Ұлы ғалымның өмірі мен ғылыми ортасы (Әл-Фараби)


ЖОСПАР
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
I тарау. Ұлы ғалымның өмірі мен ғылыми ортасы
1. 1. Қазақ жерінің ертедегі ұлы ғалымдары
1. 2. Әл-Фарабидің өмірі.
1. 3 Фарабитану.
II тарау. Ұлы ғалымының ғылыми мұрасы.
2. 1 Жаратылыстану саласында.
2. 2 Гуманитарлық ғылым санасында.
2. 3 Қоғамдық саяси көз қарасы.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
КІРІСПЕ
« Тарихты білмей тұрып, қазіргінің қадіріне жету, оның болашағын болжау қиын» деген ғалымның өз қағидасы бар. Өміріміздің даму барысын түсініп, ғылымның кешегісін, бүгіні мен ертеңін танытып бағдарлап отыруда ғылым маңызды орын алады. Расында, адамзаттың жинақталған материалдың ғылыми байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мұраны мәдени, талдап іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу кейінгі ұрпақтың міндеті. Осы кездегі өркені өскен сан-саналы ғылым мен мәдениетті жасауға әр елдің, талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты.
Қазақ топырағының талай ойшыл азаматтары шығыс мәдениетін меңгеріп, өз еңбектерін көпке ортақ тілде жазып, кейінгі ұрпақтарына қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі бәрімізге танымал ұлы ғалым, Әбу Насыр Әл-Фараби.
Оның шығармалары өткен заманнан күні бүгінге дейін латын, испан, неміс, ағылшын, француз, орыс, қазақ және т. б. тілдерге аударылып адамзат игілігіне айналып отыр.
Сондықтан, Әл-Фараби тәрізді тамаша да ерекше тұлға туралы дүниежүзілік мәдениетке қалдырған мұрасы туралы, бұл мұраның тарихымызда алатын орны туралы сөз болғанда, ғылымның тарихи болашағын сақтаудың маңызы аса зор. Мұны соншалықты, бір жаңа ой пікір тағылымының бастамасына айналдырудың ешбір қажеті жоқ. Әл-Фараби өз заманының перзенті екендігін біз білуімізге тиіспіз, жалпы, орта ғасырда, шығыс ғалымдары жайлы сөз етсек қашанда Фарабиді бірінші ауызға аламыз. Әл-Фараби ілімінің жалпы мәдениеттің дамуына, шығыс мәдениетіне, Орта Азия мен Қазақстан мәдениетінің дамуына ықпал болды. Ол өз ана тілі-түрік тілімен қатар араб-парсы тілдерін жетік меңгеріп, мұсылмандық шығыс мәдениетінің философиясының дамуына үлкен әсерін тигізді. Ол ғылым шығармаларын өз дәуірінің рухани-ғылыми тілі саналған араб тілінде жазды. Әл-Фараби өмір сүрген уақыты шетелдік ғылымның “ислам” дүниесіне барынша, кеңінен кірген дәуірімен туыстас келді. Арабтар жаулап алған халықтардың неғұрлым жоғары мәдениеті арабтарды өз мәдениітн дамытуға ұмтылдырды.
Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмір жолы, сірә, дүниежүзілік тарихтың қисынымен бір жерлерде барып тоғысатын болар. Осындай тоғысушылықсыз оның творчествасының ала бөтен ерекшеліктері түсініксіз болып қалуы ықтимал. Амал нешік, оның өмірбаяны жөніндегі мағұлматтар өте аз. Ол өзі түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны мәлім, оған дәлел-оның толық аты-жөнінде “тархан” деген атаудың болуы. Фараби зерттеушілері мұны дәлелдеп жариялаған болатын.
Тарихта талантымен де, еңбегімен де дүние табалдырығын, мойындатқан аса ірі тұлғалар ғалымдар да, өнерде де, әдебиетте де баршылық. Солардың ішінен ғылым аспанында мәңгі сөнбес жұлдыздарға айналған, біздің з. д. V-VI ғасырда өмір сүрген, грек ойшылдары Пифагорды, ”Платон маған дос, бірақ ақиқат одан да қымбат” деген қанатты сөздің тууына себепкер болған “бірінші ұстаз” Аристотельді, одан бері үш ғасырды араға салып дүниеге аты мәлім еткен Птолемейді алсаңыз да одан бергі Орта Азиялық Мұхаммед Хорезми, Әл-Киндиді (IX) айтсаңыз да бұлардың кез-келгені Әл-Фараби назарынан тыс қалмаған. Оларды өзіне ұстаз санай отырып, еңбектерін егжей-тегжейін зерделеп, жаңаша тұжырым жасаған аса құнды ғылыми зерттеулер қалдырған Әл-Фарабиді тануға көшті. Қолы жете бермейтін-кемеңгердің он ғасырдан астам уақыт бұрын өз қолымен жазған шығармаларының көпшілігі сақталмаған. Сақталғандары әлемнің әр түпкіріндегі кітапханаларда сақтаулы екен, бір қиналар жай Қазақстанда соның сақталмағаны екен.
Фараби еңбектерін жарыққа шығарып зерттеу ісі ертеден-ақ қолға алған екен. Араб парсы тілінде 995 жылы Ибн Әл-Назит; 1169 ж. Әл-Байхани ; 1248 ж. Әл-Кифти ; 1657 ж. Х-Халифа; 1484 ж. Венике; 1638 ж. Камеариус латын тілінде; Неміс тілінде 1902 ж. Ф. Диетеричи; 1886-1937 ж. ж. К. Броккельман; 1910 ж. венгр тілінде И. Гольдцнер; француз тілінде 1844 ж. Козегартен; 1930-1935 ж. ж. Р. Эрланж; ағылшын тілінде 1927 ж. Г. Сартон ; орыс тілінде 1958 ж. С. Н. Гриторян; өзбек тілінде 1963 ж. М. Хайруллаев; 1962 ж. америкалық ғалым Н. Решер ағылшын; түрік тілінде 1950 ж. А. Сайылы Келін т. б. Әл-Фараби еңбектерін мүмкіндігінше жариялап зерттеп ғылыми айналымға түсіріп келеді. Кімнің не жазғанын түгендеп жатпай-ақ осы аталған есімдер мен жылдар көрсеткішіне көңіл аударсаңыз, отандасымыздың орасан зор еңбегі сонау орта ғасырдан бері қарай үзілмей үнемі халыққа әртүрлі көлемде, әр түрлі мазмұнда, сан алуан формада жеткізіліп келе жатқандығын аңғарасыз да ойланасыз, ойдың бір ұшы өзімізге келіп тіреледі.
Қазақтар Фарабиді тани ма ? Әлбетте. Бүгіннен кешегіге қарай көз жүгіртіп көрсек:
Тәуелсіздігіміздің айғағындай, теңгеміздің бетіне бейнесі салынды.
Қазақстанда орыс және қазақ тілінде көптеген ғылыми еңбек жинақтары жарық көрді.
Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетіне есімі берілді.
Осы университет жанынан ашылған музейді данышпан бабамыздың атымен атады, бір бөлімін өмірі мен шығармашылығына арнады.
Астанада сәнді де кең көшені “Әл-Фараби даңғылы” деп атады.
Шымкенттегі мәдениет институты да Фараби атымен аталады.
Әл-Фараби қоры құрылды.
Тағы да іздей түссек, мұндай мысалдар табыла береді. Алайда қысқаша айтқанда осы айғақтардың бәрі біздің, яғни қазақтардың ұлы ғұламасының атын білуге, сырт бейнесін жадында сақтауға ғана жарары анық, ал оның жанында жайлаған жан дүниесін адамзат ақыл-ой билігіне көтерілген парасатын, ғасырлар бойы ұрпақтардан-ұрпақтарға ұласқан сана сарайын танып білуімізге, үлгі-өнеге тұтуымызға жетелегенімен, жол аша алмасы кәміл.
Фараби әлеміне барар бір ғана жол бар. Ол-оқу. Шығармаларын өз тілімізде сөйлету, зерттеу, талдау . Бұл мақсатқа, қазақ ғалымдары фарабитанушы ғалымдарымыздың атқарған еңбегі ауызға ілінеді. 1957 жылдары алғашқылардың бірі болып қазақ зиялыларының ішінде ғалым Ә. Марғұлан таныстырған мақаласынан бастап Машанов А, Көбесов А, Ысқақов Ж, Қасымжанов А, Жәнібеков Ә, Бурабаев М, Дербісанов Ә т. б. ғалымдар жазып жариялаған ғылыми еңбектері мен аудармаларды айтуға болады.
Фарабитану ісі Қазақстанда 1960-80 ж. ж. ерекше қолға алынды, арнаулы ғылыми зерттеу тобы құрылды. Фараби трактаттары жеке-жеке кітап болып шығады, бір өкініштісі, Фараби трактаттары қазақ тілінде шыққан ірі еңбектері саусақпен санарлық қана “Философиялық трактат” (1975), ”Әлеуметтік-этикалық трактат” (1975) .
Жалпы Фараби 1125 ж. бұрын дүниеге келіп 80 жылдық тіршілігінде, соның 150-ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан ғалым. Алайда белгісінің ғана жалпы саны 60-тан асатын ғылыми шығармаларының барлығы жіпке тізгендей атап жатпай-ақ орыс және қазақ тілдеріне аракідік аударылып баслған ең ірі еңбектерін атап өтуге болады.
Олар: ”Философиялық трактат” (1970 ж) , “Математикалық трактат” (1972 ж), “Птолемейдің Алмачестіне түсіндірме” (1975 ж), “Тарихи философиялық трактат” (1987 ж), “Ғылыми жаратылыстану трактаты” (1987 ж), “Әлеуметтік этикалық трактат” (1973 ж. ), “Логикалық трактат” (1975 ж. ), “Музыка және поэзия туралы трактат” (1992 ж. ) .
Фарабиді әлемге әйгілі еткен тарихта “Мұсылман қайта өрлеуі”
(Мусульманский ренессанс) деген атпен қалған алтын дәуірдің алтын қазығы іспетті еңбегі-Аристотельдің “Риторика”, ”Категориялар”, “Антика” және т. б. философиялық, логикалық шығармаларына жазған түсіндірмелері еді. Онымен шектеліп қоймай ұлы ұстаздың дүниеге материалистік көзқарастан туындаған идеяларын одан әрі дамытуға үлес қосқан. Кемеңгерлік меруерті “Ізгі қала тұрғындарының көз қарасы”, ”Бақытқа жету жолы”, “Ғылымдардың шығуы” секілді философиялық еңбектерді дүниеге әкелді. Осындай әлемдік ақыл-ойдың алға жылжуына серпіліс туғызатын теңдесі жоқ еңбегі үшін “Ал муалим ассани”, яғни “Екінші ұстаз” атағына ие болған, ғалымның атақ-даңқы арада 1000 жылдан астам уақыт өтсе де адамзаттық парасат биігінен түсірмей келеді. Қай еңбегі болса да төрт күл дүниенің түпкір-түпкіріндегі ғылыми ортаның назарына ілінбей қалғаны және олардың көңілін аудартпай қоймаған кемде-кем ғалымды әлем жұртшылығы әлі күнге тану үстінде.
Міне, осы диплом жұмысын жазудағы мақсатым қолда бар материалдарға, мағұлматтарға сүйене отырып, қазақ жерінің ертедегі ұлы ғалымдары жайлы, оның ішінде Әбу Насыр Әл-Фараби өмірі жайлы , ғылыми мұралары жайлы, қалдырып кеткен кейбір мұраларының қырларын талдау болып отыр.
Дипломдық жұмыс екі тараудан, алты параграфтан тұрады.
Жалпы ғылым мен өнерді бір-бірінен бөлшектеп, ажыратып қарау, мүшелеп үлеске салу Фараби сынды барлық ғылым саласын тегіс қамтыған ғалымға тән емес. Фараби үшін әр ғылыми-поэзия, ал өнердің өзі ғылым, Фараби өз заманындағы барлық ғылым саласында із қалдырған ғалым. Фараби негізінде мына екі салада еңбек еткен:
Жаратылыстану ғылымдар саласы:оған астраномия, физика, химия, ботаника, география, медицина, математика, музыка т. б.
Гуманитарлық ғылым саласында философия, логика, лингвистика, риторика, поэзия, саясат, социология т. б.
Фараби осы ғалымдардың әр қайсысын жеке алып зерттейді, топтап бірімен-бірін байланыстыра отырған.
Біз қолда бар жаңа материалдар мен мағұлматтарға сүйене отырып, Әл-Фарабидің өмірі мен ғылыми еңбектері туралы шама келгенше жан-жақты терең түрде зерттеу мақсат болыд.
Диплом жұмысын дайындау үшін, ғылымның трактаттарын және өзбек ғалымы М. Хайруллаевтың, қазақ ғалымы А. Көбесов еңбектерін және әр жылдары жарық көрген орыс және қазақ тілдерінде ғылыми кітаптарды, аудармаларды, әр жылдары жарық көрген газет-журналдарды пайдаландық.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
І ТАРАУ. ҰЛЫ ҒАЛЫМНЫҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ОРТАСЫ.
І. І. ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ЕРТЕДЕГІ ҰЛЫ ҒАЛЫМДАРЫ.
Қазақстан тарихшылары мен археологтарының кейінгі жылдарындағы зерттеулерінің нәтижесінде Қазақ халқының тарихының осы күнге дейін белгісіз болып келген көп мәселелері ғылыми жолмен айқындалып өзінің дұрыс шешімін тауып келді. Соның бір саласы-ежелгі қазақ халқының рухани-мәдени дәрежесін анықтау мәселесі болып табылады.
Жазба деректер мен археологиялық зерттеулер Орта ғасырда:Сыр бойында Отырар, Сайрам, Сығанақ, Түркістан, Талас, Шу өзендері бойында:Тараз, Баласағұн, Мерке тәрізді үлкенді-кішілі көптеген қалалардың болғанын көрсетеді. Қалыптаса бастаған бұл сияқты мәдениет ошақтары, отырықшы шаруашылық, ғылым мен техниканың басшылары араб, монғол, Ақсақ Темір, қалмақ, т. б. шапқыншылықтар кезінде дүркін-дүркін жойылып кетіп отырған. Дегенмен, олар ізсіз құрып кетпген, белгілі бір формада сақталып қала берген. Ол қалалардың бірсыпырасында сол кездің өзінде құрылыс техникасы мен архитектура едәуір дәрежеге көтерілген.
Орта Азия мен Қазақстанда ғылым тарихы қоғамының әлеуметтік экономикалық және мәдени тарихымен тығыз байланысты. Ғылым көбінесе шаруашылықтың, техниканың, сауданың қажетінен туған. Олай болса, Орта Азияда архитектуралық ескерткіштер, миграциялық (жерді қолдан суару) жүйелері, құрылыс техникасының табыстары, бейнелеу өнерінің дәрежесі мұндай ғылымның жоғарғы сатыда болғанын көрсетеді. Археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған түрлі-түсті шынылар, үй қабырғаларын әшекейлеу үшін пайдаланылған әсем бояулар Орта Азия мен Қазақстан жерінде химия мен минералогияның дамығаның дәлелдейді.
Көршілес мемлекеттермен экономикалық және мәдени байланыста болып, олармен сауда-саттық жасау ісі бұл елде математиканың, географияның дамуына ықпал еткен. Қазақстан мен Орта Азия ғылыми-техникалық, әсіресе математика мен геометрия білімдерін қажет еткен шаруашылық балаларының бірі - архитектура.
Геометрия ғылымының дамығаның түрліше құрылыстардың қабырғаларына салынған геометриялық сипаттағы ою-өрнектер мен әшекейлерден білінеді.
Астрологияда дамыған, өте ерте заманның өзінде-ақ Орта Азия ғалымдары Зодиак системасы мен басқа да басты-басты планеталарды тауып, оларға ат қойған. Астрономия мен математика бір-бірімен тығыз байланысты боп қатар дамыған. Орта Азия мен оңтүстік Қазақстанның өнер-ғылымының әсіресе, техникалық білімінің дамуына географиялық жағдайы және жаратылыс байлығы, ауа райы үлкен роль атқарған. Мәселен, көпшілігі егін шаруашылығын өркендету үшін егістік жерлерді қолдан суаруға мәжбүр болған. Мұның өзі оларды жер суару үшін неше түрлі миграциялық құрылыстар салуға мәжбүр еткен. Мәселен ұлы Хорезм каналы б. З. Д. Бірінші ғасырда салынып біткен. Жалпы, мұндай өте күрделі миграциялық құрлыстар Ферғана, Тараз, Отырарда да болған.
Орта Азия мен Қазақстанда ерте кезде өнер-білімнің дамуына оның ішкі шаруашылық қажерінен басқа кейбір сыртқы жағдайлар да әсер еткені даусыз. Орта Азия мемлекеттері өзара және басқа елдермен жиі саяси, экономикалық, мәдени және сауда байланысын жасап тұрған. Соның ішінде Ескі Египет пен Вавилон, көне Қытай мен Үндістан, ал кейінгі кезде Греция, Византия, Рим және Таяу Шығыс елдері де өнер-білімнің дамуына белгілі бір дәрежеде ықпал жасап әсер етті.
Орта ғасырларда бүкіл Шығыс дүниесінде ғылым, білім, мәдениет, әдебиет араб тілінде қалыптасып өркендей бастаған кезде топырағының көзі ашық, көкірегі ояу талай азаматтары осы ұлығатты меңгеріп өз еңбектерін көпке ортақ тілде жазды. Қазақ топырағының талай ойшыл азаматтары шығыс мәдениетін меңгеріп, өз еңбектерін көпке ортақ тілде жазып, кейінгі ұрпақтарына қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес.
Тани білсек, этникалық-рухани жағынан мың жылдан аса мәдениеті, философиясы, әдебиеті, тарихы бар халықпыз. Біз тарихқа XIY ғасырдан бастап “қазақ” деген атпен еңсек те, ойлау мәдениетіміз, философиямыз тым әрі де жатыр. Қазақ халқы түрік-қыпшақ мәдениетінің төп мұрагерінің біріне жатады 1 .
Ал көп жағдайда әл-Фараби мен Жүсіп Баласағұннан бергі рухани сабақтастықты үзіп алып, XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларына ғана сүйеніп келдік. Бұл қалай екі аралықта ешкімнің болмағаны ма? Қисын бойынша олай болуы мүмкін емес. Белгілі шығыстанушы, ғалым Ә. Дербісалиев өзінің ”Жылғадан басталған дария”, “Отырарлық екі жұлдыз” атты ғылыми еңбектерінде X-XYI ғасырларда қазақ даласынан шыққан ғалымдар мен ойшылдар, ақындар мен әдебиетшілдер жайлы тың мағлұматтар береді. Олар төмендегіше көрсетіледі: Әбу Насыр әл-Фараби /870-950/, Исхақ әл Фараби /-961/, Исмаил әл- Фараби /-1008/. Талантты ғалым шығармалары Тебриз, Әл-Хайыр, Бұлақ, Лейден, Калькутта, Париж, Берлин кітапханаларында сақтаулы. Әлам ад-Дин әл-Жаупари /XI ғасыр перезенті /Исфиджабтың екі ғылым /қазіргі Сайрам қаласы, шымкент облысы/ Ахмад әл-Исфиджаби, Әбу-л-Хасан Әли әл-Изфиджаби, Бурхан ад-Дин, Ахмад әл-Фараби /-1174/, Ахмет Иасауи /1094-1166/ Әбу Алла Мухаммед ибн Муса әл-Баласағұн. Ол -«АТ-Түрік» деген атпен белгілі болған/ шамамен 1040-1050 жылдары дүниеге келген, 1112 жылы қайтыс болған/. Мұхмұд бин Ули ат-Тарази, Әбд әл-Ғафур әл Кердери /-1116/, Мұхаммед әл-Кердери /1202-1244/, Имад ад Дин Әбу-л Қасым әл-Фараби Бойлақ әл-Қыбшақи, Хусам ад-Дин әл-Хусеин ас-Сығанақи/-1310/, Хафиз ад Дин Мұхаммед әл-Кердери /-1489/, Исмайл әл-Хусайн әл-Фараби /-1489/, Дауд ат-Түркістани, Хасан Әли-Жолайыри /XVI ғасырда өмір сүрген/, Ахмад Әли әл-Қазақи /шамамен XIX ғасырда өмір сүрсе керек/.
Міне, көріп отырғандай-ақ X-XIX ғасыр аралығында қазақ топырағынан қаншама ғұлама шыққан. Мұның бәрі ашылмаған кітаптың белгісіз беттері сияқты. Біздің парымыз - оларды танып білу. Осы аталған, түрік ғұлама ғалымдарының еңбектерін зерттеуіміз қажет себебі ұлттық ойлаудың түп-тамыры осында жатыр ма деп ойлаймын.
Жоғарыда айтылған ғалымдардың ішінде аты дүние жүзіне әйгілі болған Әбу Насыр әл-Фараби өмірі мен ғылыми қызметіне тоқталайық.
Фараби ілімінің жалпы мәдениеттің дамуына шығыс мәдениетіне, Орта Азия және Қазақстан мәдениетінің дамуына ықпалы жан-жақты болды. Ғалым жүзден астам еңбек жазған, алайда белгілісінің ғана жалпы саны алпыстан асатын ғылыми шығармаларының барлығын атамай ақ, орыс тіліне, аракідік қазақ тіліне аударылып басылған ең ірі еңбектерін атап өтуге болады. ”Философиялық трактаттар”(1970 ж. ), “Математикалық трактаттар” (1972 ж. ), “Әлеуметтік-этикалық трак-таттар” (1973 ж. ), “Логикалық трактаттар” (1975 ж. ), “Птолемейдің Альмагестіне түсіндірме” (1975 ж. ) , “Тарихи философиялық трактаттар” (1985 ж. ), “Ғылыми-жаратылыстану трактаттары” (1987 ж. ), “Музыка және поэзия туралы трактаттар” (1992 ж. ) . Әл-Фарабиді әлемге әйгілі еткен тарихта “Мұсылман қайта өрлеуі” (Мусульманские ренессанс) деген атпен қалған алтын дәірдің алтын қазығы іспетті еңбегі-“Аристотельдің метафизика”, ’’Герменевтика”, ”Риторика”, ”Кате-гориялар”, “Аналитика” және басқа да философиялық, логикалық шығармалар жазған түсіндірмелері еді. Онымен шектеліп қалмай, ұлы ұстаздың дүниеге материалистік көзқарастан туындаған идеяларын одан әрі дамытуға үлес қосқан “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғылымдардың шығуы”, “Бақытқа жету” секілді философиялық еңбектерді дүниеге әкелді. Осындай әлемдік ақыл-ойдың алға жылжуына серпіліс туғызатын теңдесң жоқ еңбегі үшін “Ал муаллим ас-сана”, яғни “Екінші ұстаз ” аталған жерлесіміз атақ-даңқы арада мың жылдан астам уақыт өтсе де адамзаттық парасат биігінен түсірмей келеді.
Қай еңбегі болса да әлемнің түпкір-түпкіріндегі ғылыми ортаның назарына ілінбей қалғаны және олардың көңілін аудартпай қоймағаны кем де кем, ғалымды әлем жұртшылығы әлі күнге тану, таныту үстінде.
Орта ғасырда ғылым ой ордасының іргетасын Шығыста көтерген көсем сана еиесі Әл-Фарабидің он ғасырдан астам уақыт бұрын өз қолымен жазған шығармаларының көпшілігі сақталмаған, сақталғандардың бір де бірі Қазақстан аумағында жоқ екен.
Фарабидің көптеген трактаттары жоғарыда айтқандай жеке-жеке кітап болып басылып шықты. Бірақ бұлардың басым көпшілігі басқа тілдерден орыс тілдеріне аударылған басылымдар. Қазақ тілінде шыққан ірі еңбектері саусақпен санарлық қана болар. ”Философиялық трактаттар” (1975), “Әлеуметтік-этикалық трактаттар” басқа ұсақ аудармалар А. Машановтың, А. Көбесовтың, Е. Жәнібековтың т. б. кітаптарында бар. Ғалым Саттыбекова С. К. “Фарабидің ғылым еңбектерін былай бөледі, жаратылыс тану ғылымы, саяси әлеуметтік этикалық, эстетикалық және педагогикалық” деп.
Отырар тек Әбу Насырды ғана берді ме ? Фарабтан шыққан басқа ғалымдар жоқ па деген сауалға, шығыстанушы-арабист, филология ғылымдарының докторы, профессор Ә. Дербісәлиев ағамыз “Егеменді Қазақстан” газетіне өзінің “Отырардың ойшылдары” атты мақаласын жариялап, “Әбу Насыр жалғыз емес, Отырардан басқа да тамаша талантты талай ғалымдар қиырға қанат қақты, тек Әл-Фарабиден басқалары зерттелмей келеді” деп. Онда Әбу Насыр Әл-Фарабидің оқушыларға беймәлім рухани шәкірттері жайлы тамаша мағұлмат береді. Автор бірнеше Отырарлық данышпандар жайлы, олар:Исхақ Әл-Фараби, Исмайл әл-Жаупари, Әлем ад-Дин әл-Жаупари, Бурпан ад-дин Ахмед әл-Фараби, Имад ад-дин Әбул Қасым әл-Фараби, Махмуд әл-Фараби, Исмайл әл-Хусаини, әл-Фараби мен Бадр ад-дин әл-Фараби данышпан, ойшылдардың өмірі мен ғылыми қызметтері жайлы тұлға ретінде жеке-жеке тоқталып тамаша әңгімелейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz