Алматы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы және оның бағасы



Құрметті ханымдар мен мырзалар!
1990 жылғы 24 қыркүйекте Қазақ ССР Жоғарғы Совет! Президиумының қаулысы қабылданып, онда Алматыда 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның қорытындылары мен ұсыныстарын мақұлдады.
Қазақ республикасының біз білген тарихында, тіпті бүкіл Совет одағының тарихында тұңғыш рет кезінде бүкіл қазақ халқына «ұлтшыл» деп айдар таққан Орталықтың өктемдігіне қарсылық білдіріп, СОКП Орталық -Комитеті Саяси Бюросының шешімі айыпталды.
Жастардын бейбіт шеруін заңсыз басып-жаншуға кінәлі болған кейбір лауазымды адамға сөз тигізбеу мақсатында желтоқсан оқиғасы алғашқы күннен бастап қалың көпшілікке қате түсіндірілді.
Желтоқсандағы қазақ жастарының бұл жиыны ұлтшылдық бой көрсету емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмағанды, Алматыдағы желтоқсан толқуы - шын мәнісінде, елімізде алғаш рет екі күштің: жаңа басталып, буыны қатпаған демократияның және ол кезде әлі өз күшінде тұрған әкімшіл-әмірші жүйенің қақтықғысы еді.
Бұл қасіреттің ауқымы мен тереңдігі халықтан жасырылды. Бірақ, шындық қаншалықты ащы болса да, оған сай келер емші жоқ.
Желтоқсан оқиғасының басталуына - Д.А.Қонаевты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметінен босатып, орнына Т. В. Колбинді сайлаған 1986 жылғы желтоқсанның 16-сында өткен Пленум себепші болды. Жоғарыда айтылған ұсынысты СОКП Орталық Комитеті Саяси Вюросының атынан СОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г. П. Разумовский жасады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
АЛМАТЫ 1986 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАН
Оқиғасы және оның бағасы

Құрметті ханымдар мен мырзалар!
1990 жылғы 24 қыркүйекте Қазақ ССР Жоғарғы Совет! Президиумының
қаулысы қабылданып, онда Алматыда 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаны
тексеру жөніндегі комиссияның қорытындылары мен ұсыныстарын мақұлдады.
Қазақ республикасының біз білген тарихында, тіпті бүкіл Совет одағының
тарихында тұңғыш рет кезінде бүкіл қазақ халқына ұлтшыл деп айдар таққан
Орталықтың өктемдігіне қарсылық білдіріп, СОКП Орталық -Комитеті Саяси
Бюросының шешімі айыпталды.
Жастардын бейбіт шеруін заңсыз басып-жаншуға кінәлі болған кейбір
лауазымды адамға сөз тигізбеу мақсатында желтоқсан оқиғасы алғашқы күннен
бастап қалың көпшілікке қате түсіндірілді.
Желтоқсандағы қазақ жастарының бұл жиыны ұлтшылдық бой көрсету емес
еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмағанды,
Алматыдағы желтоқсан толқуы - шын мәнісінде, елімізде алғаш рет екі күштің:
жаңа басталып, буыны қатпаған демократияның және ол кезде әлі өз күшінде
тұрған әкімшіл-әмірші жүйенің қақтықғысы еді.
Бұл қасіреттің ауқымы мен тереңдігі халықтан жасырылды. Бірақ, шындық
қаншалықты ащы болса да, оған сай келер емші жоқ.
Желтоқсан оқиғасының басталуына - Д.А.Қонаевты Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметінен босатып, орнына Т. В.
Колбинді сайлаған 1986 жылғы желтоқсанның 16-сында өткен Пленум себепші
болды. Жоғарыда айтылған ұсынысты СОКП Орталық Комитеті Саяси Вюросының
атынан СОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г. П. Разумовский жасады.
Г.В. Колбиннің Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы болып сайлануы қазақ халқының өмірлік мүшесіне
қатысты мәселерді шешудегі Орталықтың өрескел өктемдігі ретінде
қабылданды. Қазақстан Компартиясының қалыптасу барысында оның 20
хатшысының үшеуі ғана қазақ болғанын ескерсек, бұл оқиғаның саяси мәнінің
арта түскенін мойындауымыз керек. Орталықтан келген кадрлар республика
Компартиясы бірінші хатшысының қызметін негізінен мансаптың келесі бір
баспалда ғана көтерілу үшін пайдаланды. Сол сияқты, басқа ұйымдар мен
ведомстволардың басты орындары да осындай күй кешті. Мысалы, Қазақстанда
Совет өкіметі орнаганнан бері республика Мемлекеттік қауіпсіздігі
комитетінің басшылығында екі-ақ қазақ болды. Ал Орталық тағайындаған,
республика да туып-өспеген, оның халқымен, мәдени тұрмысымен мүлде
араласып көрмеген басшылар жергілікті жерде өзінің айтқанынан шықпайтын
адамдардан ғана жасақ құрды. Сол басшылардың бірде-біреуі жұмыстан босап
немесе еңбек демалысына шыққаннан кейін Қазақстанда қалуды жөн
көрмеді. Орталықтың шет аймақтарға соншама солақай қарауы
кейде күлкілі жағдайға да алып барды. Мысалы, кезінде Н.С.Хрущевтің
Қазақстанға келіп тұрып, самолет баспалдығынан Өзбек халқына жалынды
сәлем! деп жар салғаны көпке мәлім.
Оқиға барысына оралатын болсақ, әуелі тек Алматы қаласының жұмысшы
және студент жастарынан туратын шағын ғана топтың Орталық Комитет
Пленумының шешіміне наразылық білдіргенін атап айтуымыз жөн. Бұл наразылық
бейбіт шеру түрінде өтіп сипат алды, мемлекеттік құрылысты құлатуға
немесе басқа халықтарға қарсы әрекет жасауға шақырған жоқ. Республика
Компартиясы Орталық Комитеті үйінің алдына жиналған жастар Пленум
шешімімен келіспейтіндіктерін білдіріп, соған байланысты түсінік беруді
талап етті.
Республика басшылығы жастардың өздерімен терезесі тең сөйлесуін қорлық
санап, олардың пікірімен санасуды жөн деп, таппады. Сөйтіп, бұл саяси
наразылық өкіметке қауіп төндіру ретінде бағаланып, сан жағынан шеруге
қатысушылардан бірнеше есе басым түсетін Алматы гарнизоны әскери әзірлік
жағдайына келтірілді де, алаңды қоршап алуға бұйрық алды. Тіпті жастар
жиынын тұрақты әскери бөлімшелердің күшімен басу туралы мәселе де күн
тәртібіне қойылды.
Республика басшылығының қоярда-қоймай сұрауымен ССРО ішкі істер
министрі А.В.Власов еліміздің, әр түрлі аймақтарынан Алматыға өз
ведомствосына қарасты әскерлердің арнайы бөлімшелерін әкелу туралы шешім
қабылдады. Бұл қажеттіліктен туындамаған заңсыз шешім еді. ССРО
Конституциясына жүгінетін болсақ, мұндай шешім тек Қазақ ССР Жоғары
Советінің ұйғарымымен Алматы қаласында төтенше жағдай енгізілгенде ғана
онда да ССРО Жоғрарғы Советінің Президиумы немесе Сессиясы бекіткенде заңды
саналмақ. Бірақ, шағын ғана басшылар тобы республика өкіметінің атынан
шешім қабылдап, заңға кереғар әрекет жасады.
Бейбіт шерудің жаппай тәртіпсіздікке ұласуына - республика
басшыларының саяси осалдығы, күрделі ахуалдан шығудың тиімді жолдарын
таба алмауы, тіпті, табуға тырыспауы, сонымен қатар, саналы да ұстамды
саясатқа емес, күшке сүйенуі басты, себеп болды.
Бейбіт шеру жөнінде оған қарсы қолданылып отырған шаралар туралы
алғашқы мәліметтер Орталыққа - СОКП Орталық Комитетіне, ССРО Мемлекеттік
қауіпсіздік комитетіне және ішкі істер министрлігіне тоқтаусыз жіберіліп
тұрды. Одан әрі хабар сағат санын, ал Мемелекеттік қауіпсіздік комитетінің
желісі бойынша әрбір жарты сағат сайын берілді. СОКП Орталық Комитетімен
телефон арқылы белгіленген тәртіп бойынша Г.В. Колбин сөйлесіп отырған және
оның кіммен сөйлескені бізге белгісіз. Бізге белгілісі – желтоқсанның 17-
сінен 18-іне қараған түні партия шаруашылық кеңесіне қатысушыларға Г. В.
Колбиннің СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы М.С. Горбачев оқиғаға қатты
мазасызданып отыр деген хабарламасы ғана. (Г.В. Колбин комиссияның
шақыруына келуден бас тартты. 1990 жылғы қараша айында Мәскеуде Совет және
шетел журналистеріне арнап оқиғасы жөнінде прессконференция өткіздік
Г.В. Колбинді тағы шақырдық. Келмеді).
Алматыда болып жатқан жағдайға арнайы баға берілетін алғашқы хабарлама
Москваға желтоқсанның 17-сі күні сағат 18-де жіберілген.

Оны ССРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы төрағасы
Чебриковке республика Мемлекеттік қауіпсіздік төрағасы В. М. Мирошник
Берген екен. Комиссияның - Тиісті шешім қабылдау үшін ахуалға баға беру
жөніндегі ұсынысты кім жасады? деген сұрағына Мирошник: Грузияда жұмыс
істеген кезінен бері бай тәжірибе жинаған Г. В. Колбин ешкімнің ұсынысын
қажет етпеді,.— деп жауап берді.
Шеруді басу, одан кейінгі жазалау істерін Орталықтың өкілдері СОКП
Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі М. С. Соломенцев, ССРО Ішкі істер
министрінің бірінші орынбасары Б.К. Елисов, ССРО Мемлекеттік хауіпсіздік
комитеті председателінің бірінші орынбасары Ф.Д. Бобков, ССРО Бас
прокурорының бірінші орынбасары О.В. Сорока, ССРО Ішкі істер министрлігіне
қарасты ішкі әскери күштер басқармасының бастығы В.С.
Дубиняк, СОКП Орталық Комитетінің ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімі
меңгерушісінің орынбасары Е.З. Разумов, СОКП Орталық Комитетінің бірінші
хатшысы Г. В. Колбиннің өзі тікелей басқарып отырды.

Республика басшылығы құрамынан бұл қалалық, аудандық партия
басшыларының тек Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші
хатшысы О.С. Мирошхин, Қазақ ССР Ішкі істер министрі Г. Н. Князев және
Қазақ ССР Мемлекетік қауіпсіздігі комитетінің төрарасы В.М.Мирошник енді.
Оқиғаға әдейі бұрмаланып берілген бара түптеп келгенде – ішкі әскери
күштер бөлімшелерін еліміздің басқа аймақтарынан Алматыға әкелуге апарып
соқты. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті бюросының өтініші бойынша
жасалды-мыс деген шешімнің шын мәнінде, оның назарынан тыс қалғандығы
таңқаларлық жай.
Компартиясы Орталық Комитеті Бюросының атынан оқиғаға үстірт баға
беріліп, арнайы өтініш жасалғаннан кейін Орталықта Алматыға комендаттық
сағат енгізу және тұрақты армия бөлімшелерін іске қосу жөніндегі мәселе
талқыланды. Орта Азия әскери округінің қолбасшысы В.Н. Лобов әскер
енгізуден үзілді-кеселді бас тартса да, Г.В. Колбин ССРО Қорғаныс министрін
дегеніне көндірді. Сөйтіп желтоқсанның 18-і күні сағат 13-те алаңға әскери
училищенің жеке құрамын енгізді. Олар Орталық Комитет үйін қоршауға алды.
Бір ғажабы осыншама ауыр зардаптарға соқтырған маңызды шешімдерді бәрі
ешқандай жазба нұсқау, бұйрықсыз қабылданған. Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитеті Бюросының өтінінші бойынша ранаулы әскер енгізілді,
желтоқсанның 17-сі күні шеруге қатысушыларды қуып тарату кезінде сапер
күрегін қолданып, ерекше қатыгездікпен көзге түскен ССРО Мемлекеттік
қауіпсіздігі комитетінің шекара училищесінің курсанттары Мирошниктің
Чебриковке жіберген өтініші бойынша іс-қимыл жасады; Елисовтың нұсқауы
бойынша сол кезде 20 өрт сөндіру машинасы қолданылды. Лобовтың ауызша
бұйырығымен алаңға. Алматының жоғары әскери командалық училещесінің
шығарылған; Ішкі істер басқармасы басшылығының ауызша нұсқауы бойынша
алаңдағы ереуілшілер ұсталып, прокурордың санкциясынсыз тергеу изоляторына,
арнайы орындарына тіпті, информациялық-есептеу жүйесі үйлеріне
орналастырылып, қала сыртына шығарылды, Алматы облыстық, қалалық, аудандық
партия басшыларының ауызша нұсқауы кәсіпорындарда темір таяқтар әзірленіп,
халық жасақтары құрылған. Міне, оқиғалар тізбегін осылай жалғастыра беруге
болар еді.

Осыған орай сол кездегі Министрлер Советінің Төрағасы,
қазіргі Қазақ ССР Президенті Н. Ә. Назарбаев былай деп жазады:

Москва өкілдерінің алаңда болып жатқан жағдайға "барлау жасаудан
бізді толық шеттетуіне түрлі болған негізгі себеп мынада деп ойлаймыз: олар
бізден көпшіліктің көңіл күйін пайдаланып, өз мүддесіне бұруға тырысады деп
күмәнданды. Шеруге қатысушылардың Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетішң
бірінші хатшысы қызметіне неғұрлым лайық кандидатуралар деп Е. Н.
Әуелбековті, В. П. Демиденконы, О. С. Мирошхинді, Н. Е. Морозовті С. М.
Мұқашевті, Н. Ә. Назарбаевты және т. б. ұсынғаны оларды қатты
алаңдатты. Айта кететін жәйт ұсынылған фамилиялардың тізбегі-
республика басшылығына ұлты орыс адамның келуіне жастардың мүлдем
қарсы болмағанындығын дәлелдейді. Сол бола тұрса да, атышулы
қазақ ұлтшылдығы аттты саяси ойын басталып кетті. Менің өзіммен де ол
кез, Москвалық басшылар кісілік көрсетіп, бұйыра сөйлесіп жүрді.
Комиссияға берген жауабында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті
Бюросының бұрынғы мүшесі, республика Жоғарғы Советі Президиумының сол
кездегі төрағасы С. М. Мұқашев жиналған әкери күшпен тарату туралы шешім
жөнінде ешкім оның келісімін сұрамағандығын айтады. Мұндай дәлелдерді
Бюроның басқа да мүшелері, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
хатшылар берді.
Шеруді басу, одан кейінгі жазалау шаралары Орталық
өкілдерінің тікелей басшылығымен асырылды. Сонымен бірге, енжар,
келісімпаз позиция ұстап, негізгі шешімдердің қабылдануына оқиға барысына,
одан кейін өріс алған жазалау науқанына қарсы ықпал етуден өз бойларын
аулақ салғаны үшін морольдық әрі саяси жауапкершілікті Қазақтан Компартиясы
Орталық Комитетінің хатшылары мен Бюро мүшелері тең дәрежеде бөлісуі
керектігін мойындамасқа болмайды.
Жергілікті басшылардың ешқайсысы да өздерінің маңызды істен заңсыз
шеттелуіне наразылық білдірген жоқ. Орталық Комитеттің Бюросын,
Пленумын шақыруын талап етпеді, СОКП Орталық Комитеттің халыққа үндеу
тастаған жоқ. Олардың ешқайсысы - право қорғау органдарының өз өкілеттігін
асыра падаланған алаңсыз әрекеттеріне қарсы шыққан жоқ. Бұрынғы
басшылар (С. Мұқашев, М. Меңдібаев, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желтоқсан көтерілісінің құрбандары
16 Желтоқсан «Тәуелсіздіктің бағасы»
Жастардың жүрегіне жара салған желтоқсан
Желтоқсан оқиғасының басталуы
1986 ж. - Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының тарихи рөлі жайында
Қазақстанның қалаларында болған демократиялық сипаттағы қазақ жастарының шерулерінің Желтоқсан көтерілісі
Желтоқсан оқиғасының тарихтағы орны
«Қайта құру» кезеңіндегі Республиканың қоғамдық – саяси өміріндегі өзгерістер. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жайлы
Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы көтерлістің қозғаушы күші
Пәндер