Уыттылыққа себепші факторлар



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 бет
II Негізгі бөлім
a) Уыттылыққа себепші факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 . 5 бет
b) Арнайы (спецификалық) антигендер ... ... ... ... ... ... ...6 . 9 бет
c) Инфекциялы процестердің пайда болуы мен дамуына макро.организмдердің және орта жағдайларының poлi ... ... ... ... ... ... ... ... 9 . 10 бет
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11 бет
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... .12 бет
Инфекциялық процессте микро- және макроорганизмдер арасында күрделі өзара қарым-қатынас болады. Бұл бейімделу нәтижесі және олар микроб клеткаларының саны мен уыттылығына, микроорганизмніңоларға төтеп беру қабілеттігіне (бұл қабілеттіліктіңөзі көптеген басқа факторларға) байланысты. Инфекциялы процесс дамуы және ауру белгілері бөліну үшін микроб клеткаларының белгілі мөлшері және қолайлы орта қажет. Көп жануарлар организмінде зардапты микробтар болады, дегенмен ауру белгілері біліне бермейді. Микробтарды қабылдамайтын организмдерде оларға жағдай болмайды және олардың көбіөледі. Инфекциялы процестердің даму жылдамдығы қоздырғыш енген жерге байланысты: олар неғұрлым кәдімгі жиналатын жерге жақын болса ауру соғұрлым тез білінеді. Мысалы, туберкулезде қоздырғыш өкпеге енсе инфекциялы процесс тез дамиды; құтыру ауруының қоздырғышының миға не жұлынға жақын енсе процесс тез жүреді.
Өздерінің табиғаты бойынша жұқпалы аурулар жұқпайтын аурулардың мына ерекшеліктерімен ажыратылады: 1) Әрбір жұқпалы аурудың өзіне тән қоздырғыштары болады; 2) адамнан адамға, малдан малға жұғады; 3) жасырын кезең болады; 4) жұқпалы аурулардың өзіне тән спецификалық реакциялары болады (антиденелер түзіледі аллергиялық реакциялар дамиды); 5) аурудан жазылған организмдерде иммунитет қалыптасады. Кейбір ұзаққа созылатын ауруларда (адамның құруы, қойдың скрепи және висна ауруларында, құндыздың алеут ауруында, тышқандардың лимфоциттарлық хориоменингитінде) иммунитет организмде қалыптаспайды. Мұнын механизмі әлі белгісіз. Жоғарыда келтірілген аурулар барлық уақытта өліммен аяқталады.
Генле (1878) мен Кохтың (1882) триадасы (үш тағаны) үш түрлі шарттарға толық сай келуі керек: 1) аурудың қоздырғышы (мик¬робы) осы ауру кезінде табылуы керек; 2) Аурудың қоздырғышы басқа аурулар кезінде бөлінбеуі керек; 3) Аурудың қоздырғышының таза культурасын (себіндісін) малдарға жұктырғанда сол ауруды тудыруға, байқауға болады. Қазіргі кезде бұл триада өзінің маңызын жоғалта бастады.
1. Б.Т.Толысбаев, К.Б.Бияшев. Микробиология және иммунология. Оқулық. Алматы: «Нұр-принт» баспасы 2006 ж.
2. М.Құлдыбаев. Ауыл шаруашылығы микробиологиясы. Алматы: «Білім» 1994 ж.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Уыттылыққа себебші факторлар
Зардапты микроорганизмдердің уыттылығы мына қасиеттерге байланысты: 1) агрессивтк, 2) капсула түзуіне, 3) инвазивтік, 4) ток - син түзуіне (улар түзуіне), 5) улы ферменттер түзуіне, 6) арнайы антигендерге, 7) антигендік мимикрияға, 8) липополисахаридтерге (ЛПС), 9) адгезивтікігіне.
Қоздырғыштың агрессивтік қасиеті -- бұл зардапты микроорганизм-дердің денеге кіргеннен кейін, тіршілік етіп, көбейіп, тарап және организмнің қорғайтын күштеріне қарсы тұратын ерекше жағдайы болып табылады. Белоктық күрделі заттар микроорганизмдер - дің агрессивтік қасиетінің негізі. Осы заттарды 1898 ж. Байль ашты. Бұлар макроорганизмнің фагоцитке қатысатын клеткалар мен бір қалыпты антиденелердің жұмысына зиянын тигізеді. 60℃ 20минуттай қыздырғанда өздерінің активтігі (белсенділігін) жояды.
Н. А. Чистовичпен В. А. Юревич оларды антифагиндар деп атады. Мына жұқпалы аурулардың қоздырғыштарында агрессиндардың бар екені дәлелденді; сүзек, паратифтер, тырысқақ, сібір жарасы, диф - терия, оба (чума), туберкулез, іріңді инфекцияларда.
Капсула тузу. Капсула түзу түр белгілі емес. Бір түрге жататын микробтардыңөзінде капсулалы және капсуласыз штаммдар бола алады. Капсула қорғау қызметін атқарады, фагоцитозға төзімділігінарттырады, зардапты микробтардың уытылығын қолдайды. Мысалы, сібір жарасыньщ қоздырғышы организмде капсула түзеді, сондықтан да өлімге тез ұшыратады. Сонымен қатар сібір жарасының микробының капсуласыз штаммдарынан вакцина (СТИ) дайындайды; бұл вакцина жануарларды өлімге ұшыратпауы былай тұрсын, керісінше, дәл осындай патогенді микробтарға қабылдамаушылық қасиет береді. Оба, туляремия, қатерлі ісіктің қоздырғыштары (СL.perfringens) және пневмококктер капсуланы организмде түзеді. Риносклерома, озена, Фридлендірдің пневмониясының клебсиеллалары капсуланы организмде және жасанды қоректік ортада түзеді.
Инвазивтігі. Микроорганизмдердің макроорганизмдердің ткань-дарына ену, таралу және көбею қабілеттілігі. Кейбір микроорганизмдер арнайы заттар бөліп шығарады, бұл макроорганизмдердің микробтарға төтеп беру күшін, ең бастысы фагоцитозды тежейді. Бұндай комплекстер құрамына ферменттерде (гиалуронидаза, коллагеназа, лецитиназа, нейраминидаза және басқалар) кіреді. Мысалы, гиалу - ронидаза фермент дәнекерлік тканьдардың негізгі компоненті гиалурин қышқылын гидролиздейді; коллагеноза коллагенді ыдыратады және т.б. Осының барлығы тканьннан өтуді күшейтеді, инвазивтік дәрежесін арттырады және инфекциялық, процестің дамуына әсер етеді (латынның invasia -- басып көру деген сөзі -- нашествие).
Гиалуронидазаны стафилококктер, стрептококктер, зардапты ана- эробтар сібір жарасының, обаның, дифтерияның қоздырғыштары, пневмококктер түзеді және тағы басқалары. Фермент нейроминидазаны тырысқақ вибрионы, стафило-стрептококктер және грипптің вирусы. Бұл заттар аз мөлшдерде әсер етеді, өте активті болып келеді, бірақ, 60℃ 30 минуттің ішінде өздерінің күшін жояды.
Токсиндер - микроорганизмдер түзетін улы заттар. Экзо- және эндотоксиндер деп бөлінеді. Экзотоксиндер (белоктар) -- грамоң микробтардың сыртқы ортаға бөліп шығаратын не олар өлгеннен кейін босап шығатын тіршілік әрекетініңөнімдері.Эндотоксиндер микроб клеткасының денесімен, негізінде оныңқабырғасымен тығыз байланысты. Грамтеріс бактериялардың белоктардан, липидтерден және полисихаридтерден құрылған молекулалық, комплекстері; бұлқосылыстар клетка бұзылғаннан кейін ғана босап шығады.
Экзотоксиндер өте улы, термолабильді, басқа белоктар сияқты 60-80℃ температурада бірнеше минутта, қайнатқанда лезде бұзылады, жарық әсеріне сезімтал келеді. Құрғатылған (кептірілген) күйінде және төменгі температурада сақталады. Органдар мен тканьдарға таңдамалы әсер етеді, субклеткалық структураларды бұзады, клеткалар жұмысының қалыпты жүруіне зиянды әсер етеді. Мысалы, сіреспе токсины қимыл-қозғалыс нейронын зақымға ұшыратады, бұлшық еттердің тонустық жиырылуын туғызады және ботулизм токсині (нейротоксин) бас миы нервтеріне әсер етеді және көз, жұту органдарын зақымдайды, тыныс органдарын сал ауруына ұшыратады. Экзотоксин - мөлдір сары түсті сұйық зат. Оны культураны бактериялық фильтрден сүзу арқылы клеткаларды бөліп алу жолымен жеке алады. Микробтық экзотоксиндер синтезі плазмидтер, не профаггерде жиналған гендер әсерінен жүреді. Плазмидті не профагты клеткадан шығарса ол токсишпк кабиетш жояды; плазмидтер не профагты клеткадан қайта енгізсе токсин түзу процесін қалпына келтіреді. Экзотоксинді қарын сөлі бұза алмайды, ішек-қарыннан сіңіріледі. Токсиннен болатын аурулар оның микробтары организмге енгеннен кейін біраз уақыттан кейін білінеді. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады.
Токсиндердың ферменттік (мысалы дифтерияның) қасиеттері болады және биологиялық күшті улар қатарына жатады. Бұлардың кейбіреулерінің өлімге ұшырататын мөлшері стрихнин не жылан уының осындай мөлшерінен бірнеше есе аз. Теңіз шошқасы сіреспе токсинінің 5.10-3 мөлшерінен, не ботулизм токсинының 10-7 мөлшері өлімге ұшыратады. Токсиндердің кристалл препараттары бұдан да улы келеді.
Эндотоксиндердың, уылығы біршама төмен. Теңіз шошқасы эшерихий не салмонелл эндотоксинаның 5 -- 10 мл еккенде өледі. Экзотоксиндерден айырмашылығы-бұлар жылуға шыдамды, 120℃-та 30 минуттай қайнатуға және стерильдеуді көтереді. Эндотоксиндердіңлипополисахариды фракциясы пирогендік және токсиндігі активті келеді; белок фракциясы барлық, комплекске антигендік қасиет береді. Организмде грамтеріс микробтардың тез бұзылуы жануардың өлімге ұшырауын тездетуі мүмкін. Сондықтан күшті әсер ететін дәрі-дәрмек қолдану алдында осы жағдайды ескерту керек.
Экзо- және эндотоксиндер (тырысқақ вибрионы, эшерихийдің гемолитикалық штаммдары) түзетін микроорганизмдер болады.
Токсиндерге (сіреспе, ботулизм, дифтерия) формалин (0,3- 0,4 %) және жоғары 38-40°С температурамен әсер еткенде олар 2 -- 3 аптадан бір айда улық қасиетін жояды, бірақ иммунегенді қасиетін сақтап қалады. Кейбір токсинды инфекцияларда (сіреспе, ботулизм, дифтерия) қабылдамаушылық, қасиет тудыру үшін вакцина препарат ретінде қолданатын анатоксиндарды осындай жолмен дайындайды.
Химиялық құрамына қарай токсиндерді үш топқа бөледі: 1) белоктық, 2) глюцидтік -- липидтік-полипептидік комплекс, 3) полисахаридтық.
Белокты улы заттарға экзотоксиндерді жатқызамыз, оларды грам әдісімен оңга боялатын макроорганизмдер түзеді.
Глюцидтік -- липидтік-полипептидтік комплекске эндотоксин - дер жатады, бұларды грам әдісімен теріс боялатын микроорганизмдер түзеді.
Полисахаридтік токсиндерге лецитиназаны, коллогеназаны, коагулазаны, фибринолизиндерді жатқызамыз. Бұларды көп жағдайда стафилококктер, стрептококктер, пневмококктер түзеді. Бұл улар эритроциттерді, лейкоциттерді, нерв жүйесін зақымдайды.
Қоздырғыштардың улы ферменттері:
1. Летициназа -- қан плазмасы мен эритроциттердің құрамына кіретін, лецитинды ыдыратады. Осының салдарынан улы заттар түзеді.
2. Коллагеназа -- дәнекер ұлпаның коллаген талшықтарын ыды- ратады;
3. Коагулаза -- қанның фибринін ұйытады;
4.Фибринолизин (стрептокиназа) -- қанның фибринді шөгінділерін ерітеді. Бұл шөгінділер стрептококктер мен стафилококктердің организмнің ткандарына (ұлпаларға) таралуына кедергі болады;
5. Уреаза -- қанның құрамындағы мочевинаны ыдыратады, нәтижесінде аммиак түзіледі. Бұл макроорганизмнің нерв жүйесіне зиянын тигзеді (мұндай жағдай бруцеллез және тағы басқа ауруларда байқалады);
6. Декарбоксилаза -- қан және ұлпалардағы аминқышкылдарын ыдыратып карбоксильді топтар мен аминдер түзеді (гистаминдер, триптоаминдер және басқаларды). Аминдер күшті фармакологиялық, улардың ролін атқарады, организмнің ұлпаларына қатты зия - нын тигізедi (бұл ферменттерді сальмонеллалар мен дизентерия бактериялары түзеді);
7. ДНҚ-аза -- макроорганизмнің клеткаларының құрамына кipeтінДНҚ-ын ыдыратады, қатты зиянын тигізеді, әр түрлі қабыну пpoцеcтepiншақыра отырып (ДНҚ-аза ферменттердің дифтерия бактерияларының у түзетін штаммдары, стрептококктер, стафилококктер, анаэробтар және т.б. түзеді).
Арнайы (спецификалық) антигендер - кейбір зардапты бактерия- лардың уыттылығы клетка қабыкшасының құрамына кipeтiнуыттылық қасиеті жоқ антигендік комплекстерге байланысты бipaқ, бұл антигендк комплекстер (факторлар) макроорганизмнің қорғаныс күштеріне зиянын тигізеді, фагоциттердің қызметін төмендетеді және оларға қарсы организмде өздеріне тән антиденелер түзіледі. Бұларға клетка қабықшасының К-антигендерін, полисахаридтерден тұратын, кeйбip зардапты микробтардың капсулаларын (пневмококктердің және тағы басқалардың), энтеробактериялардыңVi-антигенін, гемолитикалық стрептококктердің М-протеиндерін, гpaмтepic бактериялардың глюциттік-липидтік-полипептиттік комплекстерін (К, Vi, М, О, Н антигендер) жатқызамыз. Сальмонеллалардың талшықтарының (жгутиктарының) құрамына кіретін Н-антигенің макроорганизмге зардаптылығы бар екені де анықталып отыр.
Антингендік мимикрия (ағыл.mimicry,гректің mimikos-подра- жительный-еліктеуші деген мағынаны білдреді). Бұл қоздырғыштардыңантигендерімен ауырған макроорганизмдердің арасында ұқсас, жалпы антигендер бар екені анықталды, көптеген ғалымдардың тексерулерінің арқасында. Мысалы оба ауруының таяқшаларында, пневмококктерде, ciбip жарасының бациллаларында, көптеген гpaмтepic бактерияларда, грипп ауруының вирустарында және адам қанының эритроциттерінде ұксас жалпы антигендері бар. Қоздырғыштарда макроорганизмнің мұндай антигендернің болуы олардың организмге тез кipiп, көбейіп-өсіп жиналып, қорғайтын күштердің белсенділігін төмендетіп, инфекциялық, процестердің созыла тyciп, ақырында оны өлімге әкеп соғады. Мұныңceбебi орга - низм қоздырғышты бөгде заттар демей "өзімнің антигендерім" деп қабылдап, қарсы тұра алмай қалады.
Жалпы антигендер (Форсманның антигендері, 1911) мына объек-тілердің араларында бар екені анықталды: 1) құстардың қаны - ның эритроциттері мен пастереллалардың арасында байқалады, 2) оба (чума) ауруының қоздырғышы мен адам қанының эритроциттерініңарасында кездеседі; 3) шешек ауруының вирустары мен адам қанының, эритроциттерінде кездеседі; 4) мерез (сифилис) ауруының қоздырғышы мен бұқаның жүрегінен дайындалған экстрактінің арасында кездеседі, 5)жылкының жұқпалы анемиясыныңвиpyci мен қойдың қанының сарысуының липидтік фракцияларының арасында да болады.
Липеполисахаридтер (ЛПС) - инфекциялық процестің дамуына ЛПС-дің ролі өте маңызды. Липополисахаридтер организмде пирогендік фактордың ролін атқара отырып оның температурасын көтеріп, теріде қызыл дақтардың пайда болуына себепкер болады. ЛПС-тер эндотоксиндер, денеге жібергенде ақ тышқандарды өлтіреді, бактериялардың төзімділігін, қанның құрамындағы бактерицидтік антиденелерге көтере түседі, комплементті талқандайды. Липополисахаридтер полисахаридтерден, ядродан және липид А-дан тұрады.
Бактериялардың адгезивтік қасиеттері. Зардапты бактериялардың уыттылығының маңызды факторларының бipi адгезивтік қасиеттepi. Осы қасиеттерініңа рқасында бактериялар сезімтал, қабылдағыш, ішектердің кілегейліқабықтарынажабысып,байланы сқатүседі.Осыдан кейінжабысқанбактериялардыңколлониз ациясыжүреді(өciпкілегейліқабықтард ыңбетіндежайыла,тарайбастайды).Мұнд ай микробтарға тырысқақтың қоздырғышын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пенициллинді антибиотиктердің сипаттамалары
Пестицидтердің қоршаған ортаға және адам организміне әсері
Цианид қосылыстары
Дәрілік заттарды полимерлерге иммобилизациялау алғышарттары. Физиологиялық белсенді полимерлер
Антибиотиктердің медицинада қолданылуы
Жүрек глиозидтері
Травматикалық күйік
Химиялық қауіпті заттар
Диуретиктер
Автокөліктің қоршаған ортаға тигізетін әсері
Пәндер