Топырақтың химиялық құрамы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Топырақтың химиялық құрамы
2. Топырақта жүріп жатқан күрделі химиялық процестердің қоғам тіршілігі үшін маңызы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Жер яғни топырақсыз адамның өмірі. Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген. Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жыртудың зиянды еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологияық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде. Мыс: фосфорбактерин органикалық заттарды алдыратын, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырады. т.б. Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес. Сирек кездесетін құрамы маңызды элементтердің болмауы өсімдіктің ауруына, түсімнің аз болуына әкеліп соғуда.
1.Қалдыбаев.С.Қ.,Топырақтану негіздері,Алматы-2012
2.Интернет
3. Тазабеков Т.Т., Калдыбаев С.К., Тазабекова Е.Т. Топырақтану. Алматы, 2004;

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Тақырыбы:Топырақтың химиялық құрамы

Орындаған:Иманкулова А.К.
Тексерген:Блисов Т.М.

Қостанай 2013
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Топырақтың химиялық құрамы
2. Топырақта жүріп жатқан күрделі химиялық процестердің қоғам тіршілігі үшін маңызы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер

І. Кіріспе
Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Жер яғни топырақсыз адамның өмірі. Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген. Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жыртудың зиянды еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологияық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде. Мыс: фосфорбактерин органикалық заттарды алдыратын, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырады. т.б. Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес. Сирек кездесетін құрамы маңызды элементтердің болмауы өсімдіктің ауруына, түсімнің аз болуына әкеліп соғуда.

ІІ. Негізгі бөлім
Топырақ түрлі минералды (90-99%) және органикалық заттар (1-10%) мен топырақ ауасынан тұрады.Топырақтың химиялық құрамының маңызы зор, ол құнарлығын айқындаумен қатар, өсімдік құрамына әсерін тигізеді. Топырақтың химиялық құрамына өсімдіктердің химиялық құрамы тәуелді деуге болады. Топырақ құрамы мен жер сулары арасында тікелей байланыс бар. Қандай да бір макро және микроэлементтердің кемістігі немесе тым көп болуы азықтық өсімдіктердің өнімділігіне, сондай-ақ құрамындағы жекелеген элементтер мөлшеріне әсерін тигізеді. Жануарларды азықтандыруға пайдаланылатын өсімдіктерде кейбір элементтер кемістігі немесе көп болуы, өнімділік төмендеуі мен бірқатар аурулар байқалуының себебі бола алады.
Егер топырақта азықтық өсімдіктерде кальций және фосфор тұздары жетіспесе, жануарлар организмінде минералды алмасу бұзылып, нәтижесінде рахит (жас төлдерде), остеомаляция (ересек жануарларда,) іш тастау тәрізді аурулар байқалады. Топырақ пен азықтарда натрий мен магний жетіспеуінін де салдары ауыр. Кальций, фосфор, магний, натрий, көміртегі, сутегі, азот өттегі, күкірт, калий, темір, кремний, алюминий, хлор макроэлементтерге жатады. Олардың топырақта, өсімдік, жануар организмдеріндегі мөлшері бүтіннен жүздік пайыздарға дейін ауытқиды.
Макроэлементтер жануардың тірі салмағының 99,9%-ын құрайды, ал тек 0,1% ғана сан жағынан көп (100-дей) топ-микроэлементтерге келеді. Микроэлементтер организм үшін энергетикалық шикізат болып табылады. Электролиттер есебінен олар осмостық қысымды, ұлпа сұйықтықтарындағы иондардың динамикалық тепе-тендігін реттейді, организмнің жаңа жасушалар түзуіне қатысады, гормон, дәрумен, ферменттер құрамына енеді.

1.Топырақтың химиялық қасиеттері

Организмдегі микроэлементтер алмасуы орталық нерв жүйесі тарапындағы бақылауға тәуелді. Орталық нерв жүйесінде микроэлементтер шоғырлануы біркелкі емес. Мәселен, мидың сұрғылт заттегінде басым түрде кобальт, марганец, мыс, молибден, мырыш, ванадий мен хром болса, ақ заттекте олар едәуір аз. Нерв жасушалары ядроларында басым түрде ауыр металдар шоғырланады. Ми сұйықтығы мен сопақша мида мыс, мидың үлкен жартышарларында - кобальт, мишықта-мырыш көп.
Барлық ұлпалар мен ағзаларда нақты бір микроэлементтер шоғырлануы байқалады. Қалқанша безде-йод, өкпеде-литий, гипофизде-кобальт,мырыш, хром, бүйректерде-кадмий, қанның пішіндес элементтерінде-марганец, мыс, мырыш, кадмий, қан плазмасында-кобальт, титан болады. Қойлар мен бұзаулар жүнінде көп мөлшерде йод болады.
Топырақтың құрғақ затында 1 кг 5мг-аз йод болғанда, жануарларда зат алмасу біршама бұзылады, ақуыз бен көмірсулар алмасуы төмендейді, су мен хлоридтер тежелуі орын алады, нәтижесінде теріасты шелінің домбығуы байқалады, қанда кальций мен фосфор мөлшері азаяды, тотығу үрдістері мен газ алмасуы төмендейді, жылу туындалуы азаяды, сүйек өсуі тежеледі, қысырлық, бедеулік, өлі туулар орын алады.
Өнімділіктің барлық түрлері төмендейді. Йод организм үшін орны толмас микроэлемент, онсыз барлық жасушалардың тіршілігі тыйылады.
Егер 1 кг құрғақ топырақта 3 кг-дан аз кобальт болса, жануарларда акобальтоз ауруы байқалады. Акобальтозбен ауырған кезде жануарларда (В12 авитаминозы) күйзелу, тәбеті бұзылуы (жалақ), қаназдылық, өршитін жүдеп-жадау (кахексия, өлім).
Топырақтың 1 кг құрғақ затында 2 кг-дан аз мырыш болуы жас жануарлардың өсуінің баяулауы мен жүдеп-жадауына, жүндерінің түсуіне, жыныс безі қызметінің төмендеуі мен бедеулікке әкеліп соғады. Егер топырақтың 1 кг құрғақ затында 1 мг аз мыс болса, жануарларда өсу баяулайд, қан аздылық, жас жануарлар жүдеп - жадауы, жүннің тұйпалануы, терінің депигментациялануы, жалақ байқалуы, сүйектер пішінінің өзгерілуі, ұдайы өндіру қабілетінің жоғалуы, сүт өнімділігі төмендеп, жоғалуы тәрізді белгілер байқалады, жануарлар орталық нерв жүйесі зақымдалуы белгілері байқалатын ауруларға шалдығады, аяқтар салданады.
Топырақтың 1 кг құрғақ затында 500 мг аз марганец болуында жас жануарлардың аяқтарының пішіні өзгереді, өсіп өнуі баяулайды. Жүн сапасының төмендеуі орын алады. Іш тастаулар мен қысырлық байқалады. Құстарда перозис дамиды. Аурулардың алдын алу үшін азықтандыру рационына дәрумендер енгізу қажет, топырақ тиісті тыңайтқыштармен өңделуі керек.

2. Топырақта жүріп жатқан күрделі химиялық процестердің қоғам тіршілігі үшін маңызы
Топырақтың адамзат үшін маңызы. Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызын айтып жеткізу қиын. Егер бұрынғы кезде өскен өнімді жинау кезінде топырақтың жанама маңызы болуы, себебі ол адамды жабайы өсімдіктер өнімдерімен қамтамасыз етті, ал жер жыртып, егіншілікпен айналысқан кезден бастап топырақ азық өнімдерінің көзіне айналды. Сондықтан еңбек адамы ежелден осы табиғи байлыққа үлкен құрметпен қарады. В.В.Докучаев ойынша қара топырақты жерлерді Ресейдің негізгі байлығы деп атайды. Өндірістің кейбір салалары топырақты пайдалануға негізделген. Соның бірі маңызды азық-түлік өнімдерін жеткізуші ауыл шаруашылығы. Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі құралы болып табылады. Топырақтың орман шаруашылығында және құрылыс салғанда - инженерлік құрылғылардың іргетасының негізгі ретінде және жол салуда гидротехникалық құрылыста құрылыс материалы ретінде маңызы зор. Топырақта жүріп жататын күрделі биологиялық, физика-химиялық және химиялық процестердін адамзат қоғамының түрлі тіршілік салалары үшін мәні зор. Осы процестерді тану топырақты іс жүзінде пайдалануда жаңа мүмкіндіктер ашады. Микробиологиялық және геохимиялық процестерді зерттеуге байланысты топырақтың халық денсаулығы үшін маңызы анықтала түседі. Топырақтағы физика-химиялық құбылыстарды зерттеудің гидротехникалық құрылыс үшін және алыс қашықтыққа созылған магистралық құбырлар салу үшін маңызы бар. Топырақтағы биогеохимиялық және геохимиялық процестерді пайдалы қазба кен орындарын іздеу кезінде пайдаланады. Жердің ауыл шаруашылығы үшін маңызы ерекше, сондықтан осы сұрақ алдымен қаралуы керек.
Топырақ құнарлығы. Топырақ еңбек құралы және өнімі ретінде. Топырақ құнарлығы деп оның табиғи және мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз ету қабілетін айтады. Топырақ құнарлығы оны кез-келген борпылдақ тау жынысынан ажыратуға мүмкіндік беретін ерекше сапа. Бұл сапаның адамзат қоғамы үшін маңызы зор. Табиғи топырақ құнарлылығы олардың қалыптасуы барысында топырақ түзу факторы әсерінен болады және табиғи өсімдіктер өсімділігімен бағаланады. Өнделетін жердің құнарлығы ауылшаруашылық өнімдерінің түсім көлемімен өлшенеді және ауылшаруашылық өндірістің деңгейіне: осы топырақтың зиянды химиялық қасиетін жоя білуге, қолайлы су мен ауа режиміне, минералдық, органикалық, бактериялық тыңайтқыштар пайдалану мүмкіндігіне, ауылшаруашылық өндірісінің механикаландыру деңгейіне байланысты. Түсім көлем еңбек өнімділігіне тікелей байланысты болғандықтан, топырақ құнарлығы да қоғамдық өндірістің маңызды кезі болып есептеледі. Табиғи топырақ құнарлығының көрсеткіштері - аудан бірлігіндегі жылдық өсімдіктердің үстеме өсуі: Тундра үшін 10-25цга Гүлді және шым гүлді топырақ 45-85 цга,Қара топырақты жер 90-137 цга, Каштан топырақтар- 40 цга, Сұр-қоңыр топырақтар- 12 цга, Тропикалық саваннаның қызыл және сары топырақтары -120 цга ,Ылғал тропиктердің қызыл және сары топырақтары- 325 цга. Күнделікті өмірде құнарлы деп белгілі бір мәдени өсімдіктер үшін қолайлы топырақты атайды. Шынында құнарсыз топырақ болмайды, себебі құнарлылық топырақтың ажырамас қасиеті. Кез-келген топырақ, онда жақты өсетін өсімдіктер үшін құнарлы боп табылады. Мысалы, құнарсыз екені айқын сортаң жерлерде кейбір сортаң шөптер жақсы өседі, олар басқа жерде өсе алмайды. Сұр топырақты жерлер мақта өсуіне қолайлы, бірақ картоп үшін құнарсыз т.б.
Өсімдіктер қалыпты өсу үшін топырақта мына жағдайлар болуы тиіс:
1. Өсімдік бойына сіңіре алатын формадағы қорек элементтері болуы тиіс.
2. Өсімдік сіңіре алатын формада су болуы тиіс.
3. Өсімдік тіршілігі үшін қажетті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етілуі тиіс. 4. Топырақ массасының құрылымы қолайлы болып онтайлы ауа - су режимін қамтамасыз етіп тамырлардын топыраққа жақсы өтуін одан қоректікз аттар мен ылғалдық керегінше алуын қамтамасыз етуі тиіс.
5. Өсімдіктер үшін зиянды қоспалар болуы тиіс.

Мәлім болғандай өсімдіктер негізгі қорек элементі ретінде топырақтан азот, фосфор, калий, кальций, темір, күкіртті сініреді. Химиялық талдауға қарасақ, топырақтағы химиялық элементтер құрамы көп, және ол көп жылға жетеді. Н.П.Ремезов деректері бойынша, қаратопырақ құрамында азот пен фосфордың көптігі сонша, бидайдан орташа түсім алғанда әлі 250 жылға жетеді екен, ал калий құрамы - 3 мың жылға жетерлік. Бірақ өсімдіктер үшін элементтер мөлшері емес, топырақтағы өсімдік сіңіруге ыңғайлы формалары маңызды. Қара топырақтың жыртылатын горизонтындағы қоректік элементтердің жалпы қоры, 1 га шақанда Н.П.Ремезв бойынша 1952ж. Элементтер Мөлшер Бидайдың орташа түсімінің қандай мөлшерін қамтамасыз ете алады Топырақтағы азоттың көп бөлігі органикалық қана түрінде болады, сондықтан ол күрделі, соның ішінде мәдени өсімдіктер үшін сінірілмейді. Тек микробиологиялық тіршілік нәтижесінде пайда болушы аммонии және нитрат қоспалар ғана өсімдікке сіңімді. Фосфордың органикалық қоспаларфы және фосфор құрамы минералдардың көбі өсімдіктерге сіңбейді. Топырақтағы калий негізгі массасы екінші дисперсиялық силикат (гидросиюд) құрамына кіреді, бұл күйінде оны өсімдіктер қорыта алмайды. Өсімдіктер сіңірілген калийді және калийдің суда еритін қоспаларын бойына тарады, бұлардың топырақтағы мөлшері мардымсыз. Кальций мен магний де сіңірілген және суда еріген күйінде ғана өсімдіктерге пайдалы. Өсімдіктерге сіңімді түрдегі химиялық элементтер құрамы олардың жалпы құрамына қарағанда өте аз.Сондықтан мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі үшін (демек, жақсы өнім алу үшін) кейбір қоректік элементтерді сіңімді формада топыраққа тыңайтқыш ретінде қосу керек. Оның тағы бір себебі жыл сайын жиналған өніммен бірге химиялық элементтер де топырақтан алынып, азаяды. Демек, өсімдіктердің қалыпты өсуіне керек элеметтер мөлшері де азаяды, бұл егін өніміне әсер етеді. Мысалы, бұл құбылыс АҚШ орталық аудандарында байқалды, онда 20 жыл ішінде топырақтағы азот мөлшері 20% - ке кеміген, келесі 20 жылда 10% - ке, келесі 20 жылда 7% - кеміген. Сондықтан агрохимия ережесіне сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ табиғи тарихи дене және ауыл шаруашылығының өндірісінің дүниесі
Топырақтың жалпы зоогигиеналық маңызы
Топырақтың минералды коллоидтары
Топырақтың фазалық құрамы
Топырақ ылғалы
Көмір гуминді тыңайтқыштардың топырақ құрамына әсерін зерттеу
Топырақтың химиялық мелиорациясына анықтама
Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы
Топырақтардың құрамы
Топырақ түзілу факторлары
Пәндер