Ұяң және қылшық жүнді қой тұқымдарын бонитировкалау


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Ветеринария және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы факультеті

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасы

Баяндама

Тақырыбы:Ұяң және қылшық жүнді қой тұқымдарын бонитировкалау

Орындаған:Әміров Б. Ғ.

Тексерген:Тапелова К. Ж.

Қостанай 2013

Ұяң және қылшық жүнді қой тұқымдарын бонитировкалау

Қой тұқымын асылдандыру жұмысының мақсатына байланысты жеке немесе топты (классты) бонтировкалау жүргізілуі мүмкін. Аталық қошқарлар, асыл тұқымды шаруашылықтың барлық алынған төлі, сапасын тексеруге қойылған аталық қошқарлардың ұрпақтары. барлык асыл тұқымды қозы қошқарлар, сатуға арналған мал жеке бонтировкадан өтуі міндетті.

Толық жеке бонтировкадан өтетін мал құйрықты ұяң және қылшық жүнді қойлары әдейі жасалған селекциялык белгілерді анықтайтын ережеге сәйкес бағаланады. Кейбір мал қысқартылған бонтировка тәртібімен өткізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда малға баға тірі салмағы, дене бітімі мен пішіні құйрық көлемі, салмағы, жүніне қарай қорытып баға беріледі.

Барлық құйрықты, майлы құйрықты қойлар үш классқа-элита 1, 2, ал дегерес пен қазақтың ұяң жүнді қойлары төрт клаесқа бөлінеді. (элита, 1, 2, 3) .

Дегерес қой тұқымы. Элитаға тұқым стандартынан дене бітімі мен өнімдік қасиеттері анағұрлым жақсы, жүні ақ қойлар жатқызылады.

класқа ірі, денесі жақсы дамыған, бітімі мықты, етті-майлы қасиеттері жоғары малдар жатқызылады. Құйрығы орташа, салпақ емес, жүні ақ, ақшыл штапельді-тұлымды, тұлымды қайратты, серпімді қалыпты жылтыр, орта толқынды. Тұлымдары қысқа, азғана қылшығы бар, олар жалпы жүннен ұзындау. Жалпы малда боз-қоңыр түсті қойлар кездеседі.

класқа дене бітімі сөлекеттеу, басқа көрсеткіштері 1 класс малына жақын қойларды жатқызады. Аздап жүн сапасы төмендеу болуы мүмкін. Жабағысы тұлымды болады. Жүні ақ, ақсұр, ұзынырақ қаттылау тұлымнан тұрады, қүрғақ, өлі талшықтары да болады.

Класқа денесі кішірек, етті-майлық белгілері төмендеу, ішінде кейбір кемшіліктер болуы мүмкін. Жүні ұяң, әртүсті.

Жоғарыдағы талаптарға сай емес малдар бракқа шығарылады.

Қазақтың құйрықты ұяң жүнді қой тұқымы. Элита класына тұқым стандартынан (I классқа тән) дене бітімі мен өнімдік көрсеткіштері белгілі мөлшерде жоғары малдар жатқызылады. 1 класқа стандарттық талаптарға толықтай сай малдар жаткызылады. Олар дене бітімі мықты, еттік-майлық қасиеттері жақсы дамыған, басы орташа, аздап тұмсығы дөңес, аналығы тоқал, аталықтарының кейбірінде мүйіздің орны бар, мойны орта ұзындықта. Шоқтығы, арқасы түзу, сегіз көзі жалпақ. Көкірегі кең, терең, аяқтары түзу қойылған, мықты. Құйрығы үлкен, орташа дұрыс койылған, салпақ емес.

Жүні әртекті, тұлымды, ақсұр, ақ. Тұлымының ұзын жүндері аралық талшықты, ал астыңғы жағында түбіті мол, аздаған құрғақ және елі талшық кездеседі. Басының жүні желке жағында ғана, жүн түсі сұр, қоңыр болады.

класқа орта көлемді, дене бітімі мықты, кейде сөлекеттеу, еттік-майлық сапасы жақсы, ақсұр, ақжүні бар мал жатқызылады.

1класқа жоғарыдағы талаптарга жетпейтін, нәзіктеу бітімі бар, кейбір пішін кемшіліктері бар, жалпы қанағатанарлық мал жатады.

Бұл көрсеткіштерге жетпейтін мал бракқа шығарылады.

Еділбай қой тұқымы - үш классқа бөлінеді. Элита класына дене бітімі, еттік-майлық қасиеттері жақсы дамыған тұқым стандартынан анағұрлым артық көрсеткіштері бар мал жатқызылады.

класқа стандарт талабы толық орындалатын мал жатады. Олардың дене бітімі мықты, сүйегі жақсы дамыған, қошқарлары аздап сөлекеттеу, басы орташа, тұмсығы аталығында дөңес, тоқал. Мойны орташа етті, көкірегі кең, терең. Шоқтығы, арқасы түзу, белі, сегізкөзі жалпақ. Аяғы ұзын, түзу, тұяғы мықты Қүйрығы үлкен немесе орташа, мықынына дұрыс тартылған, өте сопақ емес. Жүні тұлымды, түбіті мен аралық талшығы басым, қылшығы жуан емес. Бірен -саран құрғақ және өлі талшықтары бар. Түсі қоңыр, сұр және қара.

класқа көлемі орташа, бітімі нәзіктеу, жүнінде қылшығы көптеу мал жатқызылады.

Сарыарқа қой тұқымы - үш класқа болінеді. Элита класына дене бітімі, еттік-майлық қасиеттері тұқым стандартынан көрнекті дәрежеде артық малдар жатқызылады. 1 класқа түқым стандартына сай мал жатқызылады. Олар дене бітімі мықты, сүйегі берік, басы орташа, тұмсығы дөңестеу, тоқал. Мойны етті, көкірегі кең, шоқтығы, арқасы түзу, белі, сегізкөзі жалпақ. Құйрығы орташа. Салпық емес. Аяғы мықты, түзу, тұяғы қатты. Жүні ақ, ақсұр, тұлымды, негізнен аралық талшықпен түбіттен тұрады. Қылшығы өте қуатты емес. Аздап өлі құрғақ талшық кездеседі. 2 класқа стандарттан төмендеу, кейбір пішіндерінің көрсеткіштерінде кемшілігі бар мал жатқызылады.

Бұл талаптарга сай емес мал жарамсыздыққа жатқызылады.

Ұяң қылшық жүнді құйрықты қой тұқымдарының стандарттары .

Тұқым аттары
Көрсеткіштер
аталық
аналық
Тұқым аттары:
Көрсеткіштер:
аталық: ірісі
аналық: 15ай-лық
ірісі
15 айлық
Тұқым аттары: Еділбай
Көрсеткіштер: Тірідей салмағы, кг
аталық: 85
аналық: 60
65
45
Тұқым аттары:
Көрсеткіштер: Жүн түсімі, кг
аталық: 3, 0
аналық: 1, 5
2, 0
1, 0
Тұқым аттары: Қазақтың қылшық
Көрсеткіштер: Тірідей салмағы, кг
аталық: 80
аналық: 55
60
42
Тұқым аттары: жүнді құйрықты
Көрсеткіштер: Жүн түсімі, кг
аталық: 2, 5
аналық: 1, 2
2, 0
1, 0
Тұқым аттары: қойы
Көрсеткіштер:
аталық:
аналық:
Тұқым аттары: Сарыарқа
Көрсеткіштер: Тірідей салмағы, кг
аталық: 80
аналық: 55
60
40
Тұқым аттары:
Көрсеткіштер: Жүн түсімі, кг
аталық: 3, 0
аналық: 2, 0
2, 5
1, 5
Тұқым аттары: Дегерес (ұяң)
Көрсеткіштер: Тірідей салмағы, кг
аталық: 85
аналық: 50
55
42
Тұқым аттары:
Көрсеткіштер: Жүн түсімі, кг
аталық: 3, 3
аналық: 2, 8
2, 5
2, 3
Тұқым аттары: Қазақтың ұяң
Көрсеткіштер: Тірідей салмағы, кг
аталық: 80
аналық: 50
55
42
Тұқым аттары: жүнді құйрықты
Көрсеткіштер: Жүн түсімі, кг
аталық: 3, 0
аналық: 1, 5
2, 2
1, 2
Тұқым аттары: қойы
Көрсеткіштер:
аталық:
аналық:
Тұқым аттары: Сараджы
Көрсеткіштер: Тірідей салмағы, кг
аталық: 70
аналық: 45
55
40
Тұқым аттары:
Көрсеткіштер: Жүн түсімі, кг
аталық: 5, 0
аналық: 2, 9
3, 5
2, 4

Ұяң және қылшық жүнді құйрықты қойлардың селекциялық шартты белгілері мен шифрлары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биязы жүнді қойларды бонитировкалау
Қаракөл қозыларын бонитировкалау
Қойды бонитировкалауды ұйымдастыру. Биязы, биязылау, ұяң жəне қылшық жүнді қойлардың тұқым стандарты мен оларды бонитировкалау жəне қаракөл қозыларын бонитировкалау. Қой асылдандыру есебін жүргізу
Қой шаруашылығының практикумы
Етті-майлы құйрықты қойлар
Әр түрлі түлікті асыл тұқымды малдарды бонитировкалау ерекшеліктерімен танысу
Қылшық жүнді құйрықты қойларының өнімділігі
Асыл тұқымды еділбай қой тұқымының өнімділік және биологиялық ерекшеліктері
Құрғақ жүн талшықтарының салмағы
Жүнді жіктеу және стандарттау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz