Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерін психологиялық талдау


Р Е Ф Е Р А Т
Бұл жұмыс кіріспеден, негізгі теориялық бөлімдерден,
эмперикалық - практикалық зерттеу бөлімдерінен, 6- кестеден, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.
Тақырыбы: ''Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерін психологиялық талдау”.
Жұмыстың мақсаты: Дәстүрлі мәдениеттегі билердің кикілжіңді жағдайларды астарлап шешу тәсілдерін психологиялық зерттеу.
Міндеттері:
1. Дәстүрлі мәдениеттегі билердің кикілжіңді жағдайларды астарлап шешу тәсілдеріндегі ерекшелігін анықтау.
2. Казіргі кезде кикілжіңді жағдайларды шешу тәсілін анықтау, «өз менің қорғау механизмдері, өзін-өзі жетілдіру", көбіне тікелей шешуде көрінеді.
3. Орыс тілді қазақ оқушыларда тікелей шешу тәсілдері басымырақ екенін анықтау
4. Казақ тілді оқушыларда кикілжіңдерді шешу тәсілдерінде «астарлап" айту таптаурындарында қалыптасқаның анықтау.
5. Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжіңдерді шешу тәсілдерін, қазіргі кезбен салыстырғандағы айырмашылықтары анықтау.
Зерттеу объектісі : халық ауыз әдебиетінің мәдени дәстүріндегі шешендік сөздер, билер сөзі, жыраулар, жас өспірімдер.
Би- шешендер тек қазақ халқына тән құбылыс, сондықтан оған ерекше мән беруіміз керек.
Болжам. Осыған орай, бұл жұмыстың болжамы бойынша, біздің ойымызша билердің кикілжің жағдайларды шешуі өте астарлы әсер ету тәсілдері арқылы шешіледі деп ойлаймыз.
Зерттеу әдістемесі : билер сөзіне, шешендік дауға контент-анализ әдісі, жас өспірімдердің кикілжің жағдайларды шешу тәсілдеріндегі кездесу жиілігін контент- анализ әдісімен анықтау, салыстырмалы түрде жас өспірімдердің кикілжің жағдайларды шешу тәсілдеріндегі айырмашылықты анықтауға Розенбаумның Q критерий әдісін қолдану; бақылау әдісі ; үлкен топта талқылау әдісі; пікірталас әдісі; алынған нәтижелерді талдау; тәжірибелік ұсыныстарды өңдеу.
Зерттеу сипаты: зерттеу жұмысы №122 мектеп- гимназиясында екі бағытта жүргізіледі. 1-шісі, 15 оқушының берген жауаптары жазбаша түрде алынса, 2-де жауабы магнитафонда бекітілген.
Әдебиеттер саны: 67
Жұмыс беті:
Қорыта келгенде, эмперикалық практикалық зерттеу мәліметтерін сапалық және сандық талдау барысында мынандай тұжырым жасауға болады.
Қазақ және орыс тілді жас өспірімдерінің кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерінде айырмашылықтар бар. Әсіресе қазақ тілді жас өспірімдеріне астарлап шешу тәсілдері тандалған топқа тән екендігі байқалса, орыс тілді қазақ жас өспірімдерінде тікелей шешу тәсілі арқылы болатыны байқалады. Практикалық өмірде кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерін қолдануда, әсіресе дәстүрлі мәдениеттіміздегі мақал - мәтелдерді пайдалану, оның қазіргі кезде астарлы ойлау үрдісінде көрінуі тілімізді дамытуға, қайта жаңғыртуға түрткі бола алады.
Болашақта әрімен қарай да осы бағытта жұмыстарға байланысты мәселелерді талдау керек. Осындай мәселені қарастырып талдау бұрын психология саласында қарастырылмаған.
М А З М Ұ Н Ы
І ТАРАУ. Теориялық бөлім .
Психология ғылымныдағы кикілжің мәселесі
Кикілжің туралы түсінік
Кикілжің типологиясы және оны шешу тәсілдер
Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі кикілжіңдердің ерекшеліктері
ІІ ТАРАУ. Дәстүрлі мәдениеттегі билердің кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерінің психологиялық сипаты.
Билердің бітім- биліктерінің әлеуметтік- психологиялық сипаты
Билердің кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерінде "астарлап" айтудың психологиялық мәні.
Жас өспірімдердің кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерін талдау
ІІІ - ТАРАУ. Эмперикалық зерттеу бөлімі.
Эмперикалық - психологиялық зерттеудің мақсаты, ғылыми болжамы және міндеттері.
Зерттеуде қолданған әдістердің сипаттамасы.
Эмперикалық- практикалық зерттеу барысы
Эмперикалық- практикалық зерттеу нәтижелерін талдау, өңдеу, қорытындылау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қосымшалар
Қазіргі кезде адамдар арасындағы өзара қарым қатынастардан, қарама- қайшылықтар, даулар, кикілжіңдік жағдайлардың шешілу тәсілдері өте маңызды. Олардың ең бастысы- әр адамның мақсаттарына, қажеттіліктеріне байланысты, әркім өзінің мақсаттарына қарай әр түрлі іс- әрекеттер, таымдық көзқарастарына қарай кикілжіңдерден шығудың тәсілін түрліше қолданады.
Дәстүрлі мәдениттегі шиеленіс жағдайлардың шешілу тәсілдеріне көңіл бөлу мақсатымыз - сол дәуірде шиеленісті жағдайларды астарлы тәсілдермен шешкендігін этнопсихология саласында зерттеудің маңызы зор.
Этнопсихология саласында дәстүрлі мәдениеттегі ақын-жыраулардың психологиялық идеяларын Қ. Жарықбаев сипаттаған. Олардың психологиялық ой-толғаныстарына тоқталып өткен. Дегенмен шешендік даулардағы, жыраулардағы шиеленісті жағдайлардың тәсілдері қарастырылмаған/1; 14б/.
Ф. Ташимова еңбектерінде қазақ мәдениетінің субъекті түсінігі былай сипатталады: "субъектілердің творчестволық тарихи тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа тікелей және жанама жолдармен жалғасқан" /2; 47б/.
Қазақ «ат сүрінгенше ақыл тапқан, ұшқыр, тапқыр ойды қастерлеген, халық ауыз әдебиетінде өшпес мұралар қалдырған.
Психология ғылымы саласынан, осы мәселелер тақырыбында зерттеу еңбектерін қолға алған саласы этно психалогия болып табылады, ал дәстүрлі мәдениеттегі шиеленісті жағдайларды шешу тәсілдерінің жолын анықтау конфликтология саласы үлесінде.
Біздің зерттеу тақырыбымыздың негізі «Дәстүрлі мәдениеттегі шиеленісті жағдайларды шешу тәсілдерінің психологиялық жолдарын зерттеу.
Мақал-мәтелдерді қазіргі жастардың шиеленістерді шешу тәсілдерінде орынды қолдануы ұлттың әлеммен өзара қарым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктерін айқындай түседі. «Тіл қарым-қатынас құралы десек, шиеленісті жағдайларды шешу тәсілдерінде оның алатын орны өз мәнін жойған емес. Осыған орай, Ф. С. Ташимова өзінің еңбектерінде қазақ мәдениетіне тән субьекті түсінігіне көңіл бөлген. Онда автор «қазақтарда ата-бабаларының рухы немесе жеті атасын білуі, өзінің ұлттық болмысын саналы түрде түсінуіне, ата-бабалары арқылы жинақтаған рухани байлықтарын ой елегінен өткізіп, жеткізе білуіне іс-әрекеттері мен таптаурындарынан айқын көрінедің- деп қарастырған /2; 47б/.
Өкінішке орай, қазіргі кездегі жағдайларды ескерсек, өз ұлтымыздың ішінде ұлттық құндылықтарды игермеуі, ескермеуі, салт-дәстүріне немқұрайлықпен қарайтын адамдардың болуы кең көлемде өз алдына зерттеу жүргізетін психологиялық мәселеге айналып отыр.
Халқымыздың ұлттық санасында этникалық сәйкестіліктің болмауы түрлі әлеуметтік келеңсіз жағдайларға, мәңгүрттікке, тіліміздің өсуінен өшуіне, мәдени дәстүріміздің дамуына кедергі болуы мүмкін жағдай.
Бұл зерттеуге алынған еңбектің ерекшелігі орыс пен қазақ жастарының қазіргі кездегі шиеленісті жағдайларын шешу тәсілдеріндегі өзіндік ерекшеліктерін анықтау, қарым-қатынастағы тілдің логикалық құрылымындағы өзіндік психологиялық сипатын қарастыру.
Ең бастысы-қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі кикілжіңдерді шешу тәсілдерінің психологиялық ерекшелігін анықтап, қазіргі кездегі жағдайларда оның алатын орны қандай деген сауалдарға ізденістер. .
Біздің халқымыздың дәстүрлі мәдениетіне даулар немесе кикілжіңді жағдайларды шешу тәсілдерін тек сөзбен, іспен, күшпен ғана емес, бет-пішінінен, дене қимылымен үнсіз отырып-ақ ой-пікірді айқын танытып істі бітіре салатын болған. Мұндай іс-қимылдарды келісу, ашу-ыза т. б. сәттерінде ыңғайын тауып пайдалану шеберлікті де, сезімталдықты, тапқырлықты бейнелейді. Мұның өзі де мұндай жағдайлар мен мәселелерді тікелей емес, "астарлы "жолдармен шешу тәсілдерінің біріне жатады.
Тақырыптың өзектілігі . Казіргі кезде халқымыздың тарихы, мәдениеті жаңаша қаралып, өзіндік ақиқатымен танылу қажеттігі туып отыр. Ал дәстүрлі мәдениеттің дала даналығының психологиялық келбеті-сөз құдіретінде тұр. Әсіресе, бітпес даулардың шешу тәсілі-әрекеттен гөрі нақты сөз болған.
«Казақ ат сүрінгеншең ақыл тапқан ұшқыр ойды қастерлеген, халық ауыз әдебиетінде асыл мұраларын қалдырған. Ауыз әдебиетіндегі өшпес орны бар шешендік сөздер, билер сөзі. Шешендік сөздерде дала өмірінің қағидалары, шиеленіскен қайшылықтарды шешудің ережелері, даналық үлгілері дерлік тұжырымдар кездеседі. Шешендік сөздер көп ретте билер сөзі ретінде таралып сақталған. Онда біріншіден, билер барлық кезде іс әрекеттерінің бәрінде елдің мұқтаждарын өзінің қажеттіліктерінен жоғары қойған. Екіншіден, елдік мәселелерді шешкенде адамдарды алаламай, кісілік дәрежесін ескеріп отырған. 3-ден, билер дау жанжалдарда төрелік айтқанда әділетті болған, ақиқатқа жүгінетініне халықты сендірген.
Би-халықтың көкейіндегісін айтқан әділет жақтаушысы. Белгілі билердің кесімді билік сөзін этнопсихология саласында зерттеу маңызды кикілжіңді жағдайларды шешуде қандай орын алады?
Оның қандай басты ерекшеліктері бар деген сауалдар туындайды. Осы мәселені психология саласында зерттеу толықтай қарастырылмаған.
Жаңалығы. Дәстүрлі мәдениетте даулар мен жырауларда шешендік сөздерде, билер сөзінде «жанама түрде, «астарлап айту, мысқылдап айту, ымдап айту, қарсыласын бастырмалату, өзіне иландыру тәсілі, өткірлеп бейнелеу тәсілі арқылы билердің кесімді билік сөздері бүгін халықтың тағдырын шешуде маңызды орын алған, ал қазіргі кезде кикілжің жағдайларды шешу тәсілдері келіссөз, алдау-арбау, жүйелі жоспарлау, көбінесе тікелей шешу тәсілдерден көрінеді.
Сонымен қатар, әр адам кикілжіңді жағдайларда оны шешу жолында «өз менің қорғау механизмдері, өзін көрсету, әсіресе орыс тілді қазақ жастарында тікелей шешу жолдарымен іске асады. Қазақ тілді жастардың таптаурындарында "астарлы"шешу тәсілі қалыптасқан.
Біздің жұмысымызда дәстүрлі мәдениеттегі кикілжіңді жағдайларды шешу тәсілдерін, қазіргі кезбен салыстырғанда айырмашылықтары мен ұқсастықтары барын қарастыру.
Теориялық мәнділігі . Кикілжіңдер индивидтердің өзара қатынастары, өзара әрекеті процесінде пайда болды. Психологияда конфликтология мәселесін З. Фрейд, К. Юнг, Л. Козер, Ф. М. Бородин, А. И. Пригошина т. б. еңбектерінде қарастырады. "Кикілжіңді жағдайлар сатылы нақты түрде эволюциялық мәні бар әлемдік тұрғыда өзіндік идеясын қайта өңдеп қарауды талап етеді. Кикілжіңдерді шешу тәсілдері өркениеттің дамуына нақты әсер етуге мүмкіндіктер береді "/3; 28б/.
Конфликтология саласында әсіресе сөзбен әсер етіп, өзіне иландыру тәсілінің және келіссөзге келудің маңызы зор. Казақ этнопсихологиясында дәстүрлі мәдениеттің, оның ішінде жыраулардың, шешендік өнердің психологиялық тәлімдік ерекшеліктеріне көңіл бөлгенімен, бірақ билердің дауларды шешу тәсілдерінің психологиялық сипатына тоқталмаған. Ф. С. Ташимова еңбектерінде, әсіресе қазақтың дәстүрлі мәдениетінің шиеленісті шешуі «астарлы" жолдармен жүзеге асады деген пікірін негізгі алуға болады/2; 40б/б.
Практикаалық мәнділігі . Кикілжіңді жағдайларда, оның ішінде өзара қарым-қатынастардың, даулардың, қарама-қайшылықтардың шешілу тәсілдері маңызды. Практикалық -әлеуметтік тренингтерде қазақ тілді жастардың "жанама"шешу жолдарының ерекшілігі көрінеді. Ұлтқа тән өзіндік ерекшілігін тренингтік жағдайларда, қарым-қатынастарда, кикілжіңдерді шешуде
ескеруге болады. Кейбір жеке адамдар, топтар арасындағы түсінбеушіліктерден айқын көруге болады. Әсіресе, орыс тілді қазақ мәселені тікелей шешуге бейім тұрса, ал қазақ тілді адамдар үшін мәселені шешу "астарлы" түрде жүзеге асады. Осы аралықтағы түсінбеушіліктер өзара қарым-қатынастағы қиындықты тудыртады. Практикада ұлтқа тән ерекшілігін ескріп отырудың маңызы бар.
Мақсаты. Дәстүрлі мәдениеттегі билердің кикілжіңді жағдайларды жанама шешу тәсілдерін психологиялық зерттеу.
Міндеттері:
1. Дәстүрлі мәдениеттегі билердің кикілжіңді жағдайларды «жанама" шешу тәсілдеріндегі коммуникативті ойлау арақатынасының ерекшелігі анықтау.
2. Казіргі кезде кикілжіңді жағдайларды шешу тәсілін анықтау, «өз менің қорғау механизмдері, өзін-өзі жетілдіру", көбіне тікелей шешуде көрінеді.
3. Орыс тілді қазақ студенттерінде тікелей шешу тәсілдері басымырақ
екенің анықтау
4. Казақ тілді студенттерде кикілжіңдерді шешу тәсілдерінде «жанамалап, «астарлап" айту таптаурындарында қалыптасқаның анықтау.
5. Дәстүрлі мәдениеттегі шиеленістерді шешу тәсілдерін, қазіргі кезбен салыстырғандағы айырмашылықтары мен ұқсастықтарын білу.
Болжам. Дәстүрлі мәдениеттегі шиеленісті жағдайларды шешудің психологиялық жолдары көбінесе «астарлай айту, «жанама "айту арқылы шешіледі.
Зерттеу объектісі : халық ауыз әдебиетінің мәдени дәстүріндегі шешендік сөздер, билер сөзі, жыраулар.
Зерттеу пәні: шешендік сөз, дау, жыраулар, кикілжіңнің қазіргі кездегі шешу тәсілдері, пікірталас т. б
Зерттеу процедурасы : билер сөзіне, шешендік дауға контент-анализ әдісі, салыстырмалы түрде студент жастардың кикілжің жағдайларды шешу тәсілдеріндегі айырмашылықты анықтау; алынған нәтижелерді талдау; тәжірибелік ұсыныстарды өңдеу.
Қорытындылар мен ұсыныстар : қазіргі кезде ауыз әдебиетінің, оның ішінде шешендік сөздердің табиғаты терең зерттеліп ашылуы керек, ал практикалық өмірде шиеленісті жағдайларды шешу тәсілдерін қолдануда, сонымен қатар қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі шешендік сөздерді пайдалану тілімізді дамытуға, сақтауға, қайта жаңғыртуға түрткі болады
І. 1. КИКІЛЖІҢ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Кикілжің индивидттердің өзара қарым-қатынасы негізінде, өзара әрекет процесі барысында пайда болады және қаншалықты адам бар жерде, соншалықты туып отырады.
Кикілжің мәселелері мен кикілжіңді жағдайлар әрқашан да философтарды қоғамдық қызметкерлерді, оқымыстыларды қызықтырған. Қаншалықты қызықты әрі, ұзақ тарихи мәні болса да, қазіргі кезге дейін жалпыға бірдей анықтамасы «конфликтінің түсінігі әзірше құрылған жоқ, өйткені өте көп әртүрлі құбылыстар тым ұзақ категорияларға түсіп отырады /5; 7 б/.
Ең алғашқы рет әлеуметтік кикілжіңнің табиғи рационалды мағынасын сынауға түсініктеме берген ежелгі грек философтары. Ежелгі грек философы Анаксимандр /б. ғ. д., 10-547 ж. ж. / заттар ылғи да қозғалыстан тұратын «апейрондар, ал қарама-қайшылықтардың шығуына әкелетін материалдық бірліктің бастамасы деп түсіндірді. Ежелгі грек философы Гераклит /б. ғ. д. 530-470/ әлем, табиғат туралы жалпы жүйелі көзқарастарын конфликтілік ситуация мен соғыс туралы өзінің пікірлерімен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Гераклит айтуы бойынша, әлемде бәрі өшпенділікпен және дауласумен туады, тек жалғыз ғана космостағы билік етуші-бұл күрес, барлығының әкесі және барлығының патшасы. Олардың бірін құдай қылса, басқаларын адам етті, бірін құл етсе, енді бірі еркіндікте. Бұл сөздер қоғамның даму процесіндегі күрестердің позитивтік ролін түсіндірудегі рационалды сынаудың бірі болып табылады.
Орта ғасырда Фома Аквинский /1225-1204/ қоғамдық өмірде күрестің болуы керек деген ойды дамытты, тағы да бір жағы әділетті соғыстың жағдайларын анықтады, яғни ол кикілжіңнің бір жағының санкциясы болу керек деді.
Э. Роттердамский /1496-1506/ бастапқы кикілжіңнің пайда болуындағы өзіндік логикасын ұсынды, яғни тізбектелген реакция іспеттес, өзіндік әсерімен жаңадан қайталап күшін орбитаға жинауы. Э. Роттердамский пікірінше, тіпті екі жағы бірдей идеологиялық позицияны ұстаса да шиеленістік жағдайдағы қарсыластың күрделі қолданысына көңіл бөледі.
Ағылшын философы Ф. Бэкон/1561-1626ж. ж. / алғашқы рет әлеуметтік шиеленістің жиынтығына теоретикалық талдау жасап негізін қалаған. Материалдық-саяси және әлеуметтік ретсіздіктің психологиялық жағдайларын, сонымен қатар оларды шешудің мүмкіндік беретін тәсілдерін кеңінен қарады.
18-19 ғасырларда ағылшын демократтары Е. Д. Прустли, француз ағартушылары Д. Дидро, Ж. Ж. Руссо, Вольтер, неміс философы Э. Кант, Г. Гегель т. б. кикілжіңге байланысты сыни көзқарастар танытты.
Э. Кант /1724-1804ж. ж/ көршілес тұратын адамдар арасындағы бейбітшіліктің қалпы бұл табиғи қалпы емес, керісінше күрес, яғни егерде үздіксіз емес қақтығысты әрекеттер болмаса, онда үнемі олардың қорқытуы пайда боллады. Сондықтан да бейбітшіліктің қажет болуы керек. Неміс философы Г. Гегель /1770-1831 ж. ж/ айтуы бойынша: мемлекет барлық жерде қоғамға көңіл бөліп және мемлекетті реттеп отыруы керек деп есептейді.
Тіршілік пен күрес мәселесіне зерттеулерін бағыттаған ағылшын биологы Ч. Дарвин /1869-1902ж. ж/ эволюция теориясын ұсынды. Ч. Дарвин /"Табиғи сұрыптаудың пайда болу түрлері және өмірмен күресі үшін текті сақтаудың қолайлы жағдайлары"/ атты еңбегінің басты идеясы- тірі табиғаттың дамуы үшін өмірдегі үнемі күресу жағдайларымен туындап отырады деп түсіндіреді. Ч. Дарвин тірі табиғаттың даму механизмдері табиғи сұрыптау түрінде біршама өмір сүруге бейімделген түрі екенін дәлелдеді.
Одан кейін Ч. Дарвиннің көзқарастары әр түрлі ғылыми зерттеу бөліктерінде дами бастады, оның ішінде шиеленістің әлеуметтік және психологиялық теориялары да бар. Сонымен қатар, польшаның австриялық юрист Л. Гумплович/1830-1909ж. ж/ әлеуметтік дарвинизмнің өкілі, әлеуметтік шиеленістің табиғи көзқарастарын мынадай етіп бөліп шығарды: кикілжің тарихи процестің мәні, қоғамның дифференциясы, басқаруы және бағынуы мәнділік құбылыс, кикілжің қоғамның бірнеше мүмкіндігін туғызады.
Казіргі кезде Л. Гумплович идеясының өкілдері өте аз, бірақ оның ұсыныстарының кейбіреуі қазіргі әселелерді шешуде нәтижелі екенін көрсетеді. Әлеуметтік дарвинизмнің ілімдері әртүрлі сипатта анықтама берді, олардың әлеуметтік жүйедегі орнына, мәніне көңіл бөлді/6; 26 б/.
Кикілжіңдік мәселелерді өңдеу социологияның әртүрлі бағытын қамтыды. Олардың бәрі шиеленісті әлеуметтік концепцияны мойындады, категорияның бастамасы екенін қоғамдық өмірде шиеленістің маңыздылығын және осы төңіректе теоретикалық зерттеу керек екендігін бәрі тіршілікте қолданады.
Неміс социологы Г. Зиммель (1858-1918ж. ж) алғаш рет әлеуметтік кикілжіңдерге ғылыми термин енгізді. Г. Зиммель айтуы бойынша, әлеуметтік өзара әрекеттестіктің тұрақты орналасуы, бедел, келісім, көну, ынтымақ шиеленісте ерекше орын алады, шиеленіс әлеуметтік интеграцияға мүмкіндік береді, әлеуметтік бейімділікке нақты сипаттама беріп, оларды ұйымдастырудың нормалары мен қағидаларын бекітеді /7; 41 б/.
Психологияда кикілжің жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде, өзара әрекет процесі кезінде пайда болады. Кикілжің сөзі (латын тілінен "confіlіctys", "столкновение", "қақтығыс" «шиеленіс "деген мағынаны білдіреді. Ол қарама-қарсы пікірлерді, қызығушылықтарды, талпыныстарды, ұрыс-керісті, дау-жанжалдарды білдіреді.
Классикалық батыс психологиясында шиеленіс түсінігінің бірнеше варианттарын құбылыс ретінде ұсынды, табиғатты интрапсихикалық процестер мен факторлар арқылы анықталады, құбылыс ретінде пайда болуы мен ерекшеліктері, ең алдымен жағдайлары анықталады /7; 35 б/.
Құбылыс ретінде, жеке адамның ерекшеліктерін түсіну білімі немесе обьективті жағдайларды сипаттау жеткіліксіз, ол үшін адамның өмірінде болып өткен субьективті интерпретациясын түсіну ауадай қажет деп түсіндірді.
Интрапсихикалық феномен ретінде шиеленісті дәстүрлі сипаттау З. Фрейд (1856-1939) еңбектерінде жеке адамның шиеленісіне байланысты идеялар айтылған. Оның айтуынша, шиеленістердің бастапқы сипатының күші-адамның өзінің табиғатындағы қарама-қайшылығында.
Психоаналитикалық еңбегінде басты назар аударатыны- ішкі шиеленістердің санадан тыс сипаттары. Оның өзі жеке адамдардың мәселесін және қиыншылықтарын түсіну тәсілдері, сыртқы жағдайлардан гөрі, жүріс-тұрысының өзінің ішкі ерекшеліктерімен себептелінген.
Психоанализ теориясының басты негізі- адамдар үнемі кикілжің жағдайларда жүреді. Ал оның негізгі шығу себебі, өмірдің ауқымды психикалық аясында жатыр, ол"энергия күші" "либидо" және агрессиялық ниеттерін саналы түрде түсіне алмауынан туындайды деп тұжырымдайды /8; 23б/.
З Фрейд өзара жеке адамдық кикілжіңдер себебін іздестіру санадан тыс сферада қарау керектігін айтады. З. Фрейд психикада сананың үш деңгейін қарастырады; сана, сана алды, санадан тыс немесе санасыздық. Санадан тыс сферада «Менің өз-өзін сақтау механизмдері психологиялық тұрғыда қауіпсіздікті қамтиды.
А. М. Матюшкина пікірінше, қорғаныс механизмдері адамның өзін-өзі сыйлауын қорғап қана қоймай, сонымен бірге өмірдің қиындықтарынан алып шығуына, жеңіп шығуына алдын-ала мәселелерді шешуге жол ашып, өміріне қауіпті жағдайларынан ысылып шығуына көмек бере алады деп сипаттайды /9; 49 б/.
Сонымен қатар, кикілжің түсінігіне К. Левин идеясы ұсынылды, онда субъективті ситуацияны сипаттауға және жүріс-тұрыстық ситуативті себептелінуінің негізін салды. Ол шиеленіс пәніне арнайы зерттеу жасаған алғашқы психологтардың бірі болып табылады.
К. Левин кикілжіңді ситуацияны индивидтің өмірлік кеңістігінде, оларға әсер ететін, "күш өрісінің" барысында сипаттайды. Оның кикілжіңді интерпретациялауы шиеленісті меңгерудің когнитивтік бағытын, сонымен қатар ситуациялар ретінде, дамуы мен күшіне енуіне мүмкіндігін туғызды.
З. Фрейд пен К. Левин адамның психологиялық шиеленісті сипаттаудағы концептуалды негізін салған авторлардың бірі болып саналады.
З. Фрейдтің шәкірті К. Г. Юнг (1875-1961ж. ж) аналитикалық психология мектебінің негізін салушылардың бірі, ұжымдық санасыздықтың пайда болуы және адам типологиясының мінез-құлқында көрінгендіктен, жеке адамның жүріс-тұрыстық шиеленісі көбінесе осындай жағдайлармен түсіндіріледі. Өзінің еңбектерінің бағытын психобиолгиялық позицияда қорғайды, ол бағыт жалғыз ғана мүмкіндік емес, көптеген аспектілері бар деп қарастырады.
К. Юнгтың айтуынша, психоанализдің негізгі аспектісі балалар психологиясындағы таза гедоникалық көзқарастармен сипатталады. Фрейдтік психологияға сәйкес, яғни психикалық процестерді түсіну қорғаныс ретінде қанағаттану қағидасына бағытталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz