Мемлекеттің қаржы жүйесі



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы
ә) Қаржы жүйесінің дербес сфералары.
б) Қаржы жүйесінің ұйымдастыру қағидаттары .
III. Қорытынды
Қаржы - елдегі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаты қорын тұрғызудағы және қолданудағы барлық экономикалық қатынастар жүйесі . Қаржылар – ақшалай қаржы қорларын бөлу мен пайдалануға байланысты құндық ағындардың ұдайы қозғалыстары болып тұратын негізгі субьектілерге мемлекет , оның институттары , фирмалар және тұрғындар енеді .
Қаржы жүйесі – бұл өзара байланыстағы барлық қаржылық элементтердің бірігуі . Қаржы жүйесі - бұл мемлекет пен кәсіпорындардың орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының оқшауланған , бірақ өзара байланысқан әртүрлі сфералары мен буындарының , сондай-ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы .
Қаржы жүйесі мыналарды қамтиды :
а) барлық деңгейлердегі бюджеттер жиынтығын (мемлекет, әкімшілік бірліктер, жергілікті басқару ұйымдары) ;
б) бюджеттен тыс қорлар (әлеуметтік, жеке меншік , жеке сақтандыру);
в) мемлекеттің валюталық резерві;
г) кәсіпорындар мен мекемелердің ақша қорлары.
Қаржы жүйесін мемлекет қаржысының , үй шаруашылығының субьектілері мен тұрғындардың өзара байланысы ретінде де қарауға болады. Қаржы жүйесінің атқарылымы екі кезеңнен тұрады :
1. Табыстарды алу мен шығындаудың жоспарларын құрастыру.
2. Ақша ағындарының қозғалысын ұйымдастыру.
Егер қаржы жүйесі мемлекет деңгейіндегі мақсаттарға жетуге бағытталған болса , онда бұл мемлекеттік қаржы саясатын білдіреді. Ал ол келесі екі аспектіден тұрады :
а) фискалдық саясат – экономиканы табыстар мен шығыстар арқылы реттеу ;
б) бюджеттік саясат – бюджет үдерісін реттеу (бюджеттік тепе- теңдікке жету) .
1. “Экономикалық теория негіздері ”
А.Б. Темірбекова, Қ.С. Байшоланова, Ж.Ж. Бектұрсынова
Алматы, 2008ж
2. “Қаржы теориясы ”
С.Құлпыбаев, Ш. Баязитова, А. Баязитова
Алматы, 2001ж
3. “Қаржы ”
Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев
Алматы, 2005ж

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым
Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық
Университеті

Реферат

Тақырыбы: Мемлекеттің қаржы жүйесі

Қабылдаған: Телеубаев Мейрамбек

Орындаған: ҚЭФ-нің 2-курс,
2-топ
студенті Елмуратова Гаухар

Алматы 2008 ж.

ЖОСПАРЫ:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы
ә) Қаржы жүйесінің дербес сфералары.
б) Қаржы жүйесінің ұйымдастыру қағидаттары .
III. Қорытынды

Қаржы - елдегі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша
қаражаты қорын тұрғызудағы және қолданудағы барлық экономикалық қатынастар
жүйесі . Қаржылар – ақшалай қаржы қорларын бөлу мен пайдалануға байланысты
құндық ағындардың ұдайы қозғалыстары болып тұратын негізгі субьектілерге
мемлекет , оның институттары , фирмалар және тұрғындар енеді .
Қаржы жүйесі – бұл өзара байланыстағы барлық қаржылық элементтердің
бірігуі . Қаржы жүйесі - бұл мемлекет пен кәсіпорындардың
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және
пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының оқшауланған , бірақ өзара
байланысқан әртүрлі сфералары мен буындарының , сондай-ақ оларды
ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы .
Қаржы жүйесі мыналарды қамтиды :
а) барлық деңгейлердегі бюджеттер жиынтығын (мемлекет, әкімшілік
бірліктер, жергілікті басқару ұйымдары) ;
б) бюджеттен тыс қорлар (әлеуметтік, жеке меншік , жеке сақтандыру);
в) мемлекеттің валюталық резерві;
г) кәсіпорындар мен мекемелердің ақша қорлары.
Қаржы жүйесін мемлекет қаржысының , үй шаруашылығының субьектілері мен
тұрғындардың өзара байланысы ретінде де қарауға болады. Қаржы жүйесінің
атқарылымы екі кезеңнен тұрады :
1. Табыстарды алу мен шығындаудың жоспарларын құрастыру.
2. Ақша ағындарының қозғалысын ұйымдастыру.
Егер қаржы жүйесі мемлекет деңгейіндегі мақсаттарға жетуге
бағытталған болса , онда бұл мемлекеттік қаржы саясатын білдіреді. Ал ол
келесі екі аспектіден тұрады :
а) фискалдық саясат – экономиканы табыстар мен шығыстар арқылы реттеу
;
б) бюджеттік саясат – бюджет үдерісін реттеу (бюджеттік тепе-
теңдікке жету) .

Қаржы жүйесін құрудың екі принципі белгілі :
а) демократиялық централизм ;
б) фискалдық федерализм .
Демократиялық централизмде жергілікті ұйымдар ақша қаражаттарын
өздері үйлестіре алады . Ал фискалдық федерализмде орталық және жергілікті
қаржылар қатаң шектелген . Жергілікті билік қаржы шығындарының бағытын өзі
дербес анықтайды.
Қазақстан Республикасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесін
реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және
оларды жұмылдыруды , ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелеуге
байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды .
Қаржы жүйесі анықтамасының бұл қағидалы үлгісіне сәйкес қаржы жүйесі
мынадай үш бөлікті қамтиды :
• Қаржы қатынастарының жиынтығы ;
• Ақша қорларының жиынтығы ;
• Басқарудың қаржы аппараты .
Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар
болып табылады , оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субьектілер бойынша
жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субьектілердің рөлі
қаржы қатынастары жіктемесінің алғашқы обьективті белгісі ретінде көрінеді
. Осыған сәйкес қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы
жүйесінің екінші бөлігін құрайды. Бұдан бұрын
айтылғандай , қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы
ресурстарын қалыптастырып , пайдалануда табады, бұл ресурстар бюджет қоры ,
амортизациялық қор , айналым қаражаттарының қоры, тұтыну қоры, резерв қоры
және басқа көптеген ақша қорларын қамтиды.
Қаржы қатынастарының нысандары мен ақша қорлары басқарылатын
материалдық обьектіні құрайды. Басқарушы субьект қаржыны басқарудың
мемлекеттік және қоғамдық аппаратының жүйесі – қаржы аппараты болып келеді,
бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады. Қаржы қызметін жоспалау
мен ұйымдастыру қатынастарының буындарының байланысын жетілдірумен
айналысатын қаржы аппараты қаржы жүйесінің басқа бөліктерімен қабысып,
етене ұштасып жатады. Бұл қаржы жүйесінде базистік қатынастардың да айқыш-
ұйқыш айқасуын білдіреді.
Қаржы өзінің экономикалық табиғаты және жалпы қағидалы бірлігі
жағынан біртұтас. Алайда қоғамның сан алуан қажеттеріне қызмет ететіндігіне
байланысты қаржы бірқатар сфералардан тұрады. Нәтижесінде ол өзінің
ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының сферасы мен
буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің біріңғай қаржы құрамын
құрайды.
Жалпы қаржы жүйесінің құрамы – бұл қаржы қатынастарының әртүрлі
сфералары мен буындарының жиынтығы, қатынастардың бұл процесінде түрлі ақша
қорлары құрылып, пайдаланылады .
Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асыруға
қызмет ететін нақтылы қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен
ажырата білген жөн .
Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының
біршама дербес мына сфераларынан тұрады :
• мемлекеттік бюджет жүйесі ;
• мемлекеттік несие ;
• жергілікті қаржылар ;
• шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылары ;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қаржы жүйесі
Экономикалық ақша қатынасы
Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні
Ресейдің қаржы жүйесі
Қаржы жүйесінің ұғымы
Қаржылар және олардың нарықтық экономикадағы ролі
ҚР-ның қаржы жүйесі және дүниежүзілік практика
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі жайлы мәлімет
Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу
Пәндер