Бастауыш сынып математикасын оқытуда оқушымен жеке дара жұмыс



КІРІСПЕ

І БАСТАУЫШ САТЫДА МАТЕМАТИКА САБАҒЫНАН ТИЯНАҚТЫ БІЛІМ . ЖЕТІСТІК КӨЗІ

1.1 Бастауыш сыныбында математика сабағында жеке.дара тәсілдерді пайдалану . жеке оқытуға жол ашатын алғышарт

1.2 Математика сабақтарында оқушылармен жеке.дара жұмысты ұйымдастыру әдістемесі

ІІ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖЕКЕ.ДАРА ЖҰМЫСТАР

2.1 Математика сабақтарындағы жеке.дара жұмыс мәні, маңызы

2.2 Жеке.дара жұмыс барысында ұсынылатын тапсырмалар


ҚОСЫМША 1.
ҚОСЫМША 2

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Бастауыш сатыда оқыту – өзекті мәселе. Бастауыш сыныпта оқитын балалар үшін білім негізі қаланатын болғандықтан, кез келген тақырып өзекті болып табылады. Бастауыш сыныпта математика пәнінен білім негізін дұрыс игермесе, жоғары сыныптарда қиындық туындайды. Сол себепті курстық жұмыста бастауыш сыныптан бастап математиканы оқыту үрдісінде жеке дара жұмыс жасау әдістемесіне жете мән берудің білім сапасын жетілдірудегі маңызы ерекше болатындығына тоқталынды.
Білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі және бастауыш сыныпта оқыту сапасының дұрыс болуы – бала дамуының кепілі. Сол сияқты бастауыш сыныпта оқитын балаларға математика пәнінен теориялық және машықтық ахуалдарды арттыру мақсатында білім беру жолдарын нұсқаудың мәні ерекше. Мақсатты білім беру – тұлға өркендеуін жүзеге асыратын мәселелер екендігі белгілі. Осы орайда оқушылардың математика сабақтарында жеке дара жұмыс ждасау әдістемесінің маңызы орасан зор.
Математиканы оқыту үрдісінде оқушылармен жеке дара жұмыс әдістемесіне, логикалық тапсырмалар, ойландыру есептердің қолданылымдары жеке оқушылардың ой-өрісін, біліктерін, дағдыларын қалыптастырудың құралы ретінде ғалым-әдіскерлер А.Е.Әбілқасымова, Ә.К.Қағазбаева, Д. Рахымбек, Б.Баймұханов, А.М.Мүбәраков, Е.Ж.Смағұлов, Ж.Т.Қайыңбаев, М.Ө.Мұсабеков, Г.О.Жетпісбаеваның т.б. еңбектерінде қарастырылған. Математиканы оқытуда оқу іс-әрекеті барысында өзін-өзі тексеру, бағалау, бақылау мәселелері А.Е. Әбілқасымованың, И.Б.Бекбоевтің, Ә.К. Қағазбаеваның, Л.Т. Искакова, А.М. Мүбараков, Д.Рахымбек, М. Есмұхан, Е.Ж. Смағұлов, М.Ө. Мұсабеков, Ғ.Ә. Баймадиева, Ж.Т. Билялова, С.Елубаевтың, М.Ж.Ахметовтың, А. Оразалиевтің және басқалардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш мектептің математика сабағында оқушылармен жеке дара жұмыс әдістемесіне қатысты педагогикалық, дидактикалық шарттарды анықтау және әдістемесін қарастыру, оны тәжірибе жүзінде тексеру. Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында білімдерін, оқу қабілеттерін шыңдау мақсатында жүргізілетін жеке дара шығармашылық бағыттағы жұмыс түрлерін айқындау.
Зерттеу міндеттері:
- бастауыш мектептегі математика сабағында оқушылармен жеке дара жұмыс жасау әдістемесінің нақты жолдарын анықтау және тәжірибе барысында іске асыру;
- бастауыш мектептегі математика сабағында оқушылармен жеке дара жұмыс жасау әдістемесінің әдіс-тәсілдерін анықтап, оны психологиялық-педагогикалық тұрғыда негіздеу;
- бастауыш мектептегі математика сабағында жеке дара жұмыс арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерді алға тартып, сабақтың сапасын арттырудың жолдарын нұсқау.
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы: – Алматы, 2000.
2.ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. – Алматы, РОНД, 2002. –256 бет.
3.ҚР бастауыш білімнің мемлекеттік стандарттары. – Алматы, 2001. –350 б.
4.Оспанов Т.Қ., Құрманалина Ш.Х. Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. ІІ – бөлім. – А., Республикалық баспа кабинеті, 2000. –278 бет.
5..Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.Қ.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. – Астана, Фолиант, 2007. –166 бет.
6.Т.Қ.Оспанов, О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. – Алматы, «Атамұра», 2005. –238 бет.
7.Сайпин М. Бастауыш мектепте математиканы оқыту. – Алматы, «Мектеп», 2001. –154 бет.
8. Баржықпаева С. Көрнекілікті тиімді пайдалану / С.Баржықпаева // Бастауыш мектеп.- 2002.-№ 8.- 46-48 бет.
9. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы/ Ә. Бидосов.-Алматы: Мектеп, 2003.-221 бет.
10. Дарменова Қ. Көрнекілік арқылы ойлау қабілетін арттыру / Қ. Дарменова // Бастауыш мектеп.- 2004.- № 4.- 12-14 бет.
11. Корпешова Г. Оқушылардың қызығушылығын арттырудағы көрнекіліктің рөлі / Г.Корпешова // Қазақстан мектебі. - 2000.- № 4.- 20-21 бет.
12.Астамбаева Ж.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясы. – Алматы, 2008. – 178 бет.
13.Бантова М.А. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы / М.А. Бантова .- Алматы: Мектеп, 2001. –152 бет.
14.Баржықпаева С. Көрнекілікті тиімді пайдалану / С.Баржықпаева // Бастауыш мектеп.- 2000.-№ 8.- 46-48 бет.
15. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы / Ә. Бидосов.-Алматы: Мектеп, 2002.-221 бет.
16.Дайырбек Д.Г. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылау әдісінің маңызы //«VII Сәтбаев оқулары» Атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференциясы том 16–Павлодар 2008–Б. 331-333
17.Жолдасов Ш.Ш. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың мүмкіншіліктері //«Ұлт тағылымы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал–Алматы. 2009. №4 –Б. 19-22. (Л.Искаковамен авторлық бірлестікте)
18. Жұмаділова Р. Оқытудың жаңа технологиялары. Биология, география, химия. – 2002, № 2. – 15-18 бет.
19. Селефко Г.К. Современные образовательные технологии. – М.: «Народное образование», 1998. – 24-28 стр.
20.Аспанбек Н.Е.Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытудың жолдары //«Білім берудің негізгі аспектілерін жетілдіру жолдаы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция еңбектері – Шымкент: Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, 2005.- Б. 224-226.
21.Сәуірбеков Ш.Н.Математика сабағында оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту //«Әлеуметтік ғылымдардың өзекті мәселелері» ғылыми мақалалар жинағы – Шымкент. Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті, 2006. - Б. 29-32. (Н.Қатбаймен авторлық бірлестікте)
22.Кәукентегі Д.П.Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту мен оқытудың тығыз байланыстылығы //«Жас ғалымдардың инновациялық идеялары олардың ғылымның дамуына қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары – Шымкент: М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Университеті Оңтүстік Қазақстан облысының жас ғылымдар кеңесі, 2007. - Б.85-87.
23.Болатова Ж.Л.Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытудағы ойлау операцияларының алатын орны //Бастауыш мектеп Ғылыми педагогикалық басылым – Алматы, 2007, №11. - Б. 12-16
24.Математикадан дидактикалық материалдар.1,2-сыныптар. (Құрманалина Ш.Х.. Қосанов Б.М. және т.б.) – Алматы: «Атамұра», 1997, 1998.
25.Құсайынұлы Ы.Қ., Адыбаева Л.Д. Бастауыш мектепте бастауыш сыныптардағы оқыту әдістері. – Алматы, 2001. – 156 бет.
26.Баймолдаев Т.М. және т.б. Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді пайдалану жолдары. (Әдістемелік нұсқау). – Алматы, 2002. –226 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сынып математикасын оқытуда оқушымен жеке дара жұмыс.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І БАСТАУЫШ САТЫДА МАТЕМАТИКА САБАҒЫНАН ТИЯНАҚТЫ БІЛІМ – ЖЕТІСТІК КӨЗІ

Бастауыш сыныбында математика сабағында жеке-дара тәсілдерді пайдалану –
жеке оқытуға жол ашатын алғышарт

1.2 Математика сабақтарында оқушылармен жеке-дара жұмысты ұйымдастыру
әдістемесі

ІІ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖЕКЕ-ДАРА ЖҰМЫСТАР

2.1 Математика сабақтарындағы жеке-дара жұмыс мәні, маңызы

2.2 Жеке-дара жұмыс барысында ұсынылатын тапсырмалар

ҚОСЫМША 1.
ҚОСЫМША 2

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері
барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім
беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік
өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі
жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық
және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.

Бастауыш сатыда оқыту – өзекті мәселе. Бастауыш сыныпта оқитын балалар
үшін білім негізі қаланатын болғандықтан, кез келген тақырып өзекті болып
табылады. Бастауыш сыныпта математика пәнінен білім негізін дұрыс игермесе,
жоғары сыныптарда қиындық туындайды. Сол себепті курстық жұмыста бастауыш
сыныптан бастап математиканы оқыту үрдісінде жеке дара жұмыс жасау
әдістемесіне жете мән берудің білім сапасын жетілдірудегі маңызы ерекше
болатындығына тоқталынды.
Білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі және
бастауыш сыныпта оқыту сапасының дұрыс болуы – бала дамуының кепілі. Сол
сияқты бастауыш сыныпта оқитын балаларға математика пәнінен теориялық және
машықтық ахуалдарды арттыру мақсатында білім беру жолдарын нұсқаудың мәні
ерекше. Мақсатты білім беру – тұлға өркендеуін жүзеге асыратын мәселелер
екендігі белгілі. Осы орайда оқушылардың математика сабақтарында жеке дара
жұмыс ждасау әдістемесінің маңызы орасан зор.
Математиканы оқыту үрдісінде оқушылармен жеке дара жұмыс әдістемесіне,
логикалық тапсырмалар, ойландыру есептердің қолданылымдары жеке оқушылардың
ой-өрісін, біліктерін, дағдыларын қалыптастырудың құралы ретінде ғалым-
әдіскерлер А.Е.Әбілқасымова, Ә.К.Қағазбаева, Д. Рахымбек, Б.Баймұханов,
А.М.Мүбәраков, Е.Ж.Смағұлов, Ж.Т.Қайыңбаев, М.Ө.Мұсабеков,
Г.О.Жетпісбаеваның т.б. еңбектерінде қарастырылған. Математиканы оқытуда
оқу іс-әрекеті барысында өзін-өзі тексеру, бағалау, бақылау мәселелері А.Е.
Әбілқасымованың, И.Б.Бекбоевтің, Ә.К. Қағазбаеваның, Л.Т. Искакова, А.М.
Мүбараков, Д.Рахымбек, М. Есмұхан, Е.Ж. Смағұлов, М.Ө. Мұсабеков, Ғ.Ә.
Баймадиева, Ж.Т. Билялова, С.Елубаевтың, М.Ж.Ахметовтың, А. Оразалиевтің
және басқалардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш мектептің математика сабағында оқушылармен
жеке дара жұмыс әдістемесіне қатысты педагогикалық, дидактикалық шарттарды
анықтау және әдістемесін қарастыру, оны тәжірибе жүзінде тексеру. Бастауыш
сынып оқушыларының математика сабағында білімдерін, оқу қабілеттерін
шыңдау мақсатында жүргізілетін жеке дара шығармашылық бағыттағы жұмыс
түрлерін айқындау.
Зерттеу міндеттері:
- бастауыш мектептегі математика сабағында оқушылармен жеке дара жұмыс
жасау әдістемесінің нақты жолдарын анықтау және тәжірибе барысында іске
асыру;
- бастауыш мектептегі математика сабағында оқушылармен жеке дара жұмыс
жасау әдістемесінің әдіс-тәсілдерін анықтап, оны психологиялық-
педагогикалық тұрғыда негіздеу;
- бастауыш мектептегі математика сабағында жеке дара жұмыс арқылы
оқушылардың ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерді
алға тартып, сабақтың сапасын арттырудың жолдарын нұсқау.
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптарда математиканы оқушылармен жеке дара
жұмыс жасау арқылы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: бастауыш мектептегі математика сабағында оқушылардың жеке
жұмыс жасау әдістемесі.
Зерттеудің болжамы: егер бастауыш мектептегі математика сабағында жеке
тапсырмалар мен жұмыстар кешенін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін
дамыту теориялық-әдістемелік тұрғыда негізделсе және оның әдістемелік
кешені жасалса, онда оқушылардың ой-өрісі артып, оқу сапасы артады, өйткені
бұл жағдайда, оқушылардың математиканы оқуға деген қызығушылығы мен ынтасы
күшейе түседі.
Зерттеудің әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық
салыстырмалы, эмпирикалық, педагогикалық озық іс-тәжірибелерді жинақтау;
тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, математикалық-статистикалық
өңдеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе, негізгі және
қорытынды бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімде жұмыстың тақырыбы, мақсат-
міндеті айқындалып, өзектілігі арқау болды. Негізгі бөлімде оқудың жалпы
әдіс-амалдары туралы баяндалады, дамыта оқытудың тиімділігі арқау болады.
Тақырыпты игертудің амал-тәсілдері, жолдары нақтыланып, тәжірибелік бөлімде
сабақ үлгісі ұсынылды. Қолданылған әдебиеттер тізімі орын алған.

Әдіс-нақыт міндеттерді шешуге бағындырылған,шындықты меңгерудің
тәжірибелік немесе теориялық салыстырмалы біркелкі тәсілдері мен
амалдарының жиынтығы.
Баға-бағалау үдерісі нәтижесінің шартты-формальды
көрінісі;оқушылардың оқу жетістіктері бағасының сандар мен ұпайлап
түріндегі сандық көрінісі.
Кіріспе-негізгі мәтіннің бастапқы тарауын көрсететін құрылымдық
құрымы.
Құрылым-жүйенің жақтарын,олардың сапаларын анықтайтын,сол жақтардың
өзара берік қатынастарымен байланыстарының жиынтығы.
І БАСТАУЫШ САТЫДА МАТЕМАТИКА САБАҒЫНАН ТИЯНАҚТЫ БІЛІМ – ЖЕТІСТІК КӨЗІ

Бастауышта математика сабағында озық әдіс-тәсілдерді пайдалану – жеке-
дара оқытуға жол ашатын алғышарт

Бастауышта математика сабағынан жеке дара жұмысты ұйымдастыру сабағында әр
оқушының өзіндік іс-әрекеті ескеріліп, оған арнаулы әзірліктер жасалып, оқу
мүмкіндіктері алдын ала есепке алынады: әдебиеттермен, анықтамалармен,
энциклопедиямен жұмыс міндетін шешу, шығарма әзірлеу, реферат жазу. Жеке
жұмысты ұйымдастыру барысында екі түрлі тапсырма орындалады: жеке және
жекелендіру. Біріншісінің ерекшелігі ол: оқушы алдымен барлық сыныпқа
берілген тапсырманы орындайды, басқа оқушымен қарым-қатынасқа түспейді,
бірақ жұмыс қарқыны бәріне бірдей. Екіншісінің ерекшелігі, ол оқушы арнаулы
тапсырманы орындауда өзінің танымдық оқу іс-әрекетін мөлшерлейді, атап
айтсақ, әр оқушы өзінің оқу қызметінің режиміне орай жұмыс қарқынын
белгілейді[4].
Жеке дара жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізу тиімді және оны
бекітіп отыру көзделеді, мұның өзі оқушының бұрын меңгерген білімдерін,
қабілетін, дағдысын жетілдіріп отыруына ықпалы зор, сол секілді бақылау
үшін зерттеу әдісін меңгеруге жол ашады. Ең бастысы логикалық тапсырмаларды
математика сабағынан жиі ұсынудың пайдасы зор. Сабақтың бұл түрі
оқушылардың өзіндік іс-әрекетін тәрбиелейді, жинақылыққа, ұшқырлыққа,
өзінің мақсатын айқындауға бағыттайды, бірақ бұл сабақта оқушылардың қарым-
қатынасы шектеулі, оны ұжымдық жұмыстың түрімен толықтыруға, топтық жұмыс
ұйымдастыруға болады. Оқушылармен жеке жұмыс сабақ үдерісінде және сабақтан
тыс уақытта да жалғасуы ықтимал. Мұғалім сабақ үстінде жеке жұмыс барысында
бағдарламалық материалдардан көбінесе ұсынатын болса, сыныптан тыс
уақыттарда қосымша ізденіске жетелейтін күрделі тапсырмаларды ұсынады.
Математика сабағында жеке оқыту олардың басқа оқушылармен байланысына
негізделеді. Өзінің мәніне қарай, жеке жұмыста да сыныптағы барлық
оқушыларға арналған тапсырмаларды оқушының өзі жеке атқарады. Алайда егер
оқушы тапсырманы өздігінен атқарса, бұл тапсырма мұғалімнің тарапынан оның
оқу мүмкіндіктерін ескере отырып ұсынылса, бұндай оқыту пішіні жеке оқыту
деп аталады. Осы мақсатта математика сабақтарында да әр түрлі дайындалған
қаттамалар қолданылады [].
Математика сабақтарында жеке жұмысты ұйымдастыру мұғалімнің де
шеберлігіне байланысты. Оқушыларды жалықтырмау жағын да ойластырған жөн.
Тым көп тапсырма ұсыну, мазалай беру оқушыны жалықтырып жібереді, сол
себептен бұл жұмысты атқарудың да өзіндік әдіс-амалдары, лайықты жолдары
болады. Тек бұл істе мұғалімнің ыждахаттылығы мен баланың қызығушылығы
қажет. Кез келген мектепте оқудың сапасы, нәтижесі басты орында тұрады.
Оқушылармен жеке жұмыс жүргізу – математика сабағында жиі қолданылатын
жұмыс түрі. Мақсаты – оқушылармен жеке жұмыс түрлерін атқару арқылы
бағдарламалық материалдарды терең игерулері мен сапалы білім
көрсеткіштеріне қол жеткізулерін қамтамасыз ету. Бұл мақсат өз үдесінен
шығу үшін математика сабағында оқушының жеке өз бетімен орындайтын
жұмыстарына баса мән беріледі. Нәтижесінде оқушы да, мұғалім де оқытудың
лайықты міндеттерін іске асырып, меңгеруге тиісті ұғымдар мен түсініктерді
оқушылардың бойларына қалыптастыруына ықпал етеді. Сол сияқты оқушылардың
ойлау қабілеттерін ұштап, олардың белсенді танымдық әрекеттерін дамытады.
Логикалық қабілет-қарымдары ұшталады. Оқушылармен жеке жұмыс барысында
мұғалім тарапынан көптеген дидактикалық тапсырмалардың түрлері әзірленеді.
Қазіргі уақытта мұғалімдердің дидактикалық материалдарды шоғырландырған
арнаулы жинақ папкалары болады, ол папкалар жеке жұмысқа, топтық жұмысқа
деп жіктеледі. Жеке жұмыс түрінде нақты бір оқушының жеке мүмкіндіктерін
ескере отырып, тапрсырмалар реті дайындалады. Көбінесе бұл жағдайда кеспе
қаттамалардың мәні зор, ол әр түрлі күрделілік деңгейін қамтиды.
Оқушылардың өтілген тақырыпты қалай игергендігін анықтап, ойлау, жады, есте
сақтау, сөйлеу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Сыныптың барлық
оқушыларының белсенділіктерін арттыру мақсатында бастауыш сынып мұғалімі
сұрақтар жиынтығын да дайындайды. Бұл жұмысты ұйымдастыруда мұғалім өзінің
шеберлігін алға тартады: оқушылардың бір бөлігі тақтада ұсынылған
тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап береді (сызбалар сызады, кестелер
толтырады, есептеулер жүргізеді). Ал енді бір бөлігі мұғалімнің сұрағы
жазылған кеспе қаттамалармен (карточкалармен) жұмыс жасайды. Тақтада
орындалған тапсырманы сыныптың барлық оқушылары талдауға қатыса алады.
Математика сабақтарында тапсырмаларды түрлендірудің маңызы зор. Оқушыларға
тапсырмаларды әр түрлі пішінде ұйымдастыруға болады. Сызбалар мен кестелер
толтырту, логикалық тапсырмалар ұсыну және т.б. Тест білімді бекітуге
бағытталады. Жеке жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізу тиімді және
оны бекітіп отыру көзделеді, мұның өзі оқушының бұрын меңгерген білімдерін,
қабілетін, дағдысын жетілдіріп отыруына ықпалы зор, сол секілді бақылау
үшін зерттеу әдісін меңгеруге жол ашады. Сабақтың бұл түрі оқушылардың
өзіндік іс-әрекетін тәрбиелейді, жинақылыққа, ұшқырлыққа, өзінің мақсатын
айқындауға таба білуге бағыттайды, бірақ бұл сабақта оқушылардың қарым-
қатынасы шектеулі, оны ұжымдық жұмыстың түрімен толықтыруға, топтық жұмыс
ұйымдастыруға болады. Математика сабағында оқушылардың ізденіс жасаған
шығармашылық жұмыстарын жинақтап айтқызу да нәтиже ұсынады. Мұғалім оқушыға
белгілі бір тақырып ұсынып, оған ізденіс жасатады[5].
Математика сабақтарындағы өзіндік жеке жұмыстың негізгі мақсаты –
оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, логикалық қабілеттері мен
қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс-
тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып,
ойларын ұштауға не өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызу
мақсатын көздейді. Математика сабағында жеке жұмыс түрлерін ұйымдастыруда
мынандай талаптарды орындау керек:
1.Оқушылармен орындайтын жеке жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай
болуы керек;
2.Оқушылармен орындалатын жеке жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға
тиіс;
3.Жеке жұмыстың түрі, мазмұны әр түрлі болуы керек;
4.Әрбір орындалған жеке жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.
Жеке жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты
өз еркімен және қалауымен істеуі[6];
Математика сабақтарында оқушылармен жеке жұмыс жүргізу - өзекті
мәселе. Өйткені бұл пәннен оқушылардың білім деңгейі бірдей бола бермейді.
Сол себептен мұғалім сыныпта оқушылардың блім ерекшеліктеріне қарай жеке
тапсырмалар әзірлеп, нәтижесінде оқушылардың кейбір тақырыптар бойынша
білім деңгейлерін арттыру мақсатын көздейді. Жеке жұмыс барысында оқушыға
өзінің білім ерекшеліктеріне лайықты математика пәнінен тапсырмалар
ұсынылады, оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімін жетілдіріп, сапалы
көрсеткіштер межесінен көрінуіне ықпал етеді. Жеке жұмыс сыныпта және үйге
де берілетін жағдайлар болады. Бұл жағдайды мұғалім өзінің уақыт ыңғайына
қарай шешеді. Тапсырма күрделі болса, мұғалім үйге ұсынып, оқушының
ізденуіне мұрсат береді. Сыныпта берілетін жеке жұмыстың да бірнеше түрлері
болады. Атап айтқанда: қаттамалар ұсыну, шағын есептер, суреттер ұсыну, сол
арқылы математикалық мәліметтерді айқындау тапсырмаларын ұсыну. Әр түрлі
деңгейлік тапсырмалар ұсыну да жеке жұмысқа қатысты жұмыс түрлері қатарына
енеді. Себебі, әр деңгейдің тапсырмаларын орындау арқылы оқушылар
білімдерін дамытып, өтілген материалдарды жете білуге қабілеттері артады.
Жеке жұмыстар математика сабағында тек үлгерімі жақсы не үлгерімі төмен
оқушылармен ғана жүргізілмейді, бүкіл сыныптың оқушыларымен іске асатын
шығармашылық жұмыс түрі. Тек мұғалім әр оқушының сабаққа деген қабілетін,
ынтасын, қабілет-қарымын, бағдарламалық материалдарды қандай деңгейді
білетіндіктерін білуі тиіс. Соның арқасында жеке жұмыс түрлері іске асып,
бағдарламалық материалдардың олқылықтарының орындарын толтыруға
мүмкіндіктер туындайды. Жеке жұмыс тапсырмасының күрделілік деңгейі де әр
қилы болады. Оқушы жобаларға дайындалып, олимпиадалық тапсырмаларға
әзірленетін болса, оларға бағдарламадан тыс қиындау тапсырмалар ұсынылады,
ал күнделікті бағдарлама материалдарынан қиналатындарға жеңілірек
тапсырсмалар беріледі.
Соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп
практикасына енгізілуде. Сондай технологияларының бірі –деңгейлік саралау
оқыту педагогикалық технологиясы. Біздің елімізде осы технологияның негізін
қалаушылары Кобдикова Ж.У., Қараев Ж.А. болып отыр. Сабақтың тиімділігін
арттыру мақсатында оқушы қызметін белсендету негізінде деңгейлік саралау
технологиясын сабақ үстінде кеңінен қолданған тиімді. Өйткені, оқыту
практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары
көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін салмақтың артуы басты себеп болды.
Деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға
қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту
технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейіне оқу материалын
меңгеруін қамтамасыз етуі.

1.2 Математика сабақтарында оқушылармен жеке-дара жұмысты ұйымдастыру
әдістемесі

Қазіргі заман ғылымында əдістеме деп ғылыми-танымдық іс-
əрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тəсілдері жөніндегі білімді
айтамыз. Ғылым əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің
–нысаны, талдау пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б.
сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу
процесіндегі əрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика
əдіснамасын педагогикалық таным жəне болмысты қайта жасаудың теориялық
ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Математика сабағында бастауыш сатыда жеке жұмыстардың мәні зор, өйткені
үнемі топтық жұмыс атқарудан мұғалімнің өзі де көп нәтижеге қол жеткізе
бермейді. Жеке жұмыс сыныптағы кез келген оқушымен іске асырыла береді.
Математика сабағында шығармашылық іс-әрекетке деген ынта-ықыласты оятуда
мынадай оқыту қызметтерінің маңызы зор: оқудағы жетістікті қамтамасыз ету;
оқыту формаларының түрлерін жетілдіру, оқу материалының мазмұнын
оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес құру, білімді меңгерудің әдіс-тәсілдерін
оңтайландыру, жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану, мұғалім мен
оқушының жағымды ықпалды әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық оқытуды
кеңінен пайдалану т.б.
Теориялық зерттеулеріміз бен тәжірибелік жұмыстарды сабақтастыра зерделеу
шығармашылық қызығушылықты шартты түрде 3 топқа бөліп қарастыруға
болатындығын көрсетті:
1) мақсатты қызығушылық – оқушының белгілі бір мақсатына байланысты,
пәндік, болашақ мамандығына байланысты міндеттері мен жоспарына сәйкес
шығармашылық іс-әрекетке ынтасы мен тұрақты қызығушылығы;
2) әрекеттік қызығушылық – оқушы шығармашылық іс-әрекетте өзекті мәселені
шешуге ұмтылысы және жүргізіліп жатқан жұмыстың ағымында ғана қызығып,
жолдастарымен бірлесе отырып жұмыс істеуі;
3) танымдық қызығушылығы – оқушының шығармашылық іс-әрекетке тұрақты
қызығушылығы мен ынтасы, жаңашылдыққа ұмтылу, жаңа мақсаттарға сәйкес, жаңа
нәтижеге жету, білімді құндылық бағдар ретінде тануы.
Математика сабағында оқушының оқу қызметін ұйымдастыру бұл
оқушы мен мұғалімнің сырттай үйлесімді қызметі, оның өзі белгілі бір пән
тәртіп талабынан құрылады. Мынандай бағыттарға бөлінеді: фронтальды –
мұғалімнің барлық оқушылардың жеке және өзіндік жұмысын басқаруы, жеке-
өзіндік. Жұмыс әр оқушының топтық және жұптық қызметіне негізделеді.
Мұғалімнің оқу қызметін фронтальды ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-
әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы
орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені
салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді
нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды,
басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға
жаттығады. Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-
тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын ала болжауы, оқу ситуациясын туғызуы,
сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы оқушыны
ықыласпен таңдауы, оны мәдени тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті
сәттерде түзетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу. Фронтальды
оқытуды ұйымдастыру проблемалық, ақпараттық және түсіндірмелі иллюстративті
мазмұнда және репродуктивті және шығармашылық тапсырмалармен келуі мүмкін.
Мұнда шығармашылық негізге құрылған тапсырма бірнеше шағын тапсырмаларға
бөлінеді, жұмыстың бұл түрі барлық оқушылардың белсенділікпен іс-әрекетте
болуына жағдай туғызады. Бірақ, сабақтың бұл түрінде көптеген кемшіліктер
бар, жұмыс барысында оқушылар әр түрлі деңгейде өз мүмкіндігіне қарай
білімін арттыра алмайды, бәрінің білімі бір мөлшерде оқшауланбайды,
әсіресе, нашар үлгеретін оқушыға мұғалімнің көмегі үнемі қажет болса, ал
қабілеті өте жоғары оқушыда уақыт артық қалады. Сол себепті сабақтың
тиімділігін арттыру үшін сабақтан басқа түрлері де пайдаланылуы керек,
нәтижесінде сабақтың сапасы да арта түседі. .
Математикадан жеке жұмысты ұйымдастыру сабағында әр оқушының
өзіндік іс-әрекеті ескеріліп, оған арнаулы әзірліктер жасалып, оқу
мүмкіндіктері алдын ала есепке алынады: математикалық деректермен,
анықтамалармен, энциклопедиямен жұмыс міндетін шешу, реферат жазу, есептер
шығаруға дағдыландыру.
Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында екі түрлі тапсырма орындалады: жеке және
жекелендіру. Біріншісінің ерекшелігі ол: оқушы алдымен барлық сыныпқа
берілген тапсырманы орындайды, басқа оқушымен қарым-қатынасқа түспейді,
бірақ жұмыс қарқыны бәріне бірдей. Екіншісінің ерекшелігі, ол оқушы арнаулы
тапсырманы орындауда өзінің танымдық оқу іс-әрекетін мөлшерлейді, атап
айтсақ, әр оқушы өзінің оқу қызметінің режиміне орай жұмыс қарқынын
белгілейді. Жеке жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізу тиімді және
оны бекітіп отыру көзделеді, мұның өзі оқушының бұрын меңгерген білімдерін,
қабілетін, дағдысын жетілдіріп отыруына ықпалы зор, сол секілді бақылау
үшін зерттеу әдісін меңгеруге жол ашады. Жеке жұмыс тоқсанның аяғында да
беріле береді, кейбір оқушылардың қорытынды бағалары төмендеу болады, соның
орнын толтыру мақсатында қосымша тапсырмалар ұсынылады, әр оқушы қосымша
дереккөздерге сүйене отырып атқарды. Сабақтың бұл түрі оқушылардың өзіндік
іс-әрекетін тәрбиелейді, жинақылыққа, ұшқырлыққа, өзінің мақсатын
айқындауға таба білуге бағыттайды, бірақ бұл сабақта оқушылардың қарым-
қатынасы шектеулі, оны ұжымдық жұмыстың түрімен толықтыруға, топтық жұмыс
ұйымдастыруға болады. Оқушылармен жеке жұмыс сабақ үдерісінде және сабақтан
тыс уақытта да жалғасуы ықтимал. Мұғалім сабақ үстінде жеке жұмыс барысында
бағдарламалық материалдардан көбінесе ұсынатын болса, сыныптан тыс
уақыттарда қосымша ізденіске жетелейтін күрделі тапсырмаларды ұсынады.
Мысалы: ғылыми жобаға дайындауда оқушымен жеке жұмыс жасауда әрине, сыныпта
атқарылатын жеке жұмыс мөлшері мүлдем аздық етеді, сол себептен мұндай
дарынды оқушыларды үлкен шараларға қатыстыру үшін дайындауда мұғалімнің жан-
жақты дайындығы, жоспары болуы шарт, ат үсті жұмыста нәтиже болмасы айқын.
Математика сабағында жеке-дара оқыту олардың басқа оқушылармен байланысына
негізделеді. Өзінің мәніне қарай, жеке жұмыста да сыныптағы барлық
оқушыларға арналған тапсырмаларды оқушының өзі жеке атқарады. Алайда егер
оқушы тапсырманы өздігінен атқарса, бұл тапсырма мұғалімнің тарапынан оның
оқу мүмкіндіктерін ескере отырып ұсынылса, бұндай оқыту пішіні жеке оқыту
деп аталады. Осы мақсатта математика сабақтарында да әр түрлі дайындалған
қаттамалар қолданылады.
Егер саралап оқыту жекелеген оқушыларға қатысты болса, онда ол
жекелеп оқытуға айналады. Жекелеп оқыту үшін алдымен оның кімге керектігі
анықталады, ол мектепте оқуға дайын емес немесе нашар дайындалған
оқушыларға керек. Мектепте оқи бастаған балалардың арасында айырмашылық
көп. Мұғалім әр оқушының жеке тұлғасын мұқият бақылап тестіден өткізіп, оқу
мүмкіндіктерін анықтап, олардың жұмыс істеу тәсілдерін таңдап, ата-
аналармен кеңеседі. Әсіресе оқу қиынға түсетін оқушыларға ерекше назар
аудару керек. Математика сабағында да баланың оқуын қиындататын көптеген
себептер бар.
Математика сабағында дамыта оқыту әдістемелеріндегі ең басты нәрсе -
оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу, мұның өзі оқытудың зерттеу
әдістеріне ерекше мен берілетінін көрсетеді. Математика сабақтарында
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған арнайы жасыл
қоршаумен берілген тапсырмалар бар. Бұған қоса, математика сабақтарында
есептермен байланысты, төмендегідей шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға
болады: берілген есепте кері есеп құрастыру және шығару; белгілі шешуі,
берілген қатынас, сызба, сурет бойынша есеп құрастыру; сұраққа
сәйкестендірілген және керісінше, шартқа сәйкестендірілген сұрақты
түрлендіру; есептің шартын және сұрағын түрлендіру; жай есепті, екі немесе
одан да артық амалдармен шығарылатын есептерді түрлендіру; әр түрлі есептер
құрастыру және оны тиімді жолдармен шешу және т.б. Бұл бағытта да жеке дара
жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне арқа сүйеуге болады.
Тақырыптық тест белгілі бір тақырыпты меңгергеннен кейін жүргізіледі. Бұл
тесте баланы ойландырып, оның іздену қабілетін дамытатын, аз уақыт жұмсап,
нәтижелі қорытынды шығаратынын, логикалық ойлау қабілетін дамытатын,
есептеу нәтижелерін салыстыру процестеріне арналған және арнайы жетілдіруге
іріктеп алынған тапсырмалар болуы мүмкін [10].
Түйіндейтін болсақ, математика сабақтарында жеке жұмысты ұйымдастыру
мұғалімнің де шеберлігіне байланысты. Оқушыларды жалықтырмау жағын да
ойластырған жөн. Тым көп тапсырма ұсыну, мазалай беру оқушыны жалықтырып
жібереді, сол себептен бұл жұмысты атқарудың да өзіндік әдіс-амалдары,
лайықты жолдары болады. Тек бұл істе мұғалімнің ыждахаттылығы мен баланың
қызығушылығы қажет.

Математика сабақтарында оқушылармен жеке-дара жұмыс жүргізудің әдістері

Кез келген мектепте оқудың сапасы, нәтижесі басты орында тұрады.
Оқушылармен жеке жұмыс жүргізу – бастауыш сатыда математика сабағында жиі
қолданылатын жұмыс түрі. Мақсаты – оқушылармен жеке жұмыс түрлерін атқару
арқылы бағдарламалық материалдарды терең игерулері мен сапалы білім
көрсеткіштеріне қол жеткізулерін қамтамасыз ету. Бұл мақсат өз үдесінен
шығу үшін математика сабағында оқушының жеке өз бетімен орындайтын
жұмыстарына баса мән беріледі. Нәтижесінде оқушы да, мұғалім де оқытудың
лайықты міндеттерін іске асырып, меңгеруге тиісті ұғымдар мен түсініктерді
оқушылардың бойларына қалыптастыруына ықпал етеді. Сол сияқты оқушылардың
ойлау қабілеттерін ұштап, олардың белсенді танымдық әрекеттерін дамытады.
Оқушылардың арнаулы дағдылары мен икем-машықтарын қалыптастырып, пәнге
деген қызығушылықтарын өркендетеді. Оқушылармен жеке жұмыс барысында
мұғалім тарапынан көптеген дидактикалық тапсырмалардың түрлері әзірленеді.
жеке бақылауға арналған тапсырмалар математика сабақтарында дайындалып
отырады. Бақылаудың жеке пішінінде әр оқушы мұғалімнің сұрақтарына жауап
беріп, енді бірде ұсынған тапсырмаларын орындайды. Қазіргі уақытта
мұғалімдердің дидактикалық материалдарды шоғырландырған арнаулы жинақ
папкалары болады, ол папкалар жеке жұмысқа, топтық жұмысқа деп жіктеледі.
Жеке жұмыс түрінде нақты бір оқушының жеке мүмкіндіктерін ескере отырып,
тапрсырмалар реті дайындалады. Көбінесе бұл жағдайда кеспе қаттамалардың
мәні зор, ол әр түрлі күрделілік деңгейін қамтиды. Оқушылардың өтілген
тақырыпты қалай игергендігін анықтап, ойлау, жады, есте сақтау, сөйлеу
дағдыларын дамытуға көмектеседі. Сыныптың барлық оқушыларының
белсенділіктерін арттыру мақсатында бастауыш сынып мұғалімі сұрақтар
жиынтығын да дайындайды. Бұл жұмысты ұйымдастыруда мұғалім өзінің
шеберлігін алға тартады: оқушылардың бір бөлігі тақтада ұсынылған
тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап береді (сызбалар сызады, кестелер
толтырады, есептеулер жүргізеді). Ал енді бір бөлігі мұғалімнің сұрағы
жазылған кеспе қаттамалармен (карточкалармен) жұмыс жасайды. Тақтада
орындалған тапсырманы сыныптың барлық оқушылары талдауға қатыса алады.
Математика сабақтарында тапсырмаларды түрлендірудің маңызы зор. Оқушыларға
тапсырмаларды әр түрлі пішінде ұйымдастыруға болады. Сызбалар мен кестелер
толтырту, логикалық тапсырмалар ұсыну және т.б. Тест білімді бекітуге
бағытталады. Сабақты бекіту барысында математикадан мұғалім тарапынан әр
түрлі тапсырмалар ұсынылады. Ал оқушылардың мұндай шығармашылық әрекетін
ұйымдастырудың алғышарттарының бірі – олардың өздік жұмысы мен өздігінен
білім алу әрекеті. Өздік жұмыс оқушыдан белсенді ой қызметін, танымдық
ізденімпаздықты талап етеді. Өздік жұмысты оқушының оқу нәтижелеріне жету
құралы деп есептеуге болады. Жұмыстың бұл түрі оқушының білімін, іскерлігін
бекіте отырып, оның қабілеттілігін, белсенділігін, дербестігін дамытады.
Өздік жұмысты оқу үрдісінің барлық буындарында қолдана отырып, шығармашылық
сипаттағы оқу тапсырмаларын шешуге, игерілген білімді тәжірибе жүзінде
қолдана білу біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға болады. Жеке жұмысты
ұйымдастыру сабағында әр оқушының өзіндік іс-әрекеті ескеріліп, оған
арнаулы әзірліктер жасалып, оқу мүмкіндіктері алдын ала есепке алынады:
әдебиеттермен, анықтамалармен, энциклопедиямен жұмыс міндетін шешу,
шығармашылық жұмыстар жазу көзделеді. Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында
екі түрлі тапсырма орындалады: жеке және жекелендіру. Жеке жұмыс ерекшелігі
сол: оқушы алдымен барлық сыныпқа берілген тапсырманы орындайды, басқа
оқушымен қарым-қатынасқа түспейді, бірақ жұмыс қарқынын бәріне бірдей. Сол
сияқты жеке жұмыста ол оқушы арнаулы тапсырманы орындауда өзінің танымдық
оқу іс-әрекетін мөлшерлейді, атап айтсақ, әр оқушы өзінің оқу қызметінің
режиміне орай жұмыс қарқынын белгілейді. Жеке жұмысты сабақтың барлық
кезеңдерінде жүргізу тиімді және оны бекітіп отыру көзделеді, мұның өзі
оқушының бұрын меңгерген білімдерін, қабілетін, дағдысын жетілдіріп
отыруына ықпалы зор, сол секілді бақылау үшін зерттеу әдісін меңгеруге жол
ашады. Сабақтың бұл түрі оқушылардың өзіндік іс-әрекетін тәрбиелейді,
жинақылыққа, ұшқырлыққа, өзінің мақсатын айқындауға таба білуге бағыттайды,
бірақ бұл сабақта оқушылардың қарым-қатынасы шектеулі, оны ұжымдық жұмыстың
түрімен толықтыруға, топтық жұмыс ұйымдастыруға болады. Математика
сабағында оқушылардың ізденіс жасаған шығармашылық жұмыстарын жинақтап
айтқызу да нәтиже ұсынады. Мұғалім оқушыға белгілі бір тақырып ұсынып, оған
ізденіс жасатады. Мысалы: оқушыға Теңдеу туралы тапсырмалар ұсынып, оны
сабаққа келген соң баяндату, сұрақтар қойып, аталмыш тақырып аясында жазған
баяндамасына қатысты сұраулар беру арқылы баланың ізденіске қызығушылығын
ұштайды, ойын дамытып, сөздік қорын өркендетеді.
Берілген тақырып жөнінде қосымша материал жинатып, жинаған материалдарын
жүйелі түрде қорытындылап, жинақтап баяндама, хабарлама жасатылады. Мұндай
жұмыстың түрі оқушыны ізденіске баулып, оның белсенділігін арттырып, ойын
ретті, тұжырымды, жинақты баяндауға дағдыландырады.
Математика сабағында проблемалық ситуациялар сабақты өткізуге,
өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға да пайдасын тигізеді.
Тапсырмаларды іріктеген кезде мұғалім сабақтың тақырыбын, мақсатын,
оқушылардың дайындығын, қабілетін ескереді. Мұндай жұмысты жекелей, жұппен,
топпен ұйымдастыруға болады. Модульдік технология бойынша тапсырмаларды
орындау барысында оқушылардың сөйлесу дағдылары, өзара пікірлесу, ойларын
дамыту қабілеттері де дамиды. Бастапқыда жеңіл, кейін біртіндеп берілген
ситуациялық күрделі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар түрлі жағдайда
салыстыру, қорытынды жасау процестерінен өтеді. Проблемалық ситуациялармен
үнемі жүйелі түрде жұмыс жүргізудің нәтижесінде ғана оқушылардың білім
сапасын көтеру бағытында жақсы жетістіктерге жетуге болады.
Математика сабағында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін жеке
дара тапсырмаларды біліктілікпен түрлендіріп отырған жөн. Сонда ғана
балалар бойында сөйлеу мәдениеті мен ойын логикалық жүйемен баяндап бере
білу дағдылары қалыптасады. Үнемі шығармашылықпен жоспарланып, алдына нақты
мақсат қойылған, әдістемелік тұрғыда дұрыс құрылған сабақтар өз жемісін
берері хақ.
Математика сабақтарындағы өзіндік жеке дара жұмыстың негізгі
мақсаты – оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық
қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім
сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін
еркін айтқызып, ойларын ұштауға не өздеріне деген сенімін арттыруға
мүмкіндік туғызу мақсатын көздейді. Әдіс-тәсілдердің көмегімен өткізген
әрбір сабақ оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың
тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік
тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әр түрлі балалардың ортасынан қабілеті
жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-

жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап
отыру - әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. Сабақтың әрбір бөлімінде оқушы
баяндау, сұрақ-жауап беру, топтық жұмыстар арқылы сабақтың жоспарлық
құрылымының нақтылы жетістігіне қол жеткізеді.
Оқушыны жекелеп, даралап дамытып оқыту мақсатында төменде берілген білім
берудегі жаңа технологияларды пайдалануға болады:
деңгейлік саралап оқыту технологиясы
ойын арқылы оқыту технологиясы
модульдік оқыту технологиясы
жобалау технологиясы
1. Деңгейлік саралап оқыту технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: әрбір жеке
тұлғаны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды
оқушылардың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау, берілген
тапсырманың саралануы. Осы мақсатты негізге ала отырып мен өз сабағымда
деңгейлік саралап оқыту технологиясының элементтерін қолданамын. әр сыныпта
үлгерімі орташа, жақсы үздік оқушылар болады. Сондықтан әрқайсысының білім
деңгейіне байланысты тапсырмалар қолданылуы қажет. 3 деңгей-мүмкіндік, 2
деңгей-міндетті, 1 деңгей-эвристикалық, шығармашылық.
І деңгей – дарынды балаларға арналған шығармашылық тапсырмалар;
ІІ деңгей – стандарт талаптарына сай тапсырмалар;
ІІІ деңгей – жеңілдетілген тапсырмалар;
Қорытынды бөліміндегі (рефлексиялық бақылау) бақылау сұрақтары
мемлекеттік стандартқа сай келеді.
Оқушының пәнаралық байланыс негізіндегі шығармашылық іс-әрекеті
танымдық белсенділік арқылы көрініс табады. Оқушының пәнаралық байланыс
негізіндегі шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасуын деңгейлерге бөлуге
болады.
Бірінші деңгей. Оқушы оқуға қызықпайды; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім берудегі оқу жұмысын ұйымдастыру
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Бастауыш сынып математикасын оқытуда көрнекілік принципін теориялық жағын қарастырып, оны жүзеге асыру
Бастауыш мектепте математика сабақтарында үлгермеушілікті болдырмау жолдары
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҮЛГЕРМЕЙТІН ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Математиканыесептер арқылы оқыту әдістемесі
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың негіздері
МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ - ОҚУЛЫҚ
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Пәндер