Алакөл қорығы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Қазақстанның өзіне ғана тиесілі көл суы: Балхаш көлі, Алакөл және Теңіз көлі бар. Осы көлдердің ішінде көлемі жағынан Балхаштан кейінгі орынды алатын Алакөл көлі.
Алакөл көлі - Қазақстанның оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан, Қытай шекарасына қарай. Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облыстарының шекарасын Алакөл көлі алып жатыр.
Алакөл көлі - Қазақстандағы ең ерекше көл, ол өзінің табиғатының сұлулығымен ерекшеленеді. Көл теңіз деңгейінен 347 метр биіктікте орналасқан. Көлдің ұзындығы 104 км, ал ені 52 км, орташа тереңдігі 22 метр, ең терең жері 54 метр. Судың көлемі 58, 56 куб км, жағалауының ұзындығы 348 км. Көлге 15 өзен қүяды, олардың негізгілері: Ұржар, Қатынсу, Емелқұйса, Ырғайты, Жаманты, Жаманөткел, Тасты. Алакөлдің ортасында Үлкен, Кішкене Аралтөбе, Белқұдық аралдары орналасқан. Жағалаудың климаты қатаң континентальды, көлде катты желді режим байқалады. Желдің максимальды жылдамдығы солтүстік бөлігінде 40-50 м/сек оңтүстік шығыс және орталық бөлігінде желдің жылдамдығы 50-60 м/сек. Жел күзде және қыста өте қатты болады, көлдегі толқын биіктігі 2-2, 5 м. Көлдің суы теңіз суының құрамындай тұзды. Менделеев таблицасындағы барлық элементтер бар (йодтан басқа) . Судың беткі температурасы 26 градус, солтүстік зонасында 30 градус, 20 метр тереңдікте судың температурасы 18 градустан аспайды. Көлдің суы емдік қасиеті бар, әр түрлі тері ауруларын жазатын қасиетті су. [1]
ХII-XIX ғғ бірнеше атаулары болған Турге-Нор (монғол тілінен аударғанда «мост-озеро»), Алактагол, Ала тениз, Алакта. [2]
Алакөл көлі өзінің табиғатының байлығымен ерекшеленеді. Табиғаты тіршілік иелерінің сан алуандылығымен, әлемде сирек кездесетін тіршілік иелерімен ерекше орын алады. [3]
Қазіргі таңда осы ерекше табиғат ортасына да саналы тіршілік иелерінің қолы жетіп, осы ортаның экологиялық жағдайына кері әсерлері байқалуда. Алакөл көлі туристтік аймақ болғандықтан, көлге әсіресе жаз айларында демалуға ағылып келген туристтерден көл зардап шегуде. Қаншама ғасырлар бойы табиғат айнасындай сақталып келген Алакөл көлінің де ластанып, табиғатының сарқылу қаупіне әкелген түрі бар. [4]
Жұмыстың мақсаты:
Алакөл көлінің экологиялық жағдайын (суын, топырағын, өсімдігін), Алакөл мемлекеттік қорығының ұйымдастырылуы және қорғау қызметіне талдау жасау.
Жұмыстың міндеттері:
- Алакөлдің суына, топырағына, өсімдігіне қоршаған ортаның әсерін зерттеу;
- Алакөл мемлекеттік қорығының құрылу тарихымен танысу;
- Алакөл мемлекеттік қорығының биологиялық әр алуандылығымен танысу;
- Алакөлдің жұмбақ шағаласы;
- Көлдің, қорықтың физико-географиялық жағдайларымен танысу;
- Алакөл мемлекеттік қорығын қорғау және күзету қызметіне талдау жасау;
- ӘДЕБИ ШОЛУАлакөлдің экологиялық жағдайы
Алакөл алабы Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан обылысының оңтүстігін, Алматы облысының солтүстік-шығысын алып жатыр. Алапты жан-жағынан тау жоталары - солтүстігінде - Тарбағатай, шығысында - Барлық және Майлы жоталары, оңтүстігінде Жетісу Алатауы қоршап тұр. Тек қана батыс бөлігі ылғал жеткізуші ауа массаларына ашық. Оңтүстік шығысында тауаралық тар жазық - Қаптағай қақпасы арқылы Қытай жерінде орналасқан Ебінұр көлі алабымен жалғасып жатыр. [5]
Алаптағы гидрометриялық бақылау жүйелерінің дамуы, негізінен, суармалы егіншілік, мекен-жайларды сумен қамту, жол құрылыстары және т. б. көптеген техникалық қажеттіліктердің сұраныстарымен байланысты. Өзендер ағындысын зерттеулерді ең алғаш өткен ғасырдың басында, Ресейдің Қоныстандыру Басқармасы жүргізген. Алғашқы бақылау бекеттері 1914ж. - Қатынсу, 1915ж. - Тентек, Қосақ өзендерінде ашылған. Осылар секілді ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейін ашылған бекеттерде бақылаулар анда-санда жүргізілгенімен, ағындының көпжылдық өзгерістерін білу үшін бұл зерттеулер өте бағалы. [6]
1930 жылдардан бастап, суармалы егіншіліктің дамуына байланысты ҚазКСР-ның мелиорация және су шаруашылығы Министрлігі ағындыны бақылауды қолға алды. Бірақ бұл бақылаулар негізінен өсіп-өну кезеңін ғана қамтыған. [7]
Алаптағы негізгі өзендер ағындысын жүйелі түрде бақылауларды ҚазКСР-ның Гидрометеорологиялық қызмет Басқармасы (ГМҚБ) 60-жылдары бастады.
Жалпы, аталған ауданда түрлі кезеңдерде 58 бақылау бекеті жұмыс істеген. Олардың 22-сі Қазгидрометтің (1988 жылға дейін ГМҚБ) қарамағына болса, 36-сы мелиорация және су шаруашылығы Министрлігінің қарамағында болды. [8]
Сонымен бірге, олардың жұмыс істеген кезеңдері де сан түрлі. 1930 жылға дейін ағынды бақыланған бекеттер саны бесеу болса, 1950 жылға дейін - 36, 1960 жылға дейін - 40, 80 жылдары - 7, ал 2000 жылдан бастап бар-жоғы 3 бекет қалды. Қолда бар деректерді талдай отырып, 1964 жылы 17 гидробекет, 1980 жылға дейін тағы 20 гидробекет жабылғанын айтуға болады. Соңғы жылдары гидрометерологиялық жүйелерді қалпына келтіру шаралары іске аса бастады, 2003 жылы Еміл өзенінде бақылау бекеті ашылған. [9]
Аталған бекеттердің 30-ында ғана жылдық ағын бақыланған, ал қалған бекеттерде бақылаулар тек өсіп-өну кезеңін қамтыған. Бекетердегі бақылаулардың ұзақтығы 2-ден 61 жылға дейін созылады (1-кесте) . Сонымен бірге, кейбір бекеттер тек экспедициялық зерттеулер кезінде ғана жұмыс істеген. Мысалы, ГМҚБ қарамағында болған 11 бақылау бекеті тек 1960 - 1964 жылдары ғана бақылау жүргізген.
Біз көрсетіп отырған 1-кестеде тек жылдық ағындылығы бақыланған 30 бекет келтірілген. Бұлардың 21-і ГМҚБ-ның, 9-ы мелиорация және су шаруашылығы Министрлігінің бақылау бекеттері. Ал, тек өсіп-өру кезеңін ғана бақылаумен қамтыған 28 бекеттің 19-ы Ұржар өзені және Тарбағатай жотасының оңтүстік-батыс беткейлері өзендерінің алабында, 8-ші - Қатынсу және Еміл өзендері алабында, біреуі Барлық жотасындағы өзенде орналасқан.
Бақылау қатарларының ұзақтығына байланысты бекеттердің үлестірімі.
Кестеден көріп отырғанымыздай бекеттерінің 43 пайызында ағынды қатарлары 5 жылдан аз, ал 30 жылдан асатын қатарлар тек 8-бекетте.
Алап аумағын зерттеулер бірқалыпты қамтымаған. Ағынды бақылау бекеттері, негізінен, Ұржар және Тентек өзендері алабында орналасқан. трансшекаралық Еміл өзені алабында бақылау мерзімі жеткілікті 2 ғана бекет болса, тікелей Емілдің ағындысы тек 1961-1963 жж. бақыланған. Ескеретін жайт - суармалы егіншілік дамыған тауалды белдеуі бақылаулармен аз қамтылған. Көптеген кішігірім өзендер, уақытша ағынсулардың ағындысы да жеткіліксіз зерттелген. Мысалы үшін, алапта орналасқан 10 трансшекаралық ағынсудың ешбірінде ағынды жеткілікті бақыланбаған.
Негізінде өзендер ағындыларын бақылаудың басым бөлгі таудан шығар тұстарда жүргізілген әрі олар 500-ден 2000 м-ге дейінгі биіктерді ғана қамтыған. Шаруашылық әрекеттері қарқынды дамыған төменгі биіктік белдеулері жеткіліксіз бақыланған.
Тентек, Ұржар, Қатынсу, Қарақол және т. б. өзендерде орналасқан сутарту каналдары жайлы деректердің сапасы төмен әрі барлық мерзімдердегі сутарту шамасын тыңғылықты көрсете алмайды.
Бақылау деректерінің осы айтылған кемшіліктеріне қарамай, 70-жылдарға дейінгі деректерді пайдаланып алап өзендерінің ағындыларын жалпылау тұрғысынан «Ресурсы поверхностных вод» анықтамалық монографиясының бағасы өте жоғары. Оған дейінгі зерттеулерден П. Ф. Лаврентьевтың, В. В. Голубцовтың, Е. Г. Юринаның, Л. Д. Лаврентьеваның (Тарбағатай жотасының оңтүстік-батыс беткейлері бойынша), К. П. Воскресенскийдің 1958 жылға дейінгі бақылау деректері негізінде жазылған еңбектерін, кейінгі зерттеулерден алаптағы негізгі өзендердің ағынды режимі жайлы В. М. Болдыревтың еңбектерін атап өтуге болады.
Жалпы, жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйеніп, алаптағы ағынды бақылау бекеттерінің жеткіліксіздігін, өзендерінің ағынды режимі өте шектеулі дерек көздері негізінде зерттелгенін атап өту қажет. [10]
Алакөл көліне қазіргі таңда өзендердің барлығы дерлік құймайды, себебі келіп құятын өзендердің арнасы кеміп, құрғақшылық жағдайында. Осы себептен де көлдегі су көлемінің азайып кету қаупі бар. Жазды күні келіп демалатын туристтердің де көлге әкелетін зияны жетіп артылады.
1. 2 Алакөл қорығының құрылу тарихы.
Алакөлде қорық құру идеясы ғылыми ортада ертеден қалыптасты. Сонау 1980 жылдары ҚазССР Ғылым академиясы және КСРО АШМ Табиғатты ғылыми - зерттеу институтында қорық үйымдастыру ұсыныс ретінде жасалған. Алғашқы жоспар бойынша Алакөл қорығының ауданы 120 мың га болуы керек еді. Бұл аумақтың ішіне Тентек өзенінің атырауы, Сасықкөл көлінің шығыс, Ұялы (Қошқаркөл) көлінің солтүстік - батыс жағалаулары және осы көлдер аралығындағы Батпақты Мойнақ, сондай-ақ, Алакөл көліндегі аралдар кіруі керек болған. Қорықты құру 1986 жылы жоспарланған болатын. Алайда техникалық - экономикалық негіздемелердің болғанына қарамастан, бірнеше себептерге байланысты кейінге шегеріле берді. ҚР Үкіметінің 1993 жылғы 14 маусымдағы «Қазақстан Республикасында 2005 жылға дейін ұлттық саябақтар мен мемлекеттік қорықтарды дамыту туралы шаралар» қаулысына сәйкес, алғашқы болып құрылуы тиіс бес қорықтың қатарында Алакөл қорығы да енгізілді. Экология және биоресурстар министрлігі тарапынан жер ресурстары және жергілікті орналастыру мемлекеттік Ғылыми - өндірістік орталығына жер таңдау жөнінде сұраныс жолдады. 1994 жылы 5 мамырда Талдықорған облыстық әкімдігі жер телімін беруге және жоспарлау жөнінде келісімін берді.
Сөйтіп, Тентек өзенінің атырауынан ауыл шаруашылығына жарамды 9200 га жер және Алакөл көліндегі ауданы 3320 га болатын «Реликті шағала» қорықшасының аралдары қосымша берілді. Болашақ қорықтың жоспарлы жобасы бойынша 12520 га жер бөлінді.
Қорықтың ұйымдастырылуын жылдамдату мақсатында Талдықорған облыстық Экология және биоресурстар басқармасының бастамасымен 1996 жылдың 13 наурызында уақытша атқару дирекциясы құрылды. Дирекция толығымен жергілікті табиғат қорымен қаржыландырылады. 1997 жылы Талдықорған облысының Алматы облысына қосылуына байланысты қаржыландырылу тоқтап қалды. Көптен күткен қорықтың ұйымдастырылуы туралы шешім 1998 жылдың көктемінде ғана қабылданды. Осылайша, 1998 жылы 21 сәуірде ҚР Үкіметінің №355 Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары аумағында Алакөл мемлекеттік табиғи қорығын құру туралы қаулысы шықты.
Қорықты құру, ұйымдастыру идеясы туындағаннан оның құрылған күніне дейін, өлшеусіз еңбектертабанды ұмтылыстар мен орасан зор жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңдағы қорық аумағы оның жалпы буферлік зонасын қоса есептегенде шамамен 20 мың га жуық. Қорық аумағы жеті бөлікке бөлініп, онда қорғау жұмыстары жүргізіледі:
1) «Тоғызтүбек» - ауданы 3798 га, Тентек өзені атырауының шығыс бөлігін Батпақжол мекенін Миялы мекеніне дейінгі аралықты алып жатыр.
2) «Тұйықсу» - ауданы 3033 га, Тентек өзені атырауының оңтүстік - шығысбөлігін, Мияны және Басық мекендерінің аралығындағы аумақтарды алып жатыр.
3) «Көкпекті» - ауданы 1376 га, атыраудың оңтүстік бөлігі, Басық мекенінен Тентек өзеніне дейінгі аумақты қамтиды.
4) «Байбала» - ауданы 3064 га, Тентек өзенінің батыс жағалауынан Байбала көліне дейінгі аралықтағы аумақты алып жатыр.
5) «Қарамойын» - ауданы 2298 га, Тентек өзенінің Батыс атырауы, Байбала, Сасықкөл көлдераралығы, Қарамойын қоса кіретін аумақ.
Бұл бөліктердің әрқайсысына 1-2 қорғау қызметінің инспекторлары бекітілген. Қорық аумағында балықтың - 23 түрі, құстардың - 315 түрі (оның ішінде ҚР қызыл кітабына енгендері - 34), сүтқоректілердің - 38 түрі, бауырымен жорғалаушылардың - 6 түрі, амфибияның - 1 түрі мекендейді. Сондай-ақ, 2000 жылы қорық жанынан Е. М Әуезов атындағы мұражай ашылды. Қорықтың ауласында тірі табиғат мұражайы (дендрарий) ұйымдастырылды.
Қорық құрылымдық жағынан ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне қарайды.
Құрылған күннен бүгінге дейін мемлекеттік қолдауымен белгіленген аумақта қорғау, сақтау жұмыстары мүлтіксіз атқарылып келеді. Қорықтың орталығы - Үшарал қаласында орналасқан. Бүгінде қорықта мемлекеттік штат бойынша 30 адам жемісті еңбек етіп жатыр. [11]
1. 3 Физика-географиялық жағдайына сипаттама
Климаты: Ауа райы қатаң, қысы суық, ұзақ аяз 30 кейде жоғары. Әсіресе қыс айларында тұрақты «Сайқан» және «Ембі» желдері үзбей соғып тұрады. Жазы ыстық 38 кейде жоғары [12]
Топырағы: Алакөл қойнауындағы топырақ түрі әр түрлі. Шөл шөлейт топырақ түрі өзен және көл жағалаулары шөпті тоғайлы өсімдіктерге қолайлы қоңыр сарғыш топырақ көл жағалаулары батпақты топырақ, тақырлы, тақыр түрлі топырақтар кездеседі. Сол сияқты сұрғылт топырақты тұзды, эфемерлі жусанды өсімдіктер өсуіне қолайлы топырақтар. Алакөл аумағында топырақтың басым көпшілігі сұрғылт топырақты аз корбанатты болып келеді. [13]
Суы: Алакөл көлі жалпы алып жатқан көлемі 68700 кв км оның негізгі бөлігі 48600 кв км Қазақстан жерінде қалған, 30%-Қытаймен шекаралас жерді алып жатыр. Көлдің 56%-ын үлкен бөлігін шөлейт жазық далалы аймақтары алып жатса қалған бөлігі басқа көлдермен байланысып жатыр. Алғашқы үш өзен бір-бірімен ағыс және каналдар арқылы қосылады.
Алакөл көлі теңіз деңгейінен 348 м биіктікте, оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа созылып жатқан тұзды көл. Көлдің ұзындығы 384 км, тереңдігі 54 м, (орташа 21 м) . Барлық су мөлшері 58, 56 мл/д куб/м, судың жиналуының көлемі 47859 кв км судың тұнықтығы 0, 6-0, 8 ұсақ су қоймаларында метрге дейін су астын көруге болады. Көлдің орталық бөлігінде үш тасты арал орналасқан, Аралтөбе 24 кв км (орташа 0, 7), Кішкене-Аралтөбе 2 кв км, батыс бөлігінде құмды-Жалаңаш Шұбар-Түбек аралы, солтүстік бөлігінде құмды арал арасында Хатынсу өзенінің қоғалы қамысты аралдары орналасқан.
Алакөл - тұзды көл, судың минералдылығы 1, 2-ден 11, 6 г/кг судың тұздылығы Балхаш көлінен екі есе артық. Өзен құяр бөлігіндегі сулар біраз тұщы болып келеді. Су тұзды, ащы тұзды жұмсақ емес қатты 19-32 мг-экв/л құрамы сульфатты-хлорлы, калий-натрилі, сутектік көрсеткіші рН жыл сайын өзгеріп отырады 7, 2 ден 9, 2 дейін. [14]
Көлге 15 су ағысы келіп құяды оның бесеуі тұрақты құйылып отырады. Солтүстік солтүстік шығыс бөлігінің Тарбағатай оңтүстік жағалауынан көлге Ұржар, Хатынсу, Эмель өзендерінің 86%-ті құяды. Оңтүстік және оңтүстік батыс Жоңғар Алатауының етегінен кішігірім өзендер Жаманөткел, Рғайты, Жаманты құяды олар суды көлге дейін апара алмайды өйткені оларға қар мұз сулары жетпейді тек көктемгі уақытта ғана рана толып ағады.
Алакөлге Жіңішкесу Ұржар өзендері Сасықкөлден, Ұялы қошқаркөлден су ағыстары арқылы бір-бірін толтырып отырады. [15]
1. 4 Алакөл қорығында мекендейтін омыртқалы жануарлардың, өсімдіктердің түр құрамы.
Алакөл қорығын қорғау барысында қорғауға алынған аумақтағы өсімдіктер мен омыртқалы жануарларды зерттеу жұмыстары қолға алынды. Сасықкөл, Қошқаркөл Алакөлдің батыс жағалауында мекендейтін су құстары мен жағалаудағы құстарға, есеп жүргізіп бақылауға алына бастады.
Нәтижесі адам таңқаларлық, онда 325 құстың түрі, оның ішінде ұя салатындары 187, соның ішінде қорыққа ұя салатын 137 түр оның 105 түрі Тентек өзені жағалауында, оған жақын Кіші аралдарда 100 түрін кездестіруге болады. Бұдан басқа Алакөлде Дүниежүзі бойынша екі жерде ғана кездесетін реликті шағаланы кездестіруге болады ол тек бізге Үлкен Аралтөбе аралында және Вьетнамда кездеседі. [16]
Қазіргі уақытта реликті құстардан сирек болса да ұшып келетінмемлекеттік қорғауға алынған қызғылт қоқиқаз, кіші аққу, тырна, кіші аққұтанды да кездестіруге болады. Жыртқыш қүстардан - бүркіт, оның ішінде қызыл кітапқа енген 27 түрі ұя салатын Алакөлде 15 түрі қорық аумағында кездеседі. [17] Сүтқоректілердің 40 түрі қорықта мекендесе, 60 түрі Алакөл аумағында тіршілік етеді. Мұнда сирек кездесетін және жойылуға жақын аңдар сабаншы, қарақұйрық, шұбар күзенді көруге болады. Жоңғар Алатауынан қар барысы сақталған, түркістан сілеусінін де қысқы уақытта Үшарал қаласына дейін түсетінін байқаған. [18]
Ақкіс тек орманды жерде кездессе Алакөлде ол қамыс арасында Тентек өзенінің жағалауында тіршілік етеді. 1990 жыилы оның саны 250 - 300 дейін кездескен, кейінгі жылдары олардан санаулы ғана қалған 1996 жылы таң қаларлық жағдай Сасықкөлдің солтүстік бөлігінде лосьті кездестірген.
Алакөл қорығының (20 мың га) жер көлемі орталық азияның таңқаларлық барлық элементтерімен салыстыруға болады сулы-батпақты, таулы-далалы, шөл және шөлейт.
Алакөл қорығының құстары - жайлы орынға бейімделген. Реликті шағала Алакөл қорығының эмблемасына кіріп отвр. Ғаламшарымыздағы ең сирек кездесетін құс, осы түрді сақтау мақсатында осы қорық құрылған болатын. [19]
Сулы батпақты, құмды-ұсақ тасты, көл жағалауының жартасты жағалауларында өсетін су өсімдіктерін қоғары сатылы гүлді өсімдік оған бұталы өсімдіктерді қосқанда 300 түрін кездестіруге болады.
Елік, қабан, толай-қоянды, борсық, қасқыр, түлкі, шұбар күзен, ондатора осы жердің негізгі омыртқалы жануарлар әлемінің өкілдері.
Балық қорықтың барлық су қоймаларында мекендейді. Олар: сазан, серебристы корол, лещ, судақ, балқаш окуні. Сирек кездесетіні маринка, белый амур және илатва жатады. [20]
Сегіз жыл ішінде Алакөл қорығында ғылыми бөлім, 6 тақырып бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары атқарылады.
Табиғат музейі, дендрарий қысқы бақ, ғылыми кітапхана жұмыс істейді, Жетісу өңіріндегі Алакөл қорығы дара жануарлар әлемі бойында алуан түрлілігімен белгілі.
Жоңғар Алатауының альпі белдеуіне дейін тау көл Швейцариядан бірде кем емес. Тентек Лепсі өзендері, қар барысы-ирбис, реликті шағала, Жетісу эндемиктері, Балхаш окуні, Жетісу бақатісі Алакөл мемлекеттік қорығы республикадағы ең жас өсімдіктер жануарлар құрамы бойынша танымал.
Сегіз жыл ішінде қорықтағы қызметкерлердің жұмыс нәтижелері 5 томдық «Табиғат шежіресінің» жарыққа шығуы. 50 ғылыми жұмыс және ғылыми статиялар шықты.
Бұл жартылай шөлді аймақта сирек және жоғалуға жақын омыртқалы жануарлардың және құстардың тіршілік етуіне қолайлы. Олар: құлан, жайрон, прежевальский жылқысы, дрофы-красотки, қылқұйрық бұлдырық, ителгі соколо-балабана, жыланжегіш қыран, қоқиқаз, ақ тырна, кіші аққу жорғалаушы тасбақа өсімдіктерден саксауыл, шоқтоғай, жыңғыл және тағы басқа. [21], [22]
Бұл мәселелерді тездетіп шешу үшін жоғалуға жақын сирек өсімдік, аң түрлерін қорғау. Бірнеше жыл ішінде Жетісу өңірін экологиялық таза, ғылыми, шетелдік туризм саласы бойынша пайда келтіретін табиғат бұрышына айналдыру керек.
Алакөл жағалауындағы өсетін өсімдіктердің 35 түрі кездеседі. Фитопланктонның 80 түрі оның ішінде қарапайымдылардың 4 түрі, жәндіктердің 37 түрі, шаяндардың 26 түрі, көл ихтиофауналарының 7 түрі кездеседі.
Балхаш алабұғасы - (Percca schrenri)
Балхаш қарабалығы - (Schizothorax argtntatus)
Сазан - (Cyprinus carpio)
Көксерке
Табан немесе тыран - (Abramis brama)
Бозша мөңке - (Carassius gibelio)
Таламбалық [40]
Балықпен қоректенетін құстарға серебряный карась, сазан және голец азық болады. [22]
Алакөл аумағында өсімдіктердің 323 - түрі тамырлы өсімдіктер оның ішінде күрделігүлділер - 47, алабұта тұқымдастары - 43, астық тұқымдастары - 37, Бұршақ тұқымдастары - 24, ерінгүлділер - 15, крестгүлділер - 11, раушангүлділер - 10, тарандар Polygonaceae - 9, Қияқөлендер - 8, қалампырлар - 7 түрі мұның ішінде 8 түрі дара және 19 түрі сирек кездеседі. [23]
Алакөл аумағында қосмекенділердің 4 - түрі жасыл кесіртке, көл бақа, өткіртұмсық бақа. Бауырымен жорғалаушылардың 22 түрі мұның ішінде бір түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, бауырымен жорғалаушы - пестрая кругоголовка деп аталады.
Бауырымен жорғалаушылар:
Орта азиялық тасбақа (Agrionemus horsfieldi)
Пискливый геккон - Alsophylax pipiens
Серый геккон - Tenuidactylus russowi (Strauch) .
Дала агамасы - Agama sanguinoleta Pall
Тақыр домалақ басы - Phrynocephalus guttatus (Pallas)
Кругоголовка вертихвостка - Phrynocephalis quttatus Gmel
Пестрая круглоголовка - Phinocephalus versicojor Strauch
Ушастая круглоголовака - Phinocephalis mistaceus Pall
Быстрая ящурка - Eremias velox Pallas
Полосатая ящурка - Eremisa scripta Stripas
Сетчатая ящурка - Eremias grammica Lichtenstein
Пыткая ящурка - Laserta agalis L
Линейчфтфя ящурка - Eremias lineolata Nikolsky
Восточный удавчик - Eryx tataricus Lichtenstein
Обыкновенный уж - Natrix tessellata Pall
Водяной уж - Natrix tesselata Laurenti
Узорчатый полоз - Elaphendione Pall
Стрела змея - Psammophis lineotum Brand
Степная гадюка - Wipera ursine Bon
Обыкновенный щитомордник - Agkistrobon halis Pall [24]
Алакөл аумағында құстардың 331 түрі кездессе оның оның 184 ұя салатын құстар. Қорықта ұя салатындары 137 түрі, оның 105 Түрі Тентек өзенінің жағалуына салса Алакөл аралында - 27, Алакөл көлінің батыс жағалауында 100 түрі ұя салады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына 38 түрі тіркелген, оның Алакөл қорығында ұя салатыны 27. Қазіргі кезде нақты 15 түрі ұя салады.
Қызғылт бірқазан - Pelecanus onocrotalus
Бұйра бірқазан - Pelecanus crispus
Колопица - Platalea leucorodia
Сұңқылдақ аққу - Cygnus cygnus
Белоглазая чернеть - Aythya nyroca
Савка - Oxyura leucocephata
Орлан-белохвост - Haliaeetus albicilla
Тырна - Grus grus
Кәдімгә дуадақ - Otris tarda
Ақ бас тырна - Anthropoides virgo
Безгелдек - Tetrax tetrax
Қарабас өгіз шағала - Larus ichthyaetus
Көк шағала - Larus ridibundus
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz