Адамгершілікке баулу бағыттары



АДАМГЕРШІЛІККЕ БАУЛУ БАҒЫТТАРЫ
ІЗГІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ
ОТБАСЫЛЫҚ ДӘСТҮРІ
Ерлік туралы.
Жауынгерді тәрбиелеу
Салауатты да саналы ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болса, сол қоғам иелерін жан-жақты, ақыл-парасаты мол, ізетті, кішіпейіл, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу - мектептің, мұғалімнің, ата-ананың қоғам алдыңдағы борышы.
Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде бұрыннан бергі жиып терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.
Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып, үйреніп, өнеге түтпай, жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Себебі Л.Толстой айтқандай, өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара-пар.
Жас ұрпаққа адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбек, дене, эстетикалық, экономикалық, экологиялық, құқықтық, кәсіби және діни тәрбие беру бір-бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте жүзеге асырылуы тиіс. Тәрбие берудің бұл түрлерінің әрқайсысының өзіндік мазмұны, өзіндік бағдары, өзіне тән қызметі бар.
М.Калинин "Тәрбие дегеніміз - тәрбиеші қалаған жақсы қасиеттерді тәрбиеленушінің бойына егу үшін оның психологиясына мақсатты да жүйелі түрде ықпал жасау"деп көрсеткен болатын.
Болашақ тәрбиесі бүгінгі күнде ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазынадан нәр алумен ұштастырылып жүргізілуін талап етеді. Біздің қоғамның тәлім-тәрбиесі көп жылдар бойы бір жақтылықпен жүргізіліп келді, жалпы адамзаттық құнды игіліктерден оқшауланып, ұлттық сана-сезімнің дамуына, рухани, медени байлықты, ұлттық тәрбиенің бай мұрасын игеруге көңіл бөлінбеді. Мұның өзі жас ұрпақтың басым көпшілігінің өз халқының тарихын, тілін, әдет-ғүрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрлерін жете білмеуіне әкеп соқты. Сондықтан ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен өнегесін, бабалардың ақ батасын, адал тілегін бүгінгі әрбір ел баласына үйрету, санасын ояту сынып жетекшілерінің, тәрбиеші мұғалімдердің, ата-аналардың ең үлкен парызы болмақ.
Балалық шақта айнала қоршаған дүниені ақылмен, жүрекпен тану -адамгершіліктің ең басты негізі болып есептелініп, баланың бойында елжандылық, Отансүйгіштік, Отан жауларына деген өшпенділік сияқты қасиеттердің қалыптасуының ұзақ үрдісі басталады. Бұл үрдістер мұғалімдер, ата-аналар тарапынан мақсаттылық пен педагогикалық-психологиялық тұрғыдан басқаруды қажет етеді.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
АДАМГЕРШІЛІККЕ БАУЛУ БАҒЫТТАРЫ

Салауатты да саналы ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болса,
сол қоғам иелерін жан-жақты, ақыл-парасаты мол, ізетті, кішіпейіл,
мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу - мектептің, мұғалімнің, ата-ананың қоғам
алдыңдағы борышы.
Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде бұрыннан
бергі жиып терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, елін-
жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті
тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.
Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері
мен тағылымдарын оқып, үйреніп, өнеге түтпай, жастарды ізгілік пен
парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Себебі Л.Толстой айтқандай, өткенді жақсы
білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп
адасумен пара-пар.
Жас ұрпаққа адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбек, дене,
эстетикалық, экономикалық, экологиялық, құқықтық, кәсіби және діни тәрбие
беру бір-бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте жүзеге асырылуы
тиіс. Тәрбие берудің бұл түрлерінің әрқайсысының өзіндік мазмұны, өзіндік
бағдары, өзіне тән қызметі бар.
М.Калинин "Тәрбие дегеніміз - тәрбиеші қалаған жақсы қасиеттерді
тәрбиеленушінің бойына егу үшін оның психологиясына мақсатты да жүйелі
түрде ықпал жасау"деп көрсеткен болатын.
Болашақ тәрбиесі бүгінгі күнде ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани
бай қазынадан нәр алумен ұштастырылып жүргізілуін талап етеді. Біздің
қоғамның тәлім-тәрбиесі көп жылдар бойы бір жақтылықпен жүргізіліп келді,
жалпы адамзаттық құнды игіліктерден оқшауланып, ұлттық сана-сезімнің
дамуына, рухани, медени байлықты, ұлттық тәрбиенің бай мұрасын игеруге
көңіл бөлінбеді. Мұның өзі жас ұрпақтың басым көпшілігінің өз халқының
тарихын, тілін, әдет-ғүрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрлерін жете
білмеуіне әкеп соқты. Сондықтан ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан
халқымыздың қасиеті мен өнегесін, бабалардың ақ батасын, адал тілегін
бүгінгі әрбір ел баласына үйрету, санасын ояту сынып жетекшілерінің,
тәрбиеші мұғалімдердің, ата-аналардың ең үлкен парызы болмақ.
Балалық шақта айнала қоршаған дүниені ақылмен, жүрекпен тану
-адамгершіліктің ең басты негізі болып есептелініп, баланың бойында
елжандылық, Отансүйгіштік, Отан жауларына деген өшпенділік сияқты
қасиеттердің қалыптасуының ұзақ үрдісі басталады. Бұл үрдістер мұғалімдер,
ата-аналар тарапынан мақсаттылық пен педагогикалық-психологиялық тұрғыдан
басқаруды қажет етеді. Мұңда әлемдік педагогика, психология ғылымында
айқындалған бала тәрбиесінде жинақталған ғылыми қағида бойынша әрбір
тәрбиеші, мұғалім баланың рухани дүниесіне кіре білуі және баланың рухани
дүниесі деңгейіне көтеріле білу қажеттілігін түсінуді, баламен жұмыс
істеуді басшылыққа алуы керек. Мұны білмейінше, бұған мән бермеген жағдайда
нағыз тәрбиеші бола алмайтынын өмір көрсетіп келеді.
Баланың рухани дүниесіне көтерілу дегеніміз - баланың дүниеге келген
күнінен бастап, оның дүниетанымын ақыл-оймен, жүрекпен тану, ең нәзік, ең
шынайы үғыну, қабылдау, сезіну деп түсіну қажет. Мәселен, балада алғашқы
күннен-ақ адамға деген шынайы сүйіспеншілік сезімі болатынын М.Жұмабаев өз
еңбегінде былай суреттеп берген: "Ананы сүю сезімі оянады. Ананы сүю деген,
анаға жауыздық тілемей, ізгілік тілеу деген сөз. Бірақ ес білген соң
туысқандық сезімі, яғни араласып айналасында жүрген адамдарды сүю сезіміне
алып барады. Бұл сөздерден, ізгілік деген сөздің һәм мағынасы мынау екен:
әр адамның өзін сүюі, яғни жауыздықтан безіп, ізгілікке ұмтылуы,
туысқандарын сүюі яғни оларға жауыздық тілемей, ізгілік тілеуі, өз елін
сүйіп, пайда келтіріп, зиян келтірмеуі һәм басқаларға да зиян
келтірткізбеу, ең негізінде — бүткіл адамзаттан дос һәм бауыр көру екен".
Әрине, кімде-кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, әсіресе бүткіл адам
баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп атаймыз.
Мектеп жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне едәуір ықпал етіп, ол
белгілі жүйеде жүзеге асырылады. Мектепті бітіргеннен кейін адам мінездің
жаңа сапаларын игермейді, қайта бұрынғыларын шындай түседі немесе түзетеді.
Сол себепті балалардың мектептегі адамгершілік тәрбиесі өте шеңберлі болуы,
адамгершіліктің барлық салаларын қамтуы тиіс. Мектептегі адамгершілік
тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа
да бағытталуы тиіс.
Адамгершілік тәрбиенің тәрбиеленушінің дамуына қандай игі әсер
ететіндігін, тәрбие әсерімен оқушы қалай өзгеретіндігін, тәрбиенің әсерімен
адамгершілік кемелдің жаңа сатысына қалай көтерілетіндігін педагог жақсы
білуі тиіс. Ол үшін адамгершілік тәрбиесінің бүтін үрдісін жеке буындарға
бөліп, әрқайсысын жекелей қарастыру керек. Бұл үрдістің аса маңызды буыны -
адамгершілік сананы қалыптастыру.
Адамның адамгершілік саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін
анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.
Сана-сезімнің қалыптасуы бала мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы,
жақын адамдардың өзара қатынасы туралы алғашқы ұғым-түсініктерінің
қалыптасуынан басталады. Осындай алғашқы үғым-түсініктер негізінде өскелең
адамның тұрақты көзқарасы мен сенімдері қалыптасады, бұл жағдай оның мінез-
құлқына әсер етеді, бағыт береді. Сондықтан тұрақты көзқарасты қалыптастыру
үшін балаларда күшті сезім туғызарлық мінез-құлқы мен ісінде көрнекілік
терең идеялы сенім керек. Ондай сенімділік ойлағанда ғана емес, адам
басынан кешкен жағдайда, өзінің іс-тәжірибесінде дәлелденген жағдайда тууы
мүмкін. Сондықтан тәрбие жұмысында тек қана белгілі бір мінез-құлық
нормалары жайлы түсіндіріп қана қоймай, балалар өз көзқарастарын тексеріп
көре алатындай, өмірде олардың дұрыстығына көз жеткізетіндей жағдай жасау
керек.
Баланың сезіміне әсер ету шексіз жұмыс және тәрбие жұмысының күрделі
саласы болып табылады. Сондықтан көптеген мұғалімдер баланың санасына әсер
етуді жөн көреді, ал тәрбие жұмысында оның сезіміне қалай әсер ету
керектігін кейде біле бермейді.
Оқушының сезіміне әсер етудің тәсілдерін анықтағанда, сезімді
тәрбиелеу негізінен баланың бұрынғы өз сезімдерін өзгерту және одан әрі
жетілдіру жолымен асырылатындығын ескерген жөн. Мысалы, мектеп қабырғасында
туған табиғат туралы қаншама айтқанмен, оның сұлулығы мен ұлылығы балаларға
әсер етпеуі мүмкін. Ал енді табиғатқа саяхат жасаса, суретке түсіру, әңгіме
құрастыру жайлы тапсырма берілсе, бұл балалардың табиғатқа ең нәзік
сүйіспеншілік сезімін туғызар еді. Бұл жағдайда мүғалім ізгі сезімдерді
туғызып қана қоймай, оның бекінуіне де жағдай жасайды.
Баладағы жаңа сезімдер қатты әсерленудің ықпалымен жетілуі, өзгеруі
мүмкін. Әсерлену, әсіресе өзгелердің істегенін қабылдау және санадан өткізу
үрдісінде пайда болады. Мәселен, тарихымыздағы ұлы бабаларымыздың,
батырларымыздың, хандар мен билеріміздің халқы үшін көрсеткен теңдесі жоқ
ерліктері туралы әсерлеп, көркемдсп әңгімелеу бала сезіміне өте қатты әсер
етіп, оның адамгершілік, елжандылық, Отан сүйгіштік сияқты ізгі сезімдерін
оятады. Мұғалім ұжым өмірін жарқын да сезімге бай етіп ұйымдастыра алса.
мұның өзі Отан сүю, ұжым алдындағы борышын өтеу сияқты жоғары адамгершілік
сезімдерін қалыптастыруға негіз болмақ.
Адамгершілік сана адамгершілік сезімді тудырады. Адамгершілік тәрбиесі
күрделі де қайшлыққа толы үрдіс. Адамгершілікке тәрбиелеу үрдісінде
оқушылардың мұраттары мен моралдік тәрбиелілік дәрежесі арасындағы
қайшылықты есепкс алудың мәні зор. Мектеп оқушыларының адамгершілік
мұраттарының қалыптасуында мұғалім маңызды рол атқарады, өзінің барлық жұмы
сында ол оқушыларды адамдар мінезінс талдау жасап білуді, шынайы
адамгершілікті өтірік, жасанды адамгершіліктен ажыратуды үйретеді. Балалар
өмірін ұиымдастыруды, өзінің жекс басының тәртібін. оқушылармен өзінің
арақатынасын егжей-тегжейлі ойластырған мұғалім ғана оқушылардың саналы
тәртібін тәрбиелеуде табысқа жете алады. Әр оқушының ішкі-сыртқы сырын
әрбір деталіне дейін екшеп біліп, соған сәйкес тәрбие жұмысын ұйымдастыра
білсе. мұғалім әрбір оқушының ерекшелігі мен мүмкіншілігіне сәйкес алдына
нақты тапсырма қоя білсе, онда оқушының бойында адамгершілік қасиеттердің
қалыптасуы тез және табысты жүреді. Оқушыларды адамгершілікке, еңбек
сүйгіштікке тәрбиелеуде сынып жетекшісі сенім білдіруі, түрліше мадақтау,
жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар беру, әдістерін қолданғаны жөн.
Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше – деп жазды
В.А.Сухомлинский, - бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те
бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді.
Адамгершілік тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың
аса маңызды бір саласы болып табылады, ол оның аға-анаға, айналадағыларға,
ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын
қалыптастырулы көздейді. Адамгершілік тәрбиенің негізгі міндеті қоғамның
әлеуметтік қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-
қасиет сияқты биік адамшылық ішкі стимулдарына айналдыру болып табылады.
Тәрбие үрдісі балаларға мінез бен қарым-қатынастардың адамгершілік
жағын ұғындыруды қамтамасыз етуі тиіс. Балалардың өз әрекеттері мен
өзгелерді түсінуі адамгершілікті бағалауына және өзін-өзі бағалауға
үйренуге мүмкіндік береді.
Тәрбие жүйесінің тиімділігін аса маңызды көрсеткіші баланың
адамгершілік жағынан жетілуі, оның рухани адамгершілік қасиеттерінің елеулі
өзгеру болып табылады. Жетілгендік балалардың дағдылы және күрделі
жағдайлардағы адамгершілік мінез-құлқының тұрақтылығынан, мінез-құлқының
ересектер бақылауынан біршама тәуелсіздігінен, өз әрекеттерінің
адамгершілік тұрғыдан қалай болатынын алдын ала болжап білуден, іштей
бақылауы ожданның пайда болуынан, әрекеттерінің моралдік жағын, өзінің
адамгерішлік қасиет иесі екенін түсіне білушіліктен көрінеді.
Адамгершіліктің дамуы – тәрбие жұмысының жемісі. Бұл жүйенің өлшемі —
тәрбис жұмысының пәрменділігі.

ІЗГІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ
ОТБАСЫЛЫҚ ДӘСТҮРІ
Отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін сөз еткенде, Бауыржан
Момышұлының "Ұшқан ұя" повесін мысалға алуға болады. Ал ерлік - барлық
жанға қажетті категория. Олай дейтініміз, Б.Момышұлы "Ерлік - өзінің ең
жаман мінез-құлқын жеңе білу" деп тұжырым жасаған. Міне, бұндай асыл
қасиеттерді қазақ елі өз отбасында тәрбиелеп, баланы 13-нде отау иесі
болған тұсынан өз еркімен дамыта аларлық дәрежеге жеткізген. Бала
Бауыржанның психологиясын, отбасындағы тәрбие алу рәсімдерін осы кітапты
талдау барысында көреміз.
92-ге келген атасының баласын әлдилей-аялай отырып, автор елге сыйлы,
қадірлі болған атасының іс-әрекеттерін баяндай келіп, әжесі мен әкесінің де
көпшілік қауымның алдында беделді жан болғандығын дәйектейді. Бұл -
мақтанға жатпайтын құбылыс. Егер "Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын"
деген мақалға жүгінсек, Б.Момышұлы текті жердің азаматы екенін шегініс
жасау арқылы сипаттап, кейінгі жұртқа үлгі-өнеге ретінде асыл қазына
қалдырды деп үғамыз.
"Тексізден тезек артық" деп ойын тұжырымдаған Б.Момышұлы валюнтаристік
режимнен қорықпай, этнопедагогиканың қоғам түзілісіне ықпалының бар
екендігін қасқайып тұрып айтып та, жазып та өмірден өткен. Нәресте өмірге
келмей тұрып, әжесі Қызтумас текті ру Байтанадан көрікті де ақылды Рәзияны
таңдауы бүгінгі ата-анаға да үлгі боларлық іс-әрекет. Адамды тани білу,
оның тәні мен жанының, рухани пайымының замана талабына сай болуының өзі -
болашақ ұрпақтық өмірге қандай сапада келуіне қозғаушы күш кітапта нәресте
Бауыржанның дүниеге келуінен бастап, оның болашағы ізгілікті ұстанымды,
түзу жолда болуына бағдар берерлік баталардың мәтіні келтірілген. "Ақментай
бабасындай батыр болсын!", "Ақмолда Батырбасындай мәрт болсын!", "Бәйдібек
батырдың аруағы қолдасып!", "Домалақ анамыз жар болсын!", т.б.
Батырлыққа, мәрттікке ыңғайлау берілген баталардың өзінде қандай
ғибрат жатыр десеңізші. Мәселен, атасы Имаштың Бауыржан дүниеге келгенде
берген батасына зер салалық: "Алатаудың қыраны мол еді, Қырағы болсын
құлыным. Қойнауы суға мол еді, Бұлағы болсын, құлыным".
Мұндағы "қыран" мен "қырағы" бір мәнде қолданылып тұрса, "су" мен
"бұлағы" метафора, анықтап айтсақ, су - тазалықтың белгісі, ал бұлақ-
жаңарудың символы. Осындай поэтикалы өрнекпен бата беру сол дәуірдің өзінде
қазақтың биоақпарат ілімін меңгергендіктің нышанын аңғартады. Келіні Рәзия
бала Бауыржанды Имаш атасы ағаш отырғызып жүрген жеріне апарып, немересінің
атасына қолғабыс тигізер ниетін айтқанда, атасының бір шыбықты ұстатып
тұрып берген батасы мынадай: "Құрық деп берсем - құл болма, Шыбық деп
берсем - шіл болма. Бәрінен де шырағым. Баяны жоқ ұл болма".
Халық Батыры Бауыржан Момышұлы ешкімге құл болған емес. Ал "шіл" деген
үғым - әлсіздіктің символы. "Баяны жоқ" деген сөз - сатқындықтың нышаны.
Біздің қазақ халқының бата беруі, тілек тілеуі - физиканың заңдылығындағы
өрістерді қозғалысқа тек жағымды жағынан келтіру. Мұнымен бірге сол жағымды
бағдарлама арқылы жас нәрестенің соқыр сезімдерін сөндіріп, саңылау
сезімдерін арттыру екені бүгінгі зерттеулер арқылы белгілі.
Баланы батылдыққа тәрбиелеуде кейбір ұлттық киімдер де үлкен рөл
атқарады. Мәселен: тымақтың ішіне Бауыржанды салып, жоғары іліп қоюы. Бүл
тәрбиенің жалғасы іспетті салт атқа ердің үстіне отырғызып жүргізеді. Осы
іс-әрекет арқылы бала жүрегінен қорқынышты сезімді болдырмаудың амалын
байқаймыз. Бауыржан Момышұлы өз жасын мақтанышпен айтып, оны жыл сайын
тойлау әрекетіне қарсы болуы еді. Кеңестік дәуірде белең алған бұл іс-
әрекет көптеген отбасын тек заттық емес, моралдік қырынан да жұтатып
жіберді. Біріншіден, туған күн тойлау арқылы жұмыс уақыты дұрыс пайдаға
жарамайды. Екіншіден, қарадай шашылады. Үшіншіден, нәпсіқұмарлық іске
ыңғайлану аңғарылады (ішімдік, өсек айту, бос сөздік және т.б.).
Халық педагогикасының ең ұтымды тұсы салттық ертегі - аңыз айту.
Мәселен, өз бойына әбден сенген түйенің жыл басынан құр қалуы ерекше
опындырады. Бұндай құбылыстың адам өміріне де қатысы бар екеніне бала
жүрегін тәрбиелеу әрекетінде көз жеткізеді. Түйені алдына алып, өзінің
соққан айласымен жылдың басы болған тышқанның сақтығы мол болуын балаларға
аңғарту - басты мәселе.
Әрбір сана көзін түртіп оятар құбылысқа қазақ жұрты мақал-мәтел
шығарып отырған. Мысалы, осы құбылысқа қатысты мынадай мақал-мәтелдер бар.
"Түйедей бойы болса да, тышқандай ақылы жоқ", "Түйе бойына сект, жылдан құр
қалыпты". Әжесінің Бауыржан балаға осындай аңызды әңгімелеуі арқылы еш
уақытта өз күші мен білім парасатының алдын ала салмақтамай: "құр бос
сенімге алданба" деген уағызын астарлап жеткізуі тәрбие-тәлімнің ең жоғары
деңгейі. Қорытындысында Қызтумас әжесі немересіне "бойыңа сенбе, ойыңа
сен", мақтанға ерме, тірлігіңе ер" деп, тірліктің қызығы тек еңбек дегенді
аңғартады. Бұл еңбекте адамгершілік пен жауыздық іс-әрекеттер жайлы
ертегілер тартымды суреттеледі.
Бала Бауыржанның бойындағы қатыгездіктің болмауына тағы бір аңыздың
әсері мол екенін аталған повестей байқаймыз. Сүлеймен патша түсында
жаугершілік кезінде жылан көмек көрсетіп, Сүлеймен патшаның жеңіске жетуіне
септігін тигізеді. Риза болған патша жыланға ең қаны тәтті нәрсені табуға
бүкіл ұшатын жәндіктер мен құстарды елшілікке жібереді. Сонда маса адамның
қолының тәтті екенін біліп, хабарлауға келе жатқанда қарлығаш жолда ұстап
алып, "тіліңді көрсет" дейді. Көрсеткен сәтте масаның тілін суырып алып,
бүгінгі күнге дейін маса тілсіз ызыңдайтын әрекетке түсіпті. Оған
ызақорланған жылан қарлығаштың құйрығын тістеп алады. Осы арқылы
қарлығаштың құйрығы айыр болған екен деген нақылды көрсетеді.
Бала кезінен жеті атасын білу мәселесі де отбасының тәрбие-тәлім
берудегі басты ұстанымы. Жеті атаны білу жіктеліп, бөлектену мақсатында
емес, өзі-өзін дұрыс тану мәнісінде беріледі. Аталған повесте бұл мәселеге
айрықша көңіл бөлінген. Жанның рухани деңгейдің тән азығына байланыстылығын
халықтан түсінген Бауыржан сәбилік кезеңнің өзінде жеті атасының қандай
адамдар болғанын көңіліне тоқып өскен. Сол секілді Бауыржанды бала кезінен
мал жандылық сезімге бой ұрғызып, тәрбиелейді.
Міне, отбасылық дәстүрдің ізгілікке тәрбиелеудегі рөлін осыдан-ақ
байқауға болады.
Біздің Республикамыз - қазақ және орыс тілдерінде сөйлейтін, бір
арнаға құйылған екі күшті мәдениетті көрсететін ғажайып республика. Таза
және толық сулы өзен бір арнаға құйыла отырып, басқа да ұлттардың
мәдениетімен бірге Қазақстан халқынын біріккен негізін кұрайды. Онда әрбір
ұлт, әрбір халық санына қарамастан өздеріне тиісті, лайықты өз орындарын
алады. Барлық ұлттық мәдениеттер өзара, толықтану және өзара баюы арқылы
өмір сүрулеріне негіз болады. Ал бір-біріне мейірбандықтары, сыйластық-
құрметтері адамдар өміріндегі ең маңызды, басты көзқарасы болып табылады.
Бірақ халықтың өз жеріне қатысын, бір-біріне деген құрметін айта отырып, -
бір әрқашан мынаны есте ұстауға міндеттіміз "Кең байтақ жеріміздің және
барлық адамзат баласының үлкен бір белігін біздің халық құрайды және
сондықтан Отан деген тек қана оның үйі ғана емес, отбасы, халқы ғана емес,
ол - барлық адамдарымен, ғажайып тамаша табиғатымен берілген ғаламшар".
"Патриот" деген грек сөзінің негізінде француз революциясының мынадай
түсінігі жатыр: "Өз отаныңа деген сүйіспеншілік үздік ұлттық әдет-
ғұрыптарға деген сүйіспеншілікпен астарласады. Онда қоғам өміріндегі,
қатардағы азаматтардың бір-біріне деген қарым-қатынасының саяси бейнесі
бар. Әрбір адамнын өз түсінігі жалпы түсінігі бар, біреуінікі отбасы
деңгейінде, жұмысы, туған жері көлемінде болса, ал екіншісінікі одан
көбірек, кең түсінік - ел, мемлекет, қоғам, тұтастай қоршаған орта
деңгейінде көрінеді. Патриоттық ұлттық және саяси мәдениеттің бір бөлшегі
болып табылады. Ол барлық Еуразиялық кеңістікте мемлекет құрылымының саяси,
тарихи нығаюы болып қаралады.
Бүгін президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, 90 пайыз
Қазақстандықтар ұлтына қарамастан өздерінің Отаны Қазақстан деп есептейді.
Бұл өте қуанарлық жай, өйткені жаңа қазақстандық патриотизм азаматтын,
қоғамнын мемлекеттің ортақ күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан өз Әнұраны,
Рәмізі, Туы бар ортақ жеріміз бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда
түпкілікті қалыптасуы керек және оны сүюге, қорғауға біз міндеттіміз.
Бүгінгі таңда патриот болу деген - ғажайып табиғаты бар ұлттық мәдени
ерекшеліктері бар бүкіл ғаламшарды сезіну, бүкіл адамзаттың өзіне бір
бөлшегі деп сезіну деген сөз. "Патриот" деген сөзді кеңірек түсінетін
болсақ бұл - өз еліңнің жер бетіндегі адам баласының әр қайсысына бала
кезден таныс құрмет, сыйластық сүйіспеншілік сезім арқылы Отан деген жаныңа
жақын сөзді сезінуді біз әлі балалық санамен алғаш рет естігенде бұл сөздің
мағына, мәнісін түсінбегенбіз. - Әр түрлі адамдардың көпшілігі Отан туралы
түсінікті әр түрлі түсінуі қалыптасқан. Біреуінікі туған жеріне,
екіншісінікі тұрған жеріне, үшіншісінікі ғаламшарға т.б. келіп саяды. Бірақ
соған қарамастан дүние жаратылыс қаншама алуан-алуан болса, адамдардың
Отанға деген сүйіспеншілігі де, қатысы да әр түрлі. Біреулері өз Отанын
қамқорлықпен, өз анасын сүйгендей сүйіспеншілікпен сүйсе, басқа біреулері
одан әрі нәрсе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы
Түрлі психологиялық сезім әрекетіне сүңгиді
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны
Ғылыми дүниетаным тәрбиесі
Оқыту барысында оқушыларының адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің теориясын негіздеп, әдістемесін ұсыну
Дүниетану сабақтарында танымдық қызығушылықты дамыту
Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеу
Халық педагогикасындағы тәрбие бағыттары, олардың мақсаты мен міндеттері
Пәндер