Ірі қара өсіру


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1) Сауын сиырды азықтандыру

2) Сауын сиырдың заттарға мұқтаждығы

III Қорытынды

Кіріспе

Ірі қара өсіру еліміздің мал шаруашылығында басты салаға айналып отыр. Халық шаруашылығы өндіретін сүттің 90% және еттің басым бөлігін (40-45%) ірі қарадан алады. Етпен сүт адам рационында маңызы зор тағамдар болып табылады. Елімізде халық санының көбейіп, әлеуметтік жағдайының жақсаруы халықтың ет пен сүтке қажеттілігін арттырып отыр. Бұл жағдайдан алғанда ірі қараны ғылыми тұрғыдан баланстап азықтандырудың маңызы зор.

Біздің елімізде ірі қараның етті, сүтті және етті-сүтті тұқымын өсіреді. Басқа малдың түріне қарағанда ірі қара мал өсімдік тектес, құрамында жасұнығы көп азықтарды тиімді пайдаланып, адамға қажет өнім береді.

Сауын сиырды азықтандыру.

Қазір сиырдың әрбір 100 кг салмағына 1000 кг-ға дейін сүт өндіруге болады, ал жүлдегер сиыр өрбір 100 кг салмағына 3000 кг дейін сүт береді. Жылына 3000 кг сүт беретін сиыр сүт арқылы 100 кг ақуыз, 130 кг май, 4 кг кальций, 3-4 кг фосфор, 15 кг лизин бөлсе, 5000 кг сүт беретін сиыр 635 кг құрғақ зат, оның ішінде 160 кг аңуыз, 200 кг май, 270 кг қант, 35 кг минералды заттар бөледі. Жоғары өнімді сауын сиырының энергияға қажеттілігі, әсіресе бұзаулағаннан кейінгі бастапқы айларда өте жоғары болады, бүл уақытта рационның қоректік заттары сүт өндіруге кететін энергияны қамтамасыз ете алмайды да, мал өз ағзасындағы қорға жиналған қоректік заттарды пайдалана бастайды, сондықтан алғашқы 100 күн сауын уақытында мұндай мал тәулігіне 1, 0 кг дейін салмаң жоғалтуы ықтимал.

Орта есеппен сауын сиыр 100 кг тірі салмаңңа 2, 8 - 3, 2 кг, ал жоғары өнімді мал 3, 5 - 3, 8 кг, кейбір өте жоғары өнімді сиыр 4, 0 - 4, 7 кг құрғақ зат қабылдай алады. Сиыр неғүрлым сүтті болса, рациондағы құрғақ заттың энергия мөлшері соғүрлым жоғары болуы тиіс, жалпы 1 кг құрғақ заттағы энергия мөлшері 0, 65 азық өлшемінен немесе 8 МДж кем болмауы керек.

Көп жағдайда сиырдың өнім деңгейі рациондағы протеин мөлшеріне байланысты. Тәулігіне 10 кг сүт беретін сиырдың рационында 1 азық өлшемінде 95 г қорытылатын протеин болу қажет, ал өнімі одан жоғары болса, 1 азық өлшеміне 105-110 г қорытылатын протеин болғаны жөн.

Сүтті сиыр рационында жасұнықтың құрғақ заттан пайыздық мөлшері тәуліктік өніміне тікелей байланысты болуы қажет, егер тәуліктік өнім 10 кг болса, жасұнық құрғақ заттың 28 % -ын, ал тәуліктік өнімі 20-30 кг болса, 16-18 % -ын құрауы қажет.

Сауын сиырдың рационында қанттың протеинге қатынасы 0, 8-1, 1:1 шамасында. Шикі майдың сауын сиырдың рационындағы мөлшері тәуліктік өніміндегі жалпы майдың 60-65 % -ын құрауы қажет.

Сауын сиырының қысқы рационының негізі ірі азықтардан тұрғаны жақсы. Сиыр рационындағы жақсы сапалы пішен протеин, қант, витамин және минералдық заттардың қайнар көзі болып табылады. Пішеннің желінуі оның сапасы мен рацион құрамындағы басқа ірі азықтардың болуына байланысты. Негізгі азықтардың сапасының төмен болуы сауын малының рационын құнарландырылған азықпен баланстауды талап етеді. Сауын сиырдың рационына қыс айларында сүрлем, пішендеме, тамыр-түйнек жемістер, ірі азың, дәнді азық қосады. Пішен аз жылдары рационға сабан қосуға болады. Қант қызылшасын сиырға әрбір сауылған литр сүтке 0, 6-0, 8 кг есебінен қосады, бірақ қант қызылшасының тәуліктік мөлшері 15-18 кг-нан аспағаны жақсы, ал бір азықтандырғанда 5 кг-нан аспағаны жөн. Азықтық қызылшаны қант қызылшасынан 2-2, 5 есе көп беруге болады. Әрбір 100 кг тірі салмаққа сауын малдары 3-4 кг сүрлем алғаны жақсы. Рациондағы ылғалды азықтардың мөлшеріне байланысты ірі азық деңгейі әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен 100 кг тірі салмаққа ірі азық мөлшері 1 кг аз болмағаны жөн. Дәнді азықтарды 1 кг сүтке 250-350 г шамасында береді.

Сауын сиырдың заттарға мұқтаждығы (I азық өлшеміне шаққанда)

Көрсеткіш

Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:

6-10 11-20 21-30

Көрсеткіш: Шикі протеин, г
Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:6-10 11-20 21-30: 145
155
160
Көрсеткіш: Қорытылатын протеин, г
Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:6-10 11-20 21-30: 95
100
105
Көрсеткіш: Қант, г
Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:6-10 11-20 21-30: 75
90
105
Көрсеткіш: Крахмал, г
Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:6-10 11-20 21-30: 110
135
160
Көрсеткіш: Шикі май, г
Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:6-10 11-20 21-30: 28
32
36
Көрсеткіш: Ас тұзы, г
Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:6-10 11-20 21-30: 6, 5
7, 0
7, 4
Көрсеткіш: Кальций, г
Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:6-10 11-20 21-30: 6, 5
7, 0
7, 4
Көрсеткіш: Фосфор, г
Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:6-10 11-20 21-30: 4, 5
5, 0
5, 3
Көрсеткіш: Магний, г
Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:6-10 11-20 21-30: 2, 4
2, 0
1, 5
Көрсеткіш: Калий, г
Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:6-10 11-20 21-30: 8, 1
7, 0
6, 7
Көрсеткіш: Күкірт, г
Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:6-10 11-20 21-30: 2, 8
2, 0
2, 1
Көрсеткіш: Темір, мг
Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:6-10 11-20 21-30: 80
80
80
Көрсеткіш: Мыс, мг
Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:6-10 11-20 21-30: 8
9
10
Көрсеткіш: Мырыш, мг
Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:6-10 11-20 21-30: 55
60
65
Көрсеткіш: Марганец, мг
Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:6-10 11-20 21-30: 55
60
65
Көрсеткіш: Кобальт, мг
Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:6-10 11-20 21-30: 0, 6
0, 7
0, 8
Көрсеткіш: Йод, мг
Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:6-10 11-20 21-30: 0, 7
0, 8
0, 9
Көрсеткіш: Каротин, мг
Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:6-10 11-20 21-30: 40
45
45
Көрсеткіш: Д витамині, мың Х. Ө.
Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:6-10 11-20 21-30: 1
1
1
Көрсеткіш: Е витамині, мг
Бір тәулікте сауылатын сүт, кг:6-10 11-20 21-30: 40
40
40

Сиыр өнімділігі артқан сайын, оның рационындағы құрғақ зат шоғырлану дәрежесі де жоғарылатылуға тиіс. Мысалы, жылына 3000 кг сүт сауылатын сиыр рационының 1 кг құрғақ затында 0, 7 азық өлшемі, яғни 8, 2 МДж алмасу энергиясы жеткілікті болса, 5500-6000 кг сүт сауылатын сиыр рационының құрғақ затында ол көрсеткіш 0, 9 а. ө., яғни 10, 5 МДж алмасу энергиясына дейін жоғарылатылады.

Рационының құрғақ затында энергия мен қоректік затгар неғұрлым мол болса, мұндай рационның қорытылу дәрежесі соғұрлым жоғарылайды. Шаруашылық жағдайында бұны рациондағы шикі клетчатка деңгейін төмендету арқылы іске асырады: өнімділігі орташа (3000-4000 кг) сиырдың рацион құрғақ затындағы клетчатка 26-22% болса, жоғары өнімді (5000-6000 кг) сиыр рационында оның деңгейі 20-16%-ке дейін төмендетіледі.

Куйіс қайыратын малдың азыққа деген мұқтаждығын алмасу энергиясы арқылы бағалау әдісін ұсынған М. Блэкстер (1965) топшылауы бойынша, рацион тиімділігі малдың тірілей салмағына, өнімділігі мен рацион құрғақ затының әр килограмында шоғырланған алмасу энергиясына байланысты.

Құрғақ заттағы алмасу энергиясының шоғырлану дәрежесі, мал тіршілігін қамтамасыз етуге, оның денесінде өнім түзілу тиімділігіне ықпал етеді. Л. Гофман мен Р. Шиманн (1978) деректері бойынша 1 кг құрғақ затында 2, 0 ккал, яғни 8, 4 МДж алмасу энергиясы бар рационның оның жалпы энергиясына қатысы 45, 5% болып келеді де, мұның 68% тіршілікті қамтамасыз етуге, 40% қосымша салмақ қосымына пайдаланылып, 66% сүт түзуге жұмсалса, 1 кг құрғақ затында 3, 0 ккал. яғни 12, 5 МДж алмасу энергиясы бар рационда бұл көрсеткіштер, сол ретпен, 68, 2% ; 75%; 58%; 68% болып артады да, алмасу энергиясына мұқтаждығы 1 МДж қамтамасыз етуге - 1, 46, 1 МДж салмақ қосуға - 2, 51, 1 МДж түзілуге 1, 52-ден, сол ретпен, 1, 33, 1, 71, 1, 47-ге дейін азаяды.

Демек, рацион құрғақ затындағы алмасу энергиясы жоғарылаған сайын оның игерілу тиімділігі де арта түседі.

Бұдан артық берілген жем мөлшері физиологиялық тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да зиян. Шамадан тыс көп берілген құнарлы азық мал денесінде зат алмасуын жеделдегін, оның онімділігін арттырғанмен, шаруашылықта пайдалапу мерзімін, бұзаулау санын азайтады. Сөйтіп сиыр сауымнан ерте шығады да, оны жас құнажынмен ауыстыруға тура келеді. Демек, шаруашылық балансында мал басы кобейеді де, оған жұмсалатын азық шығыны кобейе түседі. Бұның екініші зияндылығы рационда қымбат құнарлы жем үлесі молаяды да, ондірілген сүттің озіндік құнын қымбаттатады.

Әсіресе құнажынды дұрыс иітіп саууға жете коңіл бөлу керек. Сонда ғана нормалап азықтандыру арқылы алғашқы сауым сүттілігін 800-1000кг-ға, ал одан кейінгі сауымдардікін тағы да 400-600 кг-ға арттыруға болады.

Иіту кезеңінде алынбай қалған (дұрыс азықтандырмау салдарынан) әрбір кг сүт сиыр сүттілігін 200-300 кг-ға кемітеді. Бірақ бұл кезеңде сиырды нормадан тыс мол азықтандырудың да зиян екенін ескеріп, үстеме жемді оның күнделікті сауымы артып отырған кезде ғана береді.

Сүт өндіру технологиясын дұрыс сақтау үшін сауын сиырдың 8-10 минуг ішінде 2-2, 5 кг ұнтақталған, 3 кг түйіршіктелген жем жей алатынын ескеру қажет. Сүтгі сиыр тәулігіне 2 рет сауылса 4-6 кг, 3 рет сауылса 6-9 кг жем жей алады. Жылына 3000-4000 кг сүт беретін сиыр рационындағы құнарлы азық үлесі рацион қоректілігінің 25-30 %-тіне тең болуы керек, яғни жылына сиыр басына 12 ц (оның 4-4, 5 ц-і протеинді жем) құнарлы азық беріледі.

Шаруашылықтағы жемшөп қорын, қалыптасқан азықтандыру типін ескере отырып, сауын сиырға тәулігіне 20-10 кг сүрлем (оның 10-15 кг-ы азықтық қызылша), 4-6 кг пішен, З-5 кг жаздық дақыл сабаны, ал жылына 3000-4000 кг сүт беретін суалған буаз сиырға 4-5 кг бұршақ-астық тұқымдастар пішені, 10-15 кг пішендеме, 12-17 жоғары сапалы сүрлем, 2, 5 -3 кг құнарлы жем қосындысы беріледі. Қызылшаны, өсіресе қант қызылшасын шектеп (бірнеше рет бөліп) береді. Бір мезгілде берілеін қызылша мөлшері сиырдың 100 кг тірі салмағына 2 кг-нан аспауға тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұқымды таза өсіру – мал өсірудің негізгі әдісі
Сүтті бағыттағы ірі қараны асылдандыру
Ірі қараны үлкен өндірістік кешендерінде және бордақылау алаңдарында бордақылау
Бұзауды күту
Ірі қара малдың сүт өнімділігі
Асыл тұқымды бұқалардың табынын толықтыратын таналарды азықтандыру
Әр түрлі аталық іздерден туған абердин-ангус тұқымының өсіп дамуы
Симментал тұқымына жататын сиырлардың асыл тұқымы және өнімдік көрсеткіштері
Жануарлардың эмбрионалдық кезеңдегі жеке дамуы
Ірі қараны асылдандыру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz