Жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысын ұйымдастыру жайында


Кіріспе
Қазақстанда табындық жылқы шаруашылығы қай кезде де дәстүрлі сала болып саналып келеді. Бұл ретте етті-сүтті бағыттағы өнім беретін жылқының жергілікті тұқымдары жыл бойғы жайылымдық - табындық ұстау жағдайында тұқымішілік іріктеумен және басқа тұқымдармен шағылыстыру әдісімен жоғары өнімділіктегі аталық іздерді, жаңа түрлерді және тұқымдарды шығару үшін жоғары өнімділіктегі аталық іздерді, жаңа түрлерді және тұқымдарды шығару үшін жоғары құнды селекциялық материал болып табылады [13] .
Жылқы шаруашылығындағы тұқымды асылдандыру жұмыстары - бұл мал шаруашылығы өнімдерін молайту ғана емес, сонымен бірге қыруар мал өнімдерін үнемдеудің, ауыл шаруашылығында еңбек және материалдық шығындарды қысқартудың нақты тиімді жолы. Асыл тұқымды мал шаруашылығының негізгі мақсаты - жылқыларды әбден толық жетілдіру, халық шаруашылығына және жылқы спортына қажетті тұқымды жаңадан өсіріп шығару [11] .
Еліміздің ерте кезден-ақ жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Қазақ жылқыларының төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбестілігімен, жыл бойы үйірде болуға бейімділігімен ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайылымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді.
Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғары өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім және жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елімізге мәлім.
Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасымалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Бұрынна бастап бар тұқымдары, аталық ізімен аналық ұялары одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсатымен жылқы шаруашылығында селекциялық тұқым асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады [1] .
Берілген курстық жұмыстың мақсаты: жылқы щаруашылығындағы асылдандыру жұмысын ұйымдастыру негіздерімен танысу.
Курстық жұмысты орындау алдында қойылған міндеттер: жылқы шаурашылығында асылдандыру жұмыстарын орындау барысында орындалатын шараларын оқып үйрену; асылтұқымды жылқыларға қойылатын талаптарды анықтау; жылқыларды сынау, іріктеу мен жұптау жұмыстарымен танысу; «Қазақ тұлпары» жылқы зауытындағы қолдан ұрықтандыру жұмысының негіздерін меңгеру мен асылтұқымды жылқылардың шәуетін зерттеу.
1 Әдебиетке шолу
1. 1 Жылқы тұқымын асылдандыру жұмысының негізі
Жылқы тұқымын асылдандыру жұмысының негізі - адам өзіне қажетті мол өнім беретін малды таңдап алу, солардың ішінен дұрыс аталық және аналық жұп құру арықлы өнімі бұрынғыдан да мол өнім алу. Осы бір ақиқат қағиданы іс жүзінде асыруға қажетті кепілдің бірі - өсіретін жылқының өнімділік белгілерінің тұқым қуалаушылық заңдылығын жете білу [1] .
Жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысы бірқатар мақсаттарды көздейді. Олардың ішіндегі ең маңызды мақсат ретінде жылқы тұқымдарында бүгінгі таңда ең маңызды қасиеттерді дамыту бағытында жетілдіруді санауға болады. Екінші міндет деп, осы мақсатта жаңа, немесе шаруашылық не болмаса спорттық қолдануға жауап беретін жылқы тұқымдарын немесе қолда бар тұқымдардың түбегейлі трансформациясын есептеуге болады. Асылдандыру жұмысы сонымен қатар кейбір жағдайларда көшбасшы бола алатын немесе үлкен қаржылай құндылыққа ие экстра-класс жылқыларды алуды көздейді.
Жылқы шаруашылығында асылдандыру жұмысын толық көлемде жүзеге асырылуы мүмкін емес. Осыған орай асылдандыру жұмысы арнайы мамандырылған шаруашылықтарда - жылқы зауыттарында және өсірудің аздаған көлемі бар шаруашылықтарда-асылтұқымды репродуктарларда жүзеге асады [2] .
Өндірістік-зоотехникалық есеп. Жылқы шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар асыл тұқымды жылқыларға заводтық есеп кітабын жүргізеді. Заводтық кітапқа асыл тұқымды айғырлар мен биелердің карточкалары мен бонитировкалаудың, сынаудың, көрмелердің және асылдандыру жұмысына қолданудың нәтижелері тіркелді. Шығу тегі және төлдің өсіп-өнуі туралы мәліметтерді, сонымен бірге төлді сынаудың нәтижелерін даму төлді сынау кітабына жазады [11] .
Асыл тұқымды жылқылардың тіркеу кітабы. Бұл кітапқа жылқының шығу тегін, сырт тұлғасын, өнімін тіркейді. Кітаптың тигізетін пайдасы-мұнда асыл тұқымды жылқының жоғары өнімдік көрсеткіштері тіркеледі және оларды дайындау жұмыстары көрсетіледі. Мемлекеттік кітапқа жазылған жылқылардың тұқымдық, өнімдік қасиеті зерттеліп, бақыланып отырады және басқа шаруашылықтарға бұл тұқымды тарату көзделеді [1] .
Мемлекеттік асыл тұқымдылар кітабы жылқылардың төмендегідей тұқымдары мен тұқымдық топтарына жүргізіледі: араб, ахалтеке, белорустық жеккі, буденновтық, владимир, жоғары қанды жеккі, гуцулдік, дон, жмуд (жемайчю) иомудтық, қабардин, қарабайыр, қарабах, қостанай латвиясі, першерон, орыс жеккісі, орыс ауыр жүк тартқышы тазақанды мінгі, эстон ауыр жүк жеккісі және жергілікті элита немесе І класқа жатқызылған асыслдандыру мақсатында пайдаланылатын 3 жасқа толған айғырлар мен биелер жатқызылады [11] .
1. 1. 1 Жылқы шаруашылығындағы мал тұқымын асылдандыру жұмыстары
Қазіргі генетика ғылымының жетістіктерін селекция жұмысында дұрыс пайдалану үшін сұрыптау жүйесіне енген белгілерді негізінен сапалық белгі және сандық белгі деп екі топқа бөледі [1] . Сандық белгілердің бір-бірінен айқын айырмашылықтары малдарды топтап бөлектеп ажыратқанда, фенотиптік класың қайсысына жататындығын анықтағанда өте қиындық туғызбайды. Жеке түрлер арасында біртіндеп көзге байқалмайтын өтпеліліер пайды болады, яғни ажыратқанда айқын көрінетін фенотиптік кластар пайда болады. Сапалық белгілер негізінде малдың генотипінен анықталады және өмір сүру ағымында малды ұстау жағдайына қарамай-ақ өзгерістерге ұшырайды, «реакция межесі» аз болады [6] . Сапалық белгілерге өзіндік сырт өзгешілігі өте айқын, сөз жүзінде ақ толық анықтама беруге болатын жылқының өнімдік немесе биологиялық қасиеттері жатады. Мысалы, жылқыда сапалық белгілерге оның түсі, қан группалары, қан сарысуындағы белоктың түрлері, кейбір анатомиялық ерекшеліктері (құлақ пішіні, крипторхизм, сүйектегі өзгерістер) және т. б. жатады.
Сапалық белгілердің өзгергіштік қатарын жасасақ, ол қатар бір-бірінен алшақ тұрған өзгергіштік кластардан тұрады.
Сандық белгілерге тән ерекшелік оларды толық сипаттау үшін белгілі бір өлшем жүйесінде өлшеудің қажеттілігі. Сандық белгілердің өзгергіштік қатарын құратын болсақ, ол үзіліссіз қатар болады. Қатар тұрған екі класттың шекарасы өлшем бірлігі кішірейе берген сайын жақындап жоққа тән болады. Сандық белгілерге жылқының шаруашылыққа пайдалы қасиеттерінің басым көпшілігі жатады. Мысалы, жылқының салмағы, еттілігі, төлдегіштігі, жүдегіштігі, жетілдігіштігі, сүтінің майлылығы т. б. сандық белгілерге жатады.
Сапалық және сандық белгілердің генетикалық табиғатында, тұқым қуалаушылығында, өзгергіштігінде, өсу және даму процестерінде, өзіндік ерекшеліктері бар. Сапалық белгі мал туғаннан кейін көп өзгеріске ұшырамайды, оның дамуына сыртқы ортаның әсері тимейді десе болады. Сапалық белгілерді көпшілігінде аз ғана гендер басқарады.
Көзбен көретін, өлшеуге болатын, химиялық немесе физикалық тәсілмен анықталатын сандық және сапалық белгілер жиынтығы генетика тілінде фенотип деп аталады [1] .
Фенотип - бұл ағза мен сыртқы орта әсерінің өзара әсерлерінен туындайтын ағзаның барлық қасиеттерінің жиынтығы. Әрбір бақыланатын немесе өлшенетін ағзаның қасиеті мен осы барлық қасиеттердің жиынтығы. Әрбір фенотип-ағзаның тұқым қуалау негізінің қоршаған ортамен байланысының нәтижесі. Фенотиптің өзінің басты шаруашылықтық маңызы бар. Малды конституциясына, экстерьеріне, өніміне қарап бағалау мен іріктеу малдың фенотиптік негізін құрайды [6] .
Сонымен фенотипке жылқының өнім көрсеткіштері, мысалы, салмағы, сүттілігі, еттілігі және дене мүшелерінің физиологиялық немесе биологиялық көрсеткіштері жатады.
Селекцияға қажетті келесі генетикалық ұғым - генотип. Генотип деп ұрпақтан - ұрпаққа тұқым қуалайтын заттардың яғни гендердің жиынтығын айтамыз. Генотиптің басты айырмашылығының бірі - оның негізінде тұрақтылығы [1] .
Малды генотип бойынша іріктеудің мәні шығу тегі (олардың ата-тектерінің фенотипі мен генотипі), шеткі туыстары (осы туыстардың фенотипі мен генотипі) және ұрпақтардың сапасы (төлдерінің фенотипі) бойынша бағалауға негізделеді [6] .
Жылқының тұқымын асылдандырудың малды сұрыптап, жұп таңдау қажеттілігі олардың бір-бірінен (фенотипі мен генотипі) бойынша айырмашылығы болуында. Фенотипі мен генотипі бірдей екі мал кездепейді деседе де болады. Нақтылы фенотип генотиппен сыртқы ортаның бірлескен жағдайында жақсы фенотип пайда болады, ал сыртқы орта қолайсыз болса орташа немесе нашар фенотип пайда болуы мүмкін. Нашар генотиптен қолайлы сыртқы орта болса орташа фенотип пайда болады. Қайсібір белгілердің генотиптің әсері басым болса, екінші белгілерге сыртқы орта күштері әсер етуі мүмкін. Мысалы, тайдың бағып күтуін күрт жақсартатын болсақ, оның салмағы (сандық белгілері) бірден өзгерер еді, ал түсі (сапалық белгі) бірқалыпты қалады [1] .
1. 2 Сұрыптау және жұптау
Жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысының барлық кешенін үш бөлікке бөлуге болады: асылтұқымды өсіру үшін жануарларды сұрыптау, жеке жұптарды құру және жануарларды ұррпақ сапасы бойынша бағалау. Бұл бөліктер бір-бірімен тығыз байланысты және жеке түрде болуы мүмкін емес [2] .
Сыртқы ортаның белгілі бір жағдайына және өндірістік технологияғатнеғұрлым бейімделген немесе адамның өзінің қойған талаптарына неғұрлым жауап бере алатын түрді сақтау және табиғи немесе жасанды әдіспен неғұрлым нашар бейімделген малды жою сұрыптау деп аталады. Сұрыптау - малдың қандайда бір тобын көбейтуі толығымен немесе жартылай аластату [6] . Сұрыптаудың басты міндетті - жылқылардың шаруашылыққа пайдалы белгілерін үзіліссіз жақсарту. Ол бағытталған өндіру, өсіру және шығу тегі, типтілігі, экстерьер, жылқылардың жұмыс қабілеттілігі мен айғырлар мен биелердің ұрпақ сапасы мен бұл белгілер бойынша төмендердің выбраковкасы бойынша жүзеге асады. Жылқыларды сұрыптаудың басты көрсеткіштерге жылқылардың жұмыс қабілеттілігі, конституция мықтылығы, үлкендігі, айтарлықтай дене кеңділігі, сүйектілігі мен экстерьер дұрыстылығы жатады. Сұрыптаудың мақсаты - шағылыстыруға ұрпақта олардың ары-қарай дамыту үшін көрсетілген белгілердің ұқсастылығы көрінетін жануарларды қосу. Сұрыптаудың белсенді шығармашылық рөлі- сұрыптау жолымен жануарларда керек қасиеттерді жинақтап, дамыту жануарлар ағза өзгергіштігін белгілі жаққа бағыттауға болатындығында.
Сұрыптау нәтижесіне әсер ететін көптеген факторлардың ішінде айтарлықтай асылтұқымды жылқыларға замаңауи талаптар, сұрыптау жүргізілетін белгілердің генетикалық өзгергіштігі мен жеткілікті тұқымқуалаушылығы болып табылады [5] .
Сұрыптау шараларына жылқыларды іріктеп шығару мен жарамсыздыққа жатқызу да жатады.
Выранжировка − жылқыны асыл тұқымдылық құрамының талаптарға сай келмеу себебінен шығару. Мұны асыл тұқым ретінде басқа шаруашылықта пайдалануға болады.
Ал асыл тұқымдылар құрамына жарамсыздыққа мынандай жағдайларда шығарады: егер жылқы қартайғандығына байланысты асыл тұқымдық бағасын жойса немесе өсімталдық қабілетін жойса, тұқым қуалайтын кемістігі болса. Егер жылқы қартайғанына байланысты жұмысқа пайдаланылмаса, жазылмайтын аурулары болса, жарақат зақымы болса, əлсіз не дұрыс жетілмесе, кемістіктері болса жəне денесі кіші болса, жұмыс аттарының құрамынан жарамсыздыққа шығарылады [3] .
Мал өсіру әдістері деп малдың тұқымдық және түрлік тегін ескере отырып белгілі бір мақсатпен бірнеше ұрпақ бойы жүргізілген жұп таңдау жүйесін айтады. Яғни кез келген мал өсіру әдісінің негізінде түпкі бір мақсатпен ұрпақтан-ұрпаққа жүйелі түрде жүргізілген жұп таңдаулар жатады [6] .
Жұп таңдау − іріктеп алған малдың ішінен ұнамды ұрпақ беретін бір-біріне деген лайықты аталық жəне аналықтан жұп құру.
Асыл тұқымдылардан жұп таңдау сұрыптау секілді шығу тегіне, экстерьеріне, жұмыс қабілеттілігіне жəне ұрпағының сапасына кешенді баға беру негізінде жүргізіледі. Жұп таңдаудағы негізгі ұстаным (принцип) − өте жақсыны өте жақсыға қосу. Бірақ жылқы зауыттарының көп жылғы тəжірибесі көрсеткендей, кейде өте жақсы айғырлар мен өте жақсы биелер егер олар бір-біріне экстерьері мен генетикалық жағынан сəйкес келмесе, жақсы ұрпақ бере алмайды [14] .
Кейбір айғырлар өзінің ерекшеліктерін тек еркек жынысты ұрпағына ғана қалдырады. Ал кейде басқа айғырлар мен өте жақсы биелердің атасы болып, артына бағалы айғырлар қалдырмайды.
Шығу тегіне байланысты жұп таңдауда өсірілетін тұқымды жəне оның ерекшеліктерін жəне бір-біріне сай келуін жақсы білген жөн.
Экстерьеріне байланысты жұп таңдауда конституциясы мықты жəне экстерьерінде ақаулары мен кемшіліктері жоқ қажетті типтегі жылқылар алынады.
Жұмысқа қабілеттілігіне байланысты жұп таңдағанда сынау нəтижесін, қарқындылығын, тарту күшін, қозғалу сапасын жəне жалпы жылқы темпераментін есепке алады. Өте ашушаң (асау) жылқыларды бір-бірімен жұптауға болмайды, өйткені олар қабілеттілігі нашар тұқым береді.
Ұрпағының сапасына қарай жұп таңдау өте тиімді. Тексерілген сəйкестік қашан да жақсы ұрпақ алуды қамтамасыз етеді [3] .
1. 2. 1 Жылқыны сынақтан өткізу
Жылқы шаруашылығының тәжірибесінде сұрыптау жылқыларды бонитировкалау барысында жүргізіледі [7] . Жергілікті асыл тұқымды жылқылардың өнімдерінің сапасын жақсарта түсу мақсатымен Ауыл шаруашылығы министірлігінің жылқы шаруашылығы және жылқы зауыттары бас басқармасымен осы жөнінде нұсқау бекіткен болатын [1] . Арнайы нұсқауға сәйкес өтетін бонитировка әрбір жылқыны белгілер кешені (ата- тегі, типтілігі, экстерьер, өлшемдер, жұмысқа қабілеттілігі мен ұрпақ сапасы) бойынша сұрыптауды қарастырады [7] . Бұл белгілердің әрбір тобы 10 балдық жүйе бойынша бағаланады. Бағалардың санына қарай жылқылардың қорытынды классы шығарылады ( кесте 1) [2] .
Кесте 1
Жылқылардың әр түрлі класстарына арналған балдар талабы
Әр жылқы екі рет сынақтан өтеді. Бірінші рет 2, 5 жасынан бастап, ата-тегі мен типі, дене өлшемі, тұлғасы (экстерьері) және тебінде жайылымға төзімділігі сыналады, екінші рет тексергенде сүттілігі және ұрпақтарының сапасы қосылады. Ересек жылқыны үш жыл өткен сайын бонитировкалап, қосылған төліне қарай деректерін өзгертіп тұрады [1] . Бонитировканы жүргізу үшін арнайы асыл тұқымды айғырдың (форма № 1) және биенің (форма № 2) жеке карточкасы қолданылады. Бұл карточкада жылқының шежіресі толтырылады (ата-тегінің 4 қатары), оның лақап аты көрсетіледі, туылу мерзімі, жері және қожайыны, түсі мен өзіне тән белгілері сипатталады, оны асыл тұқымды жұмыстарда қолдану туралы толық мәліметтер келтіріледі, толық экстерьер өлшемдері сипатталып бағаланады, өлшемдері туралы мәліметтер мен, сынау және көрмеге қатысқаны туралы ақпарат көрсетіледі [2] .
6-8 ай болған құлындарға және 1, 5 жастағы тайларға бонитировка жүргізілмейді, бірақ олардың ата-тегін, тұлғасын (экстерьерін) көзбен шолып сынап және салмағын өлшейді. Бұны бие мен айғырлардң ұрпақтарының сапасын сынағанда және жас төлді сұрыптағанда пайдалданылады. Жергілікті асыл тұқымды жылқылардың өнімдерінің сапасын арттыру үшін олардың мынадай ерекшелігі болу керек: етті, орташа сүйекті, сирағы мықты, тұяғы берік, сүтті, әр түрлі ауа-райына төзімді, күй таңдамайтын және т. б.
Сынақтан өткізуді арнаулы курс бітірген зоотехник-бонитер жүргізеді, ал оның жұмысына шаруашылықтың басшылары мен мамандары қажетті көмек көрсетіп отырады.
Бонитировка және зоотехникалық мал дәрігерлік жұмыстарын өткізу үшін шаруашылықта үлгі баз-раскол болуы қажет. Айта кететін тағы бір жай биелерге, айғырларғы және құлындарға арналған жеке-жеке кітапшалардың болғаны дұрыс. Мәліметтер алу асыл тұқымды жылқы фермалары мен зауыттарында сынақ бланкалардың үлгісіне сай жүргізіледі.
Сынақтан өткен жылқыны өзінің сапасына белгілі бір класқа жатқызады. Асыл тұқымдық қасиеті бар жылқылар үш класқа (элита, І және ІІ класс) бөлінеді. Элита класына ең жоғары сатыдағы асыл тұқымды жылқылар жатады. Әрбір кластағы асыл тұқымды жылқылар үш категорияға бөлінеді (кесте 2) .
Бірінші категорияға балдық бағасы осы категорияға белгіленген минимальді талаптардан бір немесе бірнеше белгісі бойыша жоғары, ал қалған белгілері бойынша талапқа сай келетін жылқылар жатқызылады.
Екінші категорияға балдық бағасы барлық бонитировкалау көрсеткіштері мен белгілері бойынша осы класқа белгіленген минимальді талаптарға сай жылқылар жатады. Осы категорияға сонымен қатар балдық бағасы бір немесе бірнеше белгілері бойынша минимальді талаптардан кем түсетін жылқылар да жатады.
Үшінші категорияға бірінші жəне екінші категорияларға жатпайтын тұқымдық жылқылар да жатқызылады [5] .
Кесте 2
Жылқылардың бағасы ескеріліп (балл), класқа бөлінетін негізгі шкала
Егер биенің сынау белгілері осы шкаладағы элита класының талаптарына сай келсе, ал экстерьер белгілері сол кластың көрсеткіштерінен екі балл кем болса, оны І класқа жатқызады.
Сынау белгісі бойынша бір балы кем жылқылар зоотехник-бонитердің шешіміне қарай белгілі бір класқа жатқызылады. Бірақ бұл жағдай ет өндіретін шаруашылықта дене өлшемдері мен салмағының және қымыз өндіретін шаруашылықтарда сүттілігін сынау белгілеріне тарамайды [1] .
Ата - тегі типін бағалау. Жылқыларды ата-тегі бойынша сұрыптау тұқымың бұрынғы және қазіргі құрамының генеалогиясын, тұқымның генотиптік және фенотиптік ерекшеліктерін, оның дамуына үлкен үлес қосқан беделді өндірушілер мен аналықтары туралы терең білімдер болуына негізделген. Шығу-тегі бойынша сұрыптаудың басты мақсаты - тұқымның ең жақсы өкілдерінің таза тұқымдылығы мен экстерьерлік ерекшеліктерінің сақтау [7] .
Ата-ана мен олардың төлдері, ататектері мен олардың ұрпақтары арасындағы туыстық жөніндегі жүйеленген, нақтыланған мәлімет ретінде мал шаруашылығында генеалогия қолданылды [6] .
Мәселен, Араб жылқысы үшін шежірені 1500 жылдан бұрын, ахал-теке жылқысы үшін одан да ерте жүргізіледі. Оларды жазбай, ауызша көп санды ұрпақтар үшін жүргізді. Арабтар да осылай жасаған: анадан қызға, қыздан немереге, шөбереге және т. с. с, ахал-текеде әкесінен ұлға, ұлдан немереге және т. с. с. Таза қанды араб тұқымын шығару үшін, атақты ата-тектеріне, бәйгедегі үлкен сыйлықтарға, тотализатор ұтысына үлкен көңіл аударылып, жеңімпазға деген баға ағылшындарды толық шежірені жасауға итермеледі. Ал ең маңыздысы, осы тұқым бойынша арнайы асыл тұқымды кітап шығарылып, 1793 жылдан бастап Англияда, 1836 жылдан бастап Ресейде жүйелі түрде генеалогиялық мәліметтер басылып шығарыла бастады. Асыл тұқымды шаруашылықтар тауарлыдан біртіндеп бөлінді. Олардың ең басты ерекшелігі шежірені мұқият жүргізуі болып саналады [5] .
Малдың шығу тегі нақтыланған соң, шежіре талдауына кіріседі. Бұл кезде ататегі (олардың өнімі) жөніндегі мәлімет сапасы мен санының үлкен мәні болады. Шежіре бойынша бағалаудың қиындығы ататегі жөніндегі мәлімет көлемі бірдей болмауында және сұрыпталатын белгілердің көбі жыныспен шектелген.
Асыл тұқымды малдың шежіресінде ататегінің саны көп болады. Егер малдың құжаттарында ататегі төрт генерацияда жазылатын болса, онда шежіреде 30 мал жөнінде мәлімет бар. Бұдан мәліметтің шексіз комбинация мүмкіндіктері пайда болады, шежіреде ата-тегінің орны, оның жынысы, өнімділігі жөніндегі мәліметтеріне байланысы шежіренің бірнеше түрі анықталған [6] .
Сынау белгілерінің ішіндегі ерекше маңыздысы жылқылардың ата-тегін анықтау мен олардың белгілі бір тұқымға (мысалы, көшім жылқысы) тән қасиеті мен толық ұқсас екендігін аңғару.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz