Ғылым және ғылыми көзқарас



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Ғылыми танымның логикасы мен методологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

Ғылым және ғылыми көзқарас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

Ғылымың партизандық концепциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Қолданылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Адамзат қоғамының қалыптасып, одан әрі өсіп- өркендеуінеде, тарихи сатылармен іргелеуінде ғылымның атқаратын рөлі айрықша екені белгілі. Екінші жағынан алғанда, ғылым – қоғамның өзі дүниеге келтірген, өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Біз ғылымның дүние танып, игерудің, данышпандық пен зерделіліктің қайнар көзі екендігін білеміз. Сонда ғылым деген не? Ғылым мен білім бір мағына ма?
Адамның айналадағы дүниені танып- білуі күрделі қайшылыққа толы, ұзаққа созылатын екені және де оның адамның жаңа әрі тың білімді игерумен байланысты екені алғашқы тараулардан мәлім. Білім дегеніміз – материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы әрі нақты мәліметтер жиынтығы, олардың адам санасынада дұрыс, объективті белгіленуі. Жалпы білім қорын ғылымға дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған қарапайым білім және ғылыми білім деп екі ғылымға ажыратуға болады. Ғылымға дейінгі қарапайым білім тіршілік барысында, іс- әрекет үстінде, тәжірибе ауқмында жинақталады. Ол бар болғаны құбылысты сипаттайды, оқиғаның қалай болып жатқанын пайымдайды. Ал ғылыми білім терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны жай сипаттаумен шектелмейді. Құбылыс неге мұндай, оқиға неліктен дәл осылайша, басқаша емес осылай өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп жатыр деген дәйекті сұрақтарға жауап ьереді.Басқаша айтқанда, ғылыми білім оқиғаларды, құбылыстар мен фактілерді бейнелеу сырттай сипаттап қана қоймайды, сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғатын, мәнді жақтары мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын айқындап түйіндейді. Осы негізде ғылыми білім оқиғалардың, құбылыстардың бұдан былайғы даму бағдарларына болжам жасайды. Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, логиқалық тұрғыданұжымдасқандығымен және теориялық сипаттарымен ерекшелінеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтары мен қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс- әрекеттің барысында туындап, жинақталып, жүйеленеді. Ол таным процесінің мақсаты әрі күрделі нәтижесі болып табылады.
Сөйтіп, ғылым дегеніміз – заттардың, құбылыстар мен процестердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын даралап тұжырымдайтын шынайы, ақиқат білім жүйесі. Тарихи тұрғыда ғылым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір сатысында, өзі туғызатын қажеттіліктерге байланысты, ой еңбегі мен дене еңбегі бөлініп, қауымдық қауым ыдырап, таптық қоғам қалыптаса бастаған кезде пайда болған. Алғашқы жүйелі ой пікірлер мен тұжырымдар ертедегі Шығыста, Египетте, Вавилонда, Грекияда т.б дүниеге келген еді. Ең алғашқы тарихи жүйе философия екендігі белгілі. Одан әрі практиканың сұрамдарына, өндіріс қажеттерін қанағаттандыруға байланысты түрлі ғылымдар философия құрамынан жіктеліп шығып, өз алдында дербестік алды.
Философиялық сөздік – Редкол: Р.Н.Нұрғалиев, Ғ.Ғ.Ақтамбетов Ж.Б
Алматы: Қазақ энциклопедиясы,1996-521б
Д.Сыздықов Ұ.Философия 1990 ж
Бейсенов Қ.Ш философия тарихы – Шымкент 2005ж
Рассел Б. История заподной философии 1991

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Ғылыми танымның логикасы мен
методологиясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 6

Ғылым және ғылыми
көзқарас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...9

Ғылымың партизандық
концепциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

Қолданылған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...15

Кіріспе

Адамзат қоғамының қалыптасып, одан әрі өсіп- өркендеуінеде, тарихи
сатылармен іргелеуінде ғылымның атқаратын рөлі айрықша екені белгілі.
Екінші жағынан алғанда, ғылым – қоғамның өзі дүниеге келтірген, өркендеуіне
жағдай туғызған құбылыс. Біз ғылымның дүние танып, игерудің, данышпандық
пен зерделіліктің қайнар көзі екендігін білеміз. Сонда ғылым деген не?
Ғылым мен білім бір мағына ма?
Адамның айналадағы дүниені танып- білуі күрделі қайшылыққа толы,
ұзаққа созылатын екені және де оның адамның жаңа әрі тың білімді игерумен
байланысты екені алғашқы тараулардан мәлім. Білім дегеніміз – материалдық
және рухани құбылыстар туралы шынайы әрі нақты мәліметтер жиынтығы, олардың
адам санасынада дұрыс, объективті белгіленуі. Жалпы білім қорын ғылымға
дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған қарапайым білім және ғылыми білім
деп екі ғылымға ажыратуға болады. Ғылымға дейінгі қарапайым білім тіршілік
барысында, іс- әрекет үстінде, тәжірибе ауқмында жинақталады. Ол бар
болғаны құбылысты сипаттайды, оқиғаның қалай болып жатқанын пайымдайды. Ал
ғылыми білім терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны жай сипаттаумен
шектелмейді. Құбылыс неге мұндай, оқиға неліктен дәл осылайша, басқаша емес
осылай өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп жатыр деген дәйекті
сұрақтарға жауап ьереді.Басқаша айтқанда, ғылыми білім оқиғаларды,
құбылыстар мен фактілерді бейнелеу сырттай сипаттап қана қоймайды, сонымен
қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғатын, мәнді жақтары мен маңызды
байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын айқындап түйіндейді.
Осы негізде ғылыми білім оқиғалардың, құбылыстардың бұдан былайғы даму
бағдарларына болжам жасайды. Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі
есебінде қашанда жүйелілігімен, логиқалық тұрғыданұжымдасқандығымен және
теориялық сипаттарымен ерекшелінеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтары мен
қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс- әрекеттің барысында туындап,
жинақталып, жүйеленеді. Ол таным процесінің мақсаты әрі күрделі нәтижесі
болып табылады.
Сөйтіп, ғылым дегеніміз – заттардың, құбылыстар мен процестердің
ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын
даралап тұжырымдайтын шынайы, ақиқат білім жүйесі. Тарихи тұрғыда ғылым
адамзат қоғамы дамуының белгілі бір сатысында, өзі туғызатын
қажеттіліктерге байланысты, ой еңбегі мен дене еңбегі бөлініп, қауымдық
қауым ыдырап, таптық қоғам қалыптаса бастаған кезде пайда болған. Алғашқы
жүйелі ой пікірлер мен тұжырымдар ертедегі Шығыста, Египетте, Вавилонда,
Грекияда т.б дүниеге келген еді. Ең алғашқы тарихи жүйе философия екендігі
белгілі. Одан әрі практиканың сұрамдарына, өндіріс қажеттерін
қанағаттандыруға байланысты түрлі ғылымдар философия құрамынан жіктеліп
шығып, өз алдында дербестік алды. Ең алдымен қозғалыстың бастапқы қарапайым
түрлеріне байланысты ғылымдар – механика және оған қызмет етуші математика,
физика мен астрономия, солардың негізінде химия, биология мен медицина
ғылымдары қалыптаса бастады, кейінректе қоғамтану ғылымдары қалыптаса
бастады. Мәселен, геометрияны жерді өлшеу, астрономия және сағатты теңізде
жүзу, медицинаны сырқатты емдеу қажеттілігі дүниеге келтірді. Ғылымның
шынайы шарықтап, даму қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман кезеңімен
байланысты. Капиталистік өндіріс тәсілінің орнығу, өндіргіш күштердің күрт
дамуы, техника саласындағы табыстар, орасан зор географиялық ашылымдар жаңа
дәуір ғылымының өркендеуіне негізгі себеп болып табылады.
Ғылыми таным мен ғылымның пайда болуына әлеуметтік және логикалық
факторлар да әсер етті. Практикалық қызмет, қоғамдық қатынастар, қоғамдық
еңбңк бөлінісінің өндірістік, техникалық талаптары - әлеуметтік ғылымдардың
өмірге келуіне түрткі болған факторға, ал ғылыми танымның дамуының ішкі
логикасының қажеттері – логикалық ғылымдарды талап ететін факторға жатады.
Ғылымның әлеуметтік мәнін, негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын ашуда
әлеуметтік және логикалық факторлардң бірлігі қажет. Осы тұрғыдан алғанда
ғылым дегеніміз қоғамдық- тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында
пайда болатын айрықша әлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің
ерекше формасы, адамзат мәдениетінің бір саласы.
Табиғат пен қоғамның объективті, адам санасынан тәуелсіз заңдарын
ашу – ғылымның негізгі мақсаты. Ғылым тарихи- заттық дүниенің объективті
заңдарын ашу және қарастырылып отырған құбылыстарды солардың негізінде
түсіндіріп, жаңа процестерді болжау білу құралы.
Сонымен, табиғаттың жаңа заңын ашу ғылымның шешуші ерекшелігі болды.
Ол ғылымның белгілі бір құбылыстарды түсіндіру және іс жүзінде өзгерту
міндеттерінің негізі.
Дүниені, қоғамды революциялық жолмен өзгертудің, қайта құрудың және
оны танып- білудің жалпы әдісі – материалистік диалектика. Олай болса, сол
диалектика ғана ғылымдар саласындағы нақты болжамның теориялық және
методологиялық негізі бола алады.
Сонымен, қоғам мен табиғаттың даму заңдарын тану негізінде ғана
ғылыми болжам жасалуы мүмкін. Мысалы, В. И. Ленин 1908 жылдың жылдың өзінде-
ақ электронның сарқылмайтындығы туралы тамаша болжам айтты. Оның ішкі
құрылымы мен қасиеттері ол кезде әлі зеттелмеген белгісіз еді. Міне, осы
болжам физика мен биология ғылымдарының дамуына зор бағыт сілтеушілік рөл
атқарады, яғни ғылымдар одан басқа қарапайым бөлшектерді ашуға ұмтылды. Сол
ізденістің нәтижесінде кейіннен қарапайым бөлшектердің үлкен тобы
анықталды. Қазіргі астрономия ғылымы Күннің немесе Айдың тұтылуын бірнеше
минуттық дәлдікпен жүздеген жыл бұрын есептеп шығарып отыр. Мысалы, 2126
жылғы қазан айының 16 күні ертеңгі саға 11- де Мәскеу қаласында күннің
толық тұтылуы байқалатыны қазірдің өзінде аян. 1999 жылғы 11 тамызда болған
күннің тұтылуын дүние жүзі астрономдары алдын ала хабарлап жерттеуге
дайындалды.
Ғылымды математикандаландыру, ғылым мен техниканың дамуында есептеу
техникасы мен информатиканы кеңінен қолдану, адам қызметінің көптеген
салысында компьютерлік техниканың еркін енуі қазіргі ғылыми
ерекшеліктерінің бірі.
Ғылымға енетін қағидалар дәлелденілген және негізделген болуы керек.
Күмән туғызатындар ғылым аясынан шығарылып тасталды. Сондықтан ғылым
теориялардың ашық жүйесі болғандықтан, оған ғылыми прогресс барысында үнемі
жаңа теориялар еніп отырады.
Қазіргі дәуір – қоғам өмірінен барлық салаларын қамтитын ұлы
өзгерістер кезеңі. Біз бүгінде материалдық өзгерістің ғылымилануының және
сонымен бірге ғылымның индустриялануыныңкуәсі болып отырмыз. Ғылымды –
қоғамдық өндіріс қажеттеріне, ал өндірісті ғылымға қарай батыл бұру қажет.
Ендеше ғылым мен өндірістің бір- бірімен қабысуы және бірігуі, ғылымның
тікелей қоғамның өндіргіш күшіне айналуы – қазіргі ғылым ерекшеліктерінің
бірі.
Ғылымды техникамен және өндіріспен байланыстыратын қажетті буын –
қолданбалы зерттеулер мен технологиялық ізденістер. Олардың міндеті –
іргелі ғылым ашқан жаңа заңдар мен идеяларды жаңа қоғамдық өндірісте
қолданудың ең қысқа және ұтымды да тиімді жолдарын іздестіру. Мұндай
зерттеулер ғылымды қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналдырудың маңызды
факторы болып табылады. Болашақ жаңа технология мен техниканың жалпы
нұсқасы мен іргетасы нақ осында қалыптасады.
Қазір ғылыми техникалық прогресті жеделдету жағдайында іргелі және
қолданбалы зерттеулер арасындағы байланысты анықтау ғылыми жұмысты тиімді
жоспарлау мен ұйымдастырудың қажетті шарты болып отыр. Ғылым жетістіктері
негізінде жаңа техника мен технология жасалып, содан кейін олар өндіпісте
қолданылады. Ғылым саласында өндірістің жаңа құралдары мен технологиялық
процестері, өнеркәсіптің мүлде жаңа салалары мен бағыттары пайда болып
отыр. Оған инженерлік орталықтар, ғылыми- өндірістік бірлестіктер, сала-
аралық ғылыми- техникалық кешендер жатады. Сөйтіп, ғылым мен өндірістің
арасында белгілі бір формалар қалыптасуда. Инженерлік академиялар өмірге
келді. Ядролыұ физика бойынша кезінде жүргізілген ғылыми- зерттеу
жұмыстарына байланысты өнеркәсіптің жаңа саласы – ядролық энергетика, сол
сияқты қатты дене, қиын балқыту физикасы мен жоғары қысым физикасына сәйкес
жартылай өткізгішті аспаптар мен жасанды алмастар пайда болды. Осыған орай
осы жұмыста ғылымның партизандық концепцияларына да тоқталып кетеміз.

Ғылыми танымның логикасы мен методологиясы

Ғылыми танымның логикасы, методологиясы мен әдістері туралы сөз
еткенде міндетті түрде логика, методология және әдіс деген ұжымдардың
мазмұнын ашып көрсету қажет. Ғылым логикасы деп материалыитік диалектиканы
түсінеміз. Өйткені, ғылыми танымдағы негізгі мақсат – толық емес, дәл емес
білімнің толығырақ, дәлірек білімге айналуы, жаңа теорияны жасау мен
дамыту, ескі теориядан жаңа теорияға көтерілу, яғни ғылыми таным –
қайшылықты, күрделі өндірістік процесс.
Абстрактіліктен нақтылыққа қарай өрлеу – ғылыми теорияны жасаудың,
зерттеліп отырған объектінің мәнін ашудың жалпы әдісі. Абстрактілік деп
зерттеліп отырған объектінің мәнін ашудың жалпы әдісі. Абстрактілік деп
зерттеліп отырған объекті туралы біржақты білімді, түсінікті айтады. Ал
ойлаудағы нақтылық – объект туралы көптеген абстрактілі анықтамалардың,
түсініктердің жиынтығы, әр түрліліктің бірлілігі. Абстрактіліктен
нақтылыққа қарай өрлеу әдісі – ол К. Маркстің Капиталды жазуы мен қатар
басқа да ғылыми теорияларды жасауының шынайы дәлелі болды.
Ғылыми танымның методологиясы – адамның танымдық және практикалық
қызметінің әдістері мен тәсілдері туралы теориялық ілім. Әдіс дегеніміз
таным туралы айтылғандай, танымдық немесе практикалық мәселелерді шешудің
амалы. Егер теория белгілі бір заттық саланы түсіндіруге, не оның
заңдылықтарын ашуға бағытталған болса, әдіс адамның танымдық және
практикалық іс- әрекетінде реттеушілік қызмет атқарады. Кез келген әдіс –
ғылыми теорияға негізделген, сондықтан ғылыми әдістін қалыптасуында теория
елеулі рөл атқарады және оның қажетті шарты болып табылады. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігінде әдіс туралы мынандай анықтама берілген: Адам баласы
қызметінің белгілі салаларнда қолданылатын әр түрлі амал, әдіс, айла.
деген. Негізінде бұл дұрыс берілген анықтама. Әдіс – ол белгілі зерттеу
жұмысында қолданылатын айла. Әдіс түрліше болады. Оны кең мағнада да, тар
мағнада да түсінуге болады. Мәселен, диалектикалық әдіс, оның заңдар мен
категориялары барлық ғылымдарда бірдей қолданылады. Оны кең мағнадағы әдіс
дейді. Диалектикалық әдіс сондықтан барлық ғылымда методологиялық рөл
атқарады. Бұдан басқа әрбір нақты ғылымдардың тек өзіне тән әді бар.
Әдістің басқа да түрлері болады. Белгілі бір әдіс қолданбағанша ешқандай
істе дұрыс нәтижеге жету мүмкін емес. Сондықтан әдістің дұрыстығы ғылыми
зерттеулерде маңызды орын алатыны белгілі. Олай болса өндіріске немқұрайлы
қарауға болмайды. Ғылыми зерттеудің нәтижесі ғана емес, оның зерттеу әдісі
де ғылыми нақты болу қажет. Тек сонда ғана ғылым алдында ғылым алдында
қойған мақсатына жетеді. Әр нәрсенің тек өзі тән әдісі бар. Ғылыми теорияны
мүлтіксіз басшылыққа алып отыруға, ғылыми ізденістің методологиясын
білгірлікпен қолдануға міндетті. Дүниеге көзқарастың айқындығы, ақыл- ойдың
методологиялық негізі – ғылымды ойдағыдай дамытудың сөзсіз шарты.
Диалектика табиғаттың, қоғамның және адам ойлауының дамуы мен қозғалуының
ең жалпы заңдарын зерттейтін философиялық ілім екені белгілі. Бұл заңдарда
ғылым мен техниканың барлық саласындағы- таңымның бай тәжірибесі,
адамдардың практикалық қызметінің нәтижелері жинақталған және қорытылған.
Былайша айтқанда, материалистік диалектика- дамудың жалпы философиялық
теориясы, таным теориясы, диалектикалық логикасы мен методологиясы болып
табылады. Материалистік диалектика- адамның жаңаша ойлауының және
әлеуметтік шығармашылығының логикасы. Сондықтан ол қазіргі ғылым мен
әлеуметтік практиканың, ғылыми-техникалық революцияның, адам проблемасына
бағытталған қоғамдық, техникалық жаратылыстану ғылымдарының жалпы
методологиясы болып табылады.
Сонымен, қазіргі уақытта ғылымда методологиялық зерттеудің тығыз
байланысты мынадай үш деңгейі: арнаулы жеке ғылыми, жалпы ғылыми және
әмбебап философиялық деңгейлері айқындалған. Оларды бір- бірімен
шатастырмау қажет. Мысалы, эволюция теориясы әсіресе биология ғылымы үшін
методологиялық маңызы зор. Ал, жүйелі-құрылымдық әдіс- диалектика
ғылымдардың бірнеше саласында қолданылады, ендеше оның жалпы ғылыми-
методологиялық маңызы бар. Қазіргі кезде ғылым қоғамның өндіруші күшіне
айналып отыр. Ол қоғам өмірінің барлық жағына, т.б елеулі ықпал жасауда.
Сонымен қатар қазіргі ғылым дамуын айрықша сипаттайтын заңдылықтар (білімді
математикаландыру, экспериментті индустрияландыру, белгілі бір күрделі
объектіні, мысалы Жерді немесе Ғарышты зерттеуде көптеген ғалымдардың өзара
ықпалы, танымды интеграция тенденциясының басым рөл атқаруы және басқалар
әрекет етеді. Осындай теориялық зерттеулер жедел дамып отырғанда диалектика
мен ғылымның арасында өзара тығыз байланыс бар, олардың арасындағы
жасампаздық одақты үздіксіз дамытып және нығайтып отыру қажет.
Маселен, өткен ғасырдың аяғына дейін жаратылыстану ғылымында
ойлаудың метафизикалық әдісі және метафизикалық материализмнің таным
теориясы үстемдік етті. Дегенмен, ескі метафизикалық материализм мен сол
әдіс түсіндіре алмаған ХХ ғасыр басындағы тамаша ғылыми жаналықты арасында
үлкен сәйкессіздік, шиеленіс пайда болды. Бұл шиеліністі метафизиялык
материализм тұрғысынан шешу мүлде мүмкін болмады. Өйткені, ашылған
жаналықтар метафизикалық материализм негізінде жатқан принциптер мен
қағидаларды күл талқан етті. Енді сол жаналқтарды дұрыс түсіндіру үшін
түбірінен жаңа таным теориясы мен методологиясы керек еді. Олар рентген
сәулесі, радиоактивтік ұсақ элементтер- радии, атомның құрамдас бөлігі
ретіндегі электрон, Планктың кваннтық теориясы, Эйнштеиннің салыстырмалы
теориясы, Бордон атом құрылысы туралы теориясы сияқты теңдесі жоқ
жаналықтар еді. Бұл жаналықтар “жаратылыстанудағы ең жаңа революция” деп
аталды.
Осы ғылыми жаналықтар атомның бөлінетіндігін элементтердің бір-
біріне айналатындығын , қозғалған дене жылдамдығы жарық жылдамдығына
жақындаған сайын дененің көлемін шексіз өсе беретіндігін, кеңестік пен
уақыттың өзара және қозғалушы материямен өте тығыз байланысты екендігін,
энергияда үзілісті жылджамдықта болатындығын айқын дәлелдеп берді.Физикалық
принциптер, ұғымдар, заңдар мен түсініктер қайта қаралып, олрардың ескі
метафизикалық түсінігінің быт-шыты шықты. Көп жылдар бойы қозғалыссз қатып
қалған физикалық ұғымдардың орнына жанды және дәлірек бейнелейтін жаңа
ұғымдар келді. Метафизикалық материализмнің түп негізінің әлсіздігі және
қарадүрсіндігі айқын айдан анық байқалды. Ашылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия ұғымы, мақсаты және міндеті
Философия және дүниетаным жайлы
Философия - адамзаттың рухани табысы
Философияның ерекшелігі және негізгі анықтамалары. Философия – даналық
«Философия көзқарас ретінде»
Рационализм және иррационализм арасындағы философиялық айтыстың мәні мен мағынасы
Дүниені ғылым жолымен тану
Философия: пәні мен функциясы
Философия - көзқарастың бір түрі
Биологияның даму тарихы
Пәндер