Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ гуманитарлық заң университеті
Алматы заң академиясы
Азаматтық құқық пен азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы
Ғылыми жетекші:
проф. :
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе . . . 3 б.
1-Тарау. Акционерлік қоғамның Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша заңды тұлғалар жүйесіндегі түсінігі мен алатын орны
- Акционерлік қоғамдардың түсінігі мен Қазақстан Республикасында акционерлік заңнаманың дамуының жалпы сипаттамасы . . . 8б.
2-Тарау. Акционерлік қоғам акционерінің құқықтық жағдайы
2. 1. Акционерлік қоғам акционерлерінің негізгі құқықтары мен міндеттерінің сипаттамасы . . . 20 б.
2. 2. Акционердің дивидендтке деген құқықтары . . . 25 б.
2. 3. Акционердің акцияларға билік ету құқығы . . . 32 б.
2. 4. Акционерлік қоғам акционерінің мүліктік емес құқықтары . . . 41 б.
3-Тарау. Акционерлік қоғамды басқарудың құқықтық негіздері
3. 1. Акционерлік қоғамдарды басқарудың жүйесі . . . 44 б.
3. 2. Акционерлік қоғамдағы органдардың құзыреттерінің шектері . . . 46 б.
Қорытынды . . . 53 б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 55 б.
Кіріспе
Бітіру жұмысын зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының дамуында үлкен маңызға нарықтық қатынастардың дамуы мен сырттан ел экономикасына инвестиция тарту мәселесі ие болып отырғандығы анық. Демократиялық қоғамды қалыптастыру секілді нарықтық экономиканы да тік тұрғызу оны құқықтық қамтамасыз етусіз мүмкін болып табылмайды. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағдайды жақсартып, инвесторлардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін әрекет етуші заңнаманы бірнеше жетілдіру керек.
Осы ұсынылып отырған жұмыс Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлғаның бір ұйымдық-құқықтық түрі болып табылатын акционерілік қоғамдардың құқықтық жағдайына және ол бойынша әрекет етуші акционерлік заңнамаға, сонымен қатар акционерлік қоғам акционерлерінің құқықтарын зерттеуге бағытталған. Бұл тақырыптың өзектілігі мен көкейтестілігі Қазақстан Республикасында қаншама жыл бойы заңды тұлғаның акционерлік нысанының өмір сүруіне қарамастан, акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайлары мен акционерлердің құқықтарын қорғау мәселесі құқықтық әдебиеттерде әлі де жеткілікті дәрежеде зерттелмегендігіне байланысты.
Акционерлік қатынатардың Қазақстан Республикасында күн өткен сайын арта түсуі акционерлік қоғам туралы заңнаманы, акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайын және акционерлік қоғам акционерлерінің құқықтарын қорғаудың құқықтық механизмін зерттеуді талап етіп отыр.
Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы туралы мәселе бірқатар қазақстандық авторлардың еңбектерінде кездеседі. Атап айтар болсақ, олар: Ю. Г. Басин, И. П. Грешников, А. Г. Диденко, В. А. Жакенов, М. К. Сулейменов, А. И. Худяков және тағы да басқа көрнекті ғалымдардың еңбектері акционерлік қоғам туралы ой қозғайды.
Осы аталып отырған авторлардың барлықтарының еңбектері акционерлік қоғамдардың жалпы құқықтық сипаттамасын ашуға бағытталған болатын. Бірақ бұл авторлардың еңбектері акционерлік қоғам акционерлерінің құқықтық жағдайларына және олардың құқықтарын қорғаудың құқықтық механизмдеріне назар аудара бермейді.
Сонымен қатар акционерлік қоғамның органдары, яғни оны басқару органдарын зерттеу, олардың құқықтық құзыреттерін айқындау да үлкен маңызға ие болып табылады, өйткені қазіргі кездегі заңнама біздің қоғамымызда болып жатқан кәсіпкерлік саласындағы үлкен өзгерістерге ілесе алмай жатады.
Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдарды дамыту экономиканы мемлекетсіздендіру мәселесін шешудің бірден бір дұрыс жолы болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындарды акциялау арқылы мемлекетсіздендіру және жекешелендіру заңды тұлғалардың акционерлік нысанының дамуына алып келді.
Қазақстан Республикасындағы акционерлік инфрақұрылым ең басында мемлекеттік кәсіпорындарды акциялаумен, ашық типтегі инвестициялық жекешелендіру қорларын құру жолымен және шетел инвестицияларын тарту жолымен, биржа қорларының, бағалы қағаздардың биржадан тыс қорларының қызмет ету жолымен құрылған болатын.
Дегенменен, Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңдағы акционерлік қоғам нысанында пайда болған заңды тұлғалардың дамуына байланысты кейбір кедергілердің бар болғандығын да айта кету керек. Мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекетсіздендіру жолымен акционерлік қоғамдарды құру акционерлер мен акционерлік қоғамдардың менеджментінің арасындағы қатынастарда проблемалы жағдайлардың пайда болуларына алып келді. Көпшілік жағдайларда жекешелендіру жолымен құрылған акционерлік қоғамдарда акционерлік қоғамның көпшілік акциялары жоғарғы менеджелерге тиесілі болды және олар өз кезегінде акционерлік қоғам акцияларына өз мүліктеріне секілді басшылық жасауды жүзеге асырып отырды.
Сонымен кәсіпкерлік қызметтің жедел дамуы мен оған тиесілі құқықтық базаның болмауы акционерлік қоғам акционерлерінің құқықтарын айқын қорғау керек екендігін көрсетті.
Осы аталып кеткен сауалдарды зерттеу және соған сай Қазақстан Республикасының заңдық базасына тиесілі баға беру осы ұсынылып отырған жұмыстың негізгі мақсатын көрсетеді.
Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайларын зерттеуге бағытталып отырған біздің жұмыстың зерттеу пәні болып акционерлерлік қоғамдардың құқықтық жағдайын айқындау болып табылады.
Осыған байланысты біздің жұмыста келесі сұрақтар қарастырғалы отыр:
- Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлғалардың ішіндегі акционерлік қоғамдардың түсінігін беру және оның орнын анықтау;
- акционерлік қоғамды басқа заңды тұлғалардан айырмалайтын акциялардың және басқа да бағалы қағаздардың құқықтық режимін анықтау;
- акционерлік қоғам акционерлерінің құқықтық жағдайын анықтау;
- акционерлік қоғамды басқару жүйесін анықтау;
- акционерлік қоғамдардың мүліктік және мүліктік емес құқытарын анықтау және оларды жүзеге асыру механизмдерін қарастыру.
Осы тұста ұсынылып отырған зерттеу жұмысының негізгі деген мақсаттарын да анықтап, мәнін ашып кетуді жөн санап отырмыз. Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша акционерлік қоғамдардың түсінігін ашу, оның басқа заңды тұлғалардан негізгі ерекшеліктерін айқындау және акционерлердің құқықтарын қорғау мәселелерін зерттеу.
Жұмыстың негізгі мақсаттары:
- Қазақстан Республикасында акционерлік заңнаманың зерттеу динамикасын анықтау, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлғалардың ішіндегі акционерлік қоғамдардың түсінігін беру және оның орнын анықтау;
- Акционерлік қоғам акциялары мен басқа да бағалы қағаздарына тиесілі сауалдарды зерттеу;
- әрекеттегі акционерлік заңнамаға шолу жасау және оны одан әрі жетілдіру үшін пікірлер мен ұсыныстарды ұсыну;
- акционерлердің мүліктік және мүліктік емес құқықтарының шегін анықтау;
- акционерлік қоғам акционерлерінің құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін қарастыру;
- акционерлік қоғамның басқарушы және бақылаушы органдарының құзыреттерін анықтау.
Жұмыстың құрылымдық бөліктеріне келетін болсақ, зерттеу жұмысы үш тараудан және алты бөліменен тұрады. Зерттеу жұмысының ең бірінші тарауы “Акционерлік қоғамның Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша заңды тұлғалар жүйесіндегі түсінігі мен алатын орны” деп аталады. Осы тұста біз акционерлік қоғамның заңды тұлға ретіндегі түсінігін, сонымен қатар оның заңды тұлғалар жүйесінде алатын орны туралы мәселелерді кеңінен қозғаймыз. Сонымен қатар бұл бөлімде біз Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдарға қатысты деген заңнамалық базасының дамуының жолы туралы да мәселерді көтереміз.
Ұсынылып отырған жұмыстың екінші тарауы “Акционерлік қоғам акционерінің құқықтық жағдайы” деген атауға ие. Бұл тарау негізінен акционерлік қоғамның заңды тұлғаның бір түрі ретіндегі ерекшеліктерін ескере отырып, акционерлік қоғам акционерлерінің негізгі деген мүліктік және мүліктік емес құқықтарын айқындайды. Сонымен қатар бұл тарауда акционерлердің құқықтарын жүзеге асыру жолдары мен оларды қорғаудың негізгі механизмдері зерттеледі.
Үшінші тарау “Акционерлік қоғамды басқарудың құқықтық негіздері” деген атаумен ұсынылып отыр. Акционерлік қоғамның өзі күрделі қоғам түрі болып табылғандықтан, оны басқарып тұрудың өзі және оның қызметін бақылау өте үлкен маңызға ие болып тұрады. Тиісінше бұл бөлімде біз акционерлік қоғамдағы басқарушы органдардың құқықтық құзыреттерін айқындаймыз.
1-Тарау. Акционерлік қоғамның Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша заңды тұлғалар жүйесіндегі түсінігі мен алатын орны
1. 1. Акционерлік қоғамдардың түсінігі мен Қазақстан Республикасында акционерлік заңнаманың дамуының жалпы сипаттамасы
Қазақ КСР-нда акционерлік қоғамдар 1991 жылдан бастап құрыла бастады. Бұған негізгі түрткі болған 1990 жылдың 11-желтоқсанында “Қазақ КСР-нда шаруашылық қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы туралы” деген атпен қабылданған Заң болатын. Осы заңның негізінде түрлі заң актілері, атап айтар болсақ, “Қазақ КСР-ндегі кәсіпорындар туралы”, “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” қабылданды. Осы аталып отырған нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасында акционерлік қатынастардың құлаштап дамуына жағдай туғызды. Акционерлік қоғамдардың нарықтық заманда кеңінен етек жаюына мемлекеттік мүлікті жекешелендіру процесі де өзінің үлкен үлесін қосты.
Акционерлік қоғамдар туралы Заңнан басқа акционерлік (корпоративтік) заңнаманың қатарына “Бағалы қағаздардың нарығы туралы”, “Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” заңдарды толығымен жатқызуға болады.
Түрлі мемлекеттерде олардың құқықтық базаларының ұқсастығына қарамастан, акционерлік қоғамдар үшін берілетін анықтамалар түрліше болып келеді. Бір топ авторлардың айтуынша “акционерлік қоғам дегеніміз - бұл капиталды шоғырландыру және акциялар мне облигацияларды сату жолымен құралатын капиталы құрылатын үлкен корпорациялардың негізгі ұйымдық нысаны болып табылады.
Ендігі бір топ авторалардың пікірлерінше, “акционерлік қоғам - бұл капиталы акционерлік қоғам құрылтайшыларының қаражаттарын біріктіру жолымен және акциялар мен облигацияларды сату жолымен құралатын қоғам болып табылады”. “Акционерлік қоғам - бұл кәсіпорынның бір ұйымдық құқықтық нысаны болып табылады. Олар ақшалай қаражатты шоғырландыру жолымен және пайда табу мақсатында акцияларды сату жолымен қаражатты орталықтандыруды жүзеге асырады” 1деген де ойлардың кездесетінін айту орынды.
Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 13-мамырындағы Акционерлік қоғамдар туралы Заңының 3-бабына сәйкес, өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам деп танылады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, акционерлік қоғамға Ресей Федерациясының да заңнамасы анықтама береді. Ол анықтамаға сәйкес, акционерлік қоғам - бұл жарғылық капиталы бірнеше белгілі бір акциялар санына бөлінген коммерциялық ұйым болып табылады.
Біздің пікірімізше, акционерлік қоғамдардың түсінігіне байланысты осыншама анықтаманың болуы осы қоғамның тек тарихи ерекшелігіне ғана байланысты емес, ол сонымен қатар осы акционерлік ұйымдардың күрделілігімен байланысты болып отырады. Осыған байланысты әлемдегі көптеген мемлекеттердің заңнамасында акционерлік қоғамдардың заңды анықтамасы берілмейді. Негізінен, біздің ойымызша, қазақстандық заң шығарушының акционерлік қоғамдардың түсінігіне байланысты заңдық анықтаманы бергені дұрыс болып табылады, себебі заңдық анықтаманың болуы барлық жағдайларда үлкен теориялық дауларға әкеп соқтыруы мүмкін.
Дегенменен, заңдық анықтаманың қаншалықты деңгейде берілгенімен бұл ұйымның барлық конститутивтік белгілерін заңдық анықтаманың құрамына сіңдіру мүмкін болып табылмайды.
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының Заңы берген акционерлік қоғамның анықтамасы оны заңды тұлғалардың түрлерінің жүйесінен, сонымен қатар коммерциялық ұйымдардың жүйесінен тануға және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында алатын орнын анықтауға жеткілікті болып келеді.
Корпорациялардың көбісінің жауапкершілігі әдетте өз активтерімен шектелген болып келеді және акционерлер осының арқасында корпорацияның ісіне байланысты ешқандай тәуекелді көтермейді. Акционерлік қоғамдар салықтың арнайы корпоративтік ставкалары бойынша салық төлеуге жатады .
Акционерлік қоғам акционерін айта отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасының құрылтайшы, қатысушы, акционер түсініктерін жалпы анықтамамен анықтағандығын да айта кету керек болды. Мәселен, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 40-бабына сәйкес заңды тұлғаның құрылтайшысы қарастырылады. Оған сәйкес, мүлікті меншіктенушілер не олар уәкілдік берген органдар немесе жақтар, ал заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде өзге де заңды тұлғалар заңды тұлғаның құрылтайшылары бола алады. Бұл орайда, мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе олар уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 44-бабының 3-бөлімінің, 85-бабының 2-бөлімінің, 86-бабының 5-бөлімінің негізінде акционерлік қоғам акционерлері толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі қатысушының анықтамасына тиесілі болып кетеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 44-бабының 3-бөлімі акционерлердің құқықтық жағдайларына да әсер етеді, ал бұл өз кезегінде акционер мен акционерлік қоғам арасындағы қатынастардың логикасына кереғар болып келеді. Сонымен қатар ол кодекстің құрылымына қарайтын болсақ, заңды тұлғалардың құқықтық жағдайларын қарастыратын жалпы нормалардың құрамында тұр.
Қазақстан Республикасы Акционерлік қоғамдар туралы Заңының 3-бабының 2-бөліміне сәйкес, қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді. Осы аталып отырғанымызға сәйкес, қоғам таратылған жағдайда акционерлерге акционерлік қоғамның міндеттемелерін өтеу міндеті жүктелмейді. Осының өзі акционерлік қоғамның, дәлірек айтсақ осы қоғамның таратылуының өзіндік, спецификалық ерекшелігін көрсетеді. Атап айтатын болсақ, серіктері серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің мүлкімен толық ортақтасқан түрде жауап беретін толық серіктестіктен.
Сонымен, біздің ойымызша заң шығарушының акционерге қатысты қатысушы деп анықтама беруі, біздің пікірімізше, қате болып келеді, өйткені олардың құқықтық мәртебелері түрлі болып келеді.
Акционерлік қоғам өз акционерлерінің акцияларымен ғана шектелген жауапкершілікке ие болып табылады. С. И. Климкиннің айтуынша, акционерлік қоғамның осы белгісі акционерлік қоғамды серіктері шексіз жауапты болатын толық серіктестіктен және шектеулі жауапкершілігі шексіз жауапкершілікпен жанасатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайынан ерекшелейді2.
Өндірістік кооперативтен акционерлік қоғамның ерекшелігін алып қарастыратын болсақ, акционерлік қоғамда өндірістік кооперативіндегідей қатысушылардың еңбектік қатысуы қажет болып табылмайды.
Бұл дегеніміз акционерлік қоғам акционері еңбектік қатысудан бөлінгендігін білдірмейді. Кез келген уақытта акционердің акционерлік қоғамда еңбектік қатысу жетіклікті деңгейдегі нәтижелерге алып келетіндігі айқын, себебі акционерлік қоғам бұл тек қана капиталдың жиынтығы емес, ол сонымен қатар меншік иелерінің - капитал иелерінің жиынтығы болып келеді. Акционерлік қоғамда жеке қатысудың шегі акционерге тиесілі акциялардың санымен айқындалады.
Сонымен қатар, акционерлік қоғамдағы акционердің тұлғасы қоғам үшін де, және де акционерлік қатынастардың динамикасына да өз әсерін тигізбей қоймайды. Қоғамның дұрыс қызмет етуі барлық жағдайда қоғамның бақылаушы акцияларын иеленген тұлғаның іскерлік қасиетіне қатысты болып келеді. Сонымен қатар акционерлік қоғам қатысушысының мәні жалғыз құрылтайшыдан тұратын акционерлік қоғамдар туралы сөз қозғағанда жедел өсіп кетеді.
Кейбір авторлардың “акционерлік қоғам акционерлері бірлесіп жұмыс істеуді өздеріне міндет етіп алады” деген пікірлерімен келісуге болмайды. Акционерлік қоғамдардың қызметінің бағыттарына байланысты құқықтық әдебиеттерде бірлескен кәсіпорындардың болуы мүмкін бірлескен кәсіпорындары туралы айтылады. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27-желтоқсандағы “Шетел инвестициялары туралы” Заңының 14-бабына сәйкес “шетел қатысуы бар кәсіпорындар шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және заңнамаға қарсы келмейтін бақа да нысандарда құрылуы мүмкін делінген.
М. К. Сүлейменовтың айтуынша Қазақстан Республикасында ең көп таралған заңды тұлға нысандары жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен акционерлік қоғамдар танылады. Автордың ойынша, жоғарыда көрсетілген коммерциялық заңды тұлғалардың нысандары шетел партнерларына анағұрлым тиімді болып келеді, себебі осылардың әрқайсысы заңды тұлға таратылған кезде шетел инвесторларының мүдделерін барынша қамтамасыз етуге көбірек кепілдік береді3.
Акционерлік қоғамның ерікті түрде таратылған кезінде бұл туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады. Олар акционерлік қоғамның таратушылық процедурасын анықтайды. Мәжбүрлі түрде акционерлік қоғам дәл басқа заңды тұлғалар секілді негіздерде таратылады. Бірақ соған қарамастан заңда тек осы акционерлік қоғамдардың мәжбүрлеп таратылуына байланысты кейбір жағдайлар көрсетіліп кетеді: Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қоғамды мәжбүрлеп таратуды сот жүзеге асырады. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, қоғамды тарату туралы талапты мүдделі тұлғалар сотқа ұсынуы мүмкін.
Соттың немесе жалпы жиналыстың қоғамды тарату туралы шешімімен тарату комиссиясы тағайындалады. Тарату комиссиясы қоғамның таратылуы кезеңінде оны басқару және тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген іс-әрекет жасау жөніндегі өкілеттіктерге ие болады. Тарату комиссиясының құрамына қоғам кредиторларының өкілдері, ірі акционерлердің өкілдері, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес өзге де адамдар енгізілуге тиіс.
Қоғамды тарату рәсімі және оның кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі. Қоғамды тарату кезінде оның жарияланған, оның ішінде орналастырылған акциялары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жойылуға жатады.
Сотқа талап арызбен таратуды сұрайтын мүдделі адам туралы заң ештеңе айтпаған. Бірақ біздің пікірімізше, мүдделі тұлғалар ретінде заң несие берушілерді және шеңбері шектеулі тағы бір топты таниды.
Құқықтық әдебиеттерде акционерлік қоғамдардың басқа заңды тұлға нысанына қайта ұйымдастырылуына байланысты да ерекшеліктерін анықтауға ден қойған. В. А. Жакенов акционерлік қоғамдардың өндірістік кооперативтерге қайта ұйымдастыруына қатысты ой қозғайды. Оның пайымдауынша, акционерлік қоғам өндірістік кооператив нысанын қайта ұйымдастырылған кезде акционерлік қоғам акционерлерінің құқықтары елеулі түрде бұзылады, өйткені өндірістік кооператив қатысушысы мәртебесін алу үшін міндетті түрде еңбектік қатысушылық болу міндетті4.
Құқықтық әдебиеттерден біз акционерлік қоғамдар неліктен көбіне жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанына қайта ұйымдастырылады деген сауалға жауап таба алмадық. Осы тұста акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің капиталдың ұйымдастырылуы, екіншісінде тұлғалардың ұйымдастырылуы екендігін айта кеткен жөн.
Біздіңше, заңнамамен акционерлік қоғамның тек қана шаруашылық серіктестігіне және өндірістік кооперативіне қайта құрылуы мүмкін екендігін бекіту дұрыс болып табылмайды.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 85-бабына сәйкес акционерлік қоғамның акционерлері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялардың шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді. Осылайша, акционерлік қоғам акционрелік қоғам акционерлерінің қоғам қызметіне қатысты минималды жауапкершілікті көтеретін заңды тұлға болып табылады.
Сондықтан да егер акционерлік қоғамдар толық серіктестікке немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке қайта құрылған кезде акционерлік қоғам акционерлерінің шығындарға деген тәуекелдері тез арада өсіп кетеді. Сондықтан да біздің ойымызша, жоғарыдағыларды ескере отырып, акционерлік қоғамдардың қайта құрылу сауалын акционерлердің және акционерлік қоғамның өзінің шешуіне беру керек сияқты. Себебі кез келген акционерлік қоғамның акционерлері өз көтеретін тәуекелін өзі анықтап, өзі жөн санаған заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын дербес анықтауы тиіс.
Жоғарыда атап кеткендей, акционерлік қоғамды ерекшелейтін бірден бір белгісі оның өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаруы танылады. Ендігі кезекті осы акционерлік қоғамның бағалы қағаздарына, атап айтқанда акцияларға ден салайық.
Біз айтқандай, заңды тұлғаның акционерлік қоғам секілді нысаны капиталды ұзақ уақыт бойы шоғырландырудың және соның есебінен кәсіпкерлікті қызметті жүзеге асырудың ең тиімді нысаны болып табылады. Сонымен қатар, акционерлік қоғам бағалы қағаздардың нарығынан тыс өмір сүре алмайды, өйткені бұл акционерлік қоғамның мазмұнының өзіне кереғар келеді.
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздардың нарығы 13 жылға жуық шамада өмір сүріп келеді. Бағалы қағазадарға қатысты ең алғашқы нормативтік құжат болып “Бағалы қағаздардың айналымы және ҚазақКСР-ндағы қор биржасы туралы” ҚазақКСР-нің заңы болды.
Сол кездегі бағалы қағаздардың нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орган ретінде Қаржы Министрлігі анықталды. Ол:
- бағалы қағаздарды тіркеуді жүзеге асырды;
- бағалы қағаздар нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға рұқсат беретін лицензияларды беруді жүзеге асырды;
- қор биржаларын тіркеді;
- бағалы қағаз нарығы қатысушыларынан бағалы қағаздар операциялары жөнінде кез келген ақпараттарды таратуға, бағалы қағаздардың айналымы мен эмиссиясын тоқтатуға немесе шектеуге, қор биржаларының қызметін тоқтатуды сұрап сотқа шағымдануға құқығы болды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz