Қойлардың жүн өнімділігі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 Әдебиетке шолу
1.1 Жүн жайында жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Жүннің физика.техникалық қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.3.Жүннің физика.механикалық қасиеттері
1.3 Ұрпағының сапасы бойынша бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6.17
1.4 Аталық малдың басым қандылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17.20
2 Негізгі бөлім
2.1 Қошқарларды шығу тегі бойынша бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21.22
2.2 Қазіргі кездегі қазақтың биязылау ұзын жүнді қой тұқымының өнімділігі мен тұқымдық сапасының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
22.25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26.27
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28
Жүн талшықтарының морфологиялық құрамы. Жүн өзектен, түбірден және жуашықтан тұрады.
Өзек — тері үстінде тұратын жүн талшығының қатты бөлігі. Жүн терінің қиылған бөлігінде шикі түрде өзектен тұрады.
Түбір — теріде қалыңдау болып келетін жүннің тірі бөлігі, бір жағынан (жоғарғы), өзекке жалғасқан, екінші жағынан, жуашыққа жалғасқан.
Жуашық — талшық түбірінің төменгі бөлігі. Онда жасушаның көбею нәтижесінен жүн талшығы өседі.
Емізікше талшықтың қоректенуін қамтамасыз етеді. Оның негізі көптеген капиллярдан тұратын біріктіруші ұлпалардан тұрады, ол қан арқылы қоректену, өсу дамуды қамтамасыз етеді.
Талшық түбірі теріде бірнеше қабыршақты эпидермалы жасушалармен қапталған. Бұл түтік талшықты қынап деп аталады, ол өз алдына талшықты қынапты құрайтын біріктіруші ұлпадан тұрады.
Жүн талшығының гистологиялық құрылысы.Жүн талшығының барлық типі. Қабыршақты және қыртысты қабаттардан, ал аралық талшық, қылшық келіп, песиг, және жабын шаштары және т.б. өзекті қабаттан (сурет 3.1.1) тұрады. Қабыршақты қабат (кутикула), талшықтың сыртқы бетін түзіп, қоршаған ортаның биологиялық, химиялық, механикалық факторларын қорғайды және жүннің жылтырлығы мен ұйысуына әсер етеді.
Қабыршақты қабат көптеген жалпақ, дұрыс емес мүйізділген қабыршақтан тұрады, ол мөлшерімен өз ұзындығының 2/3 немесе жартысына дейін бірінің үстіне бірі орналасады. Қабыршақ пішіні бойынша: шатыр тәрізді және тәж тәрізді болып негізгі екі топқа ажыратылады. Қабыршақ пішіні мен орналасуына байланысты шаш типі мен қойдың өнімділік бағытын анықтауға болады. Қабыршақтың шет жақтары тегіс, тісті немесе толқынды жабынды болып келеді.
Қабыршақ орналасуына байланысты:
- сақина тәрізді - әрбір қабыршақ шаш маңайында толық сақина түзеді. Сондықтан төменгі қабыршақтың төбесін жоғарғының негізгі жабады да, бір сақина, екіншісіне киіліп тұрғандай болады. Мұндай қабыршақ формасы түбіт үшін тиімді.
- сақиналы – торлы – қабыршақ тор тәрізді және талшық маңына қатармен орналасады. Ол биязы жүн үшін тиімді.
- торлы – қабыршақ талшық бетіне тордың дұрыс емес пішінін түзеді. Қабыршақтың мұндай орналасуы – қылшықты жүнге тән. Талшық салмағының 2-3 % -ын қабыршақты қабат құрайды.
Әрбір қабыршақ 3 қабаттын: эндокутикула (ішкі бөлігі), экзо –кутикула (ортаңғы бөлігі) және эпикутикула (үстіңгі бөлігі) тұрады, олар кератин ерекшелігіне байланысты ажыратылады.
Эпикутикула (жуандығы 50-100 мкм) –қабыршақтың ең бірінші қорғаныс қабаты. Ол химиялық тұрақтылығы өте жоғары және жүнді зиянды химиялық әсерлерден сақтайды, мысалы, аммиактың және т.б. Ал талшықты механикалық зақымданудан көп дәрежеде: экзо және эндокутикулалары қорғайды.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университеті

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:Қойлардың жүн өнімділігі

Пәні:

Мамандығы : 5В080200 - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

Орындаған: Жаксылыкова А.Б.4 курс студенті
негізгі оқу бөлімі

Ғылыми
жетекші:

Қостанай, 2015
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1 Әдебиетке шолу

1.1 Жүн жайында жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.2 Жүннің физика-техникалық қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
6
1.3.Жүннің физика-механикалық қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..

1.3 Ұрпағының сапасы бойынша бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6-17
1.4 Аталық малдың басым қандылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
17-20
2 Негізгі бөлім

2.1 Қошқарларды шығу тегі бойынша бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
21-22
2.2 Қазіргі кездегі қазақтың биязылау ұзын жүнді қой тұқымының өнімділігі мен тұқымдық сапасының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...

22-25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
26-27
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
28

Қой топтарының жүндерін және жүн талшықтарының типтерін меңгеру
Әр қасиеттерімен танысу, әдістерін меңгеру және оны тәжірбие жөнінде анықтап үйрену.түрлі топтағы қай жүнінің негізгі физика - механикалық
Сабақ мақсаты.
Студент жүн шайыры сапасы мен көлемін, шайыр маңызы мен түзілуін, ондағы май мен тердің ара қатынасын, әр түрлі бағыттағы қой малдарындағы шайыр көлемі, жабағы жүн сапасы көрсеткіштері ретіндегі тұлым мен штапель көлемі мен пішінін анықтап үйрену қажет.

Жүн жайында жалпы түсінік
Қой шаруашылығының аса маңызды өнімдерінің бірі-жүн.Жүнді тоқыма өнеркәсібінде мата тоқуға және қой жүнінен басқа

Жүннің физика-техникалық қасиеттері
Жүн талшықтарының морфологиялық құрамы. Жүн өзектен, түбірден және жуашықтан тұрады.
Өзек -- тері үстінде тұратын жүн талшығының қатты бөлігі. Жүн терінің қиылған бөлігінде шикі түрде өзектен тұрады.
Түбір -- теріде қалыңдау болып келетін жүннің тірі бөлігі, бір жағынан (жоғарғы), өзекке жалғасқан, екінші жағынан, жуашыққа жалғасқан.
Жуашық -- талшық түбірінің төменгі бөлігі. Онда жасушаның көбею нәтижесінен жүн талшығы өседі.
Емізікше талшықтың қоректенуін қамтамасыз етеді. Оның негізі көптеген капиллярдан тұратын біріктіруші ұлпалардан тұрады, ол қан арқылы қоректену, өсу дамуды қамтамасыз етеді.
Талшық түбірі теріде бірнеше қабыршақты эпидермалы жасушалармен қапталған. Бұл түтік талшықты қынап деп аталады, ол өз алдына талшықты қынапты құрайтын біріктіруші ұлпадан тұрады.
Жүн талшығының гистологиялық құрылысы.Жүн талшығының барлық типі. Қабыршақты және қыртысты қабаттардан, ал аралық талшық, қылшық келіп, песиг, және жабын шаштары және т.б. өзекті қабаттан (сурет 3.1.1) тұрады.

3.1.1 сурет. Жүн талшығының гистологиялық құрылысы
өлі талшық, 2-қылшық, 3- аралық талшық, 4- түбіт.

Қабыршақты қабат (кутикула), талшықтың сыртқы бетін түзіп, қоршаған ортаның биологиялық, химиялық, механикалық факторларын қорғайды және жүннің жылтырлығы мен ұйысуына әсер етеді.
Қабыршақты қабат көптеген жалпақ, дұрыс емес мүйізділген қабыршақтан тұрады, ол мөлшерімен өз ұзындығының 23 немесе жартысына дейін бірінің үстіне бірі орналасады. Қабыршақ пішіні бойынша: шатыр тәрізді және тәж тәрізді болып негізгі екі топқа ажыратылады. Қабыршақ пішіні мен орналасуына байланысты шаш типі мен қойдың өнімділік бағытын анықтауға болады. Қабыршақтың шет жақтары тегіс, тісті немесе толқынды жабынды болып келеді.
Қабыршақ орналасуына байланысты:
- сақина тәрізді - әрбір қабыршақ шаш маңайында толық сақина түзеді. Сондықтан төменгі қабыршақтың төбесін жоғарғының негізгі жабады да, бір сақина, екіншісіне киіліп тұрғандай болады. Мұндай қабыршақ формасы түбіт үшін тиімді.
- сақиналы - торлы - қабыршақ тор тәрізді және талшық маңына қатармен орналасады. Ол биязы жүн үшін тиімді.
- торлы - қабыршақ талшық бетіне тордың дұрыс емес пішінін түзеді. Қабыршақтың мұндай орналасуы - қылшықты жүнге тән. Талшық салмағының 2-3 % -ын қабыршақты қабат құрайды.
Әрбір қабыршақ 3 қабаттын: эндокутикула (ішкі бөлігі), экзо - кутикула (ортаңғы бөлігі) және эпикутикула (үстіңгі бөлігі) тұрады, олар кератин ерекшелігіне байланысты ажыратылады.
Эпикутикула (жуандығы 50-100 мкм) - қабыршақтың ең бірінші қорғаныс қабаты. Ол химиялық тұрақтылығы өте жоғары және жүнді зиянды химиялық әсерлерден сақтайды, мысалы, аммиактың және т.б. Ал талшықты механикалық зақымданудан көп дәрежеде: экзо және эндокутикулалары қорғайды.
Қыртысты қабат қабыршақты қабаттың астында орналасады, ұршық тәрізді көп түйіршікті клеткалардан (ұзындығы 80-150 мкм, жуандығы 4-10 мкм) тұрады. Қыртысты қабат клеткасы 2 типті: неғұрлым ірісі- ортокортекс (ортокор) және тығыз орналасқан біраз ірілеу келетін - паракортекс (паракор). Әр типтегі талшық клеткалары - доғалы құырылымды түзеді. Бұл бөлік түбітте ширатылған (спиральді), тұрақты иректің сыртқы жағында әрқашанда ортокортекс, ішкісінде - паракортекс.
Ал қылшықта және аралық талшықта олар әр түрлі жағдайда береді: ортокортекс - қылшықта, ал паракортекс шеткі аймақтарда біркелкі емес орналасуы мүмкін және жеке клеткалармен де болады.
Қыртысты қабат клеткаларында пигмент грануллары - меланин бар. Гранула ұзындығы 0,5-1,3 мкм, 0,16 -0,43 мкм, биіктігі - енінен қарағанда екі есе аз. Паракортекс клеткаларында ортокортекс клеткаларынан қарағанда меланин көп.

3.1.2 Сурет. Меринос қойларының жүн талшығы (сызба - нұсқа)

1- қабыршақты қабат, 2- ұршық тәрізді клетка , 3 - қыртысты қабаттың ортокортикальді клеткалары, 4 - қыртысты қабаттың паракортикальді клеткалары, 5- өлі клеткалардың ядро дегенерациясынана кейін қалған бос кеңістік.
Түбітте қыртысты қабат 90 %, қылшықта - 60-70%, өлі талшықта тек 5-6 %.
Қыртысты қабатты күкірттің негізгі көлемі түзіледі. Сондықтан бұл қабат жүнді: мықтылық, созылғыштық, серіпімділік және т.б. қасиеттермен қамтамасыз етеді.
Өзек қабаты - бұл құрғақ клеткалар мен ауамен тастырылған талшық ішіндегі сызық. Ол үздіксіз түзу (қылшықта) және үзік-үзік сызық (аралық талшықта) болуы мүмкін. Түбітте өзек болмайды. өзек талшықтын беріктігін төмендетеді, бірақ, оның жылу сақтағыш қасиетін жоғарылатады. Өзек талшығы көбінесе әкті - ақ түсті болып келеді, ол бет жағындағы ауа, көпіршіктерінің жарықтың жақсы түсуінен.
Жүннің химиялық құрамы мен қасиеті. Жүн талшығы көбінесе кератинді белоктар тобынан тұрады. Кератинді басқа белоктардан көтеріңкі мөлшерде 3-5% күкірт түзуімен ерекшеленеді. Күкіртпен жүннің технологиялық қасиеттері белгілі, бір дәрежеде байланысты. Жүнден күкірттің жақсарады, жүн талшығының беріктігі жоғарлайды. Күкірт қылшық жүннен қарағанда меринос жүнінде көбірек.
Цистин - құрамына жүн талшығына қажет барлық дерлік күкірт кіретін, амин қышқылдары болып табылады. Қой организімінде цистин түзілмейді, ол азықпен түсіп отыруы қажет. Мұнадй азықатрға: көк шөп, сапалы сүрлем мен пішендеме, кұнжара жатады.
Жүн кератині құрамына 18 аминқышқылы кіреді.
Әр түрлі типтегі жүн талшықтары амин қышқылдарының түзілуіне байланысты ажыратылады. (3.1.1. кесте).

3.1.1 кесте. Жүндегі амин қышқылының түзілуі, (100 г жүндегі көлемі, г)

Аминқышқылдары
Түбіт
Аралық талшық

Шет ел авторлары мәліметтері
В.В. Калинин бойынша 1996
А.И. ерхин бойынша, 1971
В.В. Калинин бойынша 1996
Лизин
2,2-3,3
2,88
3,20
3,49
Гистидин
0,55-0,7
1,01
0,90
0,88
Аргинин
6,0-10,0
8,80
8,71
8,86
Цистин
7,3-13,1
9,68
10,67
7,84
Аспарагиновая кислота
2,3-7,27
5,95
8,11
6,79
Метионин
0,2-0,71
0,66
0,57
0,53
Треонин
6,4-6,76
6,03
5,43
5,17
Серии
9,4-10,3
8,36
7,99
8,21
Глутаминовая кислота
12,9-16,0
13,42
16,21
13,64
Глицин
5,8-6,5
4,32
5,40
4,51
Алании
4,1-4,4
3,40
4,39
3,59
Валин
2,8-5,5
4,56
5,07
4,43
Изолейцин
--
3,05
3,91
3,38
Лейцин
9,7-11,6
7,28
8,86
7,94
Тирозин
2,9-6,1
4,32
4,58
4,42
Фениналанин
1,6-4,0
3,17
5,45
--
4,42
3,67
Пролин
4,4-7,2

--
5,26
Триптофан
0,7-1,8

--
--

Жүн кератині: А кератині және С кератині болып екіге бөлінеді. А кератині қабыршақты қабат, С кератині - қыртысты қабат пен өзек заттарын түзеді. С кератині тирозин аминқышқылын, түзентіндігімен А кератинінен ерекшеленеді.
Жүннің химиялық құрамы (%): көміртегі -49,8 -52,0; сутегі 6,36 -7,37; азот 15,7 -20,8; оттегі 17,1-24,0, күкірт -2,0-5,0.
Сілтінің әсерінен жүн талшықтары бұзылады, ал өсімдік талшықтар (зығыр, мақта, вискоза және т.б.) сақталады. Әлсіз қылшық ерітіндіде жүн құрамы өзгермейді, ал өсімдік талшықтары бұзылады. Жануар мен өсімдік талшықтарының табиғатын осындай, жолдармен анықтауға болады. Өнеркәсіпте әр түрлі талшықтарға химиялық әдіспен әсер етуді пайдаланады. Мысалы, жүн қиын алынатын арамшөппен (ошағын т.б.) ластанған, оны 5-6 % күкірт қышқылы ерітіндісінде (H2SO4 ) жуса, жүн құрамы бұзылмайды, ал өсімдік қоспалары ериді. Бұл үрдіс жүн карбонизациясы деп аталады.
Қой малының тері жабынын құрайтын, жүн талшықтарының жиынтығы, қой шаруашылығында жабағы деп аталады. Ол қой малынан қырқылғанда алынған жүн өнімінің сапалық және сандық көрсеткіштерін сипаттайтын объект болып табылады. Жүн талшықтары өзара тек түзілу ерекшелігі мен қой төлінің жатырда даму кезеінде ғана емес, сонымен қатар жас төлдің және ересек қойлардың жүннің өсу үрдісі кезінде қалыптасатын морфологиялық белгідері мен техникалық қасиеттеті бойынша ажыратылады. Қой шаруашылығында, осыған байланысты жүн талшықтарын ең негізгі 6 морфо-техникалық типке жіктеу ұсынылған: 1. түбіт, 2. қылшық; 3. өтпелі немесе аралыө талшық; 4. өлі; 5. құрғақ ; 6. жабында шаш.
Түбіт - ең жіңішке, өзек қабаты жоқ талшық. Көбінесе қалыңдығы 15-25 микрометр (мкм), ал ұзындығы 5-15 см болады. Түбіт әрқашан толқынды немесе иректелген болып келеді. Ол қылшық жүнді және будан қой малдары жүнінің негізі болып табылады және көп жағдайда оның көлемі қабатын құрайды, сондықтан түбітті кейде, биязы жүн деп атайды. Түбіт жүннің ең құнды құрамды бөлігі.
Қылшық - біркелкі емес қылшық және ұяң жүннің құрамына кіреді. Ол түзу немесе өте аз иректелегн ірі талшық. Ұзындығы бойынша түбіттен ұзын, тек роман қой тұқымында ғана түбіт қылшық жүнмен ұзын. Қылшық 3 қабаттан: қабыршақты, қыртысты және өзектен тұрады. Неғұрлым дамымаған болса, жүн соғұрлым құнды. Жүн жуандығы 51-ден 155 мкм және одан көбірек ауытқиды.
Аралық талшық - жуандығы бойынша түбіт пен қылшық жүннің орташа аралығы болып таылады. Жуандығына байланысты егер өзек қабаты жақсы дамыса, қылшық жүнге, егер өзек нашар дамыса түбітке жақын келеді. Аралық талшық: қыртысты қабыршақты қабаттан және үзік-үзік өзек қабатынан тұрады.
Биязылау жүнді қой малдарының жүн жабының көбін аралық талшық құрайды, ал барлық қылшық және ұяң жүнді қойларда бұл талшық кездеседі. Аралық талшық техникалық жағынан- әр түрлі қасиеттімен құнды. Ол: иректілігімен, өте жақсы серпімділігімен және мықтылығымен ерекшеленеді. Аралық талшықтың орташа диаметрі көбінесе, 26 - дан 50 мкм-ге дейін ауытқиды.
Өлі талшық - өте ірі қатты, сынғаш, шыны түстен, боялмайды және иректілігі жоқ. Мата үшін өңдеуге жарамсыз. Өлі талшық жуандығын 100-ден 400 мкм және одан да жоғары. Өзек қабаты өте жақсы дамыған. Өзек қабатын микроскоппен қарағанда қара сызық түрінде көрінеді. Егер өзек каналынан, ауа шығарылса, онда өлі талшық ақшыл түсті болады. Жүн құрамында өлі талшықтың болуы жүн сапасын күрт төмендетеді.
Құрғақ талшық - бұл жоғары бөлігінде шайыры жоқ, ұзын қылшық. Соның салдарынан бұл талшық қалыпты қылшықпен салыстырғанда сыртқы орта әсерінен қатты, жылтырлығы жоқ және қатты болады. Жүннің құрамында құрғақ талшықтың көп болуы құндылығын төмендетеді.
Жүнді әр түрге бөлу ондағы талшықтың біркелкілік дәрежесіне, құрамына кірген талшықтарға және оның жуандығына негізделген.
Жүнді: биязы, биязылау, ұяң және қылшық деп төрт топқа бөледі.

Жүннің физика-механикалық қасиеттері
Жүннің техникалық қасиеттеріне: ұзындығы,жуандығы, иректілігі, мықтылғы, серпінділігі,созылғыштығы,иілгіштіг і, жылтырлығы және түсі. Жүннің осы қасиеттері жүн өнімдері мен оның сапасына тығыз байланысты.
Ұзындығы - жүннің негізгі қасиеттерінің бірі. Ұзындықты табиғи және түрлерге ажыратады. Табиғи жүн ұзындығын тұлымның табиғи жағдайында, яғни иректі түзетпей өлшейді. Нақты ұзындықты жүннің жеке, талшықтарын түзу, бірақ созбай өлшейді.
Жуандығы - жүн өнімдерінің сапасы ен жіп жуандығына көп дәрежеде әсер ететін, жүн қасиеттерінің ең маңыздысы жүн жуандығын жүннің көлденең кесіндісін диаметрмен өлшеу жолымен анықтайды және ол микрометрмен сипатталады. Қазіргі уақытта біздің елімізде барлық бір текті жүндердің (биязы, биязылау) жуандығын нақтылайтын біріңғай жіктеу жүйесі қабылданған. Бұл жүйе бойанша бір текті жүндердің 13 негізгі класы бекітілген, оны немесе жүн сапасы деп атап, сандармен белгілеген:80,7,64,60,58,56,50,48,4 6,40,44,36,32. Әрбір сапаға белгілі бір жүн жуандығы сәйкес келеді.Жүн иректілігі беогілі бір мөлшерде шаш қынабы пішініне, байланысты. Түбіт өте ұсақ иректілігімен ерекшеленеді. Аралық талшықтың иректілігі неғұрлым, ірі болады. Қылшық толқынды иректілікпен сипатталады. Жалпақиректілік - доға биіктігінің өз негізінен кішіректігімен сипатталады. Кейбір жағдайларда осы доғалардың қатты созылғыштығынан иректілік көзге әзер білінеді, мұндай иректілік пішіні - толқынды немесе созылған - қылшық және ұяң жүндерге тән. Иректілігі жоқ жүн - тегіс деп, аталад. Иректілігі жоғары - доға биіктігі оның негізінен үлкен болады. Сонымен қатар иректіліктің қиыңқы, биік, ілмекті түрлері де кездеседі. Қысыңқы, биік иректілік түрлері жүннің сиректілігі мен солғылдық жағдайларымен тығыз байланысты.
Жүн мықтылығы (беріктігі) (талшықтың да үзілуге қарсы тұру қабілеті) - мықты маталар дайындауда өте маңызды.
Созылғыштығы - жүннің бұл қасиеті созғанда ұзындықтан да ұзарып, босатқанда бастапқы ұзындығына қайта келуімен сипатталады. Талшықтың нақты ұзындықтан ұзаруы жүн түріне байланысты 20-25 процент және одан да жоғары болады.
Серпінділігі - жүннің созғанда немесе қысқандағы қайтадан қалпына келу қабілеті, серпімді жүннің техникалық құндылығы болып, түкті (ворстық) маталарды (драп, сукна) өндіру және осындай маталардан тігілген кілемдердің бастапқыпішінін жоғалтпайтындығынмен сипатталады.
Жүнді кейін бастапқы қалпына келу жылдамдығын-иілгіштігі (эластичность) деп атайды.
Жүн түсіне байланысты:биязы және биязылау жүндерде-ақ, ал ұяң және қылшық жүндерде әр түрлі түсті болып келеді. Олар: ақ, қара, сары, сұр.Жүн түсі жүндегі қандай түс, басымдылығына байланысты. Өнеркәсіпте ақ түс бағалы болып саналады. Себебі, оны басқа түстерге бояу оңайға түседі.
Жүн жылтырлығы - жүн сәулесінің түсуіне байланысты жүн талшықтарының аз немесе көп мөлшерде жылтырауы. Бұл қасиет жүннің қабыршақты қабатының құрылымы мен жүн иректілігіне байланысты. Жүн жылтырлығы:өте күшті, орташа, жібек тәрізді және шыны тәрізді болуы мүмкін. Жүн жылтырлығы жоқ жүн - күңгірт деп аталады.
Шайыр және жабағы жүн элементтері

Шайыр-терідегі май және тер бездерінің бөлінуі нәтижесінде пайда болған май тәрізді зат.Ол жүннің физикалық қасиеттерін сақтауда маңызды қызмет атқарады. Шайырдың пайда болуынан жүнге ылғал, қым және әр түрлі өсімдік қоспалары ене алмайды. Шайыр талшыққа жұқа қабат болып жағылады да оларды өзара бір-бірімен жабыстырады. Шайыр-жүннің техникалық қасиетін бұзатын әр турлі ластайтын қоспалардан, судан қорғайтын, қажет зат болып табылады.
Қой шаруашылығында жабағы жүннің ластану тереңдігіне байланысты шайыр көлемінкең қолданылатын әдістерді игеруқажет.
Егер қарындағы жүн қалыпты жүн қоюлығында минералды қоспалармен тұлымның 15-16 тереңдігіне дейін ластанса, онда жүн шайыры қалыпты.
Егер жүн тұлымда 13 тереңдіктен артық ластанса, шайыр жеткіліксіз. Шайыр көлем сенімсіздік туғызған жағдайда, жүндерді бұрау арқылы анықтайды. Егер бұраған кезде сәл ғана шәйір жеке талшықтардың бетін біркелкі қабатпен жапса, жүн майы қалыпты.Ал егер шайыл көп болса, талшық бетіне тамшы түрінде шығарады жетіспесе, май шықпйды және талшықтар бірікпейді.
Шайырдың екі түрін ажыратады: 1. Бөлме температурасындағы жай суда оңай жібитін, консистенциясы біркелкі крем тәрізді түстен ақ туске дейін болады.және 2. қиын жібитін(еритін)-сары түстен әр түске дейін.Қиын жібитін зиян сапалы шайыр - бұл бал тәрізді қабаттардан немесе смала (шайыр)ттәрізді қатты бөлшек түрінде жиналып қалған, әр жерінде жасылдау - лимон тәрізді түсте болып, жүнді жуған кезде мұндай шәйір қалдық пен шикізаттың қымбаттауын туғызады.
Егер қой жүнін қарағанда, олардың бір-біріне жабысып,аздағы көлемдегі бумалар түзетіндігін байқауға болады, яғни оны біз тұлым деп айтамыз. Меринос жүні тұлымдары мен қылшық жүн тұлымдары арасында үлкен айырмашылық бар екендігін байқауға болады.
Тұлым жабағы жүннің ұсақ элементтерін сипаттайды.
Жүн талшықтары тұлымдарға бірігеді, ол келесідей себептердің әсерінен болады. Меринос жүнінің талшық қынабы тығыздық бір-бірімен тығыз бекиді,олар бір уақытта бірнеше жүн талшығы шығатын бір тесік түзеді.Осы жүн талшықтарының барлығы иректелген, олар тығыз орналасқандықтан және шайырдың болуына байланысты бір-бірімен жабысып тұрады.
Иректілік пішіні мен сипаттамасы меринос жүнінің сапасын белгілі бір дәрежеде оның әр түрлі мақсатта пайдалану жарамдылығын анықтауда белгілерін құрайды. Сондықтан қойларды бонитировкадан өткізу кезінде және күнді реттеу кезінде ең басты назарды тұлым сипаттамасына аударады.Тұлымда штапельді жанындағы беткі (боковая поверхность ), жоғарғы және төменгі ұштарына ажыратады.
Штапельдің қалыпты пішіні ретінде цилиндрлі саналады, ол барлық жүн талшықтарының біркелкі жіңішкелігін, иректілігі мен ұзындығын қамтамасыз етеді.
Штапельдің конус тәрізді пішінінде штапель түзетін жүн талшықтары біраз жетіспейді, яғни тығыз емес немесе талшықтың төменгі бөлігінде иректілік ірі, ал жоғарғы бөлігінде ұсақ болуымен сипатталады.
Воронка тәрізді пішін талшықтағы иректіліктің бір келкі емес жағдайында болады. Иректілік төменгі жағында ұсақ, жоғарғы жағында ірі немесе ұзын жүн талшығында ірі және жалпақ иректілікпен шайыры аз көлемде болады.
Қылшық жүнді қой малдарының жабағы жүні меринос жабағысына қарағанда неғұрлым жуан бумалардан құралады. Бұл бумалар қылшық жүнді қойларда тұлым деп аталады. Қылшық жүнді қойлардың тұлымы қылшық пен түбіттен тұрады да, болып саналады.
Ішкі штапель пішіні штапелькалар пішіне байланысты, сондықтан олар: цилиндірлі, конусты және қайта конусты немесе воронка тәрізді болады.
Ішкі штапель пішінінен басқа иректілік сипатына назр аударады. Қазіргі уақытта бірнеше әр түрліліктен штапельдерді ажыратады.
Ағынды штапель - қалыпты иректілік пе тығыз жүндермен сипатталады. Штапель цилиндрлі, иректілігі жартылай дөңгелек пішінді.
Анық штапельді - иректілігі анық көрінеді. Иректілік пішіні жартылай немесе сәл биік. Анық штапель жүн тығыздығының көп еместігін көрсетеді.
Маркитті штапель. Иректілігі өте айқын көрінеді, иректілігі биік, қысылған. Штапельдің бұл әркелкілігі жүннің тығыз еместігін көрсетеді.
Дамып кеткен штапель - барлық жүн жабағыда жіптен ғана тұрады.
Жабағының сыртқы беткі түрі сыртқы штапельдің өзара бірігуімен сипатталады. Егер штапельдер бір - бірімен тығыз байланса, онда олар жабық немесе тұйық жабағы түзеді, егер штапельдер ажыраса немесе бір - бірімен әлсіз байланысса, жабағы ашық деп аталады. Қысқа жүнді биязы жүнді қойлардың сыртқы штапелі өте ұсақ, ұштары әр түрлі пішінді болып келеді. Штапельдің ұшындағы пішіні инелі, рапсты, үшкірленген, ұсақ квадратты және т.б. деп аталады. Қойлардың орташа және ұзын жүндегі сыртқы штапелі неғұрлым ірі пішінді болуы мүмкін, сондықтан оарды пішініне байланысты:
Дөңгелектенген штапель - пішіні көбірек немесе азырақ домалақ, орташа ұзындықтағы жағымды сапалылығымен сипатталады.
Жалпақ немесе ірі квадратты штапель - төртбұрышты немесе көпбұрышты пішінді.
Тақтай тәрізді (досчатый) штапель - орташа көп немесе аз көлемдегі жалпақ және ұзын тік бұрыштан тұрады. Бұл штапель орташа жіңішкеліктегі жүнге негізделген.
Смалалы (шайырлы) штапель - артық шайыры көп әр түрлі ұзындықтағы жүндерге негізделген. Неғұрлым жүн ұзын болса, штапель соғұрлым ірі.
Таза талшық шығымын анықтау
Сабақ мақсаты.
Шаруашылық жағдайындағы таза талшық шығымын анықтауды үйрену.

Таза талшық шығымын анықтауды қой қырқымы кезінде әрбір отардан қырқылған жүннен жабағыны сұрыптаудан бастайды. Егер отардағы саулықтар бонитировканың класс бойынша қалыптастырылса, таза талшық шығымын анықтау үшін, әрбір 20-25 жабағы сұрыптап алады. Ал егер отар әр жастан және әр түрлі бонитировкалық кластан қалыптастырылса, әрбір 15-жабағыны сұрыптап алады. Әрбір жабағыдан 100г салмақтағы үлгіні алып, біріктіреді. Бұл жүнді қысатын құралдың 200 г үлгіге арналғандығына байланысты. Егер аталық қошқарлардың немесе селекциялық ядродағы аналықтардың таза талшық шығымын анықтау керек болса, әрбір жабағыдан міндетті түрде (негізгі, қосымша және бақылау) 200 г салмақтағы үлгі алынады. Жабағыдан үлгі алу техникасы екі жжжағдайда да бірдей және келесідей анықталады.
Жабағыны арнайы жұмыс столына жайып салады да, одан қи-көңмен лсаианған және төменгі сортты жүндерді бөліп алып, 10 г дәлдікке дейін өлшейді. Одан кейін жабағыны қайтадан тегіс етіп жайып қояды, штапельдің жоғарғы жағы аралығында ешқандай да қиық болмауы керек, ал малдың үстінде қандай тығыздықта болса, жабағыда да сондай болуы тиіс.
Егер қалыпты жағдайдағы түрге келтіріп, жеке топографиялық бөліктері өз орнына келіп тұрса, ондай жабағы жүнге тор көздері трафарет қойылады. Ондағы тор көздерінің 1,0*1,6 метр көлемде ұзынынан 8 және жабағы ені бойынша 5 ұяшық (20*20 см) орналасады. Одан кейін тор көздің жан - жағына шығып тұрған жүндерді кіргізіп, жабағының шет жағынан тек, тор көз неғұллым тығыз орналасқан немесе жарты аумағына жеткен жүннен алады. Жабағыдан жүн үлгісін 100гр (200гр) салмаққа жететіндей етіп алады.Егер жабағы аумағы, біркелкі болмаса, жүн үлгісін алу кезінде жабағының көлемін қанша ұяшық алып жатқандығына байланысты, әрбір ұяшықтағы бума салмағын есептеуге болады. Буманы үш саусақпен алады. Алу кезінде жабағының қалған аймағындағы жүнді екінші қолмен ұстап тұоады да, өйткені буадағы минералдық қоспалардың шашылуы мүмкін және буманы штапельдің жоғарғы жағынан ғана столға саусақ тигенше, түбіне дейін (негізіне) алу қажет.
Алынған үлгіні техникалық таразыда 1 г дәлдікке дейін өлшеп, қағазға орайды немесе арнайы қапшыққа салады. Отардың таза жүн шығымын анықтау кезінде үлгі салынған ыдысқа:жүн үлгісінің номерін, отар нөмірін немесе шопанның тегін, тұқымын, малдың жасы мен жынысын, жүн түрін, жабағы класын, үлгі алынған күнді және тағы басқа қажет мәліметтерді жазады. Дәл осындай этикетканы қап ішіне салады.
Жүн үлгілерін сұрыптау кезінде таза талшық шығымын жекелеме анықтау үшін этикеткаға малдың жеке нөмірі де жазылады.
Таза талшық шығымын анықтау үш кезеңнен:жүн үлгілерін жуу, оның тұрақты құрғақ салмағын анықтау және ол арқылы таза талшық шығымын бекітуден тұрады.Жуу процесін тездету үшін қосымша әрбір үлгіні 30-40 мин 1 л суда 1 г содасы бар, 38-4º С температурадағы, ерітіндідегі жеке ыдыста жібітеді.
Жібітуге жүн жуылған ерітіндіні пайдалануға болады. Төменгі сортты және қилы жүнді 4 сағаттан көп уақыт аралығында ластануды жеңілдету үшін салып қояды. Жібітуді бір ыдысқа бірнеше үлгіге жүргізуге болады, ол ұяшықтарының көлемі 1-2 мм капрон торға салу арқылы жүзеге асады.
Үлгіні жуу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының онтогенезде дамуы
Қой өсіру саласы мал шаруашылығының қазақстандығы негізгі салаларының бірі
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының биологиялық ерекшеліктері
Асыл тұқымды еділбай қой тұқымының өнімділік және биологиялық ерекшеліктері
Етті-майлы құйрықты қойлар
Қылшық жүнді құйрықты қойларының өнімділігі
Қазақтың биязы жүнді қой тұқымдары
Биязы жүнді қойларды бонитировкалау
Өсімдіктері - түрлі шөптер басым астық тұқымдастар
Сұр түсті қаракөл қойларының жүн жамылғысының депигментациялануы
Пәндер