Бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда көрнекілік арқылы білім беру жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Математика сабағындағы көрнекілік және оны пайдалана білу әдістемесі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I. Көрнекілікті пайдаланудың теориялық ерекшеліктері

1. 1 Көрнекілік принципінің психологиялық - педагогикалық негіздері.

1. 2 Бастауыш сыныптарды оқытудағы көрнекіліктердің түрлері мен рөлі

ІІ Математика сабағында көрнекілікті пайдалану әдістемесі

2. 1. Бастауыш сыныптарды оқытудағы көрнекіліктердің түрлері мен рөлі

2. 2 Бастауыш сатыда математикада көрнекіліктерді пайдалану - сапалы білім кепілі

ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

ҚОСЫМША 1. Ашық сабақ үлгісі.

ҚОСЫМША 2 Математикалық шара, 4-ші сынып.

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КӨРНЕКІЛІК - принцип, осыған сәйкеә оқушылардың арқылы тікелей қабылданған емес моторлық, сонымен қатар тактильдік түйсіктер арқылы қабылданған нақты үлгілерге құрылған оқыту [4, 70 б. ] .

КӨРНЕКТІ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ - оқу мақсатында жасалған заттар мен құбылстардың кескіндері. Көрнекі оқу құралдары кескіндеоген (суретшіл, шығармалары, фотосуреттер, таблицалар, схемалар, графикалық карталар және т. б. ) және табиғи болып екіге бөлінеді[ 4, 70 б. ] .

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІ (Барысы) - мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білім беру, түлғаны тәрбиелеу және дамытуды шешуге бағытталған оқу - тәрбие және өзбетімен білім алу үдерістерінің жиынтығы. [ 5, 36 б. ] .

ТЕОРИЯ - ойлауда объективті табиғат және әлеуметтік шындықты жүйелі және логикалық бірізді қайта жаңғырту. [ 6, 98 б. ] .

ТӘРБИЕЛЕУ - бала тұлғасының дамуына, оның қазіргі мәдениет ауқымына енуіне, өзінің өмірінің субьекті ретінде қалыптасуына, оның сылтаулары мен құндылықтарының қалыптасуына әсер ететін мақсатқа бағытталған педагогтің кәсіби іс-әрекеті [4, 145 б. ] .

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ - оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың объективтік заңдылықтарын танудың тәсілдері мен айлаларының жиынтығы. [ 4, 120 б. ] .

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға бейімделген.

Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушылардың білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қалатындығы баршаға белгілі.

Білім негізі бастауыш сыныпта қаланбақ. Осы орайда оқушыларды математика негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектепте текстілі есептер шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту көкейтесті мәселе.

Математика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір - бірімен байланысты жүзеге асырылады: саналылық, көрнекілік, жүйелілік, беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, жекеше қарым - қатынас т. б. Математиканы оқытуда көрнекілік принципінің рөлі ерекше.

Математика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір - бірімен байланысты жүзеге асырылады: саналылық, көрнекілік, жүйелілік, беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, жекеше қарым - қатынас т. б. Математиканы оқытуда көрнекілік принципінің рөлі ерекше.

Көрнекі түрде оқыту - оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту бір жағынан оқушылардың қабылдауына сүйенсе, ал екінші жағынан олардың түсініктеріне сүйенеді.

Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазақ бастауыш мектеп дидактикасын қайта құру, жаңа тұрғыдан жетілдіру, педагогика ғылымының кезектегі міндеті болып табылады. Осыған орай білімінің маңызын оның білім беру жүйесінде алатын орнын, орта білім берумен сабақтастығын анықтау, сондай - ақ бастауыш мектептегі оқу тәрбие процесінің ерекшеліктерін және әдістері мен формаларын жетілдірудің жолдарын ашып беру - бастауыш мектеп дидактикасының алдындағы тұрған міндеттері екенін айтуға тиіспіз.

Оқытуда мұғалім мен балалардың арасында адамгершілік, ізгілік қатынастарының және ынтымақтастыққа негізделген оқу әрекетінің ерекшелігін анықтау дидактиканың шұғылданатын мәселесі. Сонымен қатар оқу - тәрбие процесінде әр баланың бойындағы жеке басының ерекшеліктері есепке алынуы тиіс. Көрнекілікті көрсетуде әр баланың ұғымы, сезімі, танымы, қабылдау қабілеті әр түрлі.

Зерттеу мақсаты - бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда көрнекілік арқылы білім беру жолдарын анықтау.

Зерттеу міндеті :

1. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу жасап, ғылыми тұрғыдан талдау жасау.

2. Балалардың есеп шығаруда математикалық білімін көрнекі құралдар көмегімен белгілі бір жүйе бойынша дамыту мүмкіндіктерін анықтау.

3. Балалардың есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытудың тиімділігін тексеру.

Зерттеу әдісі -зерттеу тақырып бойынша педагогикалық - психологиялық, әдістемелік әдебиеттермен танысып, талдау жасау; озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен танысу; салыстыру, жүйелеу, бақылау, әңгімелесу; бақылау; ізденушілік және зерттеушілік жұмыстар.

Зерттеудің ғылыми болжамы - егер бастауыш сыныпта математика сабағында көрнекілікті тиімді пайдалансақ, онда оқушылардың математикадан білім деңгейі жоғарлар еді, өйткені бұл жағдайда, оқушылардың математиканы оқуға деген қызығушылығы мен ынтасы күшейе түседі.

Зерттеу объектісі - балалардың математика сабағында көрнекіліктің түрлері мен оны пайдалану үрдісі.

Зерттеу құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Қолданылған әдебиеттер тізімі бар.

I. Көрнекілікті пайдаланудың теориялық ерекшеліктері

1. 1 Көрнекілік принципінің психологиялық - педагогикалық негіздері.

Оқыту жүйесінде көрнекілік принципінің алатын орны ерекше. Оқушылардың дүние танымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады. Ол заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп байқауға мүмкіндік береді.

Көрнекілік принципінің мақсаты оқытылып тақырыпқа сай оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын орнату және есте сақтау қабілетін шыңдау; мұғалімнің өз ойын оқушыларға нақтылы дәлелдеуі үшін қолдану.

Көрнекілік принципінің міндеті, біріншіден заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін, көлемін түр - түстерін көрнекілік құралдарын пайдалану арқылы оқушыларға жеткізу. Бұл принциптің екінші міндеті оқушылардың алатын білімін нақтылау үшін сабақтар жүйесінде қолданылатын көрнекі құралдары мен оқудың барлық мазмұнын практика мен өмірмен байланысын қамтамасыз етуді көздейді.

«Көрнекілік құралдары » ұғымының мазмұны психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде түрліше сипатталады. [1]

«Көрнекілік терминінің түбірі көру» естігеннен шықса да, қазіргі уақытта ол түрліше сезім мүшелері арқылы санаға әсер ету керектігін білдіреді[2] .

Себебі біз оқушылардың білімді қабылдануда сезім мүшелерінің қызметі жайлы жоғарыда айтқанбыз. Оқушылар тікелей түйсіну, көру, есту мүшелері арқылы әртүрлі заттардың формасын, түсін, көлемін, бейнесін көріп, дыбысын естиді. Осылардың негізінде оларда түйсінуі арқылы ой пайда болады, нақтылы құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасы оянады, дағды қалыптасады.

Ұғыну - тікелей сезіну процесінен бастау алса, тікелей сезіну - түйсіну, қабылдау, елестеу арқылы іске асады. Қабылдаудың ерекше түрі - бақылау. Бақылау - тікелей сезіну процесінің күрделі түрі. Мұғалім сабақтар жүйесінде көрнекілікті пайдалану барысында оқушыларды бақылай білуге, салыстыра, қатар қоя білуге, қабылдаған ұғымдарын дамытып, оларды жетілдіре беруге дағдыландырады.

Я. А. Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгеру құралы ретінде қарастырса, И. Г. Пестолцци бойынша ол - логикалық ойлаудың дамыту құралы деп қарастырады. Осы жөнінде К. Д. Ушинский, оқушылардың бойында бақылағыштық, танымдылық белсенділікті дамыту үшін көрнекі оқытуды талдау негізінде оқушыларда айқын обрыздар тудыратын өзіне таныс заттардың жаңа жақтарын ашатын, оқу материалын неғұрлым берік шешуіне көмектесетін көрнекі құралды көрсетуге кеңес береді. Өйткені, олар бір жағынан оқушылардың ой - өрісін, ауыз екі тілін, жазу дағдысын, айналасындағы өмір туралы түсінігін кеңейтеді және оқушының деңейіне сай саралап жасалғанда нәтижелі болады. Демек, оқу озаттарын тежемейді. Әрі үлгерімі төмен оқушыны ескерусіз қалып қоймай олардың теориялық білімі мен дағдыларын дамытуға әсер етеді.

В. Шаталов «Жинақы әдеттен тыс тірек сигналдары оқушыларды қызықтырып, оларды белсенді еңбекке, ізденіске бастайды, сонымен қатар оқу проблеммаларына аударады.

Осыған орай баланың бойында аса маңызды қасиет қалыптасады, күнделікті, сан мәрте көз алдынан өтіп жатқан құбылыстар мен заттарды өзінен әдеттегіден тыс жәйтті аңғарады»десе, көрнекі құралды пайдаланудың танымдық тиімділігі В. Занковтың пікірінше «оқушыларға объектімен оның қасиеттерін көрсету - бұл сөз бен көрнекі образдың оқушының тиісті дәрежеде қабысуына қол жеткізу деген сөз емес. Егер оқушы объектінің қасиетін өзі айыра алса және оған сөзбен өзі сипаттама берсе оның бойында объекті туралы түсінік қалыптасады және қасиеттердің сөздік белгілері анықталып байланысқа түседі».

Көрнекі құралдар мен мұғалім сөзін ұштастыру проблеммалары Л. В. Занковтың ( «Мұғалімнің сөздері мен көрнекі құралдардың оқыту ішіндегі көрнеклікпен оқушылар белсенділігін көрсету») деген еңбегінде анағұрлым толық талданған.

Л. В. Занковтың пікірінше, мұғалім сөзімен көрнекі құралдарды ұштастырудың алты формасы бар, атап айтқанда:

1 - ші форма: Мұғалім сөздің көмегіме оқушыларға жургізілетін бақылауға жетекшілік жасайды, объектінің бейнесі туралы оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары туралы білімді оқушылар бақылау процесінде көрнекі объектінің өзінен алады.

2 -ші форма: Мұғалім сөздің көмегімен оқушылардың өздері көрнекі объектілерге жасалған бақылаулары негізінде және олардың бұрынғы білетіндері негізінде балаларды құбылыстар арасындағы қабылдау процесінде көзге көріне қоймайтын байланыстарды саналы түрде ұғынуға және тұжырымдауға бастайды;

3 - ші форма: Объектінің бейнесі туралы, оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары турал мәліметтерді оқушылар мұғалімнің сөз мәлімдемесінен алады ал көрнекі құралдар сөзбен берілген мәліметтерді дәлелдеу қызметін атқарады.

4 - ші форма: Оқушылар көрнекі объектіге жасаған бақылауына сүйене отырып, педагог құбылыстар арасындағы оқушылар тікелей қабылдай алмайтын байланыстар туралы хабарлайды, яки қорытынды жасайды, жекелеген деректрді біріктіреді, жинақтайды.

5 - ші форма: Не сөз жәрдемімен, немесе көрнекі түрде көрсете отырып, мұғалім оқушыларға қолда бар объектілері мен жұмыс істегенде орындауға тиісті іс әрекеттерге қатысты, сондай - ақ ол іс - әректтердің орындалу әдістеріне қатысты нұсқау береді.

6 - шы форма: Педагог сөздің жәрдемімен, оқушыларға қолда бар объектілер мен олар жасауға тиісті іс - әрекеттерді орындау әдістері жайында нұсқау береді, мұның өзінде мұғалімнің нұсқауы қолма - қол көрсетіліп отырады[3] .

1. 2 Математика сабағындағы көрнекіліктің маңызы туралы мәселелер

Әл - Фараби, Я. А. Коменский, И. Г. Пестолоцци, Ж. Ж. Руссо, А. Дистерверг, Ы. Алтынсарин, К. Д. Ушинский т. б оқыту арқылы оқушылардың ақыл - ой қабілеттерін, дербестігін дамытуға көңіл бөлу керектігін айтқан болса, оқыту үрдісінің ерекшеліктері мен ұстанымдары, оқыту әдістерімен құралдары туралы М. А. Статкин, Н. Я. Лернер, Р. Г. Лемберг, Ю. К. Бабанский, В. Оконь, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Клингберг, М. Марев. С. Н. Архангельский, еңбектерінде талқылаған. [4]

XVII ғасырдың өзінде Ян Амос Коменский оқытудағы көрнекілікке қойылатын талаптарды негіздеді. Оның айтуынша, ақыл-ойға түйсік әсерін тигізбесе, оған өздігінен ештеңе қонбайды. Сондықтан, оқуда заттарды талдап, тұжырым жасамас бұрын сол нәрсе, заттарды байқаудан бастау керек деген. А. С. Выготский «Мектепке оқуға даярлау балалардың алған білім, дағды, біліктерінің ауқымынан зор, ақыл - ой үрдістерінің сапасына көбірек тәуелді болды. Сондықтан мұндай сапаға қол жеткізудің аса маңызды жақтарының бірі - балалардың бойында танымды тудыратын тәсілді қалыптастыру болып табылады»[5] - дейді.

Бұл жерде оқушының алдына танымдық міндеттерді қойып, оның белсенділігін арттыруға бола ма, қандай ықпалы бар? - деген сұрақ туындайды. Оқушылардың бақылауын ұйымдастырудың негізгі әдістілік ережелері мен тәсілдерін профессор Т. Сабыров былай көрсетеді.

1) Мұғалім оқушылардың бақылауын - ұйымдастыру үшін ең алдымен, бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің немесе көлемін анықтап жоспарын жасау.

2) Бақылауды, мүмкіндігінше оқушылардың барлық сезім мөлшерін қалыптастыру арқылы нәрселердің анағұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін жан - жақты байқатқан жөн.

3) Мұғалім бақылау кезінде оқушылардың анализ бен синтез жасап, нәрселердің негізгі қасиеттерін айыру, топтастыру сияқты ойлау амалдарын қолданып, қорытындылар шығаруына басшылық ете білуі қажет.

4) Бақылау кезінде мұғалім өз сөздеріне басшылық ету рөлі мен оқушылардың өздігінен жұмыс істеуінің арасында дұрыс байланыс болуын қамтамассыз етіп, олардың өздігінен бақылау қабілетін мейлінше дамыту мақсатын көздеу керек. Демек, мұғалім баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, заттарды немесе көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды көрсетеді, ал оқушылар сол кезде тыңдайды, қызығады, қабылдайды, бақылайды, ойланады және т. б. Таным әрекеттерін жасайды. « Мұғалім оқыту әдісі арқылы оқушыларға білім беруде өзінің іс - әректін балалардың таным әректіне басшылық, етумен байланыстырлады»[6] - деп жазады бұл жөнінде профессор Т. Сабыров. Бұның өзі оқылатын объектілер немесе құбылыстрдың аса маңызды қасиеттері туралы олардың динамикалық белегілерін жан - жақты түсінуіне мүмкіндік береді.

«Таным психикалық үрдістерінің ( түйсік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу, т. б. ) дамумен бірге баланың психикалық қасиеттері де (қабілет, бейімділік, мінез) қалыптаса бастайды. Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық, бақылағыштық, білімге құмарлық, тапқырлық, ізденімпаздық сияқты болымды жақтары да жетіле түседі»[7], - дейді Р. М. Қоянбаев осы мәселе жайында жазған өз еңбегінде

Математиканы оқыту процесінде көрнекілік принципін жүзеге асырудың өзіндік ерекшелігі бар. Баланың нақты білім қоры, оның ойлау әрекеті негізінде жинақталады. Оқу көрнекі құралдарын оқушылар пайдалана отырып, алғашқы жалпылау және қарапайым байланыстарды орнатады.

Көрнекілік - бұл қарастырып отырған құбылысты нақтылау. Нақтылау нормалары: сөз, образ, сурет, сызба, схема т. б. бола алады. Ендеше педагог - ғалым Оразбек Нұсқабайдың сөзімен айтсақ, оқыту, тәрбиелеу және жетілдіріп дамыту үрдістерін білім берудің субъектісі болып табылатын оқушылардың белсенді іс - әрекетімен тығыз бірлікте жүргізу керек. Сонда ғана оқушылар өздерінің іс - қимылының мақсаты мен маңызын түсініп - ұғынуға талаптанады. Олардың ойлау қабілеті жан - жақты толысып, пісіп - жетіледі. Алдағы өміріне қажетті білімнің, біліктің және дағдылардың берік негізін дамытады.

Оқушылардың теориялық ойлауын дамытуға көрнекіліктің бір жағынан көптеген нәрселер мен құбылыстарға тән анағұрлым ортақ қасиеттеріне назар аудармауға мүмкіндік беретін, ал екінші жағынан ұғымдарды деректендіруге септігін тигізетін түрлерін қодануға жәрдем етеді. Көрнекі құралдардың бұл мүмкіншіліктері А. М. Пышкало жазған мақаланың бірінде ашылып көрсетілген:

«Әр алуан нәрселерімен және геометриялық фигуралардың көптеген моделдерімен жанасса, көптеген тәжрибелерді орындай отырып, оқушылар олардың қандай материалдан жасалғандығын, түр - түсіне, салмағына және т. с. с. қатысы шамалы оларға анағұрлым ортақ қасиеттерді айқындайды»[8] !

Сонымен, оқуда көрнекілікті қолдану арқылы оқушылардың білімі нанымды, дәлелді болады, ойлауы тереңдей түседі. Сонымен бірге көрнекілік оқылатын нәрсе заттардың негізгі белгілерімен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді. Көрнекілікті пайдалану, заттардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Оқушылар оқылатын нәрсе - заттармен тікелей танысуға әуес, ынталы келеді. Сондықтан, көрнекілік оқушылардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады. Нәрсе заттардың әр жағының, салаларының байланыстары мен өзара қатынастарын түсінуге көмектеседі. Көрнекілік нәрсе заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды.

Математикалық қатынастар мен операцияларды оқып үйрену үшін көбінесе арнаулы көмекші құралдар пайдаланады. Мұндай құралдар кейде нәрселердің өзіне немесе айналадағы өмірден алынған жағдайларға қарағанда анағұрлым көрнекі болып шығады. Көрнекі құралдардың әр алуан дидактикалық қызметіне және мүмкіншіліктеріне байланысты олардың сабақ үстінде комплексті түрде қолданылуы қажет болады. Тек осы жағдайда ғана сабақ алдында қойылатын әр бір танымдық міндетті шешу бағытында максималды әсерлілікке қол жеткізуге болады.

Математика сабағында көрнекі құралдарды әр түрлі тәсілмен пайдаланудың маңыздылығы оны жеткілікті және қажетті пайдалануды көрсету керек. Берекесіз пайдаланған көрнекілік өзінің сапасын жоғалтады. Мұнда оқу процесінің білімділігі де кемиді. Оқушылардың сабаққа ынта-жігері, қызығушылықтары жоғалады. Сондықтан көрнекіліктерді тиімді тәсілмен қолдану керек. Көрнекілік қолдану тәсілдерін таңдау үшін көрнекі құралдарды оқушылардың оқу процесіндегі рөлін білуіміз керек. Көрнекіліктің оқу процесіндегі роліне қарай екі үлкен топқа бөліп қараймыз. Заттық-бейнелік көрнекі құралдармен таңбалы көрнекілікке бөлуге болады. Бірінші топтың құралдары: суреттер, фотосуреттер, диафильмдер, кино үзінділері, табиғи объектілер және тағы басқалар. Осылар міне мұғалімге түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру кезінде сезімдік қабылдауына оқушыларға өзара жәрдем беріп отырады. Екінші жағдайдағы көрнекі құралдар: схемалық көлемді объектілердің күрделі байланыстарын, өзара тиімділігін және нақты бейнеде қабылдауға байланысты пайдалану керек. Көрнекі құралдарды қолданудың осындай тәсілдерін білу мұғалімнің оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуды тиімді түрде жүргізуге, сондай-ақ сабақтың сапасын арттыруға, оқушылардың зейінін бір мақсатқа бағындыруға көмектеседі. Сабақта көрнекі құралдарды тек қана бір тәсілмен қолдану дұрыс емес. Олар бір-бірімен араласып, біте қайнасып жатады. Көрнекілік математика сабағында білім көзі ретінде қолданылған, ол елеулі мәселеде берілетін білімдерді нақтылау мақсатында көрнекі құралдар да түрлі тәсілдермен қолданылады [9] .

Көрнекілік құралдарының әлденеше түрін тек оқылып жатқан құбылыстың әр түрлі жақтарын ашып береріне, ал оның әрқайсысын көрнекіліктің тек белгілі бір түрімен сенімді түрде және толық бейнелей алатын жағдайда ғана пайдалану тиімді. Көрнекі құралдарды іріктеу кезінде олардың лирикалық екпінін әрбір оқу пәнінің өзіндік ерекшелігімен және әрбір сабақтың мазмұнымен салыстырып алу қажет. Бұл арада Ю. К. Бабанскийдің көрнекілікпен шектен тыс айналысу өмір шындығын онсыз әсерлі түрде таныту мүмкін емес, абстрактілі ойлауды тежеуге апарып соғады.

Көрнекілікті өте мол қолдану көп жағдайда оқушылар зейінін шашыратады, олардың зейінін тақырыптың негізгі идеясын танытудан басқаға аударады.

2 Математика сабағында көрнекілікті пайдалану әдістемесі

2. 1. Бастауыш сыныптарды оқытудағы көрнекіліктердің түрлері мен рөлі

Бастауыш кластарда оқу-көрнекі құралдарын математика сабағында қолданудың рөлі өте зор. 1-4 кластарда сандар және оларға амалдар қолдану, ұзындық, масса, уақыт, баға, аудан бірліктері, бөлшек туралы ұғым, арифметикалық амалдардың қасиеттері қарастырылады. Сонымен бірге, балалар алгебралық және геометриялық материалдан ұғым алады.

Оқыту процесінде оқу-көрнекі құралдарының атқаратын міндеті мен орны, оларды пайдалану мақсаты, сабақтың мазмұнына, сабақта шығарылатын дидактикалық есептерге және оқушылардың дайындығына тығыз байланысты болады. Математика сабағында қолданылатын оқу-көрнекі құралдарын 3 топқа бөліп қарауға болады:

1-топқа: сандар ұйымын меңгеруге, есептеуді, сандарға амалдар қолдану және арифметикалық амалдардың қасиеттерін ұғынуға көмектесетін құралдар;

2- топқа: геометриялық материалдарды оқып үйренуге көмектесетін құралдар;

3-топқа: ұзындық масса мен сыйымдылық, уақыт, аудан бірлестіктерін оқып үйренуге көмектесетін құралдар кіреді.

Көрнекілік бірнеше түрлерге бөлінеді:

Жаратылыс көрнекілігі - оқушыларды өмірде бар объектілермен (өсімдіктермен, хайуанаттар, минералдармен т. б. ) класта және мектептен тыс жерлерге (табиғатқа шығып, экскурсия жасау кезінде және т. б. ) таныстыруды көздейді.

Көлемдік көрнекілік - шындық дүниенің көлемдік бейнесін беру мақсаты бар (фото суреттер, картиналар, диафильмдер, диапозитивтер) .

Дыбыстық көрнекілік - дыбыстық бейнелерді, дыбыстық көріністерді жазу үшін дыбыс құралдарын пайдалану және дыбысты кино жатады.

Символикалық және графикалақ көрнекілік - абстракты ойлауды дамытуды әсер етеді, өйткені бұл типтегі құрал нақты болмысты шарты қорытылған символикалық түрде көрсетеді (бұған схемалар, чертеждер, диаграммалар жатады) . Көрнекі оқу құралдары табиғи және суретті құралдар болып бөлінеді[10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда көрнекілік әдісінің алатын орны
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістері
Бастауыш мектеп математикадағы арифметикалық ағымдар оқыту әдістемесі
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда көрнекіліктің ролі
Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер
Бастауыш сынып оқушыларына сандарды оқытудың тиімді әдістері
Бастауыш сынып оқушыларының есептерді шешу біліктіліктерін қалыптастыру ерекшеліктері
Математиканы көрнекі түрде оқыту
Бастауыш сынып математикасын оқытуда көрнекілік принципін теориялық жағын қарастырып, оны жүзеге асыру
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz