Мүгедектік жеке мәселе ретінде



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.3 бет

1. Мүгедектік жеке мәселе ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4 бет

1.1 Мүгедектің ұғымы және оның топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.5 бет

1.2 Мүгедектік әлеуметтік мәселе ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6.8 бет

1.3 Жас мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың ерекшеліктері мен негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9.13 бет

2. Мүгедектік мәселесін шешу аспектілері мен жолдары ... ... ... ... ... ... ...14 бет

2.1 ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты ... ... 15.16 бет

2.2 Мүгедектерді әлеуметтік оңалту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17.20 бет

2.3 Мүгедектіктің алдын алу және медициналық . әлеуметтік сараптаманы жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21 бет

2.4 Мүгедектерді әлеуметтік тұрғыдан жұмыспен қамту ... ... ... ... ... ..22.23 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.25 бет

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.27 бет

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28 бет
Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады.
Мүгедектігі бар азаматтар қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуға бірдей құқығы бар. Бірдей құқықтар табиғи, психологиялық, сенсорлық, мәдениеттік, заңдылық және басқа да тосқауылдарға байланысты шектелген мүмкіндіктерді түзететін әлеуметтік қызметтің жүйесімен қамтамасыз етілуі керек. Осы тосқауылдар қоғамның басқа да мүшелері сияқты негіздермен мүгедектің қоғамға интеграциялануына мүмкіндік бермейді. Мүгедектік – бұл тек қана медициналық мәселе емес, бәрінен бұрын ол – бірдей емес мүмкіндіктер қорытылған әлеуметтік мәселе.
Қоғам олардың тәуелсіз өмір сүру үшін, қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болуға адамның табиғи құқына ие болуға және тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, көлікке, коммуникация құралдарына, еңбекке және білім беруге қол жеткізу еркіндігі мен таңдау еркіндігі бар стандарттарды өте мұқтажды мүгедектігі бар адамдарға икемдеуге міндетті.
Қазақстанда мүгедектік мәселелерін халықаралық нормаларға сәйкес айқындау және шешу тәсілдерінде түбегейлі өзгерістер жүрып жатыр. Қазіргі кезде еңбек ету қабілеті төмендеген немесе жоғалған адамдар ғана емес, сонымен қатар тіршілік әрекетінің басқа да шектелулері (өзіне өзі қызмет ету, жүріп-тұру, адамдармен қарым-қатынас жасау, бағдарлану, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқыту) бар адамдар да мүгедек деп танылады.
Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, мүгедектерді оңалту мәселелерін тиімді шешу мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне қабылданатын кешенді нысаналы бағдарламалар шеңберіндегі белсенді қолдауын талап етеді. Ағымдағы жылы осындай бағдарламаның біреуін - Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аяқталды, оның барысында тиісті органдарда мүгедектерді әдеттегідей күтуден мүгедек-балалардың аса сапалы білім алуға және жасы ұлғайған мүгедектерді оңалтуға дейін өтіп, мүгедектер мәселесі шешілді. Білім мен оңалтудың арқасында мүгедектер қоғамдық бірлестіктер арқылы мүгедектерге қарасты саясатты әрі қарай дамытуға аса тиімділік танытты.
Мүгедектерге қатысты мемлекеттік саясаттағы оң өзгерістер 2005 жылы қабылданған заң жобаларының қатарында орын алды («Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы; «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңы; «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 Қаулысы; «Медициналық әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 Қаулысы және т.б.).
Қарағанды облысында мүгедектерді оңалтудың қалыптасқан жүйесі жоғары сапалы деңгейге көшу үшін шарттар мен мүмкіндіктер бар. Осыған байланысты, жақын арадағы болашақта жаңадан мүгедектерді әлеуметтік оңалту бағдарлама әзірлеу қажет.
1. Агафонов А.Н., Меңлібаев К.Н. Жастармен әлеуметтік жұмыстар Астана, 2005 жыл
2. “Экономика ж әне статистика” журналы 2007 жылы
3. Рахметов Қ.Ж., Болатова А.Н., Исмағанбетова З.Н. Социология. Алматы: “Өлке” баспасы, 2005 жыл
4. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі туралы» №246-II ҚР3 Заңы
5. Сансызбаева Г.Н. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оның проблемалары/ Оқу құралы.-Алматы: Экономика,1998
6. Жұмағұлов Ғ.Б. Ахметов А. Ахметова г. «Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» Алматы,2005
7. Қазақстан Республикасында « Мүгедектігі бойынша, Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы №126-1
8. Курбатов В. И. Социальная работа Москва, 2007
9. Тетерский С. В. Введение в социальную работу Москва, 2004
10. Холостова Е. И. Социальная работа: теория и практика Москва, 2004
11. Агафонов А. Н., Менлибаев К. Н., Туганбекова К. М.., Черная Г. Г. Социальная работа: теория и технология Астана, 2005
12. “Егемен Қазақстан” газеті 2007 жылы 29 қыркүйек
13. “Алматы ақшамы” газеті 2006 жылы 12 сәуір
14. Сұлтанов Б. Т. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында Алматы, 2006
15. «Русско-казахский словарь». Издание третье, переработанное и дополненное. 7000 слов. Алматы, Дайк-Пресс. 2005.
16. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2007 жылғы 28 ақпан. Алматы, Жеті Жарғы, 2007.
17. “Егемен Қазақстан” газеті 2008 жылы 11 қаңтар
18. Интернет көздері www.google.kz
19. www.rambler.ru

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2-3 бет

1. Мүгедектік жеке мәселе ретінде
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4 бет

1. Мүгедектің ұғымы және оның
топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-5 бет

1.2 Мүгедектік әлеуметтік мәселе
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6-8 бет

1.3 Жас мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың ерекшеліктері мен
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..9-13 бет

2. Мүгедектік мәселесін шешу аспектілері мен
жолдары ... ... ... ... ... ... ...1 4 бет

2.1 ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты ... ... 15-16
бет

2.2 Мүгедектерді әлеуметтік
оңалту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...17-20 бет

2.3 Мүгедектіктің алдын алу және медициналық - әлеуметтік сараптаманы
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21 бет

2.4 Мүгедектерді әлеуметтік тұрғыдан жұмыспен қамту ... ... ... ... ... ..22-
23 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..24-25 бет

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 26- 27 бет

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..28 бет

Кіріспе

Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың
басымды бағыттарының бірі болып табылады.
Мүгедектігі бар азаматтар қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуға
бірдей құқығы бар. Бірдей құқықтар табиғи, психологиялық, сенсорлық,
мәдениеттік, заңдылық және басқа да тосқауылдарға байланысты шектелген
мүмкіндіктерді түзететін әлеуметтік қызметтің жүйесімен қамтамасыз етілуі
керек. Осы тосқауылдар қоғамның басқа да мүшелері сияқты негіздермен
мүгедектің қоғамға интеграциялануына мүмкіндік бермейді. Мүгедектік – бұл
тек қана медициналық мәселе емес, бәрінен бұрын ол – бірдей емес
мүмкіндіктер қорытылған әлеуметтік мәселе.
Қоғам олардың тәуелсіз өмір сүру үшін, қоғам өмірінің ажырамас бөлігі
болуға адамның табиғи құқына ие болуға және тұрғын және қоғамдық
ғимараттарға, көлікке, коммуникация құралдарына, еңбекке және білім беруге
қол жеткізу еркіндігі мен таңдау еркіндігі бар стандарттарды өте мұқтажды
мүгедектігі бар адамдарға икемдеуге міндетті.
Қазақстанда мүгедектік мәселелерін халықаралық нормаларға сәйкес
айқындау және шешу тәсілдерінде түбегейлі өзгерістер жүрып жатыр. Қазіргі
кезде еңбек ету қабілеті төмендеген немесе жоғалған адамдар ғана емес,
сонымен қатар тіршілік әрекетінің басқа да шектелулері (өзіне өзі қызмет
ету, жүріп-тұру, адамдармен қарым-қатынас жасау, бағдарлану, өзінің мінез-
құлқын бақылау, оқыту) бар адамдар да мүгедек деп танылады.
Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, мүгедектерді оңалту мәселелерін
тиімді шешу мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне қабылданатын кешенді
нысаналы бағдарламалар шеңберіндегі белсенді қолдауын талап етеді. Ағымдағы
жылы осындай бағдарламаның біреуін - Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005
жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аяқталды, оның барысында тиісті
органдарда мүгедектерді әдеттегідей күтуден мүгедек-балалардың аса сапалы
білім алуға және жасы ұлғайған мүгедектерді оңалтуға дейін өтіп, мүгедектер
мәселесі шешілді. Білім мен оңалтудың арқасында мүгедектер қоғамдық
бірлестіктер арқылы мүгедектерге қарасты саясатты әрі қарай дамытуға аса
тиімділік танытты.
Мүгедектерге қатысты мемлекеттік саясаттағы оң өзгерістер 2005 жылы
қабылданған заң жобаларының қатарында орын алды (Қазақстан Республикасында
мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
13 сәуірдегі Заңы; Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы Қазақстан
Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңы; Мүгедектерді оңалтудың
кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20
шілдедегі № 754 Қаулысы; Медициналық әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №
750 Қаулысы және т.б.).
Қарағанды облысында мүгедектерді оңалтудың қалыптасқан жүйесі жоғары
сапалы деңгейге көшу үшін шарттар мен мүмкіндіктер бар. Осыған байланысты,
жақын арадағы болашақта жаңадан мүгедектерді әлеуметтік оңалту бағдарлама
әзірлеу қажет.
Бағдарламаны әзірлеу үшін Қазақстан Республикасында мүгедектерді
әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі
Заңының 10 бабы негіз болып табылады.
Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың
басымды бағыттарының бірі болып табылады.
Мүгедектігі бар азаматтар қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуға
бірдей құқығы бар. Бірдей құқықтар табиғи, психологиялық, сенсорлық,
мәдениеттік, заңдылық және басқа да тосқауылдарға байланысты шектелген
мүмкіндіктерді түзететін әлеуметтік қызметтің жүйесімен қамтамасыз етілуі
керек. Осы тосқауылдар қоғамның басқа да мүшелері сияқты негіздермен
мүгедектің қоғамға интеграциялануына мүмкіндік бермейді. Мүгедектік – бұл
тек қана медициналық мәселе емес, бәрінен бұрын ол – бірдей емес
мүмкіндіктер қорытылған әлеуметтік мәселе.
Қоғам олардың тәуелсіз өмір сүру үшін, қоғам өмірінің ажырамас бөлігі
болуға адамның табиғи құқына ие болуға және тұрғын және қоғамдық
ғимараттарға, көлікке, коммуникация құралдарына, еңбекке және білім беруге
қол жеткізу еркіндігі мен таңдау еркіндігі бар стандарттарды өте мұқтажды
мүгедектігі бар адамдарға икемдеуге міндетті.
Қазақстанда мүгедектік мәселелерін халықаралық нормаларға сәйкес
айқындау және шешу тәсілдерінде түбегейлі өзгерістер жүрып жатыр. Қазіргі
кезде еңбек ету қабілеті төмендеген немесе жоғалған адамдар ғана емес,
сонымен қатар тіршілік әрекетінің басқа да шектелулері (өзіне өзі қызмет
ету, жүріп-тұру, адамдармен қарым-қатынас жасау, бағдарлану, өзінің мінез-
құлқын бақылау, оқыту) бар адамдар да мүгедек деп танылады.
Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, мүгедектерді оңалту мәселелерін
тиімді шешу мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне қабылданатын кешенді
нысаналы бағдарламалар шеңберіндегі белсенді қолдауын талап етеді. Ағымдағы
жылы осындай бағдарламаның біреуін - Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005
жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аяқталады, оның барысында
тиісті органдарда мүгедектерді әдеттегідей күтуден мүгедек-балалардың аса
сапалы білім алуға және жасы ұлғайған мүгедектерді оңалтуға дейін өтіп,
мүгедектер проблемасы шешілді. Білім мен оңалтудың арқасында мүгедектер
қоғамдық бірлестіктер арқылы мүгедектерге қарасты саясатты әрі қарай
дамытуға аса тиімділік танытты.
Мүгедектерге қатысты мемлекеттік саясаттағы оң өзгерістер 2005 жылы
қабылданған заң жобаларының қатарында орын алды (Қазақстан Республикасында
мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
13 сәуірдегі Заңы; Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы Қазақстан
Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңы; Мүгедектерді оңалтудың
кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20
шілдедегі № 754 Қаулысымен жүзеге асырылады.

1. Мүгедектің ұғымы және оның топтары

Мүгедек - бұл өмірлік қызметіне шек келтіріп, оның әлеуметтік қорғалуын
қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың
зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға.
Мүгедектік мәселесі, ол жайлы ұғым әлеуметтану және әлеуметтік жұмыста
басты зерттелу және талқылану тақырыбы болып табылады. Мүгедектік
сырқатпен, зақымданумен, жарақатпен байланысты пайда болады. Бұл – мүгедек
деп танылған адамның қабілітсіздігін түсіндіреді. Осыған байланысты қандай
да бір жалпы қабылданған әрекеттер орындалуы керек, яғни халыққа әлеуметтік
қызмет көрсетуші мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелер
тарапынан мүгедек деп танылған балалар мен азаматтарға әлеуметтік қорғау
көрсетіледі.
“Мүгедек” - Қазақстан Республикасының “Мүгедектердің әлеуметтік
қорғалғандығы туралы” заңында айтылғандай – сырқат, жарақат, зақымдану
салдарынан пайда болған, өмір сүру шектелуіне әкеліп соқтырған, оны
әлеуметтік қорғау қажеттілігін туындататын ағза қызметінің күшті бұзылуына
алып келеді
Өмір сүру шектеулігі – бұл адамның өзіне - өзі қызмет көрсету, өзіндік
қозғалу, бағдарлау, басқалармен қатынасу, өз әрекетін бақылау, білім алу
және еңбек қызметімен айналасу қабілеттілігімен мүмкіндігін жартылай немесе
толық жоғалтуы.
Соқыр, саңылау, мылқау, қозғалу координациясы бұзылған жартылай немесе
толық сал болған адамдар адамның қалыпты физикалық жағдайымен күшті
ауытқуымен айқындау нәтижесінде мүгедек болып табылады. Сонымен қатар
мүгедек болып кәдімгі адамнан сыртқы келбетімен айырмасы жоқ, бірақ сау
адам істейтін әр түрлі салада еңбек етуге мүмкіндік бермейтін сырқаты бар
адамдар да танылады. Мысалы, жүрек ауруымен ауыратын адам ауыр физикалық
жұмысты орындай алмайды, бірақ ми қызметі жақсы жұмыс істейді.
Өркениетті қоғамның қалыптасу жолында мүгедектік ұғымы айрықша өзгереді,
яғни экономикалық дамуы және тарихи ұлттық дәстүрлеріне байланысты әрбір
мемлекеттің заңдылықтары мен ұғымдарында әр түрлі болуы жалғасып келеді.
Алайда бір ұғым барлық елде және әрқашанда сақталып келеді, яғни мүгедек
қосымша әлеуметтік назарды қажет ететін азамат.
Егер мүгедекті барлық көзқарастар тұрғысынан қарастырсақ, онда оның басым
жағы – бұл “мүгедектігі” бар адамға әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі.
Мүгедектер және мүгедектік мәселесінің практикалық жағын қарастыру
негізінде, берілген анықтама азаматтық – құқықтық қатынастарда қабылданған
түсінік болып табылатының еске алу қажет. “Мүгедек термині заңдылықты
актілерде бекітілген, оның заңдық анықтамасы берілген, және оны басқамен
ауыстыру құқықтық көз қарасынан алғанда сыпайылыққа жатпайды.
Барлық мүгедектер әр түрлі негіз бойынша бірнеше топқа бөлінеді: жасы
бойынша мүгедек бала, ересек мүгедектер.
Мүгедектіктің пайда болуы бойынша: бала кезінен мүгедек, соғыс мүгедегі,
еңбек мүгедегі, жалпы сырқаттар мүгедегі.
Еңбеке қабілеттілігі деңгейі бойынша: еңбеке жарамды және жарамды емес
мүгедектер, 1 – ші топ мүгедектері, 2 – ші топ мүгедектері, яғни уақытша
еңбеке жарамсыз немесе шектелген сфераларда еңбекке жарамды, 3 – ші топ
мүгедектері, яғни сақтандырылған еңбек жағдайларында еңбекке жарамсыз.
Сырқат сипаты бойынша: қозғала алатын, аз қозғала алатын және қозғала
алмайтын топтағы мүгедектер.
Қазақстан Республикасында мүгедектікті өмір сүру шектеулігіне сәйкес үш
топқа бөледі:
• 1 – ші топ мүгедектігі ағза қызметінің және өмір сүру шектеулігінің
ең жоғарғы дәрежесі анықталған тұлғаларға беріледі;
• 2 – ші топ мүгедектігі ағза қызметінің және өмір сүрі шектеулігінің
орташа дәрежесі анықталғанда беріледі;
• 3 – ші топ мүгедектігі жеңіл шектеулер анықталғанда беріледі;
Топтардың сандық анықтамаларының әлеуметтік рөлі мүгедектерді қорғау
өлшемінің әртүрлі қажеттілік деңгейінде тұрады. Топтардың анықтамасына
сәйкес мүгедектерге жеңілдіктер бекітіледі және заңды белгіленеді.
Жеңілдіктер зейнетақының әртүрлі көлемімен, мүгедектіктің ауыр тобындағы
мүгедектерге жоғары мөлшердегі жәрдемақымен, компенсациямен, дәрімен
қамсыздандыруды жатқызамыз. Реформалық кезеңге дейін “еңбекке қабілетті”
және “еңбекке қабілетсіз деген” түрлерге де бөлінген.
Мүгедектік бойынша әлеуметтік тегін көмектің көлемін, түрін және оның
қаржылану көзін анықтау үшін өмір сүру шектеулігінің көріну дәрежесімен
қатар мүгедектікке әкелуші себебтер де маңызды орын алады. Мүгедектік
себебтері жағдайдың тууына негізгі жауапкершілікпен кім көтеретінің
көрсетеді, алайда мұны заңгерлік жауапкершілік деп атауға болмайды.
Әлеуметтік қорғау органдары мүгедектіктің тобын ғана емес, сонымен қатар
оның себебтерін де тіркейді. Мемлекеттік қайнар көздерден қаржыландыру
көлемін есептеу үшін көп жағдайда негіз болатын статистикалық формаларда
мүгедектер саны туралы ақпараттар мүгедектік себебтері тұрғысынан
келтіріледі.
Ережеге сәйкес барлық мүгедектер келесі түрлерге бөлінеді:
• еңбектік міндеттерді орындау барысында мүгедектік алған, еңбек зақымы
және кәсіби ауру мүгедектері;
• туылғанда және 18 жасқа дейін мүгедектік алған бала кезінен болған
мүгедек;
• әскери қызмет және әскери міндеттерді орындау кезінде мүгедектік алған
әскери қызмет мүгедектігі;
• жалпы аурудан немесе жарақаттан мүгедек болған, жалпы ауру
мүгедектері.

2. Мүгедектік әлеуметтік мәселе ретінде

Жас мүгедектер мәселесі - қазіргі заманның өткір мәселелерінің бірі. Оның
ауқымын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері былайша
келтіреді: 500 миллионнан астам адам, яғни жер жүзіндегі халықтардың 10
пайызы қандай да бір мүгедектіктің нысанына ие екен, көптеген елдерде ең аз
дегенде он адамның біреуі физикалық, ақыл – ой немесе сенсорлық кемшілікпен
азап шегеді екен. Қазақстанда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министрлігінің мәліметтері бойынша 2001 жылғы 370 мүгедек тіркелген, оның
50 мыңы – жасы 16 – ға толмаған балалар болса, 60 мың мүгедек туа біткен
мүгедектер екен. Ал республикалық медико - әлеуметтік комиссияның
мамандарының пікірінше мүгедектердің шынайы саны бұдан да көп.
Қазақстандағы жыл сайынғы мүгедектер санының өсуі халықтың өсу пайызынан да
асып кетеді: жыл сайын 50 мың астам адам мүгедек болса, олардың еңбекке
қабілетті жастағылары – 30 мыңнан астам. Жалпы еліміздің халқының жас
мүгедектерінің жасару процесі байқалып отыр.
Жас мүгедектер халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған санатына жатады.
Олардың табыстары орташа есеппен әлдеқайда төмен де, медициналық және
әлеуметтік қызметке деген қажеттіліктері әлдеқайда жоғары. Жас мүгедектерге
еңбек нарығында дене дамуы жағынан толыққанды адамдармен теңбе – тең
бәсекеге түсу мүмкін емес, жұмыссыздық өсіп тұрған кезде олардың қоғамдық
өндіріске қатысуы барынша қысқарады. Қамқорлығында жас мүгедегі бар
отбасылары мен туыстары әдетте барынша материалдық және психологиялық
қиындықтарды бастан кешіреді. Осындай барлық жағдайлар мүгедектерді, оның
ішінде жастарды әлеуметтік жұмыстың обьектісіне айналдырады. Ғылыми
әдебиеттерде және оқулықтарды “мүгедек”, “мүгедектік” деген түсініктерге
әртүрлі нұсқада анықтамалар берілген. Әлеуметтік қызметкер үшін олардың
құқықтық, заңдық анықтамалары қажет. Ең алғаш рет “мүгедек” түсінігіне
жалпылама халықаралық – құқықтық анықтама 1975 жылы БҰҰ мүгедектерінің
құқығы туралы Декларациясында берілген. Онда “мүгедек” өзінің жеке және
әлеуметтік қажеттіліктерін туа біткен немесе жүре пайда болған, өзінің дене
немесе ақыл – ой қабілеттерінің кемшіліктеріне байланысты толықтай немесе
жартылай қамтамасыз ете алмайтын кез – келген тұлға дегенді білдіреді.
1992 жылы Еуропалық кеңестік Парламенттік Ассамблеясы қабылдаған
реабилитациялық бағдарламасының Нұсқауларында мынадай анықтамалар бар:
“Мүгедектік – физиологиялық, психологиялық, сенсорлық, әлеуметтік, мәдени,
заңды және де басқа да кедергілер негізінде мүмкіндіктердің шектелуі, олар
қоғамның басқа мүшелері сияқты мүгедек адамға қоғамға кірігуіне, отбасы
немесе қоғам өміріне қатысуына кедергі жасайды”.
Тұлғаның тіршілік әрекетінің шектелуінің толықтай немесе жартылай өзіне
қызмет көрсетуге, қозғалуға, бағдарлануына, қарым – қатынасына, өз мінез –
құлқына бақылау жасауға, сондай – ақ еңбекпен айналысуға қабілеттерін
немесе мүмкіндіктерін жоғалтудан көрінеді. Тұлғаны мүгедек деп мойындау
заңда көрсетілген, оны соған өкілетті мемлекеттік органдар бекітілген
ережеде жүзеге асырады.
Жас мүгедектігі бар тұлғалармен жүзеге асырылатын әлеметтік жұмыс әлемдік
қоғамдастықтың, соның ішінде БҰҰ мен оның бөлімшелерінің нормативтік –
құқықтық базасындағы құжаттарды, ТМД қатысушы – мемлекеттерінің парламент
аралық Ассамблеясының заң актілерін, Қазақстан Республикасының заңдары мен
заңдық күші бар актілерін есепке ала отырып және солардың негізінде жүзеге
асады.
Мүгедектердің құқығын қорғау, мүгедектіктің алдын алу және мүгедектерге
олардың әрекеттіктің кез – келген салаларында қабілеттерін дамытуға көмек
көрсету, қоғамдық өмірге қатысуына көмектесу салаларының жалпы негізі мен
басшылық етуіне БҰҰ мүгедектер құқығы туралы Декларациясы жатады, сонда
көрсетілгендей мұгедектер шыққан тегіне, мінезі мен зақымдылығының
күрделігіне немесе кемістіктеріне қарамастан, сол жастағы азаматтар сияқты
адамдық абыройымен құрметтелуіне құқығы бар, яғни бірінші кезекте қалыпты
және толыққанды болуға тиіс өз өмірін қанағаттандыруға құқығы бар.
Әлеуметтік қызметкер үшін Декларацияның 5 – ші пункті ерекше маңызды, онда
мүгедектер үлкен дербестікке жетуге мүмкіндіктерді беретін арнаулы
шараларға құқылы делінген.
Мүгедектердің құқығы бекітілген қазақстандық заңдылықтарға жоғарыда
аталған “Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы”
Заңынан басқа 1997 жылғы 16 маусымда қабылданған “Қазақстан
Республикасындағы мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты және
жасына қарай берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы” Заңында
Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 28 сәуірде шыққан, заңдық
күші бар, “Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға
теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер беру және әлеуметтік қорғау туралы”
Жарлығы 1996 жылғы 23 қаңтардағы “мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктерді
реттеу бойынша шаралар туралы”, 1992 жылғы 27 мамырдағы Өкіметтің
“Мүгедектерді арнайы құралдармен қамтамасыз ету туралы” Қаулысы, 1993 жылғы
17 наурыздағы “Барлық жеке меншік ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерге
еңбек міндеттерін орындауға байланысты зақым келтіру немесе басқа да
денсаулығына келтірілген зақымдардың орнын толтыру ережелері”, 1999 жылғы
22 шілдедегі “адрестік әлеуметтік көмек көрсетудің Уақытша ережелерін
бекіту туралы” Заңдары жатады.
Жас мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың теориялық –
методологиялық және адамгершілік негізіне “мүгедектік моделі” жатады. Бұл
модельдердің бірнеше түрлері бар, дегенмен оларды шартты түрде екі топқа
бөлуге болады. Бірінші жағдайда мүгедектік жеке бастың мәселесі деп
түсіндіріледі, яғни мүгедектіктің дәрігерлік немесе “әкімшілік” модельдері.
Мұнда шектеулі мүмкіндіктер адамның және оның дертінің арасындағы өзара
байланыс контексінде қарастырылады: мүгедектік – бұл медициналық патология
және осынысымен мүгедектер “қалыпты” адамдардан ерекшеленеді. Мүгедектіктің
барлық мәселелері осы топтың моделіне сәйкес - осы патологияның нәтижесі.
Ол “қалыпты” адамдардың қоғамына үйренуі керек, ал әлеуметтік жұмыстың
мақсаты – мүгедекке оның бейімделуіне көмектесу болса, жұмысының негізгі
мазмұны әлеуметтік қорғау болып табылады. Модельдердің бұл тобы
мүгедектерге кемтар адамдар ретінде қараудың жасырын қарым – қатынасын
білдіреді. Адамның құндылығы бұл жерде оның қоғамға “пайдасы бар” деген
көзқараста қарастырылады. Мүгедектік мәселесін бұлайша түсіну қоғамдық
санада 20 ғасырдың ортасына дейін басым болды және саяси режиміне
қарамастан өндірісті қоғамға тән болып қалыптасты.
Мүгедектіктің екінші жағдайында ол әлеуметтік, қоғамдық мәселе ретінде
қарастырылады. Мұнда адам мен оның қоршаған ортасы мен өзара қарым –
қатынасы қарастырылады. Шектеулі мүмкіндіктер әлеуметтік жағдайлардың, яғни
қоғамдық мораль, психологиялық климат, әлеуметтік ұйым, инфра құрылым және
тағы басқалары мүгедектердің өз - өздерін көрсетуге деген мүмкіндіктерін
тарылтады, яғни мүгедектер ауытқу емес жәбір көруші топ ретінде
қарастырылады. Мұндай тәсілдегі әлеуметтік жұмыстың мазмұнына мүмкіндіктері
шектеулі адамдарды әлеуметтік реабилитациялау, олардың өздерінің адамдық
құқықтарын саналы түрде сезініп, оны жүзеге асыруға көмектесу.
Мүгедек әлеуметтік жұмыстың обьектісі ғана емес, қоғамдық өмірдің белсенді
субьектісі және өз тағдырын жасаушы. Бұны мүгедек – балалармен және олардың
отбасыларымен, жас мүгедектермен жұмыс жасайтын әлеуметтік қызметкер есте
сақтауы керек, себебі дәл осы жаста олардың өзіндік ерекшеліктері
қалыптасады. Мүгедектікті осылайша қабылдау, соған сәйкес мүгедектермен
әлеуметтік жұмыс жүргізу дамыған елдерде басты назарда болып келеді. Ол
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатында да, қоғамдық пікірде де
тұрақталып отыр. Мүгедектерге қатысты республикада жүзеге асырылып отырған
әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелеріне оларды басқа адамдармен бірдей
құқықтары мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету, оны өмірлік
маңызды әрекеттеріндегі шектеулердің көзін ғана жойып қоймай, толықтай өмір
сүруге, қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси өміріне белсенді
қатысуына жағдай жасау жатады.
Жас мүгедектердің қоғамдағы жағдайын сипаттайтын негізгі әлеуметтік –
экономикалық және әлеуметтік – демографиялық көрсеткіштерге мыналар жатады:
еңбек әрекетіне және қоғамдық өмірге қатысу, еңбек ақысы мен зейнет
ақысының мөлшері, тұрғын – үй жағдайы, отбасылық мәртебесі, білімі.

3. Жас мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың ерекшеліктері
мен негіздері

Жас мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың негіздіктері
мүгедектердің кез – келген жас тобымен жүргізілнтін жұмыс үшін қолданыла
береді. Сонымен бірге, әлеуметтік қызметкер мүгедектердің әлеуметтік –
психологиялық көңіл – күйіне, қоршағандармен қарым – қатынасқа түсуіне,
қандай да бір әрекет түрлерінің басымдылығына әсер ететін жас
ерекшеліктерін есепке алуы керек. Олар мүгедек балаларда, жас мүгедектерге
және егде тартқан мүгедектерде әртүрлі.
Жас мүгедектермен жұмыс істей отырып оларда мүгедектік жағдайда өсір сүру
тәжірибесі, өз жағдайларына “дағдылануы” ересек, егде жастағы мүгедектермен
салыстырғанда жоқ екенін естен шығармау керек. Жастық шақ – психиканың,
құндылықтардың, өмірге деген қарым – қатынастың қалыптасу кезеңі. Жас
мүгедектерде бұл процесстер дені сау құрбыларына қарағанда басқаша өтеді.
Жас мүгедектер үшін қарым – қатынасқа түсінудің маңыздылығы мен мен оны
басиан кешірудің сипаты ересек жастағы мүгедектерге қарағанда мүлдем басқа
болады. Көптеген жасөспірім – мүгедектерде өз - өзіне баға беруі тұрақты
емес. Көпшілігінің қоршағандарына деген сенімі қалыптаспайды. Осыған
байланысты жастайынан мүгедек болған дар барлық адамдарды мейірімсіз орта
ретінде қабылдайды. Көптеген жасөспірім – мүгедектер мен жас адамдар, тіпті
дені сау құрдастарынан интеллектілік дамуынан қалыспағандардың өзі
толыққанды түсу уәжі мен дағдылары қалыптаспайды да, оларда тұйықтық, басқа
адамдардан оқшаулану пайда болады. Жас мүгедектер ұшін әлеуметтік – еңбек
реабилитациясының ерекше маңызды бағытына оларды оқыту, білім алу болып
табылады.
Жас мүгедектерге жалпы білім беру мен кәсіптік дайындау жүйесінің әлемдік
даму үрдісі олардың жалпы білім беру жүйесіндегі құқықтарын жүзеге асыруға
құқықтық және ұйымдастырылған кепілдерінің кеңеюімен, сондай – ақ арнаулы
білім беру жүйесінің жетілдіруімен сипатталады.
Қазақстан республикасында жас мүгедектердің әлеуметтік – еңбек
реабилитациясының осы білім беру, оқыту кезеңінің мақсаттары оқу
орындарының жүйесі арқылы жүзеге асырылады, оларға мыналар жатады:
1. Мүгедек балалардың мектеп жасына дейінгі тәрбиесін ұйымдастыру:
• Жалпы типтегі мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде;
• Арнаулы мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде;
• Стационарлық мекемелерінде.
2. жалпы типтегі оқу орындары.
3. Мүгедектерге арналған арнаулы оқу орындар:
• Қазақстан республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министрлігінің қарамағындағы оқу орындары;
• Қазақстандық соқырлар қоғамының жүйесінде оқыту;
• Қазақстандық саңыраулар қоғамының жүйесінде оқыту;
4. Өндірісте оқыту:
• Еңбеке қабілетті азаматтармен бірге ешқандай арнайы жағдайлар жасамай;
• Мүгедектерді арнайы жасалған жағдайлар негізінде оқыту.
Жас мүгедектерді оқытуда маңызды рөлді жалпы типтік оқу орындарына
беріледі. Бұл республикалық заңдылықтарда ең алдымен Қазақстан
Республикасының Конституциясында, “Білім туралы”, “Жоғары білім туралы”,
“Қазақстан республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы”
Заңдарында қаралған. Жоғарыда аталғандардың соңғысына сәйкес 1- ші және 2 –
ші топ мүгедектері мен жас кезінен мүгедек болғандарға медико - әлеуметтік
эксперттік комиссияның шешімі бойынша жоғарғы және орта арнайы оқу
орындарында оқуға рұқсат берсе, олар байқаудан тыс қабылданады.
Жас мүгедектерді оқыту жүйесінде арнайы оқу орындары да ерекше орын алады.
Қазақстан республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министрлігінің оқу орындарының жүйесіне әр түрлі аурулармен ауыратын жас
мүгедектер оқитын екі кәсіптік – техникалық училище кіреді. Оқуға жолдаманы
халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері береді және олар мүгедектердің оқу
орнына дейінгі жол ақысын төлейді. Оқыту кезіңде барлық оқушылар толықтай
мемлекеттің қамқорлығында болады. Арнаулы оқу орындарының басты мақсаты
реабилитациялық шаралармен үйлесе отырып, жас мүгедектерді дербес өмір мен
еңбеке даярлау. Жас мүгедектердің белгілі категориясын арнаулы жағдайларда
оқыту республикалық мылқаулар мен соқырлар қоғамының құрылымдарында жүзеге
асырылады.
Жас мүгедектерді арнаулы оқу орындарында оқытудың мысалы ретынде Солтүстік
– Қазақстан облысындағы тірек – қимыл апараттары бұзылған және интеллекті
сақталған балалардың эксперименталды мектеп – интернатын алуға болады. Оның
әректенідегі басты мақсат мүгедек балаларды арнайы құрылған әлеумеььік
оқыту кеңістігінде бейімделуге, реабилитацияға және жұмысқа орналасуына
жағдай жасау. Мүгедек балалар жалпы білім беретін мектептерде оқиды.
Мектепке бару арнайы жабдықталған автобустармен жүзеге асырылады, онда
мүгедектерге арналған арба,
Жадағай орындықтыр тұратын бөлігі бар, өтетені жері кең, арбамен кіріп –
шығуға арналған баспалдақтары бар. Мектепке мүгедек балалар арнайы
жалғанған бөлме арқылы кіреді де, арбаларымен өз сыныптарына тарайды.
Сыныптарда бір адамға ғана шақталған парталар бар, оларға арбамен кез –
келген жақтан келуге борлады.
Инклюзивті оқыту өзін ақтап отыр, мүгедек балар көпшілік мектептерде оқуға
бейімделген, үлгерімдері жақсарған, ашық, көпшіл, жарқын жүзді бола
бастаған. Мектепте интернаттың тәрбиеленушілерін және мектеп оқушыларын
біріктірген “Рука в руке” атты қоғамдық ұйым құрылған. Біріктірілген оқыту
қарапайым мектеп оқушыларына да игі әсер еткен, олар мектептерінде оқитын
мүгедектерді дұрыс қабылдап, өздеріне тең адамдай қабылдаған.
Мектеп интернсттың өзі жарық, теледидп\ары мен ыңғайлы жиһазы бар жататын
бөлмелермен, соңғы “Пентиум” модельдерімен қамтылған компьютерлік сыныппен
қамтамасыз етілген. Мүгедек балаларға ыңғайлы әрі жайлы болу үшін барлық
жағдайлар жасалған. Осындағы балалар төсек – орнын өздері жинайды, асханада
өздері кезекші болады, мектеп жанындағы учаскілерде жұмыс істейді. Бұл
мектеп интернатты құруға басшы болып жүрген, оның директоры Ш.Т. Шақшақбаев
және педагогтері мүгедек балаларды өзін - өзі бекітуге, дербестікке, өзіне
сенімді болуға және адамдарға пайдалы болуға үйретеді.
Қазақстандағы бұл алғашқы тәжірибе түрі дамытуды қажет тетді. Мұны
зерттеген мамандар мүгедектерге арналған мектептер кешенін құру жобасын
ұсынып отыр, ол мыналардан тұрар еді:
1. мүгедек балаларға раналған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары;
2. кәсіби даярлығы басым жалпы білім беретін мектептер;
3. мүгедек балалар қандай да бір кәсіпке үйрететін оқу - өндірістік
кешен;
4. мүгедек балалардың мүмкіндіктері ескерілуге бағытталған дене
шынықтыруларға арналған спорт залдар;
5. мектеп территориясының жанында орналасқан қосымша шаруашылық орындары.
Орта мекмепті бітіргеннен кейін жас адамның алдында, соның ішінде
мүгедектің алдына әрі қарайға кәсіптік білім алуы туралы мәселе тұрады.
Мысалы, орта оқу орнының мүгедек – түлегі мыналарды игеруі керек:
• кәсіптік әрекеттердің қандай түрлері оның денсаулығына,
әрекеттің ұнамдылығына, материалдық жеткіліктікке және тағы
басқа жағынан пайдалы екенін а,нықтау керек;
• кәсіпті таңдаудың қоғамдық және жеке басына маңыздылығын саналы
түрде сезіну, өзі үшін қол жетерлік кәсіптік әрекеттер туралы,
кәсіптік білім алу жолдары туралы толық хабардар болу.
Осы жағдайда мүгедектерді еңбекпен қамту қызметтерінің әлеуметтік
қызметкерлері көмек көрсете алады. Осы қызметтердің мамандары мүгедектермен
әңгіме мен тестілеу өткізіп, соның негізде мүгедектер өздерінің қабілеттері
мен кәсіптік бейімділігін біле алады. Еңбекпен қамту қызметтері мынадай
жағдайларды шешуге көмектеседі:
• кәсіп таңдау мәселесін, сондай – ақ өзінің кәсібіне байланысты жоспар
құруын шешуде;
• мүгедек таңдаған мамандықтың оның жеке басына қоятын талаптарымен
танысуына;
• білім беру, еңбек және еңбекпен қамту салаларындағы қолданыста жүрген
заңдылықтарды түсіндіруде;
• психологиялық қолдау алуда.
Тірек – қозғалысы жүйесі зақымдалған мүгедектерге арналған Мәскеулік
институт – интернатта жүргізілген ммандардың зерттеулері срңғы жылдары орта
оқу орындарының мүгедек – түлектерінің өздерінің болашақ мамандығын, әрекет
түрін таңдауда аса санылы түрде мән беретінін байқаған. Оларды мұндай
шешімге қоғамдағы нарықтық қатынастардың барлық әрекет түрлерінің
салаларына қатты әсер етіп отырған жағдайлары мен еңбек нарығындағы өз
мүмкіндігін пайдалануға қатал бәсекелестіктің итермелеп отыр деуге болады.
Қоғамда мүгедектердің толықтай интеграциясы кәсіптік білімсіз, әсіресе
жоғары білімсіз мүмкін емес. Мүгедектерге білім алып, әрі қарай жұмысқа
орналасу үшін барлық жағдайлар жасалуы керек. Бұл бағытта Ресей
Федерациясының іс – тәжірибелеріне назар аударарлық: 1990 жылы Мәскеуде
тірек – қозғалыс жүйесі зақымданған мүгедектерге арналған институт –
интернат құрылды. Мұнда студенттер ақысыз оқумен, тұрумен, тамақтану және
медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етілген. Институт елдегі
мүгедектерге арналған арнаулы жоғары білім беру саласындағы алғашқы оқу
орны болды. Одан кейін мемлекеттік арнаулы өнер институты, Новосибирск
мемлекеттік техникалық университетінің әлеуметтік реабилитациялық
институты, соқырларды реабилитациялау және мамандыққа даярлаудың сырттай
оқыту институты құрылды. Арнайы жоғарғы оқу орындарынан баасқа бірнеше
қарапайым жоғарғы оқу – орындарында мүгедектерге арналған арнаулы топтар,
бөлімшелер, орталықтар бар.
Мүгедектерді арнаулы жоғарғы оқу орындарында оқыту олардың қалыпты жоғарғы
оқу орындарында оқуын алмастыра алмайды. Бұл мәселені тек жартылай ғана
шешу, бірақ күрделі экономикалық жағдайларда жоғарғы оқу орындарындағы
қолданыста жүретін кіріктірілен оқыту мобильділігі аз мүгедектердің жоғарғы
білім алу мүмкіндіктерін шектейді. Қазіргі жағдайларда арнаулы жоғарғы оқу
орындарында оқыту мақсаттарын ғана шешіп қоймайды, сондай – ақ мүгедек –
студенттердің әлеуметтік – экономикалық және медико – пстхологиялық
қорғауларын да қамтамасыз етеді. Оқыту және реабилитациялау процесінде
мүгедек – студентте ішкі себеб қалыптасады, яғни оның болашақ кәсіптік
әрекеті мен өз алдына қойған мақсаттарына жеткізетін білімді, іскерлік пен
дағдыларды алуға қажеттілігі туады. Психологиялық жайлылық, әр кездегі
жағымды сенім мүгедеке өз күшіне сенуді, өзінде компенсаторлық функцияларды
дамыту мүмкіндігін қалыптастырады, ал оқу бітіргеннен кейін оның тұрмысында
және қоршағандарымен қарым – қатынаста тәуелсіз болуын қамтамасыз ететін
кәсіптік әрекетте табысты түрде орналасуына мүмкіндік жасайды.
Әлеуметтік – еңбектік реабилитация жағынан алғанда жас мүгедектерді өндіріс
орындарында оқытуды ұйымдастыру мәселесі маңызды болып табылады, ол өізндік
мынадай артықшылықтарға ие: өнеркәсіптердің өндірістік базасы мүгедектерге
оқу орындарына қарағанда кеңірек оқу, мамандықтар шеңберін игеру
мүмкіндігін береді, мүгедектердің жұмыстағы жолдастарымен үздіксіз
әлеуметтік – писхологиялық қарым – қатынасқа түсуін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, өндірісте мамандыққа даярлауды ұйымдастыру оны белгілі бір
күнтізбелік мерзімсіз бастауға бір өндірісте өзінің әріқарайғы еңбек
әрекетін жалғастыруға мүмкіндік жасайды.
Жас мүгедектер үшін әлеуметтік – еңбектік реабилитация бағытындағы тағы бір
аса маңыздысы еңбек ету құқығын жүзеге асыру. Бұл өзінің материалдық
жағдайын ғана жақсарту емес, өзін - өзі бекітудің және ішкі дамуының
тәсілі. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, барлық мүгедектерді жұмыс
критерийлері бойынша төрт санатқа бөлуге болады:
1. жұмыс істемейді, бірақ жұмыс істегісі келетіндер;
2. жұмыс істегісі келмейді, бірақ жұмыс істеуге мәжбүрлер;
3. жұмыс істемейді және жұмыс істегі келмейтіндер;
4. жұмыс істейтіндер және жұмыс істегісі келетіндер.
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, үшінші және төртінші санаттағылар өмірге
риза болса, алдыңғы екі санаттағылар өздірін ыңғайсыз сезәнеді, апатияға
бейім. Еңбеке қабілетті жастағы мүгедектерге жасалған әлеуметтік
сауалнамалар олардың арасында еңбек еткісі көп екенін анықтаған. Еңбеке
тартылмағанның себебі жұмыс істегісі келмейтінтіндіктен екенін тек 1,8
пайыз ғана атаған, ал экономикалық енжар мүгедектер жыл сайын жас өскен
сайын ұлғайып келеді. Төлем ақысы жоғарғы жұмыс орнын табуға мектепті
немесе арнаулы интернаттарды бітіріп, кәсіртік даярлықтан өткен 1- шы және
2 – ші топтағы мүгедек жастар ұмтылады.
Респондент мүгедектердің еңбек мотивациясы көбінесе біркелкі. Өзінің,
отбасылық материалдық жағдайын жақсарту және басқа ауру адамдарға көмек
көрсету еңбек етудегі ең маңызды мақсат дап 42,8 пайыз есептейі.
Шығармашылығын таныту себебті еңбек ететіндер 31,2 пайызды көрсетті. Жұмыс
әлеуметтік реабилитация үшін керек деп 26,0 пайыз респонденттер көрсетті.
Шығармашылық себебтер көбінесе жастарға тән, бірақ жас ұлғая келе
төмендейді дегендер 7,5 пайызды құраған болатын. Еңбек ету мотивациясы
басым типті мүгедектердің қоршағандарынан тәуелсіз болғысы келетіндіктерін
көрсетеді. Қазір қазақстан басынан өткеріп отырған өзгермелі қоғамда бұл
қажеттіліктерді жүгезе асыру аса күрделі болып отыр. Мүгедектердің еңбек
нарығы жалпы еңбек нарығының бөлшегі болып табылады да, өзіндік
ерекшеліктерге ие болады. Мүгедектердің дені сау жұмысшылармен бәсекеге
түсе аламайтының еспке алу керек. Мүгедектердің еңбек нарығындағы төмеңгі
бәсекеге түсу қабілеті олар үшін арнайы жағдай жасалған жұмыс орнын даярлау
ьқажеттігін тудырады, яғни еңбекті ұйымдастырудың басқа нормалары, мүгедек
үшін жұмыс істеуіне жеңілдік жасайтын, бұрын оған жете алмағандар үшін
жағдай туғызатын арнаулы құрылғылар сатып алап, орнату, тиімді еңбек және
демалу режимін құру және тағы басқалары жатады. Бұл қазіргі жағдайда жұмы
берушілердің өндірістік тәжірибесі жоқ жас мүгедектерді жұмысқа алуды
қолдамайтынын, олардан ыңғайлы сәттер туа қалғанда құтылғысы келетіндігіне
әкеп соғады.
Соған қарамастан, мүгедектердің өмір сүру жағдайларының төмендеуі олардың
еңбек нарығына қарай ағылуына мәжбүр етті. Жалпы жұмыссыздармен
салыстырғанда мүгедектердің жұмыссыздығының үлесі аз болғанымен, орта
есеппен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүгедектік мәселесін шешу аспектілері мен жолдары
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар
Мүгедектік ұғымы және оның ерекшеліктері
Мүгедектің ұғымы және оның топтары
Мүгедектер әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде
Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік шаралары
Жұлын қан айналысының бұзылулары
Мүгедектіктің британдық моделі
Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Мүмкіндіктері шектеулі балалармен әлеуметтік
Пәндер