Сақ. Үйсін. Қаңлы



1. Сақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.1 Сақ тайпаларының мәдениетi.
1.2 Сақтардың шаруашылығы.

2. Үйсіндер (б.з.д. 3 . 1.ғасырлар) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

2.1 Археологиялық ескерткіштері.
2.2 Үйсіндер шаруашылығы.

3. Қаңлы мемлекеті (б.з.д. 3 . 1.ғасырлар) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

3.1 Қаңлылар туралы әртүрлі деректер.
3.2 Қаңлылар шаруашылығы.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Қолданған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Қазақ тарихының зерттеген тарихшы, этнограф, антрополог, археолог ғалымдардың бiрсiпырасы қазақ халқының арғы тегi ерте заманда Орта Азияны мекен еткен ежелгi сақ тайпаларынан шыққан дейдi. Әйгiлi ғылым А.Н. Бернштам қазақтың атын сақтармен байланыстырады. Ол: “қазақ” деген сөз ерте замандағы “қаспи” және “сақ” деген екi тайпаның қосылуынан шыққан, яғни қаспи – сақ, қас – сақ - қазақ болған деп тұжырымдайды. Тарихшы М. Ақынжанов қазақ деген сөз “қас” (нағыз), “сақ” деген екi сөзден “қас-сақ” дегеннен шыққан. Қазақтар – түрiк, маңғол тектес халықтың екi бұтағынан құралған ежелгi халық дейдi.
Қазақ халқын қалыптастырған арғын, қыпшақ тағы басқа тайпалар iшiнде сақ деген атты қолданған рулар да бар. Мысалы, сақтоғалық, бес-сақ, сақ құлы, бо-сақ, қар-сақ тағы басқалар. Қазақ халқының арғы тегi болған ежелгi үйсiн бiрлестiгiнiң құрамында сақ тайпаларының барлығы елiмiздiң ежелгi жащба деректерiнде айқын айтылады. Онда: Үйсiн халқы iшiнде сақ тайпалары да, ұлы иозы тайпалары да бар дейдi. Бұл тарихи фактiлер қазақтың арғы тегiнiң бiр саласы ежелгi сақ тайплары екендiгiн дәлелдейдi.
Елiмiздiң ежелгi замандағы жылнамалары мен томдарында сақ тайпалары (сәйжүң) (шижүң), (шимо), (шижа) түрiнде кездеседi. Бұлар (сақ) және (сақ тайпалары) деген атаудың өз кезiндегi ханзушы дыбысталуы едi.
Ежелгi заманда Орта Азия өңiрiн мекен еткен сақ тайпалары туралы тарихи деректер сол замандағы парсы және грек авторларының жазба деректерiнде сақталған. Ежелгi грек тарихшылары оларды “Азиялық скифтер” деп атаса, парсы тарихшыларды оларды “сақ” деп атаған.
Ахменид иранның сына жазу текстерiнде, оның iшiнде накширостемдегi жазуында сақ тайпаларының үш тобы айтылады. Олар: хаомоварга сақтары (хаомо iшiмдiгiн iстейтiн сақтар), парадария сақтары (теңiздiң ар жағындағы сақтар) және тиграхауда сақтары (шошақ төбелi тымақ киетiн сақтар) деп аталады. Олар өз заманында Орта Азияның ұлан – байтақ өңiрiн мекен еткен.
Ол заманда “сақ” немесе “скиф” деген жалпы атпен аталған халықтың iшiнде әрқайсысының өзiне тән аты бар көптеген тайпалар болған. Олардың көпшiлiгi көшпендi мал шаруашылығымен, бiр бөлегi егiншiлiкпен шұғылданған. Ерте замандағы грек авторларының суреттеуiне қарағанда, олардың көшiп қонатын көлiгi екi, төрт, алты дөңгелектi арба, оған екi, үш жұп өгiз, ат немесе түйе жегiлген. Осы арба күймесiнiң сырты сырымен, яки киiзбен қапталған. Бұлар шөптiң сонысы мен судың тұнығын жүзiп, малдарын оттатып көшiп жүрген. Сақтар көшкенде қатын-бала, үй-мүкәмалмен күймелi арбада, қонғанда киiз үйлерде отырған. Олардың қыстауларында кесектен жасалған там үйлерде болған. Мал шаруашылығымен шұғылданған сақтар жылқы, қой, сиыр, түйе өсiрген, егiншiлiкпен шұғылданушылар тары, арпа, бидай еккен. Тiптi ма шаруашылығымен айналысқандардың да қыстауларының маңында шағын егiншiлiк болған.
1) Нығмет Мыңжан «Қазақтың қысқаша тарихы»

2) «Қазақ совет энциклопедиясы», 8-том.

3) Көкіш Рысбфйұлы «Қазақстан тарихы: Зерттеулер, Құжаттар»

4) Асфендияров С. Д, Кунте П.А // Прошлое Казахстана в источниках и материалах.

5) Сиратори «Соғдылар туралы зерттеу»

6) «Оғызнама» дастаны.

7)«Қазақстан тарихының очерктері»

8) Мусин Ч. «Қазақстан тарихы»

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Сақтар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..3

1.1 Сақ тайпаларының мәдениетi.
1.2 Сақтардың шаруашылығы.

2. Үйсіндер (б.з.д. 3 – 1-
ғасырлар) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

2.1 Археологиялық ескерткіштері.
2.2 Үйсіндер шаруашылығы.

3. Қаңлы мемлекеті (б.з.д. 3 – 1-
ғасырлар) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 9

3.1 Қаңлылар туралы әртүрлі деректер.
3.2 Қаңлылар шаруашылығы.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 14

Қолданған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...15

1. Сақ тайпалары

1.1 Сақ тайпаларының мәдениетi.

Қазақ тарихының зерттеген тарихшы, этнограф, антрополог, археолог
ғалымдардың бiрсiпырасы қазақ халқының арғы тегi ерте заманда Орта Азияны
мекен еткен ежелгi сақ тайпаларынан шыққан дейдi. Әйгiлi ғылым А.Н.
Бернштам қазақтың атын сақтармен байланыстырады. Ол: “қазақ” деген сөз ерте
замандағы “қаспи” және “сақ” деген екi тайпаның қосылуынан шыққан, яғни
қаспи – сақ, қас – сақ - қазақ болған деп тұжырымдайды. Тарихшы М.
Ақынжанов қазақ деген сөз “қас” (нағыз), “сақ” деген екi сөзден “қас-сақ”
дегеннен шыққан. Қазақтар – түрiк, маңғол тектес халықтың екi бұтағынан
құралған ежелгi халық дейдi.
Қазақ халқын қалыптастырған арғын, қыпшақ тағы басқа тайпалар iшiнде
сақ деген атты қолданған рулар да бар. Мысалы, сақтоғалық, бес-сақ, сақ
құлы, бо-сақ, қар-сақ тағы басқалар. Қазақ халқының арғы тегi болған ежелгi
үйсiн бiрлестiгiнiң құрамында сақ тайпаларының барлығы елiмiздiң ежелгi
жащба деректерiнде айқын айтылады. Онда: Үйсiн халқы iшiнде сақ тайпалары
да, ұлы иозы тайпалары да бар дейдi. Бұл тарихи фактiлер қазақтың арғы
тегiнiң бiр саласы ежелгi сақ тайплары екендiгiн дәлелдейдi.
Елiмiздiң ежелгi замандағы жылнамалары мен томдарында сақ тайпалары
(сәйжүң) (шижүң), (шимо), (шижа) түрiнде кездеседi. Бұлар (сақ) және (сақ
тайпалары) деген атаудың өз кезiндегi ханзушы дыбысталуы едi.
Ежелгi заманда Орта Азия өңiрiн мекен еткен сақ тайпалары туралы
тарихи деректер сол замандағы парсы және грек авторларының жазба
деректерiнде сақталған. Ежелгi грек тарихшылары оларды “Азиялық скифтер”
деп атаса, парсы тарихшыларды оларды “сақ” деп атаған.
Ахменид иранның сына жазу текстерiнде, оның iшiнде накширостемдегi
жазуында сақ тайпаларының үш тобы айтылады. Олар: хаомоварга сақтары (хаомо
iшiмдiгiн iстейтiн сақтар), парадария сақтары (теңiздiң ар жағындағы
сақтар) және тиграхауда сақтары (шошақ төбелi тымақ киетiн сақтар) деп
аталады. Олар өз заманында Орта Азияның ұлан – байтақ өңiрiн мекен еткен.
Ол заманда “сақ” немесе “скиф” деген жалпы атпен аталған халықтың
iшiнде әрқайсысының өзiне тән аты бар көптеген тайпалар болған. Олардың
көпшiлiгi көшпендi мал шаруашылығымен, бiр бөлегi егiншiлiкпен шұғылданған.
Ерте замандағы грек авторларының суреттеуiне қарағанда, олардың көшiп
қонатын көлiгi екi, төрт, алты дөңгелектi арба, оған екi, үш жұп өгiз, ат
немесе түйе жегiлген. Осы арба күймесiнiң сырты сырымен, яки киiзбен
қапталған. Бұлар шөптiң сонысы мен судың тұнығын жүзiп, малдарын оттатып
көшiп жүрген. Сақтар көшкенде қатын-бала, үй-мүкәмалмен күймелi арбада,
қонғанда киiз үйлерде отырған. Олардың қыстауларында кесектен жасалған там
үйлерде болған. Мал шаруашылығымен шұғылданған сақтар жылқы, қой, сиыр,
түйе өсiрген, егiншiлiкпен шұғылданушылар тары, арпа, бидай еккен. Тiптi ма
шаруашылығымен айналысқандардың да қыстауларының маңында шағын егiншiлiк
болған.
Ежелгi грек авторларының деректемелерiде сақтардың бiрсыпыра
тайпалардың аты аталды: масагет, яксарт, дай немесе дахи, фарат, көмар,
асқатағ, исседон, асси немесе аримасып, сармат, каспи тағы басқалар.
Ежелгi грек тарихшыларының айтуына қарағанда, сақтар өте батыр
жауынгер, “қасқа қатал, досқа адал” халық болған. Олар қастасқан жауын
аямаған. Соғыста өлтiрген жауларының бас сүйегiн iшiмдiк iшетiн ыдыс еткен.
Жауларының жон терiсiнен шылбыр жасаған. Олар батыр жауынгердi ардақтап
құрмет еткен. Жыл саыйн үлкен мерекелер жасалып, бұл мерекеде ортадағы
ортақ ыдыстан тек жауды өлтiрген жауынгерлер ғана iшiмдiк iше алатын
болғна. Сақ деп аталардың тайпалардың арқайсысында өз алдында ханы болған.
Ханға қаза болса, оның өлiгiн арбаға салып ел аралатқан. Ханның өлiгiн
көргенде бұқара қатты қайғырып, өз құлағын қанатып, шашын жұлып, бетiн
жыртып, көзiн тырнаған. Сол қолын оқпен тескен. Қаза болған хан үлкен
қорғандарға жерленген, өлiкпен бiрге алтын, күмiс ыдыс жабдықтарды және
сойылған аттарды бiрге көмген. Тiптi ханның ханымы мен қызыметкерiн де
өлтiрiп, онымен бiрге жерлейтiн болған жоралғылар болған.

1.2 Сақтардың шаруашылығы.
Сақ әйелдерi қоғамдық өмiрдiң барлық салаларына, тiптi соғыс
шайқастарына да ерлермен бiрдей белсене қатынасып ерлiк көрсетiп отырған.
Грек авторы Ктеси “сақ әйелдерi ержүрек келедi, соғыс қауiп төнгенде
ерлерiне көмек көрсетедi” дейдi.
Сақтар өлген адамды өте жақсы киiм кигiзiп жерленген, өлiкпен бiрге
қару-жарақ, тамақ тағы басқа тұрмысқа керектi заттарды қойған. Кейде оның
аты да бiрге көмiлген. Мұның үстiне топырақтан яки тастан оба үйiлiп, оның
төңiрег не дөңгелектеп тас қалаған. Арехеологиялық зерттеулер осындай
молалардан күмiс ыдыс, тарақ тағы басқа заттарды тапқан. Бұл заттарға
аттарды ұстап тұрған көшпендi сақтардың тұрмысын бейнелейтiн суреттер
салынған екен.
Сақтар өздерi тұтынған құралына: қару-жарақ, ыдыс-аяқ, тағы басқа
нәрселерiне малдар мен аңдардың, қоқардың, текенiң, аттың, түйенiң,
қодастың, арыстанның, аюдың суреттерiн салып әшейкеленген. Қанжардың сабы,
қазанның бұты, айылбас, тағы басқа нәрселер әр түрлi хайуандарға ұқсатылып
жасалған.

1969-1970 жылдары Алматы қаласынан 50 шақырым жердегi Есiк өзеннiң
сол жақ жағалауындағы Есiк обасынан ежелгi замандағы Жетiсу сақтарының
экономикалық өмiрi мен өнер-мәдениетiн бейнелейтiн мол мұра табылған. Бұл
қабырға басын батысқа берiп шалқасынан жатқан 17-18 жастағы сақ жауынгерi
жерленген. Ол басына 200-ден астам алтын әшекеймен безендiрiлген шошақ
төбелi биiк (65-70см) тымақ киген. Бұлардың көбi барыстың, таутекенiң,
арқардың, аттың, құстың кескiнiмен өрнектелген. Бас киiмнiң маңдай жағы
теке мүйiздi қос аттың мүсiнiмен және ұзын екi қос жапырақпен, басқа да
бедерлi шеттiкпен безендiрiлген. Мойнына таққан бұралған алтын алқаның
ұшында жолбарыс бастары бедерленген. Оның сыртына киген қызыл былғары
бешпетi үш мыңға жуық алтын әшекеймен безендiрiлген. Оның iшiнен матадан
тоқылған iшкөйлек киген. Белiне кесек алтынмен әшекейленген қайыс белбеу
буынып, оң жағына ұзын темiр семсер, сол жағына алтынмен әдемiлеп апталған
темiр қанжар асынған. Бұл қабырдан 30-дай ыдыс шыққан. Олардың iшiндегi
күмiс зеренiң сыртына 26 әрiптен құралған екi жол жазу жазылғна. Бұл жазу
“Есiк жазу” деп аталған. Зерттеген ғалымдардың айтуынша, “Есiк жазуы осы
уақытқа дейiн ғылымға белгiсiз жазумен жазылған. Есiк жазуы ерет замандағы
Қазақстан тұрғындары бұдан 23002500 жыл бұрын жазу таңбаларын жасап,
оларды пайдалана бiлгенiн көрсетедi.”

2. Үйсіндер(б.з.д. 3 – 1-ғасыр)

Жетісудағы Тиграхауд – сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары
Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Б.З. дейінгі 2 ғ. 160 ж. шамасында
үйсіндердің бір бөлігі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды,
сөйтіп қолбасшы гуньмо (Күн баг – Күн бегі) деп аталатын иеліктің негізін
салды.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың батыс
шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, Қаңлылармен (Кангуй) шектеседі.
Шығысында хұндармен ортақ шекара болды, ал оңтүстігінде олардың иелігі
Ферғанамен (Дуанмен) ұштасып жатты.
Үйсіндердің астанасы Чигучен (Қызылалқап қаласы) Ыстық көлдің жағасына
орналасты. Ол жағалай қыстақтарды бар бекіністі қала еді.
Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі кінәз Чжанцянь
Үйсіндер иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара
алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған 30 мың
атты нөкері және оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет
қалдырған.
Деректерде б.з. 3 – ғасырына дейін із қалдырған үйсіндердің саяси
тарихы олардың Қытаймен байланысы болғанын, елшілік қарым – қатынас
жасағанын, үйсіндердің гуньмолары – билері қытай ханшаларына үйленіп
отырғанын баяндайды.
Үйсіндердің этникалық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған.
Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс иран тайпаларынан шыққан десе,
екінші біреулері үйсіндер – түрктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген
деп есептейді. Бірақ, қалай болса да, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының
бірі үйсін деп аталады.
Үйсін деген ат бұрын үйсіндер мекендеген өңірлердегі жер-су аттарында
да сақталып отыр. Мысалы: ежелгі үйсіндіктің атамекенінің орталығы болған
Іле аймағының Шапжал ауданы мен Маңғолкүре ауданының аралығында Үйсін
тауы деп аталатын тау бар. Ежелгі ханзуша жазба деректерде үйсінді усұн
деп жазған. Қазақтар мен маңғолдар бұрын Шиху ауданын Қарусұн деп атаған.

Үйсіндер еліміздің тарихындағы ежелгі ұлыстардың бірі. Олар заманымыздан
бұрынғы 1 – 2-ғасырлардан бастап еліміздің батыс солтүстік өңірінде өкімет
билігін орнатып, батыс өңірдің отанымыздың ішкі өлкелермен байланысын және
бірлігін күшейтуде, ұлы жіьек жолын ашуда және қорғауда маңызды рөл
атқарған, еліміздің шекара аймақтарын ашып, көркейтуде елеулі үлес қосқан.
Үйсін тарихының ең алғашқы дерегі Хан патшалығы тарихы, Батыс өңір
шежіресінде, Үйсін елі деген арнаулы тарау еңгізіліп, үйсіндердің тарихы
баяндалды. Үйсіндер Іле алқабына қоныс аударудан бұрын Дұнхуаң мен Чилан
тауы аралығын мекен етіп, көшпелі өмір өткізген, бұл кезде олар һұндердің
батыс жағындағы шағын ел. Нанымды тарихы деректердің дәлелдеуіне
қарағанда: ол кезде үйсіндердің Нәнді би атты көсемі болған. Осы Нәнді би
ел билеген заманда, үйсін ұлысы өз маңындағы күшті көршілерінің
шапқыншылығына тап болды, Нәнді би жау қолынан қаза табады. Ер өліп, Ертіс
бұзылып, құтты мекен қонысын жау басып алған үйсін елі телім-телім боп
тентіреп ауыр апатқа ұшырайды.
Ал тағы бір деректерде : Қытай саяхатшысы Чжан Цяннің дерегіне
қарағанда, Дуньхуан мен Циньянышаннің аралығында жатқан, бірақ бұл араны
Юечжилер де мекен еткен.Сиратори кезінде өздерін өздері басқаратын екі
халықтың бір аумақта аралас тұрып жатқанына қайран қалған. Егер олардың
аумағын батыста Лобнорғы дейін, ал терістік – шығыста Эдзин-Голдың төменгі
ағысына дейін созған күннің өзінде құлазыған щөл дала хисапсыз көп екі
халықты қоректендіре алмас еді. Бірақ, осынау екі халық көрсетілген аумақты
кезекпен иеленсе керек. Осы бір болжамды көзқарасы Шицзиден алынған мәтін
дәйектей түседі, онда былай делінген: қазіргі Ганьсу уәлаятының батыс
бөлігі – Гуачжоудан - Дуньхуаньға дейін Цин және Хан әулетінің тұсында
үйсін халқы, сосын Юәчжилер, ақырында бұларды қуып шыққан Хұндар
мекендеген.
Үйсін ұлысы Іле өзені өңіріне келіп орныққан соң, өркен жайып гүлденеді
де, ұлан-байтақ өңірді қамтыған қуатты да құдіретті мемлекет құрады. Үйсін
елінің территориясы: батыста Шу, Талас өзендеріне, шығыста Тянь-Шань
тауларының шығыс сілеміне, солтүстікте Балқаш көлінен бастап, оңтүстікте
Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына дейінгі ұлан-байтақ өңірді қамтыды. Осы
территориядағы үйсін елі шығыста ғұндармен, солтүстікте қаңлылармен,
батыста дауандармен, оңтүстігінде Тарым ойпатындағы қалалармен шекаралас
болады.

1. Археологиялық ескерткіштері.
Жетісу жерінде үйсіндердің ондаған обаларына қазу жұмыстары жүргізілген
және олардың мекенжайлары зерттелген. Үйсіндердің қорымдары тау
сілемдерінде, таулы алқаптар мен өзен жағалауларына орналасқан. Әдетте олар
өзен бойын қуалай созылып жататын обалар тізбегі болып табылады.
Обалардың көпшілігі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м топырақ, тас
қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Үйсін қорымдарына
өзгелерімен салыстыра қарағанда, тым үлкен, диаметрі 50-80 м және биіктігі
8-12 м обалар кездеседі.
Сондай обалардан – тіпті таланып- тоналғандарының өзінен- археологтар
алтыннан жасалған көптеген әшекейлерді – киім қапсырмаларын, алтын
сырғалар мен қола айналарды, ағаш қобдишаларды тауып алып келеді.
Қорымдардың ертедегі бір шоғыры б.з. дейінгі 3-2 ғғ. Жатады. Олар –
Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе, Қызыл ауыз 3, Қызыл Қайнар. Оларға ортақ
сипат – қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайыссында 5-6 –дан обасы
бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланып істелген.
Зерттеушілер мерзімін б.з. бұрынғы 1 ғ. – б.з. 1.ғ деп шамалайтын,
келесі (орта) кезеңге - Өтеген 1,2. Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел,
Қаратума, Талғар, Ақтас қорымдары жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп
орналасқаны анықталған.
Ақырғы мерзімі 2-3 ғғ. Деп саналатын үшінші – кейінгі кезеңге Қапшағай
2, Шолақ-Жиде 1,2, Гүр Қора 2, Қалқан4 қорымдары жатады.
Бұлардағы барша обалар мүлде жүйесіз жасалған, тізбектер атымен жоқ.
Қабырлар жерден, лақатты болып қазылған, үстері ағашпен бастырылып
жабылмаған.
Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Қырғыз Алатауының сілеміндегі
Луговое ауылы маңынан табылған. Қазу жұмысын жүргізгенге дейін ол
қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған тұрғын
үйлер жәдігерін жасырып жатқан төбе болатын. Үй ортасында ас пісіретін жер
ошағы маздап тұратын.
Үлкен көзелер сынығының көптігіне, дәнүккіш тастар мен кетпендердің
жиі кездесетініне қарағанда, осынау мекенжайдың халқы үй іргесіндегі мал
шаруашылығына қоса егіншілікпен айналысқан тәрізді.
Тән- шәннің таулы аудандарында үйсіндердің мекендері көптеген
шатқалдардан кездесті. Солардың бірі Ақтас, Кеген қыстағына жақын жердегі
Құрайлы өзенінің бойында. Ол арадан бес тұрғын үй мен қоражайлар
қалдықтары аршылып ашылды, олардың қабырғалары таспен қаланыпты. Қыстақ
қасынан ежелгі егістіктер табылды, олар өзеннен тартылған арықтармен
суарылыпты.

2.2. Үйсіндер шаруашылығы.
Қытай бастаухаттары үйсіндерді көшпелілер ретінде сипаттаған. Оларда
үйсіндер егіншілікпен де, бау-бақша өсірумен де айналыспайды, тек оты мол,
суы мол жерлерге мал-жанымен бірге көшеді де жүреді -деп жазылған.
Расында да, мал шаруашылығы үйсіндердің өмір- тіршілігінде шешуші рөл
атқарған. Жетісудың табиғи жағдайы Мойынқұм мен Балқаш өңірін қоныс еткен
қыстаулардан бойлық бағдарымен жүріп отырып, жаз күндері мал қоңданып,
қысқы мерзімге әзірленіп- әлденіп алатын, тау бастарындағы шөбі шүйгін
шалғынды жайлауларға көшіп баруына қолайлы болған. Бұл аймақта жайлау мен
қыстау аралары онша қашық емес – 30-100 шақырым шамасында болады. Сол
себепті де үйсіндер ұзақ уақыт қыстаулары мен жайлауларында, әсіресе көктем
мен күзгі жайылымдарында отырып қалады екен. Олар сол арадан тұрақты үйлер
салвп, оның қасынан егін егіп, бау-бақша өсіретін болған. Үйсіндердің
отырықшы болып, егіншілікпен айналысқанының бір дәйекті дәлелі- олардың
тұрақты тұрғын үйлері, қора- жайлары, саздан кепткп жасалған ауыр аяқ-
табақтары, дәнүккіштері, тас кетпендер мен әртүрлі дақылдар қалдықтары бар
мекенжайларыеың болуы.
Археологиялық материалдарға қарағанда, үйсіндер тарихының ертедегі
кезеңіне жақындаған сайын егіншілік рөлі артып отырған. Ендеше үйсіндер
шаруашылығы кешенді – малшаруашылықты – егіншілік болған.Үйсіндер жылқы,
қой, ешкі, сиыр, түйе және басқа малды өсірген.Үйсін байларының
табындарында 500-ге тарта жылқы болғаны деректерден белгілі. Оларда
жылқының әртүрлі тұқымы болған, оның ішінде асыл тұқымды арғымақтар да
болған деседі. Үйсіннің Теңлік обасынан табылған алтын қаптырмада шоқтығы
биік айғыр мінген салт кісі бейнеленген.
Дәулетті-текті кісілер киімдерін жібек пен биязы жүн маталардан
тіктіреді, ал қарапайым қалың жұрт киім-кешектерін түрпідей қылшықты жүн
маталарынан, былғары мен қой терісінен тіктіріп киінеді екен. Жібекті
Қытайдан жүрдек аттарға айырбастап алатын болған немесе тарту-таралғы және
салық ретінде алып отырған.
Аяқ-табақты қыруар көп етіп дайындаған, оны әйелдер саздан жасаған, ал
еркектер қайыңнан шағын стол-табақтар, зерендер, қымыз құятын ожаулар
жасайтын болған.
Үйсіндер мыс, қорғаныс, қалайы, алтын кенді орындарын пайдаланған,
темірді балқытып, одан пышақ пен қанжарлар, семсерлер, жебе ұштарын
жасаған. Түрлі түсті тастардан, асыл металдардан моншақтар мен сырғалар,
киім-кешек әшекейлерін істеп шығарған.
Үйсін қоғамы біртектес болмаған, онда байлары – тайпа мен ру
дәулеттілері, жасауылдар мен абыздар және қатардағы бұқара – малшылар мен
егіншілер болған. Үйсіндер арасында жеке меншіктің өскеніне обаларын қазған
кезде табылған, сазбалшықтан, тастан жасалған мөрлер айқын дәлел бола
алады. Үйсіннің кейбір әскер-басылары мен аса көрнекті шенеуніктерінің
қолында алтын мегн мыс мөрлері болғаны туралы жазба деректер айғақталады.
Жеке меншік тек малға ғана емес, жер-суға да тараған. Деректерде қоғамның
жоғарғы жігінде қызмет жүйесінің кеңейіп кеткені айтылады. Үйсіндер
қоғамында қауымның азат мүшелерімен бірге құлдар да болған, олар негізінен
соғыс тұтқындарынан құралады екен.
Үйсін қоғамындағы әлеуметтік айырмашылықтар археология материалдарынан
айқын байқалады. Үйсін обалары өздерінің көлемі жағынан үш топқа бөлінеді:
диаметрі 80 м, биіктігі 15 м дейін жететін үлкен обалар; диаметрі 10,
биіктігі 2м жететін орташа обалар; диаметрі 10, биіктігі 1 м дейін ең көп
кездесетін кішкентай обалар. Қазба жұмысы жүргізілген кездері, егер қабыры
таланбаған болса, үлкен обалардан археологтар көптеген алтын әшекейлерді,
қару-жарақты, саздан жасалған аяқ-табақтарды тапқан. Мысалы, Теңлік
обасындағы қабырдан киімге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жеріндегі тайпалар
Үйсін ескерткіштерінен табылған еңбек құралдар
ҰЛЫ ЖҮЗ
Сақ,үйсін,қаңлылардың діни сенімі
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Ғұндар Саяси тарихы
Қаңлылар мен үйсін тайпаларының бірлестігі
Үйсін тайпалары және Қаңлы елі
Ерте мемлекеттік құрылымдар
Ұлы даладағы ғұн империясы мен үйсін-қаңлы мемлекеті дәуіріндегі тәлім-тәрбие
Пәндер