Өндірістің аз қалдықтары және қалдықсыз технологиялар


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Өндірістің аз қалдықтары және қалдықсыз технологиялар.
Орындаған: 3 БЭК І топ
Иргебаева К., Бейсембаева М.,
Нуранова А.
Тексерген: Айтешова Қ.
Алматы 2007
Жоспар:
І. Кіріспе
Қолдықсыз және ақ қалдықа өндірістік технологиялар
ІІ. Негізгі бөлім
А) Қалдықсыз өнім шығару технологиясы
Б) Адамға қоғамының дамуында өнеркәсіп өндірстері мен ауыл шаруашылығындағы жаңа көзқарас
ІІІ. Қоырытынды
Болашақта қалдықсыз технологияларды қолдану.
Биосфера ластануы ұлғаюының катастрофалық процестері жэне осы негативті эсерлерді жоюға жұмсалып жаткан шығын-дарға байланысты қазіргі заманғы өнеркэсіптегі технологиялық процестерді комплексті экологиялык және экономикалық жағынан бағалаудың қажеттігі туындап отыр.
Технологиялық процестердің экологиялык тиімділігін баға-лау үшін өнеркәсіп өндірісіндегі қоршаған ортаға зиянды заттар-дың экологиялық көрсеткіші колданылады. Бұдан басқа екінші бір маңызды бағалау критериі - ресурс сыйымдылық көрсеткіші-пайдалы өнім шығару процесіндегі жұмсалатын энергия, су, ауа, шикізат, т. б. табиғи ресурстардың үлесі. Өкінішке орай, қазіргі кезде бұл көрсеткіштердің үлесі өте жоғары. Қор үнемдегіш технологияларды қолдану тиімді болар еді. Бүл технологиялар табиғи ортадан алынатын шикізаттарды үнемдеп пайдалану, технологиялық процесте қолданылатын материалдық жэне энергетикалык ресурстарды тиімді пайдалану, т. б. негізінде жүзеге асырылады.
Қалдықсыз өндіріс өндіріске енгізілген табиғи ресурстарды неғұрлым тиімді жэне үнемді пайдалану үшін шешімдер қабылдау үшін кажет.
Территориялық-өндірістік комплекстер ішіндегі энергия мен заттар ағынына талдау нэтижесі, эрбір келесі кезеңде алынатын өнімнің массасы, алдыңғы кезеңдегі өнімнің массасынан түрлі : қатты, газ, сұйық күйдегі қалатын қалдык мөлшеріне аз болаты-нын көрсетті. Ал бүл қалдықтардың өзін де белгілі мақсатта пайдалануға болады. Өндірісті интенсивтендіруге байланысты қалдықтар мен косымша өнімдерді өндірісте қайтадан пайдалану-ға мүмкіндік беретін жаңа экологиялық таза технологиялар пайда болды. Қалдықтардың түзілуін азайта отырып, өндірістің рента-бельдігін, ресурстарды пайдалану коэффициентін көтеруге жэне соның нэтижесінде табиғатты корғау іс-шараларына жүмсалатын "тмғынды азайтуға болады.
Қалдықсыз өнім өндірісінің мэні - жүмсалатын ресурстарды толык пайдалану арқылы биосфераның ластануына жол бермеу. Практика жүзінде қалдықсыз өнім өндіруді жүзеге асыру өте қиын. Қалдықсыз өнім өндіруге технологиялық процестер мен қүрал-жабдықтардың тиімділігін арттыру, рекуперацияны пайдалану, қоланылып келе жатқан технологиялық процестерді анағұрлым әкологияльщ жағынан таза процестермен алмасты-ру, т. б. арқылы жетуге болады.
Қалдықсыз өнім өндірісін енгізуден біз не күте аламыз? Практика көрсеткендей, олар: биосфераға келетін шығынды төмендету, шикізат пен әнергетикалық ресурстарды үнемдеу, шикізат базасын кеңейту, қалдықтарға жұмсалатын шығынды азайту, т. с. с.
