Органикалық тыңайтқыштар мен өңделген топырақ микрофлорасы



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 бет
II Негізгі бөлім
a) Органикалық тыңайтқыштар мен өңделген топырақ микрофлорасы ... ... ... ... ... ... ... 4 . бет
b) Топырақтың тірі бөлігі ... ... ... ... ... ... ... ..6 . 9 бет
c) ... ... ... ... ... ... ... ... 9 . 13 бет
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14 бет
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... .15 бет
Минералдық тыңайтқыштарды пайдалану интенсивті егіншіліктің бөлінбес құрамды бөлігі. Ғалымдардың есептеулері бойынша минералдық тыңайтқыштарды қолданудың пайдалы әсері болуы үшін олардың дүниежүзілік пайдалану мөлшері шамамен бір адамға шаққанда жылына 90 кг болуы керек. Бұл үшін тыңайтқыштардың өндірісі жылына 450— 500 млн. т. болуы қажет. Қазіргі кездегі дүние жүзіндегі тыңайтқыштар өндірісі шамамен жылына 200—220 млн. т. немесе адам басына шаққанда жылына 35—40-ы құрайды.
Тыңайтқыштарды қолдануды өндірілетін ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне жұмсалатын энергияның арту заңының көрінісі ретінде қарастыруға болады. Яғни өнімнің бірдей өсімін қамтамасыз ету үшін минералдық тыңайтқыштардың пайдаланылатын мөлшері де артады. Мысалы, тыңайтқыштарды қолданудың бастапқы кезеңдерінде гектардан қосымша 1 т астық алу үшін 180—200 кг азотты енгізуге жетеді. Келесі қосымша 1 т астық алу үшін 2—3 есе көп тыңайтқыш қолдану керек.
Минералдық тыңайтқыштарды қолданудың экологиялық мәселелері мына көзқарастар тұрғысынына қарастырылуы қажет:
1) тыңайтқыштар енгізілетін жерлердегі тыңайтқыштардың жергілікті экожүйелерге әсері;
2) пайдалану шекарасынан тыс жатқан экожүйлер мен оның звеноларына әсері, ең алдымен су ортасы және атмосфераға;
3) тыңайтылған топырақтан алынған өнімнің сапасы және оның адам денсаулығына әсері.
Экожүйеде тыңайтқыштарды еңгізуден іс жүзінде өнімнің артуы болмайтын, ал тыңайтқыштар мөлшерінің одан әрі артуы өнімің төмендеуіне әкелетін жағдай қалыптасуы мүмкін. Бұл жағдайда максималды шамасы бойынша шектеуші факторлар ережесінің орындалуы көрінеді.
Топырақ жүйесінде оның құнарлығының төмендеуіне әкелетін өзгерістер жүреді: қышқылдығының артуы, топырақ ағзаларының түрлік құрамы артады, заттардың зат алмасуы, құрылымы бұзылады және басқа да қасиеттері нашарлайды.
Тыңайтқыштардың, соның ішінде қышқыл, азот тыңайтқыштары әсерінен топырақтың қышқылдығының артуы одан кальций мен магнийдің шайылып кетуіне әкеледі. Бұл процесті нейтралдау үшін топыраққа осы әлементтерді енгізу қажет.Фосфорлық тыңайтқыштардың азоттық тыңайтқыштар тәрізді анық қышқылдандырушы эффектісі болмайды. Олар өсімдіктерде цинктің жетіспеуіне және алынған өнімде стронцийдің жиналуына әсер етеді.
Көптеген тыңайткыштарда қоспа заттар болады. Олар радиоактивті фонның, ауыр металдардың мөлшерінің артуына әкелуі мүмкін.
Аталған теріс құбылыстарды болдырмау жолы — тыңайтқыш-тардың ғылыми негізделген мөлшерін қолдану (оптималды дозасы, зиянды қоспалардың минималды мөлшері, органикалық тыңайтқыштармен кезектестіріп отыру және т.б.).
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет.
2. Қазақстан Энциклопедиясы
3. Қазақ энциклопедиясы I том

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Органикалық тыңайтқыштар мен өңделген топырақ микрофлорасы.
Минералдық тыңайтқыштарды пайдалану интенсивті егіншіліктің бөлінбес құрамды бөлігі. Ғалымдардың есептеулері бойынша минералдық тыңайтқыштарды қолданудың пайдалы әсері болуы үшін олардың дүниежүзілік пайдалану мөлшері шамамен бір адамға шаққанда жылына 90 кг болуы керек. Бұл үшін тыңайтқыштардың өндірісі жылына 450 -- 500 млн. т. болуы қажет. Қазіргі кездегі дүние жүзіндегі тыңайтқыштар өндірісі шамамен жылына 200 -- 220 млн. т. немесе адам басына шаққанда жылына 35 -- 40-ы құрайды.
Тыңайтқыштарды қолдануды өндірілетін ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне жұмсалатын энергияның арту заңының көрінісі ретінде қарастыруға болады. Яғни өнімнің бірдей өсімін қамтамасыз ету үшін минералдық тыңайтқыштардың пайдаланылатын мөлшері де артады. Мысалы, тыңайтқыштарды қолданудың бастапқы кезеңдерінде гектардан қосымша 1 т астық алу үшін 180 -- 200 кг азотты енгізуге жетеді. Келесі қосымша 1 т астық алу үшін 2 -- 3 есе көп тыңайтқыш қолдану керек.
Минералдық тыңайтқыштарды қолданудың экологиялық мәселелері мына көзқарастар тұрғысынына қарастырылуы қажет:
1) тыңайтқыштар енгізілетін жерлердегі тыңайтқыштардың жергілікті экожүйелерге әсері;
2) пайдалану шекарасынан тыс жатқан экожүйлер мен оның звеноларына әсері, ең алдымен су ортасы және атмосфераға;
3) тыңайтылған топырақтан алынған өнімнің сапасы және оның адам денсаулығына әсері.
Экожүйеде тыңайтқыштарды еңгізуден іс жүзінде өнімнің артуы болмайтын, ал тыңайтқыштар мөлшерінің одан әрі артуы өнімің төмендеуіне әкелетін жағдай қалыптасуы мүмкін. Бұл жағдайда максималды шамасы бойынша шектеуші факторлар ережесінің орындалуы көрінеді.
Топырақ жүйесінде оның құнарлығының төмендеуіне әкелетін өзгерістер жүреді: қышқылдығының артуы, топырақ ағзаларының түрлік құрамы артады, заттардың зат алмасуы, құрылымы бұзылады және басқа да қасиеттері нашарлайды.
Тыңайтқыштардың, соның ішінде қышқыл, азот тыңайтқыштары әсерінен топырақтың қышқылдығының артуы одан кальций мен магнийдің шайылып кетуіне әкеледі. Бұл процесті нейтралдау үшін топыраққа осы әлементтерді енгізу қажет.Фосфорлық тыңайтқыштардың азоттық тыңайтқыштар тәрізді анық қышқылдандырушы эффектісі болмайды. Олар өсімдіктерде цинктің жетіспеуіне және алынған өнімде стронцийдің жиналуына әсер етеді.
Көптеген тыңайткыштарда қоспа заттар болады. Олар радиоактивті фонның, ауыр металдардың мөлшерінің артуына әкелуі мүмкін.
Аталған теріс құбылыстарды болдырмау жолы -- тыңайтқыш-тардың ғылыми негізделген мөлшерін қолдану (оптималды дозасы, зиянды қоспалардың минималды мөлшері, органикалық тыңайтқыштармен кезектестіріп отыру және т.б.).
Тыңайтқыштардың атмосфералық ауаға, суға әсері ең алдымен азоттық тыңайтқыштармен байланысты. Азоттық минералды тыңайтқыштар ауаға бос күйінде (денитрификация нәтижесінде) немесе ұшқыш қосылыстар түрінде түседі.
Қазір газ түрінде азотты жоғалту мөлшері себебінен азоттық тыңайтқыштардың 10 -- 50%-ын құрайды. Азоттың газ тәріздес түрдегі шығынын кемітудің ең басты құралы -- оларды ғылыми негізделген мөлшерде қолдану (өсімдік жылдам сіңіру үшін тамыр) маңына енгізу, газ тәрізді шығынды тежейкіш заттарды, мысалы нитратрин пайдалану).
Азоттық тыңайтқыштар су көздеріне де айтарлықтай әсер етеді. Су қоймалары-ның тазалығы осы заттарға байланысты. Азот пен фосфор экожүйенің автотрофты звеносы (өсімдік) үшін шектеуші фактор болып табылады. Суда азот пен фосфордың көп мөлшерде болуы су қоймасында балдырлардың шектен тыс көбеюіне, әсіресе көк жасыл балдырлардың көбеюі арқылы теріс эффект орын алады.
Фосфордың судың құрамында аз болуы және улы әсерінің төмен болуына байланысты, ауыз суға тікелей теріс әсер етпейді. Бірақ азот туралы мұны айта алмаймыз. Оның судағы концентрациясы көбінесе рұқсат етілетін шамадан жоғары болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ережелері бойынша (ВОЗ) нитраттық азоттың зияны жоқ жоғары концентрациясы (ЗЖЖК) 45 мгл болып табылады.
Су мен су жануарларына хлорлы тыңайтқыштар (СІ, КСІ) және олардың басқа тыңайтқыштармен қоспалары зиянды әсер етеді Бұл әсіресе фосфорлық тыңайтқыштарға тән. Олардың құрамында фтор, ауыр металдар мен радиоактивті элементтер болады.
Минералдық тыңайтқыштар тек беттік суларды ғана емес, грунт суларында ластайды. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану олардың су көздеріне түсуін минимумға дейін кемітеді. Тыңайтқыштарды қар қабатына, ұшатын аппараттармен су қоймаларына жақын жерлерге шашуға, ашық жерде сақтауға және т.б. болмайды.
Минералдық тыңайтқыштар өсімдіктерге, өсімдік текті өнімнің сапасына, олармен қоректенетін ағзаларға зиянды әсер етеді. Олардың әсерінің негізгі түрлері Азоттық тыңайтқыштардың жоғары дозалары өсімдіктердің ауруы қауіпін туғызады.
Фосфор мен калий, әдетте азоттың зиянды әсерін төмендетеді. Бірақ, көп мөлшерде бұл элементтер де өсімдіктердің, жеңіл улануына әкеледі. Көптеген тыңайтқыштар, әсіресе құрамында хлор барлары адам мен жануарларды уландырады.
Калий тыңайтқыштары - өсімдік қорегі ретінде қолданылатын құра-мында калийі бар минералды заттар. Калий тыңайтқыштары табиғи калий тұз-дарынан алынады. Алғашқы калий тұздарының ірі кен орны 19 ғ-дың 40-жылдары Штасфуртта (Германия) табылды. Кейінірек Франция, Канада, АҚШ-та калий тұздары ашылды, хлорлы калий,калий селитрасы, калий сульфаты және т.б. өндіріле бастады. Калий тыңайтқыштары суда жақсы ериді, өсімдіктер тез сіңіреді, түрлі ауруға төзімділігін күшейтеді және дақылдар өнімділігін арттырады. Картоп, қант қызылшасын, көкөніс, темекі дақылдарына Калий тыңайтқыштары көбірек қажет. Калий картоп құрамында крахмалдың,тамыр-түйнекті дақылдарда қанттың, жемшөпте протеин мөлшерін арттырады. Калий тыңайтқыштарын топырақтың құрамына, тыңайтылатын дақылдар-дың биологиялық ерекшеліктеріне, тыңайтқыштардың химиялық қасиеттеріне байланысты әр түрлі мөлшерде шашады. Негізгі тыңайтқыш ретінде күзде не көктемде жер жырту не культиваторлау кезінде қолданады. Қант қызылшасын, картоп, жүгері және кейбір көкөніс дақылдарын Калий тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіреді. Бұл кезде Калий тыңайтқыштарын азот және фосфор тыңайтқыштарымен бірге қатар аралықтарына 10 - 12 см терең-дікке (20 - 30 кгга К2О) шашады. Қазақстанның Батыс Қазақстан облысыБатыс Қазақстан облысында, Қаратауда, т.б. жерлерде Калий тыңайтқыштарының мол табиғи қорлары бар.
Азотты тыңайтқыштар -- құрамында өсімдікке қорек болатын азоты бар органикалық (көң, шымтезек тағы басқалар) және минералдық заттар. Азоттың табиғи қосылысы -- натрий селитрасы (NaNO3) тек Чилиде ғана кездеседі. Азотты тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар. Аммоний сульфаты -- (NH4)2SO4 дүние жүзінде ең көп мөлшерде шығарылатын тыңайтқыш. Аммоний нитратының [(NH4)NO3] құрамында өсімдікке сіңімді азоттың мөлшері басқа азотты тыңайтқыштарға қарағанда көбірек келеді. Сұйық аммиак және онымен қанықтырылған аммоний тұздарының ерітінділері де құрамында азоты көп тыңайтқыштар болып табылады. Ал жоғары концентрлі азотты тыңайтқыштарға карбамид (мочевина) жатады. Карбамидті жануарлар жеміне де қосып пайдаланады. Ол көмір қышқыл газы мен аммиактың үлкен қысымда әрекеттесуі нәтижесінде алынады: CO2+2NH3= CO(NH2)2 + H2O. Азот топыраққа күрделі минералдық тыңайтқыштар түрінде де көптеп беріледі. Фосфор қышқылын аммиакпен әрекеттестіру арқылы аммофос алынады. Оның қышқылын бейтараптандыру дәрежесіне байланысты моноаммонийфосфат (NH4H2PO4) немесе диаммонийфосфат [(NH4)2HPO4]өндіріледі. Нитрофоска -- құрамында қоректік азот, фосфор және калий бар күрделі тыңайтқыш. Оны өндірісте аммоний гидрофосфатының [(NH4)2HPO4] аммоний нитратының (NH4NO3) және калий хлоридінің (немесе сульфатының) қоспасын балқыту арқылы алады. Қазақстанда азотты тыңайтқыштар Ақтаудағы "Каскор" Акционерлік Қоғамында (аммиак селитрасы, натрофоска), Степногорск кен-химия комбинатында (нитрофоска), Тараз минералды тыңайтқыштар зауытында (аммофос) өндіріледі.
Фосфор тыңайтқыштары - өнеркәсіптік әдіспен алынатын, құрамында өсімдік-тер үшін қолайлы нысанда фосфор болатын минерал заттектер. Фосфор тыңайт-қыштары ерігіштігіне және өсімдіктер үшін қолайлылығына байланысты үш топқа бөлінеді: 1) фосфоры суға еритін және өсімдіктер оңай сіңіре алатындай нысанда болатын тыңайтқыштар -- қарапайым және қосарлы суперфосфат; 2) фосфоры суда ерімейтін, бірақ әлсіз қышқылдарда (2%-дық лимон қышқылында) немесе аммоний цитратысілтілік ерітіндісінде еритін тыңайтқыштар -- преципитат, термофосфаттар, фторсыздандырылған фосфат. Фосфор тыңайт-қыштары -- өсімдіктер үшін қолайлылығы орташа нысан; 3) суда ерімейтін және әлсіз қышқылдарда нашар еритін, теккүшті қышқылдарда толық еритін тыңайтқыштар -- фосфорит ұны, сүйек ұны, өсімдіктер үшін жетуі қиын фосфор көздері. Суда еритін тыңайтқыштар ұнтақ және түйіршік түрінде, лимондық және цитраттық ерімелі тыңайтқыштар ұнтақ түрінде, еруі қиын тыңайтқыштар өте майда ұнтақ түрінде сондай-ақ, жануарлардың сүйектері және металлургия өнеркәсібінің фосфоры көп қалдықтары. Қандай шикізаттан алынғанына және өндірілу әдісіне байланысты қоректік элементінің (Р205) құрамы жөнінен фосфор тыңайтқыштары біршама әр түрлі болады. Дүние жүзінде өндірілетін фосфор тыңайтқыштарының жартысына жуығы суперфосфаттың үлесіне келеді. Бұл әмбебап фосфор тыңайткышын топырақтың барлық түрлеріңде және кез келген дақылға әр түрлі әдістермен қолдануға келеді. Түйіршіктелген суперфосфаттың ұнтақты түрден едәуір артықшылықтары бар: физикалық қасиеттері жақсы, қатар аралық сіңіру кезінде нәтижелілігі мол. Жаздық бидай егістігінде 20 кг заттектің енгізілуі әр гектардың түсімін 3 -- 3,5 ц арттырады. Алайда фосфор тыңайтқыштарын біліксіз қолданғаннантопырақтың басы артық фосфорлануы секілді зардабы болуы мүмкін. Фосфор уытты элемент болмаса да, фосфорлану кезінде топырақта тұздарконцентрациясының көп болуы өсімдіктердің өсуі мен дамуына, әсіресевегетация басталған кезеңде, теріс әсер етеді. Мұның үстіне топырактың фосфорлануынан басқа элементтердің біршама тапшылығы күшейіп, өсімдіктердің қоректенуі бұзылуының экологиялық тұрғыдан қауіпті түріне апарып соғуы мүмкін. Мұндайда өсімдіктер басқа элементтерді, соның ішінде ауыр металдарды көбірек сіңіруі ықтимал.
Топырақтың тірі бөлігі
Топырақ - тірі дене. Топырақтың құрамында тек өлі минералды заттар ғана емес, әр кезде азды - көпті тірі организмдер,түрлі микроорганизмдер мен қарапайым майда жәндіктер болады. Бұлар топырақтың тірі бөлігін құрайды. Микроорганизмдер табиғаттың ыстық - суығына да, оттегінің бары жоғына да, ортаның қышқылдығы мен сілтілігіне де қарамайды, барлық жағдайға бейім келеді. Тек оларға қажетті ылғал мен қорек зат болса болғаны, сондықтан олар табиғаттың барлық бұрышында да кездеседі. Олар топырақтың бір бөлігі болып саналады. Топырақтың тірі бөлігіне өсімдіктердің тірі тамырлары да жатады, өйткені өсімдіктің тамырынсыз топырақ пайда болмайды.
Топырақта микроорганизмдер және төменгі сатылы өсімдіктер: негізінен бактериялар, кейбір балдырлар, саңырауқұлақтар мен қыналар көп кездеседі. Бұлардың ішінде топырақта ең көп тарағаны - бактериялар.
Топырақта микроорганизмдердің түрлері мен санының әр түрлі болуы ондағы табиғи жағдайлардың, яғни топырақтың түрліше болуына байланысты. Ғылыми деректерге сүйенсек: құнарлы қара топырақтың бір грамында бактерия саны 5 миллиардқа, құнары аздау күлгін топырақта оның саны 1 миллиардтай екен. Еліміздің көрнекті микробиолог ғалымы Н.А. Красильниковтың есептеуіне қарағанда топырақтың құнарлы қабатында гектарына 5-7 тоннаға дейін тірі бактериялар болады екен (Красильников Н.А.,1954)
Балдырлардың да топырақта негізінен екі түрі, жасыл және диатомды түрі тіршілік етеді. Бұлар алғашқы топырақ түзушілер қатарына жатады. Топырақта көп тарағандардың бірі - саңырауқұлақтар. Олар негізінен орманды, ылғалды аймақтардың топырағында өседі.
Саңырауқұлақтардың көп тараған түрі - актиномицеттер (немесе сәулелі саңырауқұлақтар). Қыналар - топырақта көп кездесетін, алғашқы топырақ түзуші төменгі сатылы өсімдіктердің бірі.
Микроорганизмдердің көбісі топырақтың жоғары құнарлы қабатында, әсіресе, өсімдік тамырларының айналасында, қалаберді өсімдік тамырларының ішінде ( түйіршек бактериялар) кездеседі.
Топырақ құрамында бұл микроорганизмдер мен төменгі сатылы өсімдіктерден басқа төменгі сатылы қарапайым жәндіктер: амебалар, тамыраяқтылар, инфузориялар және тағы басқалар кездеседі. Бұлар-дың саны 1г топырақта 1-1,5 миллионға шейін жетеді.
Жоғарыда айтылған микроорганизмдер мен төменгі сатылы организмдер топырақта жай ғана өмір сүрмейді. Олар өседі, өнеді, өледі, сөйтіп топыраққа күрделі өзгерістер енгізеді.
Микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтарын шірітіп, ыдыратып жай қосылыстарға: суға, көмір қышқыл газына, аммиакка және басқа заттарға айналдырады.
Егер жер бетінде тек өсімдіктер мен жануарлар ғана болса, көп органикалық заттар ыдырамай, жинала берер еді де, табиғаттағы заттардың айналымына едәуір кедергі келтірер еді, тіршілік " санитарларынсыз" өмір де болмас еді.
Микроорганизмдер органикалық қалдықтарды тек ыдыратып қана қоймайды, олар бұдан күрделі түзіліс - гумус құрайды. Ол туралы жоғарыда айтылған. Сонымен топырақта өмір сүретін микроорганизмдер мен төменгі сатылы қарапайым жәндіктер оның қасиеттеріне әсерін тигізетін, тіпті өзі түзуші фактордың бірі бола тұрып, оның құрам бөлігі болып саналады. Міне, сондықтан да топырақ тірі денеге жақын деп танылып, биологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйін бактерияларының препараттарын алу технологиясы
Ауыл шаруашылығында колданатын бактериалды препараттар
Топырақ микроорганизмдердің негізгі мекені
ТОПЫРҚТАҒЫ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРЫ БАР ТОПЫРАҚТАҒЫ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР
Қара топырақ микрофлорасы
Топырақтың физикалық құрамы
Микроорганизмдердің топырақта таралуы
Топырақ, су, ауа, жануар денесінің, нәжістің, азықтың, сүттің микрофлорасы
Топырақтың жалпы зоогигиеналық маңызы
Топырақ микрофлорасы
Пәндер