңейтіп, өз мәртебесін басқа мемлекеттер алдында көтерді деуге болады.

Дипломдық жұмысымның үшінші тарауын «Отызжылдық соғыстың аяқталуы. Вестфаль бітім шарты» деп атадым.

Бұл тарауда соғыстың аяқталуы мен Вестфаль бітім шартныа қол қойып, оның шарттарына келіскен мемлекеттер туралы айтылады. Сонымен қоса, неміс әдебиеттеріндегі Отызжылыдық соғыстың қалай сипатталғаның да қарастырдық. Себебі, сол кездегі әдебиетте соғыстың шыңайы оқиғалары суреттелген еді.

1648 жылдағы Вестфаль бітім шарты, Қасиетті Рим империясының еуропалық саясатта рөлінің әлсірегенің көрсетіп, Франция мен Швецияның күшеюіне алып келді.

Францияның күшеюі, Француздың екі кардиналының іс - әрекетінің нәтижесі деуге болады.

Қазіргі замандағы неміс әдебиетшілерінің бірі Ф. Дикман Вестфаль бейбіт келісімінің шарттары туралы жақсы монография жазғантын. Онда ол Вестфаль бітім шарты Германия федерализіміне әкелсе де, жекелеген жерлердегі моноконфессионализм принциптеріне қайшы келген жоқ дейді. /13/

Бұл еңбекті жазған кезде біз тақырыпты толықтай зерттеп, оған баға беруді мақсат тұтқан жоқпыз. Біз тек қана тақырыбымызға байланысты материалдарды қарастыра отыра, оның кейбір сұрақтарына жауап беруге тырыстық.

Кіріспеге сілтеме

1. Б. Ф. Поршнев. Английская революция и европейская политика середины XVII - века. Москва - 1970г. 14 - бет.

2. Б. Ф. Поршнев., Тридцатилетняя война и вступление в нее Швеции и Московского государства, Москва - 1976г., 60-68 бет.

3. Х. Шиллинг., Национальная идентичность и конфессионализм в Европе., Франкфурт - 1991г., 24 - бет.

4. Х. Шиллинг., Национальная идентичность и конфессионализм в Европе., Франкфурт - 1991г., 146 - бет.

5. Л. И. Ивонина., Тридцатилетняя война и Восточная Европа., Вопрося истории., 2000г., . №5., 135 - бет.

6. Х. Шиллинг., ., Национальная идентичность и конфессионализм в Европе., Франкфурт - 1991г., 29 - бет.

7. Ю. Е. Ивонин., Л. И Ивонина., Тридцатилетняя война и германская политика Франции., Вопросы истории., 2000 г., №5, 32 - бет.

8. Д. Эллиот., Ришелье и Оливарес., Кембридж 1984 г., 122 - 125 беттер.

9. Б. Ф. Поршнев., Тридцатилетняя война и вступление в нее Швеции и Московского государства, Москва - 1976г., 140 - 142, 151 - 152 беттер.

10. А. Д. Люблинская., Франция при Ришелье. Французский абсолютизм в 1630 - 1642 г. г., Ленинград - 1982г., 243 - бет.

11. П. П Черкасов., Кардинал Ришелье., Москва -1990г. 9 -бет.

12. История Европы., 3 - том., Москва - 1993г., 431 - бет.

13. Ф. Дикман., Вестфальский договор., Мюнстерн - 1965г., 8 - 9 б

I-тарау. XVII ғасырдың I- жартысындағы Еуропадағы халықаралық жағдай және Отызжылдық соғыс

XVI-XVII ғасырларда Еуропадағы халықаралық жағдай тұрақсыз болып, жалпыеуропалық дағдарыс жағдайында болды. Германия мен Италияда саяси ауыз бірлігі жоқ болғандықтан ішкі және сыртқы күштердің күресу алаңы болып қала берді. “Қасиетті Рим иимпериясы” өзінің шекараларының тұрақсыздығынан, құрамының біртекті болмауынан дағдарыс ошағына айналды.

Ал, Германия мемлекеттегі князьдардың өзара күресімен қоса, XV ғасырдың аяғына қарай өз территориясына Тироль, Австрия және Оңтүстік- Шығыс Еуропадағы славян жерлерін, “бургундық мұраға” кіретін Бургундия және Нидерландияны, Оңтүстік- Батыс Германияның ұсақ территорияларын өзіне қосып алған Австралиялық - Габсбургтер әулетімен күресте болатын. XV ғасырдың ортасынан бастап австриялық Габсбургтер императорлық таққа тағайындалып отыратын. Ал, ірі князьдік үйлер өздеріне ұсақ “императорлық шендегі” - герцог, граф, прелат және империя қалаларын қосып, олардың әскери күштерін және қаржыларын өз керектеріне пайдалану арқылы өзара бәсекелестік жүргізді.

Осындай әдістерді қолдана отырып күшейген Габсбургтер әулеті, әсіресе жаңадан негізі қаланып жатқан ұлттық еуропалық мемлекеттерге қауіпті болды. Қауіпті жағдайдың өршіген тұсы, XVI ғасырда императорлық және Испандық монархияның тәжін біріктіру және 1526 жылы Чехия мен Венгрияны өз құрамына қосу Габсбургтер әулетінің күшін одан сайын күшейтті. Алайда, 1556 жылы V Карлдың тақтан бас тартуының негізінде, үлкен жер иелігі австриялық испандық Габсбургтер әулетінің екі тарамына бөлініп берілді, ал көтерілістің негізінде Нидерландияның солтүстік провинциялары испандық езгіден босап, буржуазиялық мемлекет құрды.

Ал, Габсбургтер әулетінің империяның ішкі саясатындағы идеяларының іске аспауына, оларға қарсы ірі князьдардың қарсы шығуы әсерін тигізді. Гасбургтермен саксондық герцогтер ғана емес, сонымен қоса бранденбургтік маркграфтар, католиктік князьдар, баварлық герцогтер де бәсекелестікке түсті.

Габсбургтердің ойынша, олардың жоспарларың, еуропалық мемлекеттердегі реакциялық күштер қолдайды деп ойлады. Ұлы шаруа соғысынан кейінгі империяда орнаған саяси реакцияны және XVI ғасырдың 40- жылдарында басталған контрреформацияны өздерінің қажеттеріне және позицияларын нығайту үшін пайдалануды ойластырды.

Австриялық және Испандық Габсбургтер Еуропада саяси билігін орнату үшін және агрессивті саясатын жүргізуде бір-бірімен бәсекелестікте болды.

Испанияның, Италияның бірталай жерлерінің жаулап алуы, австриялық Габсбургтердің ызасын келтірді, қанағаттандырмады және де олардың қызығушылықтары Оңтүстік Германия жерлерінде де таласқа түсті. Бірақ, бұған қарамастан XVI ғасырдың II-ші жартысында- XVII ғасырдың басында екі гасбургтік әулеттің бірге қарсыластарына қарсы күрескен күндері де болды.

Жоғары және Ортаңғы Рейн жеріндегі испан - австриялық әулеттерінің бірге әскери шаралар жүргізуі, Германиядағы католиктік реакционер-лердің күшеюі Гасбургтер мен Франция арасындағы шиеленістін тууына жағдай жасады.

Ал, француздық Генрих IV-ші «неміс егемендігін сақтап қалу», яғни, Германиядағы протестанттық және католиктік князьдар арсындағы билік үшін күресті қолдай отыра, мемлекеттің бірігуіне жол бермеу саясатын жүргізді.

Әсіресе, Франция саясатшылары Германияда австриялық Габсбургтердің күшеюіне жол бермеуіне тырысты. Испандықтардың XVI ғасырдың ортасында Солтүстік Италияның жерлеріне өз билігін орнатуы да, Француздықтардың көңілінен шықпады, себебі бұл испандық және австриялықтарды қосатын территория еді.

Бұл жағдайдың шешілмеуіне себеп болған, Франция мен Испания арасында қалған итальяндық дербес мемлекеті Савой герцогтігінің қайсысының таңдарын білмей, «тосу» позициясында болды.

Австрялық және испандық Габсбургтердің Германия, Италия және Нидерланды жерлерінде өз жоспарын іске асыруы Францияның өз территориясын оңтүстікте Пиренейге дейін, шығыста Рейнге дейін кеңейту жоспарларына балта шабатын еді, және Францияның экономикалық және стратегиялық жауларын күшейтер еді.

Генрих IV-ші Габсбургтерге қарсы күреске дайындалу үстінде еді. Ол өз жағына протестанттық неміс князьдарын шығарып алып, Габсбургтерге қарсы күреспектін. Генрих IV-ші қайтыс болар алдында Габсбургтермен соғысайын деп жатқантын және ол неміс князьдарымен одақ құрып үлгерген болатын.

Габсбургтерге қарсы күресте XVI ғасырдың Франциско I, Турциямен келіссөз жүргізудің арқасында 1535 жылы одақтық келісімге қол қойып, сұлтаннан капитуляция алып, бірқатар сауда жеңілдіктерін алды. Ал, шыңында бұл, екі ел арасындағы әскери одақ болатын. Ал, Франция Турцияға Габсбургтік Карл V- мен, Венециандық республикамен күресте көмек беруге міндеттенді. Түрік- франк келісімі XVII ғасырда Генрих IV

кезіңде негізделген еді, Генрих IV бұл келісімді испандық король мен императорға қарсы күресте қару ретінде қолданбақ болды. Генрих IV-ден кейін де, француздық үкімет осы тактиканы қолданды.

Католиктердің тірегі болған Габсбургтердің, Нидерланды және Төменгі Рейн жерлерінде күшейе түсуі, солтүстік теңіз сауда жолдарына қызығушылығы бар мемлекеттердің үрейін ұшырды. Солтүстік теңіз жағалауында Габсбургтердің орнығуы мүмкіндігі Англия үкіметін жай қалдырмады және испандықтар мен австриялық күштердің Нидерландыға және Төменгі Рейнге бет қоюын ұстап қалғысы келді.

Англиядағы революциялық оппозиция кальвинизм бағытын ұстанғандықтан, антигасбургтік мемлекеттері мен Англияның үкіметі, билеуші таптары олармен бірге бір жақта бола алмады.

Және де Шығыста өз үстемдігін нығайтқысы келген Францияның күшеюі, XVI ғасырда Турция порттарына кіруге келісім алған Англия үшін тиімісіз болды, себебі ол оның сауда қатынастарына кедергі жасауы мүмкін еді. Отызжылдық соғыстың I- жартысында да, соғыстың алдында да бұл жағдай шешімін таппаған еді.

Ал, Германия территориясындағы дағдарыстын алдында, Солтүстік Еуропа мемлекеттерінің саяси бағыты аңық болды.

Дания Солтүстік Германиямен тығыз саяси және экономикалық байланыста болды. Сонымен қоса Дания королі, герцог Гомитинский болғандықтан “Қасиетті Рим империясының” князьдарының бірі болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Ағылшын абсолютизмінің орнауы
Ағылшын абсолютизмі
Канаданы Францияның отарлауы тарихы
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
Отызжылдық соғыс және Вестфальдік бейбіт шарт
Капитализм генезисі дәуіріндегі ағылшын-балтық сауда-экономикалық қатынастарының тарихы
Халықаралық қауіпсіздік. Ықпалдасу
Қазақ мемлекетінің құрылымы
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz