Аджип ҚКО компаниясы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

  1. Аджип ҚКО компаниясының жалпы тарихы, міндеттері және негізгі қызметі . . . 4
  2. Қазынашылық жұмыстар бойынша бөлім туралы жалпы сипаттама . . . 14

Қорытынды . . . 17

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 19

Қосымшалар

Кіріспе

Аджип ҚКО компаниясының құрлықтағы мен теңіздегі өндірістік операциялары Батыс Қазақстанда, Атырау қаласының жанында жүргізіліп, осы жерде орналасқан Компанияның бас кеңсесімен үйлестіріледі.

Аджип Каспиан Си Б. В. компаниясы арқылы Эни С. п. А. компаниясының меншігіне толықтай жататын Аджип ҚКО компаниясы Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Солтүстік Каспий бойынша Өнімді бөлісу туралы келісімге (ӨБК) сәйкес Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде жеті халықаралық компания атынан бағалау, игеру және болашақта өндіру бойынша Бірыңғай оператор. ӨБК шеңберіне Қазақстан Республикасындағы алғашқы теніздегі кен орны - Қашаған алып мұнай кен орны, сонымен қатар Оңтүстік-Батыс Қашаған (ОБҚ), Ақтоты, Қайраң және Қаламқас кен орындары кіреді.

Аджип ҚКО компаниясының бірінші кезектегі міндеті жергілікті халықтың экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай туғызып, жобадағы қазақстандық компаниялардың үлесін барынша арттыра отырып және Консорциум мүшелері болып табылатын компаниялар үшін материалдық құндылықтар жасай отырып, коммерциялық өндірісті қоршаған орта үшін қауіпсіз әдістермен бастау болып табылады.

Аджип ҚКО-ның мердігерлері мен жеткізушілерінің қатарына бүкіл дүние жүзі елдерінің, соның ішінде Қазақстан, Италия, Ұлыбритания, Нидерландтар, Швейцария, АҚШ, Біріккен Араб Эмираттары, Түркия, Норвегия, Франция, Жапония, Ресей, Үндістан және басқа елдердің компаниялары кіреді.

Аджип ҚКО компаниясы өз операцияларын жүргізетін аймақтардағы жұртшылыққа әлеуметтік жақтан қолдау көрсету дағдыларын ұстанады. Осы мақсатта Компания жаңа үйлерді, газ және су құбырларын салуды, күрделі жөндеу жұмыстарды қамтитын Әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын (ӘИЖ) жүзеге асырады. ӘИЖ-лардың негізгі бағыттары: денсаулық сақтау, білім беру және жергілікті инфрақұрылым нысандарын салу.

Компанияда қарастырылған жыл сайынғы демеушілік және қайырымдылық бюджет қаражаты жұртшылықтың пайдасына келетін әлеуметтік, білім беру және мәдени бастамаларды қолдауға бөлінеді. Демеушілік көмек бойынша сұраныстар коммерциялық емес ұйымдар мен қоғамдық қорлардан келіп түседі, дегенмен демеушілік көмек мектептерге, медициналық мекемелерге және басқа мүдделі тараптарға қажетті құрал-жабдықтар сатып алу үшін көзделген.

  1. Аджип ҚКО компаниясының жалпы тарихы, міндеттері және негізгі қызметі

Мен өзімнің өндірістік тәжірибемді Аджип Қазақстан Норт Каспиан Оперейтинг Компании Н. В. - да қаңтардың он тоғызы мен сәуірдің он сегізі жұлдызы аралығында өттім.

Өндірістік тәжірибемнің барысында көптеген өзіме керекті, қажет материалдар алып, солармен таныс болдым, нақтырақ айта кетсем, Аджип ККО тарихымен, міндет - мақсаттарымен және жалпы жұмыстарымен таныстым.

Бірінішіден, осы компанияның құрылу тарихы, міндеттері мен мақсаттары, операцияларына тоқталып өтсем. Аджип Каспиан Си Б. В. компанисы арқылы Эни С. п. А. компаниясының меншігіне толықтай жататын Аджип ҚКО компаниясы Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Солтүстік Каспий бойынша Өнімді бөлісу туралы келісімге (ӨБК) сәйкес Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде жеті халықаралық компания атынан бағалау, игеру және болашақта өндіру бойынша Бірыңғай оператор.

ӨБК шеңберінде Қазақстан Республикасындағы алғашқы теңіздегі кен орны - Қашаған алып ұнай кен орны, сонымен қатар Оңтүстік - Батыс Қашаған, Ақтоты, Қайраң және Қаламқас кен орындары кіреді.

Аджип ҚКО жүзеге асыратын операциялардың ауқымдылығы мен күрделілігі айрықша кәсіптік дағдыларды, кең тәжірибені иеленетін және қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, өте күрделі өндірістік жағдайларда жұмыс істей алатын халықаралық жұмыс күшін қажет етеді.

Бүгінгі таңда Аджип ҚКО-ның көп ұлтты ұжымы әртүрлі 50 мемлекеттің өкілдерін біріктіреді. Жоғары кәсіптік мамандарды, қызметкерлерді және машықтанушыларды қоса алғанда Аджип ҚКО-ның қазақстандық қызметкерлерінің саны жыл сайын арта түсуде.

Аджип ҚКО» компаниясының бірінші кезектегі міндеті жергілікті халықтың экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай туғызып, жобадағы қазақстандық компаниялардың үлесін барынша арттыра отырып және Консорциум мүшелері болып табылатын компаниялар үшін материалдық құндылықтар жасай отырып, коммерциялық өндірісті қоршаған орта үшін қауіпсіз әдістермен бастау болып табылады. Өз жұмысы барысында Аджип ҚКО мұнай кен орындарын пайдаланудың оңтайлы әлемдік тәжірибесінің талаптарын ұстанады да қазақстандық және халықаралық заңдар мен нормаларға сәйкес әрекет етеді. Бүгінгі таңда коммерциялық өндіріс 2010 жылдың екінші жартысында басталатын болып жоспарланып отыр.

Аджип ҚКО компаниясының құрлықтағы мен теңіздегі өндірістік операциялары Батыс Қазақстанда, Атырау қаласының жанында жүргізіліп, осы жерде орналасқан Компанияның бас кеңсесімен үйлестіріледі. 2010 жылы компания өз қызметкерлерінің көбін аумағы 80 000 шаршы метр, қаланың шетінде Атырау қаласының әуежайы мен Аджип ҚКО компаниясының Оқу орталығының маңында салынатын жаңа кеңсе ғимаратына көшіруді жоспарлап отыр. Бұл кешенде кеңселер, 350 адамға арналған жиналыс залы, спорт кешені, медициналық орталық және асхана орналасады.

Солтүстік Каспий түбіндегі алып кен орын

Қашаған кен орны - Солтүстік Каспий бойынша ӨБК-нің аймағында табылған ең үлкен мұнай кен орны. Ол 1968 жылы Алясканың Солтүстік жағалауында ашылған Прудо Бэй кен орнынан кейін ең ірі мұнай табылымы болып саналады. XIX-шы ғасырда Ақтау өңірінде туылған белгілі қазақ ақынның құрметіне өз атына ие болған Қашаған кен орны 85 x 45 шақырым аумаққа жайылып жатыр. Кенорын қойнауқаттары осыдан 350 миллион жыл бұрын теңіздің таяз суында қалыптасқан. Қазіргі есептеулер бойынша кенорынның болжамды мұнай қоры 38 миллиард баррельді құрайды, оның 9 миллиарды әлеуетті шығарылуға жатады. Газды кері айдаған жағдайда, шығарылуға жататын мұнай қорының көлемі 11 миллиардқа дейін ұлғаяды деп есептелуде. Қашаған кенорнын игеру үйлестіруді қажет ететін теңіздегі мен құрлықтағы күрделі жұмыстардан тұрады. Осы жұмыстардың ішіне зерттеулер, құрылыс пен іске қосу, бұрғылау, материалдық-техникалық қамту, кен орынды игеру және мұнайды өндіру сияқты жұмыстар кіреді. Басқа ашылған кен орындарға тоқталсақ, 1993 - 1997 жылдар аралығында Консорциум зерттеулер жүргізілген 11 шаршы шақырым аумағынан 26000 шақврвм бойынша сейсмикалық деректер жинады. Бұл бірнеше құрылымдарды анықтауға мүмкіндік берді. Қашағанннан басқа Оңтүстік-Батыс Қашаған, Ақтоты, Қайраң және Қаламқас сияқты құрылымдар ашылды. Халықаралық стандарттар бойынша бұл теңіздегі кен орындар ірі болып саналады, дегенмен олар алып Қашаған кен орнынан едәуір кіші. Қазіргі таңда осы кен орындарының қорларын бағалау бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Қашағанды қоса алғанда табылған көмірсутектер қорларының жалпы көлемі мұнай баламасының 40 миллиард баррелінен асады.

Өз жауапкершілігін түсіне отырып, Аджип ҚКО компаниясы өзінің өндірістік операцияларын жүргізгенде Қазақстан Республикасының заңдарын және халықаралық ережелерді ұстанады, қоршаған ортаны аялайды, Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтейді.

Компания өндірістік операцияларын жүргізу барысында ең озық практикалық тәжірибелер мен технологияларды қолданады, қоршаған ортаға кері әсер тигізуі мүмкін лақтырындылар мен тастандылардың шығарылуын барынша азайтуға мүмкіндік беретін ең тиімді технологиялық шешімдерді іздестіреді және қоршаған ортаға әсер тигізбейтін өнімдер мен қызмет түрлерін пайдалануды қолдайды.

Қазақстанда 2006 жылдың қыркүйек айында өткен “Мұнай - Газ. kz” Бірінші халықаралық мұнай және газ көрмесінде Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі мен Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің сарапшыларынан құрылған комиссия «Ең жақсы экологиялық бағдарлама» номинациясы бойынша Аджип ҚКО компаниясына «Алтын Прометей 2006» жүлдесін берді.

Аджип ҚКО компаниясының Корпоративтік басқару жүйесінің мақсатына, болжамына және құндылықтарына сәйкес Компания:

  • адамдарға зиян келтірмеу,
  • қоршаған ортаны қорғау,
  • материалдар мен қуат көздерін тиімді пайдалану,
  • Аджип ҚКО компаниясының және оның мердігерлерінің қызметкерлері осы міндеттемелерді орындауды мүдделі болатындай мәдениет қалыптастыру

қағидаларын басшылыққа алды.

Каспий теңізі - бірегей табиғи орта, Еділ мен Жайықты қоса алғанда 100-ден астам кіші және үлкен өзендер құйылатын жабық су қоймасы. Қоршаған ортаны қорғау - Аджип ҚКО компаниясының ең басты басымдылықтарының бірі. Мониторингтік зерттеулер жобадан туындаған қоршаған ортадағы кез-келген өзгерістердің анықталуын және өз уақытысында оларға көңіл бөлуді қамтамасыз етеді.

Қоршаған ортаға тигізілетін әсерді бағалау

Аджип ҚКО тапсырмасы бойынша бірнеше қазақстандық компания теңіздегі мен құрлықтағы нысандар, өнімді жеткізу құбырлары және экспорттық құбырлар бойынша жүргізілетін жұмыстар сияқты Аджип ҚКО-ның өндірістік операцияларының қоршаған ортаға әсерін бағалауды (ҚОӘБ) жүргізді. ҚОӘБ құжаттары, яғни өндірістік операциялардан қоршаған ортаға тигізілетін әсерді бағалап, әсерді төмендету шараларын қарастыру құжаттары Тәжірибелі-өнеркәсіптік игеру бағдарламасының алғашқы екі кезеңі бойынша дайындалып бітті.

Экологиялық мониторингтік зерттеулер

Қоршаған ортаны қорғау - Аджип ҚКО компаниясы үшін ең басты басымдылықтардың бірі. Бүгінгі таңда мониторингтік зерттеулердің деректері және бағалы ғылыми ақпарат Аджип ҚКО компаниясының жұмыстарынан пайда болған өзгерістер елеусіз екендігін растайды. Сондай - ақ Аджип ҚКО құстар мен итбалықтардың популяцияларын зерттеу жұмыстарын жыл сайын жүргізеді.

Атмосфералық ауа сапасын бақылау

Аджип ҚКО компаниясы Атырау облысында мұнай өндірісі басталмастан бұрын арнайы стансаларды қолданып, атмосфералық ауа сапасының автоматтандырылған бақылауын жүргізіп отыр. Стансалар - ауа сапасының көрсеткіштерін және метеорологиялық параметрлерді үздіксіз тіркеп отыратын қазіргі заманғы электрондық аспаптар.

Мұнай жайылымдарын жою

Аджип ҚКО компаниясында мұнай жайылымдарының жою (МЖЖ) жөніндегі арнайы топ тағайындалған. Топтың барлық қажетті жабдықтары, құралдары және қызметкерлері Атырау мен Баутинде орналасқан. МЖЖ тобының негізгі міндеті Компанияның және мердігерлердің қызметкерлерімен мұнай жайылымдарының алдын алу бойынша жұмыс істеу. Аджип ҚКО өз өндірістік операцияларын бастағаннан бері қоршаған ортаға ешқандай мұнай төккен жоқ. Компания Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігімен бірге жыл сайын мұнай жайылымдарын жою бойынша жаттығуларға қатысады. Аталған министрлік Компания жұмыстарының тиімділігі мен дайындығын, оның тез едеуін атап көрсетті. Аджип ҚКО нысандары қоршаған ортаның ластауын болдырмайтын мұнай жайыламдарынан екі деңгейлі қорғау тұжырымдамасының негізінде жобаланған. Теңіздегі жасанды аралдарда қарастырылған ештеңе өткізбейтін геотекстильді мембраналар және ақаба суларды жинау жүйесі Каспий теңізіне төгілімдердің жасалуын болдырмайды. Құрылықтағы нысандарда орналасқан барлық сақтау қазандары кездейсоқ лақтырындыларды болдырмау үшін жоғары дәрежеде оқшауланып, автономды болып жасалған.

Бекірелерді таңбалау жобасы

Қазіргі уақытта Аджип ҚКО Каспий теңізінің аймағында негізгі зерттеу жобаларын қаржыландыру мақсатында Биологиялық әртүрлілікті зерттеу бағдарламасын жүзеге асыруда. Аджип ҚКО ақсерке балық түрлерін және олардың өрістеу бағдарларын зерттеу, сонымен қатар бөлек балықтарды электрондық таңбалау бойынша оқыту мен зерттеу бағдарламасына екі жыл бойы демеу беріп, қаржы бөлді. Бұл жұмысты АҚШ-дағы Майами Университетінің жанындағы мұхиттану ғылымы бойынша Пью институтының мамандары Қазақстан балық шаруашылығының ғылыми-зерттеу орталығымен, Атырау бекіре тұқымдас балықтарды өсіру зауытымен және Зарослый ауылындағы Орал-Атырау бекіре тұқымдас балықтарды өсіру зауытымен бірлесіп атқарады. Осы бағдарламаның нәтижесінде Қазақстан Каспий аймағының бес елдерінен бірінші болып, бекіре тұқымдастардың популяцияларын зерттеу үшін қазіргі заманғы таңбалау әдістерін қолданды.

Аджип ҚКО компаниясы өз операцияларын жүргізетін аймақтардағы жұртшылыққа әлеуметтік жақтан қолдау көрсету дағдыларын ұстанады. Осы мақсатта Компания жаңа үйлерді, газ және су құбырларын салуды, күрделі жөндеу жұмыстарды қамтитын Әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын (ӘИЖ) жүзеге асырады. ӘИЖ-лардың негізгі бағыттары: денсаулық сақтау, білім беру және жергілікті инфрақұрылым нысандарын салу. Компанияда қарастырылған жыл сайынғы демеушілік және қайырымдылық бюджет қаражаты жұртшылықтың пайдасына келетін әлеуметтік, білім беру және мәдени бастамаларды қолдауға бөлінеді. Демеушілік көмек бойынша сұраныстар коммерциялық емес ұйымдар мен қоғамдық қорлардан келіп түседі, дегенмен демеушілік көмек мектептерге, медициналық мекемелерге және басқа мүдделі тараптарға қажетті құрал-жабдықтар сатып алу үшін көзделген. Сонымен бірге, Аджип ҚКО тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаларды қаржыландырады. 1998 жылы денсаулық сақтау, білім беру және жергілікті инфрақұрылым сияқты салаларды қамтитын Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар бағдарламасының жүзеге асырылуы басталды. Инфрақұрылымды дамыту жұмыстары «Аджип ҚКО» компаниясының барлық іс-әрекеттер аймақтарында, соның ішінде Атырау қаласы, Мақат ауданы, Ақтау қаласы және Түпқараған ауданы жүргізуде.

Сонымен қатар Аджип ҚКО компаниясы сыртқы ортамен, яғни басқа да компаниялармен тығыз бірігіп жұмыс атқаруда. Көбінесе жабдықтаушыларды өзі бағалап, таңдап олармен жұмыс жасайды. Аджип ҚКО компаниясы жабдықтау мен сатып алуға арналған қызметінде Аджип ҚКО компаниясының Іскерлік Кодексіне және нормативтік-заңдар талаптары мен ӨБК (Өнімді бөлісу туралы келісімі) сәйкес моральдық принциптерге және өнегелілік, адалдық, ашық пен кемсітуді болдырмау мақсатын ұстанады: келісім-шарттарды бекіту туралы шешімді қабылдаған кезде кандидаттарды тендер арқылы конкурстық негізде таңдау, тендерлерді толық құпиялылықпен, айырықша шыншылдықпен және адалдықпен, тендерге қатысушылардың барлығымен құпиялы негізде ақпарат алмасу жолымен өткізу әдісін қолданады. Төменде Аджип ҚКО жеткізушісі болуына қажет процес көрсетілген:

Жабдықтаушылардың біліктілігін бағалау

Жабдықтаушылардың біліктілігін бағалау - тендер барысында назарға алынатын Жабдықтаушылар тізімі жасалады

Нарық туралы мәлімет - Аджип ҚКО компаниясы жобаны жүзеге сәтті асыру үшін өз қызметіне әлеуетті қатысушысы бола алатын қазақстандық компанияларды таңдайды. Компания қызмет және тауарлар жеткізушілермен өзі байланысуы мүмкін немесе жеткізушілер өздері туралы мәлімет берулері мүмкін. Толтырылған нысандағы мәлімет компанияның арнайы жабдықтаушылар туралы деректер жинақталған Нарық туралы мәлімет дерекқорына енгізіледі. Әріне, жабдықтаушы туралы мәліметтің дерекқорға енгізілуі жабдықтаушының біліктілік бағалаудан өткені болып саналмайды. Аджип ҚКО дерекқорда тіркелген жабдықтаушыны Компанияның арнайы Жабдықтаушылар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, жабдықтаушының біліктілігін бағалау процесі басталады және сол мақсатта жабдықтаушымен жұмыс жасау үшін өнім сапасы мен жабдықтаушылардың қызмет көрсету мәселелері жөніндегі инженері тағайындалады. Осы маман жабдықтаушының біліктілік таңдаудан өтуін басқарады және басынан аяғына дейін көмектесетін болады. Бұл кезеңде жабдықтаушы Аджип ҚКО компаниясына өз мекемесі туралы бар қажетті мәліметті ұсынады. Жабдықтаушыны бағалау - бұл кезеңде жабдықтаушының өндірістік және техникалық мүмкіндіктері Аджип ҚКО талаптарына сәйкестігі бағаланады. Бағалау төмендегі әдістермен жүзеге асырылады:

  • алынған мәліметті талдау
  • жеткізушілермен екздесу
  • Жабдықтаушының өндірістік орындарына бару
  • Басқа мәлімет көздерін пайдалану.

Бағалау процесі аяқталған соң, оның нәтижесі жабдықтаушыға хат арқылы ресми хабарланады. Тендерді өткізу және Келісм - шартты беру . Келісім - шарт бәсекелес тендер барысында экономикалық және техникалық тұрғыдан тиімді ұсыныс жасаған Тендер қатысушысына беріледі.

Тендерге қатысушылардың тізімі - Келісім-шарт және сатып алу бөлімінің әрбір ұсыныс негізінде Аджип ҚКО компаниясының жабдықтаушылар тізімі бойынша тендерге қатысушылар тізімі жасалады. Осылайша, компания, қазақстандық тауарлар және қызмет ұсынушыларға барынша мүмкіндік жасайды. Келісім-шартты билеуші бөлімі келісім-шарт бойынша жұмыс көлемін, техникалық шарттарды, санын, жеткізу талаптарын анықтайды.

Тендерге шақыру қағаздарын (ТШҚ) дайындау, бекіту және тарату
Келісім-шарт және сатып алу бөлімінің қызметкерлері тендерге қатысуға шақыру үшін құжаттамалар пакетін және әрбір тауар, жқмыс және қызмет түріне кемінде үш қатысушымен конвертке салынған ұсыныстар беріледі.
Аджип ҚКО берілген ұсыныстардың ешқайсысын, мейлі оның бағасы төмен немесе жоғары болсын қабылдауға міндеттенбейді, сондай-ақ тендер дайындауға кеткен шығындар бойынша және оларды тендерге қатысушыларға өтеу бойынша өзіне жауапкершілік жүктемейді.

Тендерге қатысушылармен ақпарат алмасу
Тендерге қатысушылар келісім-шарттар және сатып алу бөліміндегі тағайындалған байланысу тұлғасы арқылы кез келген аспектілер бойынша жазбаша түрде, техникалық сипаттағы түсіндірмелер алуы мүмкін. Компания тарапынан, осы кезеңде түсетін ақпараттық сипаттағы кез келген түсіндірмелер, тендерге тең жағдайда қатысуды қамтамасыз ету мақсатында, тендерге қатысушылардың барлығына таратылады.

Тендерлік ұсыныстар беру
Аджип ҚКО компаниясы тендердің сапалы техникалық және экономикалық нәтижелерін қамтамасыз ету үшін, тендерге қатысушылардың жауаптарына арнап стандарттық нысандар мен конверттер береді. Бағасы көрсетілмеген техникалық келісім-шарттық ұсыныс және бағасы көрсетілген коммерциялық ұсыныс әрқайсысы бөлек конверттермен жіберіледі.

Тендерлік ұсыныстарды бағалау
Техникалық және келісім-шарттық ұсыныстарды бағалау жабдықтауға сұраныс берген бөлімдермен және тендермен айналысатын келісім-шарттар және сатып алу бөлімінің бөлімшесімен жүргізіледі. Бекітілген конверт сейфте сақталады және ұсыныс техникалық, келісім-шарттық параметрлері бойынша үздік болған жағдайда ғана ашылады. Жергілікті қорларды дамыту процесі Өнімді бөлісу туралы келісімнің (ӨБК) шарттарына сәйкес қазақстандық тауарлар мен қызметтерін және қазақстандық компанияларды дамыту мүмкіндіктерін анықтау және барынша арттыру жөніндегі тәсілдемені әзірлеуге бағытталған.

Жоспарлау: Жоспарлау
Жоспарлау:
Сатып алу қажеттілігін анықтау;
Жергілікті
қорларды дамыту бағдарламасы
Жоспарлау:
Жергілікті қорларды дамыту мүмкіндіктерін арттыру міндеттерін, стратегиясын және әрекет ету жоспарларын дамыту.
Дамыту: Дамыту
Дамыту:
Аджип ҚКО компаниясы туралы хабардар болушылықты көтеру
Қазақстандық
білікті жабдықтаушылар
Дамыту:
Қазақстандық мердігерлерді анықтау, бағалау және оларға қолдау көрсету;
Дамыту:
Қазақстандық мердігерлерді алдын ала бағалаудан және квалификациялық бағалаудан өткізу.
Орындау: Орындау
Орындау:
Келісім-шарттар мен сатып алу стратегиясын анықтау;
Қазақстандық мердігерлермен келісім-шарттар
жасау
Орындау:
Тендерге қатысуға шақырулар мен келісім-шарттарды жергілікті қорларға қатысты ерекше ережелер әзірлеу;
Орындау:
Тендерлер өткізу және келісім-шарттар жасау.
Бақылау және жақсарту: Бақылау және жақсарту
Бақылау және жақсарту:
Жергілікті қорларды көрсеткіштері бойынша бақылау жүргізу және есеп беру;
Жергілікті қорларды дамыту және есеп беру жүйесі
Бақылау және жақсарту:
Жергілікті қорларды дамыту бойынша болашақ мүмкіндіктерге қолдау көрсету мақсатында жетілдіру туралы ұсыныс жасау.

2. Қазынашылық жұмыстар бойынша бөлім туралы жалпы сипаттама

Негізінен бұл үлкен компания болғандықтан атқаратын жұмыстары да ауқымды, сондықтан оның міндеттері белгілі бір белгілері бойынша департаменттерге бөлінген, нақтырақ департаменттеріне тоқталатын болсам, арнайы белгілері бойынша Атқарушылық бөлім, Қашаған проект бөлімі, Операциялық бөлім және Мұнай және Газ тасымалдау және маркетинг бөлімі болып бөлінеді екен. Осының ішінде Атқарушылық бөлім құрамы:

  • келісім жасау және жеткізу департаменті
  • қаржы, салық және бақылау департаменті
  • денсаулық, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау департаменті
  • адам ресурстары мен басқару департаменті
  • ішкі қамтамасыз ету департаменті
  • заң департаменті
  • жергілікті даму департаменті
  • серіктестер мен қатынастар департаменті.

Осы департаменттердің ішінен өзімнің өндірістік тәжірибемді Қаржы, салық

бақылау департаментінде, яғни нақтырақ Қазынашылық жұмыстар бойынша бөлімінде өткіздім. Қазынашылық жұмыстар бойынша бөлім негізінен жұмысшылар шығыны, жабдықтаушы шоты, еңбекақы, салық төлемдері және басқа төлемдер мен шығындардың есептелу жолдары, операциялары, міндеттері, шоттар анализі, Қазынашылық қорына тапсырыс беру, банктік шоттар, жолаушы шығындары, олардың шоттары, шот белгілері, банктермен жасалатын кепілдік жұмыстары, оларды тексеру және т. с. с. жұмыстармен айналысады.

Мен осы операциялардың барлығымен толығырақ және жұмысшылар қызметтері мен атқаратын жұмыстарымен танысып, көптеген ақпараттар алып, сонымен қатар өзіме белгілі бір дәрежеде тәжірибе жинадым. Ең біріншіден, Қаржы, салық және бақылау директоры мен Қаржы, салық және бақылау менеджерінің мойындауымен, Қазынашылық жұмыстар бойынша менеджерге ақша қаражаттарын басқару барысында кассир тағайындайды. Кассир өз кезегінде, ұсақ ақша қаражаттарын басқарумен бірге:

  • оның дер кезінде қаржыландырылуын;
  • шығындар документінің уақытымен жазылуын;
  • уақытымен кассалық кітапты Қаржылық Бухгалтерлік Есеп менеджеріне жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аджип ҚКО компаниясы туралы
Аджип ҚКО компаниясы туралы ақпарат
Жарақсыз газ бен мұнай қалдықтарын тазалайн фильтр
«ҚазМұнайГаз» мұнай компаниясы
Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайын талдау
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы
Мұнай саласында Қазақстан аумағында оны барлау, өндірумен айналысып жатқан шетелдік мұнай компаниялары
Мұнай өндірісінің қоршаған ортаға әсері
Мұнай ұғымы
Қоршаған ортаны қорғау және алдын алу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz