Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелер


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. АЗАМАТТЫҚ СОТ ӨНДІРІСІНДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

1. 1 Соттағы дәлелдеудің түсінігі және мақсаты . . . 6

1. 2 Дәлелдеу пәнінің түсінігі . . . 9

1. 3 Тараптардың дәлелдеу міндеті . . . 13

2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР

2. 1 Соттағы дәлелдемелердің түсінігі . . . 20

2. 2 Дәлелдемелерді зерттеу және бағалау . . . 24

3. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ

3. 1 Дәлелдемелерді жіктеу тәртібі . . . 30

Қорытынды . . . 57

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 59

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Дәлелдеу институты (мұнда дәлелдемелер интситуты да жатады) үрдістің пайда болу кезеңінен бастап тарихқа ие. Осыған байланысты оның көптеген жылдар бойы үні мен өзектілігін жоғалтпаған классикалық аккордтары бар. Сонымен бірге, ағымдағы уақыт қарастырылып отырған мәселеге кейбір кездері өзінің негативтік іздерін де қалдырады.

Бірақ сот өндірісінің барлық тәртібінің сапалы қайта құрылуына байланысты бұл тақырып өзекті сипатқа ие.

ҚР Конституциясына сәйкес Демократиялық құқықтық мемлекет құруда және мемлекеттік құқықтық реформа құрылу жағдайына байланысты азаматтық іс жүргізу заңнамаларына ауқымды өзгертулер қажет болған болатын. Осыған орай 2001 жылғы маусымдағы АІЖК-і қабылданды. Одан бері АІЖК - не көптеген өзгерістер мен толықтырурулар енгізіліп отырды. Жаңа азаматтық іс жүргізу кодексі қазіргі заманғы демократиялық қоғамның деңгейін, әлеуметтік - экономикалық тенденциясының дамуын айқындайтын, сот реформасын жүзеге асыру мен сот төрелігінің санасын арттырудың өзекті мәселелеріне жауап бере алатын заң нормасы деп қарастыруға болады.

Соттағы дәлелдеудің негізгі табиғат пен қоғамдағы құбылысты байланыстырады. Бұл байланыс сотқа бір құбылыстың (факт, мән-жай) бар болуы, екінші бір құбылыстың шығуына негіз болатынын айқындайды.

Жалпы, соттағы дәлелдеуді - соттағы дәлелдемелердің көмегімен істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін бекітуге бағытталған субъектілердің әрекеттері деп қарастыруға болады.

Азаматтық сот өндірісінде мән-жайларды танудың негізгі тәсілі ретінде іс үшін маңызы бар мән-жайдың бар немесе жоқ екенін, тараптардың қарсылықтары мен талаптарын, басқада жағдайларды соттағы дәлелдемелер, яғни соттық дәлелдеу жолымен бекітеді.

Соттағы дәлелдеудің негізі табиғат пен қоғамдағы құбылысты байланыстырады. Бұл байланыс сотқа бір құбылыстың (факт, мән-жай) бар болуы екінші бір құбылыстың шығуына негіз болатынын айқындайды.

Жалпы, соттағы дәлелдеуді-соттағы дәлелдемелердің көмегімен істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлардың бар немесе жоқ екенін бекітуге бағытталған субъектілердің әрекеттері деп қарастыруғы болады.

Дәлелдеу пәні іс бойынша нені бекіту қажет және нендей мән-жайлар дәлелдеуге жатады деген сұраққа жауап береді. Іс бойынша дәлелдеу пәнін нақты және дұрыс анықтау-сот процесінің қорытындысы бойынша заңды және негізгі шешімнің шығуына негіз болып табылады.

Дәлелдеудің пәні-азаматтық істерді дұрыс шешуге қажетті заңды фактілер мен өзге де мән-жайлардың жиынтығы. Сондықтан дәлелдемелердің қатыстылығы іс бойынша дәлелдеу пәніне байланысты.

Соттағы дәлелдеудің мақсаты азаматтық істерде мән-жайды бекіту.

Соттағы дәлелдеу өзара байланысты және өзара шартты бір-бірінен ажырамайтын үш этаптан тұрады:

- Дәлелдемелерді жинау және табыстау.

- Сот мәжілісінде дәлелдемелерді зерттеу.

- Дәлелдемелерді бағалау.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақстанда сот жүйесін реформалау сот төрелігінің шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған болатын. Осыған орай, азаматтық сот ісін жүргізуде де түбегейлі өзгерістер болды.

Азаматтық процесс азаматтардың ар-намысын қорғаудың, еңбек және басқа да дауларды шешудің, азаматтық-құқықтық қатынастың барлық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің тиімді құралы болуы тиіс.

Аталған міндеттерді іске асыру судьялардың, прокурорлардың, адвокаттардың, заңгерлердің жұмысында біліктілікті талап етеді.

Ұсынылып отырған «Азаматтық іс жүргізудегі делелдемелер» тақырыбындағы диплом жұмысы азаматтық іс жүргізу ғылымына, оның ішінде «соттағы дәлелдеу» институтының мәселелеріне тереңірек үңіліп, соған бағытталған.

Азаматтық сот өндірісіндегі дәлелдеме институты осы құқық саласының ең негізгі көлемді алатын институттарының бірі. Сондықтан да осы отандық және шетелдік процессуалист ғалымдар біршама теоретикалық ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Атап айтқанда: К. С. Юдельсон, А. Ф. Клейнман, Я. Л. Штутин, М. К. Треушников, О. В. Иванов, З. К. Абдуллина, З. Х. Баймолдина т. б.

Осындай зерттеу жұмыстарынан кейін соттағы дәлелдеудің мәселелері сот практиктерінің үлкен ғылыми қызығушылығына ие болып отыр.

Дипломдық жұмысты орандауда алынған нәтижелер және жасалған қорытындылар. Зерттелуге алынған мәселелер бойынша жасалған қорытындылар осы дипломдық жұмыстың қорытындысында көрсетілген. Құқықтық әдебиеттерде азаматтық іс жүргізу құқығының дәлелдеу мәселелерімен қатар, дәлелдеме институты да көрсетіледі.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. ҚР құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы дәлелдемелік құқықтың жалпы ережелерін бекітетін нормаларына біршама толықтырулар мен өзгертулер енгізіп отыр. Атап айтқанда: сотта дәлелдемелерді зерттегенде ғылыми - техникалық құралдарды пайдаланудың жаңа жолдары мен түрлерінің енуі, дәлелдемелерді жинау және ұсынуда тараптардың біршама жаңа құқықтарға ие болуы, жарыспалылық қағидасының, яғни соттың өз бастамасымен дәлелдеме жинаудан босатылып, ондай құқықтық

тараптарға берілуі т. б. іс жүргізушінің әрекеттері заң нормасынан орын алған.

Ұсынылып отырған ғылыми еңбекте іс жүргізу заңдарына саралау жүргізіліп, осы төңіректе зерттеулер жүргізген авторлардың пікірлері ескеріле отырып салыстырмалы түрде анализ жасалған.

Еңбек азаматтық іс жүргізу құқығының ең бір негізгі институтының бірі «соттағы дәлелдеу және дәлелдемелердің» өзекті мәселелерін зерттеуге бағытталған.

  1. АЗАМАТТЫҚ СОТ ӨНІДІРІСІНДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ

ИНСТИТУТЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

1. 1 Соттағы дәлелдеудің түсінігі және мақсаты

Соттық дәлелдеу бұл істің мән - жайларын соттық дәлелдемелер арқылы анықтау бойынша процесске қатысушылардың қызметі. Өзгеше айтар болсақ, бұл тараптардың және өзге де қатысушылардың дәлелдемелерді табыс етуге, жинауға және оларды зерттеуге әрекеті. Мұндай құқық ҚР АІЖКнің 47 бабында көзделген.

ҚР АІЖК - нің 65 бабына сәйкес, әр тарап (талап қоюшы және жауапкер) өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән - жайларды дәлелдеуі тиіс [1, 23 б. ] .

Осы мән - жайларды ҚР азаматтық іс жүргізу заңында белгіленген нақты деректер арқылы дәлелдеу қажет. Бұл нақты деректер:

  • тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен;
  • куәлардың айғақтарымен;
  • заттай дәлелдемелермен;
  • сарапшылардың қорытындыларымен;
  • іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

Жоғарыда аталған деректерді басқаша дәлелдеу құралдары деп атайды. Дәлелдеу құралдары бұл сотта істің мәнжайларын анықтау үшін қолданылуы мүмкін құралдар.

Сотта азаматтық істерді қарау барысында іс үшін маңызы бар мән-жайларды бекіту соттық тану жолымен жүзеге асырылады. Соттық тану объективті әлемдегі заңдылықты (факті, мән-жайлар) тану процесіндегі адамның танып білуге бағытталған іс-әрекетінің көп түрлілігі.

Азаматтық сот процесінде мән-жайларды танудың негізгі тәсілі ретінде іс үшін маңызы бар мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін, тараптардың қарсылықтары мен талаптарын, басқа да жағдайларды соттағы дәлелдемелер, яғни соттың дәлелдеу жолымен бекітеді.

Соттағы дәлелдеудің негізгі табиғат пен қоғамдағы құбылысты байланыстырады. Бұл байланыс сотқа бір құбылыстың (факт, мән-жай) бар болуы, екінші бір құбылыстың шығуына негіз болатынын айқындайды.

Жалпы, соттағы дәлелдеуді - соттағы дәлелдемелердің көмегімен істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін бекітуге бағытталған субъектілердің әрекеттері деп қарастыруға болады.

Азаматтық сот өндірісінде мән-жайларды танудың негізгі тәсілі ретінде іс үшін маңызы бар мән-жайдың бар немесе жоқ екенін, тараптардың қарсылықтары мен талаптарын, басқада жағдайларды соттағы дәлелдемелер, яғни соттық дәлелдеу жолымен бекітеді.

Соттағы дәлелдеудің негізі табиғат пен қоғамдағы құбылысты байланыстырады. Бұл байланыс сотқа бір құбылыстың (факт, мән-жай) бар болуы екінші бір құбылыстың шығуына негіз болатынын айқындайды.

Жалпы, соттағы дәлелдеуді-соттағы дәлелдемелердің көмегімен істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлардың бар немесе жоқ екенін бекітуге бағытталған субъектілердің әрекеттері деп қарастыруғы болады.

Дәлелдеу пәні іс бойынша нені бекіту қажет және нендей мән-жайлар дәлелдеуге жатады деген сұраққа жауап береді. Іс бойынша дәлелдеу пәнін нақты және дұрыс анықтау-сот процесінің қорытындысы бойынша заңды және негізгі шешімнің шығуына негіз болып табылады.

Дәлелдеудің пәні-азаматтық істерді дұрыс шешуге қажетті заңды фактілер мен өзге де мән-жайлардың жиынтығы. Сондықтан дәлелдемелердің қатыстылығы іс бойынша дәлелдеу пәніне байланысты.

Соттағы дәлелдеудің мақсаты азаматтық істерде мән-жайды бекіту.

Соттағы дәлелдеу өзара байланысты және өзара шартты бір-бірінен ажырамайтын үш этаптан тұрады:

- Дәлелдемелерді жинау және табыстау.

- Сот мәжілісінде дәлелдемелерді зерттеу.

- Дәлелдемелерді бағалау.

Азаматтық іс-жүргізу әдебиеттерінде соттағы дәлелдеуге байланысты түрлі пікірлер айтылған.

Бір авторлар соттағы дәлелдеуді дәлелдемелерді бағалаудағы соттардың ойлау немесе тану әрекеттері деген [2, 156 б. ] . Егер осы автордың пікірімен келісетін болсақ соттағы дәлелдеудің мазмұны дәлелдемелерді жинау, ұсыну, зерттеуге байланысты іс жүргізу әрекеттерін жоққа шығарады.

Екінші бір автор соттағы дәлелдеуді сот пен іске қатысушылардың дәлелдемелерді жинау, табыстау және зерттеуге бағытталған әрекеттерінің жиынтығы деп түсіндіреді. Бұл пікір бірінші автордың пікіріне тіпті қарама-қайшы, С. В. Курылевтің ойынша логикалық және ойлау әрекеттері соттағы дәлелдеуге тән құбылыс емес, сондықтан дәлелдемелерді бағалау соттағы дәлелдеуге қатысы жоқ деген тұжырым жасайды [3, 88 б. ] .

Соттағы дәлелдеуді сот пен іске қатысушылардың не ойлау немесе іс жүргізу әрекеті деп қана қарастыра алмаймыз. Мұндай дәлелдемелерді жинауға, ұсынуға, зерттеуге және бағалауға бағытталған ойлау және іс жүргізу әрекеттерінің жиынтығы деп қарастырғанымыз жөн.

Сот пен іске қатысушылардың жоғарыда айтылған әрекеттері азаматтық іс жүргізу нормалары мен реттеледі және іс жүргізу сипатына ие болады. Дегенмен бұл әрекеттер ақылмен, оймен, логикамен тығыз байланысты. Сондықтан да логикалық - ойлау әрекетінен тыс сот пен іске қатысушылардың әрекет жасауы мүмкін емес.

Сонымен, соттағы дәлелдеу түсінігін азаматтық іс жүргізу құқық қатынасына түсуші субъектілердің ойлау және іс жүргізу әрекеттері деп түсіндіретін процессуалист ғалымдардың (позициясын) ұстанымын дұрыс

деп есептеуге болады. Ондай ұстанымды П. П. Гуреев, И. М. Зайцев, В. В Молчанов, М. К. Треушников сияқты орыстың ұлы ғалымдары ұстанады.

Ғылыми әдебиеттерде дәлелдеу әрекеттерін кім жүзеге асырады және қандай мөлшерде жүзеге асады деген, яғни соттағы дәлелдеудің субъектілері туралы түрлі ғылыми пікірлер бар.

Революцияға дейінгі ғылыми әдебиеттерде дәлелдеу әрекеттерін тек тараптар ғана жүзеге асырады делінген. Мысалы: А. Х. Гольстем «Дәлелдемелер әрқашанда тараптар арқылы ұсынылады және бұл таптардың ерекше құқығы болып табылады, сот ешқашан дәлелдеме немесе анықтама жинамайды» деген пікірін ұсынады [4, 142 б] .

Ал, А. Ф. Клейнман: дәлелдеудің өзі тараптар мен іске қатысушылардың сотқа дәлелдемені табыстауынан, оларға анализ жасаудан және дәлелдемелерден даулы фактілерге қатысты қорытындылар жасаудан тұрады дейді [5, 102 б. ] .

50 жылдармен 80 жылдардың ортасына дейінгі кезеңде сот дәлелдеу процесінің негізгі субъектісі деген пікір қалыптасқан болатын. Сол кезеңдегі заң нормаларында, яғни Қаз ССР-нің Азаматтық іс жүргізу Кодексінде (АЖІК-нің 14, 18, 48 т. б. баптары) заң сотқа іске қатысты мән-жайларды толық, жан-жақты, объективті түрде айқындауды міндеттейді.

Дәлелдеу әрекеттеріне елеулі өзгерістер 80-жылдардың ортасынан бері қарай ене бастады.

Азаматтық іс жүргізу кодексі мынандай ережелерді бекітті:

- Дәлелдемелерді жинау және ұсынуды тараптар мен іске қатысушы тұлғалар жүзеге асырады. (15, 65, 66, 335-б, 3 бөлімі, 377 баптар т. б. )

- Дәлелдемелерді зерттеу сотпен, тараптармен, іске қатысушы тұлғалармен сот мәжілісінде істі қарағанда жүргізіледі. (195-206, 208, 210, 211, 354-356, 376, 398 баптар т. б. )

- Дәлелдемелерді бағалауды сот жүзеге асырады. (16, 77 бап) Іске қатысушы тұлғалар дәлелдемелерде бағалауда өз пікірін білдіруге құқылы, бірақ бағалаудың іс жүргізу құқықтың салдары болмайды.

Олай болса, дәлелдемелерді жинауға, ұсынуға, зерттеуге байланысты әрекеттер іске қатысушы тұлғалармен жүзеге асырылады. Дәлелдеу міндеті ең бірінші тараптар мен үшінші тұлғаларға жүктеледі. Тараптар, үшінші тұлғалар, арызданушылар т. б. іске қатысушы тұлғалар дәлелдемелерді жинау, ұсыну, зерттеу әрекеттеріне белсене араласуы тиіс.

Сот іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында өз бастамасымен дәлелдеме жинаудан толығымен босатылған. Бірақ АІЖК-нің 15-бабының 2-тармағы бойынша заңда көзделген жағдайларда іс үшін маңызы бар материалдарды алып беруге көмектеседі.

Сонымен, тараптар немесе басқа да іске қатысушылар ұсынған немесе мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша соттың сұрату тәртібімен алынған дәлелдемелерді зерттеу және бағалауды сот жүзеге асырады.

Азаматтық іс жүргізу заңдарының мазмұнынан дәлелдеудің субъектісі-тараптар, басқа да қатысушылар және сот екені анықталып отыр.

Жоғарыда айтылған пікірлерді есепке ала отырып: соттық дәлелдеу дегеніміз - дәлелдемелерді жинау, ұсыну және зерттеуге қатысты тараптар және іске қатысушы тұлғалар; дәлелдемелерді зерттеу және бағалауға қатысты соттардың дәлелдемелерді қолдану жолымен іс үшін маңызы бар заңдық фактілерді бекітуге бағытталған ойлау және іс жүргізу әрекеттері деген анықтама тұжырымға тоқталамыз.

  1. Дәлелдеу пәнінің түсінігі

Дәлелдеу пәніне қатысты деректер құрамы әрбір іс бойынша әртүрлі. Осы жағдайда қолдануға тиіс материалдың құқық нормаларымен басшылық ете және тараптардың талаптарынан және қарсылықтарынан оны сот анықтайды.

Әуелі дәлелдеу пәніне талап негіздемесінің деректері жатқызылады, яғни талап қоюшымен талап негіздемесі ретінде көрсетілген заңды фактілер, сондай-ақ талапқа қарсылық негіздемесінің деректері, яғни жауапкермен талапқа қарсы негіздемесі ретінде көрсетілген заңды фактілер.

Процеске даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар қатысқанда немесе қарсы талап қойылғанда іс бойынша дәлелдеу пәніне осындай талаптар негізінде деректер енгізіледі.

Егер тараптар заңды маңызы жоқ фактілерге сүйенетін болса, онда сот оларды зерттеуге тиіс емес. Ал егерде тараптар іс бойынша маңызы бар фактілерді белгілемесе, онда сот оны өз бастамасы бойынша дәлелдеу пәніне жатқызуы тиіс, сондай-ақ дауды дұрыс шешу үшін тараптарға дәлелдемелер табыс етуге ұсыныс жасайды.

Дәлелдеу пәні іс бойынша нені бекіту қажет және нендей мән-жайлар дәлелдеуге жатады деген сұраққа жауап береді. Іс бойынша дәлелдеу пәнін нақты және дұрыс анықтау сот процесінің қорытындысы бойынша заңды және негізгі шешімнің шығуына негіз болып табылады.

Дәлелдеудің пәні - азаматтық істерді дұрыс шешуге қажетті заңды фактілер мен өзгеде мән-жайлардың жиынтығы. Сондықтан дәлелдемелердің қатыстылығы іс бойынша дәлелдеу пәніне байланысты.

А. Х. Гольмстен дәлелдеу пәнін анықтай келіп, тараптардың талаптарын негіздейтін фактілер дәлелдеудің пәні болып табылады деп жазады [4, 143 б. ] .

Дәлелдеуді қанағаттандыратын екі негізгі шарт бар:

  1. Факт немесе мән-жай іс үшін маңызды болуы тиіс;
  2. Факт немесе мән-жай іс бойынша талапты құптайтын немесе қарсылық білдіретініне қарамастан анық болуы тиіс.

Іс бойынша дәлелдеуге жататын заңды фактілер мен басқа да мән-жайларды ізделініп отырған фактілер деп атауға болады. Себебі сот оларды бекітуі тиіс іс бойынша ізделініп отырған фактілердің жиынтығы дәлелдеу пәні болып табылады. Істің дұрыс шешілуіне қажетті маңызы бар мән-жайлар тараптар мен басқа да іске қытысушылардың талаптарымен қарсылықтары негізінде тиісті материалдық және процессуалдық құқық нормаларын қолдана отырып сотпен анықталады. АІЖК-нің 66-бабының 2-тармағы. Осы нормадан соттағы дәлелдің пәнін сот анықтайтынын байқаймыз.

Соттағы дәлелдеудің негізгі табиғат пен қоғамдағы құбылысты байланыстырады. Бұл байланыс сотқа бір құбылыстың (факт, мән-жай) бар болуы, екінші бір құбылыстың шығуына негіз болатынын айқындайды.

Жалпы, соттағы дәлелдеуді - соттағы дәлелдемелердің көмегімен істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін бекітуге бағытталған субъектілердің әрекеттері деп қарастыруға болады.

Азаматтық сот өндірісінде мән-жайларды танудың негізгі тәсілі ретінде іс үшін маңызы бар мән-жайдың бар немесе жоқ екенін, тараптардың қарсылықтары мен талаптарын, басқада жағдайларды соттағы дәлелдемелер, яғни соттық дәлелдеу жолымен бекітеді.

Соттағы дәлелдеудің негізі табиғат пен қоғамдағы құбылысты байланыстырады. Бұл байланыс сотқа бір құбылыстың (факт, мән-жай) бар болуы екінші бір құбылыстың шығуына негіз болатынын айқындайды.

Жалпы, соттағы дәлелдеуді-соттағы дәлелдемелердің көмегімен істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлардың бар немесе жоқ екенін бекітуге бағытталған субъектілердің әрекеттері деп қарастыруғы болады.

Дәлелдеу пәні іс бойынша нені бекіту қажет және нендей мән-жайлар дәлелдеуге жатады деген сұраққа жауап береді. Іс бойынша дәлелдеу пәнін нақты және дұрыс анықтау-сот процесінің қорытындысы бойынша заңды және негізді шешімнің шығуына негіз болып табылады.

Дәлелдеудің пәні-азаматтық істерді дұрыс шешуге қажетті заңды фактілер мен өзге де мән-жайлардың жиынтығы. Сондықтан дәлелдемелердің қатыстылығы іс бойынша дәлелдеу пәніне байланысты.

Соттағы дәлелдеудің мақсаты азаматтық істерде мән-жайды бекіту.

Соттағы дәлелдеу өзара байланысты және өзара шартты бір-бірінен ажырамайтын үш этаптан тұрады:

- Дәлелдемелерді жинау және табыстау.

- Сот мәжілісінде дәлелдемелерді зерттеу.

- Дәлелдемелерді бағалау.

Азаматтық іс-жүргізу әдебиеттерінде соттағы дәлелдеуге байланысты түрлі пікірлер айтылған.

Дәлелдеу құқығы теориясында дәлелдеу пәнінің мазмұны туралы түрлі пікірлер кездеседі. А. К. Сергун, Я. Л. Штутин, М. К. Треушников, К. С. Юдельсон сияқты ғалымдар дәлелдеу пәніне дауласушы тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін материалдық - құқықтық сипатқа не фактілер кіреді деп дәлелдесе, екінші бір авторлар дәлелдеу пәнінің мазмұнына талапты қолдайтын немесе оған қарсылық білдіретін фактілер ғана емес, құқық бұзушылықтың немесе даудың туындау себептері мен шарттарын да дәлелдеу пәнінің мазмұнына кіреді дегенді айтады, (Ю. К. Осипов) [6, 60 б. ] үшінші бір авторлар дәлелдеу пәні өзіне мән-жайлардың мынандай 3 тобын қамтиды, яғни материалдық-құқықтық, процессуалдық және дәлелдемелік деген тұжырымды ұсынса (Д. М. Чечот) [7, 84 б. ] ; төртінші бір ғалымдар дәлелдеу пәнінің мазмұнын кеңірек қамтиды, яғни оған материалдық құқықтық фактілер, процессуалдық сипатқа ие фактілер, дәлелдемелік және сотта құқық бұзушылық прафилактикасына қажетті фактілерді кіргізеді [8, 73 б. ] .

Осы айтылғандардың ішіне ең дұрыс пікір бірінші авторлар тобының тұжырымы деп сенеміз.

Жалпы, соттағы дәлелдеуді-соттағы дәлелдемелердің көмегімен істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлардың бар немесе жоқ екенін бекітуге бағытталған субъектілердің әрекеттері деп қарастыруғы болады.

Дәлелдеу пәні іс бойынша нені бекіту қажет және нендей мән-жайлар дәлелдеуге жатады деген сұраққа жауап береді. Іс бойынша дәлелдеу пәнін нақты және дұрыс анықтау-сот процесінің қорытындысы бойынша заңды және негізді шешімнің шығуына негіз болып табылады.

Дәлелдеудің пәні - азаматтық істерді дұрыс шешуге қажетті заңды фактілер мен өзге де мән-жайлардың жиынтығы. Сондықтан дәлелдемелердің қатыстылығы іс бойынша дәлелдеу пәніне байланысты.

Соттағы дәлелдеудің мақсаты азаматтық істерде мән-жайды бекіту.

Соттық шешудің пәні даулы материалдық-құқықтық қатынас немесе заңды мүдде болып табылады. Ал нормаларында бекітілген белгілі заңды фактімен немесе олардың жиынтығымен байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу
АЙҒАҚТАР МЕН ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер
Азаматтық істерді сотта қарау
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Дәлелдемелер теориясындағы дәлелдемелер және дәлелдемелердің қайнар көздерінің түсініктемелерінің ара қатынасы
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар және олардың маңызыдылығы
ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖҮЙЕСІНДЕ ТАРАПТАРДЫҢ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІНІҢ ОРНЫ
Айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету
Заттай дәлелдемелердің сот - медициналық сараптамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz