«Бек+» ЖШС шарттарындағы әр түрлі ізге жататын сиырлардың сүт өнімділігі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Төленбеков М. С.
«Бек+» ЖШС шарттарындағы әр түрлі ізге жататын сиырлардың сүт өнімділігі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5В080200 - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
Қостанай, 2015
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
Г. Шайкамал
___ 20___ж.
5В080200 - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығы бойынша
«Бек+» ЖШС шарттарындағы әр түрлі ізге жататын сиырлардың сүт өнімділігі» тақырыбына
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Орындаған М. С. Төленбеков, 4 курс студенті күндізгі оқу формасыҒылыми жетекші Г. И. Шайкамал, а. -ш. ғ. к.,
аға оқытушы
Қостанай, 2015
МазмұныКІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі саласы - мал шаруашылығы халық шаруашылығында маңызды орын алады, халықты бағалы азық-түлік өнімдерімен (ет, сүт, май, жұмыртқа, бал және т. б. ), ал өнеркәсіпті-шикізатпен (жүн, тері, мүйіз, елтірі, қылшық, түбіт, мамық), күш-көлікпен (жылқы, түйе, бұғы, есек, ит), маңызды органикалық тыңайтқышпен (көң, құс саңғырығы), дәрі - дәрмектермен, ерекше мал азықтарымен (тартылған сүт, ет-сүйек ұны) т. б. қамтамасыз етеді.
Қазақстан экономикасында соңғы 20 жылдағы күрделі өзгерістерге сәйкес мал шаруашылығы саласындағы ғалымдардың алдына іргелі және қолданбалы зерттеулердің деңгейін арттыру, зоотехния, биотехнология, генетика, экология салаларындағы ғылыми талдауларды жеделдету, олардың тиімділігін көтеру, мамандандыруды тереңдету, мал шаруашылығын қарқынды дамыту арқылы өнім өндіруді еселеп арттыру міндеттері қойылуда [1] .
Еліміздегі азық-түлік мәселесін ойдағыдай шешу тұрғысынан дербес шаруашылық иелерінің қосар үлесі мол. Мысалы, қазіргі кезде жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің үштен бір бөлігі осы дербес шаруашылықтардан өндіріледі.
Ірі қара мал еліміздің мал шаруашылығы экономикасында маңызды орын алады. Халық шаруашылығында түсетін қаржының жартысына жуығын ірі қара шаруашылығы береді. Ірі қара малдан сүт, ет және жеңіл өнеркәсіп өндірісіне қажет шикізат алынады.
Дербес шаруашылықты өркендетуге мемлекет өз тарапынан зор қамқорлық жасауда. Мал өсіретін дербес шаруашылықтар аса сапалы, бағалы өнім өндіру үшін оларды күтіп - бағу және азықтандыру ерекшеліктерін жетік білу қажет [2] .
«Қазақстан - 2030» бағдарламасында көрсеткендей, сиыр өнімділігін жоғарлатуға барынша қол жеткізу және сүт сапасын жақсарту, ірі қара мал төлін бордақылау және интенсивті өсіру жолымен сиыр етін өсіру мүмкіндіктерін кең көлемде қолданып, бордақылау мерзімдерін қысқарту, асыл тұқымды шаруашылықты көбейту болып табылады. Осыған сәйкес азық өндіруді түбегейлі жақсарту бойынша жүйелі амалдар қажет, механизмнің жаңа түрлерін қолдану керек (жоғары өндіріспен, сенімділікпен, тиімділігімен ерекшеленетін) .
«Бек +» ЖШС ірі қара мал шаруашылығының жетістікті дамуында мал басын тұрақтандырып, азықтандыру базасын нығайту, орнатылған болашақты жоспар бойынша қолда бар малды жетілдіру, денсаулығы мен төлділігін сақтау кезінде өнімділік пен азық шығынын жабатын малды өсіру басты рөл болып табылады.
Сүтті ірі қара мал шаруашылығының интенсификациясы шарттарында экономикалық тиімді және жоғары өнімді малдарды өсірудің ғылыми дәлелденген ұсыныстарында қажеттілік артып, осыдан саланы эффективті қолдануды және 1 лактациядан бастап сиырлардың сүт өнімділігін жоғарлату әдістері мен жолдарының қосымшасының ізденістері туындайды.
Осы мәселенің негізі болып ремонттық төлдерді бағыттап өсіруді жоғарлату, тірілей салмағы мен жасын шаруашылыққа қолдануда оптималды орнату болып табылады [3] .
Дипломдық жұмыстың мақсаты «Бек +» ЖШС шарттарында әр түрлі аталық ізден тараған 1 лактация бойынша голштинделген сиырлардың сүт өнімділігін анықтау.
Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
- Голштинделген қара ала сиырларының экстерьерлік-конституциялық ерекшеліктерін оқып, дене құрылымын бағалау;
- Сиырлардың тірілей салмағының сүт өнімділігімен байланысын зерттеу;
3. 1 лактация бойынша сиырлардың сүт өнімділігін анықтау;
4. Әр түрлі аталық ізден тараған сиырларының сүт өндірудің экономикалық тиімділігін есептеу.
- ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУІрі қара малдың сүт өнімділігі
Сүтті ірі қара малдарда сүт өнімділігі басты көрсеткіш болып табылады. Сиырлардың жоғарғы сүттілігі көбінесе ағзадағы физиологиялық процестердің интенсивтілігіне байланысты. Себебі, сүтті сиырлар, әсіресе жоғары өнімді, басқа малдармен салыстырғанда энергияны көбірек шығындап, өмір бойы қоректік заттарды жоғары мөлшерде өндейді.
Сүт - химиялық құрамы күрделі биологиялық сұйықтық. Оның құрамында 250-ге жуық әртүрлі заттар бар, олардың 20-сы - өте бағалы амин қышқылдары, 147-сі - май қышқылдары, 4-і - қант, 30-ы - макро- және микроэлементтер, 23-і- витамин, 20-ы - глицерид, фосфатид, фермент, пигмент т. с. с. Химиялық құрамы мен азықтық қасиеттері жағынан сүтке тең келетін зат жоқ, ол жаңа туылған төл үшін алмастырылмайтын азық және кез келген жастағы адамға аса қажетті тағамдық өнім болып табылады. 1 л сүттің жұғымдылығы 3000-4000 кДж (1 кДж=0, 239 ккал) . Сүттің химиялық құрамы тұқым қуалайды және басқа да бірқатар факторларға байланысты ауытқып отырады.
Мүйізді ірі қарада, зебуде, қодаста бұзауларының емуіне қажетті мөлшерден едәуір артық сүт беру қабілеті қалыптасқан. Әсіресе сүтті және сүтті-етті тұқым сиырларынан сүт көп сауылады, бұл оны адамның қорегі үшін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Сиыр сүтін жаңа сауылған күйінде пайдаланады, одан түрлі азық-түлік (май, кілегей, қаймақ, ірімшік, сүзбе, айран, балмұздақ және т. б. ) дайындалады.
Сүт секрециялық эпителий жасушаларынан пайда болады. Сүт шығатын өзектері бар мұндай жасушалар сүт бездерінің альвеолаларының ішкі бетін астарлап жатады. Сүттің түзілуі және оның желіннен шығуы - жүйке жүйесі мен гормондар арқылы рефлекторлы жолмен реттеліп отыратын күрделі секрециялық құбылыс. Сүтті түзетін алуан түрлі заттар қан арқылы альвеолаларға жеткізіледі. Сүттің мол түзілуі үшін желінге қан көп келуі тиіс, 1 л сүт түзілуі үшін желін арқылы 500 л астам қан ағып өтеді. Мысалы, орташа сүтті сиырлардың желіні арқылы тәулігіне 5-7 тонна қан өтеді. Сиырлар неғұрлым өнімді болса, олардың сүт бездеріндегі қан айналымының жылдамдығы соғұрлым жоғары болады. Альвеолалардың секрециялық эпителий клеткаларында сүттің пайда болуы - қандағы физиологиялық белсенді процестің нәтижесі.
Сиырлардың тұқымына, жасына, азықтандыру деңгейіне және мөлшеріне байланысты сүтті құрамы өзгеріп тұрады. Тек қана азықтандыруға байланысты сүттің майлылығы 3-тен 5 пайызға дейін, ақуызы 2, 7-тен 4 пайызға дейін ауытқиды.
Сүтті ірі қара малдарды өсірудегі басты мақсат барынша аса жоғары сапалы сүт алу. Сиырдың сүт өнімділігі 305 күнде сауылған және тәулігіне ең көп шыққан сүт мөлшеріне қарай анықталады.
Ірі қараның тұқымына, азықтандыру жағдайына, күтілуіе, жасына, құндылығына, тірілей салмағына, сауылған мерзіміне және уақытына сүттілігі тікелей байланысты [4, 5, 6, 7] .
Кесте 1-Ірі қара мал сүтінің химиялық құрамы, % есебімен
Ірі қара малдардың сүті сүт желініндегі көптеген секреторлық құбылыстан пайда болады. Сонымен бірге сүт түзілуі үшін орталық нерв жүйесі, асқорыту мүшелері, қан айналу жүйесі мен ішкі бездер де қатысады. Сүт сиыр желінінде қаннан пайда болады. Сүттің құрамындағы дәрумендер, ферменттер, гормондар, минералдық заттар да қанның құрамынан құралады. 1 л сүт түзілуі үшін желіннен 400-500 л қан өтуі қажет. Сүттің құрамына енетін заттар альвеол эпителиі мен сүт жолдарын астарлайтын эпителийлерде түзіледі. Ал ақуызды, майларды және сүт қантын желіннің өзі түзеді. Сүтте кездесетін ақуыздар - казеин, альбумин, глобулин. Казеин ақуызы табиғатта сүттен басқа еш жерде кездеспейді. Альбумин ақуызы қан альбуминіне ұқсамайды. Ал сүт глобулині мен қан глобулині арасында айырмашылығы жоқ. Бұл ақуыздар желін безімен синтезделеді.
Ірі қара малдың денесінде болатын басқа да майларға қарағанда сүт майы өзгеше болады. Сүт майы - үш атомды спирт пен май қышқылдарынан тұратын күрделі эфир. Сүт майының тізілуіне үлкен қарындағы көмірсуларының ашуынан туатын сірке қышқылдарының маңызы зор. Үлкен қарындағы ашу процесінің жүруіне мәзірдің құрамы да әсер етеді. Мәзірде пішен, пішендеме, сүрлем үлесі көп болса, қарында сірке қышқылдары ашу басым келеді де - сүттің майлылығы жоғарылай түседі.
Сүттегі жалғыз көмірсу сүт қанты - лактоза. Оның түзілуі өте күрделі ферменттік процесс. Қандағы глюкозаны желін сіңіреді де, глюкоза лактозаға айналады. Сүт қанты - лактоза, сүтте еріген күйінде кездеседі [8] .
Тіршілікке қажетті көптеген минералды заттар мен витаминдер сүт құрамында шоғырланған. Ең маңыздысы- сүтте осы қоректік және биологиялық маңызды заттар бір-бірімен қажетті теңдікте, арақатынаста кездеседі. Олар төл организімінде жеңіл қорытылып, өте сіңімді келеді. Сүттің жеңіл қорытылуына оның қышқылдығы да әсер етеді. (рH=6, 5-6, 6) . Сүт қышқылдылығы оның сортын белгілейді. Жаңа сауылған сүт қышқылдылығы 10-18º Т (Тернер) болу керек. Сүт қышқылдылығы сүттен ашымалы өнімдерді (айран, қатық, іркіт, т. б. ) алуда негіз болып табылады. Сиырлардың сүт өнімділік деңгейі 1000-нан 25000 кг дейін ( кейде одан да көп ) ауытқиды [9] .
Кесте 2 - Сүтті ірі қара малдарға арналған сиырдың сүттілігіне қарай жасалған 1 класс стандарты
«Тұқымды жетілдіру мен жоғары өнімді сау малдарды алу үшін бастысы төлдерді дұрыс өсіру қажет» деп санаған Н. Москвин, Е. Третьяков. Қазіргі кезде ең жақсы генетикалық ресурстарды қолдану жолымен ірі қара малдың сүтті тұқымдарын жетілдіру бойынша көп жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Заманауи өндіріске өнімділіктің жоғары генетикалық потенциялды мал шаруашылығында өндірісті жүргізу технологиясының шарттарында реализациялау мүмкіндігімен сәйкестендіре алатын жануарлар қажет [10] .
- Ірі қараның сүт өнімділігіне әсер ететін негізгі факторлар
Сиырлардың сүт өнімділігі малдың тұқымына, тұқым қуалайтын жеке ерекшеліктеріне, физиологиялық күйіне, оларды азықтандыру, күтіп-бағу және пайдалану жағдайларына байланысты өте ауытқымалы (1000 кг-нан 27000 кг-ға дейін, тіпті одан да жоғары) .
Сүт өнімділіктің дамуы келесі 3 факторға негізделген:
1. Азықтандыру жағдайын 50% жоғарлатуына;
2. 25% селекциялық-асылдандыру жұмысына;
3. 16% заманауи технологиялық әдістерге [11] .
1. 2. 1 Азықтандыру жағдайларының сүт өнімділігіне әсері
Сүт беру үшін жануардың қанында қашан да сүттің түзілуіне керекті заттар болуы қажет. Бұл, біріншіден, сиырларды үздіксіз әрі жеткілікті азықтандыру арқылы, екіншіден, рационға сиыр организміне қажетті қоректік және биологиялық белсенді заттарды беретін компоненттерді толық енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.
«Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы» атты (А. Ә. Төреханов, Н. Ә. Жазылбеков, М. А. Кинеев) анықтамалықта Қазақстан ғалымдарының ұзақ жылдар әрі мұқият жүргізілген зерттеулерінің негізінде әртүрлі қоректік заттардың организмдегі зат алмасу процестеріне, жануарлардың денсаулығына, көбею қызметіне және өнімділігіне әсері туралы мағлұматтар берілген. Анықтамалықта әртүрлі ауыл шаруашылығы малын азықтандыру нормалары мен рациондары берілген, оның ішінде сүтті сиырлардың 23-25 қоректік элементтерге мұқтаждығы ескерілген. Бұл нормалар жануарлардың физиологиялық күйін және жоспарланатын өнімділік деңгейін ескереді, рациондарды жақсы теңестіруге мүмкіндік береді, алынатын өнімге жұмсалатын азық шығындарын кемітеді.
Сүт өнімділігін қалыптастыру үшін малды азықтандыру және күтіп-бағу жағдайларының айтарлықтай маңызы бар, шын мәнінде бұлар оған басқа факторлардың әсер ету дәрежесін анықтайды. Жылдың әртүрлі маусымында сиырларды түрліше азықтандыру табыннан алынатын сүт мөлшерінің күрт өзгеруіне әсер етуі мүмкін.
Көптеген шаруашылықтардағы ең басты қиыншылық қысқы кезеңде сүтті сиырлар рациондарын теңестіру болып табылады. Бұл кезеңдегі нақты рациондарға талдау жасау оларда әдетте протеиннің жетіспейтінін, фосфор, кобальт, иод секілді элементтердің, Д витаминінің аз болатынын көрсетеді.
Жаз айларында сиырларды азықтандыруда барынша қолайлы жағдайлар қалыптасады. Бірақ әдетте «көп сүтті» 2-2, 5 ай ішінде ғана (жаздың ортасы) алады. Одан соң жайылым тұяқ кесті болып, шүйгіндігі азаяды, күйіп кетеді. Сиырлардың сүт өнімділігі күрт азаяды да, сүттің ең аз мөлшері қыркүйек, қазан және қарашада сауылады. Егер шауашылықта тамыр-түйнек жемістер егісі, бақша дақылдары, мал азықтық егістігі бар жасыл конвейер ұйымдастырылып, күзде сиырлар қосымша азықтандырылатын болса, сауылатын сүттің әр айдағы мөлшері бүкіл жыл бойында бірдей болады. Демек, малды жылдың әртүрлі маусымдарында азықпен жеткілікті камтамасыз ету -кез келген табындағы сиырлардың сүт өнімділігін арттырудың кепілі [12, 13, 14, 15] .
А. П. Калашников және т. б. құрастырған, ауыл шаруашылық малдарын азықтандырудың замануи нормасы мен рационында ірі қара малды азықтандыру ерекшеліктері мен сіңімділіктің 34 көрсеткіші бойынша сүтті сиырлар да есепке алынған. Бұл нормалар малдың физиологиялық күйін қарастырады және өнімділіктің деңгейін жоспарлайды. Айтып кететін жайт, АҚШ-та теңдестік рационын алу үшін сіңімділіктің 200 көрсеткіштері есепке алынады [16] .
Жаз айларында сүтті сиырларды азықтандырудың тиімді шарттары қалыптасады. Сиырлар қажетті мөлшерде жасыл шөпті жейді, бірақ көп сүтті 2-2, 5 ай аралығында ғана алады, содан соң жайлаудағы шөп шөптеліп, тапталып, жанады. Сиырлардың сүт өнімділігінің тез төмендеуі және ең төмен сауылым 9, 10, 11 айларында болады. Ал егер шаруашылықта сиырларды күз кезінде қосымша азықтандыру үшін азықтық орам жапырақ, бақша дақылдарын және тамыр түйнекті жемістер егісін қосып, жасыл конвейерді ұйымдастырсақ, онда жыл бойғы айлық сауымның көлемі тепе тең болып қалыптасады. Яғни, жануарларда жыл бойы бір қалыпты, қажетті, қанықты және толық құнды азықтандырылады. Әрбір табындағы сиырлардың сүт өнімінің жоғарлауының үлкен резерві бағытталған. Соңғы уақытта көптеген шаруашылықта жоғары өнімді сиырларды моно азықпен жыл бойы азықтандыру үлкен мән береді, бұл жыл мезгіліне байланысты емес бірқалыпты сүт алуға әкеп соқтырады [17, 18, 19] .
Азық өлшемімен алғанда мал рационындағы азықтар 70-75% көміртектік азықтардан тұрады. Олар күйіс малының үлкен қарынында ферменттер әсерінен глюкозаға, одан әрі ұшпалы май қышқылына дейін ыдырайды. Бұл қышқылдар үлкен қарында қорытылып, аздаған мөлшері ғана әрі қарай жылжиды. Ал қорытылған май қышқылдары қанға қосылып организмдегі зат алмасу процесіне активті түрде қатысады. Ұшпалы май қышқылдарына сірке, пропион, май қышқылдары жатады.
Ас қорыту процесі рационның құрамы мен типіне тікелей байланысты. Қалыптағы сірке қышқылының мөлшері 50-80%, пропион қышқылы 5-20% болып, олардың үлесі ас қорыту процесінің жүруіне байланысты келеді. Егер рационда небәрі 1-2 кг ірі азық болса, сірке қышқылының концентрациясы кеміп, пропион қышқыл концентрациясы өседі. Мұндайда сүттің майлылығы 0, 3-0, 5% кемиді. Үлкен қарындағы ас қорыту процесі рационда 4-5 кг ірі азық болғанда ғана қалыптағыдай жүреді (17-20% клетчатка) . Рациондағы 40% клетчатканы сабанмен ауыстырғанда үлкен қарындағы сірке қышқыл мөлшері және сүттегі майлылық та төмендейді. Ал рациондағы клетчатканың 70% сабанмен алмастырғанда сиырдың сүті де, сүттің майлылығы да күрт азаяды. Сүттегі майлылық біркелкі болу үшін рационда кем дегенде 14% клетчатка болу керек. Рациондағы клетчатка сүрлем мен пішендеме клетчаткасымен толығады. Ал сүрлем мен пішендеменің дайындау технологиясы бұзылса, сүрлемнің де, пішендеменің де ылғалдылығы артады, олардың құнарлығы төмендеп, келетін пайда жоқтығынан сиырдың сүті де азаяды.
Үлкен қарындағы асқорыту процессі өте көп жем бергенде бұзылып, сірке қышқылды ашу азаяды, пропион қышқылды ашу арта түседі. Себебі дәнді дақыл жемінде көмірсу мен крахмал көп. Мұндай ашу сүттің майлылығын төмендетіп, ақуыз мөлшерін көтереді. Сауын сиырларына рацион жасағанда осы ерекшеліктерді ескерген жөн. Дәнді азықтардың үлесі көп болса, организмде энергия көп бөлініп, соның әсерінен сүт мөлшері де артады. Мысалы, К. В. Куриловтың тәжірибесінде организмге бөлінетін энергияны 25% көбейткенде сиырдың сүттілігі 14-21 кг өскен. Бірақ майлылығы 3, 4 проценттен 3 процентке дейін төмендеген. Сиыр денесіне май жинап, берілген жемді сүт майын түзуге аз пайдаланған. Ал сүттегі майлылықтың төмендеп кетуінің тағы бір себебі сиырлар рационында клетчаткалы жем шөп үлесі азайып кеткен. Соның салдарынан үлкен қарындағы сірке қышқылы да азайған. Сондықтан, сиыр сүтінің майлылығын көтереміз деп рациондағы жемнің үлесін арттырып, ірі азықтың үлесін азайту бекер жұмыс [20, 21, 22, 23] .
Бұзаулаған соң сүтті сиырлардың сауылған сүтімен шыққан энергиясы азықтан алынған энергиясынан көп. Бұл сиырлардың сүтті көп беретін кезінде сүт түзуге шығарған энергиясының 70-80 процентін ғана алған жем шөп энергиясымен толтырады. Ал қалған бөлігі денедегі жиналған қордан толады. Соның салдарынан сиырдың тірілей салмағының төмендеуі мүмкін. Сиырға жем шөпті шамадан тыс көп бергенде қан алмасу процесі бұзылып, сірке қышқылы төмендейді де, сүт майлылығының төмендеуіне әсер етеді. Сондықтан сиырға әр бір кг сауылған сүтіне 250-300 г жем берілуі керек.
Жемшөптегі май сүттің майлылығы мен организмді энергиямен қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Егер сиыр рационындағы құрғақ заттардың 2, 5-3% май болмаса сүттің майлылығы туралы сөз етуге болмайды. Үлкен қарындағы микрофлора әсерінен май қышқылы түзіледі. Күнбағыс, мақта, кендір сықпаларында май көп. Бірақ жемдегі майлылық мөлшері 6 проценттен аспауы керек. Қазіргі кезде сүтінің майлылығы жоғары сиырлардың осы қасиетін сақтап қалу үшін жем шөпке натрий ацетатын, өсімдік майы мен мал майын араластырады. Бұл майлардың маңызы, әсіресе, көктемде зор. Себебі көктем айларындағы балаусада клетчатка аз болады [24] .
Рацион құрамы мен деңгейі сүт майы мен сүттілікке өз әсерін тигізеді. Сауын маусымы кезінде сүтті бағыттағы сиыр рационында 13-15% протеин болуы тиіс. Сүттілігі 2315 кг сиырға құрамында 9% протеині бар рацион жасалғанда олар тез арықтап, сүттің майлылығы 4-12 проценттен 3-10 процентке дейін төмендеген. Ал құрамында көп протеині бар рационға ауыстырғанда (18-22%) сиырдың сүттілігі жоғарылаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz