ОХ Заречное шарттарында аналық ұядан алынған қара–ала тұқымдарының өнімділік сапасының салыстырмалы көрсеткіштері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2 Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Қазақстанда өсірілетін сүт бағытындағы мүйізді ірі қараны жақсарту әдістерініңтиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.2 Ірі қара тұқымдарын өнім бағытына қарай аудандастыру принциптері ... .8
1.3 Қара.ала тұқымының малдарының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.4 Мал селекциясының негізгі әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.4.1 Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру ... ... ... ... ..15
1.4.2 Сиыр сүтінің дене бітімімен байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.5 Сиырды сүтейту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
1.6 Малды азықтандыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.6.1 Малды азықтандыру нормасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
1.7 Зоогигиена және мал объектілерін жобалау негіздері ауа гигиенасы ... 24
1.7.1 Мал қораларына және мал шаруашылық өндірісіне қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
1.7.2 Топыраққа койылатын санитарлық.гигиеналық талаптар және оны санитарлық тұрғыдан қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
1.7.3 Мал азығына қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар және мал азықтандыру гигиенасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
1.7.4 Су және оған қойылатын санитарлық.гигиеналық талаптар ... ... ... ... ..27
ІІ «Заречное ТШ» ЖШС қысқаша мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
ІІІ Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Сиырлардың сүт өнімділігіне әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
3.1 Сүтті сиырлардың биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
3.2 Ірі қара малдың сүт өнімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
3.3 Сүт өнімділігіне әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
3.4 Аналық ұядан алынған қара.ала тұқымдарының өнімділік сапасының салыстырмалы көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
3.4.1 Тірілей салмақтың сүт өнімділігіне әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
3.4.2 Сиырлар жасының сүт өнімділігіне байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
3.4.3 Азықтандыру жағдайының әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
3.4.4 Сүт өнімділігінің күтіп.бағу әдісіне байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
3.4.5 Қашарларды алғашқы ұрықтандыру жасының әсері ... ... ... ... ... ... ..46
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51

Ірі қарамал еліміздің мал шаруашылығы экономикасында маңызды орын алады. Халық шаруашылығында түсетін қаржының жартысына жуығын ірі қара шаруашылығы береді. Ірі қарамалдан сүт, ет және жеңіл өнеркәсіп өндірісіне қажет шикізат алынады. Ауыл шаруашылығында сүтті, сүтті-етті және етті ірі қарамал шаруашылығының маңызы орасан зор. Ірі қара малынан алынатын өнімнің түрі көп: сүт, ет және тері өнімдері жатады. Отанымызды азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қара мал шаруашылығының пайдасының өте зор болу себебі, сүт өнімі оның 99 %-ын, ал ірі қара етті 40-45 %-ға дейінгі деңгейін құрайды. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда.
Дербес шаруашылықты өркендетуге мемлекет өз тарапынан зор қамқорлық жасауда. Мал өсіретін дербес шаруашылықтар аса сапалы, бағалы өнім өндіру үшін оларды күтіп- бағу және азықтандыру ерекшеліктерін жетік білу қажет.
Біздің алдымызға қойылған мақсат «Заречное ТШ» жауапкершілігі шектеулі серіптесіндегі голштинделген сиырлардың сүт өнімділігін зерттеп, зоотехникалық талдау жасау. Сонымен қатар, олардың сүт өнімділігіне әсер әр түрлі жағдайларды анықтап, зерттеу.
Азықтандыру мәзірлерін қарастырумен қатар аналық табындарының күтіп-бағу жағдайларын да қарастырған жөн. Оларды әр жыл мезгілінде күтіп- бағудың қандай әдісімен ұстайтынын, бұл әдістерінің қандай кемшіліктері бар екенін анықтау. Осы күтіп-бағу әдістерінің жалпы малдың өсіп-жетілуіне байланысын анықтап табу.
Бұл шаруашылықта малды өсірудің қандай әдісін қолданатынын, қандай ұрықтандыру тәсілдерін қолданатынын анықтау.
Сиырларды сауу үшін қандай әдістерді қолданатынын анықтау. Егер машинамен сауу әдісін қолданса, онда қандай сауу аппаратын пайдаланатынын анықтау. Сауу жүйесі кезінде сауыншылардың сиырлардың желінін толық босатып және де мөлшерінен артық ұстауын бақылау. Сондай-ақ зоогигиеналық талаптарды сақтап орындалуын анықтау.

1.Найманов Д.Қ. Мұстафин М.К. Вахитова Р.З. Аубакиров Ж.Қ. «Мал шаруашылығы». Қостанай, 2007 – 80 б.
2.Төреханов А.Ә. Каримов Ж.Қ. Даменов Ш.Д Найманов Д.Қ. Жазылбеков Н.Ә. «Ірі қара шаруашылығы». Алматы. Триумф Т, 2000. – 34 б..
3.Шекенов Е. Қазыханов Р. Бекқожин А. «Зоотехния негіздері». Астана. Фолиант, 2007 – 115 б..
4.Демеуғалиеа Е. «Мал азықтандыру». Алматы, 1993 – 198 б.
5.Омарқожаев Н. «Малды құнарлы азықтандыру». Алматы. Издатмаркет, 2005 – 191 б.
6.Журнал «Жаршы». 2008ж №7. – 20 б..
7.Калашников А.П. «Нормы и рационы. Кормления сельско-хозяйственных животных». ВО «Агропромиздат», 1985 – 105 б..
8.«Қолда мал өсіру». Алматы. Қайнар, 1995-352 б.
9.Ысқақбаев Б. «Ірі қара шаруашылығы». Алматы. Қайнар, 1996-192 б.
10.Кәрімов Ж.К., Дәленов Ш.Д., Найманов Д.К. «Ірі қарамал шаруашылығы». Қостанай, 1996-58 б.
11.Т.С.Садықұлов, Т.К.Бексейітов «Мал өсіру және селекция». Павлодар. «Кереку» баспасы, 2009- 119 б.
12.«Рекомендации по повышению продукции плановых парод крупно рогатого скота Костанайской облости» – Қостанай, 2006ж. 110 бет.
13.Н.М.Костомахин «Скотоводство». Санкт Петербург-Москва-Краснодар, 2009-70 б.
14.«Молочное и мясное скотоводство». 2010 №3 11 б.
15.«Еврозийское сообшество». 2010 №2 103 б.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Жаксылыкова А.Б.
ОХ Заречное шарттарында аналық ұядан алынған қара - ала тұқымдарының өнімділік сапасының салыстырмалы көрсеткіштері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5В080200 - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
Қостанай, 2015

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
____________Г.Шайкамал
___ ____________20___ж.
5В080200 - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығы бойынша
ОХ Заречное ОХ Заречное шарттарында аналық ұядан алынған қара - ала тұқымдарының өнімділік сапасының салыстырмалы көрсеткіштері тақырыбына
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Орындаған А.Б.Жаксылыкова, 4 курс студенті
күндізгі оқу формасы
Ғылыми жетекші Б.Ж.Кубекова, а.ш.ғ.,магистрі
Қостанай, 2015
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1 Қазақстанда өсірілетін сүт бағытындағы мүйізді ірі қараны жақсарту әдістерініңтиімділігі ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.2 Ірі қара тұқымдарын өнім бағытына қарай аудандастыру принциптері ... .8
1.3 Қара-ала тұқымының малдарының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 11
1.4 Мал селекциясының негізгі әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.4.1 Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру ... ... ... ... ..15
1.4.2 Сиыр сүтінің дене бітімімен байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .15
1.5 Сиырды сүтейту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.6 Малды азықтандыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.6.1 Малды азықтандыру нормасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2
1.7 Зоогигиена және мал объектілерін жобалау негіздері ауа гигиенасы ... 24
1.7.1 Мал қораларына және мал шаруашылық өндірісіне қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
1.7.2 Топыраққа койылатын санитарлық-гигиеналық талаптар және оны санитарлық тұрғыдан қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
1.7.3 Мал азығына қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар және мал азықтандыру гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
1.7.4 Су және оған қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар ... ... ... ... ..27
ІІ Заречное ТШ ЖШС қысқаша мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
ІІІ Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Сиырлардың сүт өнімділігіне әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..32
3.1 Сүтті сиырлардың биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 32
3.2 Ірі қара малдың сүт өнімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
0.3 Сүт өнімділігіне әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..34
3.4 Аналық ұядан алынған қара-ала тұқымдарының өнімділік сапасының салыстырмалы көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .36
3.4.1 Тірілей салмақтың сүт өнімділігіне әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...38
3.4.2 Сиырлар жасының сүт өнімділігіне байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... 39
3.4.3 Азықтандыру жағдайының әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...40
3.4.4 Сүт өнімділігінің күтіп-бағу әдісіне байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... .45
3.4.5 Қашарларды алғашқы ұрықтандыру жасының әсері ... ... ... ... ... ... ..46
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 0
ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 51
Кіріспе
Ірі қарамал еліміздің мал шаруашылығы экономикасында маңызды орын алады. Халық шаруашылығында түсетін қаржының жартысына жуығын ірі қара шаруашылығы береді. Ірі қарамалдан сүт, ет және жеңіл өнеркәсіп өндірісіне қажет шикізат алынады. Ауыл шаруашылығында сүтті, сүтті-етті және етті ірі қарамал шаруашылығының маңызы орасан зор. Ірі қара малынан алынатын өнімнің түрі көп: сүт, ет және тері өнімдері жатады. Отанымызды азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қара мал шаруашылығының пайдасының өте зор болу себебі, сүт өнімі оның 99 %-ын, ал ірі қара етті 40-45 %-ға дейінгі деңгейін құрайды. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда.
Дербес шаруашылықты өркендетуге мемлекет өз тарапынан зор қамқорлық жасауда. Мал өсіретін дербес шаруашылықтар аса сапалы, бағалы өнім өндіру үшін оларды күтіп- бағу және азықтандыру ерекшеліктерін жетік білу қажет.
Біздің алдымызға қойылған мақсат Заречное ТШ жауапкершілігі шектеулі серіптесіндегі голштинделген сиырлардың сүт өнімділігін зерттеп, зоотехникалық талдау жасау. Сонымен қатар, олардың сүт өнімділігіне әсер әр түрлі жағдайларды анықтап, зерттеу.
Азықтандыру мәзірлерін қарастырумен қатар аналық табындарының күтіп-бағу жағдайларын да қарастырған жөн. Оларды әр жыл мезгілінде күтіп- бағудың қандай әдісімен ұстайтынын, бұл әдістерінің қандай кемшіліктері бар екенін анықтау. Осы күтіп-бағу әдістерінің жалпы малдың өсіп-жетілуіне байланысын анықтап табу.
Бұл шаруашылықта малды өсірудің қандай әдісін қолданатынын, қандай ұрықтандыру тәсілдерін қолданатынын анықтау.
Сиырларды сауу үшін қандай әдістерді қолданатынын анықтау. Егер машинамен сауу әдісін қолданса, онда қандай сауу аппаратын пайдаланатынын анықтау. Сауу жүйесі кезінде сауыншылардың сиырлардың желінін толық босатып және де мөлшерінен артық ұстауын бақылау. Сондай-ақ зоогигиеналық талаптарды сақтап орындалуын анықтау.
І Әдебиетке шолу
3.1 Қазақстанда өсірілетін сүт бағытындағы мүйізді ірі қараны жақсарту әдістерінің тиімділігі
Қазақстанның қара-ала тұқымын жетілдірудің негізгі әдістерінің бірі оны шетелден әкелінген туыстас тұқымдармен шағылыстыру болып табылады. Қазіргі кезде жақсартылған мал басының үлес салмағы 90%-дан жоғары болып есептеледі. Бір мезгілде осы малдардың басын көбейту жұмыстары қоса жүргізілді.
а) голланд тұқымының бұқалары қашарлардың алғашқы сауылымдағы сүттілігін арттырды (6-10%), бірақ олардың майлылығына әсер еткен жоқ, дегенмен желін пішінін жақсартты.
б) голштин тұқымының бұқаларын пайдалану бірінші буын қашарларының сүттілігін 9-14%, екінші буынның сүттілігін 11-18% және үшінші, одан да жоғары буындарынікі 16-24%-ға, сүтінен майлылығы бұрынғы деңгейінде қалды, солайда болса желінінің пішіні және морфофункциялық қасиеттері жақсарды.
в) қара-ала тұқымының бұқалары сүттілігіне аз мөлшерде ғана әсер етті (6-9%), сонымен қатар сүттің майлылығын 14,0%-ға арттырды.
Қазіргі кезеңде будан малдардың едәуір мал басы жинақталды және олар жоғары гендік әлеуетке ие болды.
Табынның сүт өнімділігін арттыру, сүттің майлылығы мен ақуызының құрамы, желінің морфофункциялық қасиеттерін жақсартуда голштин тұқымының гендік қорын пайдаланудың тиімді екені біздің зерттеулер нәтижесінде белгілі болды.
Алайда, голштин тұқымын пайдаланудың нәтижесі барлық жағдайда да оң нәтижелерін берді деп айтуға болмайды. Жемшөп қоры төмен және жемшөппен аз қамтамасыз етілген шаруашылықтарда (сауым маусымында 3000 кг-нан төмен сүт берген сиырлар) голштиндендірілген сиырлар жоғары сүттілікке жете алмады. Бұл нәтижелер, шаруашылықтағы жемшөп қорының малдың сүттілігіне әсері, жаңа қара-ала типін шығарудың бағдарламасын жасауда есепке алынды.
Қара-ала тұқымының жаңа типін шығаруда будандастырудың сызбасына баға берілді, негізгі шаруашылықтар анықталды, бағытталған стандарттар, сырттан әкелінген селекциялық бұқаларынан алынған ұрпақтың өсуі мен жетілуі бағаланды, көптеген ғылыми-шаруашылық тәжірибелер жүзеге асырыл-ды, осының нәтижесінде сиырлардың қажетті типтері іріктелініп, олардың туыстық топтарынан жоғары өнімді генотиптер алуға пайдалануға негіз жасалынды.
Голштин тұқымының жоғары дәрежелі қаны бар сиырларды іріктеу аулиеата тұқымын жетілдіру процессін жеделдете түседі. Соңғы кездері голштин тұқымды бұқалардың ұрпақтарының саны едәуір көбейді.
Қазіргі уақытта барлық сиырдың 87,3%-ы жеке меншікте, 6,2%-ы шаруа қожалықтарында, 6,5%-ы мемлекеттік ауыл шаруашылығы мекемелерінде жинақталған. Бұл көрсеткіштер қой мен ешкі түліктері бойынша 80,2; 12,3 және 7,5%-ға, жылқы түлігі бойынша 83,8; 10,6 және 5,6%-ға, түйе түлігі бойынша 75,7; 11,3 және 13,0%-ға сәйкес келеді. Ауыл шаруашылығы мекемелерінің шаруа қожалықтарына (ӨК, АҚ, т.б.) бөлінуінің артықшылығы ретінде 2000 жылдан бастап жеке және шаруа қожалықтарында орынсыз мал шығынына жол берілмеуі нәтижесінде соңғы 3 -- 4 жылда түлік түрлері бойынша мал санының орташа өсімі 3 -- 10%-ға, ет, сүт өнімдерін өндіру 3 -- 6,5%-ға тұрақты артып келеді.[[3]]
Бүгінгі таңда әр елдің ұлттық өндірістері негізінде дүниежүзілік біртұтас тауарлы ауыл шаруашылығы қалыптасып келеді. Өндірілген жалпы өнім мөлшері жөнінен Қытай, АҚШ, Жапония, Аустралия сияқты елдер жетекші орын алады. Жан басына шаққанда ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етілу дәрежесі жөнінен Батыс Еуропаның дамыған елдері мен Канада, АҚШ, Жапония және Аустралия ерекше көзге түседі. Дамушы елдерде бұл керсеткіш өте төмен, тіпті жалпы өнімді аса көп өндіретін Қытай мен Үндістанда ол Канада және АҚШ-пен салыстырғанда 5 -- 6 есе төмен.[[1]]
Сол себепті ауыл шаруашылығының алдында әлі де оңтайлы шешімін таппаған мәселелер баршылық. Ең бастысы -- халықты сапалы, құнарлы әрі арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету; айналадағы ортаны ластанудан қорғау және табиғат байлықтарын пайдалануды, жетілдіру.[[1]]
Денисов ауданының Перелески ауылында 625 бас ірі қараға шақталған сүтті-тауарлы ферма іске қосылуы тиіс. Аталмыш ауылда жауындату құрылғысы орнатылған, жем-шөп өсіруге арналған1021 гааумаққа ирригациялық жүйе пайдаланылымға берілуі керек. Алтынсарин, Әулиекөл және Қарабалық аудандарында ұзын саны 5 мың аналық мүйізді ірі қараға есептелген репродуктор шаруашылық іске қосылады. Осылайша, биыл етті және сүтті бағыттағы сиырлар саны облыста бірнеше мыңға артпақ.
Елдің ет экспорттаудағы екпінді жұмысына қостанайлық ауылшаруашылық тауар өнд-рушілері қомақты қолдау танытып отыр. Лисаков қаласында 100 бас ірі қара малға және 250 бас шошқаға арналған сою пункті бар малшаруашылық кешені ірге көтереді. Ал, Арқалық қаласында асыл тұқымды репродуктор шаруашылық және 3 мың мүйізді ірі қараға шақталатын бордақылау алаңы іске асатын болады. Түлік бордақылау алаңы Алтынсарин ауданының Силантьев ауылында да түзілмек. Мың басқа арналады. Сондай-ақ, 500 ірі қара басын семірту фермасы Сарыкөл ауданының Крылов және Златоуст ауылдарында іске қосылмақшы.
Тілге тиек ете кету керек, жалпы, ірі қараны асылдандыруға республика бойынша басымдық беріліп отыр. ҚазАгро ұлттық басқарушы холдингі АҚ-ның баспасөз қызметі мәлімдегендей, ағымдағы жылы Қазақстанда 20 мың орынға арналған бордақылау алаңдарының желісі құрылатын болады. Бұл Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасының аясында жүзеге аспақ. Ал 2015 жылға дейін 150 мың орынға арналған бордақылау алаңдары құрылады деп көзделуде. ҚазАгро холдингінің ақпараты бойынша, қазіргі таңда 2,5 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңдарын құру жөніндегі жобаларды қаржыландыру туралы өтініштер мақұлданды. Бірінші жартыжылдықта барлығы 13 мың бас ірі қара малға арналған жобаларды несиелендіруге өтініштер қабылданған.
Оған қоса, елімізде шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебінен 5,3 мың орынға арналған бордақылау алаңдарын құру жөніндегі жобаларды іске асыру жоспарлануда. Бұған, сөзсіз, Қостанай облысының қосар үлесі қомақты болмақ.
Облыста ауыл шаруашылығының басқа тармақтары да алшаң адымдауда. Қайтадан қалыпқа келтіру жұмыстары жоспардағыша жүзеге асып келеді. Биыл облыс бойынша екі көкөніс қоймасы салыну керек деп келісілген. Бірі - Қостанай қаласында, екіншісі - Қостанай ауданының Заречный ауылында. Сыйымдылығы 5100 тонна болады деп пішілді. Мұның сыртында, облыс орталығында көкөністерді сұрыптау және қаптау желісі орнатылады, ұн тартатын кешен тұрғызылды. Қостанайда және Федоров ауданында күнбағыс майы өндірісі жолға қойылып отыр. Сонымен қатар федоровтықтар жылдық өнімі 3500 тоннаны құрайтын зығыр ұны өндірісін ашпақ. Аталған өлкеде алғашқы кезекте жалпы жобалық қуаттылығы мың сауын сиырға шақ келетін заманауи ірі тауарлы сүт фермасының негізі қаланды.
Қазақстан республикасының шаруашылықтарының барлық дәрежелерiне iрi қара мал саны (бұдан әрі ІҚМ) 1990 жылдан 2010 жылға дейiн 9757, 2 мың бастардан ( олардың ішінде сиырлар 3368 мың бастардан 2778, 78 мың бастарға дейiн) 6 160, 4 мың бастарға дейiн төмендедi.(сурет 1)
Сурет.1.1990-1920 ж.ж.аралығындағы Қазақстан Республикасында ірі қара мал бас саны, мың бас.
Дерекнама: ҚР статистика агенттігі, 2010 жылға - алдын ала деректер.
Сонымен бірге, ІҚМ басының 81,4% түбегейлі еншісі тұрғын жеке қосалқы шаруашылықтарында орналасқан (2011 жылдың 1-қаңтарындағы күйі бойынша ІҚМ бас саны тұрғын шаруашылықтарында 5011,08мың бастарды құрайды), 13,6%-шаруа(фермер) шаруашылықтарында; және 5% ауылшаруашылық кәсіпорындарында.
Бүгінгі таңда барлық түрлердегі еттің негізгі өндірушілері тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтары болып табылады; олардың еншісіне 79,4% өндірілген ет келеді; 9,5% (фермер) шаруа шаруашылықтары шығарады және 11,1% ауылшаруашылық кәсіпорындарына келеді .
Елдегi еттiң өндiрiсi 1990-2009 жылдар аралығында ІҚМ бас санына қарағанда үлкен дәрежеде қысқартылды:
- сиыр етiнiң өндiрiсi 709, 6 мың тонналардан (немесе 1, 8 ретте) 396, 09 мың тонналарға дейiн азайды;
- тұрғынның жеке тұтынуы (етке сиыр етi және ет өнімі қайта есбінде) 506, 8 мың тонналардан 402, 03 мың тонналарға дейiн азайды;
- ет және ет өнімдерін тұтыну әр адамға шаққанда (етке қайта есептеуде) 73 кг-нан 65,7 кг-ға дейін азайды (2009 жылы сиыр еті мен ет өнімдерін тұтыну әр адамға шаққанда 31 кгжылдан 26кгжылға дейін азайды);
- сиыр етінің импорты және ет өнімдерінің етке қайта есептеуінде 1990 жылы 19,36 мың тоннадан (4,8% отандық өндірістерден) 6,0 мың тоннаға дейін жетті.
- 2009 жылғы сиыр еті мен ет өнімдерін экспорттау көлемдерінің төмендеуі 184,5 мың тоннадан 0,02,мың тоннаға дейін.
1990 жылдың ұқсас кезеңдерімен салыстыруындағы 2010 жылдың 1 қаңтарындағы күйi бойынша шаруашылықтардың барлық дәрежелерiндегi асыл тұқымды ІҚМ басының саны 12 есе азайған; сүт жыныстарының мал басының саны 13 есе; ет жыныстарының мал басының саны 9, 1 есе. (сурет 2). Республикадағы ІҚМ бас санының төмендетуiне колхоздар, совхоздардың, шаруашылықтың жаңа формалары, қайта ұйымдастырылуы ықпал тигiзеді.
Дерекнама: ЦСУ КазССР және ҚР АШМ дерегі бойынша
1985ж.,1990ж. колхоз, совхоз және ҚазСССР бойынша басқа да мемлекеттік шаруашылықтарда жыныстық ІҚМ саны
2010 жыл Жыныстық ІҚМ-нің шаруашылықтардың барлық дәрежелеріндегі жыныстары бойынша саны
Республикада ІҚМ-нің ортақ санынан (6095,2 мың бас) асыл тұқымды ІҚМ бас санының (343,4 мың. бас) дара салмағы 5,6 % құрайды, соның ішінде ет жынысты асыл тұқымды мал басының дара салмағы 1,9% құрайды. Осы кезде еуропалық елдерде бұл көрсеткіш едәуір жоғары - 50-60%, АҚШ-та - 80%.
Сурет.2. Қазақстан Республикасында жыныстары бойынша ірі қара мал жынысының саны, мың, бас.
Кесте 1. Қазақстан республикасындағы шаруашылықтардың барлық дәрежелерiндегi iрi қара малдың асыл тұқымды мал басының дара салмағы
№
Өнiмдiлiктiң бағыттары бойынша ІҚМ-нің асыл тұқымды мал басының саны
саны, бастардың
ІҚМ асыл тұқымды бас санының ортақ санындағы дара салмағы, %
Оның ішінде сиырлар,бастары
ІҚМ ортақ бас санына дара салмақ,%
1.
ІҚМ-нің асыл тұқымды мал басының саны, оның ішінде өнімділік бағыттары бойынша
343 441
100
144 447
42,05
1.1.
Етті жыныстар
121 875
35,5
50 609
41,5
1.2.
Сүтті жыныстары
106 184
30,9
42 611
40,13
1.3.
Сүтті-етті жыныстар
115 382
33,6
51 227
44,4
Дерекнама: 2010 жылдың 1 қаңтарындағы күйі бойынша ҚР АШМ деректері бойынша құралған;
Дүниелiк көрсеткiшке ІҚМ отандық мал басы санының дара салмағы 0,6% құрайды. Қазақстан Республикасында 2010 жылы әлемдік өндірістің ортақ көлемінен сиыр етінің 0,7% өндірілді.
Қазақстанда ортақ сиырлардың бас санынан етті бағыттағы сиырлардың бас саны 1,2 % құрайды.
Республикаға меншiктi асыл тұқымды аналық мал санын жақын жылдарда еттi шаруашылығының саласының қатты көтеруiмен қамтамасыз ету экономикалық сегментті экспорттық қуатқа шығаруға жетпейді.
1.2 Ірі қара тұқымдарын өнім бағытына қарай аудандастыру принциптері.
Ірі қара экономикалық және табиғи жағдайларға қарай әр түрлі бағытта өсіріледі. Егер халыққа сүт және сүт өнімдері барынша қажет болса, онда сол аудандарда (ірі қалалар, өнеркәсібі өркендеген қыстақтар, облыс және аудан орталықтарының маңы) сүтті бағыттаға мал өсіріледі. Бұл аймақтағы шаруашылықтардың ірі қара табынында сиырдың өзіндік үлесі үлкен, сүттілігі де жоғары болады. Сүт өндіретін шаруашылықтар сатылатын сүттен пайда табады. Сүтті бағыттағы сиырлар өсіру етті бағыттағы сиырларға қарағанда интенсивті жүргізіледі. Сондыұтан да азықпен, қора жаймен барынша жақсы қамтамасыз етіледі.
Сүт өндіретін шарушалықтарда ірі қараға арнайы қора салынып оларды механикаландыру, электрлендіру жағы талапқа сай жүргізіледі. Жайылымы шүйгін, суы мол аудандарда етті бағыттағы сиырлар өсіріледі. Етті бағыттағы малдан алынатын ең басты өнім - ет.
Етті бағыттағы мал өсіретін шаруашылықтардың табынындағы сиырдың өзіндік үлесі 30% айналасында болады. Бұл аудандарда мал көбінесе табиғи азықтар мен егістік қалдықтарын пайдаланады.
Сонымен қатар, кейбір сүтті бағыттағы мал өсіретін аудандарда да ет өндіруді арттыру үшін етті бағыттағы тұқым бұқалары мен сүті аз сиырлар будандастырылады.
Ірі қараны аудандастыруға ертеден қалыптасқан табиғи, экономикалық және зоотехникалық жағдайлар негіз болады. Осылардың ішінен ең маңыздысы - сол аймақта қалыптасқан экономикалық жағдайлар.
Ірі қараны аудандастыруға ертеден қалыптасқан тигізетін әсері аз. Ірі қараның адам шығарған сүтті түұымдары азық жеткілікті және күтімі жақсы болса қай жерде де өсе береді. Сондықтан ауа райы олардың таралуына шешуші әсер ете алмадйды.
Зоотехникалық жағдайларға келетін болсақ, жерсіндіруге әкелінген малдың сол жердегі жергілікті малды жақсартуға әсері тисе және әкелінген мал жергілікті малды жақсартуға ұзақ уақыт пайдаланылса, оны сол ауданға жоспарлы тұқым деп есептеген жөн. Тек қана әкелінген мал сол аймаққа қалыптасқан, экономикалық жағдайларға және сүт сауу технологиясына төзе ме, жоқ па соны ойлау керек.
Мал саны зоотехникалық жұмыс үшін жеткілікті болуға тиіс. Өйткені жоспарлы тұқым малы неғұрлым көп болған сайын, оны сұрыптап, тезірек жетілдіруге жағдай да туады.
Бірақ, бір тұқым үстіне екінші тұқым әкеліп жерснідірудің немесе мал санын арттырудың қажеті жоқ. Мысалы, әулиеата тұқымы өсіріліетін өңірге қырдың қызыл сиырын әкелууге болмайды.
Әкелінсе де әулиеата тұқымына туыстық қатысы жоқ болғандықтан және санының аздығына байланыста сол өңірдегі малды жақсартатын тұқым деп тануға болмайды. Сондықтан, өсіретін тұқымды таңдау үшін алдымен оқымыстылармен, мамандармен ақылдасқан жөн.
Қазіргі кезде елімізде өсірілетін сүтті бағыттағы ірі қара тұқымдарын негізінен, 4 топқа топтастырылады. Олар: ірі қараның қара ала, қызыл, қоңыр, сары ала тұқымдары. Сүттібағыттағы ірі қара қатарына келтірілген топтарға кірмейтін айршир, джерсей және басқа да тұқымдар жатады.
Біз сүтті, етті немесе қос бағыттағы ірі қара тұқымдары ішінен тек қана Қазақстанда шығарылып, кеңінен тараған немесе әр түрлі мақсатпен өсірілетін, әйтпесе будандастыруға әкелінген тұқымдар жөніндн айтпақпыз.
Қара ала тұқым. Қазан революциясына дейін қара ала тұқым тек Балтық бойы республикаларында және Саратов губернияларында өсірілген.
Қара ала тұқымының ірі қара ішіндегі орны үлкен. 1925 жылы қара ала тұқым Кеңес Одағында жоспарлы тұқым болып қабылданды. 1930 жылдан бастап Германиядан, Нидерландиядан, Эстониядан, Швециядан әкеліне бастады. Содан былай жыл сайын мал басы көбейіп, әсіресе будандарының саны өсті. Мысалы, 1935 жылы 35475 бас болса, 1936 жылы 316400, 1951 жылы-1182000, 1965 жылы 216709, ал 1974 жылы 1196000 басқа жетті. Немесе 1974 жылдың өзінде жоспардағы тұқым малы ішіндегі үлесі 19% шамасында болды.
Қара ала тұқым малын жетілдіруді 3 кезеңге бөледі. 1 кезенде (1930-1940 жылдар) қара ала тұқым малын өсіруге бөлінген аймақта жергілікті малды қара ала тұқым бұқаларымен сіңіре будандастырды. Мысалы, Ресейдің орталық аудандарында өсірілетін холмогор, симментал тұқымдарын, Сібірде жергілікті ірі қараны, оралда тагил тұқымын сіңіре будандастырды.
Бұқалармен бірге әкелінген сиырлар арнайы құрылған шаруашылықтарда өз ішінде өсіріледі.
Шығыс Пруссия тармағын өсіретін шаруашылықтар ішінде Молочное, Назарьево совхоздары, ал Эстония тармағын өсіретін шаруашылықтар ішінде Брачева горки, Напецино, Орешково, Борска ферма, Красный маяк, тұқыммал совхоздары белгілі. Осы мезгіл ішінде Луковицкий, Барабинский, Дунаевский рассадниктері құрылды. 2 кезеңде (1940-1945 жылдар), яғни 1940 жылдың аяғында Ресейге 24 остфризлянд тұқымы бұқалары әкелінді де, олар Омский, Октябрьский, Первомай совхоздарында топтастырылды. Бұл бұқалар Пруссия және Эстония тармағы бұқаларының қаны бар сиырларға пайдаланылды. (1930-1938).
Осы алғашқы 2 кезеңде асылдандыру жұмысы мал сүтін көтеруге, сыртқы пішінін, тұқымдық қасиетін жақсарта түсуге бағытталды. Бірақ сиыр сүтінің майлылығының өсуіне көңіл бөлінбеді.
Әлемде ең кең тараған ірі қара тұқымы. Ол 30-дан астам елде өсіріледі. Саны жағынан қай тұқыммен салыстырғанда да көп.
Голланд жерінен бастау алған бұл тұқымның шығуына елдің географиялық ыңғайлы орналасуы, теңізге шыға алатындығы, сауда жасауғы ыңғайлылығы және ірімшік пен сары майға деген сұраныстың артуы әсер етті. Сондай- ақ ауа райының жұмсақтығы, жауын- шашының көп болуы, қыс маусымының қысқалығы, теңіз жағалауындағы көк майса жайылым да жағдай жасады.
Голандияда қара ала, қызыл ала және гронинген деп аталатын үш ірі қара тұқымы өсіріледі. Солардың арасында ең сүттісі қара ала тұқым өте көп тараған.
Голланд тұқымы Англияда, Францияда, ТМД-да, Жапония, АҚШ, Канадада және тағы басқа елдерде өсіріледі. Бұл тұқым таза өсірілген елдерде ол фриз немесе голштино- фриз деп аталады.
Кезінде , көп уақытқа дейін голланд сиырының сүтін ғана дамытып, оның денсаулығына, сүтінің майлылығына көп көңіл бөлінеді. Соның салдарынан XIX ғасырдың бірінші жартысында бұл тұқым сүтінің майлылығы төмендеп, дене бітімі босаңсып, мал туберкулезге шалдыға бастады. Осыдан соң мал тұқымын асылдандыру жұмысын қайта қарау керек болды.
Қазіргі кездегі голланд тұқымы малының дене бітімі, сүттілігі, сүтінің сапасы өткен ғасырдың бірінші жартысында өсірілген малдан мүлде өзгеше. Малдың тұрқы қысқалау, жұмыр. Бұлшық еттері жақсы дамыған. Сиырдың дене өлшемдері: шоқтығынан биіктігі 132-135 см, сауырынан биіктігі - 132-133 см, кеудесінің салыңқылығы 72-74 см, кеудесінің кеңдігі - 44-46 см, денесінің қиғаш ұзындығы 156-156 см.
Сақа сиырының салмағы 550-580 кг. Ең ірі сиырының салмағы 800 кг. Бұқасының салмағы 800-1200 кг. Еркек бұзауының туғандағы салмағы 38 кг, ұрғашы бұзауының салмағы 35 кг.
АҚШ пен Канадада және Нидерландыда голланд қара ала тұқымы сиырларын сүттілігіне және салмағына қарай сұрыптау жүргізіледі. Бұл елдерде бұзау өсіру технологиясы, сиырды азықтандыру және күту де бөлек болды. Соның қорытындысында АҚШ пен Канадада сүті де, салмағы да, сырт пішіні де, желіні де, сиымдылығы да өзгеше қара ала тұқым малы өсірілді.
Голштин тұқымы сиырларының салмағы 670-700 кг. Ішінара 1000 кг да тартады. Бұқаларының салмағы 900-1200 кг. Қайсыбірінің салмағы 1250 кг жетеді. Еркек бұзауының туғандағы салмағы 44-47 кг, ұрғашы бұзауы 38-42 кг тартады. Голштин тұқымының түсі қара ала болғанымен, кейбіреуінің бауырында, сирағында, құйрығының ұшында ақ қылшық жүн кездеседі. Қызыл ала түсінің де кездесуі де мүмкін. Сиырының шоқтығының биіктігі 143-145 см, бұқасының шоқтығының биіктігі 158-160 см, кеудесінің салыңқылығы 96 см, кеудесінің еңдігі 65 см бөксесі ұзын, кең, дене.
Эстонияның солтүстігінде өндірісі өркендеген аудандарда шығарылған. 1930 жылдары эстон тұқымы малын ұстайтын шаруалар сүтінің майлылығы жоғары голланд тұқымы сиырлары пайдалана бастады. Осы жұмыстың қорытындысында сүттің майлылығы едәуір көтерілді. Эстон тұқымы малының тұқыммал кітабы 1885 жылдан басталды. 1951 жылы жеке тұқым болып бекітілді. Эстон қара малы сүтті бағыттағы тұқым. Дене бітімі ықшам, мығым, сүйегі мықты, басы жеңіл, кеудесі орташа, жотасы түзу, бөксесі ұзын, түзу, кең. Сирақтары қысқа, дұрыс басылған. Бұлшық еттері орташа. Шоқтығының биіктігі 120-130 см, кеудесінің салыңқылығы 69-70, кеңдігі 42,8-43,4, кеудесінің қиғаш ұзындығы 155-157 см, кеуде орамы 198 см, жіліншік орамы 19-19,3см.
Бұл ірі қараның әлемде ең көп тараған тұқымының бірі. Жергілікті сиырларды ангельн, солтүстік шлезвич, баллум тұқымдары малымен будандастыру нәтижесінде шығарылған. Бұл тұқымның шығуына 1895 жылдары ұйымдасқан бақылау одағы да әсер етті. 1945 жылы бұқаларды ұрпағының сапасына қарай тексеретін станциялар ашылды. Сиырларды ірі, дене бітімі мықты, кеудесі салыңқы, денесі ұзын, сирақтары қысқалау, денесіне сай, бөксесі кең, желіні үлкен, жақсы дамыған, тегене тәріздес. Бұлшық еттері, сүйектері жақсы дамыған.
Сақа сиырының сүттілігі 5800кг. Мал тез жетілгіш, 12 айлық бұқаларының салмағы 420 кг, 15 айында 500 кг, 18 айында 600 кг, сойыс шығымы 57-60.
Азықтандыру жағдайын және күтімін жақсарта отырып, латыштың жергілікті сиырын ангельн және даттың қызыл тұқымы бұқаларымен будандастыру арқылы шығарылған. Латыштың қоңыр қызыл тұқымы және оған туыстас Эстонияның, Литваның қызыл сиырын шығаруға 1892 жылы малдың сүттілігін есепке алатын бақылау одағының құрылуы, 1885 жылдан бастап тұқыммал кітабы мен таза қанды малды тіркеу кітабының шығуы, ауық - ауық өтетін көрме, таза қанды бұқаларды топтастыратын пунктердің орналасуы әсер етті. Латыштың қоңыр қызыл тұқымы малының сырт пішіні көрнекті. Дене бітімі ықшам, сүтті сиырларға тән, мықты. Биіктігі орташа, сиырының шоқтығының бміктігі 125-127 см, қиғаш ұзындығы 156-157 см.
Бұл сүтті бағыттағы сиыр. Украинаның оңтүстігіне тән қуаң да континенталды жер жағдайы мен ауа райына жақсы бейімделген. Бұл тұқым малы оңтүстіктің қапырық ыстығыныа да, ерте қурап, қатқылданатын шөбі сирек жайылымына да төзімді. Жерсінуге бейім және төзімділігінің нәтижесінде қырдың қызыл сиыры тек Украинада ғана емес Ресей жерінде де, Молдовада да, Қазақстанда да кең тараған. Қазақстанда 1994 жылдың ақпанында 402164 қырдың қызыл сиыры болды. Саны жөнінен ТМД-да 2-ші орын алады. Ал Украинада 1-ші орында. Қазіргі кезде қырдың қызыл сиыры сүтті бағыттағы тұқымдар ішінде ең бастыларының бірі. Қазақстанда Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жезқазған және т.б облыстарда аудандастырылған.
1.3 Қара-ала тұқымының малдарының ерекшеліктері
Тиімді типтегі сиырлар экстерьері мен конституциялары бойынша кейбір ерекшеліктерге ие болады. Сыртқы тұрқына қарай олар сүт бағытындағы малға тән үшбұрыш пішінге ұқсас болады және экстерьерлік белгілері анық көрінеді. Сүйектері жеңіл, ұзын жіңішке мойынды, терілерінің қатпарлары айқын көрінеді. Тиімді типтің шоқтығы тура бағытталған, ұзындығы, биіктігі және ені бірқалыпты. Олардың кеудесі терең, ұзын және енсіздеу болып келеді. Белі қысқа, тегіс, енді, сонымен бірге жеткілікті түрде еттілігі бар. Бұл олардың конституциясының қатаң екендігін білдіреді.
Сонымен қатар малдың тірілей салмағы, дене өлшемдерінің шамалары мен олардың өнімділігі арасындағы байланыстары. Бұл ретте қашарлардың тірілей салмағы өсуіне байланысты олардың сүт өнімділігі 3220 кг-нан 3640 кг-да дейін артты (майлылығы 3,8% және ақуызды 3,12%). Малдың салмағы артқан сайын олардың дене өлшемдерінің де артатынын көрсетті. Мысалы, шоқтығының биіктігі 5 см, кеуде тереңдігі 3,5 см, кеуде кеңдігі 3,5 см, денесінің қиғаш өлшемі 3 см, кеуде орамы 7,5 см-ге жоғарылады.
Іріктеудің ең тиімді өлшемдері сақа малдар үшін: тірілей салмағы 470-500 кг және одан жоғары, шоқтығының биіктігі 130-133 см, кеуде тереңдігі 70,0 см және одан жоғары, кеуде кеңдігі 43,0 см және одан жоғары, денесінің қиғаш ұзындығы 160,0 см және одан жоғары болу керек екендігі белгіленді.
1.4 Мал селекциясының негізгі әдістері.
Мал сұрыптау. Мал селекциясының теориялық негіздері. Сұрыптаудың мәні мен генетикалық алғышарттары. Сұрыптау ілімінің дамуы. Сыртқы орта әсерлерінің селекция жұмыстары үшін маңызы. Селекциялық белгілердің тұқымқуалаушылығы мен өзгергіштігінің биологиялық негіздері. Әр түлікті сандық және сапалық белгілер бойынша селекциялаудың ерекшеліктері. Шекті селекциялық белгілер бойынша мал сұрыптау. Малды экстремальды жағдайларға бейімділігі мен ауруларға беріктілігі бойынша селекциялау. Сұрыпталатын малға қойылатын талаптар. Сұрыптау белгілері мен көрсеткіштері. Сұрыптау түрлері. Сұрыптау барысында әсер ететін жағдайлар. Мал саны. Аса жоғары өнім беретін мал (мол өнімді мал). Өсімталдық. Мал азықтандыру және, оны бағып күту. Малды арнайы сынақтан өткізу. Малдың сұрыпталатын жасы, ұрпақ алмасу жылдамдағы. Сұрыптау кезеңдері сұрыптау бағыты, ұнамды селекциялық тип, малды фенотипі мен генотипіне қарай бағалау, оларды топтастыру және пайдалану тәртібін белгілеу. Малды бағалау мен сұрыптау кешенділігі, оның қайталанып отыруы және кезектілігі.
Малды дене бітімі, сыртқы пішіні және ішкі құрылысы бойынша бағалау және сұрыптау. Малдың дене бітімі конституциясы, сыртқы пішіні экстерьер, ішкі құрылысы интерьер туралы түсінік және олардың тарихы. Дене бітімі түрлерінің шаруашылықта пайдалы белгілермен, мал денсаулығымен және темпераментімен байланысы. Дене бітімі және тұқым қуалаушылық. Дене бітімінің қалыптасуына әсер етуші жағдайлар. Дене бітімін зерттеу әдістері. Малдың дене бітімінің ерекшеліктерін селекция үшін пайдалану.
Сыртқы пішіннің экстерьердің маңызы. Сыртқы пішінді зерттеу, бағалау әдістері. Дене мүшелері. Көзбен қарап сипаттау, ұпай беру арқылы бағалау. Дене өлшемдері. Тұлға индекстері. Экстерьердің графикалық кескіні. Малды суретке түсіру. Малдың сырт пішініне қарап бағалау арқылы шешілетін зоотехникалық және селекциялық мәселелер. Малдың қоңдылығы кондициясы. Малдың жасы мен қоңдылығын анықтау жолдары.
Малдың ішкі құрылысы және оның зоотехниядағы маңызы. Желін, тері, ет талшықтары, сүйек өрімі, олардың құрылысы және малдың физиологиялық дене қызуы, тамыр соғуы, тыныс алуы, гематологиялық қан құрамы және биохимиялық ерешеліктері. Қан топтары мен ақзаттың алуан түрлілігі полиморфизм. Оларды селекцияда пайдалану. Мал өніміділігін, тұқымдық құндылығын және ата-енелік жұптардың үйлесімділігін болжау үшін интерьерлік көрсеткіштерді пайдалану мәселелері.
Цитогенетика және оның селекция үшін маңызы.Малды өніміне қарай бағалау және сұрыптау. Мал өнімі мен мал өнімділігі туралы түсінік. Малдан мол өнім алу- қазіргі заманның басты мәселесі.
Мал өнімділігіне әсер ететін жағдайлар факторлар. Тұқым қуалаушылықтың, тіршілік жағдайларының, генотип пен сыртқы орта өзара әсерлерінің селекциялық маңызы. Мал өнімділігі-негізгі селекциялық белгі. Мал өнімділігінің мал денсаулығына, оның өрбу қабілетіне, буаздығының ұзақтығына, аналық қасиеттеріне дене көлеміне, жетілгіштігіне, ұзақ өмір сүруіне және өндіріс технологиясына жарамдылығына байланыстылығы.
Малды өнімділігіне қарай бағалау принциптері мен әдістері. Тандемдік, тәуелсіз сандар селекциясы мен селекциялық индекстер бойынша сұрыптау әдістері. Мал түліктерін негізгі өнімдік белгілеріне сүттілігі, жүнділігі, жұмыс өнімділігі және т.б. қарай бағалау. Өнімнің саны мен сапасы, оған жұмсаған азық шығыны, экономикалық көрсеткіштері және олардың мал тұқымын асылдандырудағы маңызы. Малды өніп-өсу және жетілгіштігі бойынша селекциялау. Мал асылдандыру жұмысының мал шаруашылығын қарқындата өркендетудегі, мал өнімділігін арттырудағы ролі. Әртүрлі мал түліктері өнімділік көрсеткіштерінің тұқым қуалауы.
Малды ата-тегіне қарай бағалау және сұрыптау. Малды ата-тегіне қарай бағалаудың мал селекциясындағы немесе мал тұқымын асылдандырудағы маңызы. Мал тегіне байланысты атаулардың анықтамасы. Малды ата-тегіне қарай бағалау тарихы. Мал шежіресінің маңызды түрлері оларды жасау және селекцияда қолдану тәртібі. Малды шежіресі бойынша және жанама туыстарына қарай бағалау. Малдың шыққан тегін дәлелдеу үшін иммуногенетикалық көрсеткіштерді пайдалану. Малдың тұқымдық құндылығын оның шежіресі мен жанама туыстарының өнімділігіне қарай анықтаудың жаңа әдістері және оларды алдын-ала болжау мүмкіндігінің нарық жағдайында мал шаруашылығындағы маңызы.
Малды ұрпағының сапасына қарай бағалау және сұрыптау. Ұғымдардың анықтамасы. Мәселенің тарихы. Малды ұрпағының сапасына қарай бағалаудың маңызы, оның сұрыптаудың басқа әдістерімен байланысы.
Аталық малды ұрпағының сапасына қарай бағалау нәтижесіне әсер етуші жағдайлар: аналық мал сапасы, ұрпақтың жасы, саны, оны бағып күту, азықтандыру.Бұқаларұрпағының сапасына қарай сынауды ұйымдастыру. Элеверлер, аталықты сынау орындары, болашақ аталықты бағып-өсіру, қолдан семірту орындары. Сынауға қойылатын аталықтарды алдын ала сұрыптау және олардың жасының маңызы.
Аталықтарды ұрпағына қарай сынау үшін қосаллельды және көпаллельды жұптастыруды пайдалану.
Аналық малды ұрпағының сапасына қарай бағалау және сынау. Малдың генотипін ертерек және өте дәл бағалау мәселелері және оның нарық жағдайындағы экономикалық маңызы.
Сұрыптау жұмыстарын ұйымдастыру. Зоотехникалық есеп жүргізу және мал таңбалау. Бонитировка жасау баға беру және бонитировкалық кластар тағайындау принциптері. Мал тұқымының стандарты және оны бонитировкада пайдалану. Мал түліктеріне бонитировка жасау ерекшеліктері. Бонитировка нәтижелері бойынша қолданылатын шаралар. Малды шаруашылыққа жарамдылығы мен тұқымдық сапасына қарай топтастыру. Табынға генеологиялық туыстығы тұрғыдан талдау жасау. Келешекте маңызы үлкен туыстас топтарды, аталық іздерді, аналық ұяларды белгілеу. Асыл тұқымды арнайы шаруашылықта мал топтастыру.
Селекциялық және тұқымдық мал топтары, олардың маңызы. Әртүрлі малшаруашылығы салаларында табын толықтыру жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Жұп тандау. Ұғымдардың анықтамасы. Жұп таңдаудың генетикалық алғышарттары. Жұп таңдаудың селекция тиімділігіне әсері. Сұрыптау мен жұп таңдаудың арақатынасы. Жұп таңдаудың негізгі принциптері: мақсаттылық, аталықтың аналықтан басым болуы, үйлесімділік, туыстас малды өзара кездейсоқ, жүйесіз шағылыстыруға жол бермеу, қажет болғанда тиімділікпен пайдалану, жұп таңдаудың бірнеше ұрпақтарға сабақтастығы. Жұп таңдау түрлерін жіктеу. Гомогендік біртекті жұп таңдау. Оның мақсаты, міндеттері мен маңызы, ұтымды және кемшілік жақтары.Гетерогендік әр текті жұп таңдаудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Жұп таңдауда біртектілік пен әртектіліктің салыстырмалы шарттылығы. Заманауи технология жағдайындағы мал селекциялау ерекшеліктері. Мал тұқымын таңдау және аналық мал табындарын топтастыру. Мал өсіру әдістерін таңдау. Мал азықтандыру, бағып-күту және технологиялық үрдістер ерекшеліктеріне бейімділігіне қарай селекциялау. Қарқынды технология жағдайы мен селекция бағытына байланысты малға қойылатын негізгі талаптар.
Өнеркәсіптік кешендерде малды биологиялық ерекшеліктері мен өнімдік сапасына қарай топтастыру принциптері және оның маңызы. Мал шаруашылығын қарқындату жағдайында асыл тұқым мал шаруашылықтары мен өндірістік шаруашылықтар арасындағы байланыс, оның түрлері. Өнеркәсіптік кешендерде қолданылатын мал өнімділігін арттыру, түліктің тұқымдық сапасын жақсарту шаралары.
Кең көлемді селекция жүргізуге байланысты мал өсіру тәжірибесінде электрондық есептеу машиналарын пайдалану. Автоматтық жолмен мәліметтер алу. Бонитировка нәтижесін талдау. Жиынтық ведомостерін жасау, селекциялық индекстерді құру, селекция нәтижесін болжау.
1.4.1 Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру
Жаңа мал тұқымдарын шығару және оларды одан әрі жетілдіру бағдарламалары жолдары. Қазақстан Республикасындағы мал тұқымдарын асылдандыру базалары. Тұқыммал көрмелері. Асылдандыру жұмысының жоспары.
Мал тұқымдарын өндірістің негізгі құралы ретінде пайдалану және олармен жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру. Мал тұқымдарын сынау. Мал тұқымдарын аудандастыру. Мал тұқымдарының кеңестері. Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктерді бекіту апробация.
Мал шаруашылығындағы кең көлемді селекция. Қазақстан Республикасы мен ТМД елдеріндегі мал тұқымын асылдандыру қызметінің құрылымы.
1.4.2 Сиыр сүтінің дене бітімімен байланысы.
Сүтті бағыттағы сиыр өсірудегі басты мақсат барынша аса жоғары сапалы сүт сауу. Сиырдың сүттілігі 305 күнде сауылған тәулігіне, декадасына, айына және тәулігіне ең көп шыққан сүт мөлшеріне қарай анықталады. Сондықтан сиырдың сауылу мерзімі қысқа болса, ондай сиырдың пайдасы аз. Бірінші және екінші бұзаулаған сиырдан сақа сиырлармен салыстырғанда сүт 15-30% кем шығарады. Алтыншы , жетінші, сегізінші, бұзаулаған сиырлардың да сүттілігі азая түседі. Алғаш ұрықтандыру жасы сиырдың келекшегі сүттілігіне әсерін тигізеді. Ерте ұрықтандырылған құнажын өспей қалады да, оның сүті де төмен болады. Сондықтан уақыты келген құнажының салмағын да ескеру керек. Құнажынды оның салмағы сақа сиырлар салмағының 70% жеткенде ұрықтандырған дұрыс. В. Ф. Воскобойниковтың зерттеулеріне қарағанда қара ала тұқым сиырлары салмағының бұзаулау алдында 530-550 кг тартқаны жөн. Бұзаулау алдындағы тірілей салмағының тым төмендеуі оның сүттілігінің 300 кг дейін төмендеуінің себепші болады, ал салмағы 500 кг сүтін кемітеді. Ал суалу мерзімі 30 күн болса, ссүттілігі 20% кемиді. Сиырдың салмағы мен сүттілігі арасында тығыз байланыс бар екендігін белгілі. Сүттілік коэффициенті деп сиырдың әрбір 100 кг салмағына шаққанда сауылған сүт мөлшерін айтады. Әрбір 100 кг салмағына шаққандағы сүті де төмен. Ал ірі сиырдың сүті көп болғанымен салмағы жоғары. Сондықтан қайсыбір жпғдайда олардың да көрсеткіші төмен болуы мүмкін. Соған орай сиырдың тірілей салмағы мен сүттілігі арасындағы байланысты туып, сұрыптау жұмысын осыған орай жүргізген дұрыс. сиыр сүтілігінің ерте көтерілуі жұмсалған азықтың тез өтілуін ғана емес, кәрі сиырдарды жылдам ауыстырып, табынды жас малмен уақтылы жаңалауды да қамтамасыз етеді. Сиырдың тірілей салмағы мен сүттілігі арасында өзара байланыс бар екендігі анықталған. Егер сиырдың сүтті малға тән дене бітімі, тұлғасы сақталса, тірілей салмағы өскен сайын оның сүттілігі де көтеріле түседі. Профессор С.А. Рузский сиырдың тірілей салмағымен мен сүттілігінің арасында айнымалы байланыс бар екендігін де анықтады. Сиырдың салмағы артқан сайын, белгілі бір шамаға дейін сүттілік көтеріледі де, одан әрі тірілей салмақ қанша артқанмен сүттілік мөлшері өспейді. Қазіргі таңда елімізде сүтті бағыттағы ірі қара малдың 7 түрі өсіріледі. Оларға: алатау, симментал, қара-ала, қырдың қызыл және әулиеата сиырлары жатады. Бұл тұқымдардың өнімділік көрсеткіштері лактацияның бір кезеңінде бар болғаны 2200-3200 кг сүтті құрайды, бірақ олардың генетикалық потенциалы 2800-3500 кг сүтке тең келеді. 2009-2011 жылдары импорттық тұқымдарды (американдық селекциядағы швиц, қара-ала және қызыл-ала голштинофриз тұқымдары) пайдалану нәтижесінде сүтті бағыттағы жаңа тұқымдары алынды: бурыл Ақ Ырыс алатау тұқымында, қызыл ала Ертіс симментал тұқымында және Сайрам сүлесі қара-ала және әулиеата тұқымдарында. Еліміздің сүт өндіру ісінде өз үлесін қосып келе жатқан кәсіпорындардың бірі Астана - Өнім АҚ, яғни негізгі өндіріс салалары мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу болып табылатын ауыл шаруашылығы кәсіпорны болып табылады. Қазіргі жалпы есеп бойынша қожалық иелігінде 700 ге тарта асыл тұқымды қара-ала сиыр және тауарлық жылқы өсіріледі. Шаруашылықта өсірілетін қара-ала сиырлары бір сауым маусымында орташа есеппен 4012 - 5890 кг сүт береді, сүтінің майлылығы 3,69% құрайды. Қашарлардың бір жарым жасқа дейінгі өсіп дамуы оның келешектегі сүттілігін анықтайды, себебі жануарлардың тірі салмағы- ол организм беріктігінің қоры, ал сүтті тип бойынша пропорционалды дене тұрпаты - жануардың барлық мүшелерінің қалыпты өнімділікте жұмыс істеуінің кепілі. Шаруашылықтағы құнажындар бірқалыпты өсті, оны біз төмендегі кестеден көріп отырмыз, онда қашарлар мен сиырлардың дене өлшемдері мен дене бітімі берілген. 18 айлық қашарлар мен бірінші бұзаулаған сиырлардың дене бітімі ерекшелігі Дене өлшемдері өлшем бірлігі Қашарлар Сиыр 18 айлық 3 жас Шоқтығының биіктігі см 122,5+-0,9 131+-0,71 Құйымшақ биіктігі см 124,6+-1,0 138,3+-0,82 Кеуде енділігі см 39,5+-0,4 43,1+-0,96 Кеуде орамы см 171,0+-0,3 214,3+-0,41 Кеуде тереңдігі см 71,1+-1,0 69,6+-0,89 Мықын енділігі см 45,0+-1,0 48,3+-0,95 Сербек енділігі см 43,5+-0,8 47,3+-1,0 Тұрқының қиғаш ұзындығы см 156,3+-0,5 149,6+-0,4 Жіліншік орамы см 20,5+-0,5 22,3+-0,61 Тірілей салмағы кг 467,0+-22,1 538,0+-12,3 Жоғарыдағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz