Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарасы



І . К І Р І С П Е
II. І .тарау.

Әлихан Бөкейханұлының саяси көзқарастарының қалыптасу шарттары.

1.1. XІX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы қоғамдық пкірдегі саяси.әлеуметтік бағыттың қалыптасу мәселелері.
1.2. Әлихан Бөкейханов және “Алаш партиясы”.

III. ІІ .тарау.
Саясаттану контекстіндегі Әлихан Бөкехановтың саяси .әлеуметтік көзқарасы.


2.1. Әлихан Бөкейханов және 20.30 жылдардағы Қазақстандағы Қазақстанда Советтік тоталитарлық саяси жүйенің қалыптасуы.
2.2. Біртұтас Түркістан идеясы қазіргі заманның саяси процестер контекстінде.

ІV . Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
V. Қолданылған деректер тізімі.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Егеменді қазақ мемлекетінің қалыптасуы өте күрделі кезеңдерде өтіп жатыр. Қазіргі мемлекетіміздің қалыптасуының экономикалық қиыншылықтары аз емес, бірақ та егеменді ел болу үшін ең басты роль атқаратыны – ол рухани мәселелері. Соның ішінде даралап айта кетер бір саласы -қазақ халқының қоғамдық -саяси әлеуметтік мұралары мен бай рухани қазыналарын зерттеу,өмір талабына сай философияның тарихын қалыптастыру. Өзінің ұлттық философиясы жоқ мемлекет ешқашан еркін,рухани дамып жетіле алмайды. Л.Н.Гумилев айтқандай: “Өз тарихын, өз философиясын білмейінше және оған белгілі бір көзқараста болмайынша ешқандай да мәдениеттің дамуы мүмкін емес”.(1).
Сондықтан да қазіргі Қазақстан елінің ғылымдары мен саясаткерлері дүние жүзіне халқымыздың бай тарихы мен фольклорын,мәдениетін жоғары теориялық,зерттеулер дәрежесінде көрсете білу керек. Бұл алға қойған мақсаттарды толығынан жүзеге асыру көптеген кеңес дәуірі кезінде қалыптасқан көзқарастарға басқаша ,таптық немесе партиялық позициялардан емес, жалпы адамзаттық позициядан баға беру керек.
Қашан да болмасын, қоғамның дамуын ұғыну, оның өткеніне үңілуді талап етеді, ол өйткені түсіне білу бүгінгі мәселелердің тамырын ұстап білуге көмегін тигізеді. Сондықтан біз бүгінгі,қоғамның жетістіктерін білуге тырысқанда,өзіміздің өткенімізге үңілуіміз керек. Қазіргі біз өмір сүріп отырған қоғамда жүріп, жатқан құбылыстар өзінің ішкі қайшылықтар кернеген күрделілігі сатылығы жағынан көбінесе ғасырдың басындағы процесстермен өте ұқсас келеді. Сол кезеңде өмір сүріп,өзінің саяси ,әлеуметтік қоғамдық көзқарастарымен ағартушылық саяси негізделген ізденістерін жан-жақты таныта білген, қазақ зиялыларының бірі -Әлихан Бөкейханұлы. Әлихан Бөкейханұлы саяси -қайраткер ғана емес, ол теоретик ,заңгер,демократ ағартушы.
1. Әділғазина Т. Ғасыр сынымен өткен орыстар “ Ұлт бостандығы үшін күрескен орыстардың қоғамдық -саяси қызметі туралы. Қазақстан жоғарғы мектебі. 1997. N 2.
2. Ботбайұлы С. Алаш туы астында: Алашорданың 80 жылдығы қарсаңында. “Алаш автономиясының құрылу тарихы және оны ұйымдастырған ұлт зиялылары туралы. Орталық Қазақстан. 1997 ж. 13-желтоқсан.
3. Шілдебай С.Қ. Қазақстандағы қоғамдық -саяси күштер және Алашорда. “1917 ж. Ақпан революциясынан соң Қазақстанда қалыптасқан әр-түрлі бағыттағы қоғамдық -саяси күштер туралы.” Алматы ақшамы. 1997 ж. 12-желтоқсан.
4. Әбеу. Б. Алаш көсемдері : “Алашорда Үкіметі мен Алаш партиясын құрған Ә.Бөкейханов,Ж.Ақбаев, Ә. Ермеков туралы”. Сары-арқа. 1996. 18-желтоқсан.
5. Өзбекұлы С. Қазақ мемлекетілігі туралы немесе Байтұрсынов пен Бөкейхановтың мұраттары. Заң. 1998 ж. 11 –саны.
6. Бөкейханұлы Әлихан. Қазақтар: “Өткен ғасырдың соңы мен осы ғасырдың басындағы қазақ тұрмысының саяси-экономикалық жағдайы мен мәдени әлеуметтік ахуалы туарлы және отаршылардың қазақ жеріне қоныс аудару саясатын қалай жүргізгендігі туралы”. Ана тілі.1990 ж. 29-қараша.
7. Мектептегі А. қазақтың көсемдері: “қазақ зиялылары Әлихан Бөкейхан, А.Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы, Жараншар мен Халел Досмұхамедұлы, М.Тынышбайұлы, М.Шоқайлардың идеялық көзқарастары туралы. Қазақ әдебиеті. 1999. 19-наурыз. 12-саны.
8. Айсынов Б. Бөкейханов Және қазақ тағдыры : “ Қазақ зиялысы Ә.Бөкейхановтың саяси күресі,халқына сіңірген еңбегі туралы. Сұхбат. 1996 ж. 6-ақпан. 6-саны.
9. Қойгелдиев М. “Саяси қайраткер туралы”. Ақиқат. 1992 ж. 6-саны.
10. Қойгелдиев М. “ Қуандым тнде жүріп, күн шығарда” : Ә.Бөкейхановтың саяси көзқарсы хақында”. Социалистік Қазақстан.1990 ж. январь.
11. Бейсенова Н. Отарлау саясатына қарсылық. “Ресейдің отарлау саясатына қарсы қазақ зиялылары Ә.Бөкейхановтің “Қазақ” газетіндегі ( 1913 ж. 24-саны.) “Дума һәм қазақтар” –А. Байтұрсыновтың “ Қазақ һәм төртінші дума” атты мақалалары туралы. Заң газеті. 1997 ж. 21-саны. Мамыр.
12. Қойгелдиев М. Әлихан Бөкейханов. Шығармалары. Алматы. Қазақстан. 1994.
13. Өзбекұлы С. Арыстары алаштың. Алматы. “Жеті-Жарғы” 1998.
14. Мұхтар Құлмұхаммед. Алаш қайраткерлері саяси құқытық көзқарастарының эволюциясы. Атамұра. 1998.
15. Нұрпейісов К. Он алтыншы жыл және “Алаш” қозғалысы. Ақиқат. 1996. 6-саны.
16. Нұрпейісов К. Қазақ қозғалысы және Алаш қозғалысы. Саясат. 1998. 1-саны.
17. Мәжитұлы Б. Ішкі саясат. Парламенттік партиялар позициясын нығайттық “Алаш партиясы туралы”. Ақиқат. 1997.10-саны.
18. Қойгелдиев М. Алашорда: Ұлттық мемлекет құру мақсатының қойылу тарихындағы орны мен тарихи маңызы. Егеменді Қазақстан.1999. 18-қаңтар.
19. Жанысбай С. Ақтоғай –орыстар мектебі. Орталық қазақстан обл. Ақтоғай ауданы. Алаш оыстары Ә.Бөкейханов ,Әлімхан Ермеков ,Жақып Ақбаевқа орнатылған ескерткіштің ашылу салтанаты және олардың туыстары, ұрпақтары естеліктері берілген. Орталық Қазақстан. 1998. қыркүйек.
20. Боқанов С. Алаш қозғалысының көсемі. Ә.Бөкейханов туралы. Сыр бойы. 1997 ж. қараша.
21. Қашқынов Ж. Ақтоғай құт мекені орыстардың: Алаш партиясының тұңғыш басшысы Әлихан Бөкейханов,тұңғыш заң магистрі Жақып Ақбаев, математиканың тұңғыш профессоры Ә. Ермековтар туралы. Сарыарқа. 1997. Мамыр.
22. Домбай Н. Арыстар: Алты алашқа әйгілі олардың есімдері халық жанында жүр. ( саясаткер Ә.Бөкейханов,қазақтың тұңғыш заңгері, Жақып Ақбаев бірінші профессор Әлімхан Ермековтар туралы. Егеменді Қазақстан. 1992 ж. Қыркүйек.
23. Жарылғап М. Алаштың ардағы үш арысы. Орталық Қазақстан облысы, ақтоғай өңірінен шыққан , алашордашы,қоғам қайраткерлері Ә.Бөкейханов, Ә.Ермековтардың өмірлері, қызметтері,ұрпақтары туралы. Орталық қазақстан. 1998. 12-тамыз.
24. Қашқынов Ж. ақтоғайдан бөй көрген алаштың үш асқары “Алаш” партиясының ,тұңғыш басшылары Ә.Бөкеханов пен Ә.Ермеков туралы. Түркістан. 1997. 28-мамыр.
25. Мектептегі А. Әлихан Бөкейханов: ( қоғам қайраткері Ә.Бөкейханов туралы). Әділет министрлігінің хабаршысы. 1995. 10-саны.
26. Қайназаров Ш. Ә.Бөкейханов туралы. Арқа ажары. 1993. 10-маусым.
27. Рахманов М. Әлихан Бөкейханов туралы не білеміз? Қостанай таңы. 1993. 16-маусым.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ–ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТі

САЯСАТТАНУ КАФЕДРАСЫ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
“Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарасы”

Орындаған: саясаттану факультетінің 5 курс студенті
Төленді Айна Айтқабылқызы
Ғылыми жетекші: _____________ Қазымбетов Қ.Н.
ф.ғ.к. доцент (айы, қолы)

Бақылау нормасы ______________
(айы,қолы)

Қорғауға жіберілді
профессор, кафедра меңгерушісі __________ Байделдинов Л.А.

Алматы, 2000 ж.
М А З М Ұ Н Ы

І . К І Р І С П Е
II. І –тарау.

Әлихан Бөкейханұлының саяси көзқарастарының қалыптасу
шарттары.

1. XІX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы қоғамдық пкірдегі саяси-
әлеуметтік бағыттың қалыптасу мәселелері.
2. Әлихан Бөкейханов және “Алаш партиясы”.

III. ІІ –тарау.
Саясаттану контекстіндегі Әлихан Бөкехановтың саяси
-әлеуметтік көзқарасы.

1. Әлихан Бөкейханов және 20-30 жылдардағы Қазақстандағы
Қазақстанда Советтік тоталитарлық саяси жүйенің қалыптасуы.
2. Біртұтас Түркістан идеясы қазіргі заманның саяси процестер
контекстінде.

ІV . Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
V. Қолданылған деректер тізімі.

К І Р І С П Е

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Егеменді қазақ мемлекетінің
қалыптасуы өте күрделі кезеңдерде өтіп жатыр. Қазіргі мемлекетіміздің
қалыптасуының экономикалық қиыншылықтары аз емес, бірақ та егеменді ел болу
үшін ең басты роль атқаратыны – ол рухани мәселелері. Соның ішінде даралап
айта кетер бір саласы -қазақ халқының қоғамдық -саяси әлеуметтік мұралары
мен бай рухани қазыналарын зерттеу,өмір талабына сай философияның тарихын
қалыптастыру. Өзінің ұлттық философиясы жоқ мемлекет ешқашан еркін,рухани
дамып жетіле алмайды. Л.Н.Гумилев айтқандай: “Өз тарихын, өз философиясын
білмейінше және оған белгілі бір көзқараста болмайынша ешқандай да
мәдениеттің дамуы мүмкін емес”.(1).
Сондықтан да қазіргі Қазақстан елінің ғылымдары мен саясаткерлері
дүние жүзіне халқымыздың бай тарихы мен фольклорын,мәдениетін жоғары
теориялық,зерттеулер дәрежесінде көрсете білу керек. Бұл алға қойған
мақсаттарды толығынан жүзеге асыру көптеген кеңес дәуірі кезінде
қалыптасқан көзқарастарға басқаша ,таптық немесе партиялық позициялардан
емес, жалпы адамзаттық позициядан баға беру керек.
Қашан да болмасын, қоғамның дамуын ұғыну, оның өткеніне үңілуді талап
етеді, ол өйткені түсіне білу бүгінгі мәселелердің тамырын ұстап білуге
көмегін тигізеді. Сондықтан біз бүгінгі,қоғамның жетістіктерін білуге
тырысқанда,өзіміздің өткенімізге үңілуіміз керек. Қазіргі біз өмір сүріп
отырған қоғамда жүріп, жатқан құбылыстар өзінің ішкі қайшылықтар кернеген
күрделілігі сатылығы жағынан көбінесе ғасырдың басындағы процесстермен өте
ұқсас келеді. Сол кезеңде өмір сүріп,өзінің саяси ,әлеуметтік қоғамдық
көзқарастарымен ағартушылық саяси негізделген ізденістерін жан-жақты
таныта білген, қазақ зиялыларының бірі -Әлихан Бөкейханұлы. Әлихан
Бөкейханұлы саяси -қайраткер ғана емес, ол теоретик ,заңгер,демократ
ағартушы. Оның саяси-қайраткерлік қызметі қазақ халқының өмірінде болған
үлкен,төңкерістер кезеңіне тура келді. Әлихан Бөкейханұлы - өзінің еңбек
еткен қай саласында болмасын халқына нәтижелі қызмет көрсете білді.
Біріншіден, Әлихан, Бөкейханұлы өмірі мен саяси қайраткерлік қызметі
қазақ қоғамының дамуының ең бір күрделі де, қиын кезеңіне дәл келгені
белгілі. Екіншіден, бұл кезең XX ғасырдың бас кезіндегі төңкерістер мен
және бірінші дүниежүзілік соғыс ауылшаруашылығы мен қатар қазақ жерінде
де ұлттық сана-сенімнің , ояна бастаған кезі болатын. Қазақ даласында
дәл осы кезде үлкен рухани даму орын алды деседе болғандай.
Осы идеялық қоғамдық -саяси дамудың басында Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Сералин, М.Тынышпаев, М.Шоқай сияқты белгілі
саяси қайраткерлер, сонымен қатар Ж.Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Әуезов
сияқты ақын-жазушылар, осы зиялы топқа қатынақан үн қосып, әр тұстан
толықтырған. Жаңғыртқан К.Тоғысов, Ж.Ақпаев, М.Бекматов, Х.Досмұхамбетов,
Х.Ғаббасов, А. Бірімжанов, А. Ермеков, Қ. Кемеңгеров, Е. Омаров, М.Есболов,
Д.Әділов, Х. Болғанбаев, А.Байтасов, Ж.Досмұханбетов т.б. халқын сүйген
азаматтар ,қазақ қоғамының ойына жаңа өң беріп, саяси бағыт беріп, Саяси-
әлеуметтік еріктілік дарытып, кәсіби деңгейдегі саясаткерлікке ұштастырып
әкетеді.
Осы тарихи тұлғалардың бірі болған қазақ зиялысын ғана емес, бүкіл
түркі жұртының азаматы болған, артынан өте бай ғылым, тарихи, саяси-
әлеуметтік, мұра қалдырған Әлихан Бөкейханның өмірі мен саяси қайраткерлік
қызметі әлі ашылмаған сырға толды. Ширек ғасыр өмір сүрген, оның сол қиын-
қыстау заманда соншама бай мұра қалдырған жұмбақ десек те болғандай.

Диплом тақырыбының зерттелу дәрежесі. Күні кешеге дейін қазақ
халқының мәдени- -тарихи және саяси -ғылыми мұраларын төмендетіп көрсетуге
бағытталған саясат үстем болып келеді. Социалистік реализмнің , таптық
қағиданың үйреніштік аясынан табыла қоймаған дүниетаным атаулыға кемітіп
қарайтын сыңаржақтық шовинистік астамшылықтың кесірінен төл халқымыздың бай
мұрасын әлі де жете біліп, зерттей алмай келеміз. Тәуелсіздікке бет бұрған
бүгінгі өтпелі кезеңде ғана кешенді, зерттеу жұмыстары үшін қолайлы
жағдайлар туып отыр. Әлихан Бөкейханұлының дүниетанмын, қоғамдық-саяси
көзқарастарын зерттеген еңбектер жарық көрді. Аты аталған бағыттағы ең
алғашқы жазылған еңбек М.С.Бурабаевтың 1991 жылы шыққан “Ғылым” баспасынан
и “Обшестввенная мысль Казахстана в1917-1940 гг.” Атты зерттеуі. (1).
Философ ғалым зерттеуші А.Х.Қасымжановтың “Ұлы даланың зиялылары”
атты кітапшасында Әлихан Бөкейханұлының өмірі мен саяси қызметіне тоқталып
өтеді. Кейінгі кездегі Қазақстан тарихының көптеген беттері қайта қаралып
та, жазылып та жүр. Тарих “ақтаңдақтарына” арнаған зерттеулер көптеп
жарыққа шығуда. Әрине Әлихан Бөкейханұлының өсіп-өнген ортасы, саяси
қызметі мен дүниетанымы қалыптасып дамыған тарихи кезеңге де, сол кезде
өмір сүрген басқа да қайраткерлерге де енді жаңаша көзқарастар айтылып
жаңа деректер ашылып жатыр. Осы жағынан алғанда мына тарихты ғалымдардың
еңбектерін ерекше атйа кеткенді жөн көрдім:
М.Қ.Қойгелдиев,,М.Қ.Қозыбаев,К.Н.Ну рпейісов, М.Омарбеков, Ж. Артықбаев, Қ.
Алдажұманов, М.С. Мұқанов және т.б. Бұл авторлардың еңбектері XX ғасырдың
бас кезіндегі Қазақстандағы тарихи -әлеуметтік жағдайларды,экономикалық,
мәдени, саяси өзгерістердің барысын сол кездегі тарихи тұлғалардың қызметін
бітім –болмысын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты мен басты міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты
Әлихан Бөкейханұлының саяси-әлеуметтік көзқарастарын және қоғамдық -саяси
көзқарастарының қалыптасуы мен дамуына көз жүгірту, соған ықпал еткен саяси-
әлеуметтік экономикалық -мәдени жағдайларды жан-жақты ескере отырып
қарастыру ,оның қоғамдық саяси өмір , туындыларының ішкі мәндеріне үңілу.
Осы мақсатқа орай туындалған басты міндеттер деп мына төмендегілерді айтуға
болады.
-Әлихан Бөкейханұлының өмір сүрген, туып -өскен,қызмет еткен тарихи
кезеңнің ерекшеліктерін айқындау және қоғамдық -саяси көзқарастарының
қалыптасуына әсер еткен XІX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы
Қазақстандағы қоғамдық ой-сананың, әлеуметтік ойдың,экономикасы мен
мәдениетінің ,даму деңгейін бағдарлау;
- Әлихан Бөкейханұлының саяси-қайраткерлік қызметіне, көзқарстарының
қалыптасуына әрі қарай дамуына тікелей әсер еткен тарихи жағдайлар
мен негізгі идеялық арқау болған саяси-әлеуметтік этикалық
,эстетикалық ілімдер мен теориялық алғы шарттарды анықтау;
- Әлихан Бөкейханұлының публицистикалық шығармаларын талдай отырып,
оның қоғамдық -саяси көзқарстарының даму кезеңдерін нақтылау
олардың мазмұны мен мәніне үңілу ,бойлау;
- Әлихан Бөкейханұлының саяси-әлеуметтік көзқарастарының қазақ
халқының саяси ой-санасының дамуындағы орнын анықтау оның бүгінгі
Қазақстанда қалыптасқан саяси -әлеуметтік жағдайға байланысты
маңыздылығын ескеру,бағалау.

Дипломдық зерттеудің методологиялық және теориялық негізі.
Дипломдық еңбектің теориялық аспектілерін зерттеу және сонымен қатар
қазақ халқының саяси-әлеуметтік қазақ философия тарихын бүкіл дүниежүзілік
философия тарихының ішкі бір бөлігі ретінде , соның контекстінде қарастыру
, оның өз ерекшеліктерін, нақыштарын қазақ халқының әлеуметтік
–экономикалық, мәдени, тарихи дамуының нақты кезеңдеріне сай анықтау, яғни
нақтылы тарихи-саяси талдау жасау деп қарастыру. Мұнда саяси ойдың
диалектикалық методы жан-жақты қолданылып, оның логикалық пен тарихилық ,
абстрактілік пен нақтылық жекелік пен жалпылық сияқты категориялары мен
принциптері іске асырылады. Әлихан Бөкейханұлының қоғамдық -саяси
көзқарастарын зерттеу кезінде қоғамның құрылымы, даму заңдылықтары, тарихи
кезеңдері,қоғамдық ой-сананың өзіндік орны формаларының арақатынасы, адам
мен қоғам, қоғам мен тұлғалы адам, өркените пен мәдениет сияқты үлкен саяси
-әлеуметтік мәселелер қазіргі саяси ой дамуының, деңгейінде зерттеу
қажеттеріне орай қарастырылып, шешіліп отырды.

Дипломдық зерттеудің ғылыми жаңалығы: зерттеліп отырған тақырыптың
өзінде тікелей байланысты Әлихан Бөкейханұлының саяси-әлеуметтік және
қоғамдық саяси көзқарстары жүйелі түрде әлі зерттелмеген дипломның осындай
игілікті де жауапты істің бастамасы деп есептеуге болады.
Дипломдық зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы - Әлихан
Бөкейханұлы қалдырған бай рухани мұраның саяси қызметінің астарын айтуға
бет ұстаған бұл алғашқы ізденіс саяси қайраткер, әрі жазушы, әрі ғалым, жан-
жақты дарынды бұл тұлғаның саяси -қайраткерлік қызметін тереңірек түсіну
үшін, сол арқылы замандастарын ұғынуға, сол замана тудырған қазақ
зиялыларының ойлау дәрежесін байқауға мүмкіндік ашылуында. Әлихан
бөкейханұлының саяси-әлеуметтік көзқарасын зерттеу қазақ терихында әлі де
үлкен белестің бар екендігін ол белес қазақ зиялыларының XX ғасырдағы
алғашқы оның жылдығындағы өсуі,өркендеу жолындағы байланыстарын білдіреді.
Сол кезде қазақ даласында құйындай соғып өткен саяси-
әлеуметтік,экономикалық,рухани оқиғалар,қайшылыққа, тартысқа
,күреске,дағдарысқа толы қазақ халқының тағдыры лек-легімен жарқыраған шоқ
жұлдыздай дарындарды дүние келтірген. Соның ішінде дарындарының дарындысы
болған өз заманынан көп озық кеткен ойшыл, теоретик, саяси қайраткер
Әлихан Бөкейханұлының саяси -әлеуметтік көзқарастары туралы жоғарғы оқын
орындарында лекциялар мен арнайы курс, семинарлар өткізуге осы дипломның
нәтижелерін қолдануға болады. Бұл қырынан Әлихан Бөкейханұлының саяси
қайраткерлік қызметі мен идеялық ерекшеліктерін тереңірек білуге
жетелейтіні сөзсіз. Сонымен қатар оның көптеген ой-толғамдары мен идеялары
осы күші өтпелі заманның ырғағына орамдас екенін бүгінге дейін өз маңызын
жоймағандықыын айта кеткен жөн.
Қайта, қазіргі тәуелсіздік алған елінің болашағын түсінуге болжауға
оның маңызы барған сайын арта түсуі әбден мүмкін. Өйткені Әлихан
Бөкейханұлы бостандықты азаттықты,тәуелсіздікті аңсап өткен, соны мақсат
тұтқан , соған жетудің жолдарын меңзеген.

І –тарау: Әлихан Бөкейханұлының саяси көзқарастарының қалыптасу алғы
шарттары.

1. XІX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы қоғамдық пікірдегі
саяси-әлеуметтік бағытының қалыптасуы мәселелері:
2. Әлихан Бөкейханов және “Алаш партиясы”.

XІX ғ. Бірінші жартысындағы қазақ тарихында, сахарасындағы екінші
ағартушы , ол қазақ интелегенциясы еді. Олар Ә.Бөкейханов, М.Шоқаев,
С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, М.Тынышпаев,С.Садуақасов, Т.Рысқұлов, Қамке
Кемеңгерұлы, М.Жұмабаев, Халел мен Жаһанша Досмұханбетовтер,Ілияс
Жансүгіров,Б.Майлин. Бұл екінші буынның ұстаған бағыты ұлттық тәуелсіздік
демократиялық бағыт еді. Әрине, өзімізге тарихтан белгілі XІX ғ. Бірінші
жартысында қазақ халқының тарихи мәдени жағдайы өте қиындап, капиталистік
қатынатасрдың орнығуы, сонымен қатар халықтың жағдайы өте нашарлауы,қазақ
шаруаларының әлеуметтік езгіге қарсы күресінде петиция жолдау науқаны яғни
ақ патшаға деінгі жоғары,үкіметтік инстанцияға арыз беру елеулі орын алды.
Сонымен қатар Қазақстанда жұмысшы Қазақстанда жұмысшы және аграрлық
қозғалыстың, өлкедегі тұтас азаттық жолындағы күрестің дамуында XІX – XX
мәдени жағдайына шағын интеллигенттік топ белгілі роль атқарды. Өзінің
құрамы және бағыты, қоғамдық-саяси қызметінің сипаты бойынша әртүрлі
топтарды біріктірді, әйтсе де олардың негізгі бөлігін дәрігерлерді,
мұғалімдерді , адвокаттарды және басқаларды қоса отарлық әкімшіліктің
өкілдерін құрады. Бұлар дворяндардан, әр шенді ортадан және қоғамның
төменгі топтарынан шыққандар болды. Олардың көбі нағыз үкіметтік, имперлік
позицияда тұрды, бірақ араларында социал-революционерлер, социал-
демократтар және басқа революцияшыл элементтер аз болған саяси жер
аударылғандар өлке қалалары еңбекшілерінің қозғалыстарына ерекше
белсенділікпен қатысты. Көптеген қалаларда революциялық және либерал –
демократиялық сияқты. (кадеттер,октябристер) герносотендік (қара жүзділік)
партиялардың ұйымы пайда болды. (1).
Ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ интелегенциясының ролін ерекше атап
өткен жөн. Олардың күресі қазақ халықының өлкедегі аграрлық мәселенің әділ
шешілуі жолындағы күресімен тығыз байланысты. Жергілікті интеллигенттердің
қатарлары өздернің саяси көзқарстарымен және іс-әрекеттерімен ерекшелнеді.
(2).
Қазақ интеллигенциясының тек сан жағынан ғана емес , сонымен бірге
ықпалы жағынан да неғұрлым басым , екінші бір бөлігі либералды
демократиялық позицияда тұрды. Араларында ауылдың орта жән төменгі
топтарынан шыққандар да кездескенімен (А.Байтұрсынов т.б.), бұлар негізінен
даланың феодалдық,ақсүйектік топтарының өкілдері - Ә.Бөекейханов,
Б.Қаратаев және басқалар болатын. 1905 жылы қазанда олар Оралды бес
облыстағы қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, қазақтардың ұлттық
мүдделерін қорғауға тиісті өздерінің партиясы – Ресейдің конституциялық
демократиялық партиясының филиалын құрмақшы болды. 1906 жылы ақпанда
Семейде қазақтардың екінші съезі болып өтті. Ол съезд кадеттердікіне жақын
бағдарламаны мақұлдауды, әйтсе де оған өлкеге орыс шаруаларының қоныс
аудартылуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерлерін бұрыннан тұрғылықты
халықтың меншігі ретінде мектептер ашу т.б. туралы талаптар енгізді. (3).
Олар өздерінің дінін ұстау ерекшелігін алу, ұлттық мәдениетті
дамыту,Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен теңестіре тарату жөнінде
мәселелер көтерілді. Қазақтардың осы жылдардағы (1906 ж) ұлт-азаттық
қозғалысы діни күрес сипатына да бой көрсетті. Оның барысында , ерекше
мұсылмандық дін басқармасын ұйымдастыру, мешіттер салу діни мектептер ашу,
мектептерде ісләмді қазақ тілінде оқыту. Меккеге қажылыққа бару үшін
шетелдік паспорттар беру т.б. талаптар алға жартылған еді. (4).
Қазақ халқының саяси-мәдени санасының өсуінде . Мемлекеттік Думаға
сайлау жүргізу,айтарлықтай зор роль атқарды. Бұл сайлау барысында саяси
партиялардың сайлаушылар дауысы үшін күресі кезінен өрістеді. Олар өлкенің
орыс халқының саны едәуір неғұрлым ірі облыстарында социал-демократтар мен
еңбек партиясының өкілдері, ал қазақ халқының арасында –либералды-
демократиялық ұлт интелегенцияның өкілдері үлкен ықпалмен
пайдаланатындығын көрсетті. 1- мемлекеттік Думаға Қазақстаннан тоғыз
депутат сайланды, олардың төртеуі қазақ халықынан , ал бесеуі орыс
халқынан болды. ІІ Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан енді он үш депутат,
соның ішінде,қазақ халқынан – бес депутат сайланды. Бұдан біз нені
көруімізге болады.Бұдан қазақ халқының қоғамдық -саяяси санасының оянып
келе жатқанын қазақ халқының саясатқа араласа бастауы ұлттық
интеллигенцияны қалыптастыра бастады. (5).
Сонымен қатар қазақ қоғамында, 1905-1907 ж.ж. бірінші ресейлік
революция жылдарында Қазақстанда болған оқиғалар, әсіресе жұмысшылардың
,шаруалардың және интеллигенцияның бас көтреулері, ұлт-азаттық қозғалыстар
т.б. Олардың әлсіздігіне және олардың бытыраңқылығына қарамастан жергілікті
еңбекшілер үшін саяси мектеп болып қалды. Сол мектептің тәжірибиесін олар
одан арғы ұлттық және әлеуметтік азатттық алу жолындағы күресте пайдаланды.
Әрине, Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революцияның қазақ қоғамы үшін тарихи
кезең болғандығы даусыз факті. Бұл жылдары, Ә.Бөкейханов дәл атап
көрсеткендей “бүкіл дала саясат аясында тартылып азаттық үшін қозғалыс
тасқыны құр соңына енді. (6). Бірақ тарих ғылымында 1905-1907 жылдардағы
революциялық қозғалыстың Қазақстандағы , қазақ қоғамына тигізген ықпалын
талдауды объективті ғылыми әдіс емес,белглі бір саяси мүдделерде
көздеу,тарихи фактілерді сол тұрғыдан сұрыптау және бағалау үстемдік алып
келді.
XX -ғасырдың басы кезінде Қазақ интеллигенцияларының саяси мәдени
қозғалыстары едәуір жоғары деңгейде жүріп жатты. Сөзіміз дәлірек болу үшін
1905 жылдың соңына қарай қазақ интеллигенциясы бірінші Мемлекеттік Думаға
депутаттар сайлау науқанына қызу араласып кетті. Қазақ қоғамында бұл
уақытта белгілі бір қоғамдық айқындамадан үгіт –насихат жұмысын жүргізе
алатын саяси ұйымдар жоқ еді. Міне осындай жағдайда Думаға даярлық
мерзімінің тар қыспағына іліккен ұлт-саяси партия құру әрекетін қолға
алды.
1905 жылдың соңына қарай Орал қаласында өткен бес облысытың (Ақмола,
Семей, Торғай, Орал және Жетісу) делегаттық съезі “ Қазақ конституциялық
-демократиялық партиясын” құру туралы шешім қабылдады. (7).
Саяси күрес жолында енді ғана түсе бастаған қазақ интеллигенциясының
осы кездегі саяси-әлеуметтік бағдары, белгілі дәрежеде,Ресейдің радикалдық
буржуазиялық партиясы кадеттердің ұстаған бағытымен тоғысқандығы тарихи
факті. Ал осы саяси партия деңгейіне көтеріле алмаған, саяси ұйымның бағыт-
бағдары туралы не айтуға болады? Ол шынымен де кейбір еңбектерде айтылып
келгендей, бар болғаны ресейлік кадеттер партиясының қазақстандағы филиалы
ғана ма еді. Жоқ, әлде оның ұстаанған саяси тұғырнамасында өзгешеліктер бар
ма? Қазақ кадеттерінің бағдарламасы 1905-1906 жылдары бірнеше саны Орал
қалсында жарық көрген Камиль Махватуллиннің “Фикер” (Пікір) атты
газетінде жарық көрген. Онда қазақ жерін бүтіндей сол елдің меншігі етіп
жариялайтын заң қабылдау қажеттілігін, ішкі Ресейден көшіп келіп қоныстау
толқынын тежеу, қазақ жұмысшыларына еркіндік ,теңдік беру, олардың мүддесін
қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе,университет
ашу, тағы сол сияқты осы жылы түрлі облыстарда жазылған петицияларда
көтерілген талап-тілектер айтылған. (8).
Міне, бұл жаңа ғана пайда болған саяси ұйымның бағдарламасынан
келтірілген талап-тілектер оның іс бар болғаны Ресейдің кадеттер
партиясының филиалы дәрежесінде қалып қоймайтындығын көрсетсе керек. Біздің
пкірімізше : “Қазақ конституциялық -демократиялық партиясын”, Ресейлік
кадеттер партиясының жай филиалы немесе қазақ буржуазиясының тар таптық
мүддесін білдіруші ұйым есебінде көрсету тарихи шындыққа сай келмейді. Біз
бұл арада қазақ интеллигенциясының ресейлік кадеттермен байланысынжоққа
шығармаймыз. Оған дәлел ретінде, біз сөз етіп отырған Б.Қаратаев, С.
Жантурин, Ә.Бөкейханов сияқты қазақ зиялыларының осы партияға мүше болғанын
ал Ә.Бөкейхановтың 1917 жылға дейін оның Орталық Комитеті құрамына енгенін
айтсақ та жеткілікті. Кейіннен Ә.Бөкейханов бұл партиядан неге шыққаны
туралы “Қазақ” газетіне жариялайды. Ал осы қазақ интеллигенттерінің 1905-
1906 жылдары саяси партия құру әрекеті неге сәтсіз аяқталады. Оның
мынандай екі себебі бар еді. Біріншіден, қазақ қоғамында жалпыұлттық
негізде саяси партияның құрылуына қажет, алғы шарттар әлі пісіп жетіле
қойған жоқ еді. Екіншіден, ұлы державалық,шовинистік бағыт ұстаған
кадеттер партиясының басшылығы үшін Қазақстан сияқты аймақта ұлттық
еркіндік пен теңдікті мұрат тұтқан саяси ұйымның пайда болуы соншалықты
тиімді емес еді. Сондықтан да қазақ кадеттеріне қолдау жасап, ыңғай таныта
қоймады. Партияның орталық басшылығы мен қазақ кадеттері арасындағы бұл
алшақтық күн өткен сайын айқындала түсті. Әрине іс жүзінде патша саясат
жалғастыра отырып, Уақытша Үкімет Қазақстанда ұлт мәселесін шеше алмас еді,
жер мәселесін шешуге де ұмтылады. Басқа езілген халықтар сияқты қазақтардың
өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесіне ол тіпті күн тәртібіне
қоюға тырысады. Жоғарыда айтылғандай, Ә.Бөкейханов жер мәселесі бойынша
“Қазақ” газетінде өзінің кадеттер партиясынан шығатындығын жұрт алдында
мәлімдеуіне себеп болды. Ол үшін мәселені атап көрсетті: “Кадет партиясы
жерді меншік етіп бергенді жөн көрді. Біздің қазақ жерді меншік етіп
алса, башқұрттарша көбі мұжыққа сатып, біраз жылда сытылып,жалаңаш шыға
келді. Кадет партиясы ұлт автонономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт
жиналып ,ұлт автономиясын тікпек болдық... Біздің қазақ-қырғыз дін ісін
көркейтетін болса,үкімет ісінен бөліп қойған болды. Мұны орысшы “отделение
церкви от государства” дейді. Кадет партиясы менің пікіріме өзгеше қарайды.
Осы үшін жолдың айырылғаны биыл ашыққа шықты. Мен сонан соң қазаққа
Алаш партиясын ашуға кірістім. (9).
Қазақ либералдық қозғалысының басшылары осы жағдайда , дүйемін тез
өзгеріп,жатқанын және саяси күштердің бағыт ұстану процесінің шапшаңдай
түскенін түсіне білді. Қазақ халқы ұлттық-отарлық ерінің күшті царизмнің
аграрлық саясаты,өлкенің әлеуметтік –экономикалық өміріне капиталистік
қатынастардың енді қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің өсуіне алып келді.
Қазақ қоғамындағы ұлттық қозғалыс әр текті болды, әр түрлі идеялық саяси
ағымдар әрекет жасады.Солардың негізгі тобын ұлттық интеллигенция
–Петербург Мәскеу ,Қазан,Томск Омск, және Орынбор университеттері мен
училищелерін бітіргендер құрды. Ұлттық интеллигенцияның әр түрлі идеялық
-саяси ағымдарының пікірлерін неғұрлым айқын білдірушілер “Айқап” журналы
мен “Қазақ” газеті болды. 1914-1915 ж.ж. шығып тұрған “Айқап” журанлы (
шығарушысы әрі редакторы – Мұхамеджан Сералин ( 1871 –1929 ж.ж.)
Қазақстандағы идеялық -саяси одйың аграрлық -демократиялық бағыттарын
білдерді. (10).
1913 жылдан 1918 жылға дейін шығып тұрған “Қазақ” газеті либералдық
-демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді. Онда қазақ конституциялық
-демократиялық партиясының және қазақ халқының жалпы ұлттық қозғалысының
жетекшісі ғалым экономст Ә.Бөкейханов және басқалар қызмет істеді.
Ең басты мәселе –аграрлы мәселелерде олар жерге мемлекеттік меншікті
жойып, оны қазақтардың меншігіне өткізуді жерді сатуға тиым салуды талап
етті. Елдің қоғамдық-саяси өмірін дамыту саласында либералдық
-демократиялық бағыт қоғамының эволюциялық дамуын жақтады. Тұтас алғанда
елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық -саяси өмірінің дамуы жөнінде
әр түрлі көзқарастар болғанымен “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті өз
беттерінде империяның отар шет аймағы жағдайындағы қазақ халқының
жалпыұлттық идеялары мен мүдделерін білдіре алды. (11).
Қазақ мәдениеті XX ғасырды әр үмітпен, әр түңілумен қарсы алды.
Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете
бастады. Ұлттық идея темір торға халықты толғандырып,оны азаттық үшін
күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт –азаттық күреске бүкіл ресей империясын
қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да, әсерін тигізді.
Аайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен
болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бірі ресейлік саяси ұйым мен белгілі
қайраткерлер империясы таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе,
көтеріледі. Социал –демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына
понисоламизм, панторкизм айдарын шығып күдіктене қарады (12) ол тарихи
шындық, әлі де сол.
Қазақ жастарының ірі саяси отарлықтарды оқуы, сол тарихи кезіндегі
саяси оқиғаларды тікелей көзімен көріп куә болуы, қоғамдық жаңару жолына
қадам басқан орыс қоғамындағы демократиялық күштер мен ағымдардығ ықпалын
басынан кешіруі олардың қоғамдық көзқарастарының кемелденуіне , саяси
белсенділігінің артуына әсер етпей қоймайды. XІX ғ. соңы – XX ғ. Басында
елде болып жатқан қоғамдық қозғалыстар және саяси -әлеуметтік көзқарасының
қалыптасуына үлкен әсерін тигізбей қоймады. 1917 ж. көкекте Петербургтан
Орынборға қарай жолға шықтым. Осында бүкіл қазақ құрылтайы өтуі керек.
(13).
Орынбор башқұрт жерінде орналасқан қазақ қарулы күштерінің де
орталығы. Қала тұрғындары негізінен татарлар ,орыстар ,орыс қазақтары.
Негізінен татарлар ,орыстар,орыс қазақтары. Біздің қазақ тек бірнеше
түтін. Әйтсе де Орынбор ежелден Түркістан өлкесіндегі қазақ ұлттық
қозғалысының орталығы болып келді. Неге бұлай? Біздің қазақ тұратын
өңірлерде мұндай істерді ойдағыдай жүргізуге ыңғайлы тап осындай қала жоқ
еді. Қалаларда қазақ аз. Қазақ көп жиналған мәдени,саяси орталық ролін
атқара алатын жөнді қала болмайтын.Қазақ зиялылары бас қосатын ұлт тағдырын
кеуесетін кезең туғанда ең ыңғайлы жер қазақ руларының өкілдері көп
тұратын. Ташкент,Верный,Семей сияқты қалаларының бірі болуы мүмкін еді.
Бірақ қазақ арасындағы ұлттық қозғалыстың бәріне де орыс әкімшілігі қарсы.
Сондықтан қазағы қалың өңірден аулағырақ бірі қаланы таңдау қажет.бұған
Семей мен Ташкенттен едәуір жырақта темір жол үстінде жатқан Орынбор ең
қолайлы жер болып шықты. Орынборда мұғалімдер даярлайтын орыс институты
бар. Онда жыл сайын бірнеше мұғалім тәрбиеленіп шығатын. Бұған қоса ғұлама
ғалым көрнекті қоғам қайраткері ,дарынды жазушы Ахмет Байтұрсынов пен
Міржақып Дулатов Орынборда тұратын. Бұл екі қоғам қайраткерлерінің қуатты
қаламының арасында қалың елді арқасына қаратқан “Қазақ” газеті де
Орынборда шығарылып таратылатын. Міне, қазақ сирек қоныстанған Орынбордың
көпке дейін қыр қазақтарының ұлттық қозғалыстарының орталықтарына айналып,
мұнда бірінші Бүкіл Қазақ Құрылтай бұрынғы Торғай губерниясының
губернаторының зимаратында жиналды. Оны таяуда ғана тағайындалған Торғай
облыстық комиссар Әлихан Бөкейханов ашты. Құрылтайға кең байтақ қазақ
сахарасының жер-жерінен сайланып келген делегаттармен бірге бұрынғы
Түркістан Генерал-губернаторлығынан Ташкенттегі “Шоран Исламия” қоғамы
тарапынан жіберілген Макдуар Кари,Әбдусәме Қари, Сарықұл Алдабергенұлы мен
Жүсіпбек Басқараұлы қатысты. ( 14).
Бірінші Қазақ Құрылтайының бағдарламасында ең алдымен қазақ жері
және жұмысшылар туралы мәселе қойылған еді. Құрылтай алғашқы күні орыс
қоныс аударушыларының көшіп келуін дереу тоқтату және мемлекет тарапынан
осы кезге дейін орыс қоныс аударушыларына берілген жерлердің себебін
алып,жергілікті халыққа қайтару туралы қаулы шығарды. (15).
Құрылтай орыс қоныс аударушыларынан тартып алынып берілген жерлерде,
оларға берілгенге дейін үстіне үй салынған мал бағу, табындық үшін
пайдаланған жерлерді де дереу өз иелеріне қайтару жайлы шешім қабылдады.
Келесі күні –ақ құрылтай шығарған алғашқы екі қауылға ,Уақытша үкіметтің
ризалық білдіргені жайлы хабар жетті. Ал жұмысшылар мәселесіне
келгенде,майдандағы қара жұмысқа адам алу кезінде қарсылық көрсетті деген
желеумен қамалғандар түрмеден босатылсын. Осындай себептермен тоқтатылсын
деген тілек айтылсын. Уақытша үкімет құрылтайдың тілегін де қабыл алды.
Құрылтай бағдарламасындағы басқа баптар арасында қазақтарды орыстардан
айырып, сол жұмысын ,қазақ әкімдері мен бастықтары жүргізетін заң ұйымдарын
құру керектігі және ағарту жұмысын, кең ауқымды жедел жүргізу жайлы баптар
болғанын да ескере салайын. Бірінші құрылтай қазақ даласында тәуелсіз өмір
негізін қалай бастағаны осылардан айқын көрініп тұр. (16). Сыртқы саясат,
қаражат, жол, әскери істері. Бүкіл Ресей федерациясы үкіметінің ісі деп
есептейтінбіз. Оқу-ағарту жұмыстары ,жергілікті жолдар мәселесі, жергілікті
мекемелер,заң және жер мәселелерінің бәрі жергілікті автономиялы
үкіметінің ісі деп қарайтынбыз. (17). Біз әсіресе жер мәселесіне ерекше
мән беретінбіз. Әскери құрылыс мәселесінде де едәуір елеулі өзгерістер
енгізбекші едік. Мәселен,Бүкіл Ресей үшін құрылған әскери комиссариатты
болумен бірге түркістандықтардың әскери қызметін Түркістанда құрып,
Түркістанда қалдыру біз үшін маңызды мәселе еді. Біздің сол кездегі
ережеміз міне осылар.Бәріне бірден көріскеніміз жоқ. (18). Біздің көбірек
мән бергеніміз ұлттық кадрлар мәселесі еді. Кейінірек құрылып, қысқа өмір
сүрген неше түрлі тәуелсіз мемлекеттер тәжірибиесі орыс революцияшыл
демократтарына сеніміміздің қапа екенін көрсетсе, екіншіден , ашығын
айтқанда , әр өлке әрбір шағын халықтың өз мемлекетін құрып,оны орыс
империализмі шеңгелінен өз күшімен ғана қорғап қалады деген ұғымның да қате
екенін көрсетті. Өткен кезеңнің ащы тәжірибиесі бұдан былай қайталанбас
деп үміттенеміз. Шынын да елінің бостандығын тілейтін азамат ең алдымен
орыс патшаларына сенуден мүлдем үміт үзіп, орыстан басқа халықтардың күшін
ортақ күреске топтастыру ісіне батыл кірісу керек. Екінші топтың қатесі
бұдан сәл, басқаша . Шын жүректен Ресейге берілген бұл топ ұлттық
автономиясы идеясын тек діни мәселе деп түсінді де халықты дін туып
көтерген күреске шақырды. Бірінші топ революция ресейді отарлық жүйеден
құтқаруға жол ашты деп түсініп, сол жолдағы алғашқы адал саяси автономия
мәселесін ортаға қойды. Екінші топ революция нәтижесінде қарыштап
өркендейтін прогресстің өсуінен қорқып, прогресті жақтаушылардың түймедей
жұмсақтығын түйедей етіп әсерлеп, оларды халыққа, діннің дұшпандары деп
көрсетуге тырысты. Бұл топ революцияшыл үкімет тарапынан жасалған барлық
реформалар мен өзгерістерге шариғат тұрғысынан қарады.
Ұлттық саясатта түптеп келгенде ұлыдержавалық ,империялық мақсатты
көздеген бұл екі саяси жүйеде ұлттық мемлекет идиясынан қорықты. Сондықтан
да ұлттық шет аймақтарға бұл ойға қорғау салушылардың есімін атауға да
тиым салынды. Міне осыған байланысты бір соңғы уақытқа дейін қазақ ұлт
азаттық қозғалысы қайраткерлерінің өмір жолымен,саяси бет –бейнесімен
таныса алмай келдік. Халықтың өткен тарихында елеулі тұлға болған
қайраткердің бірі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов.
1916 жылы 25 маусымдағы майданға қазақ жастарын алу туралы патша
жарлығынан кейінгі уақытша тағдыр Әлихан Бөкейханов пен оның серіктеріне
жаңа міндеттер жүктеді. Бір топ қазақ интеллигенттері өз еріктерімен
майдандағы тыл жұмыстарына жіберілген қазақ жігіттерінің артынан аттанды.
Олардың арасында Әлихан нұрмұхамедұлынан басқа мұғалім Мырзағазы Есбаев
дәрігер Әубәкір, Алдияров ,студент Жаманмұрынов және т.б. адамдар бар еді.
Кейінірек бұларға қыр баласының бойынша Міржақып Дулатов қосылады.
Петербордағы билік орындарында жүргізілген келіссөздерден кейін олар қазақ
жұмысшыларының ең көп шоғырланған жері Батыс майданға аттанып,оның штабы
орналасқан Минск қаласына келіп, земскі және қалалық одақтың бұратана
бөлімін ұйымдастырды да ,оны басқаруды Әлихан Бөкейханов өз мойнына алды.
Осы тұстағы қазақ интеллигенциясының майдандағы жұмысшыларға көрсеткен
ағартушылық ,дәрігерлік және басқа қызметі ұлттық интеллигенция тарихының
жарқын беттеріне жатады.
Сол атқарылған істің басы-қасында Әлихан Нұрмұхамедұлы өзі тұрды. Сол
үшін де ол “Алаштың Әлиханы” деген құрметті атаққа ие болды.

ІІ тарау.
Саясаттану контестіндегі Әлихан Бөкейхановтың саяси-әлеуметтік
көзқарасы.
2.1. Әлихан Бөкейханов және 20-30 жылдардағы Қазақстанда советтік
тоталитарлық саяси жүйенің қалыптасуы.
2.2. Біртұтас Түркістан идеясы қазіргі заманның саяси процестер
контекстінде.

Қазақ жерінде патшалық империя мен орыстың зорлыққа қарсы шын
мәніндегі мақсатты,ұлттық әлеуметтік күштерін қамтыған саяси қозғалыс 1917
жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі кезеңде партиясының , ал соңына қарай
Түркістан автономиясының ( Қоқанда) , ал оның артын ала Аалашорда
өкіметінің (Орыборда) құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. Бұл
сияқты құрылымдар 1918-1919 жылдарда большевиктер тарапынан күшпен
таратылғанмен, ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасының бірден
кете қойған жоқ. Алаш қайраткерлері ұлт мүддесі үшін күресін мүлдем жаңа
саяси жағдайда, яғни өздері тұтқынға алынып сотталған 20-шы жылдардың
соңына дейінгі кезеңде де жалғастырды. Солай болды да толық негізді еді.
Оған қандай айғақ бар.
Бұл күрес әсіресе жер мәселесінде анық көрінді. қазақ шаруалары
түгелдей жерге орналасып болмайынша қазақстанда қоныс аударушылықты
тоқтату үшін алаш қайраткерлері бастап берген кеңес үкіметі тұсына да өз
жалғасын тапты, сондай-ақ жаңа саяси жағдай да бұл күреске бағыт,
пәрменділік беруші ескі алаштық интеллигенция болды.
Алаштың интеллигенция мен отыршыл күштер арасындағы бітіспес күрестің
шырқау шиі қазақ бұқарасына берілмек жер нормасы төңірегінде өрбіді. 20-шы
жылдардың екінші жартысында жүрген бұл күреске атсалысқандардың қатарында
Алаш қозғалысының белсенді мүшелері , сол тұстағы Жер Комиссиаратының
басшы қызметкерлері иырзағазы Есболов, Жаманмұратов, Сәлімгерей Қаратулов
сияқты қайраткерлер болды. Әлихан Бөкейханов Қазақстандағы отырықшылыққа
көшпек қазақ шаруаларына тиесілі жер көлемін анықтау мақсатында КСРО Ғылым
Академиясы жанынан құрылған экспедициясы (төрағасы профессор С.П. Швецов)
ұйымдастыру идесының авторы болумен бірге,өзі де соның құрамына еніп,
зерттеу жұмысына ат салысты. ОГПУ тыңшылары Мәскеуден шығуға тиым салынған
қайраткерді Ақтөбе қаласында тұтқынға алып жедел түрде кейін қайтады.
Сонымен, ғасыр басында басталған жаңа ұлт-ұзаттық өрлеу 20-шы
жылдардың,соңы 30-шы жылдардың басына дейінгі тарихи кезеңді қамтыды. Ол
“алаштық” атанған ескі буын интеллигенциясының ең белсенді бөлігін
репрессиялаумен, сондай-ақ олардың кеңестік –партиялық қызметтегі
ізбасарларын қызметтен аластаумен және оларды қудалаумен аяқталады. Күштеп
коллективтендіруге қарсы бағытталған Қазақстандағы 372 шаруалар көтерілісі
бассыз, панасыз қалған халықтың зорлықшыл саяси жүйеге көрсеткен ең соңғы
наразылығы еді.
Ғылымда болып жатқан өзгерістерге байланысты қайта қарауға мұқтаж
келесі,екінші мәселе -Ұлт –Азаттық қозғалыстың кеңістік шеңбері. Негізгі
мақсаты - ұлттық бостандық үшін күресте азатты ізденіс жолында болған қазақ
ұлт-азаттық қозғалысы бізге қарап отырған. Мезгілде өзімен тағдырлас көрші
түркі халықтарымен (татар, қырғыз,башқұрт,өзбек т.б.) күш біріктіруге
тырысты, өз мүмкіндігінше оларға көмек көрсетуге даяр екендігін танытты.
Егер 30-шы жылдары бұл сияқты сауалдарда жауап іздеу хауіпсіз емес болса,
қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың ұлы жаршысы - Әлихан Бөкейханов
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ФЕНОМЕНДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Әлихан Бөкейхановтың биографиясы
Өскен ортасы мен қоғамдық - саяси көзқарастарының қалыптасуы
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. Ең алғашқы қызметтері
Әлихан Бөкейханның педагогикалық көзқарастарының зерттелу жайы
Ә. Бөкейхановтың саяси көзқарастарындағы жер мәселесі
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ - ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАРШЫСЫ
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарастарындағы жер мәселесінің философиялық аспектілері
Пәндер