Әбу Насыр Әл-фараби туралы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ

  1. Тарихымыздағы ұлы ойшылдардың бірі - Мұхамед Әбу Насыр әл-Фараби.
  2. Ол - барша адамзаттың мақтанышы.
  3. Әбу Насыр әл-Фараби Аристотельден кейін дүниежүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, ойшыл, энциклопедист - ғалым.
  4. Көне заманда Сырдарияның Оңтүстік жағалауында, бүгінгі Оңтүстік Қазақстан облысының жерінде түркілердің Отырар деген қаласы болған.
  5. Арабтар оны Фараб деп атаған.
  6. Міне, осы қалада 870 жылы Әбу Насыр дүниеге келді.
  7. Әбу Насыр әл-Фараби Отырарда қыпшақ тілінде сауатын ашты.
  8. Көптеген тарихи жазбаларда Отырар қаласында кезінде үлкен кітапхана болғандығы айтылады.
  9. Әбу Насыр білімін жалғастыру үшін бозбала шағында туған жерімен қош айтысып, Бағдатқа қарай сапар шекті.
  10. Сөйтіп, ол Бағдатта, Шамда болып, білім алды.
  11. Бұл уақыт тарихта «Алтын ғасыр» атанған еді.
  12. Әл-Фараби бірнеше тілді білді.
  13. Платонның, Аристотельдің еңбектерін араб тіліне аударды.
  14. Әбу Насыр жүзден астам еңбектер жазды.
  15. Әбу Насыр өз еңбектерінің басым көпшілігін араб тілінде жазды.
  16. Әл-Фараби ежелгі грек оқымыстыларының, оның ішінде Аристотельдің, Евклидтің, Птолемейдің көптеген еңбектеріне түсініктеме жазған.
  17. Сонымен бірге әл-Фараби көптеген ғылым, өнер салаларында өзінің еңбектерін қалдырған.
  18. Әл- Фараби сол кездегі Шығыстың ұлы қоғамдық-саяси ойшылы болған.
  19. Оның «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері» деген шығармалары әлеуметтану тарихының үздік үлгілері.
  20. 950 жылы 80 жасында Дамаскіде дүние салған.
  21. Өмірінің көп жылын Таяу Шығыста өткізді.
  22. Әр түрлі қалаларда болды.
  23. Соңғы жылдарын Дамаскіде өткізді.
  24. Әл-Фарабидің еңбектерін дүниежүзінің ең ірі кітапханаларынан табуға болады.
  25. Оның еңбектері Мәскеудің, Петербургтің, Ташкенттің, Бакудің, Қазанның, Дамаскінің, Стамбулдың, Берлиннің, Лондонның, Париждің, Нью-Йорктің мемлекеттік қорларында сақталған.
  26. 60 жылдардан бастап Қазақстанда да әл-Фараби мұрасын жинау, бастыру, зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.
  27. Ә. Марғұлан, А. Машанов, О. Жәутіков, О. Қасымжанов, А. Көбесов, Қ. Жарықбаев тағы басқалардың бастамасымен 1968 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының жанынан Фарабитану тобы құрылды.
  28. Қазақ мемлекеттік ұлттық университетіне әл-Фараби есімі беріліп, онда ұлы ғалымның дүние жүзінде тұнғыш рет мұражайы ұйымдастырылды.
  29. ҚазМУ аллеясына әл-Фарабиге ескерткіш орнатылды.

***

1. Шам шаһарының әмірі өз хұзырына ғалым, шайырларды жинапты.

2. Ол әл-Фарабиді сынамақ болып: «Өзіңе лайықты орын тауып тауып отыр», - депті.

3. Сөйтсе әл-Фараби тура әмір тағына барып отырады.

4. Сонда әлгі әмір қасындағы уәзіріне беймәлім тілде:

- Мына түрік әдеп сақтамады ғой, - депті.

5. Әл-Фараби оны дереу түсіне қойыпты да

- Тақсыр, мен жетпіс тіл білемін, -депті.

6. Ыңғайсызданып қалған әмір «Кешіріңіз, сіз екінші ұстаз екенсіз ғой, байқамай

қалдық », - деп оған жол береді.

***

  1. Бірде Фараби Әмір сарайына барыпты.
  2. Сонда әкімдер, ғалымдар, өнерпаздар көп жиналған екен.
  3. Қыпшақтарша киінген Фараби елеусіз ғана бір шеттен орын алады.
  4. Ол өзі жасап алған домбырасымен бір күй тартса, жұрттың бәрі күліп, біресе мәз-мейрам болады, біресе қамығып, жылай бастайды, біресе маужырап ұйықтап қалыпты.
  5. «Бұл күйлерді тартқан қыпшақ әл-Фараби» деп Фараби хат жазыпты да, өзі сарайдан шығып кетіпті. Әмір оны қанша іздесе де таба алмады.

***

1. Шам шаһарында тұрғанда Әбу Насыр әл-Фараби бір жақтан шахтың бау-бақшасын

күтіп баптаса, екіншіден қолы бос кезінде өлең жазумен шұғылдандыпты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбу-Насыр әл-Фарабидің рухани мұрасы
Әл-Фарабидің рухани мұрасы
Әбу Насыр Әл-Фараби Әлемнің 2-ұстазы атанған ғұлама
Медицинаға қосқан үлесі
Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері
Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз
Әл-Фараби – түркі және ислам өркениетінің ойшылы
Әл-Фараби шығармаларындағы әдеби-теориялық мәселелер
Әбу насыр Әл-фараби шығыстандық, педагогы, психологы, философы
Әл-Фарабидің Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары атты еңбегінің маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz