Ирак


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ИРАК

Ирак Республикасы (өзд. Атауы - әл-Жумхурия әл-Иракия) - Оңт. Батыс Азияда, Тигр және Евфрат өзендері бойында орналасқан мемлекет. Жер көлемі 444 мың км 2 . Халқы 22, 4 млн. адам (1999) . Тұрғындарының 75%-ы арабтар, 20%-ы курдтар, қалғандары түркімендер, ассириялықтар, парсылар, армендар, т. б. Қала халқы 68, 1% (1997) . Мемлекеттік тілі - араб тілі. Халқының 62%-ы ислам дінінің шиит бағытын, 34%-ы сунит бағытын ұстанады. Астанасы - Бағдад қаласы (3 млн-нан астам) 1970 ж. қабылданған конституциясы бойынша Революциялық кеңестің төрағасы елдің Президенті және Жоғ. Бас. қолбасшы қызметін қатар атқарады. Заң шығарушы орган бір палаталы Ұлттық кеңес, 250 депутаттан тұрады. Елдің ұлттық мейрамы - 17 шілде, Ұлттық Республика күні және тәуелсіздік күні (1958) . И. 18 провинциядан (мухафаз) тұрады. Ақша бірлігі - И. динары.

Табиғаты: Жерінің көбін Жоғ. Месопотамия және Төм. Месопотамия жазықтары алып жатыр. Солт. және солт. -шығыс жақтарын Армен және Иран таулы қыраттары алып жатыр. Ең биік жері - Боздаг тауы (3612 м) . Пайдалы қазбалары: мұнай мен газ, фосфорит, күкірт. Климаты - жерортатеңіздік және тропиктік. Қаңтардағы орташа темп-ра 7-11 0 С, шілде айында 34 0 С, тамыз айында 50 0 С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден 1000 мм-ге дейін. Басты өзендері - Тигр мен Евфрат. Жерінің көпшілігі шөгінді және шалғынды топырақты, батыс жағы сары топырақты келеді. Ел территориясының негізгі бөлігі дала, оңт. -батысы - шөл және шөлейт, тау беткейлері мен өзен жағалары бұталы, сирек орманды келеді. Газель, жабайы есек, қасқыр, қабылан, т. б. аңдар мен көкқұтан, бірқазан, қоқиқаз т. б. құстар мекендейді.

Тарихы: Қазіргі Ирак аумағы - ежелгі мәдениет ошақтарының бірі. Осы жерде б. з. б. 4-мыңжылдықта шумер-аккад мәдениеті пайда болып, қала-мемлекеттер өркендеді. Б. з. б. 2-мыңжылдық басында Оңт. Месопотамияда Ассирия мемлекеті құрылды. Б. з. б. 1-мыңжылдықтың ортасынан бастап бұл аумақ парсы патшаларына бағынышты болып, кейін ұзақ уақыт Иран, Парфия, Рим империялары арасында, артынан Иран мен Византия арасында таласқа түсті. 630 ж. Месопотамияны арабтар жаулап алды. Сөйтіп, ол 661 ж. Араб халифатының бір аймағына айналды. 762 ж. Бағдат қаласы салынды. Ирак жерін 11 ғасырда салжұқтар, 13 ғасырда Шыңғыс хан әулеті, 14 ғасырдың аяғында Әмір Темір басып алды. Әмір Темір мемлекеті ыдырағаннан кейін бұл аумақ түркі билеушілеріне, кезек-кезек бағынып, 16 ғасырдың басында парсылардың Сефеви әулетінің қол астына өтті. Көп ұзамай Иран мен Осман сұлтандығы арасында Ирак үшін күрес басталып, 17 ғасырда түріктер Меспотамияны толығымен бағындырды. 17 ғасырдың орта тұсынан бастап елге ағылшын саудагерлері келе бастады. 18 ғасырда Англияның ықпалы күшейіп, 1779 ж. Бағдад және Басра қалаларында Ост-Индия компаниясының агентіктері ашылды. 1860 жылдан бастап Ирак дүние-жүзілік саудаға тартысып, шетке арпа, бидай, құрма шығарып тұрды. 1869 ж. Суэц каналы ашылғаннан кейін елге кит ел капиталы ағылып, барған сайын еур. мемлекеттерге тәуелділігі күшейді. Енді Месопотамия үшін Ұлыбритания мен Германия арасында күрес басталды. 1918 ж. Иракты Ұлыбритания жаулап алды. Ағылшындар елде әскери әкімшілік орнатты да, жер-жерде көтерілістерді басып тастады, бірақ елге өзін-өзі басқару билігін беруге мәжбүр болып, 1920 ж. «ұлттық үкімет» құрды. 1930 ж. Ирак үкіметі Ұлыбританиямен шарт жасасты. Шарт бойынша ол формальді түрде тәуелсіздік алып, Ұлттар Лигасына мүше болды, бірақ оған ағылшын үкіметінің саяси, әскери, экономика бақылауы сақталып қалды. 2-дүниежүзілік соғыс басталысымен Ирак және Германия депломатиялық қатынастарды үзді, бірақ 1941 ж. оңшыл топтар Германияның қолдауымен мемлекеттік төңкеріс жасады. Дегенмен, төңкерісті көп ұзамай ағылшын әскерлері басып тастады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін халық толқулары қайтадан күшейді. Елде ағылшындардың ықпалы төмендеп, оның орнына АҚШ-тың ықпалы артты. 1954 ж. Ирак үкіметі әскери көмек жөнінде АҚШ-пен, 1955 ж. 24-ақпанда Түркиямен шарт жасасты. Сөйтіп, Бағдад пактысының негізі қаланды. Халық көтерілістері одан әрі күшейді. Нәтижесінде 1958 ж. 14 шілдеде монархия құлап, республика жарияланды, 1958 ж. 24 наурызда ел Бағдад пактысынан шығатынын жариялады және өз территорисындағы шет елдің әскери базаларын жойды, реформа жүргізіле бастады. Бірақ, халықтың тұрмысы жақсарған жоқ ел ішінде көтеріліске шыққан күрд әскерлеріне қарсы әскери қимылдар жасалынды. 1968 ж. 8 ақпанда елде мемлекеттік төңкеріс болып, үкімет басына Араб социалистік қайта өрлеу партиясы келді. Шет елдің мұнай компанияларының бұрыңғы кәсіпорындары халық меншігіне айналып, 1974 ж. 11-наурызда Иран Курдстанына автономия берілді. 1980 ж. қыркүйекте Ирак пен Иран арасында соғыс басталды. 1988 ж. 20 наурыздан бастап әскери қимылдар салбырсыды да, 1990 ж. 15 тамызда екі жақ келісімге келді, 17-22 тамыз арасындағы Ирак өз әскерлерін Иран территориясынан шығарып әкетті. 1998 ж. 2 рет екі ел арасындағы жағдай соғыс қаупіне алып келді. Осы жылы желтоқсан айында АҚШ және Ұлыбритания Иракты ракетамен бомбылады. Әскери қақтығыстар мен экономикалық құрсау елді аса қиын әлеуметтік экономикалық жағдайға алып келді. Халықтың тұрмыс жағдайы күрт өзгерді, азық-түлік, қаржы, дәрі-дәрмек жетіспеушілігі күшейді.

Экономикасы: Ирак - экономикалық әулеті үлкен ел. Елде аса ірі мұнай, табиғи газ, фосфат қорлары бар. Ирак - Иран соғысына дейін ел тек мұнай экспортынан ғана жыл сайын 21-26 млрд. АҚШ доллары көлемінде пайда туып отырды. Ол ақша елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, және индустрия мен ифнрақұрылындарды дамытуға жұмсады. Мұнай шығару, мұнай өңдеу, газ өндіру, цемент, электр энергетика, машина жасау, т. б. өндіріс салалары жақсы дамыған. Ауыл шаруашылығы ұлттық табыстың 20%-н құрайды. Астық бидай, арпа, күріш өнімдері, өсімдік майлары, көкөніс, құрма т. б. өсіру жақсы жолға қойылған. Мал шаруашылығы жақсы дамыған 15 млн-нан астам қой мен ешкі, 2, 5 млн мүйізді ірі қара бар. 2001-2002 ж. АҚШ үкіметі Ирак террорлық қастандықтарды қарайды, «зұлымдық ұясы елдеріне» жатады, сол себепті Ауғанстаннан соң оны соққының астына алып, ел басшысы С. Хусейннің көзін жою керек деген пікірді әлем халықтарына жариялап келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иран мен Ирактың соғысқа әскери дайындықтары
Иракқа жасалған Ағылшын-Америка жорығы және нәтижесі
Ирак Республикасы
ӘСКЕРИ ӘРЕКЕТТЕН КЕЙІНГІ ИРАК ЖАҒДАЙЫ
Ирак бюджет жүйесі
Екінші дүние жүзілік соғыста Ирактың ролі
Америка Ирак дағдарысы
Соғыстан кейінгі ирак жағдайы
Ирактағы ішкі саяси жағдай
Ирак Республикасы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz