Ежелгі адамдар, олардың дамуы, археология


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 193 бет
Таңдаулыға:   

Ежелгі адамдар, олардың дамуы, археология

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2 миллион жыл бұрын пайда болған. Әрине, бұл деректі археология ғылымы дәлелдеген.

Археология - тарихи ескерткіштер, мұралар арқылы адам баласының өткен тарихын зерттейтін ғылым.

Ең алғашқы адамның қалдықтары Шығыс Африкада (Кения жеріндегі Олдувай шатқалы) табылған.

Адам дамуының сатылары

1. «Епті адам»

Табылған жері - Африка (Кения жеріндегі Олдувай шатқалы) - 1 млн 750 мың жыл.

2. «Тік журетін адам»

1 млн жыл бұрын өмір сүрген:

а) питекантроп: табылған жері - Ява аралы (1891 жыл) .

ә) синантроп: табылған жері - Қытайдағы Чжо-коу-дянь үңгірі (1927 жыл) .

3. «Неандертал адамы»

Табылған жері - Германиядағы Неандертал өңірі, Өзбекстанның солтүстік өңіріндегі Тесіктас үнгірі (1938 жыл) .

Ғалымдар Солтүстік-Шығыс Африканы алғашқы адамның отаны деп есептейді.

Тарихшы, археолог ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде Қазақстанда ежелгі адамдардың тіршілік еткені дәлелденіп отыр. Қазақстан жерінен табылған көптеген тас құралдар осының нақты айғағы болуда.

Қазақстан тас дәуірінде

Адам баласының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған және бұл кезең ұзақ уақытқа созылған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас дәуірі деп аталған.

Тас дәуірінің кезеңдері

1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі)

а) ерте палеолит

ә) орта палеолит

б) кейінгі палеолит

2. Мезолит (орта тас дәуірі)

3. Неолит (жаңа тас дәуірі)

1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі)

а) ерте палеолит

(б. з. б. 2 млн-140 мыңжылдықтар) .

Табиғаты

Оңтүстіктегі Үнді мұхиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп тұрған. Сондықтан Қазақстанда субтропиктік ормандар болған.

Осы кездегі Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер т. с. с. Б. з. б. 100-80 мың жыл бұрын ауа райы күрт өзгерген. Осы кезде Қазақстанда ұзаққа созылған ауа райының суытуы басталған. Барлық тауларды мұз басқан. Бұл суық мерзім б. з. б. 12000 жылға дейін созылған.

Адамдары

Қазақстан жерін ежелгі адамдар б. з. б. 800-140 мыңжылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.

Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік.

Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т. б.

Адамдар табиғаттын, қаталдығына қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етіп қиындықты жеңу үшін топпен өмір сүрді.

Еңбек құралдары

Еңбек құралдарын жасау үшін пайдаланған тастары: кварцит, обсидиан, тақтатас, шақпақтас. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Шабақты мекендерінен (5000-ға жуық тас кұрал), Қазанғап шатқалы (тастан жасалған 300-ге жуық құрал), Қарасу тұрағы (тастан жасалған 15000-ға жуық құрал), Сарыарқа тұрақтары, Балқаштың солтүстік жағалауы (ежелгі адамдардың тұрақтары, тас құралдар) т. с. с. жерлерден тастан жасалған құралдар табылған.

Ерте палеолит дәуірінің созылған уақыты - шамамен 1 млн 86 жыл.

ә) орта палеолшп (б. з. б. 140-40 мыңжылдықтар) .

Орта палеолит дәуірі мустьер дәуірі деп аталады. Бұл дәуір ертедегі адамныңдамуымен, мәдениеті дамуының жаңа кезеңі болуымен ерекшеленеді.

Табиғаты

Балқаш көлі, Ертіс маңында орманды дала, ал оңтүстікте жусанды дала болды.

Өзгерістер: Қазақстанда тау түзілу құбылыстары жүрді. Ауа райы салқындады, өзендер мен көлдердің негізгі арналары қалыптасты.

Өсімдіктер: қайың, шырша, қарағайт. с. с.

Жануарлар: бұғы, бизон, піл, мамонттар.

Адамдар және олардың тіршілігі

Орта палеолит дәуірінің адамдары - иеандерталдықтар.

Антропологиялық келбеті: қысқа мойынды, аса ірі тісі бар, сөйлеу қабілеті дұрыс қалыптаспаған.

Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Анды қауым болып бірігіп, топпен аулаған.

Аулайтын андары: бөкен, аю, бизон, мамонт т. с. с. Басты ерекшеліктерінің бірі шақпақ тастар арқылы от шығаруды үйренді. Діни наным қалыптаса бастады. Бұл арқылы өлікті бір қырына қарай жатқызып, аяғын бүгіп жерлеген.

Еңбек құралдары және археологиялың ескерткіштер

Тасты өндеу әдісі жетідді. Еңбек кұралдары, негізінен, нуклеустан жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өндеу үшін қырғыш тас пайдаланылды.

Археологиялық ескерткіштер Оңтүстік Қазақстандағы Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрағынан табылған.

Табылған заттар: үшкір тас, қырғыш т. б.

б) кейінгі палеолит (б. з. б. 40-12 мыңжылдықтар) .

Бұл дәуірде адам баласы дамуындағы жаңа кезең басталып, қазіргі адамға ұқсас адамдар қалыптасты. Бұл адамдарды «саналы адамдар» немесе кроманьондық адамдар деп атайды (Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған) .

Адамдар және олардың тіршілігі

Антропологиялық белгілері: бас сүйектері сопақ, жазық маңдайлы, бойлары ұзын, тік жүрген.

Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік.

Аулаған андары: зубр, бұғы, марал, жылқы, мамонт.

Теретін жеміс-жидектері: жабайы алма, алмұрт, саңырауқұлақ, сәбіз, жаңғақт. б.

Еңбек құралдарының 20 шақты түрі болған. Адамдар тау үңгірлерін, қуыстарды баспана қылған. Бұл кезеңге тән адамдар баспанасы әзірге Қазақстан жерінен табылған жоқ. Бірақ Қазақстанға жақын Сібір жерінен мамонт сүйектерінен салынған баспаналар табылған. Бұл дәуірде адамдардың бірлескен тобы рулық қауым қалыптасты. Кейіннен аналық рулық қауым орнады. Бұл дәуір адамдарының бұрынғылардан ерекшелігі рухани жағынан жоғары болды. Үңгір қабырғаларына салынған суреттер бұған дәлел болуда. Бұл дәуірде діни нанымның өзіндік түрі болған. Өлген адамды жерлегенде, түрлі әшекей заттарын бірге көмген. Тайпаның пірі болған әйел-ананың мүсінін жасаған.

Ескерткіштері

- Оңтүстік Қазақстандағы Ащысай тұрағы. Табылған заттар: жануарлар сүйектері, қырғыш, кескіш, пышақтәрізді қарулар т. б.

- Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағы, Қарабас көмбесі.

Табылған заттар: сүңгінің ұштары, қырғыш тастар, торфириттен жасалған 172 зат.

2. Мезолитдәуірі (б. з. б. 12-5 мыңжылдықтар) . Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі мезолит дәуірі келді. Мезолит дәуірі 7000 жылға созылды. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған.

Табиғаты

Ауа райы күрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті.

Адамдар, олардың шаруашылығы

Аңшылық осы кездегі адамдардың негізгі кәсібінің бірі болды.

Аңшылық қарулар: жебелі садақ, бумеранг т. б. Садақтың алғашқы түрі ағаштан жасалған. Жебелер ағаштан, ұштары сүйектен жасалған. Жебе 80-450 метр қашықтыққа жетеді. Бумеранг - ағаштан жасалған ораққа ұқсас қару. Қашықтығы 100 метрге дейін ұшады. Балық аулау да жақсы дамыды. Оның негізгі себебі - мұздың еруі, өзен, көлдер суының молаюы. Бұл дәуірде адамдар Еуропа, Азия, Америка материгін игерді.

Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру.

3. Неолит дәуірі (б. з. б. 5-3 мыңжылдықтар) . Неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады. Бұл дәуірде біраз ерекшеліктер болды. Ең алдымен қоршаған орта қазіргі кейпінде болды. Адамдар жануарларды қолға үйретумен айналысты. Адамдар шаруашылығының дамуына, оның жаңа түрлерінің көбеюіне байланысты адамдардың кәсіби қабілеті де дами бастады.

Адамдар, олардың шаруашылығы

Жаңа тас дәуіріндегі адамдар бұрынғы адамдардан барлық жағынан жоғары тұрды.

Құралдары: қыш ыдыс, керамика, дән үккіш, балта, кетпен, келі, сәндік бұйымдар т. б. Бұларды саз балшықтан, тастан, граниттен, мыс, алтын, қорғасын сияқты металдардан т. б. заттардан жасаған. Аңшылық қарудың сапасы жақсарды. Адамдар мата тоқып, киім тігуді үйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген.

Ерекшелік: өндіруші шаруашылықтуды.

Тұрақтар

Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында малшылар мен аңшылар тұрған. Себебі бұл жерлерде сиыр, қой, жылқы сияқты үй жануарларының сүйектері табылған (Қостанай облысындағы Ботай тұрағы, Батыс Қазақстан өңіріндегі Көктүбек, Темір тұрақтары және т. б. ) -

Қоғамдық құрылыс және рухани өмір

Неолит дәуірі адамдарының діни нанымын олардың өлікті жерлеу дәстүріне қарап білеміз. Өлген адаммен бірге қабірге әшекей заттар, қарулар көмілген. Мәйітті өртеген. Бұл дәуірде әйелдер еңбегінің маңызы артты, олар қоғамда жетекші орын ала бастады. Осылай неолит дәуірінде аналық ру пайда болды.

Қола дәуіріндегі Қазақстан

Қола дәуірі (б. з. б. 2-1 мыңжылдықтар) . Тас дәуірі аяқталғаннан кейін, қола дәуірі басталады. Қола дәуірі деп аталуының себебі, осы кезде Еуразияда қола өндіру тәсілі қолға алынды. Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды.

Қола дәуірінің басты 3 ерекшелігі болды.

1 . Қола металлургиясы. Түсті металдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстанның бірнеше өңірлерінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады.

2. Бақташылық, мал шаруашылығы. Мал өсіру негізгі кәсіпке айналды. Үй жануарларының түрі көбейді. Бағылатын малдың саны артқандықтан, шаруашылықтың жаңа түрі көшпелі мал шаруашылығы пайда болды.

3. Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды. Металлургияның, мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы ер адамдардың қоғамдағы рөлін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық отбасылық рулық қатынас орнады.

Андронов мәдениеті

Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен орындары, зираттар, суреттер т. б. археологиялык ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет - Еуразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андронов қонысындағы Ачинск ауылының маңынан табылған.

Андронов мәдениеті ескерткіштерінің аумағы шығыстағы Минусинск шұнхырынан бастап солтүстіктегі аса үлкен Батыс Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Памир тауларына дейінгі кең-байтақ аумақты қамтыған.

Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік-Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан. Осылардың ішіндегі ең ірісі - Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150-ге жуық қабірі, 30-дай елді мекен тұрағы бар.

Елді мекендері: Алексеевка, Ұралысай, Тастыбұлақ, Түгіскен кесенесі, Ертіс, Бұқтырма, Күршім өзендерінің аңғарларындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай таулы аймақтарындат. б.

Шаруашылығы

Қола өндіру ісі мыс пен қалайыны қорыту арқылы б. з. б. 2 мыңжылдықта басталды. Андроновтықтарда, негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл, әрине, егін шаруашылығы дамығанын көрсетеді. Жер тесемен өнделгендіктен, сол кездегі егіншілік «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсірілген.

Андроновтықтар жылқы, сиыр, қой, кейіннен түйе өсірген. Терісі мен жүнін киім ретінде, еті мен сүтін тамақ ретінде және қосымша жануарларды көлік, күш ретінде пайдаланған.

Андронов қолөнері

Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар қыш ыдыстар жасаған. Бұл көбінесе әйелдер ісі болған. Мұндай ыдысты жасағанда негізгі шикізат ретінде балшықты пайдаланған.

Ыдысты жасау әдістері:

а) таспалық әдіс;

ә) қалыпқа салып пішіндеу әдісі.

Бұл әдістер б. з. б. ХVІІ-ХІ ғасырларда қолданылған.

Ыдысқа салынатын өрнектер: шаршы, үшбұрыш т. б.

Үй кәсіпшілігі

Тоқыма кәсібі дамыды.

Киім тігуге пайдаланған шикізаттар: қой жүні, ешкі түбіті, тері, сүйек (түйме жасауға), тарамыс жіп.

Киімдер: жүннен тоқылған баскиім, теріден тігілген құлақшын, өкшесі жоқ аяқкиім т. б.

Қоғамдық құрылысы

Әкелік әулет пайда болды (ру) . Әр рудың аты болды. Мал, үй мүліктері, еңбек құралдары рудың байлығы болып есептелді. Жеке меншік пайда болды. Осыдан мүлік теңсіздігі күшейіп, бай мен кедей ұғымы дүниеге келді.

Андронов кеншіпері

Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындары: Жезқазғандағы мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындары (б. з. б. 3 мыңжылдык) .

Кен өндіру әдістері:

а) опыру әдісі;

ә) отпен үгіту әдісі;

б) үңгіп қазу әдісі.

Андроновтықтар өндірген кенді суда жуған. Ол кендер балқыту пештеріне тасылған. Мұндай балқыту пештері Атасу, Суық бұлақ, Қанай маңындағы андроновтықтар елді мекендерінен табылған.

Андроновтықтар баспанасы

Тұрғын үйлері: жертөле немесе жартылай жер бетіндегі үйлер.

Тұрғын үй аумағы: 100-400 м 2 . Жертөле терендігі 1, 5 м. Қола дәуірінің соңындағы үйлер - жер бетінде салынған сопақша үйлер. Археологиялық зерттеу нәтижесінде қазіргі киіз үй жобасы андроновтықтар баспанасы негізінде пайда болуы мүмкін деген пікір бар.

Дін және өнер

Қола дәуіріндегі адамдар ең алдымен табиғат күштеріне табынды. Андроновтықтар арасында өлгендерге табыну да күшті болған, сондықтан жерлеу ғұрпына ерекше мән берілген.

1. Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан.

2. Өліктің аяқ-қолын бүгіп қабірге жатқызған.

3. Адам өлігін өртеп, күлін қабірге қою ғұрпы да болған.

Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Отбасы үшін өте қасиетті саналған ошақты андроновтықтар қатты құрметтеген.

Тасқа салынған суреттер Таңбалы, Ешкі өлмес, Маймақ, Бөкентау, Жасыбай, Хантау, Бұланты, Айтпай т. с. с. жерлерден табылған.

Тасқа салынған суреттер: жабайы бұқа, билеген адамдар, қос өркешті түйе, екі аяқты арба, әскерлер шайқасы.

Әшекейлер: сақина тәріздес дөңгелек сырға, алтын білезік т. б.

Әшекейлер Жетісудағы Мыңшұңқыр қабірінен (андық стильде өрнектелген сырға), Орталық Қазақстандағы Айбас сағасынан (алтын білезік т. б. ) табылған.

Қазақстан жеріндегі тайпалар одақтары және мемлекеттік бірлестіктер

Қазақстан жеріндегі алғашқы көшпенділер

Б. з. б. 1 мынжылдықтың басында Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың шаруашылық өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер болды. Қазақстанды мекендеген тайпалар осы кезде көшпелі мал шаруашылығына бейімделе бастады. Бұл жағдай шаруашылықтың дамуына негіз болды. Мұнымен қатар көшпенділер арасында мәдениет те дамыды. Б. з. б. VІІІ-VII ғасырларда Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалар темірді пайдалана бастады. Бұл кезен, тарихта тас, қола дәуірінен кейінгі ерте темір дәуірі деп аталады. Аталған дәуірге жататын ескерткіштер Қазақстанның Зайсан көлі маңынан, Жетісудан, Тасмола қорғандарынан табылды. Бұл дәуірде Қазақстан аумағын сақ, ғұн, қаңлы т. б. тайпалар мекен еткен.

Сақтар

Археологиялық мәліметтер бойынша, сақ тайпалары Қазақстан аумағын б. з. б. УІІ-ІУ ғасырларда мекендеген. Сақ тайпалары әр түрлі аталған. Сақтарды ежелгі грек авторлары "Азиялық скифтер", парсы ескерткіштерінде "Құдіретті еркектер", иран жазбаларында "Жүйрік атты турлар" деп атаған. Сақтарда, негізінен, әскери қоғам болды. Сақтайпалары 3 топқа бөлінген.

1) Шошақ бөрікті сақтар (тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдарияның орта ағысын мекендеген.

2) Теңіздің аргы жағындагы сақттар (парадарайя) Қара теңіздің солтүстігін, Арал маңын, яғни Сырдария мен Әмудария өзендерінің төменгі ағысын мекендеген.

3) Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомаварга) Мұрғаб аңғарын мекендеген.

Сақтардың шаруашылығы

Сақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының 3 түрі болды:

1) көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Орталық Қазақстанда өріс алды;

2) қыстық және жаздық қоныстарды қажет ететін жартылай көшпелі мал шаруашылығы Алтай, Тянь-Шань тауларында, Жетісу, Шығыс Қазақстанда көп тарады;

3) отырықшы мал шаруашылығы (жартылай егіншілікпен айналысқан) . Шаруашылықтың мұндай түрі Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Келес, Шу өзендерінің аңғарларында дамыды. Сақтар жылқы, қой, түйені өте көп өсірді, ал ірі қара (сиыр) саны аз болды.

Сырдария өзенінің аңғарында егін шаруашылығымен айналысты. Бидай, тары, қарабидай өсірді. Егінді канал арқылы суарды.

Сақтардың әлеуметтік құрылымы

Сақтар қоғамында әскери демократия құрылысы орнады. Тайпа көсемі бас қолбасшы болды. Сақ қоғамының адамдары 3 әлеуметтік топқа бөлінді. Олардың әрқайсысына бір түс тән болды:

1) жауынгерлер (қызыл),

2) абыздар (ақ),

3) басқа қауым адамдары (сары, көк) .

Сақ жауынгерлері

Патшалар жауынгерлер тобынан шықты.

Сақ жауынгерлерінің ерлігі туралы көптеген дерек әңгімелер бар.

Сақтар б. з. б. 519-518 жылдары парсылармен соғысып, I Дарийдің әскеріне қарсы ерлікпен шайқасады. Сақтар парсылармен бірге Грекия, Египет жеріндегі соғысқа қатысады.

Сақтың әйел патшасы Томирис парсы патшасы Кирдің әскерін жеңген. Томирис адам қаны толтырылған меске Кирдің басын салып тұрып: "Ақсағаның қан болса, ал енді іш!" - деп айтады.

Б. з. б. IV ғасырда Александр Македонскийдің Орта Азия жеріне жорығы басталды. Ол б. з. б. 330-327 жылдары Сырдарияның сол жағындағы өңірлерді түгелге жуық басып алып, Шеткі Александрия қаласын салады.

Александр Македонский шығысты жаулап алады, бірақ Сырдарияның оң жағындағы сақтардан жеңіледі.

Сақтардың өнері мен саудасы

Сақтарда кейіннен қолөнер мен сауда дами бастады. Шеберлер ер-тұрман, әшекей, найза, семсер, қанжар т. б. жасаған.

Қоленер жақсы дамыды. Мыс, алтын, күміс, қорғасын т. б. металдарды көп пайдаланған. Сонымен қатар теріден, ағаштан, қыштан ыдыстар жасаған.

Сақтайпалары Сібір, Еуропа, Алтай және Шығыс елдерімен байланыс жасады. Сауда Жібек жолы және б. з. б. 1 мыңжылдықтағы "Дала жолы" арқылы дамыды.

Сақ өнерінде аңдық стиль болды. Олар аңдар мен әртүрлі аңыздардағы жануар бейнесіндегі құбыжықтарды бейнелейтін еді. Аңдық стиль б. з. б. VII ғасырда Алдыңғы Азияда дүниеге келеді. Арыстан бейнесіндегі "өмір ағашы" сақтарға ең көп тараған.

Сақтар әр түрлі жануарлар бейнесіндегі құдайға, табиғат күштері күнге, желге, әр түрлі құбылыстарға табынды. Мысалы, күн күркіреу құдайы қабан бейнесінде бейнеленген.

Зергерлік өнері жақсы дамыған. Сақ шеберлері әшекейлер, ер-тұрмаңдар, әр түрлі андар бейнеленген бұйымдар жасай білген. Сақтардың түсінігінше, әлем 3 бөліктен құралған:

1) Жер астындағы әлем,

2) Орта жер әлемі,

3) Аспан әлемі.

Сақтардың археологиялық ескерткіштері

Шырықрабат - апасиактардың ("су жағасын мекендеген сақтар") астанасы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде орналасқан. Қала 42 гектар жерді алып жатқан төбеде орналасқан. Қаланың орнынан көптеген дуал, мұнара құрылыстар табылған.

Сақтардың археологиялық ескерткіштерінің бірі - Бабыш молда қаласы.

Алматы облысындағы Есік қорғаны - б. з. б. VIII-III ғасырлардағы сақ моласы. Бұл молада әрі жауынгер, әрі малшы, әрі абыз адам жерленген. Ол «Алтын адам» деп аталған. Онымен бірге қару-жарақ, басқа да шаруашылық құралдар көмілген.

Ежелгі грек тарихшысы Геродот сақтар жайлы көп тарихи деректер қалдырған.

Үйсіндер

Б. з. б. II ғасырда сақ тайпаларының Жетісудағы жерін үйсін тайпалары мекендеді. Үйсіндердің мекені Іле, Шу, Талас, Сырдария өзендерінің жағасында болған. Үйсіндер мемлекеті 3-ке белінді:

1. Шығыс,

2. Батыс,

3. Орталық.

Үйсіндер астанасы - Қызыл Аңғар қаласы. Үйсін билеушісінің титулы - гуньмо. Үйсіндер қаңлы, ғұндар тайпаларымен соғысқан.

Үйсіндер баспанасы

Шу, Кеген өзендері бойындағы үйсіндер кірпіштен, тастан соғылған үйлерде, көшпелі үйсіндер киіз үйлерде тұрды. Қазба жұмыстары нәтижесінде үйсіндер баспанасынан көптеген тұрмыс заттары табылған.

Үйсіндер шаруашылығы

Үйсіндердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Сонымен бірге үйсіндер егін шаруашылығымен де айналысты.

Үйсіндер қорғасын, мыс, алтын кендерін білді.

Үйсіндердің өнері және діні

Археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған әйелдің тәжі тәріздес әшекейлі баскиімі Қарғалы диадемасы - үйсіндердің өнері мен діни нанымынан мәлімет берегін кұнды ескерткіш. Ол 2300 м биіктіктегі тау шатқалынан табылған.

Үйсіндер туралы тарихи деректер

Үйсіндер туралы кең мәлімет Қытай деректерінде көп кездеседі. Себебі үйсіндер Қытаймен кең байланыста болған. Үйсіндер туралы көп деректі Қытай тарихшысы Сыма Цян жазды. Оның жинаіыңда үйсіндер туралы былай делінген: «Халықтың саны 630 мың, үй саны 120 мың, жауынгерлерінің саны 180 мың . . .

. . . Үйсіндерде жылқы көп. Бай адамдардың 4000-5000-ға дейін жылқысы болады . . . »

Қаңлылар

Б. з. б. III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Қаңлылар Оңтүстік Қазақстанда Сырдария өзенінің орта ағысын мекендеген. Қаңлылар астанасы - Битянь қаласы. Байланыс жасаған елдер - Қытай, Рим, Кавказ т. б. Қаңлылар үйсін, ғұн тайпаларымен соғысқан.

Қаңлылар шаруашылығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Археология теориясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Археология ғылымы. Археологиялық ескерткіштер түрлері
Археология ғылымына түсінік
Археология ұғымы және археологияның қалыптасу тарихы
АРХЕОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Тарих ғылымдарының докторы
Қазақстан тас дәуірінде
Қазақсатандағы ежелгі тарихи және экологиялық процестер
Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі
Тарихи археологиялық музей қорларын жинақтау тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz