Экстерьер мен конституция бойынша ІҚМ тұқымдарын бағалау


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Ветеринария және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы факультеті

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасы

Баяндама

Тақырыбы:Экстерьер мен конституция бойынша ІҚМ тұқымдарын бағалау

Орындаған:Жақсылықова А. Б.

Тексерген:Тапелова К. Ж.

Қостанай 2013

І . Кіріспе

Ірі қара малдың сырт пішінін бағалай келіп, одан алынатын өнімді және оның асылдығын білуге болады. Малдың сырт пішінін бағалау үшін зоотехник-селекционердің тәжірибесі мол болу керек, әрі ол бағаланатын малды жақсы білуі қажет, сонымен қатар оның күтімі, азықтануы жөнінді мәліметтер болғанда ғана малдың сырт пішіні дұрыс бағаланады. Малдың, эктерьері, анатомиялық ерекшеліктері және алынатын өнімі арасында тығыз байланыс бар. Осыған орай, малды сұрыптау кезінде одан алынатын өнім мөлшерін есепке алып қана қоймай, малдың эктерьеріне да көңіл аударып, сынаған жөн.

Малдың эктерьерін оның жекелген дене мүшесіне қарап сынайды.

Эктерьеріне мал тұқымының, жынысының, жасының, азықтандыру ерекшеліктерінің, күту жағдайларының да, өскен ортасының да әсер еткендігі шындық.

Эктерьерін сынағанда мал типінің айқындылығына, сүйектілігіне, еттілігіне көп көңіл бөлінеді. Дене бітіміндегі, кейбір дене мүшелеріндегі кемшіліктерді де есептеу қажет.

ІІ. Негізгі бөлім

Көзбен бағалау тәсілі. Малдың дене пішінің бағалаудағы ең негізгісі болып саналады. Тәжірибелі мамандар осы тәсілді пайдаланып малдың дене бітімін(конститтуциясын), әрі денсаулығын және тағы басқаларын анықтайдығәрі малдың өнімділігін және асылдығын да анықтауға болады. Көзбен бағалаудың өзі екі түрге бөлінеді:біріншісі:малдың мүшелерін жеке-жеке сипаттап, оның мүшелерінің жетістігін және кемістігін анықтаса; екіншісі мүшелерінің балмен бағалау, сосын жалпы қорытындысын шығарады.

Әр мүшені өлшеу. Малдың әр мүшесін өлшей бағалаудың да маңызы зор. Жалпы малдың 70 дене өлшемі бар. Соның ғылыми зерттеуінде 52 дене өлшемі, жалпы зерттеу үшін -11, орташа дене өлшемі -18. Бірақта дене өлшемі дұрыс болса да, малдың сырт пішіні жөнінде толық түсінік бере алмайды. Сондықтан бұл тәсілді көзбене бағалағанда қосымша мәлімет ретінде қолданылады.

Графикалық тәсіл. Бұл тәсілдердің негзі, мысалы бір дене өлшемін 100 пайыз деп есептейді де, қалған өлшемдердің айырмашылығын соған пайызбен шаға анықтайды. Содан кейін график сызады. Ал 100 пайыз деп алынған дене өлшемі түзу линия болады нәтижесінде 2-3 топтың дене пішінің салыстырмалы бағалары анықталады.

Фотографиялық тәсілмен бағалау. Әсіресе асыл тұқымды малдарды фотосуреттермен бағалаудың маңызы зор. Дене өлшемін толықтыруда фотосуреттің әсері ерекше. Әсіресе, өте жоғары бағалы асыл тұқымды малдарды бағалағанда да фотосуреттің маңызы зор.

1. Сүтті бағыттағы сиырлардың эктерьері .

Сүтті бағыттағы сиырлардың эктерьері. Дене бітімі мен экстерьері сиырды жан-жақты сынау үшін бірден-бір қажет көрсеткіш. Сиырдың эктерьерінен оның денсаулығын, тұқым ерекшеліктерін айқындайтын, қалыпты физиологиялық қызметіне әсерін, денедегі кемшіліктер мен ерекшеліктер жөнінде мәлімет алуға болады.

М. И. Придорогин, П. Н. Кулешов, М. Ф. Иванов, Е. Ф. Лискун секілді белгілі ғалымдар әр түрлі өнім бағытындағы ірі қараның эктерьеріне олардың өзіне тән талап қойылуы керектігін айтады, өйткені әр түрлі өнім бағытындағы ірі қараның түрлі дене мүшелері бірдей жетілмейді де, оған қойылатын талап та түрліше болуы керек. Сонымен қатар қандай өнім бағытындағы мал болмасын, олардың денінің саулығына көңіл аударылуы тиіс.

Дене бітімі мал денсаулығының көрсеткіші болып табылады. Олай болса мал кеудесінің кеңдігі және салмақтылығы, арқасының түзулігі, сүйектерінің

мықтылығы, барынша жүндестігі, жұмыр, жылтыр мүйізділігі, дене мүшелерінің бір-біріне сайлылығы, сергектігі, өміршеңділігі міндетті түрде есепке алынатын көрсеткіштер.

Сүтті бағыттағы ірі қараның эктерьерінің ерекшеліктері мынадай: басы жеңіл, ықшам, жағы ұзынша, тар маңдай, мойыны ұзын, әрі жіңішке, терісі тығыз, мойын терісі жұқа, қатпарлы, жоны түзу, ұзын, белі мен сауыры да барынша ұзын, бөксесі кең, сирақтары түзу, буындары ісіксіз, тұяғы жылтыр, мықты, тұлғасы созылыңқы. Шоқтығы биік, ұзын, құйрығы жіңішке, үзын шашақты. Кеудесі кең, қабырғасы жіңішке омыртқасына көл бей біткен. Қабырға аралығы алшақ, қарны сиымды, үрген қуық тәрізді, терісі жұқа, май қабатынсыз.

Сиырдың бөксе бөлігі жақсы дамыған. Желіні көлемді болғанымен, сауыннан кейін босап, жақсы қайтады. Оның пішіні тегене тәрізді, бауырын бойлап алға- артқа жақсы жайылған. Емшектері жарылмаған, ұзындығы 6-8 см мөлшерінде, жуандығы 2-3 см, бір-бірінен алшақ орналасқан.

Сүтті бағыттағы малдың басы үлкен, мойынын ет басқан, қысқа белі қайқы, тар кеуде, сауыры төмен немесе көтеріңкі, сирақтары маймақ, немесе алшақ, ет желін болса оны аса үлкен кемшілік деп санайды.

2. Сырт пішінде кездесетін ақаулар мен кемшіліктер. Сүтті бағыттағы сиыр малын сынағанда оның мына кемшіліктеріне көңіл аударылады: жалпы

жетілмегендік, өзінің тұқымына, типіне, өнімділік бағытына сай еместік, жынысына сай жетілмегендік (бұқа басты сиыр, сиыр басты бұқа), тар кеуделік, қайқы белдік, немесе бүкірлік, тар құрсақтық, қысқа, салбыраңкы, тар сауыр, маймақтық, желіні жетілмегендік, аяқтарын дұрыс баспаушылық. Әрбір дене мүшесінің мәні, маңызы бар екендігін естен шығармау керек. Сүтті бағыттағы мал мен етті бағыттағы малдың аттас дене мүшелерінің арасында да едәуір айырмашылық бар.

Ірі қараның шыққан тегін, желінің, емшегін, иігіштігін, тірілей салмағын есептей келе сыншы сиырдың сырт пішінінің көңілден шыққан мүшелерін жоғары бағалай немесе көңілден шықпаған, кемшілігі бар дене мүшелерін көрсете келе берілген балдың жиынтығын шығарады. Сөйтіп тиісті класына жатқызады. Әрине, сыннан сүрінбей, ешбір мүлтіксіз өтетін мал жоққа тән болғандықтан, жоғары класқа өткізу үшін сиыр 70-75, бұқа 90-95 балл алса да жеткілікті.

Көзбен көріп сынау жақсы-ақ, бірақ сиырдың дене мүшелерінен қате жібермей, әділ бағалау сыншыға, оның тәжірибесі мен көпті көргендігіне байланысты болатындығы тұрғысынан өте қиын.

Дегенмен балл беріп сынау, тек ет бағытындағы мал үшін ғана тиімді. Себебі, олардан алынатын өнім сиыр­дың сырт пішініне тікелей байланысты ғой.

Өлшем алып сынау барынша әділ тәсіл. Әр малдан алынған аттас өлшемдерді бір-бірімен салыстыруға, айырмашылығын анықтауға болады.

Қанша айтқанмен, ірі қараны өлшем арқылы сынау көзбен көргенге жетпейді, ол тәсілді толығынан алмастыра алмайды. Сондықтан да күнделікті өмірде осы екі түрлі сынақ бірін-бірі толықтыра түседі және қатар пайдаланылады.

Малдың ден мүшелерінің өлшемдерін арнайы жасалған өлшеуіш таяқпен, таспамен және циркульмен ала­ды.

Ғылыми зерттеулер үшін немесе басқа бір жағдайларға қажет болмаса 11 -14 өлшем жеткілікті. Олар мыналар:

1. Таяқпен алынатын өлшемдер:

Шоқтығынан биіктігі - жер мен шоқтықтың ең биік аралығы.

Жоннан биіктігі - жер мен үшінші-төртінші бел омыртқа тұсына дейінгі биіктік.

Сауырынан биіктігі - жер мен сауырдың ең биік аралығы.

Кеудесінің кеңдігі - жауырынның сыртынан алғанда шоқтық пен төс сүйегі аралығы.

Кеудесінің жалпақтығы - екі жауырын сыртынан ең алыс жаткан аралығы.

Тұлғасының шаршылама ұзындығы-иық, құйымшақ сүйек аралығы.

Циркульмен алынатын өлшемдер:

Сербек аралығы.

Артқы бөліктің шаршылама ұзындығы -жамбас сүйектің басынан құйымшақ сүйек аралығы. Құйымшақ сүйек аралығы. Иығының алшақтығы.

Таспамен алынатын өлшемдер:

Сиыр тұлғасының шаршылама ұзындығы - таяқ пен өлшегендегідей.

Кеуде орамы- сиыр кеудесінің жауырынның сыр­тынан алғандағы орамы.

Сирақ орамы -алдыңғы аяғының қыр жіліншігінің орамы.

Малдың дене мүшелерінің артықшылығын немесе кемшілігін айқын көрсету үшін, сиыр тұлғасының ерекшеліктерін барынша аша түсу үшін индекстер пайдаланған жөн.

Индекс деп бір-бірімен анатомиялық байланысы бар екі және одан да көп дене мүшесінің бір-біріне (процентке шаққандағы) қатынасын айтады.

Сүтті бағыттағы мал индекстері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық малдарын бағалау және сұрыптау жұмыстарын ұйымдастыру
Қостанай жылқы зауытының тарихы
ОХ Заречное шарттарында аналық ұядан алынған қара–ала тұқымдарының өнімділік сапасының салыстырмалы көрсеткіштері
Әр түрлі түлікті асыл тұқымды малдарды бонитировкалау ерекшеліктерімен танысу
Жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысын ұйымдастыру жайында
Ірі қараның сырт пішіні және малдың жеке мүшелеріне жалпы сипаттама беру және асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру
Ірі қара малы
Сүтті бағыттағы ірі қара малын өсіру, асылдандыру ерекшеліктері
Асыл тұқымды еділбай қой тұқымының өнімділік және биологиялық ерекшеліктері
Төлдерді өсіру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz