Ақша. Ақша түрлері және олардың дамуы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1.4
Негізгі бөлім
1.1 Ақша . тауардың жалпы эквиваленті ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.6
1.2 Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрылымы ... ... ...7.22
1.3 Несие ақшалары және олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22.30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Ақша адамдарға ежелден таныс.Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды.Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп,оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып,жауап берді.Ақша – тауарлы өндірістің өнімі.Сонда өнім мен тауардың айырмашылығы неде? Тауардың ақшаның пайда болуына,оның қолдануының өрістеуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан қарап өтелік.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды.Сонда, адам еңбегінің нәтижесі - өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық қатынастарын,яғни өнімді сату-сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі - тауар.Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі,немесе тауар – еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы.Тауар ең алдымен өндірушінің басқа өнімге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде,яки нарықта көрінеді.Егер өнім өндірушінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса,ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды.Мәселен,етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса,онда ол тауар емес,тұтыну заты.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды.Егер нақты еңбектің нәтижесі – тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса,қоғам оны мойындамағаны,онда оны жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да,зат тауар түріне ие бола алмағаны,себебі ол қоғамға керексіз зат.Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады,яғни тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады.Тұтыну құны тауарды өндірушінің өз қажетіе емес,басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді.Тауардың басқа тауарға айырбасталу қасиетін оның айырбас құны деп атайды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЕУРАЗИЯ НАРЫҚ ИНСТИТУТЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Ақша. Ақша түрлері және олардың дамуы
Алматы 200
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 1-4
Негізгі бөлім
1. Ақша – тауардың жалпы эквиваленті ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-6
2. Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрылымы ... ... ...7-22
3. Несие ақшалары және олардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...22-30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..31
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Кіріспе
Ақша адамдарға ежелден таныс.Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы
құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды.Бұл
сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп,оқымыстылар ақшаның тауар айналымында
атқаратын маңызын жан-жақты ашып,жауап берді.Ақша – тауарлы өндірістің
өнімі.Сонда өнім мен тауардың айырмашылығы неде? Тауардың ақшаның пайда
болуына,оның қолдануының өрістеуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан
қарап өтелік.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз
тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда
кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды.Сонда, адам
еңбегінің нәтижесі - өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық
қатынастарын,яғни өнімді сату-сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі -
тауар.Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек
өнімі,немесе тауар – еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы.Тауар ең
алдымен өндірушінің басқа өнімге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі
түрінде айырбас кезінде,яки нарықта көрінеді.Егер өнім өндірушінің өзінің
тұтынуы үшін жұмсалса,ондай еңбек өнімі тауар сипатын
алмайды.Мәселен,етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса,онда ол тауар
емес,тұтыну заты.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды.Егер нақты еңбектің нәтижесі –
тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса,қоғам оны мойындамағаны,онда оны
жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да,зат тауар түріне ие
бола алмағаны,себебі ол қоғамға керексіз зат.Тауардың басқа адамдардың
қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады,яғни тауардың
қоғамдық тұтыну құны болып табылады.Тұтыну құны тауарды өндірушінің өз
қажетіе емес,басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың
қажетін өтейді.Тауардың басқа тауарға айырбасталу қасиетін оның айырбас
құны деп атайды.Айырбас құнын тауарлар сатқанда ғана ілесе жүретін бағалық
көрсеткіш айқын көрсетеді.Сонымен тауардың тұтыну құны басқа адамдардың
қажетін қанағаттандыру қасиетінен шығады да,ал басқа тауарларға айырбасталу
қасиетінен айырбас құны шығады.Әрбір тауар өзінің өндірушісіне айырбас құны
ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады.Айырбас құны,яғни тұтыну құндары
айырбасталуының пропорциясы,ол – құнның айырбас актісіндегі сыртқы
көрінісі.
Айта кететін жәйт,кез келген пайдалы зат құн бола алмайды.Себебі адам
еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ.Мысалы,өңделмеген тың жер,өзендер мен
теңіздер,жабайы жемістер,т.б.Сонда құн деген не? Құн дегеніміз – тауар
өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы.Қоғам дамуының негізі –
еңбек.Сондықтан,тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны болады.Бұл бір
жағынан,ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнімді құн ете
алмайды.Құнды көруге,сезінуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін белгілі бір
қоғамдық жағдай болуы қажет – ол тауар өндірісі,яғни өндірістік
қатынастар,оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт.Ол тек тауар
өндірушілердің ғана қатынастары.Айырбас кезінде олардың белгілі бір тауарды
басқа тауарларға теңестірілуі кезінде,яғни айырбас құны арқылы
көрінеді.Тауарлардың құнын зертханада физикалық, я болмаса химиялық талдау
жасап байқауға болмайды.Оны тек қоғамдық сипатта – нарықта,айырбас кезінде
байқауға болады.Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.
Құн – тарихи категория.Құнның негізі – адам еңбегі.Құн – еңбектің
нәтижесі,еңбек жемісі.Құн деген идея адамзат тарихында көптен бар.Ал оның
еңбек теориясының негізін қалаушылар XVII ғасырдағы ағылшын экономисі
У.Петти,XVII ғасырда өмір сүрген шотландық А.Смит, XIX ғасырдағы ағылшын
бизнесмені Д.Рикардо болды.Ал құнның еңбек теориясына басты үлесті XIX
ғ.К.Маркс қосты.Ол тауарға жұмсалатын еңбектің екі жақты сипатын,яғни
белгілі бір тұтыну құнын жасайтын нақты еңбекті және құнның сыртқы
көрінісін жасайтын абстрактылы еңбекті ашып,оны жан-жақты талдады.Тауардың
екі жағының – тұтыну құны мен құнының – қайшылықтары болғанымен,ол
ажырағысыз бірлік түрінде көрінеді.
Тауардың ішкі қайшылықтары қандай жағдайда шешіледі деген сұраққа
жауап іздестірейік.Қоғамдық еңбек,яғни басқалар үшін еңбек ету қоғам
дамуының барлық сатыларында болады.Алғашқы қауымда да,патриархаттық
отбасында да адамдар өз күш-қуатын жұмсай отырып,өз отбасына қажетті өнім
шығарып,бір-біріне еңбек етті.Алайда мұнда құн пайда болған жоқ.Себебі
тауар пайда болған жоқ,яғни еңбек өнімдері айырбасқа түскен жоқ.Тауар болу
үшін өнімнің басқа бір өнімге айырбасталу қасиеті ол өнімді сату-сатып алу
кезінде,яғни нарықта оны тұтыну құны және құн етеді.Өйткені,егер өнім
сатылса,оның тұтыну құны басқаның қажетін өтеуге керек болғаны.Бұл
біріншіден.Екіншіден,оның құнының бар екені дәлелденгені.Міне дәл сатып алу-
сату жағдайында тауардың ішкі қарама-қайшылықтары шешіледі.
Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып,одан
әрі жетіліп,нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне
айырбасталып қоймай,бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар,яғни тауар-
ақша пайда болды.К.Маркстың сөзімен айтқанда: Айырбас құны,тауарлардан
бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар,ол -
ақша.Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді.Оның құны белгісіз,ол
тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады.Тауар мен ақша айырбас
процесінде бірін-бірі алмастырады және біріне-бірі теңгеріледі.
Сөйтіп,ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп
келеді десе болады.Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың
жағдайы аяқталған,соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент
формасында әр алуан тауарлар болған: мал,тері,бақалшақ,металл бұйымдары
және т.б.Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына
негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде
адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді.Бұл жерде ақша бес
түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі,айналыс құралы,төлем құралы,қазына жинау
және қорлану құралы,дүниежүзілік ақшалар.
Ақшаның өзінде,сондай-ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер
болды.Егер де бұрындары сатып алу – сату процесі жалпыға бірдей
эквивалентпен алтынмен жүргізілсе,бұл күндері қағаз және несие ақшалармен
жүзеге асуда.
I. Негізгі бөлім
1.1 Ақша – тауардың жалпы эквиваленті
Ақша кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін
атқарады.Осыдан келіп ақшаның жаппай өктем күші пайда болды.Ақшаның
қоғамдағы мәнін К.Маркс индивид өзінің қоғамдық билігін де,қоғаммен
байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді деген афоризммен сипаттады.Ол
мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден,тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық
еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады.Мысалы,ақшаның тауарлар
айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық дегейі
айқындалып,сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден,әр адамның еңбектегі,яғни қоғамдық өнімдегі үлесін де ақша
арқылы анықтауға болады.Себебі адамның қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы
ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден,айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі
қайшылықтары да шешіледі.Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл
тауарлар тұтыну құндары түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады
да,ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде ақша
қарсы тұрады.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну
құнымен құнының,яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын
шешуге жол салады.Өйткені,егер тауар сатылса,оның тұтыну құнының біреудің
қажетін өтеуге керек болғандығы.Бұл бір жағынан,ал екінші жағынан оның
құнының бар екендігі дәлелденгені.Сатылған құн енді ақша түрінде тауар
өндірушінің қолына түседі.Сөйтіп,тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне
қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік
туады.
Қорыта айтқанда,құнның ақшалай формасының пайда болуы,яғни ақша –
тауардың жалпы эквиваленті болуы тауар өндірісінің ұлғайып,айырбас
қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемі қайталанатын
процеске айналып,кең көлемде өсуіне жол ашты.
1.2 Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрылымы
Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген үғым кездеспейді 90-
жылдардың орта шеніне дейін ТМД-ға мүше елдердің басылымдарында ақша
айналымы және ақша айналысы деген ұғымдарға анықтама беріліп,олар бір-
бірінен дәл ажыратылды.Ақша айналымы деп тек қолма-қол ақша мен қолма-қол
емес ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды.Экономиканың әр үлгісі
бұл ұғымдардың мәні мен құрылымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер енгізді.
Жоспарлы-орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының
ерекшеліктері:
• қолма-қол ақша да,қолма-қол емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын
өнімдерін алдын-ала бөлуге қызмет атқаратын.Барлық қоғамдық өнім
өндіріс құралдары және тұтыну заттары (өнімдер мен қызмет көрсету)
түрінде,яғни бірінші жағдайда материалды-техникалық жабдықтау жүйесі
арқылы,ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына (жалақы,зейнетақы
және т.б.) сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы бөлінді;
• мемлекет заңмен ақша айналымын: қома-қол ақша және қолма-қол емес
ақшаға бөліп,ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне қызмет
атқаратынын белгіледі.Сөйтіп қома-қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай
табысын бөлуді көрсетсе,ал қолма-қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал-
жабдықтарын бөлуді көрсетті;
• ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде
директивалық заңдармен реттелді;
• ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетті;
• ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте
шоғырланып,оған мембанк бақылау жүргізді;
• қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерін тек мембанк
монополды құқықпен шығарды;
• мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және көрсетілген
қызметтерге тарифтер бекітумен де шұғылданды.
КСРО негізінде құрылған ТМД елдерінің нарықтық қатынастарға өту
кезінде жүргізген іс-шараларынан кейін (бағаны босату,мүлікті
беймемлекеттендіру және т.б.) ақша айналымында айтарлықтай өзгерістер пайда
болды.Шын мәнінде ақша айналысы – ақша айналымының бір бөлігі,атап айтқанда
қолма-қол ақша айналысы.
Нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы ақша айналымына тән
ерекшеліктер:
• ақша айналымы негізінен шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет
жасайды,ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;
• қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдарын заңмен ажырату
жойылды;
• ақша айналымы мемлекеттің,коммерциялық банктердің,заңды және жеке
тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады;
• ақша айналымы әр түрлі меншік формасы жағдайында жүреді;
• ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған,яғни
олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде шоғырланған;
• қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымы бір-бірімен тығыз
байланыста жүреді;
• қолма-қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп,ал қолма-қол емес ақша
белгілерін коммерциялық банктер шығарды.
Сонымен,ақша айналымы деп қолма-қол және қолма-қол емес ақша түрінде
үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады.Бұл анықтама ақша
айналымының қазіргі мазмұныны сай келеді,себебі айналымда тек ақша
белгілері жүреді.
Ал металл ақша жүйесінде әрі тауар,әрі ақша айналымы ретінде олардың
құны айналымда жүрді.Себебі металл монетаның (алтын немесе күміс) өз құны
өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының
қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүрді.Сондықтан құн
айналымы тауар айналымы мен ақша айналымын біріктірді.
Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп айтуға болмайды.Оған себеп –
қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген
құнымен салыстырғанда өте төмен,тіпті жоқ деуге болады.Демек қазіргі құн
айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.
Айналыста жүретін тек қолма-қол ақша,ол ақша айналымының тек бір
бөлігі.Демек ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма-қол ақшамен
өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі.Ал ақша
айналымы деген қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақша белгілерінің тауар
айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын
қамтамасыз еиетін ақшаның қызметі.Сонымен ақша айналымы екі бөліктен: қолма-
қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналымынан тұрады.
Қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналымы
Айналыста тек қолма-қол ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы деп
атайды.Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері
(банкноталар,қазыналық билеттер қағаз ақшалар және ұсақ монеталар)
айналыста жүреді.Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз бөлігін
құрағанымен оның маңызы үлкен.Өйткені қолма-қол ақша халықтың ақшалы
табысының басым көп бөлігін алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасында қолма-қол ақшаны Ұлттық банк банкнота
түрінде эмиссиялайды (ҚР-ның ақша өлшемі – теңге),екінші деңгейдегі банктер
оның эквивалентін қолма-қол емес формада төлеп алады.Коммерциялық
банктердің операциялық кассасынан қолма-қол ақшаның көп бөлігі клиенттерге
беріледі,яғни клиенттер заңды тұлғалар болса,ақша кәсіпорындар мен
ұйымдардың кассасына түседі де,ал клиент жеке тұлға болса,ақша тікелей
халыққа беріледі.Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасындағы қолма-қол ақшаның
аз бөлігі олардың өзара есептесуіне жұмсалса (өзара
есептесу,негізінен,қолма-қол емес ақша белгілермен жүргізеді),ал басым көп
бөлігі халыққа әр түрлі ақшалы табыс түрінде (яғни
жалақы,зейнетақы,жәрдемақы,шәкіртақ ы,сақтандыру қайтарымы,дивидендтер төлеу
менбағалы қағаздарды сатудан түскен түсім және с.с.түрінде) беріледі.
Қолма-қол ақша негізінен халықтың ақшалы табысынан және оны жұмсаудан
тұседі.Бірақ ақшаның көп бөлігін салық,жарна,сақтандыру төлемін,пәтер ақысы
мен коммуналдық төлемін,қарызды өтеуге,тауар сатып алу мен көрсетілген
қызметке ақы төлеуге,бағалы қағаздар мен лотерея сатып алуға,жалгерлік
ақы,айып пұл және т.с.с. төлеуге жұмсайды.
Қорыта айтқанда,ақша коммерциялық банктердің төлем-кассалық
бөлімдерінен клиенттер арқылы айналысқа түсіп,белгілі бір мерзімнен кейін
клиенттердің (негізінен сауда орындары және халыққа қызмет көрсететін
орындардың) кассасы арқылы айналыстан шығады.Сөйтіп,қолма-қол ақшаның
қайталама айналысы аяқталады.
Қолма-қол емес ақша айналымы (төлем айналымы) – ол банктегі шот
иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе
ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқаруы.Ол бүкіл ақша айналымының
басым бөлігін (90%-ке жуығын) құрайды.Төлем айналымы төлеушілер мен сатып
алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе олардың өзара
талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.
Есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін әр түрлі шоттар
қолданылады.Олардың арасында кең тарағандары: ағымдағы,есеп айырысу және
т.б. шоттары.Қолма-қол ақшасыз төлем айналымы: тауарлы операциялар бойынша
және қаржы міндеттемелері бойынша болып екі топқа бөлінеді.Бірінші топқа
тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу,ал екіншіге
бюджетке төленетін төлемдер (пайда салығы,ьқосымша құн салығы,жеке тұлғадан
алынатын табыс салығы және басқа міндетті төлемдер) және бюджеттен тыс
қорлар,банктік борышты өтеу,несие үшін өсімді төлеу,сақтандыру
компаниялармен есептесу жатады.
Айналыстағы ақша алма-кезек біресе айналыс құралы,біресе төлем құралы
қызметтерін орындайды.Тауар сатудан түскен ақша қарыз төлеуге жұмсалуы
мүмкін,өз кезегінде,қарыз өтеуден түскен ақша тауар сатып алуға жұмсалуы
мүмкін.Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдары өзара тығыз
байланысты және бір-біріне тәуелді.Өйткені ақша үнемі бір айналыс аясынан
екіншісіне өтіп,бірақ айналыс аясынан кетпей оған одан әрі қызмет жасай
береді.Ал банктегі шотқа қаржының аударылуы – қолма-қол ақшаның берілуінің
кепілі.Сондықтан қолма-қол ақшасыз төлем айналымы қолма-қол ақша
айналысынан ажырағысыз құрылым және екеуі бірігіп мемлекеттің бірыңғай ақша
айналымын құрайды.
Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент – қолма-қол ақшаны пайдалану
аясын тарылту.Қазір бұл мәселе біздің елде кәсіпорындар арасындағы өзара
есепке қолма-қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселенген мөлшері
көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек саудамен есеп
айырысу үшін есептесу чектерін енгізумен шектелуде.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде ақша айналымын басқаратын
экономикалық әдістерді енгізу процесі кең тараған.Мысалы,АҚШ-та халықтың
барлық төлемдерінің тек ¼ бөлігі ғана қолма-қол ақша төлеумен
жүргізілсе,қаған төлемдер чектермен,несие карточкалармен және т.с.с.
жүргізіледі.Қолма-қол ақшасыз есептесуді жетілдірудің қаржының
айналмалылығын жеделдетуге,айналыстағы қолма-қол ақшаны қысқартуға және
айналым шығындарын азайтуға тигізер экономикалық маңызы зор.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруға әр елдің тарихи және
экономикалық дамуының ерекшеліктері әсер етеді.Мысалы,ең алғаш 1775
ж.Ұлыбритания чекті,вексельді,кейін АҚШ чекті қолдана бастаған,ал Германия
– жирошотты,ТМД-ға мүше-мемлекеттер есеп айырысу шоттарын қолданады.Қазіргі
кезде пластикалық карточкаларды қолдану қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды
ұйымдастыруда ең бір прогрессивтік құрал екенін әлемдік тәжірибе
дәлелдеді.Олардың көптеген түрлерінің ішінде,негізінен,магнитті жолағы бары
кең қолданылады.Өркениетті мемлекеттерде жоғары қорғалу дәрежесі бар
микропроцессорлы карточканы айналымға енгізу үшін белсенді жұмыс
жүргізілуде.
Банктердің есептесу операциялары: инкассо, аудару және аккредитив
болып бөлінеді.
Инкассо - әр түрлі құжаттарды пайдаланып,клиенттердің тапсырысы
бойынша және олардың шотына банктердің ақша түсіру операциясы.Инкассоға
чектер, вексельдер, бағалы қағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.
1996 жылдан Халықаралық сауда палатасы шығарған инкассо бойынша
Үйлестірілген (унифицированный) бірыңғай ереже қолданылады.Онда инкассоның
мәні және түрлері анықталған; вексельдерді,чектерді,инкассалық
тапсырыстарды инкассалау тәртібі;шарт бойынша халықаралық төлемде инкассо
түріндегі есеп айырысу тәртібі қарастырылған.
Инкассалық операцияның екі түрі бар.Жай инкассо – клиенттің банк
арқылы коммерциялық құжатсыз қойған төлем талабы негізінде банктің үшінші
жақтан ақша алуға міндеттенген операциясы.Жай инкассо тауарсыз есеп
айырысуда қолданылады.Құжатты (документарное) инкассо – үшінші жаққа
клиенттен алған құжатты (негізінен тауарды реттеуші) көрсету және оны тек
төлемді қолма-қол алғанда немесе акцепт алғанда ғана беру нәтижесінде
банктің жүргізетін операциясы.
Аудару операцияларында клиент банкіне өз шотынан белгілі-бір соманы
көрсетілген жаққа аудару жөнінде тапсырма береді.Бұндай операцияны
жүргізгені үшін банк комиссиялық ақы алады.
Аккредитив (латын сөзі – сенемін) – бір банктің екінші банкке
аккредитивте көрсетілген шарттарды орындағанда белгілі бір соманы жеке
немесе заңды тұлғаға төлеу жөнінде берген жазбаша тапсырмасы.
Аккредитивтің негізгі түрлері: ақшалы және құжатты.Ақшалы аккредитив –
атаулы ақшалы құжат.Онда белгіленген мерзім ішінде аккредитивте көрсетілген
соманы түгел немесе бөліп-бөліп оны иемденушіге төлеу жөнінде корреспондент-
банкке берген тапсырма жазылған.Құжатты аккредитив – келісім,ол бойынша
эмитентбанк клиенттің нұсқауымен және оның өтініші бойынша үшінші жаққа
төлемді жүргізу немесе оның үкімі бойынша төлеуі немесе ол берген аударым
вексельді акцептеуі,құжаттарды есептеуі немесе сатып алуы керек.Эмитент-
банк көрсетілген операциялардың кез келгенін жүргізу өкілдігін басқа банкке
беруіне болады.
Электронды техниканың жетістіктерінің,банк операцияларын
автоматтандыруды дамыту мен жетілдірудің нәтижесінде XX ғасырдың 70-
жылдарының екінші жартысында электрондық төлем жүйесін қолдануға мүмкіндік
туды.Электрондық төлем жүйесі – ол қағазсыз тасымалдаушы,электронды сигнал
жіберу арқылы ақша сомасын аудару,банктік шоттардың жағдайын
бақылау,несиелік және есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін қолданылады.
Банк клиенттеріне қызмет көрсететін электрондық төлем жүйесіне:
• автоматтандырылған есеп айырысу палатасы;
• банктік автоматтар;
• сауда ұйымдарындағы терминалдар;
• үйде банктік қызмет көрсетулер жатады.
Автоматтандырылған есептесу палатасы (АЕП) қолма-қол ақшасыз есеп
айырысуды автоматтандырылған тәртіппен жүргізеді және төлемдер жөнінде
барлық хабарлар электронды есептегіш машиналарға енгізу үшін магниттік
лентаға немесе терминалдық құрылғыға түсіретін формада болады.Алғашқыда АЕП
1972 ж.АҚШ-та жұмыс істей бастаса,қазіргі кезде оны Жапония,Ұлыбритания
және Батыстың өнеркәсібі дамыған мемлекеттері қолдануда.
Банктік автоматтар (БА) – ол клиентке банк қызметкерлерінсіз банктік
электронды есептегіш машиналарға қосылып,өз бетімен операциялар жүргізуге
мүмкіндік беретін құрылғы.Алғашқыда БА банк ғимаратында орналастырылып,тек
қолма-қол ақша беруге қолданылды.Біртіндеп БА қолдану масштабы өзгеріп,ол
жүргізетін операциялардың шеңбері кеңіді.Қазір олар халыққа үнемі және көп
қызмет көрсететін жерлерде (қонақ үйлерде, вокзалдарда, аэропорттарда, және
т.б.) орнатылуда.Әмбебап (көп қызмет түрлерін атқаратын) БА қолма-қол ақша
берумен қатар,ақшаны бір шоттан басқасына аудару,лимит шегінде борыш
беру,хабар-анықтама беру,шетел валытасын ұлттық валютаға айырбастау және
т.с. көптеген операциялар жүргізеді.БА-тың тетігі – пластикалық дебеттік
карточка.Ол- банктік шот иесінің мағлұматтары (реквизиті) және жүргізетін
операциялар түрі жазылған арнаулы магнитті жолақ (полоса).
Терминалдар – сауда орындарында,ресторандарда және т.б. сауда
ұйымдарындағы есеп айыратын қызметкерлер банк жүйесіне төлем операциялары
туралы хабар беруге және оны сол жүйеге қосуға,сонымен қатар сатып алушының
төлем қабілеттілігі туралы хабарды кері алуға мүмкіндік беретін
құрылғы.Терминалдарды енгізудің мақсаты – қолма-қол ақша айналысын
қысқарту.
Үйде банктік қызмет көрсету – ол электронды есептегіш техниканы
пайдалану негізінде халыққа банктік қызмет көрсету,яғни телефон аппараттары
мен жеке компьютердің қазіргі үлгісін пайдаланумен жүзеге асады.Оның ең жай
түрі - телефонмен тікелей байланысу арқылы – жеке клиенттерге шот
ашуға,несие алуғағ есеп айырысуға мүмкіндік береді.Ал жеке компьютерді
немесе монитордың (теледидардың) экранын пайдаланып,клиент банктің
компьютеріне қосылып, кең коммерциялық хабар алуға; өзінің ағымдағы шотын,
салымын басқаруға; ағымдағы күнге шотына түскен және одан төленген соманы
білуге; банк жұмысы туралы ереже және нұсқаулармен танысуға; бағалы
қағаздармен операция жүргізуге, салық төлеуге және с.с. операцияларды
жүргізуге мүмкіндігі бар.
Қорыта айтқанда, электрондық төлем жүйесін қолдану ақша айналымын
жеделдетуге, айналыс шығындарын азайтуға, есеп айырысуды тездетуге, сайып
келгенде айналыстағы қолма-қол ақшаны азайтуға кең жол ашады.
Металл ақша айналысы
Ақша өзінің материалдық-заттық құрылымы жөнінен металл ақшалар және
қазыналық билеттер (қағаз және несие ақшалары) болып екіге бөлінеді.Екінші
ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі – егіншіліктен қолөнер кәсібі
бөлініп шығуына байланысты тауар өндірісі қалыптасып, айырбас нақтылы
үздіксіз құбылысқа айналғанда ақшаның ролін орындайтын салмақты металл
заттар жүре бастады.Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша белгісінің
салмағын өлшеу жүйесі де пайда болды.Алдымен белгілі бір массасы
көрсетілген бірақ формасы жоқ металл сынықтарының орнына әр түрлі массалы
металл кесектері айналымға түскен.Дегенмен, жаңа дәуірге дейінгі XIII
ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл құймалар айналыста
болыпты.Осыған байланысты қазіргі уақытта да көптеген ақша өлшемінің атауы
оның салмақ атауымен бірдей, мысалы, фунт стерлинг, ливр, марка, - жарты
фунт деген ұғым.Ал фунт – қадақ – орыстың бұрынғы 409,5 грамдық өлшеміне
тең екен. Киев Русіндегі ақша өлшемі гривна күмістің фунты деген мағынаны
көрсеткен, ал оның тең жартысы (рубленая пополам) рубль деп аталған.
Металл ақшаның алғашқы түрі – құйма металл, оның формасы да әр түрлі
болған (шыбық, сым, табақша және т.б.). Салмақты металл құймалары айырбаста
алып жүруге және сақтауға өте ыңғайсыз болғандықтан, сауданың баяу жүруіне
әкеп соқтырған.
Біртіндеп металл ақшаның түрі де, салмағы да өзгерген. Мысалы,
ертедегі Римде ақша орнына белгілі бір салмағы бар формасыз мыс құймасы,
одан кейін жолақша сызығы мен нүктелері бар табақша, ең соңында екі жағында
сурет салынған массасы 1 немесе 2 фунт болатын дөңгелек ақшапайда болған.
Сөйтіп, металл ақшалардың формасының неше түрлі болып өзгеріп, ақырында
дөңгелек түріне келуі тауар-ақша айналымының табиғи даму жолын көрсетеді.
Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысында металдан монета
түрінде ақша құйыла бастады. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты
тауар сатушылардың арасынан көпестер (кпцы) бөлініп шығып, олар тауар
айырбасында тек делдалдық кәсіппен шұғылданды. Сонымен, монете деген заң
жүзінде құрамындағы белгілі бңр металдың салмағын, сыртқы түрін бекіткен
тағайынды формадағы ақша белгісі. Мемлекет алтынның сынамасын (проба –
монетадағы сап алтынның салмағы), массасын, типін, ремедиумын (заңды түрде
бекітілген нақты массасының іс-жүзіндегі массасынан ауытқуы), эмиссия
ережесін және т.с.с. бекітеді. Монетаның бет жағын – аверс, сыртын –
реверс, жиегін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz