Бала құқығы жайлы



1. Кіріспе
Бала . өмірдің жалғасы
Негізгі бөлім.
1. Болашақ негізгі құқықтары
2. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелеу құқығы
3. Қамқорлық жасау және қамқоршы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Балалар құқығын қамтамасыз ету - қазіргі заманның маңызды проблемасы, оның шешілуіне барлық әлемдік қауымдастық мүдделі. Бұл қоғамның өмір сүруге бейімділігіне кепілдік беру мен оның болашақта дамуын болжаудағы жастардың анықтаушы рөлде болатынымен түсіндіріледі.
Әлемде бірде-бір мемлекет балалар құқығын сақтау саласында үлгілі рөлге үміткер бола алмайтынын мойындау керек.
Балалар құқығы бойынша Халықаралық құжатты жасау туралы мәселе бұрыннан қарастырылуда. 1946 жылы ЮНИСЕФ (әлеуметтік комиссия және БҰҰ-ының балалар қоры). ЮНИСЕФ шеңберінде 1988 жылдан бастап балалар дамуының Халықаралық орталық қызмет жасап келеді.
Балалар құқығын Халықаралық қорғау төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) адам құқықтары саласында Халықаралық стандарттар дайындау;
2) балалар құқығын қорғау бойынша арнайы бақылау органын құру;
3) ұлттық заңдылықтарды Халықаралық міндеттемелерге сәйкестікке келтіруге көмектесу;
4) БҰҰ-ның Балалар қоры арқылы Халықаралық көмек көрсету;
Қазақстан Республикасы 1994 жылы 16 ақпанда Балалар құқығы туралы Конвенцияны бекітті.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы "Балалар құқығы туралы "Заңы бұның салдары іспеттес болды. Бұл құжатта негізгі құқықтар, балалардың міндеттері мен жауапкершіліктерінің ерекшеліктері бекітілген. Заңда мүгедек бала, ата-анасыз балалар, жетімдер, баланың заңды өкілдері секілді негізгі түсінікгері мен т.б. берілген.
Қазіргі заманғы дәуір балалар құқығын қорғаудың қажеттілігі туралы жариялады. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1995-2005 жылдарды адам құқығы саласындағы ағартушылықтың он жылдығы деп жариялады. Балалар мен балалық шақты қорғаудың негізгі ұстанымдары мен нормалары Қазақстан мақұлдаған алғашқы халықаралық құжаттардың бірі болған балалар құқығы туралы конвенцияда баяндалған.
Балалық шақ - бұл жеке тұлға ретінде қалыптасу мерзіміндегі адам өмірінің кезеңі (яғни, өзінің қылықтары мен әрекеттеріне толық жауапкершілікті азаматтың, қоғамның әлеуметтік толыққанды мүшесінің, еңбекке жарамды және құқықтық қабілетті субъектінің). Балалық шақтың әртүрлі кезеңдері мен сәттері баланың өмірлік тәжірибені, әлем туралы білімді меңгеруімен байланысты. Балалық шақ қоғам, мемлекет, ересек адамдар тарапынан арнайы қолдау көрсетуге қашанда мұқтаж.
Балалық шақ - адамның өмірлік жолының ең бір жауапты кезеңдерінің бірі, өйткені бұл жылдары ол жеке тұлға ретінде қалыптасады, тәндік-физикалық, ақыл-ой, рухани тұрғыда ер жетеді. Балалар қамы негізінен ата-аналардың, сонымен бірге баланы асырап алушылардың да, қамқорлыққа алушылардың да иықтарына салмақ салады. Ата-аналары немесе оларды алмастырушылары жоқ балаларға мемлекет қамқорлық жасайды. Осы мақсатта Қазақстанда балалар үйі, мектеп-интернаттар (жалпы, шипажай типті және мамаңдандырылған) қызмет істейді,

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Кіріспе
Бала - өмірдің жалғасы

Негізгі бөлім.
1. Болашақ негізгі құқықтары

2. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелеу құқығы

3. Қамқорлық жасау және қамқоршы

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Балалар құқығын қамтамасыз ету - қазіргі заманның маңызды проблемасы,
оның шешілуіне барлық әлемдік қауымдастық мүдделі. Бұл қоғамның өмір сүруге
бейімділігіне кепілдік беру мен оның болашақта дамуын болжаудағы жастардың
анықтаушы рөлде болатынымен түсіндіріледі.
Әлемде бірде-бір мемлекет балалар құқығын сақтау саласында үлгілі рөлге
үміткер бола алмайтынын мойындау керек.
Балалар құқығы бойынша Халықаралық құжатты жасау туралы мәселе бұрыннан
қарастырылуда. 1946 жылы ЮНИСЕФ (әлеуметтік комиссия және БҰҰ-ының балалар
қоры). ЮНИСЕФ шеңберінде 1988 жылдан бастап балалар дамуының Халықаралық
орталық қызмет жасап келеді.
Балалар құқығын Халықаралық қорғау төмендегі бағыттар бойынша жүзеге
асырылады:
1) адам құқықтары саласында Халықаралық стандарттар дайындау;
2) балалар құқығын қорғау бойынша арнайы бақылау органын құру;
3) ұлттық заңдылықтарды Халықаралық міндеттемелерге сәйкестікке
келтіруге көмектесу;
4) БҰҰ-ның Балалар қоры арқылы Халықаралық көмек көрсету;
Қазақстан Республикасы 1994 жылы 16 ақпанда Балалар құқығы туралы
Конвенцияны бекітті.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы "Балалар құқығы туралы
"Заңы бұның салдары іспеттес болды. Бұл құжатта негізгі құқықтар,
балалардың міндеттері мен жауапкершіліктерінің ерекшеліктері бекітілген.
Заңда мүгедек бала, ата-анасыз балалар, жетімдер, баланың заңды өкілдері
секілді негізгі түсінікгері мен т.б. берілген.
Қазіргі заманғы дәуір балалар құқығын қорғаудың қажеттілігі туралы
жариялады. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1995-2005 жылдарды адам құқығы саласындағы
ағартушылықтың он жылдығы деп жариялады. Балалар мен балалық шақты
қорғаудың негізгі ұстанымдары мен нормалары Қазақстан мақұлдаған алғашқы
халықаралық құжаттардың бірі болған балалар құқығы туралы конвенцияда
баяндалған.
Балалық шақ - бұл жеке тұлға ретінде қалыптасу мерзіміндегі адам
өмірінің кезеңі (яғни, өзінің қылықтары мен әрекеттеріне толық
жауапкершілікті азаматтың, қоғамның әлеуметтік толыққанды мүшесінің,
еңбекке жарамды және құқықтық қабілетті субъектінің). Балалық шақтың
әртүрлі кезеңдері мен сәттері баланың өмірлік тәжірибені, әлем туралы
білімді меңгеруімен байланысты. Балалық шақ қоғам, мемлекет, ересек адамдар
тарапынан арнайы қолдау көрсетуге қашанда мұқтаж.
Балалық шақ - адамның өмірлік жолының ең бір жауапты кезеңдерінің бірі,
өйткені бұл жылдары ол жеке тұлға ретінде қалыптасады, тәндік-физикалық,
ақыл-ой, рухани тұрғыда ер жетеді. Балалар қамы негізінен ата-аналардың,
сонымен бірге баланы асырап алушылардың да, қамқорлыққа алушылардың да
иықтарына салмақ салады. Ата-аналары немесе оларды алмастырушылары жоқ
балаларға мемлекет қамқорлық жасайды. Осы мақсатта Қазақстанда балалар үйі,
мектеп-интернаттар (жалпы, шипажай типті және мамаңдандырылған) қызмет
істейді,
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында былай деп айтылған:
"Неке мен отбасы, ана болу, әке болу және балалық шақ мемлекеттің
қорғауына алынған". 200 ел бекіткен Балалар құқығы туралы Конвенцияның 1-
бабында: "Осы Конвенциясының мақсаттары үшін 18 жасқа толмаған әрбір жан
иесі, егерде оған қолданылған заң бойынша ол адам кәмелеттік жасқа ерте
келмесе, ол бала болып табылады".
ҚР-сының Неке және отбасы туралы Заңының 1-бабында былайша
анықталған: "Балалық шақ - кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалардың құқықтық
жағдайы.
Өмір сүру құқығы — адамның дүниеге келуі негізінде жатқан негізгі,
ажырамас, табиғи құқығы.
ҚР Конституциясының 1-бөлімінің 15-бабында әркімнің өмір сүруге құқығы
бар деп айтылған. Адамның өмір сүру құқығы оның туған кезінен бастап
ажырамас және негізгі құқығы болып табылады. Қоғам тұлғалардың өмірін
әртүрлі жағымсыз кездейсоқтықтар мен оқиғалардан сақтаңдыруға тиіс, олардың
шығармашылық, кәсіптік және т.б. бастамаларын іске асырылуына көмектесуге
міндетті.
ҚР Конституциясының 3-бөлімінің 15-бабында тек заң белгілеген
жағдайларда ғана өлім жазасы қарастырылған. Ешкімдіде еріксіз өмірінен
айыру мүмкін емес. Қазір әлемнің көптеген елдері адамды осылай жазалаудан
бас тартуда. Адамды өмірінен айыру буддизм, христиан, мұсылман, иудаизм
секілді көптеген діндердің нормаларында әрқашанда сыналып отырды. Олардың
негізгі ережесі "Өлтірме".
Өмір сүру құқығы және олардың мемлекеттердің Конституциясында
жариялануы — бұл өркениеттің салтанат құруы. Тарихта және басқа да
фактілер бодды. Мысал үшін, Спартада отбасында дене кемшіліктері бар немесе
салмағы аз сәби дүниеге келсе, әкесі баланы тірі қалдыру немесе өлтіру
мәселесін шешетін геронттар ұжымына көрсетуге міндетті болды. Егерде олар
өлтіруге шешім қабылдаса, онда әкесі өзі баласын құз басынан лақтыруға
тиіс болды. Әрбір адам қайталанбас тұлға. Біздің әрбіреуіміз әртүрлі
болғандықтан да, әлем қызықты. Бұл ұстаным құқықтық нормаларда да
белгіленген. Біздің әрбіреуімізде заңдылық белгілері — есіміміз, әкеміздің
аты, фамилиямыз бар. Бала өзін туған кезінен бастап білетін белгілермен
теңдестіреді.
Аты-жөн құқығы — азаматтың ажырамас құқығы. Аты-жөн азаматтың
дербестігі ретіндегі қоғамда аса маңызды рөл атқарады. Барлық азаматтар өз
құқықтары мен міндеттерін өз аты-жөндері арқылы жүзеге асырады. Аты-жөн
аясында фамилия, жеке есімі және өз еркі бойынша әкесінің аты айтылады.
Әрбір таныстық аты-жөннен басталады. Есім — бұл бізді басқа адамдармен
әңгімелесуде ерекшелендіретін ең қажетті нәрсе. Аты-жөнсіз біз
дербестігімізді жоғалтар едік, адамдарды бір-бірінен айыра алмас та едік.
Қазақстан Республикасының заңдылығы бойынша адам өзінің есімін
төлқұжат алу кезінде (жеке бас куәлігі) өз өтінішімен, рұқсат тәртібімен
өзгерте алады. Аты-жөнді өзгертуге рұқсат оны өзгертудің орынды себептері
болған кезде ғана беріледі. Бұл туралы жақсылап ойлану керек, өйткені сіз
бұл есіммен 16 жыл жүрдіңіз ғой.
Аты-жөңді өзгертуде қазақ ұлты өкілдерінің фамилиясы әкесінің атының
жазылуының айырмашылығын білу керек. Азаматтар өз еріктері бойынша
өздерінің фамилиялары мен әкелерінің аттарының жазылуындағы қазақ тіліне
тән емес аффикстарды алып тастау арқылы, бірақта қазақ халкының
дәстүрлерінің тарихи қалыптасуына сәйкес фамилия мен әкелерінің аттарының
жазылуының түбірлі негізін сақтай отырып өзгертуге құқылы.
ҚР Азаматтық Кодексінің 15-бабы, аты-жөн құқығын бекітеді.
Фамилия, есім, әкелік атауды алмастыруды ЗАГС органдары жүргізеді. Бұл
туралы ҚР КЗоБС 56-бабында айтылған.
Отбасы және бала
Біз отбасында дүниені танимыз, алғашқы қадамымызды, іс-
әрекетімізді сонда жасап, алғашқы қуаныш-күйініш сөзін сонда айтамыз.
Отбасы – Адам баласының нәресте болып туғаннан сонғы сапарға аттанғанға
дейінгі бүкіл негізгі өміріміз өтетін табиға ортамыз. Неке және отбасы
туралы ҚР Заңында былай деп жазылған:
Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды
тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік
емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын
нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. (Іб,3т)
Дәл осы отбасында біз махаббат, өзінді өзің сыйлау, шыдамдылық, қолдау,
мейірімділік, борыш, жауапкершілік, ниет төзулігі тәрізді әлеуметтік
салалар мен сезімдердің не екендігін танып білеміз. Отбасы — тұтас алғанда
адамзатқа және әрбір жеке адамға өмір бойы серік болып өтетін ұя.
Отбасы ұясы жақын тума-туыстан: ата-анадан, бала-шағадан, толыққанды
және толыққанды емес аға-іні, іні-қарындастан, ата-әжеден, немерелерден
тұрады (Неке мен отбасы туралы ҚР заңының 1-бабы, 13-тармағы).
Адамның бір отбасына жатуы отбасылық жағдайы деп аталады. Ересектер
үшін отбасылық жағдайына мыналар жатады: неке қиғызуы немесе ажырасуы,
балалы болуы немесе болмауы, немесе өзге отбасы мүшелерінің болу-болмауы
(Неке мен отбасы туралы ҚР заңының 1-бабы, 10-тармағы). Қазірде отбасы
дүниедегі негізгі құндылықтардың бірі болып саналады, сол себепті әр адам
отбасында өмір сүруге құштар. Ересектер үшін мұның өзі, әр адам өз отбасын
құра алады дегенді дегенді білдіреді.
Отбасы бізге ұзақ уақыт серік бола алатын неғұрлым саналады. Дегенмен,
ажырасу саны ұдайы өсіп отбасылар саны да олардан қалар емес, тірідей жетім
қалған қамкөңіл балалар мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып отыр.
Қолданылып жүрген заң бойынша, балалардың ата-аналарынан айырмауға құқығы
бар (олар ажырасқан және бөлек тұратын болған жағдайда).
Ажырасу кезіңде ең қиыны — ажырасушылардың алдағы өзара қарым-
қатынасы, олардың бала тәрбиесіне қатысуын анықтау мәселесі. Көбінесе бала
кіммен қалуы керек деген жәйт екі жақты да тығырыққа тірейді. Егер екі жақ
ажырасқаннан кейін бала (балалар) қай жерде тұратындығы жөнінде бір
келісімге келе алмаса, онда мәселені сот шешеді. Заң бойынша эр ата-ананың
балаға қуқьиы тең, бірақ, әдетте сот тәжірибесіңде мәселе ана тәрбиесі
пайдасына шешіліп отырады, мұның өзін толық дұрыс деп айта қою қиын.
Сот ажырасудан соң бала кіммен тұруы керек деген мәселені қарағаңда ең
алдымен баланың (балалардың) өз қалауын ескеруі жөн. Сондай-ақ, әр ата-
ананың әл-ауқат жағдайы (экономикалық фактор), баланың жасы (физиологиялық
фактор), кімді айрықша жақсы көретіндігі (психологиялық және моральдік
фактор) ескеріледі. Бала ата-ананың қайсысымен қалғысы келсе, оған да
құқығы бар. Мұңдай құқыққа балалар он жасқа толғаннан кейін ие болады.

Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясының 16-бабы

1. Кәмелетке толған ер адамдар мен әйел адамдар нәсіліне, ұлтына немесе
дініне байланысты ешбір шектеусіз неке қиып, отбасын құруға құқылы. Олардың
неке қиғызудағы, неке кезіндегі және ол бұзылған уақыттағы құқықтары
бірдей.
2. Отбасы қоғамның табиғи және негізгі ұясы болып саналады және ол
қоғам мен мемлекет тарапынан қорғалу құқығына ие."
Отбасы — қандас жөне рухтас адамдардың табиғи ұясы, ол қоғамда аса
маңызды орынға ие.
Мынадай бір заңдылық бар: мемлекетте тату-тәтті отбасы көп болған
сайын, мемлекет те мығым және күшті бола түседі. Мемлекет отбасылық қарым-
қатынастардың дамуына мүдделі. "Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі "дейтін
принцип тұтас алғанда қоғам өмірінің сапасын белгілейді.
Отбасы қоғамның және жеке адамның алдында жауап беретін әлеуметтік топ
болып саналады. Ол жеке адам мен тұтас алғандағы қоғамды байланыстырып
тұратын буын. Әр баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы бар.
Бұл құқық нормалары егжей-тегжейлі Қазақстан Республикасының "Неке мен
отбасы туралы" заңында баяндалған, онда былай делінген:
52-бап. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы.
1. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады.
2. Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір тәрбиеленуге құқығы,
өзінің ата-анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің
мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға
құқығы бар.
Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне,
жан-жақты өсіп-жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне
құқығы бар. Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығынан айырған
жағдайда және ата-ана қамқорлығынан айрылудың басқа да жағдайларында
баланың отбасыда тәрбиелену құқығын, осы Заңның 13- тарауында белгіленген
тәртіппен қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді.
Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы:
- өз ата-анасын білу (бұдан туу туралы жазба кітабына баланы тіркеу,
ата-аналары жөнінде жазба түсіру қажеттігі туындайды);
- ата-ана қамқорлығын көру (тәрбие ісінде, білім алуда, құқығы мен
мүддесін қорғауда, өзінің адам ретіндегі қадір-қасиетін құрметтеуде);
- ата-анасымен бірге тұру (егер бұл бала мүддесіне қайшы келмейтін
болса, яғни ата-анасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала құқығы туралы конвенция
Отбасылық қарым-қатынастар
Жетім балалар құқығы және журналистика
Жанұяның әлеуметтік - философиялық сипаты
Балалардың табиғи құқықтарын қорғау мәселелері
Бала құқығы конвенциясы
Баланың құқықтарын қоргау
Жанұядағы дау-дамайлар және балалардың жеке басының қалыптасуына ықпалы
Жетімшілік өзекті мәселе және оны шешу жолдары
Мүмкіндігі шектелген балалардың құқығы туралы
Пәндер