Азаматтық құқықтағы мерзім түсінігі, түрлері



Кіріспе
Азаматтық құқықтағы мерзім түсінігі
Азаматтық құқықтағы мерзім түрлері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
«Мерзім» ұғымы құқықтың бірқатар салаларында кездеседі. Мысалы, қылмыстық құқықта қылмыстық жауаптылықтан босату үшін ескеру мерзімі және айыптау үкімін орындау мерзімінің ескіруі белгіленген.
Мерзімнің маңызы-оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір заңдық салдар байланысты болады. Мерзім азаматтық айналымды реттейді, оның қатысушыларын тәртіпке келтіреді; азаматтық құқықтың әр түрлі субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін дер кезінде қорғауды қамтамасыз етеді. Өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім - бұл заңдық факт, заң онымен белгілі бір заңдық салдардың тууын байланыстырады. Құқық теориясы курсынан білетініміздей, заңдық фактілер, өз кезегінде оқиғаларға және әрекеттерге бөлінеді. Мерзімді, әдетте, оқиғалар санатына жатқызады, өйткені мерзімнің басталуы немесе өтуі объективтік сипатта, яғни азаматтық құқықтар субъектілерінің еркіне тәуелсіз сипатта болады. Бірақ заң әдебиеттеріндегі келесі көзқарас бойынша, мерзім оларды оқиғаларға да, әрекеттерге де жатқызуға болмайтын ерекше, дербес заңдық фактілер санаты болып табылады.
1. Гражданское право. Учебник для вузов.Ч. 1. М., 1998г;
2. Грибанов В.П. Сроки в гражданском праве. М., 1967г;
3. Гражданское право РК. Учебное пособие (часть общая). Алматы, 1999г;
4. Гражданское право. М., БЕК, 1993г;
5. Азаматтық құық. I том. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық.
Жауапты ред.: М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин. Алматы,2003ж;
6. Гражданское право. Учебник / Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К. Толстого.
Т. 1, М., Проспект,1998г
7. Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права (по изданию
1907 г.) –М.; 1995г;

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Азаматтық құқықтағы мерзім түсінігі
Азаматтық құқықтағы мерзім түрлері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Мерзім ұғымы құқықтың бірқатар салаларында кездеседі.
Мысалы, қылмыстық құқықта қылмыстық жауаптылықтан босату үшін
ескеру мерзімі және айыптау үкімін орындау мерзімінің ескіруі
белгіленген.
Мерзімнің маңызы-оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір
заңдық салдар байланысты болады. Мерзім азаматтық айналымды
реттейді, оның қатысушыларын тәртіпке келтіреді; азаматтық
құқықтың әр түрлі субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін
дер кезінде қорғауды қамтамасыз етеді. Өзінің заңдық табиғаты
бойынша мерзім - бұл заңдық факт, заң онымен белгілі бір
заңдық салдардың тууын байланыстырады. Құқық теориясы курсынан
білетініміздей, заңдық фактілер, өз кезегінде оқиғаларға және
әрекеттерге бөлінеді. Мерзімді, әдетте, оқиғалар санатына
жатқызады, өйткені мерзімнің басталуы немесе өтуі объективтік
сипатта, яғни азаматтық құқықтар субъектілерінің еркіне
тәуелсіз сипатта болады. Бірақ заң әдебиеттеріндегі келесі
көзқарас бойынша, мерзім оларды оқиғаларға да, әрекеттерге де
жатқызуға болмайтын ерекше, дербес заңдық фактілер санаты
болып табылады.

Азаматтық құқықтағы мерзім түсінігі
Азаматтық айналымда және әлеуметтік проблемаларды шешуде
уақыт факторы маңызды рөл атқарады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе
тоқтатылуы заңда, мәміледе немесе сотта көзделген әрекеттерді
немесе әрекетсіздікті жасау қажет болатын уақыт кезеңіне
(аралығымен) немесе уақыт мезетіне байланысты болады.
Азаматтық құқықта мерзім- басталуы немесе өтуі белгілі бір
құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі немесе уақыт.
Мерзімнің маңызы-оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір
заңдық салдар байланысты болады. Мерзім азаматтық айналымды
реттейді, оның қатысушыларын тәртіпке келтіреді; азаматтық
құқықтың әр түрлі субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін
дер кезінде қорғауды қамтамасыз етеді. Өзінің заңдық табиғаты
бойынша мерзім - бұл заңдық факт, заң онымен белгілі бір
заңдық салдардың тууын байланыстырады. Құқық теориясы курсынан
білетініміздей, заңдық фактілер, өз кезегінде оқиғаларға және
әрекеттерге бөлінеді. Мерзімді, әдетте, оқиғалар санатына
жатқызады, өйткені мерзімнің басталуы немесе өтуі объективтік
сипатта, яғни азаматтық құқықтар субъектілерінің еркіне
тәуелсіз сипатта болады.[1] Бірақ заң әдебиеттеріндегі келесі
көзқарас бойынша, мерзім оларды оқиғаларға да, әрекеттерге де
жатқызуға болмайтын ерекше, дербес заңдық фактілер санаты
болып табылады.[2]
Бұл көзқарас мынадай жағдайға негізделген: заңдық мерзімдер
уақыттың өтуінің объективтік заңына бағына отырып, шығу тегі
жөнінен қалай дегенде де еріктік мерзімдер болып табылады,
өйткені оларды заң шығарушылардың не шарттағы тараптардың еркі
айтқандайды, сондықтан да екіжақты табиғаты болады. Бұл
пікірмен келісу қиын,өйткені әлде біреудің еркімен белгіленген
мерзім уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті ретінде қалай дегенде
де бір кезде басталады, яғни оны жақындатуға да, алыстатуға
да, өзгертуге де, жоюға да болмайды.
ҚР Азаматтық кодексінің 6- тарауында мерзімдерді есептеу
тәртібін егжей-тегжейлі реттейтін нормалар бар. АК-ның 172-
бабындағы 1-тармаққа сәйкес, заңдармен, мәмілемен белгіленген
не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз
болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді. Күнтізбелік күн
дегеніміз- бұл белгілі бір айдың және жылдың нақты саны.
Оқиғалар дегеніміз- бұл адамдардың еркінен тәуелсіз пайда
болатын заңдық маңызы бар фактілер (адамның табиғи өлімі,
мерзімнің өтуі және т.с.с.).
Мұндағы фактінің болмай қоймайтындығы мынадан көрінеді, заң
актісінде не мәміледе немесе соттың шешімінеде көрсетілген
оқиға міндетті түрде болуға тиіс.[3] Сөзсіз болуға тиісті
оқиғаны көрсете отырып, оның мерзімін анықтау ерекшілігі
мынада, азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар оның нақты
басталатын уақытын алдын ала білмей. Мәселен, АК- ның 1042-
бабындағы 2- тармаққа сәйкес, мұра қалдырушының қайтыс болған
күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот
шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп
жарияалау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу
уақыты болып табылады. Азаматық құқықтарды жүзеге асыру және
міндеттерді орындау нақты күнмен байланыстырылатын жағдайдағы
мәмілелерді күнтізбелік күнге сілтеме жасау жиі кездеседі.
Мысалы, тауарлар 2008ж. 31 желтоқсанына дейін жеткізіліп
берілуі тиіс. Бірақ сілтемелер соттың шешімінде де болуы
мүмкін, сондай- ақ заңның өзінде де айқындалуы мүмкін. Мәселен
, АК- ның 1042- бабына сәйкес, мұра қалдырушының қайтыс болған
күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот
шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп
жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу
уақыты болып табылады . Немесе, ҚР салық кодексінің 359-
бабындағы 4- тармақта көрсетілгендей, мүлік салығы жөніндегі
декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан
кешіктірілмей тапсырылады. Уақыт кезеңі болып табылатын мерзім
оның ұзақтығын көрсетумен анықталады және жылдармен, айлармен,
апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептеледі (АК- ның
172- бабының 2- тармағы). Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның
басталуы мен аяқталуын дәл анықтаудың зор маңызы бар. АК- ның
173- бабына сәйкес,уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі
күнтізбелік күннен немесе мерзімінің басталуы белгіленген
оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен бсталады. Мәселен,
тұрғын үйді жалдау шарты 2008ж. 15 ақпанда жасалған болса,
оның қолданылу мерзімі 2008ж. 16 ақпаннан басталады.
Күнтізбелік күн немесе оқиғаның басталуы есепке алынбайды. Ал
мерзімнің аяқталу ережесіне келетін болсақ, ол пайдаланылатын
уақыт бірлігіне қарай өзгеріп отырады .
Жылдармен есептелетін мерзім- мерзімнің соңғы жылының тиісті
айы мен күнінде бітеді (АК- ның 174- бабының 1- тармағы).
Мәселен төрт жылдық талап қою мерзімі 2004 ж. 1 наурыздан
басталса, 2008ж.1 наурызында аяқталады. Айлармен есептелетін
мерзім соңғы айдың тиісті күнінде аяқталады. Мұнда, егер
айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы ондай күн жоқ айға
келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді.
Мәселен, мүлікті айлық жалдау мерзімі 2008ж. 31 қаңтардан
басталса , ол 2008ж. 31 ақпанда аяқталуға тиіс, ал күнтізбеде
мұндай күн жоқ болғандықтан, ол 2008ж. 28 ( немесе 29)
ақпанында аяқталады. Жарты жылда және тоқсанда есептелетін
мерзімнің соңғы күні туралы мәселе де осылайша шешіледі. Мұнда
жарты жылдық мерзім алты айға, ал тоқсан – үш айға тең деп
есептеледі, тоқсанды есептеу жылдың басынан бастап
жүргізіледі. Жарты ай деп анықталатын мерзім күндермен
есептелетін мерзім ретінде қарастырылады және 15 күнге тең деп
есептеледі. Мерзімді апталармен есептеуде ол соңғы ападағы
мерзім басталған күнмен аяқталады.[4] Мәселен, апталық
мерзімнің өтуі жұмада басталса, онда ол өзі басталғаннан
кейінгі келесі жұмада аяқталады.Мерзімнің соңғы күні жұмыс
істемейтін күнге келетін жағдайларда одан кейінгі ең жақын
жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі. Бұл арада,
мерке, жалпыға бірдей белгіленген демалыс күні, сондай- ақ осы
ұйымның режимінде көзделген күн жұмыс істемейтін күн болып
есептеледі. Мысалы, 25- желтоқсан көптеген шетелдік
компаниялар үшін жұмыс істемейтін күн болып табылады, өйткені
бұл күні Христотың туған күні- Рождество Христово мерекесі
атап өтіледі. Бұл жағдайда жұмыс істемейтін күнен кейінгі ең
жақын жұмыс күні мерзімнің аяақталатын күні болып
есептеледі.Сағаттармен анықталатын мерзімді есептеуде
мерзімнің басталуын анықтау қажеттігі тумайды, өйткені
мерзімді бұлайша анықтау әдісіне оның басталуы немесе аяқталуы
әуел бастан- ақ өте дәлелдікпен белгіленеді. Егер мерзім
қандай да бір әрекетті жасау үшін белгілеген боса, ол жалпы
ереже бойынша, мерзімнің соңғы күнінің 24- сағатынадейін
орындалуға тиіс. Алайда, мұндай әрекет ұйымда істелуге тиіс
болса, онда мерзім белгіленген ережелер бойынша бұл ұйымда
тиісті операциялар жүргізу тоқтатылатын сағатта аяқталады.
Мұндай қатынастарда мерзімнің соңғы күні осы ұйымдардағы жұмыс
ресми тоқтатылатын кезде не тиісті операцияларды жүргізу
тоқтатылатын шақта аяқталады. Бірақ мұндай реттерде мерзімнің
соңғы күнінің 24- сағатына дейін поштаға немесе телеграфқа
тапсырылған жазбаша мәлімдемелер мен хабарламалар мерзімінде
жөнетілген деп есептеледі.
Азаматтық құқықтағы мерзім түрлері

Мерзімді әр түрлі негіздерге сүйеніп жіктеуге болады.
Мерзімді кімнің белгілейтініне қарай заңды, шарттық және сот
мерзімдерін ажыратады. Туғызатын құқықтық салдарына қарай
мерзім құқық түзететін, құқықты өзгертетін және құқықты
тоқтататын мерзімдерге бөлінеді.[5]
Өзінің табиғатына қарай мерзім мынадай түрлерге бөлінеді:
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі- бұл осы кезеңде
уәкілетті адам өзінің субъективтік құқықтықтарын жүзеге
асыруға бағытталған қандай да бір әрекеттерді жасау мүмкіндігі
болатын уақыттың бір бөлігі. Оны, әдетте, заң актісі
белгілейді, бірақ тараптардың келісімімен де анықталуы мүмкін
(меншік құқықғы, авторлық құқық және т.б.);
Субъективтік құқықтықтардың қолданылу мерзімі- бұл осы уақыт
аралығында қолданылу шегі уақытпен шектеулі туындаған
субъективтік құқықтықтар сақталатын уақыт кезеңі. Мысалы,
сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі;
Тыйым салатын мерзім- бұл белгілі бір құқықтарды жою
мақсатында белгіленетін мерзім. Мысалы, Нотариат туралы
1997ж. 14 шілдедегі ҚР Заңының 8-бабындағы 6- тармаққа сәйкес,
нотариус лицензиясын алған, бірақ нотариаттық іс- әрекетті
жасауға үш жыл бойы кіріспеген адамның қызметпен айналысуына
біліктілік емтиханын қайталап тапсырғаннан кейін ғана рұқсат
етіледі деп қысқаша атап көрсетілген;
Кепілдік мерзім- сатушының ұзақ мерзім пайдалануға немесе
сақтауға арналған өнімнің әдеттегі қабылдап алу кезінде
байқала қоймайтын кемшіліктерін анықтауына арналған мерзім.
Кепілдік мерзімді мемлекеттік стандарттар немесе шарт
белгілейді.[6] Оның үстіне, шарт, егер тіпті олар мемлекеттік
стандарттарда немесе техникалық талаптар көзделмеген болса да
кепілдік мерзім белгілеуі мүмкін, сондай-ақ стандарттарда
көзделген мерзімнен едәуір ұзақ кепілдік мерзім белгілей
алады. Кепілдік мерзімді белгілеу тұтынушылардың мүдделерін
қанағаттандырады және өндірілетін өнімнің немесе орындалатын
жұмыстың сапасын арттыруға ынталандырады;
Шағымдану мерзімі- заң бұл мерзімді міндеттерін ерікті түрде
орындауды талап ету құқығын бұзуына байланысты субъективтік
құқықты бұзған адамға белгілейді. Заң шағымдану мерзімін ғана
емес, сондай- ақ оған жауап беру мерзімін де белгілейді.
Мысалы, тасымалдаушыға жүкті тасымалдаудан туындайтын талап
қоюға дейін оған көлік туралы заң актілерінде көзделген
тәртіпте талаптар қойылуы міндетті (АК- ның 706- бабының 1-
тармағы);
Азаматтық- құқықтық міндеттерді орындау мерзімі- шартта
белгіленеді. Мысалы, қарыз беру шарты бойынша борышты қайтару
сәті міндетті орындау мерзімі ретінде қарастырылуы мүмкін;
Азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі, немесе азаматтық
құқықта аталып жүргендей, талап қою мерзімі.Бұл бұзылған
құқықты сот арқылы қорғау үшін заңмен белгіленген мерзім. Осы
уақыт ішінде құқығы бұзылған адам өз құқығын мәжбүрлі түрде
жүзеге асыруды немесе қорғауды талап ете алатын мерзімді
Азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі деп түсінеді. Қойылған
талапты қанағаттандыру бұзылған азаматтық құқықты қорғаудың
негізгі құралы болғандықтан, аталған мерзім талап қою мерзімі
деп аталған. Мерзім ұғымы құқықтың бірқатар салаларында
кездеседі. Мысалы, қылмыстық құқықта қылмыстық жауаптылықтан
босату үшін ескеру мерзімі және айыптау үкімін орындау
мерзімінің ескіруі белгіленген. 1991ж. Негіздерге иелену
мерзімі туралы норма енгізілген, ол кейін АК-ға(240-бап)да
енгізілді. Бұл мысалдардан белгілі бір уақыт кезеңі ретінде
мерзімнің соттың қатысуынсыз- ақ құқықтық салдарға әкеп
соқтыратынын көреміз. Талап қою мерзімі институты өзгеше
әрекет етеді. Бұл мерзімнің атауының өзі талап қоюмен
байланысты болғандықтан,ол талаптың сотта қаралуы барысында
ғана қолданылуы мүмкін.[7] Талап қою мерзімі институты негізгі
үш міндетті атқарады:
-азаматтық айналымның тұрақтануына, оның қатысушылары
арасындағы екіұштылықты жоюға,азаматтық құқықтарға қатысты
олардың арасында туатын дауларды тездетіп шешуге жәрдемдеседі
(азаматтық құқықтық қатынастарға айқындық және жүйелілік
енгізеді);
-соттардың іс бойынша объективтік шындықты анықтауын
жеңілдетеді, сөйтіп осы арқылы дұрыс шешімдер шығаруға
жәрдемдеседі;
-шарттық тәртіптің нығаюына қызмет етеді, шарттағы
тараптардың белсенділігін ынталандырады және міндеттемелердің
орындалуына өзара бақылауды күшейтеді. Талап қою мерзімі
институты- азаматтық құқықтың көе институттарының бірі. Ол
Қазақ КСР-і Азаматтық кодексінде де бар болатын. Қазақ АК-ның
75-бабы талап қою мерзімін (құқығы бұзылған адамның талап қоюы
бойынша құқық қорғау мерзімі ) ретінде анықталады. Бұл
анықтамада талап қою Субъектісіне тікелей нұсқау бар. Ол
құқығы бұзылған адам ғана бола алады . РФАзаматық кодексінің
1995-бабында талап қою мерзімі ұғымы бұзылған құқықты сот
арқылы қорғау үшін заңмен белгіленген мерзім ретінде
түсіндіріледі. АК-ның 177-бабы өзгеше анықтама береді : Талап
қою –адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің
бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін
болатын уақыт кезеңі. Бұл анықтамадан талап ету мерзімінің
адамның субъективтік құқығының ғана емес, сонымен бірге
қолданыстағы заңдар ұйғарымының бұзылуымен де байланысты
екені көрінеді. Талап қою мерзімнің анықтамасында адам
құқығының бұзылуынан басқа заңның қорғауындағы мүдде де
көрсетілген.Талап қою мерзімінің өтуі талаптқою емес,
қанағаттандыру құқығын жояды. АК- ның 177- бабындағы талап
қою мерзімі ұғымында РФ Азаматтық кодексінің 195- бабында
берілген ұғымнан өзгеше, бұзылған құқықты қорғау мерзімі
ретінде талап қою мерзімінің функциясы атап көрсетілмейді.
Егер талаптың негізділігі жеткіліксіз болса,онда талап қою
мерзімінің аяқталмағанына қарамастан, талапты
қанағатттандырудан бас тартуға болады.[8] Талап қоюға құқығы
бұзылған мүдделі адам ғана емес, сондай-ақ азаматтық іс
жүргізу заңдарыа сәйкес басқа адамдар да құқылы болады.
Сондықтан талап қою мерзімі ұғымының анықтамасында талап
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талап қою мерзімінің өтуі
Мерзімді есептеу тәртібі
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері
Талап мерзімі және мерзімді есептеу
ТАЛАП ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫ МАЗМҰНЫ
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі және түрлері
Мерзімдердің түрлері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шарттары
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім) «Юриспруденция» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы
Пәндер