Қалдықсыз өнім шығару технологиясының ең жақсы мысалы - хромдау гальваникалық цехының қазіргі заманғы технологиясы. Бұл технология бойынша, шайылатын судагы ауыр металл иондары тазартқыш қондырғыға сіңіріліп, хром-дау ваннасына кайтып келеді, ал тазартылған технологиялық су хромдалған детальдарды жуута қайтадан колданылады. Бұндай мысалдарды көптеп кездестіруге болады.
Қоғамымызда қалыптасып отырған әкологиялық пробле-малардың ішіндеқатты тұрмыстық және өндірістік қалдыктар-ды жинау мен өңдеу аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Қатты тұрмыстық және өндірістік калдықтардын мөлшері қазіргі таңда миллиондаған тоннаға жетіп, олар қоршаған ортаны ластаушы негізгі факторлардың бірі болып отыр. Екінші жағынан алғанда, қатты қалдықтар екінші реттік ресурстардың қоры болып табылады. Жалпы қалдықтарды екіге бөлуге болады, олар : өндірістік қалдықтар және тұтыну қалдықтары. Өндірістік қалдықтар - шикізат, материалдар, жартылай дайын өнімдердің қалдықтары, химиялық түрлі қосылыстар болса, тұтыну қалдықтары - бастапқы тұтыну қасиеттерінен айрылған материалдар мен өнімдердің қалдық-тары. Бүл қалдықтардың барлығы шаруашылықта пайдалануға жарайтын екінші реттік материалдық қорлар баолып табыла-ды.
Көптеген мемлекеттерде тұрмыстық қалдықтарға қараған-да өндірістік қалдықтардың мөлшері әлдеқайда жоғары болады. Қалдықтар қасиеттеріне байланысты "қауіпті", "қауіпсіз", улы, күйдіргіш, тұтанғыш, т. с. с. болып бөлінеді. Қалдықтарды шығу тегіне байланысты да жіктеуге болады, олар: тұрмыстық, өндірістік, ауылшаруашылык, медициналык, т. б. Қалдыктар жиналған аймақта 1, 5 км-ге дейін территория-ның топырағы пен өсімдіктер дүниесі ластанады.
Қазіргі кезде үлкен қалаларда жылына 1 адамға шақканда 250-300 кг-нан қатты тұрмыстыққалдықтар жиналады.
Қатты тұрмыстық қалдықтар қоршаған ортаны ластап кана коймай, олар патогенді микроорганизмдердің (мысалы, сүзек, дизентерия, туберкулез, т. б ауруларды тасымалдайтын) дамуына колайлы жағдай туғызуымен де аса кауіпті болып табылады.
Сондыктан қазіргі таңда экологтардың алдында түрған өзекті мэселелердің бірі - калдыктарды зиянсыздандыру немесе өңдеу аркылы олардың қоршаған ортаға зиянды әсерінбарын-ша төмендету, не жоюдың жаңа технологияларын өндіріске енгізу.
Қатты түрмыстық қалдықтарды өңдеу жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты үш блоктан тұрады:
рециклинг(қалдықтарды қайта пайдалану) ;
өңдеу;
депонирлеу.
Рециклинг - қатты түрмыстық қалдықтарды екінші реттік өңдеу. Бұл процесс кезінде алдымен түрлі қатты қалдықтар түр-түрімен жіктеліп, бөліктерге бөлінеді. Сепараторлар қара, түсті металдарды озара бөліп, органикалық заттар, синтетика-лық заттар, шыны, қағаз, т. б. заттар өз алдына бөлінеді. Қайта өңдеу түрлі әдістер арқылы жүзеге асырылады, олар: тікелей жағу, пиролиз, брикеттеу, түйіршіктеу, биогаз алу, ашыту, компостау, т. с. с.
Пиролиз аркылы құрамы күрделі органикалық косылыстарды қарапайым косылыстарға айналдырады. Пиролиз пештеріндегі температура 500°С-700°С қа дейін жетеді.
Қалдықтардың қоршаған ортаға зиянын азайтудың тағы бір жолы - халық шаруашылығында, тұрмыста қолданылатын улы, қауіпті заттардың орнына зиянсыз заттарды қолдану, мысалы, улы сынап буларымен толтырылған көше жарығы шамдарын эрі зиянсыз, эрі экономикалык жағынан тиімді болып саналатын натрий буымен толтыру.
Қатты тұрмыстық калдыктардың құрамындағы органика-лық заттардың фракциясын анаэробты ортада өңдеу аркылы биогаз жэне ауылшаруашылығына қажетті тыңайтқыштар алуға болады. . Қалдықтар табиғи жағдайда жер асты резер-вуарларында ашытылады, осы кезде органикалык қосылыстар микроорганизмдердің тіршілік эрекеті эсерінен биотермиялық жолмен ыдырап, нэтижесінде көп мөлшерде жылу бөлінеді. Қалдықтардың 1 тоннасынан 250 м3 биогаз алуға болады.
Тұрмыстык қатты қалдықтарды компостау олардың құра-мындағы органикалык заттарды бөліп алып, органикалык тыңайтқыштар ретінде пайдалануға негізделген.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды депонирлеу көптеген мем -лекеттерде кең таралған. Бұл процестің мэні - жиналған қатты тұрмыстық калдықтардың барлығы біртіндеп тотықтырылады, өсімдік текті қалдықтар ашу реакциясына түседі, бұл кезде сонғы өнім ретінде су, көміркышқыл газы мен жылу бөлінсе, жануар текті қалдықтар шіру реакциясына түседі де, соңғы өнім ретінде су, метан жэне көп мөлшерде жылу бөлінеді. Қал-дықтардың жиналған жерінде микрооргаиизмдердің тіршілік әрекеті эсерінен жылу бөліну, газ түзілу сиякты процестер үздіксіз жүріп отырады да, осы аймақта коңыр-қара түсті, құрамында хлорид, сульфат, нитраттар, ауыр металдардың қосылыстары, органикалық қышқылдар бар фильтрат түзіледі. Ол жер бетілік, жер астылық сулар арқылы топырақты, езен, көл суларын ластайды.
Адамзат коғамынын дамуында өнеркәсіп өндірістері мен ауылшаруашылығындағы жаңа көзқарас - аз қалдықты жэне қалдықсыз технологияларды енгізу болып отыр.
Қалдықсыз технология дегеніміз - БҰҰ Европа экономика-лык комиссиясының Деклорациясына (1979) сэйкес адамзат қоғамының қажеттіліктерін қамтамасыз етуде табиғи ресурс-тарды барынша тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау үшін білім мен ғылымның жетістіктерін, түрлі эдістер мен құралдарды практикада қолдану болып табылады.
1984ж. БҰҰ осы комиссиясы бүл түсінікке накты аныкта-ма берді: "Қалдықсыз технология - шикізат ресурстары -өнеркэсіп орны - тұтынушы - екінші реттік ресурстар циклында шикізат пен энергияны барынша тиімді жэне комплексті. коршаған ортаға кез келген эсерлердің түрі оның қалыпты жұмыс істеуіне кері эсерін тигізбейтін жағдайда пайдалануды камтамасыз ететін өнім өндірудің (процесс, өнеркэсіп, террито-риялық - өндірістік комплекс) әдісі болып табылады.
Қалдыксыз технология - өңделетін шикізат пен осы процесс нэтижесінде түзілетін қалдықтарды толығымен пайдалануды жүзеге асыратын өндіріс процесінің эдісі.
Қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету, шикізат пен энергияны үнемді пайдалану үшін материалдық ре-сурстарды кайта пайдалану, яғни рециркуляция үлкен роль атқарады. Мысалы, металлоломнан алюминий алу өндірісінде бокситті балқыту үшін жүмсалатын энергия мөлшері 5%ғана. 1 т. екінші реттік шикізатты кайта балқыту кезінде 4 т боксит пен 700 кг кокс үнемделеді, оның үстіне атмосфераға бөлінетін зиянды фтор қосылыстарының мөлшері 35кг-ға азаяды екен.
Шын мэнінде калдыксыз технология практикада болуы мүмкін емес, себебі, кез келген өндіріс орны жұмыс істеу барысында ең болмағанда жылу түрінде болса да қоршаған ортаға калдық бөледі. Сондықтан қалдықсыз технология туралы сөз болғанда біз аз қалдықты технологияны айтамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz