Тіршілік қауіпсіздігі негіздері туралы



Тіршілік қауіпсіздігі негіздері – адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді.
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері мақсаттары:
Болашақ мамандарды өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз жағдайын құру үшін қажетті теориялық біліммен және тәжірибелік дағдылармен қаруландыру;
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен осы заманғы зақымдаушы құралдан халықты, қоршаған ортаны, өндіріс мамандарын және ауыл шаруашылық объектілерін қорғау жөнінде білім алу және оны өмірде іске асыруды үйрету.
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері міндеттері:
Халықты бейбіт және соғыс кездеріндегі төтенше жағдайлардан қорғана білу әдістерін және зардабын жоюға үйрету;
Зардап шеккен адамдарды құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негіздерімен таныстыру;
Адамдарды өмір сүру ортасындағы қауіпсіздік шараларын сақтауға қалыптастыру;
Зақымдану ошақтарын сипаттай білуді үйрету;
Жарақаттанулар мен қауіпті жұқпалы аурулардың алдын-ала білу мен алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді үйрету;
Төтенше жағдайларда халықты қорғау әдістерін меңгерту.
Тұрғындарға моральды-психологиялық көмектің маңызы:
Адамның рухани дүниесін жетілдіреді;
Адамның өмірге деген құштарлығын оятады;
Әрбір адамның өзіне деген сенімін жоғарылатады;
Шоктық жағдайға ұшырамауына септігін тигізеді.
Тұрғындарға моральды-психологиялық көмектің міндеттері:
Төтенше жағдай орын алған жерде жағдайдың ушығуына жол бермеу;
Халықты сабырлыққа шақыру;
Қандай жағдай болмасын адамдарға барынша қолдау көрсету;
Барлығы өз орындарына келетініне зардап шегушілерді сендіру;
Шоктық жағдайды болдырмауға тырысу.
2.5.2. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғанысты(АҚ) құрудың және жұмыс істеуінің міндеттері.

Азаматтық қорғаныс - бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты, шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

2.5.1.Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігіне кіріспе. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер.

Тіршілік қауіпсіздігі негіздері - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді.
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері мақсаттары:
Болашақ мамандарды өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз жағдайын құру үшін қажетті теориялық біліммен және тәжірибелік дағдылармен қаруландыру;
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен осы заманғы зақымдаушы құралдан халықты, қоршаған ортаны, өндіріс мамандарын және ауыл шаруашылық объектілерін қорғау жөнінде білім алу және оны өмірде іске асыруды үйрету.
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері міндеттері:
Халықты бейбіт және соғыс кездеріндегі төтенше жағдайлардан қорғана білу әдістерін және зардабын жоюға үйрету;
Зардап шеккен адамдарды құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негіздерімен таныстыру;
Адамдарды өмір сүру ортасындағы қауіпсіздік шараларын сақтауға қалыптастыру;
Зақымдану ошақтарын сипаттай білуді үйрету;
Жарақаттанулар мен қауіпті жұқпалы аурулардың алдын-ала білу мен алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді үйрету;
Төтенше жағдайларда халықты қорғау әдістерін меңгерту.
Тұрғындарға моральды-психологиялық көмектің маңызы:
Адамның рухани дүниесін жетілдіреді;
Адамның өмірге деген құштарлығын оятады;
Әрбір адамның өзіне деген сенімін жоғарылатады;
Шоктық жағдайға ұшырамауына септігін тигізеді.
Тұрғындарға моральды-психологиялық көмектің міндеттері:
Төтенше жағдай орын алған жерде жағдайдың ушығуына жол бермеу;
Халықты сабырлыққа шақыру;
Қандай жағдай болмасын адамдарға барынша қолдау көрсету;
Барлығы өз орындарына келетініне зардап шегушілерді сендіру;
Шоктық жағдайды болдырмауға тырысу.
2.5.2. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғанысты(АҚ) құрудың және жұмыс істеуінің міндеттері.

Азаматтық қорғаныс - бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты, шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.
Шаруашылық объектілері - өнеркәсіптік, ауылшаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланылатын ғимарат, қарапайым және басқа да құрылыстар. Ұйым - бағдарламаны немесе мақсатты бірлесіп іске асыратын және белгіленген тәртіптер мен нормалар негізінде іс-әрекет ететін адамдар ұжымы. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі, онын қорғаныс шараларының құрамдас бөлігі. ТЖ-ды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі "Азаматтық қорғаныс туралы" ҚР Заңында белгіленген. ҚР АҚ-на жалпы басшылықты ҚР Премьер Министрі-Азаматтық қорғаныстын бастығы жүргізеді. ҚР Азаматтық қорғанысына тікелей басшылық ТЖ жөніндегі ҚР Агенттігіне жүктелген. ТЖ жөніндегі ҚР Агенттігі ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін, сала аралық үйлестіруді, сондай-ақ табиғи жәнө техногендік сипаттағы ТЖ-ды ескерту мен жою, ҚР Азаматтық қорғанысы, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіп жұмысының қауіпсіз жүргізілуі және тау-кендік бақылау саласында арнайы атқарушы және рұқсат ету міндеттерін жүргізетін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттіктің орталық аппараты департаменттер мен құрылымдық бөлімшелерден тұрады. Агенттіктің аумақтық органдарының басшыларын, олардың орынбасарларын (аумақ бойынша бас мемлекеттік инспекторлар) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің өкімдерімен көлісе отыра Агенттік төрағасы тағайындайды. Агенттікте төраға, оның орынбасарлары, департамент директорлары, Агенттік пен оның ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары құрамындағы алқа құрылады. Ғылыми кеңес құрылады. Агентік құрамына орталық аппараттан басқа аумақтық органдар кіреді: облыстық басқармалар (инспекцияларды қоса алғанда);
қалалық басқармалар (Астана, Алматы, Қарағанды қалалары);
аудындық бөлімшелер, сондай-ақ Агенттік ведомстволық бағыныстағы ұйымдар; біліктілікті көтеретін Республикалық курстар; Республикалық ақпараттық-техникалық орталық; химиялық-радиациялық лабораториялар; Республикалық жедел-құтқару отрядтары; АҚ әскери бөлімдері; мемлекеттік өрттен қорғау қызметі; "Қазселден қорғау" Республикалық кәсіпорны.

АҚ-ның негізгі міндеттері:
- басқару, хабарлау және байланыс жүйесін ұйымдастыру, дамыту және тұрақты әзірлікте ұстау;
- АҚ күштерін құру, оларды даярлау және ТЖ кезіндегі іс-әрекетке тұрақты әзірлікте ұстау;
- орталық, жергілікті және атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметкерлерін даярлау және халықты үйрету;
- радиациялық, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) ахуалды қадағалау мен лабораториялық бақылау;
- АҚ әскери құрамаларының жұмылдырушылық даярлығын қамтамасыз ету;
- шаруашылық салалары мен объектілерінің тұрақты жұмысын арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу;
- қорғаныс ғимараттарының қажетті қорын, жеке қорғаныс құралдарын және АҚ-тың өзге бөлігін жинау және әзірлікте ұстау;
- халықты орталық, жергілікті және атқарушы органдарды адамдардың денсаулығы мен өміріне төнген қауіп пен қалыптасқан жағдайдағы іс- әрекет тәртібі туралы құлақтандыру;
- құтқару-іздестіру және өзге кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілік қамын ұйымдастыру және оларды қауіпті аймақтан алып кету;
- азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикі затын, жемді, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) зақымдаудан, эпизоотия мен эпифитотиядан қорғау.

АҚ-ты ұйымдастыру принциптері мен тәртіптері.

Азаматтық қорғаныс республиканың бүкіл аумағында аумақтық-өндірістік принцип бойынша ұйымдастырылады. АҚ шараларын орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдары, ҚР жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар АҚ басқару органдары мен күштері, ҚР азаматтары жүргізеді. АҚ-қа даярлық пен өткізу жөніндегі шараларды жүргізудің тәртібін, көлемі мен мерзімін ҚР Үкіметі анықтайды. АҚ шараларын кешенді және саралай жүргізу мақсатында маңыздылық деңгейін ескере отырып, ҚР Үкіметі анықтаған тәртіппен қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу жүргізіледі. АҚ шараларын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жауапкершілік орталық, жергілікті атқарушы органдар мен меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар басшыларына жүктеледі.
АҚ және ТЖ басқару органдары мен қызметтері АҚ шараларын орындауды қамтамасыз өту үшін мына органдар құрылады:
- ТЖ жөніндегі ҚР орталық атқарушы органы мен оның құрылымдық аумақтық органдары;
- орталық және жергілікті атқарушы органдардың АҚ бөлімдері (қызметкерлері);
- ұйымдарда АҚ штабтары немесе АҚ бастығына тікелей бағынатын АҚ пен ТЖ жөніндегі қосалқы мамандар.

2.5.3. Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу. Радияциялық қауіптілік. Иондаушы сәуле шығарудан қорғау. Химиялық қауіптілік. Радияциялық және химиялық барлау, дозиметрлік бақылау аспаптары.

Радиоактивтілік құбылысы ашылғаннан кейін ғылымда, техникада, медицинада, өнеркәсіпте кеңіне қолданыла бастады.
Табиғи жолмен пайда болған радиоактивті элементтерді қоршаған ортаның барлық жерінде кездестіруге болады. Жасанды радинуклидтер қару-жарақ өнеркәсібі мен атом энергетикасында қосымша өнім ретінде көп мөлшерде пайда болады. Радинуклидтер табиғатта да кездеседі.
Қоршаған ортаға түсе отырып, радинуклидтер тірі ағзаларға әсерін тигізеді. Олардың негізгі қауіптілігі де осында. Бұл қауіпті дұрыс бағалау үшін табиғи ортаның ластану масштабы радинуклидтер қосымша өнімі болып табылатын өнеркәсіп орындарының пайдасы, радиацияның әсер ету механизмі және радиациядан қорғану шаралары туралы айқын түсінік болуы шарт.
Радиация немесе иондаушы сәуле шығару - бұл бөлшектер мен гамма-кванттар. Олардың энергиясы затқа әсер ету кезінде әртүрлі таңбалы иондарды туғызу үшін жеткілікті. Радиация құбылысын химиялық реакциялар көмегімен алу мүмкін емес.
Радиацияның бірнеше түрі бар:
Альфа бөлшектер - салыстырмалы түрде ауыр, оң зарятталған бөлшектер, гелий атомының ядролары.
Бетта бөлшектер - жай электрондар.
Гамма - сәулелер - табиғаты жарықтың электромагниттік табиғатына жақын электромагниттік толқындар. Алайда, олардың өтімділік қабілеті өте жоғары. Негізінен жұмыс істеп тұрған атом реакторының маңында пайда болады.
Радиоактивтіліктің екі түрі бар:
1) табиғи;
2) техногенді;
Табиғи радиоактивтілік миллиардтаған жылдар бойы өмір сүріп келеді және ол барлық жерде кездеседі. Иондаушы сәулелер жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейігі кезеңде және тіпті жердің өзі пайда болмай тұрып-ақ пайда болатын. Радиоактивті материалдар жер пайда болған кезден бастап, оның құрамында болған. Кез-келген адамда белгілі бір мөлшерде радиоактивтілік болады. Адам денесі тканьдерінде табиғи радиоактивтіліктің көзі рубидий - 87, калий - 40 болып табылады. Қазіргі адам өз уақытының 80%-ін жабық кеңістікте, яғни, үйде не кеңседе өткізеді де, радиацияның негігі дозасын сол жерде қабылдайды. Құрылыстар мен ғимараттар сыртқы сәулеленуден сақтағанмен, олар салынған құрылыс материалында табиғи радиоактивтілік болады. Адамның ионды сәулеленуіне радон және оның ыдырау өнімдері әсер етеді.
Радон - бұл радиоактивті инертті газдың негізгі көзі. Іргетастағы, қабырғадағы жарықтар мен сызаттар арқылы радон бөлмелерге енеді және ұзақ мерзімге дейін сақталады. Радонның жабық бөлмедегі тағы бір көзі бұл құрылыс материалдарының өзі болып табылады. Бұл құрылыс материалдарының құрамында табиғи радинуклиттер болады. Сондай-ақ радон үйлерге су арқылы да жеткізілуі мүмкін, әсіресе, су артезиандық скважиналардан алынатын болса. Радон табиғи газдың жану процесінде және тағы басқа жағдайлар да пайда болуы мүмкін. Радон ауадан 7,5 есе ауыр. Осының нәтижесінде радонның концентрациясы биік үйлердің жоғарғы қабатында төменгі қабатқа қарағанда әлдеқайда аз болады. Радонмен сәулеленудің негізгі дозасын адам жабық, желдетілмейтін орында отырып қабылдайды. Бөлмені күнделікті желдете отырып, радон концентрациясын бірнеше есеге азайтуға болады
Техногенді радиоактивтілік адамның іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Табиғи радинуклидтердің қайта бөлініп, концентрациялануы саналы шаруашылық іс-әрекет процесінде табиғи радиациялық фонның өзгеруіне әкеліп соғады. Бұған тас көмірдің, мұнайдың, газдың және тағы басқа жанғыш пайдалы қазбалардың, фосфат тыңайтқыштарының, кен өндірілуі мен өңделуінің де үлкен әсері бар. Адамзаттық авияция сияқты транспорт түрі өз жолаушыларын ғарыштық сәулелердің жоғары әсеріне ұшыратады.
Әрине, сонымен бірге ядролық қаруды сынау. Атом энергетикасының кәсіпорындары мен өнеркәсіп орындары бұған өте үлкен үлес қосуда. Радиоактивті көздердің таралуы мүмкін екендігі сөзсіз. Бұл - авариялар, радиоактивті заттардың шашырап, шашылуы және тағы басқалар.
Адам организмі радиация көзіне емес, радиацияға жауап береді. Радиоактивті заттар болып табылатын радиация көздері ішек жолдары арқылы сумен және тамақпен бірге, өкпе арқылы тыныс алу кезінде, аз мөлшерде тері арқылы, сонымен қатар, медициналық радиоизотопты диагностика кезінде адам организміне түсе алады.
Бұл жағдайда ішкі сәулелену пайда болады. Радиация жануарлар мен өсімдіктерде де үлкен өзгерістер туғызады. Әр организмнің радиосезімталдығы әр түрлі. Табиғатта радиосезімталдық бактерияларда байқалады. Осыдан көп жылдар бұрын Сахарада Франция атом бомбасы жарылғанда бүкіл жәндіктер, жануарлар арасында сарышаян радиациямен әсерленбеген. Сарышаяндар гамма сәулелердің жүз мың рентген күші бар жерде аман-сау тіршілігін сақтап, өмір сүре берген. Ал адамға оның 700 рентген сәулесі қатерлі, неліктен сарышаяндардың радиосезімталдығының жоқ екендігі құпия, ол зеттейтін мәселелердің бірі екеніне оқымыстылар көңіл бөлуде. Бұл мәселені зерттеп, шешу адамға радиацияның қауіпті әсерінен сақтау үшін көмектесетін жаңа заттар шығаруға көмектесер еді. Ал, радиоактивтіліктің адам ағзасына әсері жайлы сөз қозғасақ. Радиацияның адамға әсерін сәулелену деп атайды. Бұл жердің негізін радиация энергиясының ағза жасушаларына берілуі құрайды. Сәулелену зат алмасуының бұзылуына, инфекциялық ауруларға, майкөз, әр түрлі ісік аурулары, сәулелік күю, сәуле ауруларына әкеліп соқтырады.
Сәулеленудің зардаптары бөліну үстіндегі жасушаларға қатты әсер етеді. Сондықтан ол үлкен адамдардан гөрі жас балалар үшін қауіптірек.
Радиацияны радиоактивті заттар немесе арнайы құрастырылған құрылғылар туғызады. Ал, радиацияның өзі, ағзаға әсер ете отырып, онда радиоактивті заттарды өндірмейді және оны радиацияның жаңа көзіне айналдырмайды. Осылайша, адам рентгендік флюрографиялық тексерілуден кейін радиоактивті болмайды.
Айта кететін жайт, рентгендік пленка немесе сурет те радиоактивті сәуле шығармайды. Бұл тұжырымға ағзаға радиоактивті препараттар мысалы, қалқанша безін радиоизотопты тексеру жасаған жағдайда ғана бағынбайды. Алайда бұл түрдегі препараттар олардың радиоактивтілігін ыдырау есебінен тез жоғалтатындай етіп таңдап алынады.

Адамдар сәулеленуінің радициялық әсері
Сомантикалық
Сомантика - стохастика
Генетикалық
Өткір сәуле ауруы
Өмір ұзақтығының қысқаруы
Доминантты гендік мутациялар
Созылмалы сәуле ауруы
Миноз (қан түзуші клеткалардың қатерлі өзгерісі)
Рецессивті гендік мутациялар
Жергілікті сәулелік зақымдану
Түрлі мүшелер мен клеткалардың ісігі.
Хромосомалық
аберрациялар

Қазақстан териториясындағы
эквивалеттік доза қуаты (мкзвсағ)

Ғарыштық сәуле

Каспий, Арал, Балқаш акваторилерінде
Қуатты тұнбалық түзінділердің териториясы
Магмалық жыныстар мен бос жыныстар (таулы аймақтар орталық територия)
Граниттік массивтер ауданы

0,03...0,08

0,06...0,08

0,1...0,18

0,18 ... 0,22

0,5 ... 0,6

КӘУЗ - бұл өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын, нысандардағы қираушылық жағдайында атмосфераға оңай өте және жұмыс істеуші қызметкерлер мен іргелес елді мекендегі халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосылыстар.
КӘУЗ-дің адамдарға әсері өнеркәсіп өндірісін сақтау мен тасымалдау, сонымен қатар, соғыс уақытында жаудың химия, мұнай өңдеу, тоқыма, қағаз және өнеркәсіптің өзге салаларын, нысандарын, қоймалар, қуатты тоңазытқыштарды және су тазалау ғимараттарын, сондай-ақ, осы салалар мен объектілерде қызмет көрсететін көлік құралдарын қасқана қирату барысында туындайтын авариялық жағдайда ғана ықтимал.

2.5.4. Техносфераның және техносфералық қауіпсіздіктің қазіргі жағдайы. Адамды және мекендеу ортасын табиғи және техногенді текті зиянды қауіпті факторлардан қорғау.

Апат түрлері:
Жер сілкіну
Вулкан
Лава
Тау-кен ісіндегі лава
Орман өрті
Жел ағысы
Цунами
Дауыл
Құйын

Жер сілкіну - жер асты дүмпу күштерінің әсерінен жердің беткі қыртысының тербелуі. Жер сілкіну жер бетіндегі біліну күшіне сәйкес сейсмикалық шкала бойынша 12 балға ажыратылған. Осы шкала бойынша ең ақырын, бәсең байқалған жер сілкіну 1 баллмен бағаланады. Жер сілкінудің толқындары мыңдаған шаршы километр ауданға жайылады. 1911ж. Тянь-Шаньда болған керемет жер сілкінудің әсері 3-4 млн км квадрат аймақты қамтыды.

ЖЕР СІЛКІНІСІ. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

Егер жер сілкінісі басталса, онда жылдам үйден шығу керек және далада тұрғанда ғимараттардан алыс тұру керек. Егер үйде қалып қалсаңыз, онда үстелдің астына немесе кроваттың астына, бұрышқа немесе есіктің босағасында тұру керек.
Терезелерден алыс ұсталу керек. Себебі, терезенің шынылары жер сілкінісі кезінде адамға қауіпті.
Жер сілкінісі кезінде лифтті қолдануға болмайды, өйткені лифт тоқтап қалуі мүмкін немесе құлап түсуі мүмкін.
Сіріңкелерді, зажигалкаларды, шамды қолдануға болмайды, газ жарылып қалса, өте қатты жарылыс болуы мүмкін.
Подвалдар мен жер астында, тоннельдерде тығылмаңыз. Себебі, құлап шығатын жерді жауып тастауы мүмкін.
Егер сіз далада келе жатып, жер сілкінісі басталса, онда сіз үйлерден, ғимараттардан алыс ұсталу керек. Олар кез келген уақытта құлау мүмкін.
Есіңізде сақтаңыз: Бірінші жер сілкінісі болғаннан кейін тағы да сілкініс болуы мүмкін.

Вулкан бомбасы - вулканнан атылған сұйық не жұмсақ лаваның ауада суынып, әр түрлі формада қатуынан пайда болған кесек зат.
Вулкан газдары - вулкан атқылағанда немесе одан кейін кратерден, беткейлердегі жарықтардан, лава тасқыны мен пирокластикалық жыныстардан бөлінетін газдар. Вулкан газдары жер астындағы су арқылы өткенде, ыстық бұлақтар пайда болады.
Вулкан тау жыныстары - вулкан атқылауынан пайда болған тау жыныстары. Вулкан атқылауының сипатына байланысты (лаваның төгілуі, жарылып атылуы) жыныстардың лавалық немесе төгілме эффузив вулкандық (пирокластикалық) екі түрі кездеседі.
Лава - опырылу, құлау. Геологиядағы лава - вулкан атқылаған кезде жер бетіне жайылатын отты - сұйық, тұтқыр балқыма. Табиғи силикаттардан құралады. Осындай балқыманың жер бетіне жайылып, суынып қатаюынан жаралған, құрамы түрліше, текстурасы тұтас, көпіршікті эффузия жыныстары да лава деп аталады. Химиялық құрамы мен газ мөлшеріне байланысты лава 800-1200 градуста қатая бастайды.
Тау-кен ісіндегі лава - көмір қабаттарында горизонтальне көлбей орналасқан қазба. Олардың ұзын бойын (100-300м) қуалай 1-3,5 м қалыңдықпен көмір қазылады. Бұрын бір лавадан тәулігіне 300-400 т көмір қазылып алынса, қазір 1500-2000 т көмір өндіріледі (1973).

ВУЛКАННЫҢ ҚАЙНАУЫ. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

Сейсмикалық белсенділіктің күшеюі;
Жер астынан және вулканның кратерінен арнайы дыбыс шығу;
Күкірт исі, әсіресе, вулканның жанынан ағатын өзендерден;
Қышқылды жауынының жауы;
Ауада пемздік шан болуы;
Кратерлерден газдың шығуы;
Сол жерден жылдам кету керек;
Егер сол жерден кете алмасаңыз, жаңартау атқылау бастағанда жолға жүгіріңіз, қалың киініп және басыңызға пластикалық шлем немесе шапқаға қағаз толтырып басқа кию керек;
Егер сіз машинада келе жатсаңыз және машинаның доңғалақтары жерге батып кетсе, машинадан түсіп жаяу жүріңіз;
Егер сіз қызған шам және газдардан тұратын дөңгелек шарды көрсеңіз, сол шар ұшып кеткенше жер астына немесе судың астына тығылыныз.

Орман өрті - абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағадан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі - ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Орманда зиянды жәндіктердің, ағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады. Орман өрті жер бетін шарпыған кезде жапырақ, бұта, шөп-шалам, көк шөп, ағаштың жас өркендері жанады, от қызуы 400 - 9000 С-қа жетеді, жалын 0,5 - 1 м-ге көтеріледі, өрт сағатына 0,25 - 5 км жылдамдықпен таралады. Өрт жел бағытына, күшіне қарай сағатына 5 - 25 км-ге дейін өршиді. Жер астындағы кеулеме өртте топырақ арасындағы өсімдік шірінділері, шымтезек жанады, от жалыны көбіне сыртқа шықпай, бықсып жанады. Мұндай өртті өшіру үшін жанған жердің айналасын тереңдігін ыза суға жеткенше, енін 1 м етіп ор қазады. Қазақстанда Ертіс және Обь өзендерінің арасындағы далалы аймақта орналасқан қарағай жолағында өрт тіпті жауынды жылдары да көп болады. Бұл жерлерде ауа-райы құрғақ болғандықтан өрт қаупі кезеңінің орташа ұзақтығы 180 күннен асады. Орман өртін сөндіру үшін көбіне табиғи кедергілер - өзен, жыра, батпақ, жол, арнайы жасалынған орман аралық ағашсыз жолақтар пайдаланылады (енін 1 - 2 м етіп жыртады). Қарсы от салып та тоқтатылады. Күшті өртке қарсы ұшақтар мен тікұшақтар арқылы жоғарыдан су, химикаттар шашады.

ОРМАН ӨРТІ. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

Егер өрт жаңа ғана басталып жатса, бұтақтардан жасалған сыпырғышпен өртті сөндіріп көріңіз;
Орманның шет жақтарынан ортасына жылжыңыз және де жел сенің арқана соғып тұру керек;
Артыңыздан жанып жатқан күлді, көмірді жинап жүрініз;
Егер өрт одан да қатты жаңа бастаса, онда көмекке бару керек;
Есіңізде сақтаңыз, орманның өртенуі өте үлкен жылдамдықпен қозғалады;
Қауіпсіз жер ол жолға немесе өзеннің бағытына жүру қажет;
Құрғап қалған ағаштар мен шөптер тез жанады;
Жұмсақ жерде өзіне жар қазып, сонда тығылуға болады және ыстықтан құтылу үшін курткамен немесе көрпемен жамылуға болады;
Өрт өткеннен кейін, ол сөнген жерімен жүру керек.

Жел ағысы - мұхитпен теңіздің жоғарғы қабатында (100м, кейде 200м тереңдікке дейін) жел мен судың арасындағы үйкелістен пайда болатын ағыс. Бір бағытта соғатын желдің әсерінен пайда болған желдің ағысы дрейфтік (ықпа) ағыс деп аталады. Желдің ағысы судың турбуленттік тұтқырлығы, қысым градениенті, жер шары айналуының ауытқу күші. Оның алдын алу жүйесі Тынық мұхиты бассейнінде 1948 жылы әзірленді, цунамидің көпшілігі осы жерде болады.
Цунами - су астындағы күшті жер сілкінулерінен мұхит бетінде қалыптасқан алып толқындар. Таралу жылдамдығы 400-ден 800кмсағ-қа дейін. Толқындарының биіктігі жартасты жағалауда және өзен атырауларында 15-30 метрге дейін жетеді. Цунами жазық жағалау арқылы құрлыққа өтіп үлкен апат қаупін туғызады.
Дауыл - Жел күші 12 балл (Бофорт шкаласы бойынша) немесе оның жылдамдығы 35 мс-тан көп болса дауыл пайда болды деп есептеленеді. Атланта мемлекеттері осы желді - дауыл (ураган) деп атайды, Тынық мұхитының аймағында - тайфундар, Австралияда - циклондар, Америкада - торнадо деп аталады. Аттары әртүрлі болғанымен жасаған зақымдары бірдей болады(тоқтамайтын ұзақ жауындар, өз жолында бәрін қирататын биік толқындар).
Құйын, атмосферадағы құйын - диаметрі ондаған метрден (су айдынында) жүздеген, мыңдаған километрге дейін (құрлықта) жететін қандай да бір ось бойынша жүретін ауаның айналмалы қозғалысы; ауаның жер бетінен топырақты, қарды немесе суды дөңгелете көтеріп, екпінді қозғалуы. Ол көтерілген кезде жылжып бара жатқан биік бағанаға ұқсайды. Құйын 10 - 20 мс жылдамдықпен жылжиды. Ондағы дөңгелене ескен желдің жылдамдығы 50 - 100 мс-қа жетеді. Құйын қатты қызғандықтан жоғары қарай тез көтерілген ыстық ауаның өз жолындағы салқын қабатпен (көбіне жаңбырлы будақ бұлтпен) кездескен жерінде құралған төмен қысымды аймақтан басталады. Құйын бағанасының орталық бөлігінде ауа қысымының төмендігінен Жер бетінен бұлтқа қарай сорылу процесі жүреді. Бірнеше құйын қосылып аса күшті дауылға айналатын кездер болады. Шағын құйындар Қазақстанның шөлейтті құмды өңірлерінде жиірек байқалады.

ДАУЫЛДАР МЕН ҚАТТЫ ЖЕЛДЕР. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

Сіз дауылдың жақындағанын біліп сезсеңіз, онда есік пен терезелерді қатты жабу керек. Әйнектерге пластырьларды жабыстыру керек.
Шамдарды дайындап қойыңыз (электр тогын сөндіру мүмкін).
Электротехникалар мен сыртқы телеантеннаны сөндіру керек.
Жел алып кететін заттарды далада қалдырмау керек.
Егер дауыл болатынын білсеңіз, теңіз жағасынан, өзендерден алыс ұстау керек. Себебі, сіздерді су тасқынымен алып кетуі мүмкін.
Жер үйдің үлкен және мықты жағына баруыңыз керек, одан да жақсы жер төлеге бару керек.
Егер сізді ашық жерде дауыл алып кетсе, онда тұйық жерге жорғалап, тығылу керек. Бірақ, құлап жатқан ағаштардан, бұтақтардан сақтаныңыз.
Кейбір жағдайларда дауыл тынышталады, бірақ сіз оған ұсталынып қалмаңыз және дауылдан тығылып жатқан жерден шықпаңыз, себебі дауыл басталып кетуі мүмкін.

ҚАРДЫҢ КӨШКІНІ. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

Таулы жерге барудың алдында көшкін жайлы ескертулер тындаңыз.
Егер ондай хабар болса, онда тауға бармаңыздар. Қауіпті жерлерді айналып өтуге ұмтылыңдар. Егерде оны айналуға мүмкіншілік жоқ болса, онда сақ болып қауіпті жерлерден бір-бірден өтіңіз.
Қар құлаудың бірінші белгілері олар: сынып жатқан мұздың дыбысы, ақ шаң, үстінен астына құлап жатқан қар.
Егер сіз көшкін келе жатқаныңды қөрсеңіз, онда көшкіннен төмен қарай қашпаңыз. Көшкіннің жылдамдығы 30 метр секундына жету мүмкін.
Көшкіннің жолынан кетіп немесе биікке (ағашқа немесе үлкен тасқа) шығуға ұмтылыңыз. Осылай сіз көшкінді өзіңіздің астыңыздан өткізесіз.
Егер көшкін жақын болса, рюкзак, таяқты, шаңғыны лақтырып жіберіңіз, себебі олар сізге қардың астында кедергі жасайды.
Егер көшкін сізді алып кетсе бетті жауып, демалмаңыз, өйткені қар сіздің ауызыңызға мұрынға кіреді және сіз демала алмай қаласыз.
Қармен домалап келе жатқанда бір затқа (мысалы скалаға) ұстап калуға ұмтылыңыз. Осындайда қар өтіп кетіп сізді қалдыруы мүмкін.
Егер көшкін сізді алып кетсе оның бетінде қалуға және көшкіннің шетіне жылжуға ұмтылыңыз. Қолыңызбен өзіңіздің жолдағы тастарды итеріңіз.

СУ ТАСҚЫНЫ. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

Су тасқын кезінде, егер сізде уақыт бар болса, онда үйден кетпей тұрғанда газды сөндіріп және электротехникаларды сөндіру керек, өзіңмен бірге керекті азық-түлікті (2-3 күнге), киімдерді, дәрілерді жинап алу керек.
Егер су тасқыны ашық жерде немесе орманда болса, онда жылдам биік жерлерге (ағашқа немесе басқа бір затқа) ұстанып қалу керек.
Егер сіздің жолыңызда өзен тасқыны болса, ең біріншіден таяз жерді іздеп көріңіз.
Сумканы немесе рюкзакті сулап алмау үшін жоғары орыналастырыңыз. Егер оларды өзіңіз ұстасаңыз онда рюкзакты иыққа бір лямкаға ғана іліңіз, өйткені, егер сіз суға құласаңыз рюкзакті оңай тастай салуға болады.
Судың тереңдігін білу үшін, ұзын таяқты алыңыз.
Суға бір аяқты мықты қойғаннан кейін ғана екінші аяқты көтеріңіз, судың ағына қарай бұрыш жасап қырынмен абайлап жүріңіз.
Егер сіз топтың ішінде өзенді өтіп жүрсеңіз, онда бір адам өзеннің әр жағын жіптің бір соңын алып ағашқа немесе тасқа байлап қою керек. Келесі адамдар бір қолымен жіпті екінші қолмен таяқты ұстап өзенді өтуге тиісті.
Егер сізде жіп, арқан болмаса және сіз топпен өзенді өтіп жатсаңыз, онда бір-бірлеріңіздің иықтырыңыздан ұстап, бір-біріне қорғау жасап абайлап бірдей немесе кезекпен аяқтарын басып өзенді өту керек.

2.5.5. Бейбіт және соғыс уақытының төтенше жағдайларда халықты қорғаудың негізгі принциптері мен тәсілдері.

Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау

Бейбіт уақытта (зілзала, авария мен апат қауіпі немесе болған кезде) және жау шабуылы қауіпі кезінде төнген қауіп туралы халыққа дер кезінде және сенімді хабарлауды, сондай-ақ халыққа жағдай туралы хабарлау мақсатында олардың назарын аудару үшін электр сиреналары мен өндірістік гудоктар және "Баршаңыздың назарыңызға!" АҚ ескерту дабылының берілгөндігін білдіретін өзге де қүралдар қосылады. Осы дабыл бойынша радионы, радио мен телевизиялық хабарлар қабылдағыштарын қосып ТЖ жөніндегі басқарманың (бөлімнің) шүғыл хабарын тындаған соң, берілген ақпаратқа сәйкес іс-әрекет ету керек.
Соғыс уақытында жау шабуылы мен әуе, радиациялық, химиялық және бактериологиялық қауіп төнген кезде де "Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы беріледі, оның артынша халықтың алдағы іс-әрекеті мен панаханалардың орналасқан жері туралы ақпарат беріледі.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы (5.07.96ж) ҚР Заңы республика аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Онда, халықты, қоршаған орта мен шаруашылық объектілерін төтенше жағдайлардан және одан туындаған салдардан қорғау мен мемлекеттік саясат жүргізуде басым салаларының бірі екендігі атап көрсетіледі.
Занда төтенше жағдайға, зілзалаға, аварияға, апатқа анықтама беріледі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы ұйымдардың міндеттемесі, халықтын құқығы мен міндеттемсі белгіленіп, мемелекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының өкілеттігі атап көрсітілген. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы заңның бұзылғандығы үшін жауапкершілік белгіленген. Заңда төтенше жағдайға қатысты басқа да мәселелер мазмұндалған.
Зілзала - бұл кенеттен туындайдын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бұзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат құбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады.
Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жер, бұрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады.
Әрбір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, козғаушы күші дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзіндік әсере сияқты физикалық қасиеті бар.
Зілзаланың бірбірінен айырықты ерекшеліктеріне қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға, қатты психологиялық әсер етуі.
Авария - технологиялық процесстердің бұзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері - агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бұзу. Сондай-ақ техника қауіпсіздігі ережесін бұзу, зілзала.
Авария салдарының сипаты оның түріне, көлеміне және ол пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Бірқатар жағдайда атмосфера газданады, мұнай өнімдері, тұтанғыш сұйықтар мен қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі, авария салдарын тудырады.
Апат - бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмір мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономиқалық және экологиялық залалмен сипатталады.
Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі.
Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен.
Көлемді анықтау кезінде өлшеу үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мұқтаждардың саны; апат салдарының әсеріне ұшыраған аумақ көлемі.
Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді:
- табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала)
- жасанды (антропонгендік, яғни адамдық факторлардан туындайды).
Геологиялық сипаттағы төтенше жағдай

Геологиялық сипаттағы құбылыстың әсерінен болған стихиялық апаттарға жер сілкінісі, вулканның атқылауы, опырмалар, қар көшкіні, сел және т.б. жатады.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай

Геологиялық - жер сілкінісі, вулкан атқылауы, опырмалар, сел.

Метеорологиялық - боран, бұрқасын, смог, дауыл .

Гидрогиологиялық - су тасқыны, цунами, тайфун .

Табиғи өрттер - ормандық және далалық

Биологиялық - эпидемия, эпизоотия, эпифитотия.

Ғарыштық - астероиттар, каметалар, сәулелену.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың топталуы

Жер сілкінісі

Жер сілкінісі кенеттен, ойламаған жерден пайда болатын және ең қауіпті табиғи аппаттардың бірі. 21-сурет Жер сілкінісі көптеген материалдық және адам шығынына душр еткізеді. Жердің қатты сілкінісінде жердің жарылуыда ықтимал. Белгілі мәліметтерге жүгінсек бір жылда жер бетінде 100 мыңнан астам жер сілкінісі болады екен. Қазақстанның 450 мың шаршы километрі жер сілкіну қауіпі бар аумақта болғандықтан бұл жағдай бізге өте өзекті мәселердің бірі болып саналады. Себебі 27 қала және 400 ден астам мекендер мен 6 миллионнан астам халық тұрады да, 30% өнеркәсіппен 35%-ға жуық тұрғын үй қоры шоғырланған.
Сонымен қатар, жер сілкінісінен қорғауға үкімет үлкен мән беріп отыр. Осыған орай жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар қабылданған. Ол шаралар төмендегілерді қамтиды.

Жер сілкінісінің магнитудалық М - шамасын сипаттайтын Рихтер шкаласы
Баллдар
Жер сілкінісі зардабы
0
Өте жай жер сілкінісі. Бұл жағдайды тек құралдар көмегімен ғана анықтауға болады.
1
Адамдарға еш білінбейді.
2
Ғимараттар мен тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарында ғана байқайға болады.
2,5-3,0
Ғимараттың барлық қабаттарында байқауға болады. Ілініп қойылған теңселіп тұрады.
3,5
Есіктер мен терезелер ашалып жабылып тұрады
4-4,5
Ғимараттардан тыс жерде де байқалады. Су қоймасымен су жинаған жерлердегі судың бетінде толқындар пайда болады. Эпицентрге жақын жерлердегі ғимараттарде кішігірім сызат(трещина) пайда болуы мүмкін.
5
Бір атом бомбасының энергиясына сәйкес. Жүріп келе жатқан адамдар тепе-теңдігін жоғалтады, әйнектер сынып, қабырғаның штукатуркасы жарылады.
6
Кейбір жерлерге әжептеуір нұқсан келуі мүмкін. Жыл сайын мұндай жер сілкінісі 100-дің шамасында. Адамның өз аяғында тұруы қиындайды және сейсмикалық тұрақты емес ғимараттар құлап, бұзыла бастайды.
6,5
Жерге сызат түсе бастайды. Ескерткіштер және т.с.с құлай бастайды.
7,0
Қатты жер сілкінісі. Жалпы дүрбелең болады (паника). Тұрғызылған құрылыстар құлап бұзылады. Жер асты құбырлар жарылып, үзіліп кетеді және жердегі сызат үлкен болып білініп тұрады.
7,5
Құрылымдардың көптеген бөлігі бұзылады және опырмалар орын алуы мүмкін.
8
Жер астындағы құбырлар түгелдей және темір жол, трамвай жолы істен шығады
8,5
Энергиясы бір атом бомбасының әнергиясын 1 000 000 есе көп болады.
9
Ғимараттар толығынан құлап заттар ауада ұшып жүреді.
Жалпы алғанда жер сілкінісі - бұл жер қыртысының немесе мантияның үстінгі бөлігінің кенеттен болған жылжуының және үзілуінің нәтижесінде пайда болатын, сонымен қатар үлкен қашықтыққа толқын ретінде берілетін жер асты қозғалысы мен жер бетінің толқыны. Жер сілкінісі кезінде апаттың ауқымды бөлігі оның ошағында болады.
Жер сілкінісінің ошағы - бұл жер қабатының бір бөлігі көлеміндегі энергиясының бөлінісі. Ошақтың ортасы эпицентр деп атайды.
1935 жылы Калифорниялық технологиялық институтының профессоры У.Рихтер жер сілкінісі энергиясын бағалау үшін магнитуда шамасын ұсынды. Қазіргі кезде де осы Рихтер шкаласы бойынша жер сілкінісінде пайда болатын сейсмикалық толқынның энергиясын бағалау жүргізілуде.
Жер сілкінісінің шығынын азайту үшін төмендегі іс-әрекеттер жасалынады:
сейсмикалық бақылау мен жер сілкінісінің болжамын республикалық денгейде дамыту;
сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу;
халықтың сейсмикалық білімін арттыру;
хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру;
жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.
Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті
Жер сілікінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.
Тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары, есік жақтауының ортасы, мықты үстел, белағаш өтетін жер ең қауіпсіз орындар болып табылады.
Спитактағы жер сілкінісі кезінде (07.12.88ж.) ванна ішіндегі 6 адам тірі қалған.
Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттардағы шеткі бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкондар жатады.
Зілзала кезінде ғимараттан ешбір кедергісіз жылдам шығу үшін дәліздерді, өтетін жерлерді, баспалдақ торларын, ішкі және сыртқы есік ойықтарын аса қажетсіз дүние - мүлікпен ыбырсытпау керек.
Егер сіз ғимараттың 1-2 қабатында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабырасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады.
Ғимараттың жоғарғы қабатындағы адамдар бастарын қолға түскен затпен (түк табылмаса қолмен) жауып, дүмпуді салыстырмалы қауіпсіз орнында тоса тұрулары қажет. Ғимараттан арқаны қабырғаға тірей отырып шығу керек, ал қабырға жалаң болса оны айналып өткен жөн.
Жеке үйдің иелері қажетті жағдайда оны сейсмолық тұрғыдан күшейтуі кажет. Ұйымның бүкіл қызметкерлері ғимараттың сейсмо төзімділік дәрежесін білуге тиіс.
Бүкіл құрылымдық бөлімдерге негізгі шыға беріс жолын, қозғалыс бағытын, ғимарат пен аумақтағы қауіпсіз алаңдарды бекітіп берген жөн.
Жұмыс істейтін барлық қызметкерлер жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер баяндалған жаднама-буклеттерді оқуға тиіс.
Қазақстан аумағының сейсмо қауіпті аймағында жер сілкінісінің жиілігі әртүрлі. Қазіргі ғылым алапат сейсмикалық құбылыстың уақыты мен кіндігін әзірше дәл болжай алмайды. Сондықтан да жер сілкінісі кезіндегі әзірлік шараларына даярлануды, іс-әрекеттер тәртібін алдын ала білуге тиіс. Сейсможаттығу адамдардың жер сілкінісі кезіндегі дұрыс іс-әрекеттерге дағдылануына үлкен септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің Төтенше жағдайларды ескерту және іс-өрекеттер бойынша халық пен мамандарды оқыту жүйесін құру жөніндегі шаралар туралы 1993 жылғы 30 қыркүйектегі №969 Қауылысында сейсмо қауіпті аймақта орналасқан барлық объектілерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда тоқсан сайын сейсможаттығу өткізу белгіленген.

Вулкан атқылауы
Дүние жүзіне 200 миллионға жуық халық вулкан болуы ықтимал аумақта тұрады. Вулкан атқылауы жердің астындағы тұрақты түрде активті процестер жүріп жатқанынан болады.
Жер қыртысы және оның бетінде магманың қозғалысына байланысты құбылыс вулканизм деп аталады.
Магма (грек тілінде - қою мазь) - жердің терең ортасында пайда болатын силикаттық құрамы басым еріген масса магма лава түрінде атқылайды. Лаваның магмадан айырмашылығы газдың болмауы. Ол газ атқылау кезінде ұшып кетеді.
Вулкан - бұл лақтырудан пайда болған заттан жиналған жеке тау. Магма ошағы жер қыртысының терең 50-70 км жерінде орналасқан.
Вулкандар - атқылау болып жатқан, ұйықтаған және сөнген болып бөлінеді.
Ұйықтаған вулкандарға өз формасын сақтаған және оның астында жер сілкіністері аздаған күшпен болып жатқан, сонымен қатар оның атқылаған-дығы туралы ешқандай мәлімет жоқ вулкандар жатады.
Сөнген вулкан - бұл ешқандай вулкандық активтілігі жоқ вулкандар.
Вулканның атқылауы қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Атқылау продуктілері (газ, сұйық, қатты күйдегі) 1-5 км биіктікке дейін лақтырылады.
Опырмалар
Опырмалар тік тау жыныстарында пайда болған топырақ массасының ауырлық күшінің әсәрімен төмен қарай сырғуы. Опырмалар тік таудың тұрақтылығы бүлінген жағдайда пайда болады. Опырмалар адам және материалдық шығынға әкеліп соқтыратын табиғи процесс.
Опырмалар келесі факторлардың әсерінен болуы мүмкін:
топырақтың сусыздануына және құрғауына;
өсімдіктердің түрлерінің өзгеруінен (вида насождении);
өсімдік қабатының құрып кетуінен;
желденуінен.
Қатты жер сілкінісі кезінде міндетті түрде әр уақытта опырмалар орын алады.
Опырмалар Қазақстанның барлық таулы аймақтарында болуы мүмкін. Аса ірі опырмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Опырмалар ірі өзенді бөгейтін көлденең массаларды үйіп тастауына байланысты су тоғандарын жасауға әкеліп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы сапамен басқару
Жедел медициналық көмек
Өрт қауіпсіздігінің негіздері
Төтенше жағдайларда халықты қорғау әдістерін меңгерту
Тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздері
Адам өмірінің қауіпсіздігі туралы оқудың негізі теориялары
Төтенше жағдайда халықты қорғау
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігіне кіріспе. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ пәні бойынша дәрістер жинағы
Пәндер