Қазақ жеріндегі Ресей бекіністері


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі.

Диссертациялық жұмыс ХVІІІ-ғасырдың 30-шы жылдарынан ХІХ-ғасырдың 60-шы жылдары аралығындағы Ресей империясының Қазақстан жерінде жүргізген саясаты, отарлық саясаттың негізгі тірегі болған әскери бекіністер тарихына арналады. Еліміз тәуелсіздік алып, тарихты зерделеуде ауытқушылықтарға жол берген империя қысымынан арылған уақытта Ресей империясының Қазақстанда жүргізген колонизациялық саясатына объективті түрде ғылыми тұрғыда баға беру бүгінгі күн талаптарының бірі деуге болады.

Ресей империясы әскери бекіністері жайлы ғылыми салада аз зерттеліп жүрген жоқ. Алайда әскери бекіністердің салынуы кезінде қазақ даласына үлкен қара бұлт үйірілгенін, қазақ халқының ауыр отарлық езгіге түсіп мал-жанынан, жерінен, тәуілсіздігінен айрылғанын өз дәуірінде жазылған, кейінгі зерттеулер фактілеріне сүйене отырып ғылыми тұрғыда бұл процеске баға беру әлі күнге дейін шешімін таппаған мәселе десек артық айтқандық емес.

Ресей империясының әскери бекіністері тарихын зерттеу Ресей империясының қазақ даласында жүргізген отарлық саясатын айқындай түседі. Әскери бекіністердің ролі, әскери желілердің орналасу тізбегі туралы нақтылы жазылған ғылыми еңбектер аз. Әскери желілердің бүкіл Қазақстанда орналасу тәртібі, отарлық саясаттың жүргізілуі барысындағы атқарған қызметі әлі де болса айқын анықталмаған мәселелердің бірі.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Диссертациялық жұмысты жазу барысында қазіргі кездегі шетелдік ғалымдардың көтеріп отырған ғылыми зерттеу әдістерімен жүргізілді. Ресей бекіністерінің тарихи мәселесіне объективті түрде баға беру көзделеді.

Зерттеу жұмысы барысында сол уақыттағы әлемдегі саяси экономикалық жағдай ескеріліп, ішкі сыртқы факторлар жан-жақты қарастырыла отырып тақырыпты ашу мақсаты қойылды. Өз уақытында жазылған тарихи-архивтік құжаттар мен кейінгі және бұрындары жазылған ғылыми әдебиеттермен таныса отырып тарихи-салыстырмалы әдіс қолданылады.

Зерттеу жұмысының хронологиялық және географиялық шеңбері.

Магистрлік диссертациялық жұмыс XVIII-ғасырдың 30-жылдарынан ХІХ-ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Осы уақыт аралығында Ресей әскери бекіністері салынып, 60-жылдардың соңында әскери-әкімшілік жүйенің орталықтарына айналды. 1730- жылдардан бастап қазақ жерінде әскери бекіністер бой көтеріп, 1860 жылдары әскери желілермен қосылып, отарлық саясаттың тірегіне айнала отырып қазақ даласын өз құрсауына алды. Осы уақытта бүкіл қазақ жері дерлік Ресейдің қол астына өтті. тақырып аясы қазақстан жерін қамти отырып сол уақыттағы әскери бекіністердің бүкіл қазақ жерінде орналасу тәртібі көрсетіледі, қазақ жеріне Ресей империясы әскери бекіністерінің тигізген әсері айқындалады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен қаралатын мәселелері.

Ресей империясының отаршылдық саясаты әскери бекіністер тарихын зерттеу барысында айқындала түседі. Тақырыпты жазу барысында Ресей үкіметінің әскери-губернаторларының естеліктері, XVIII-ғасырдағы және кейінгі уақыттарда жарық көрген ғылыми еңбектерді саралай келе Ресей империясы әскери бекіністерінің негізгі салыну мақсаты отаршылдық сипатта болғандығын анықтау мақсаты қойылды. Әскери бекіністер мен желілердің салыну, жүргізілу процесіне оның қазақ даласына тигізген ауыр зардаптарына ғылыми тұрғыда баға беру мақсатын көздей келе мынадай төмендегі мәселелерді анықтау көзделеді.

  1. Әскери бекіністер салу ісі ұйымдасқан жоспарлы түрде жүргендігін айқындау;
  2. Әскери бекіністердің отаршылық саясаттың негізгі тірегі болғандығын анықтау;
  3. Әскери шептердің, бекіністердің салыну барысындағы Ресей империясының басқыншылық саясатына баға беру;
  4. Бекіністер желісінің қазақ даласына тигізген әсерін анықтау.

Зерттеу ждұмысының маңыздылығы мен жаңашылдығы.

Зерттеу жұмысының барысында архивтік деректер мен ғылыми зерттеулерде аз қолданылып жүрген XVIII-ХІХ-ғасырларда жазылған еңбектерге саралау жасалынды. Әскери желілердің географичлық орналасу орындары, отарлау саясатының тірегі болғандығы анықталады. Тақырыпты зерттей отыра отарлық саясат қаупінен сақтануды көздейді.

Ресей империясы бекіністері әскери-әкімшілік жүйенің саяси отарлықтарына айналып отарлық саясаттың одан әрі жүруіне іс жүзінде қолайлы жағдай туғызды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығына Ресей бекіністерінің салыну тарихына тоқтала отырып Ресей империясының отаршылдық, басқыншылық әрекет жүргізгендігіне айқынырақ баға беруді көздеген негізгі мақсаты жатады. Бекіністерді салу мақстаы тарауында архивтік деректер көзі пайдаланылады.

Зерттеу жұмысының деректік базасы.

Бекіністер тарихына байланысты Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік архивінде көптеген құжаттар бар. Бұл тақырып бойынша мынадай қорларды топтастырып қарастыруға болады.

  1. Ф. 3. Пристав Алатуского округа
  2. Ф. 4. Оренбургская пограничная комиссия (1799-1859) областное управление Оренбургскими кизгизами.
  3. Ф. 383. Управления киргизами Сырдаринской линий.
  4. Ф. 345. Областное управление Сибирскими казахами.
  5. Ф. 382. Управление командующего сыр-даринской линий туркестанского военного округа.

Бұл қорлардағы құжаттарды мазмұнына қарай бірнеше топтарға бөлуге болады.

  1. Ресей үкіметі шығарған жарғы бұйрықтар.
  2. Генерал-губернаторлардың өзара хаттары.
  3. Арыз шағымдар, сот істері жөніндегі құжаттар.

Еліміздің егемендік алып, өткен тарихымызға да еркін көзқараспен қарай бастаған уақытта патшалық Ресей өкіметінің одан бергі Кеңес өкіметінің өзінің қазақ халқын осы күнге дейін отарлық құрсауында ұстап келгендігі, отарлық саясаттың ішкі мәні айқындала түсуде. Отарлық саясатты жүргізер тұста Ресей патшалығының негізгі тірегі болған бекіністер тарихы да әлі толық зерттеле қоймаған мәселелердің бірі. Бекіністер салу арқылы ресей империясы өзінің отарлық саясатын жүргізіп, бүкіл қазақ даласына өз үстемдігінорнатты. Ресей империясы бекіністері тарихы ғылыми тұрғыда аз қарастырылған жоқ, бірақ бұл процестің нақты қалай жүргендігі, бекіністердің қазақ халқына әкелген үлкен ауыртпалықтары жөнінде, бекіністерді салу ісінде отарлық саясаттың қазақ даласында үстемдік орнату мақсаты жатқандығы жайындағы мәселелер жөнінде әлі де болса ғылыми тұрғыда жазылған еңбектер аз. Бұл мәселе жөнінде тарихи фактілер мен зерттеулерге сүйене отырып отарлық саясаттың жүргізілуі процесіне нақтылы ғылыми тұрғыда баға беру әлі де болса толық шешеімін таппаған мәселе десек артық айтқандық емес.

Бұл тақырып мәселесі XVIII-ғасырдың өзінде-ақ қарала бастады, бірақ бұл әдебиеттерде өлкені танып-білу мақсаты жатқан еді. Бұл тұстағы жазылған әдебиеттер мазмұнына қарап зерттеушілер әдебиеттер авторларын академиялық және тәжірибелік бағыттағылар деп екіге бөледі.

Алдыңғыларына Левшин Л. И., Л. Мейер, П. П. Румянцев тағы басқалар, ал соңғыларына Терентьев, Макшеев өзге де авторлар жатқызылады. П. И. Рычковтың "Топография Оренбургская", "История Оренбургская" еңбектерінде Орынбор өлкесінің тарихы жөнінде көптеген мағлұматтар беріледі. Аталған екі еңбекте де патшалық империя көзқарасы басым. Орынбор өлкесінде әкімшілік жұмыстармен айналысқан автор еңбегінде Ресейдің Қазақстанда жүргізген отарлық езгісі жөніндегі мәліметтер жеткілікті.

Ресей әскерінің генералы дәрежесінде әскери қызмет атқарған Терентьев еңбектерінде Ресей өкіметінің басқыншылық саясаты ашық байқалады. История завоевания турк. еңбегіңде "История дальнейшего движения нашего на восток характеризуется в общих чертах таким образом: соседство с дикими не признающими ни международных и никаких прав кроме правы силы вынуждала нас укреплять границы линией крепостей . . . [1] - деп келтіріп жергілікті халықгы кемсіте отырып ресей отаршылдық саясатын бүркемелеуге тырысады. Терентьев еңбегінде Қазақстанның оңтүстігінде жүргізілген әскери жорықгар баяндалып, қазақ халқының ашықтан-ашық ауыр әскери басқыншылыққа ұшырағандағы жөнінде мәліметтер келтіріледі. Бұл еңбекте де Ресей империясының отарлық пиғылы ашық көрінеді.

XVIII - ғасырдағы Ресей зерттеушілерінің бірі П. Г. Галузо "Туркестан колония" еңбегінде "Патшалы Ресей әскерлерінің қазақ даласына қарай жылжуы XVIII - ғасырдың алғашқы жартысынан-ақ басталды - деп жаза келе Ресей империясының әскери күш қолдана отырып бүкіл қазақ даласына ауыр езгі әкеліп ішке енуін көрсететін нақты мәліметтер бар. ()

Қазақ ақын жырауларының да шығармаларында бұл мәселе көтерілген болатын. Бұл уақыттағы ақын-жыраулар «зар заман» ақындары деп аталған болатын.

Адыра қалғыр көк жайық

Ақырап қалды-ау қонысым

қонысымнан ауған соң,

кемімесе екен ырысым?!

деп жырланды сол уақыттағы шығармалардың бірінде.

ХІХ -ғасырдың басында шетел ғалымдары да қазақ жеріндегі Ресей империясы әскери бекіністері туралы, Ресей империясының отаршылдық саясаты туралы жазды. Біраз ғалымдардың мәселен Э. Росс, Ч. Бульджер, А. Кроусс тағы басқалар еңбектерінде Ресейдің қазақ даласындағы дөрекі отаршылдық саясатына, қазақ даласының тәуелсіздік үшін жүргізген ұлт-азаттық қозғалысына назар аударды.

Ағылшын тарихшысы А. Кроусс бұл туралы Ресейдің азиялық отарларындағы жүргізіп отырған саясаты-барып тұрған агрессияшыл имперализм саясаты. Басқару жүйесі толықтай әскери шенеуіктерге жүктелген және өлкенің барлық қаражаты әскери округтерді ұйымдастыруға, оларды жабдықтауға жұмсалды. Сауданың дамуына көмектесуге ештеңе жасалмады десе де болады. Саясаттың негізгі мүддесі елдің ішкі мүддесін ескеруге, халық сұранысын өтеуге емес, патша иеліктерінің шекарасын кеңейтуге бағытталған. Қысқаша айтқанда, Ресей -басқа елдерді жаулап алып, халқын жұтып орыстандырып жіберуді мақсат тұтқан империя жеп жазды.

Революцияға дейінгі зерттеулерде Ресей империясының отарлық саясаты бүркемеленіп, бір жақты трактовкаға бой алдырады. Бұл туралы Зимонов еңбегінде В большинстве случаев литературные источники дореволюционного периода односторонные, в них возвеличивается колоннальной политики царского правнославно-деп жазылады.

Орынбор бекінісінің салынуы Ресей отарлық саясатын жүргізуде маңыздылығы зор деп, -көрсеткен П. И. Рычков еңбектері өлкедегі Ресейдің отарлық саясаты мен бекіністер тарихы жөнінде көптеген мәліметтер береді.

XVIII-ғасырдың ІІ-ші жартысы мен ХІХ- ғасырдың басындағы зерттеу еңбектерінде В. Н. Татищев пен П. С. Паллас сияқты авторлар Солтүстік Батыс Қазақстан аймағындағы бекіністер, ол аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы құнды мәліметтер беретін деректер қалдырды.

Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлық саясатын қолдаушылардың бірі А. К. Гейнс болды. А. К. Гейнс өз еңбегінде былай деп жазды; Наиболее верным способом утверждения русского влияние в степи является строительство военных укреплений, форпостов, пикетов населенных казачьим-элементом, который способен посеять страх среди местного поселения? Чем больше будут бояться и уважать каждого русского в отдельности, тем сильнее будеть провительство.

Орынбор өлкесін зерттеуде В. Н. Витевский мен Н. И. Красовский еңбектерінің маңызы жоғары болды.

А. Ф. Рязанов еңбегінен Орынбор әскери желісін құру арқылы Ресей империясы өз отарлық саясатын жүргізгісі келетінін көруге болады.

С. Ремезовтың еңбегінен де Ресей империясының отарлық пиғылын анық байқауға болады.

Қазақстанның оңтүстік аймағындағы Ресейдің жүргізген отарлық жаулауы мен бекініктері туралы Л. И. Монилев, А. И. Бутаков И. Ф. Бламберг еңбектерінен көптеген мәліметтер алуға болады.

Қазақ зиялыларының ішінен С. Асфандияров осы тақырыпқа байланысты мәселелерді көтеріп Ресей бекіністерінің қазақ жеріне шеп сала орналастырылып отаршылдық саясаттың тірегіне айналғанын көрсетеді. Ресей әскерлерінің қазақ даласын жаулауын өз көзімен көрген Ш. Уәлиханов та Ресейдің отаршылдық саясат ұстанып отырғандығын өз еңбегінде келтіреді. А. Байтұрсынов бұл кезең туралы:

Құнсыз болып еріміз,

Жесір болды жеріміз,

Мал менікі дей алмай

Жан менікі дей алмай

Итпен құсқа азық ек- деп суреттейді.

ХХ - ғасырдың 20-30 жылдары осы тақырыпқа байланысты мәселелер А. П. Чулошников; М. Вяткин сияқгы зерттеушілер еңбектерінде жазылды.

ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанның Ресейге қосылуы мәселесіне байланысты бірқатар еңбектер жарық көрді. "Присоединение Казахстана к России в 30-х гг" атты еңбегінде Н. Г. Апполова қазақ жерінің Ресей отарлануына түсуі туралы құнды мәліметтер мен деректер келтіреді. Н. Г. Апполова өзінің келесі бір еңбегінде бекіністер мен редуттардың салыну мақсаты жөнінде: "Бекініс шептерінің салынуы көшпелі феодалдардан қорғану үшін шекараны нығайту мақсатында тұрғызылды"- деп көрсетіп Ресей отаршылдық саясатын бүркемелейді. Автор бір жақты трактовкаға бой алдырғанымен Ресей бекіністерінің Ресей империясының отарлық саясатының негізгі тірегіне айналып отырғандығы жөнінде де жазады.

Апполованың осы мәселеге қатысты алдыңғы пікіріне қарсы пікір ретінде Б. Сүлейменов, Б. Басин еңбектерінде мынадай тұжырым жасайды:

"Царизм создавал укрепленные линии на окраинах не только ддя
ограждения от набегов "кочевых феодалов", кочевников казахов и башкир, но и для того, чтобы держать в уезде свой собственный народ-крепостных крестьян и рабочих людей; укрепленные линии предназначались и для ограждения присоединенных земель от попользований Джунгарии, а после ее падения от завоевания царизма .

Кейінгі зерттеуші тарихшьшар қатарында Ж. Қасымбаев, М. Қозыбаев, Несипбаева сияқгы ғалымдар өз еңбектерінде Ресей бекіністерінің отыршылдық бағытта салынғандығын ашып көрсетеді. Бекіністер салу ісіндегі өзгерістер туралы Ж. Қасымбаев өз еңбегінде ашып көрсетеді. "При понимании роли оборонительных пунктов не следуеть придерживаться однозначной трактовки менявшихся их дальнейших функций, менявшихся в зависимости от аграрно-политических мотивов действий империй. Эволюция перерастания первоначальных функций складывалось и углублялось на протяжении почти целого столетия - с 20-годов XVIII в. когда стратегическая линия единой неделимой империй обусловила коренных перенацеливания первоначальных задач - дей келе алғашқы бекіністерден кейінгі салынған бекіністер қазақ даласына ауыртпалық әкелгенін көрсетеді.

Зерттелу жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Зерттеу жұмысында пайдаланылған әдебиеттер мен деректерге сілтемелер берілген.

I тарау. Ресей бекіністерінің қазақ жеріне салына бастауы

  1. Ресей бекіністерін түрғызудағы әскери экспедициялардың ролі2. Бекіністердің қазақ жерінде салыну мақсаты

1. Қазақ өлкесін барлау мақсатында Ресей өкіметі Қазақстанға ХҮІІІ-ғасырдың басынан бастап жоспарлы түрде әскери экспедициялар ұйымдастырды. Петр I Ресей империясы үшін Орданы қол астына өткізу Орта Азияға жол салуға мүмкіндік беретініне күмән келтірмеді. Әскери экспедициялар Қазақстан жерінде екі бағытта жүрді. Бұл туралы Абаза кітабында: Царь Петр заметил в глубь Средней Азии два пути- один на Хиву, по которым шел Пекович со стороны Каспия. Этот путь, как увидим был изведен еще раз. Другой путь со стороны Сибири" [ ] .

Сібір генерал-губернаторы М. П. Гагариннің ұсынысымен Ертіс бойымен қазақ даласына экспедиция ұйымдастырьшып, экспедиция басшысы капитан Бухгальцке арнайы тапсырма берілді. Бүл туралы бір деректерде "С 1500 человек воинских людей идти на Ямышево-озеро, где велено делать город . . . также в некоторых местах, при реках и при лесах делать редуты . . . и в трех редутах оставлять по нескольку человек [ ] .

1715 жылдың көктемінде драчун, солдат артеллистер мен офицер мен шеберлерден тұратын отряд (барлығы-2797 адам) Ертіс бойымен төмен жүзе отырып Ямышевск бекінісінің іргетасын қалады [ ] . Алайда, бүл отряд он мың қолдан тұратын жоңғар әскерлерінің шабуылына ұшырап 1715 -жылдың қысынан 1716-жылдың көктеміне дейін қоршауда ұсталды. 1716-жылдың сәуір айында Бухгальц бастаған Ресей әскерлері қоршауды жарып шығып Ертіс бойымен жоғары қарай өрлеп Ресей шекарасына карай жылжыды. Май айында бұл отряд Омбы бекінісінің іргесін қалап бекініс
коменданты ретінде майор Вельяминов Зерновты тағайындап кетті.

Келесі жылдары ұйымдастырылған экспедицияның күшімен Ертістің оң жағалауында патшалық өкіметтің әскери-колониялдық бекініс пункттері ретінде тағы да бес бекіністің іргетасы қаланды. Бұлар мыналар: Ямышевск (1716), Железинск (1717), Долон және Семипалатинск (1718), Устькаменогорск.

Бұл бекіністердің орнына байланыстырушы 7 форрост тұрғызылды. 1717-жьшы П. Стурин басқарған экспедиция Ямышевск бекінісін қайтадан тұрғызды. Сол жьшы Ертіс бойымен Н. Северский және В. Чередев басқарған экспедициялар жіберілді.

Батыста Каспий теңізінен жаңа экспедициялар ұйымдастырылды.
Бүл экспедицияның алдына Амударияның сол жағалауына бекініс орнату және Хиуа хандығына Ресей бодандығын мойындату міндеті жүктелді. Петр I Каспий теңізінен Индияға дейін су жолын ашуды көздеген жоспар жасады.

Экспедиция басшысы ретіңде князь Черкасский-Бекович тағайындалды. 1716-жылы экспедиция Астраханнан шығып Каспий теңізінің шығыс жағалауына келіп жетіп тұйық қараған және қызыл су аталатын жерде бекініс салуға кірісті. Бірақ бұл жерлерде бекіністер салуға қолайсыздық туғызды. Келесі 1717-жылы 6. 000 адамнан тұратын отряд құммен Хиуаға қарай бет алды. Отряд құрамында Жайық қазақтары, астрахандық дворяндар, татарлар және басқалар болды. Отряд хиуалықтардың алдауына түсіп, экспедиция басшысы олардың қолынан қаза тапты.

Сібірден Ертіс бойымен жіберілген экспедициялар Каспий жағынан шыққан экспедицияларға қарағанда біршама жетістікке қол жеткізді. Мысалы Бухгальц экспедициясының маңызы туралы В. И. Лебедев былай деп тұжырымдайды "Экспедиция Бухгальца способствовала продвижению границ России на юг.

Каспий теңізі жағалауынан басталған Черкасский-Бекович экспедициясы қайғылы оқиғамен аяқталды. Бұл экспедицияның
нәтижесіз аяқгалуына негізінен қолайсыз табиғат әсер еткен еді. Ол жайлы Азиатская Россия кітабында "Не кочевники-степняки бьли опасны и страшны, а сама безводная степь; наука и искусство тогда не давали еще человеку средства одолеть такие пространства, лишенные воды и растительности" - деп көрсетеді [ ] .

Әскери экспедициялардың қазақ жерінде көп бөгеттерге ұшырағанын байқаған Ресей үкіметі ендігі жерде өте байқампаздықпен және ақырын іс-әрекет жасауды ойлады.

Петр I өмірден өткен соң да қазақ даласын одан әрі отарлау саясаты өршімесе кеміген жоқ. Петр I кезіндегі сенат обер. секретары Кириллов И. К. Ор бекінісін салу туралы ұсынысын көрсетті. Бұл бекініс осы өлкенің Ресей қарамағына өтуін қамтамасыз етуін, башкүрттар көтерілісін басу, Бұқар мен Индиямен сауда байланысын жасау мақсатында тұрғызылды.
Сонымен бірге Кириллов Арал теңізі бойына Бұқар иеліктерін қарату үшін бекініс салуды көздеді. Жоспар бекітіліп, экспедиция ұйымдастырылды. Кирлиллов пен Тевкелев басқарған экспедиция 1735-жьшы Уфадан Белый өзеніне келіп жетті.

Ор өзені бойына Кирлиллов Орынбор бекінісін тұрғызды. Кириллов ізбасарлары Тотищев, Неплюев оның ісін ары қарай жалғастырып Ресей империясы бекіністерінің қазақ даласында қаптап тұрғызылуына себепкер болды. Ресей өкіметі тарапынан ұйымдастырылған экспедициялар негізінен қазақ даласына әскери-барлау жүргізу және отырлық саясаттың тірегі боларлық бекіністер салуды көздеген болатын. Бұл экспедициялар біршама бөгеттерге қарамастан аддына қойған мақсаттарына жетті.

1734 жылы Орынбор экспедициясы ұйымдастырылып, орыс тарихында „белгісіз экспедиция" деп аталып, жасырын дайындалып, құрамына адамдар алуға кіріседі. Экспедиция бастығы И. К. Кириллов (бұрын сенатта хатшы болып жұмыс істеген) тағайындалады, оныц көмекшісі Сырткы істер коллегиясының аудармашысы А. В. Тевкелев болды.

Патша нұсқауын басшылыкка алған олар маусым айының 15 күні Петербургтен шығады. Құрамы 200-ге жуык әр түрлі мамандык. иелерімен толықтырылады. Белгіленген жерге жету сол кезде өте қиын жағдайда өтті. Себебі, 1734-1735 жылдары башқұрт халқының Ресей империясына қарсы көтерілісі кең етек алып жаткан еді. 1735 жылы тамыздың 15 күні белгіленген жерге жетіп, каланың іргесін қалауға кіріседі. Көп кешікпей
қаланың негізін калау рәсімі өтеді, оған Әбілқайыр ханның баласы Ералы, інісі Нияз және басқа адамдармен қазақ сұлтандары қатысты. 1735-1740 жылдар арасында Орынбор экспедициясы салған қала Кіші және Орта жүз қазақтарын отарлық-әкімшілік жолмен басқарудың арамза пиғылын кезең-кезеңмен жүзеге асыру саясатының орталығы болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы және Орта жүздің Ресейге бағынуы
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның мәні
Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы
Қазақ хандығының Ресейге қосылуы
Қазакстанның Ресейге қосылуы
Елшілік арқылы орыс патшасы
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837— 1847 жылдары)
Нұрмұхамедұлы Жанқожа
Жанқожа бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісІ
Қазақ жеріндегі орыстардың әскери бекіністері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz