Алкоголизм және девиация мәселелері әлеуметтік проблема ретінде



I. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3.4

II. Негізгі бөлім
1.1. Девиантты мінез . құлық жайында түсінік және оның жіктелуі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . 5.6
1.2. Девианттылық . әлеуметтік проблема ретінде және оның факторлары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .7.8
2. Алкоголизм . әлеуметтік ауру . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9.12
2.1. Нашақорлық . ғасыр дерті . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.2. Суицидке байланысты жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17.19
2.3. Қараусыздар мен қаңғыбастар . девиантты мінез.құлықтың бір көрінісі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20.23.
3. Алкоголизм және девиация мәселелеріне байланысты жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың шетелдік тәжірибелері. . .24.25

III. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26.27

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 28
Әлеуметтік проблема – бұл әрекет субъектісінің, яғни жеке тұлға немесе әлеуметтік топтың әрекеттері мен оның нәтижелері арасындағы сәйкессіздікке байланысты туындаған әлеуметтік қайшылықтар. Мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті құралдардың жоқтығы немесе жетіспеушілігіне байланысты туындаған бұл сәйкессіздіктер субъектінің әрекетіндегі әлеуметтік сұраныстардың қанағаттанбауына әкеп соғады.
Әлеуметтік проблемалар, олардың пайда болуы, жиілігі қоғамның даму кезеңінде орын алған нақтылы - тарихи жағдайларға байланысты болады. Оларға: қоғамдық қатынастардың гуманизациялану дәрежесі мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы мүмкін қордың ауқымы; қажеттіліктердің әртүрлі түрлерінің даму дәрежесі мен оны халықтың түсіну деңгейі, қажеттіліктерді тепе – теңдікте ұстау шаралары және оларды қанағаттандыру; еліміздегі тұрғындардың санаттары мен әртүрлі топтарының өмірлік жағдайын жіктеу жатады. Жаңа жағдайларға бейімделуге мүмкіндігін анықтайтын халықтың тұрмысындағы жедел өзгерістер; халықтың әлеуметтік және аймақтық жұмылдырудағы қарқындылығы; осы қоғамда қабылданған әлеуметтік проблемаларды шешудің тәсілдері; адамдардың тұрмыс жағдайына қанағаттылық дәрежесіне әсер ететін объективтік және субъективтік факторларының ара қатынасы; ұлттық – мәдени дәстүрлер сияқты жағдайларда қазіргі кезде көкейкесті болып отыр.
Осыдан – ақ, қоғамдағы кез – келген әлеуметтік проблемаларды талдағанда олардың нақты – тарихи жағдайын қаншалықты ескеру керектігі көрініп тұр. Қоғамның дамуындағы саяси және экононмикалық аспектілеріндегі кез – келген қайта бағдарлау әлеуметтік проблемалардың пайда болуы мен қалыптасуымен тығыз байланыста болады.
Қазақстандық қоғамның жоспарлы экономикадан нарықтыққа көшуі, тоталитарлық жүйеден жариялыққа көшуі жаңа әлеуметтік проблемалардың пайда болып, ескілерінің өрши түсуіне әкеп соқты. Олардың көбі объективтік сипатта болғанымен, субъективтік факторларға барынша әсер етеді. Еліміздің экономикалық, саяси, әскери, ғылыми және шығармашылық элиталарының өкілдеріне сауалнамалар жүргізу нәтижесінде, олардың ойынша, қазақстандық қоғамды 2010 жылға дейін мынадай проблемалар толғандырады екен: жұмыссыздық, сыбайлас жемқорлық, нашақорлық, жезөкшелік сияқты проблемалар.
1. А.Н. Агафонов, Қ.Н. Меңлібаев «Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар»: Парасат әлемі – Астана 2005 ж.
2. М.Т. Баймұқанова «Отбасымен әлеуметтік – педагогикалық жұмыс»: Парасат әлемі – Астана 2005ж.
3. Е.И. Холостова, А.С. Сорвина «Социальная работа: теория и практика»: Оқу құралы – 2001 ж.
4. Социально – молодежная работа: Оқу - әдістемелік құрал – 1997 ж.
5. А.А. Козлов «Социальная работа за рубежом: состояние, тенденции, перспективы» - 1998 ж.
6. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдияров «Педагогика»: Оқу құралы – Алматы 2004 ж.
7. А.Н. Агафонов, К.Н. Мнелибаев, К.М. Туганбекова, Г.Г. Черная «Социальная работа: теория и технологии»: Оқу құралы – Астана 2005 ж.
8. Денсаулық журналы: 2002 ж. №12, 2-3 беттер
9. Ввлеология дене тәрбиесі спорт: Әдістемелік журнал – 2005 ж. №1-26 3-5 беттер
10. Ана тілі газеті: 2005 ж. Ақпан, №7 9 бет.
11. Жұлдыз : әлеуметтік журнал – 2004 ж. №10 118-120 беттер.
12. Алматы ақшамы: газет – 2004ж. 21 қыркүйек
13. Алматы ақшамы: газет – 2003 ж. 15 қараша.
14. Егемен Қазақстан: газет – 2006ж. 2 наурыз.
15. Қ.Р. Президанті мен Қ.Р. Үкіметінің актілер жинағы: 2004 ж. № 25 3-бет.
16. Жетісу: газет – 2005 ж. 25 маусым.
17. Жас алаш: газет – 2004 ж. 17 маусым.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Экономиканы мемлекеттік реттеу
кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Алкоголизм және девиация мәселелері әлеуметтік проблема ретінде

Оқытушы:Бердімұратова Қ.Қ.
Ғылыми
дәрежесі: аға оқытушы
Студент: Нурпеисова
А.Т.

Мамандығы: Әлеуметтік жұмыс.
Тобы: 213
Тексерілген күні:
Жұмыстың бағалануы:

Алматы 2007

Мазмұны

I. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . .3-4

II. Негізгі бөлім
1.1. Девиантты мінез – құлық жайында түсінік және оның жіктелуі . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . .. . . . . . . . . . . . . . 5-6
1.2. Девианттылық - әлеуметтік проблема ретінде және оның факторлары
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . .7-8
2. Алкоголизм - әлеуметтік ауру . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . 9-12
2.1. Нашақорлық – ғасыр дерті . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . .
2.2. Суицидке байланысты жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар .. . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . 17-19
2.3. Қараусыздар мен қаңғыбастар – девиантты мінез-құлықтың бір
көрінісі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . 20-23.
3. Алкоголизм және девиация мәселелеріне байланысты жүргізілетін
әлеуметтік жұмыстардың шетелдік тәжірибелері. . .24-25

III. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . 26-27

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . 28

+-

Кіріспе

Әлеуметтік проблема – бұл әрекет субъектісінің, яғни жеке тұлға немесе
әлеуметтік топтың әрекеттері мен оның нәтижелері арасындағы
сәйкессіздікке байланысты туындаған әлеуметтік қайшылықтар. Мақсаттарға
қол жеткізу үшін қажетті құралдардың жоқтығы немесе жетіспеушілігіне
байланысты туындаған бұл сәйкессіздіктер субъектінің әрекетіндегі
әлеуметтік сұраныстардың қанағаттанбауына әкеп соғады.
Әлеуметтік проблемалар, олардың пайда болуы, жиілігі қоғамның даму
кезеңінде орын алған нақтылы - тарихи жағдайларға байланысты болады.
Оларға: қоғамдық қатынастардың гуманизациялану дәрежесі мен халықтың
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы мүмкін қордың ауқымы;
қажеттіліктердің әртүрлі түрлерінің даму дәрежесі мен оны халықтың түсіну
деңгейі, қажеттіліктерді тепе – теңдікте ұстау шаралары және оларды
қанағаттандыру; еліміздегі тұрғындардың санаттары мен әртүрлі топтарының
өмірлік жағдайын жіктеу жатады. Жаңа жағдайларға бейімделуге мүмкіндігін
анықтайтын халықтың тұрмысындағы жедел өзгерістер; халықтың әлеуметтік
және аймақтық жұмылдырудағы қарқындылығы; осы қоғамда қабылданған
әлеуметтік проблемаларды шешудің тәсілдері; адамдардың тұрмыс жағдайына
қанағаттылық дәрежесіне әсер ететін объективтік және субъективтік
факторларының ара қатынасы; ұлттық – мәдени дәстүрлер сияқты жағдайларда
қазіргі кезде көкейкесті болып отыр.
Осыдан – ақ, қоғамдағы кез – келген әлеуметтік проблемаларды
талдағанда олардың нақты – тарихи жағдайын қаншалықты ескеру керектігі
көрініп тұр. Қоғамның дамуындағы саяси және экононмикалық
аспектілеріндегі кез – келген қайта бағдарлау әлеуметтік проблемалардың
пайда болуы мен қалыптасуымен тығыз байланыста болады.
Қазақстандық қоғамның жоспарлы экономикадан нарықтыққа көшуі,
тоталитарлық жүйеден жариялыққа көшуі жаңа әлеуметтік проблемалардың
пайда болып, ескілерінің өрши түсуіне әкеп соқты. Олардың көбі
объективтік сипатта болғанымен, субъективтік факторларға барынша әсер
етеді. Еліміздің экономикалық, саяси, әскери, ғылыми және шығармашылық
элиталарының өкілдеріне сауалнамалар жүргізу нәтижесінде, олардың ойынша,
қазақстандық қоғамды 2010 жылға дейін мынадай проблемалар толғандырады
екен: жұмыссыздық, сыбайлас жемқорлық, нашақорлық, жезөкшелік сияқты
проблемалар.

1.1. Девиантты мінез – құлық жайында түсінік және оның жіктелуі.

Қоғамның өтпелі кезінде, қоғамдық өмірдің көптеген салалары дағдарыс
жағдайларында болғанда, әлеуметтік процестердің динамикасы асоциальдық
және антисоциалдық сипатындағы – зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын
қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және токсикомания, жезөкшелік,
аморализм сияқты мінез – құлық реакциясының өршуін туғызуы өзінен - өзі
түсінікті.
Жастар арасындағы теріс қылық реакциясына талдау жасағанда ғылыми
әдебиеттерде көптеген түсініктер қолданылады: асоциальдық,
антисоциальдық, девиантты, делинквентті, адиктивті мінез – құлықтар. Оның
әрқайсысы жас адамның белгілі – бір мінез – құлық кесіндісін, қоғамға
тән мінез – құлық нормаларынан белгілі – бір ауытқу дәрежесін
сипаттайды. Олардың ішіндегі ең кеңінен тараған жалпылама түсінік
девиантты мінез – құлық, себебі барлық әлеуметтік мінез – құлықты
қалыпты және девиантты (лат. – жалтару, ауытқу) деп екіге бөлуге болады.
Девиантты мінез- құлыққа адамның, әлеуметтік топтың сол қоғамда ресми
түрде қабылданған немесе қолданылатын нормаларға сәйкес келмейтін
қылықтары, іс - әрекеттері жатады. Осы түсінікті анықтау үшін әлеуметтік
нормаларға не жататынын білу керек. Әлеуметтік норма қоғамда тарихи
қалыптасқан адамдар, әлеуметтік топтар, әлеуметтік ұйымдар мінез –
құлқының, әрекетінің шегі, шарасы, мүмкіндік аралығымен анықталады.
Нормадан ауытқу жағымды (қоғамдық жүйенің дамуына бағытталған, мінез –
құлықтың ескірген, консервативті немесе реакциялық стандарттарын жеңу)
және жағымсыз болуы мүмкін. Соңғы түрі әлеуметтік қызметкер және
әлеуметтік педагог үшін кәсіби қызығушылық туғызатын объект болуы керек.
Негативті девиантты мінез – құлық мынадай түрлерге бөлінеді: аморальды
– қоғамда қабылданған мораль нормаларына қайшы келетін қылықтар,
делинквентті – қылықтар құқық, соның ішінде қылмыстықтан басқа нормаларға
қайшы келеді, және қылмыстық – қылмыстық заңдылықтар нормасы бұзылады.
Девиацияны екі негізгі бағытта қарастыруға болады:
1. бұзушылықтың пайда болатын формалары бойынша – делинквенттілік ,
үйден қашып кету, қаңғыру, ерте маскүнемдік, сексуальдық
девиациялар, суицидтік мінез – құлық.
2. биологиялық факторлар негізінде жатқан себептер, фактролар,
дәлелдерге қатысты, сондай-ақ әлеуметтік – психологиялық
негіздегі: әлеуметтік орта және психологиялық ерекшеліктері.
Девианттық мінез – құлық факторлары күрделі жүйені құрады, оның түрлерін
әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады, мысалы, барлық
асрциальдық нысандарға ортақ макросоциалдық және микросоциалдық және
әрбір жеке қауіпті топтарға арналған арнаулы; ішкі, психологиялық,
сыртқы, орташа және т.б.

1.2. Девианттылық - әлеуметтік проблема ретінде және оның факторлары.

Қазіргі уақытта кең таралған бәріне ортақ, макросоциалдық девиантты
мінез-құлықтың себебі қоғамның әлеуметтік қатынастарындағы өзгерістер, ол
маргинализация түсінігімен байланысты, яғни оның тұрақсыздығы,
аралықтығы, өтпелілігі. Жалпы экономикалық және әлеуметтік
тұрақсыздық, бұрынғы өмір салтының бұзылуы, үйреншікті құндылықтар
жүйесінен бас тарту әлеуметтік девиацияға әкеп соғады.
Әлеуметтік құбылыс ретіндегі девиантты мінез – құлықтың екінші
себебіне әлеуметтік теңсіздік, қажеттіліктерді қанағаттандырудың шынайы
мүмкіндіктері арасындағы қоғамдық айырмашылықтар, ол ең алдымен жеке
бастың және қоғамдық топтың әлеуметтік айқындамасына, олардың қоғамдық
құрылымдағы орнына байланысты. Қанағаттандыру мүмкіндіктерінің арасындағы
айырмашылық витальдық себепке ғана байланысты емес, біздің жағдайда
беделге, мәртебеге, өзін көрсетуге және т.б. деген әлеуметтік
қажеттіліктердің аса маңыздылығы қарсы реакцияны тудыруға, соған сәйкес
девиантты мінез-құлық танытуға әбден себеп болады. Көптеген зерттеулер
көрсетіп отырғандай, девиантты мінез-құлықтың негізгі себебіне
материалдық және рухани қанағаттану деңгейі емес, оларды
қанағаттандырудағы мүмкіндіктердің дәрежесі, айырмашылық аумағы жатады.
Девиантты мінез – құлықтың таралуына моральдық – этикалық факторлар да
әсер етеді.
Девиантты мінез – құлықтың күшеюінің маңызды факторларының біріне
құқықтық нигилизм, заңға, құқық қорғау органдарына және оның өкілдеріне
селқос қарау жатады.
Білім жүйесінің жастардың құқықтық және адамгершілік тәрбиесінің
азаюы, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларындағы құқықтық вакуумға әкеліп
соққан заң шығару ісіндегі тоқтаулар, құқық қорғау органдарының
жұмысының тиімсіздігі – осының барлығы жастарда өздерінің өмірлік
проблемаларын заңды айналып, соның ішінде қылмыстық жолмен шешуге
мүмкіндік алуының қалыптасуына әкеп соқты.
Әлеуметтік жұмыс тәжірибесі үшін девиантты мінез – құлықтың пайда
болуына әсер ететін микросоциалдық факторларды білу де маңызды.
Микросоциалдық фактроларға жасөспірімдер мен жастардың үш негізгі өмірлік
әрекеттерінің салаларын жатқызады: мектеп және құрдастарының референттік
тобы, отбасы, жұмыс орны.
Девианттық мінез – құлықтың негізгі факторларын сөз еткенде жеке дара
деңгейде девиацияның шығу тегі туралы айта кеткен жөн. Бұл деңгейде
девианттық мінез – құлықтың жалпы себебіне жеке тұлғанаң объективтік
қасиеттерінің қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ұстанған айқындама
талаптарына сәйкес келмеудің нәтижесінде пайда болатын әлеуметтік
жағдайсыздық жатады.
Жеке дара деңгейде көрінетін девиациялық мінез – құлықтар
факторларының ішіне ішкі психологиялық процестерді жатқызуға болады:
• беделге, өзін құрметтеуге қажеттілік (кейбір мәліметтерге
қарағанда, кәмелетке толмаған қылмыскерлердің арасында осы
қажеттіліктер 12-13 жасында-ақ дамығаны байқалады және заңды
бұзбайтын құрдастарына қарағанда оларда күштірек дамығандығы
байқалады);
• тәуекелге бару қажеттілігі;
• жасанда қажеттіліктердің болуы (алкогольге, есірткілерге);
• эмоционалды тұрақсыздық;
• агрессивті;
• акцентуациялық мінездің болуы;
• психикалық дамудағы тежелу, ауытқу;
• өз - өзіне адекватсыз баға беру және т.б.
Девианттық мінез – құлық проблемаларын нақты нысандар деңгейінде
қарастырмас бұрын жоғарыда аталған негізгі факторларға қосымша ерекше
факторлардың да бар екендігін айта кеткен жөн. Девианттық мінез –
құлықтың нақты нысандар деңгейіндегі ерекше факторлары бір – бірімен
өзара әрекеттеседі, өйткені шығу тегі отрақ бола отырып, девианттық мінез
– құлықтың әртүрлі нысандары белгілі – бір жағдайларда өзара байланысты.
Зерттеушілердің айтуынша, шартты түрде тұрақты корреляция бар екен, ол
тура және кері болады, бұл зорлау немесе қасақана жасалған қылмыс
арасында, маскүнемдік пен нашақорлық арасында, әйелдер қылмысы мен
жезөкшелік арасында байқалады.
Барлық осы жағдайларды девианттық мінез – құлықты жастардың нақты
санаттарымен - қараусыздармен, маскүнемдермен, нашақорлармен,
жезөкшелермен, құқық бұзушылармен және т.б. әлеуметтік жұмыс
ұйымдастыруда ескерген дұрыс.

2. Алкоголизм - әлеуметтік ауру.

Маскүнемдік – шамадан тыс алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, ол жас
адамның денсаулығына зиян келтірумен қатар, оның әлеуметтік бейімделуіне
әкеп соғады. Алкоголизм – спирттік ішімдіктерді үнемі қолданудан болатын
интоксикация табиғатының психиатриялық ауру. Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының анықтауы бойынша алкоголизм спирттік ішімдіктерді
мәжбүрлі түрде қабылдаумен сипатталады да, үздіксіз немесе мерзімді
қолданудан алкогольді көтерудің өзгеруіне әкеп соғады (ең алғашқыда ол
көтеріледі, кейіннен ол төмендейді), ал спирттік ішімдікті пайдаланбаған
кезде соматикалық вегеактивтік, неврологиялық бұзылулар болады.
Алкоголизм – бірнеше кезеңдерден тұратын ауру: ол тұрмыстық
маскүнемдіктен басталады, клиникамен аяқталады. Организмде қайтарымсыз
процесс болады: спирт айналым қызметі үшін қажеттілік болып табылады,
спиртке деген құштарлық патологиялық сипатқа ие болады. Спирт өмірлік
жүйесінде негізгі болады.
Маскүнемдік пен алкоголизм өзара байланысты, біріншісі алкоголизмнің
алғышарты болып қаралады.
Маскүнемдік пен алкоголизм проблемалары соңғы жылдары жастардың
проблемасына айналып барады. Осы мәселемен арнайы айналысатын мамандар
мынадай қорытындыларға келіп отыр:
• ішетіндер контингентінің жасаруы байқалып келеді, ол
жасөспірімдердің өте жас кезінен бастап спирттік ішімдіктерді
қабылдай бастауымен байланыста;
• әр бір келесі ұрпақ алкогольдік ішімдіктерді қабылдауды алдыңғы
ұрпақтан да ерте бастайды;
• жастар бұл құбылысқа үлкен төзімділік пен түсіністік танытып отыр.
Маскүнемдік пен алкоголизм проблемасын қарастырғанда, алкоголизмнің
әлеуметтік ауруға жататынын міндетті түрде еске сақтау керек, өйткені ол
қоғамдық санада, қоғамда әлеуметтік, экономикалық қайшылықтардың болуына
байланысты. Осы қайшылықтардың арасында спиртке деген қол жетерлік
жағдайдың жоғарғы дәрежесін атауға болады, оған кейбір мемлекеттерде ол
псивдокоммерциялық пайда үшін ұлғайтылуы (бірақ, мамандардың есептеуінше,
мысалы, спиртті сатуға жіберілген бір теңгеден қоғам 3-6 теңге тура пайда
тапса, ал табатын жанама шығыны – денсаулықты жоғалту, өлім, қылмыс және
т.б.), қоғамның спиртті пайдалануға деген жайбарақат – бейғам қатынасы;
ішімдікпен байланысты мәдени – тарихи қалыптасқан әдет – ғұрыптардың
болуы себепкер болады.
Жастар ортасында маскүнемдік пен алкоголизмді болдырмау ісімен
айналысатын әлеуметтік педагогтар, әлеуметтік жұмыс бойынша мамандар
белгілі – бір, нақты істер атқарады. Әлеуметтік педагогтың негізгі
осындай қызметіне:
1. Әлеуметтік – педагогикалық, ол бала мен отбасына әлеуметтіу әсер
ету процесінде, әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды жақсартуда,
баланың дамуы үшін қолайлы әлеуметтік орта құру, балаға бақылау
жасауды жүзеге асыру барысында көмек көрсетуден тұрады.
2. Әлеуметтік – оқыту, баланы маскүнемдік пен алкоголизм проблемасы
туралы білім беруге, сондай – ақ алкоголизация процесінде
еліктіруге қарсы келе алатын қажетті әлеуметтік іскерліктер мен
дағдыларды үйретуге бағытталған.
3. Құқық қорғаушылық, ол алкоголизмге бейім баланың құқығын қорғау
және сақтауды қарастырады.
Ішімдікке салыну проблемасының маңыздылығы мемлекеттің келесі
қағидаларға сүйене отырып, арнаулы алкогольдікке қарсы саясатты жүзеге
асыруын қажет етеді:
➢ Халықтың негізгі массасының өмірінен алкогольді толықтай алып
тастаудың болашақта еш мүмкіндігі жоқ екенін мойындау, мемлекет
пен қоғам тарапынан маскүнемдік пен алкоголизммен күресу
бағдарламасын жасау мен оны жүзеге асырғанда алкогольді қолданудың
ұстамды қағидасы мен одан бас тарту қағидаларын негізгі деп ұстану
керек;
➢ Маскүнемдік пен алкоголизмді құбылыс ретінде қабылдау басқа
көптеген әлеуметтік құбылыстарсыз мүмкін емес, сондықтан бұл
мәселе бойынша құрылатын мемлекеттік саясат мемлекеттің шынайы
жағдайлары мен мүмкіндіктерін, соның ішінде экономикалық, мәдени-
тәрбиелік, міндетті түрде халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-
ғұрыптарын, халықтың алкогольге деген қатысының сипаттарын есепке
ала отырып және оған объективті талдау жасау негізінде құрылуы
керек;
➢ Профилактикалық, мәдени, тәрбиелік және білім беру сипатындағы
шараларға, сондай-ақ, алкогольді қолдануды саналы түрде шектеу
шараларына көбірек мән берілгені дұрыс, себебі әлемдік және
отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай, қатал тыйым салу мен
шектеулер маскүнемдікпен күрестің табысты болуын қамтамасыз
етпейді және қосымша қиындықтар туғызып, проблемаларды шешуді
күрделендіре түседі;
➢ Мемлекеттің алкогольге қарсы саясатын халық тарапынан қолдау,
маскүнемдік пен алкоголизмді алдын алу шараларына қоғамдық
ұйымдар, бірлестіктер, қорлардың қатысуы, мемлекеттік органдардың
қоғамдық пікірді және мемлекеттің саясатына халықтың ұсыныстары
мен ескертпелерін есепке ала отырып зерттеу;
➢ Елімізде маскүнемдік пен алкоголизмнің алдын-алудың ауқымды
жүйесін құру, оларды әртүрлі әлеуметтік-демографиялық жігі мен
кәсіби топтарына әсер ету тиімділігін ескере отырып, халыққа
алкогольге қарсы білім беру мен тәрбиелеуді жүргізудің мазмұны мен
әдісінің ғылымилығын қамтамасыз ету;
➢ Алкогольді қолданудың алдын-алудың тиімді құралы ретінде
профилактикалық тәрбиелік әсер етудің арнаулы жүйесін құру және
дамыту;
➢ Мемлекеттің алкогольге қарсы саясатын басқарудың және мемлекеттік
органдардың, қоғамдық ұйымдардың және басқа да әлеуметтік
институттардың әртүрлі алкогольге қарсы күштерін бағдарлаудың
тиімді механизмін құру.
Бұл қазіргі уақыттағы алкоголизмге қарсы қолданылып отырған шаралар
болып табылады.
Ал енді сәл тарихқа бет бұрсақ, яғни ішімдіктің қандай кесапатқа әкеп
соққаны жайында бірер әңгіме қозғасам деп едім. Құранда ішімдікке тыйым
салынғаны белгілі. Өкінішке орай, Ресей тарихында Киев князі Владимирдің
қай дінді таңдасам екен деп едәуір қиналған сәті болғанын білеміз. Сонда
ол Византиялық христиан діні мен ислам дінінің бірін таңдауға тиіс болған
еді. Жылнамаға сүйенсек, ақтық таңдау жасауға оның мына сөзі түрткі
болыпты: Ресейде көңіл көтеру деген – ішу. Сөйтіп, князь Владимир ислам
дінін емес, осындай көңіл көтеруді насихаттайтын дінді қабылдады.
Ресейдің кейінгі тарихында мұндай көңіл көтерудің неге әкеп соққаны
белгілі. Дегенмен, мысал келтіріп өтсем, Ресейдің ең соңғы императорының
бірі Үшінші Александр іс жүзінде түзелмейтін ішкіш болған. Тіпті оның
сарай қызметшілерінің көзінше мас болып еденге құлап, жатқан жерінен тұра
алмай, олардың аяғына жармасқан сәттері де болыпты. Ал Ресейдің ең соңғы
императоры Екінші Николай мас күйінде Кайзер Вильгельммен бірге аңға
шығып, Антанта туралы жасалған шартқа қарамастан, Германиямен арадағы
шартқа қол қойған . Кейін бұдан амалсыз бас тартуға мәжбүр болды. Осыған
байланысты маңызды халықаралық жанжал шыққан. Таяудағы тарихымызда да
мұндай мысалдар жиі кездеседі. Кейбір бас хатшыларымыз қалтыраған қолымен
аса маңызды құжаттарды бекітіп, басқа мемлекеттерге соғыс жариялап жатты,
сөйтіп халқымыздың басына өлшеусіз ауыртпалықтар түсірді. Міне, Ресейде
көңіл көтеру деген – ішу" ұранының жеткізген жері!

2.1. Нашақорлық – ғасыр дерті.

Нашақорлық - жастар арасындағы девианттық мінез – құлықтың ең қауіпті
нысандарының бірі. Осыдан он жыл бұрын есірткілер экзотика сияқты
естілген, егер баспасөз бетінде ол туралы жазылса, ол буржуазиялық
қоғамның шіруінің белгісі ретінде қабылданды. Қазір бұл қасірет қазақ
жеріне де келіп жетті. Батыс елдерінде есірткімен күрес үшін мол қаржы
бөлінеді де олардағы біршама тұрақтанған, кейбір жерлерде нашақорлардың
қартаюы байқалып та қалады. Ал Қазақстанда, басқа ТМД елдері сияқты
керісінше, нашақорлыққа жастарды тарту, соның ішінде жасөспірімдерді
тарту өріс алып келеді.
Нашақорлықпен және наркобизнеспен күресу бойынша республикалық
Агентствоның мәліметтеріне қарағанда, 45 мыңнан астам нашақорлар ресми
түрде тіркелген екен. Бірақ статистика мәліметтеріне қарап, шындықты
бағалай алмайтынымызды ескерген жөн, өйткені дәрігерлер өз еркімен
емделуге келгендерді ғана тіркесе, полиция керісінше, мәжбүрлеп
әкелгендерді ғана тіркейді. Сондықтан денсаулық сақтаудың Дүниежүзілік
ұйымы (ДДҰ) ресми сандары 8-10 ретке көбейтуді ұсынады. Сонда
республикадағы есірткі қабылдайтындар саны шамамен 450 мың, ол халықтың
3,5 пайызын құрайды.
Нашақорландыру – есірткілерді тарату процесі, жеке адамдарды, адамдар
тобын психоактивті (есірткілік, токсикоманиялық,) заттарды қолдануға
тарту. Нашақорландыру салдары нашақорлыққа әкеп соғады. Дүниежүзілік
денсаулықты сақтау ұыймының анықтауынша – бұл организмге есірткіні, яғни
өсімдік тектес немес синтетикалық заттарды бірнеше рет енгізу арқылы ауық
– ауық немесе созылмалы түрде уландыру жағдайы, ол организмнің қалыпты
қызметін өзгертеді, ал көп қолданған жағдайда оны психикалық немес
физикалық тәуелділікке әкеп соғады.
Есірткіге әуестіктің себебіне әр алуан жағдайларға: тұрмыстың жоқтығы,
жастарға бос уақытты өткізуде ең қажетті мүмкіндіктерді беретін
әлеуметтік-мәдени салалардағы кемшіліктер, әлеуметтік әділетсіздіктер,
адамдардан көңіл қалуға байланысты өмірге қанағаттанбау жатады.
Әлеуметтік зерттеулер көрсетіп отырғандай, есірткі қабылдайтындарға тән
бірнеше ортақ белгілер болады екен, олар: өзін-өзі бақылаудың, өзіндік
тәртіптіліктің нашар дамуы, әртүрлі қолайсыз әсерлерге қарсы тұра
алмаушылық, қиындықтарды жеңе алмаушылық, эмоционалды тұрақсыздық,
жағдайларға теріс баға беруге бейімділік, психиканы бұзатын жағдайлардан
тиімді жол таба алмаушылық.
Нашақорлардың өздерінің есірткі қолдануға деген қатынастары негізінде 5
түрлі нашақорлар анықталды:
1-түрі – гедонис-нашақор, ләззаттануды жақсы көруші. Ол үшін есірткі
кайфке апаратын жол, оның орналасқан жері республиканың оңтүстігі,
оның жасы – 16-18 жас, негізінен еркек жынысты.
2-түрі – экстраверт, шулы және көңілді сауықты жақсы көреді. Ол үшін
есірткі – бос уақытты өткізудің атрибуты, көңілсіздіктен айырылу, өзін
ерікті сезінудің жолы. Мұндайлар көбі Қазақстанның мұнайының астанасы
Атырауда орналасқан. Оның да жасы – 16-18 жаста, еркек жынысты.
Нашақорлардың бұл түріне есірткі қолданатын 5,7 пайыз нашақор жатады.
3-түрі – жан дүниесі мүгедек адам, ол үшін есірткі – тірек үшін
керекті сүйек, өмірлік қажеттілік:допинг алмаса, ол зомбиге
айналып кетеді. Оның жасы – 16-18 жас, ол жігіт немесе қыз.
Мұндайлардың көбі Орал қаласында орналасқан. Бұл тип зерттеушілер үшін
үнемі жабық. Оны полициялық рейдтер немесе әлеуметтік сауалнамалардың
көмегі де таба алмайды, бұл жасырын нашақорлар.
4-түрі – адасқан, есірткі оны тұйыққа тіреді, одан шығатын жолды
таба алмайды. Оған тек қалғаны есірткі тартып көргеніне өкіну. Бұл
жастар арасында ең кең тараған түр. Оны барлық жерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік бақылау
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі девионтологияның орны
Әлеуметтік мінез-құлықтар және оның түрлері
Дюркгеймнің суицид мәселесіне социологиялық талдау
Қазақстандағы девиантты мінез құлықтың көріністері, оның алдын-алу
Девиантты мінез - құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы. Жастардың девианттық мінез - құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
Девианттық мінез-құлық даму тенденциялары мен түсініктері
Девианттық-мінез құлықтың салдарының виктимдішлігі
Девиация - әлеуметтiк - педагогикалық проблема
Жастар арасында девиантты мінез - құлықтың қалыптасуы
Пәндер