Ататүрік
Ататүрік былай дейді: "Мен үшін ең ұлы қорғаныс ұясы, ең ұлы көмек көзі - ұлтымның кеудесі. Сондықтан да мен ұлтымның кеудесін ешкімге бастырмау үшін барымды саламын!"
Осымен қатар, Ататүрік өз ұлтына қатысты мынадай ойлар айтады:
"Мен қажет болса, ұлтым үшін өз өмірімді де қиямын!"
"Ұлтқа қожалық жасауға, қоқаңдауға болмайды! Ұлтқа тек қызмет ету керек! Ұлтқа қызмет еткен адам ғана ұлтқа басие бола алады!"
"Түрік ұлты деген сөз - түрік тілі деген сөз. Түрік тілі - түрік ұлтының ең қасиетті, ең киелі, ең иелі қазынасы. Түрік тілі - түрік халқының жүрегі, ақылы һәм ойы!"
"Біздің бәріміз парламент депутаты бола аламыз, министр бола аламыз, тіпті республика президенті де бола аламыз. Бірақ, өнер адамы бола алмаймыз. Сондықтан өнер адамы біздің (биліктегілердің) емес, біз өнер адамының қолынан сүюге тиіспіз!"
Ататүрік осы ойларды тек айтып қана қойған жоқ, оны орындаған да! Және қалай орындады десеңізші!! Өз ұлтының мерейі мен мәртебесін көтере білген Ататүрік өзінің ақыл-ойы мен іс-әрекеті арқылы халық сүйіспеншілігіне бөленді. Халықтың ықыласына ие болды. Ататүріктің халық ықыласына бөленуінің сыры неде! Енді осы ретте қазақ оқырмандарын Ататүріктің өмірімен жөне қызметімен, саяси-идеологиялық ұстанымдарымен, көзқарасымен таныстыра кеткенді орынды көріп отырмыз.
***
Ататүрік тек өз халқының, өз елінің ғана емес, бүкіл түрік ("түркі" емес, түрік!) әлемінің ұлы презенттерінің бірі. Ол өзінің бүкіл саналы өмірін туған халқының жарқын болашағына, туған елінің тәуелсіздігіне, тұтастығына, бірлігіне, ана тілі мен ұлттық мәдениетінің дамуына, өркендеуіне арнады. Ататүрік қиын-қыстау кезеңде ұлт-азаттық күресін басқарып, туған елін ғасырлар бойына созылған сұлтандар әулетінің өзара қырқысынан, импералистік мемлекеттердің Түркияны бөлшектеп, әлем картасынан сызып тастау жөніндегі арам пиғылынан құтқарды. Сөйтіп, Батыс үлгісіндегі, еуропалық сипаттағы жаңа түрік мемлекетін - бүгінгі Түркия республикасын құрды. Осы күн, яғни 1923 жылдың 29 қазаны күні Түркияның бас мейрамы - республика күні болып белгіленді.

АТАТҮРІК
Ататүрік былай дейді: "Мен үшін ең ұлы қорғаныс ұясы, ең ұлы көмек
көзі - ұлтымның кеудесі. Сондықтан да мен ұлтымның кеудесін ешкімге
бастырмау үшін барымды саламын!"

"Ұлтқа қожалық жасауға, қоқаңдауға болмайды! Ұлтқа тек қызмет ету
керек! Ұлтқа қызмет еткен адам ғана ұлтқа басие бола алады!"
"Түрік ұлты деген сөз - түрік тілі деген сөз. Түрік тілі - түрік
ұлтының ең қасиетті, ең киелі, ең иелі қазынасы. Түрік тілі - түрік
халқының жүрегі, ақылы һәм ойы!"
"Біздің бәріміз парламент депутаты бола аламыз, министр бола аламыз,
тіпті республика президенті де бола аламыз. Бірақ, өнер адамы бола
алмаймыз. Сондықтан өнер адамы біздің (биліктегілердің) емес, біз өнер
адамының қолынан сүюге тиіспіз!"
Ататүрік осы ойларды тек айтып қана қойған жоқ, оны орындаған да! Және
қалай орындады десеңізші!! Өз ұлтының мерейі мен мәртебесін көтере білген
Ататүрік өзінің ақыл-ойы мен іс-әрекеті арқылы халық сүйіспеншілігіне
бөленді. Халықтың ықыласына ие болды. Ататүріктің халық ықыласына
бөленуінің сыры неде! Енді осы ретте қазақ оқырмандарын Ататүріктің
өмірімен жөне қызметімен, саяси-идеологиялық ұстанымдарымен, көзқарасымен
таныстыра кеткенді орынды көріп отырмыз.
***
Ататүрік тек өз халқының, өз елінің ғана емес, бүкіл түрік ("түркі"
емес, түрік!) әлемінің ұлы презенттерінің бірі. Ол өзінің бүкіл саналы
өмірін туған халқының жарқын болашағына, туған елінің тәуелсіздігіне,
тұтастығына, бірлігіне, ана тілі мен ұлттық мәдениетінің дамуына,
өркендеуіне арнады. Ататүрік қиын-қыстау кезеңде ұлт-азаттық күресін
басқарып, туған елін ғасырлар бойына созылған сұлтандар әулетінің өзара
қырқысынан, импералистік мемлекеттердің Түркияны бөлшектеп, әлем картасынан
сызып тастау жөніндегі арам пиғылынан құтқарды. Сөйтіп, Батыс үлгісіндегі,
еуропалық сипаттағы жаңа түрік мемлекетін - бүгінгі Түркия республикасын
құрды. Осы күн, яғни 1923 жылдың 29 қазаны күні Түркияның бас мейрамы -
республика күні болып белгіленді.
...Ататүрік Грекияның Салоники (ол кезде бұл жер Осман империясының
құрамында болатын) қаласында туды. Сонда арнайы әскери мектепті бітірді.
Кейін әскери училищені және Стамбұлдағы әскери академияны тәмамдады.
Ататүріктің әкесі Әли Рыза бей ерте қайтыс болып, шешесі Зүбәйда
ханымның тәрбиесінде өсті. Аға-інілері болмаған. Мақбүпә есімді қарындасы
болған. Ол да көп жасамаған. Ал Зүбәйда ханым 1923 жылға дейін өмір сүріп,
ұлының қаһармандыққа толы күрескерлік өмірінің куәсі болды.
Әскери мектепте оқып жүрген кезінде Ататүрікке бір күні математика
пәнінің мұғалімі былай дейді: "Ұлым, екеуміздің де атымыз Мұстафа екен.
Арамызда айырмашылық болуы үшін сенің атың бұдан былай Мұстафа Кемал
болсын". Ұстазы осылай дейді де, журналға солай жаздырады. Сөйтіп, азан
шақырып қойған аты сәл өзгертіліп, Ататүрік екі сөзден тұратын есім алады
(Мұндай есімдер түріктер арасында жиі кездеседі). Ал кейін, 1934 жылы
Түркияда фамилиялар туралы арнайы заң қабылданғанда, түрік халқының
алдындағы орасан зор еңбегі ескеріліп, Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің
(парламентінің) арнайы қаулысымен Мұстафа Кемалға "Ататүрік" деген фамилия
берілді.
Сақария қаласында грек әскерімен болған 21 тәулікке созылған бетпе-бет
ұрыста тамаша жеңіске жеткені үшін (бұл шайқас 1921 жылы болған) 1921
жылдың қыркүйек айында оған маршал дәрежесі (бұл кезде 40 жастағы Ататүрік
армия генералы болатын) және "Ғази" ("Жеңімпаз") атағы берілген еді...
Жаңа тұрпатты парламентті (ТҰҰМ) ұйымдастырып, оның алғашқы төрағасы
да Ататүрік болды (1920 жылдың 23 сәуірі). Жаңа түрік мемлекеті - Түркия
республикасының бірінші Конституциясын дайындап, бекітуге де Ататүрік
басшылық етті (1921). Ататүріктен кейін Түркия республикасының тарихында
тағы да екі конституция қабылданды (1960 жылы, 1982 жылдары). Бұл
конституциялар әскери теңкерістердің нәтижесінде қабылданса да, Ататүрік
ұстанымдары, Ататүрік рухы, Ататүрік ұстанған басты принциптер күні бүгінге
дейін өзгермей келеді.
Ататүрік Түркия республикасының 15 жылдығына орай елді аралап жүрген
сапары кезінде 1938 жылы 10 қараша күні Стамбұлда бауыр церрозынан қайтыс
болады (57 жаста). Оның денесі Анкараға әкелініп, сондағы этнография
мұражайына жерленеді. Ал 15 жылдан кейін, яғни 1953 жылы қазіргі кесенесіне
көшірілді. Бұл кесене түрікше "Аныт қабир" ("Ескерткіш қабір") деп аталады.
Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік туралы Түркияда да,
шет елдерде де кеп жазылған. Отанында оның есімі күні бүгінге дейін үлкен
құрметке ие. Түркияда ғылыми зерттеулерді былай қойғанда, Ататүрік туралы
жазылған естеліктердің, оған арналған өлең-жырлар мен дастандардың өзі том-
том. Ол жайында көркем шығармалар, фильмдер, спектакльдер, музыкалық
туындылар да жетерлік.
Қазақ тілінде Ататүрік туралы 1990 жылдардың басынан бері қарай азын-
аулақ материал жарық көрді. Аллаға шүкір, қарғыс атқыр коммунистік режим
күйреп, қызыл аждаһа тоңқалаң асқан соң, Қазақстанның азат әлеммен, оның
ішінде Ататүрік елімен қарым-қатынасы жақсы дамып келеді. Екі ел арасындағы
барыс-келіс, Түркия туралы, Ататүрік туралы қазақ газеттері мен
жорналдарында жиірек жазылатын болды, радио, телехабарлар беріле бастады.
1998 жылы Түркия Республикасының 75 жылдығына байланысты Ысрайыл Ысмайылдың
"Ататүрік" атты кітабы да жарық көрді.
***
Түрік ұлтын, жаңа түрік мемлекетін заманауи өркениет деңгейіне жеткізу
жолында Ататүрік жүзеге асырған реформалардың (Түркияда оларды "Ататүрік
революциялары" деп атайды) негізі болған принциптердің жиынтығы
"ататүрікшілдік", немесе "кемализм" деп аталады. Бұл - жалаң теория емес,
Ататүрік құрған Түркия республикасы мемлекетінің практикалық тұрғыдағы
тұғырнамасы, идеологиялық арқауы.
Олар мыналар:
1. республикашылдық (мемлекеттің және ұлттың тұрақты түрде
республикалық құрылым жолымен басқарылуы);
2. халықшылдық (мемлекеттің халық үшін қызмет етуі және оның халық
тарапынан басқарылып отыруы);
3. ұлтшылдық (ұлтжандылық, түрік ұлтының мүдделері мен мерейінің басты
мақсат болып табылуы);
4. мемлекетшілдік (барлық саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени
шаралар Түркия мемлекетінің мәңгі өмір сүруін және нығаюын қамтамасыз етуі
керек);
5. лаицизм (діни емес, зайырлы мемлекет жүйесі);
6. революцияшылдық (тоқырауға жол бермеу, үнемі даму, жаңару үстінде
болу, әлемдік өркениеттен артта қалмау).
Бұл принциптер 1937 жылы ресми түрде Түркия республикасының
конституциясына енгізілді. 1960, 1982 жылға конституцияларға енгізілген
өзгерістер де бұл принциптерге нұқсан келтірген жоқ.
Осы принциптердің негізінде Түркияда Ататүріктің басшылығымен мынадай
реформалар жүзеге асырылды:
саясат саласында - сұлтандық жойылып, Түркия республика болып
жарияланды. Түркияның жаңа парламенті – Ұлы Ұлттық Мәжілісі ұйымдастырылды,
халифат таратылды, жаңа конституция қабылданды.
құқық саласында - шариғат соттары таратылды, азаматтық кодекс және
жаза туралы заңдар қабылданды, әйелдерге еркектермен тең құқықтар берілді,
көп әйел алуға тыйым салынды;
білім беру саласында - латын жазуына негізделген жаңа түрік әліпбиі
қабылданды, жаңа типті университеттер құрылды, білім берудің тұтас жүйесі
қалыптастырылды;
лаицизмге бағыт алу жолында - дін мемлекеттен ажыратылды, дәруіштердің
ғибадатханалары (текелер) таратылды. Әрине, дінге тыйым салынған жоқ;
батысшылдық бағытында - сағат мерзімі мен күнтізбе өзгертілді (1926
жылдан бастап Түркияда еуропалық жыл санау жүйесі жүргізіліп келеді),
ұзындық пен салмақ өлшемдері жаңартылды, фес орнына шляпа кию, басқа да
еуропалық киім үлгілері енгізілді, фамилиялар туралы заң қабылданды және
тағы басқалар;
тарих ғылыми саласында - түрік тарихын шынайы тұрғыда жазу ісі қолға
алынды, бұл үшін Ататүріктің өзі "Түрік тарихының басты бағыттары" атты
бағдарламалық мәні бар арнайы еңбек жазды. Осы саладағы жаңа тұрпатты, жаңа
идеологиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіріп отыратын "Түрік
тарих қоғамы" құрылды (1931 жыл) және ол күні бүгінге дейін жемісті түрде
жұмыс жүргізіп келеді;
тіл білімі саласында - түрік тілін араб-парсы элементтерінен мейлінше
тазартып, бүкіл халық еркін түсінетін және қолданатын деңгейге көтеру басты
мақсат етілді; Ататүріктің басшылығымен және тікелей араласуымен
ұйымдастырылған "Түрік тіл қоғамы" (1932 жыл) өзінің тарихында бұл бағытта
орасан көп жұмыс атқарды (көптеген сөздіктөр жарияланды, ондаған мың араб-
парсы сөздері түрік түбірлес жаңа сөздермен ауыстырылды, соңғы жылдары
Еуропа тілдерінен енген сөздерге де түрікше баламалар табу ісі табысты
жүріп жатыр), араб жазуының орнына латын жазуы енгізілді (1928 жылы);
экономикада - басқа елдердің капиталына арқа сүйеп, Осман империясы
сияқты сол елдерге тәуелді, кіріптар болып қалмас үшін ұлттық капиталды
ұлғайтуға, ұлттық экономиканы күшейтуге ден қойылды, "экономикалық
тәуелсіздік - дербестіктің басты шарты" деп танылды;
сыртқы саясатта - түрік ұлты мен Түркия республикасы мемлекетінің әлем
шеңберінде құрметтелуі мақсатында шет елдермен әрі ұлттық, әрі адамгершілік
негіздегі бейбіт қарым-қатынастар жасау кезделінетін болды...
***
Ататүрік КСРО-ның құлайтынын сонау 30-жылдарда-ақ (яғни 60 жылдай
бұрын) көрегендікпен болжай білген, сондықтан сол кезден-ақ Түркияның бұған
дайын болуы керектігін айтқан. Мысалы, Ататүрік Түркия Республикасының 10
жылдығына орай 1933 жылы еткен салтанатты жиында сөйлеген тарихи сөзінде
былай деген:
"Бүгін Кеңестік Ресей – көршіміз, одақтасымыз. Бұған біз бүгін
мұқтажбыз. Бірақ, ертең не боларын ешкім кесіп айта алмайды. Дәл Осман
империясы сияқты, дәл Аустрия-Венгрия сияқты оның да ыдырауы мүмкін,
бөлшектенуі мүмкін. Бүгін қолында мықтап ұстап отырған халықтары уысынан
шығып кетуі мүмкін. Әлемде сонда жаңа тепе-теңдік орнайды. Міне, сонда
Түркия не істейтінін білуге тиіс. Біздің бұл "досымыздың" билігінде тілі
бір, наным-сенімі бір, өзегі бір бауырларымыз бар. Соларға қол ұшын беруге
дайын болуымыз керек. Дайын болу деген сөз - сол күнді күтіп отыру деген
сөз емес. Әсіресе, рухани көпірлерге мән беруіміз керек. Тіл - бір көпір,
наным-сенім - бір көпір, тарих - бір көпір... Бүгін біз олардан тіл
тұрғысынан да, салт-дәстүр женінен де, тарихи байланыстардан да ажырап, өте
алыста қалып қойдық. Біз тұрған белес дұрыс па, олар тұрған деңгей дұрыс
па, мұны есептеп жатудың пайдасы жоқ. Олардың бізге жақындасуын куте
алмаймыз. Біз оларға жақындасуымыз қажет. Тарихи байланыстарымызды
жаңғыртуымыз керек. Бұларды кім істейді? Әрине, біз. Өздеріңіз көріп
отырсыздар, Тіл қоғамын, Тарих қоғамын ұйымдастырдық. Тілімізді солардың
тіліне жақындатуға, сөйтіп бір-бірімізді оңайырақ түсінетін жағдайға жетуге
тырысудамыз. Тарихымызды да соларға жақындатуға тырысып жатырмыз. Ортақ
тарих жасаудың соңындамыз. Бұл оңай жасалына салмайды... Естуімше, шолақ
ойлы кейбіреулер "Ататүріктің басқа жұмысы жоқ па, тілмен, тарихпен
айналыса бастағаны несі?" дейтін көрінеді. Сөз жоқ, жұмысым бастан асады,
мен бүгін озық Түркияны құруға қалай тырысып жатсам, ертеңгі Түркияның
негізін қалауға да соншалықты мән беріп жатырмын. Осы жасап жатқандарымның
бәрі ешбір басқа халыққа дұшпандық емес. Бейбітшілікті жақтаймыз.
Бейбітшілікті жақтап қала береміз. Бірақ, тоқтаусыз өзгеріп жатқан бұл
әлемде ертеңнің ықтимал өзгерістеріне де дайын болуымыз керек".
Сол жылдарда болған бір жиында Ататүрік тағы да былай деген екен: "Мен
ең алдымен біртұтас түрік ұлтшылымын! ("Күллі түркі халықтарына ортақ
ұлтшылмын!" дегені - Ф.Ә.) Солай тудым, солай өлемін. Түрік бірлігінің
күндердің күнінде шындыққа айналатынына сенемін. Түрік бірлігіне (түркі
халықтарының бірлігіне - ред.) сенемін. Ертеңнің тарихы өзінің жаңа
кезеңдерін түрік бірлігімен бастайтын болады. Әлем бейбітшілік пен
тыныштықты сол кезеңдерден табады".
Алайда, өзіндік бір жолдау, өзіндік бір есиет іспетті болған
Ататүріктің бұл сөздерінен Түркияның кейінгі басшылары тіиісті қорытынды
жасай алмады ма, әйтеуір, 1990 жылдардың басында Түркия Ататүріктің бұл
айтқандарына дайын болмай шықты деп атап көрсетті сол тұста кейбір түрік
газеттері. КСРО-ның құлауына байланысты пайда болған идеологиялық вакуумды
толтыруға Түркия құлшыныс білдірмеді. Бұл әлі де жалғасып келеді. Оның арты
не боларын, әрине, болашақ көрсетеді. Тек қызыл идеологияның қайтадан
үстемдік құруынан Тәңірім түрік дүниесін сақтағай!
***
Ататүрік түрік жастарына былай дейді:
"Ей, түрік жастары! Бірінші міндетің - түрік тәуелсіздігін, Түркия
республикасын мәңгі сақтау және қорғау!
Тірлігіңнің және болашағыңның жалғыз негізі - осы. Бұл негіз - сенің
ең қымбат байлығың. Болашақта да сені осы байлығыңнан мақұрым еткісі
келетін ішкі, сыртқы жауларың болады. Күндердің күнінде тәуелсіздік пен
республиканы қорғауға мәжбүр болсаң, міндетіңді орындау үшін өзің тап
келген жағдайдың мүмкіндіктері мен шарттарынан сескенбеуің керек! Ол
мүмкіндіктер мен шарттар өте қолайсыз болуы ықтимал. Тәуелсіздік пен
республикаңа қастандық жасағысы келген жаулар бүкіл әлемде теңдесі жоқ
жеңіске қол жеткізуі мүмкін...
Зорлықпен және айламен ғазиз Отаныңның барлық қамалдары басып алынған,
бүкіл теңіз порттарына жау жайғасқан, армиясы түгел таратылған және елдің
әрбір бұрышы шын мәнінде де жаулап алынған болуы мүмкін. Осының бәрінен де
қауіптісі - елдің ішіндегі билікке ие болып отырғандар жаңылысуы,
қателесуі, тіпті опасыздыққа баруы мүмкін. Тіпті осы билік басындағылар
өздерінің жеке мүдделерін басқыншылардың саяси мақсаттарымен біріктіруі
мүмкін. Халық кедейшілік пен жоқшылық астында қалып, бүліншілікке,
әлсіздікке ұшырауы мүмкін.
Ей, түрік болашағының перзенті!
Осындай ахуал мен шарттар астындағы сенің міндетің де түрік
тәуелсіздігі мен республикасын құтқару болып табылады.
Саған қажет күш-қуат - тамырларыңдағы асыл қанда!"
***
Ататүрік айтқан төмендегі көзқарастар да әлі күнге маңызын жойған жоқ.
- Жаңа Түркияның мәні - ұлттық егемендігінде!
- Жұртымыздың иесі және қоғамымыздың негізгі бөлігі - шаруалар.
- Түрік ұлтының табиғатына және ұлттық ерекшеліктеріне ең сай басқару
жүйесі - республикалық басқару.
- Дүние жүзінде өмір сүрген және өмір сүріп отырған ұлттардың ішінде
рухы жағынан шынайы демократ болып туған жалғыз ұлт ТҮРІКТЕР екеніне әбден
сенулеріңізге болады.
- Бізге шабыт көктен, я ғайыптан келген жоқ, біз оны өмірдің өзінен
алдық.
- Жолда кетіп бара жатқан жолаушының көкжиекті ғана көруі жеткіліксіз.
Міндетті түрде ол көкжиектің арғы жағын көруі және білуі керек.
- Бостандық және тәуелсіздік - менің мінез-құлқым. Мен ұлтымның және
ұлы бабаларымның ең құнды мұрасы - тәуелсіздікке құштарлық сезімі кеудесін
кернеген адаммын.
- Мен диктатор емеспін. Менде күш бар екендігі айтылып жүр. Әрине, бұл
дұрыс. Менің ойға алып, орындалмаған нәрсем жоқ. Өйткені, мен зорлықпен
және мейірімсіздікпен әрекет етуді білмеймін. Мен адамдарды ренжіту емес,
олардың жүрегін жаулап алу арқылы билік жүргізуді қалаймын.
- Мен істе қалай табысқа жететінімді ойламаймын. Бұған не кедергі
болатынын ойлаймын. Кедергілерді жойсам, іс өзінен өзі алға басады.
- Менің күшім және қуатым халықтың маған көрсеткен сенімінен құралады.
- Балаларымызға және жастарымызға берілетін білімнің шегі қандай
болса, ондай болсын, оларға ең алдымен, бәрінен бұрын Түркияның болашағына,
өзіндік ұлттық келбетіне, ұлттық дәстүрлеріне жау болып табылатын барлық
элементтерге қарсы күрес жүргізудің қажеттілігі үйретілуге тиіс.
- Республиканың сіздерден (мұғалімдерден - Ф.Ә.) ой-пікірі - озат, ар-
ожданы - азат, ғылым-білімі - озық ұрпақ күтетінін ешқашан естеріңізден
шығармаңыздар.
- Өнердің ең қарапайымы - ең құрметтісі. Етікші, тігінші, ағаш ұстасы,
ерші, темірші, тағашы... - әлеуметтік өмірімізде де, әскери өмірімізде де
сыйлауға және құрмет көрсетуге әбден лайық шеберлер.
- Түркия республикасының негізі - оның мәдениеті. Ұлттық мәдениет -
біздің басты мұратымыз.
- Біздің дініміз - ең парасатты, ең табиғи дін. Міне, сондықтан да ол
соңғы дін болып отыр. Діннің табиғи болуы үшін ол ақылға, ғылымға, білімге
және логикаға үйлесімді болуы қажет. Біздің дініміз осының бәріне
үйлесімді.
- Әскеріміз - түрік тірлігінің, түрік құдіреті мен талантының, түрік
отаншылдығының құрыштанған көрінісі. Әскеріміз - түрік жерлерінің және
Түркия мемлекеті мұратын шындыққа айналдыру жолында біздің сарп еткен
жүйелі еңбегіміздің жеңілмейтіндігінің сенімді кепілі. Мен әскери қызметтің
өнер сипатында болуын көбірек ұнатамын.
- Біздерді ұлтшылдар дейді. Бірақ біз ұлтшыл болғанда да өзімізбен
ынтымақтастық жасайтын барлық ұлттарды құрметтейтін, олардың ойынан
шығатындай ұлтшылдармыз.
- Түрік ұлтының мінезі - асқақ. Түрік халқы - еңбекқор халық. Түрік
халқы - зерек халық. Өйткені, түрік халқы ұлттық тұтастықтың және бірліктің
арқасында басқа күштерді жеңе білді. Түріктің түріктен басқа досы жоқ. "Мен
түрікпін" деген адам қандай бақытты!
- Әлем бізді құрметтесін десек, өз ұлтымызды және ұлттық бейнемізді
алдымен біздің өзіміз бар сезімімізбен, ақыл-ойымызбен, ісімізбен, бүкіл
қимыл-әрекетімізбен құрметтеуіміз керек. Өзінің ұлттық бейнесін таба
алмаған ұлттардың басқа ұлттарға жем болатынын біліп қойғанымыз жөн!
Ататүрік осындай саясаткер болған. "Алтынды тот баспайды", Ататүріктің
көзқарасы мен ұстанымдары - қазақ халқына да қымбат.
Жаулары басып алып, қиратып тастаған бір кездегі ұлы империяның
жұртта қалған жұқанасына айналған, дамыған державалардың алдында
экономикалық жағынан кіріптарлыққа ұшырап, төменшік күйге түскен Түркияның
етектегі басын төрге сүйреп кеткен есіл ерді – өзінің Тұңғыш Президентін
түрік халқының қандайлық қастерлейтіні кім-кімді де ойға қалдырады деп
сенеміз.
***
Мұстафа Кемал Ататүріктің билік құрған он бес жылының, бүкіл әлем
үшін демей-ақ қояйық, түрік ұлты үшін, ал енді көбіне-көп Еуропа үшін де
тарихи маңызын Оттоман портасының оған дейінгі жеті ғасырымен салыстыруға
әбден болады.
Константинополь Мехмед ІІ-нің мұздай темір құрсанған шеріктерінің
қолынан құлаған 1453 жылдың мамырынан Еуропа одағы (ол кезде Еуропа
экономикалық қоғамдастығы) Түркияны Еуропа клубына мүшелікке алу жөнінде
уәде еткен 1963 жылға дейінгі аралықты бес жүз жыл бөліп жатыр. Сонан бері
түріктер төрешілдік шешімдерінің кезегін күтіп, Еуропа дарбазасының алдында
тұр. Ол дарбазаның жеңімпаз Кемал-паша ұрпақтарының алдынан айқара
ашылатынына үміт барған сайын артып келеді.
Түріктердің өткен дәуренінде бірнеше ғасырларға созылған күш-қуат пен
даңқ жолы жатыр. ХVІІ ғасырдың екінші жартысына дейін өзіне теңдесер ешкім
болмаған Осман империясы әлемнің аса ірі мемлекеті еді, оның билігі
Солтүстік Африкаға, Таяу Шығысқа, Шығыс және Оңтүстік Еуропаға жүріп тұрды.
Алайда, ХVІІ ғасырдың аяқ шеніне қарай әртүрлі ішкі және сыртқы себептерге
байланысты бір кездегі қуатты державаның ыдырау үдерісі басталды. Оның жан
тәсілім етуінің өзі екі жарым ғасырға созылды.
Он тоғызыншы ғасырдың аяғында тарих майданына реформаторлардың жаңа
буыны – жас түріктер шықты. Ағылшын-француз ықпалынан босауға ұмтыла
отырып, жас түріктер сыртқы саяси бағытты өзгертті де елді Германияны
жақтап бірінші дүниежүзілік соғысқа килігуге ұрындырды. Мұның өзі Еуропа
мен Осман империясының мың жарым жылға созылған текетіресі тынуының бастауы
еді. 1918 жылы Мудрос уақытша бітіміне қол қойылған соң ел өзінің жерінен
түгел айырылды, Антанта әскерлері Анадолыны басып алды. Түркияны
жаңғыртудың османдық кезеңі осылай аяқталды.
Осман империясының соңғы соғысына айналған бірінші дүниежүзілік
соғыстың басында-ақ Уинстон Черчилль: “Осынау зілзалада даудан басы
арылмаған, қирап, қаусаған, қалтасы тесік Түркияның күні не болар екен?”,
деген еді. Түркияның жеңілісі Осман империясы аумағының тез арада-ақ
бөлініп алынуына әкеліп соқтырды. Антантаның әскери флоты Босфор мен
Дарданелл бұғаздарына кірді. Ағылшындар мен француздар Мосул мен Искандерун
маңайын басып алды. Италиялықтар Оңтүстік-Батыс Анадолыны және маңайлас
жерлерді, соның ішінде Антальяны бақылауда ұстады. Антанта флотының
көмегімен грек қарулы күштері 1919 жылдың мамырында Измир маңына келіп
түсті де, Батыс Анадолыдағы гректерді қорғаймыз деген сылтаумен ашықтан-
ашық соғыс интервенциясына кірісіп кетті.
1919 жылдың мамырында Эгей теңізіне жақын жердегі таулы өңірде
партизан соғысы өріс алды. Қарсылықтың бастауында неғұрлым білімді және
отаншыл топ – әскери кадрлар тұрды. Олардың көбі жас түріктердің
жаңғыртушылық көзқарасын қолдайтын. Күресті таяуда ғана аяқталған соғыстың
батыры, “Ыстамбұлдың құтқарушысы” атағына ие болған генерал Мұстафа Кемал
басқарды. Әскер мен халықтың көмегіне сүйенген Кемал уақытша үкімет құрып,
интервенттерге қарсы соғыс қимылдарын өрістетті. Кемалшылдық революциясы
басталды. Сұлтан Кемал жасақтарына қарсы “ғазауат” жариялады. Ел азамат
соғысының отына оранды.
1920 жылғы 10 тамызда Севрде Антанта державалары мен сұлтан үкіметінің
арасында бейбіт шартқа қол қойылды, осы арқылы Түркияның бөлінуі мен
кіріптарлыққа түсуі құжатталды. Сұлтан үкіметіне іс жүзінде Анкара мен Қара
теңіз жағалауы арасындағы жер ғана қалдырылды. Түркияның басым бөлігі
Антанта елдерінің бақылауына және ықпалына түсті.
Жаңа парламент – Түркияның Ұлы ұлттық жиналысы (ТҰҰЖ) Анкарада
шақырылды, жиналыс М.Кемалға қосымша өкілеттіктер берді. 1922 жылдың 26
тамызында түрік әскерлері барлық майданда шабуылға шықты. Түріктерге қарсы
әскерлердің негізін құраған грек армиясы тас-талқан етіліп, түрік жерінен
тез-ақ тайып тұрды. 1919-1922 жылдардағы грек-түрік соғысы жеңіспен
аяқталды.
1920-1922 жылдар аралығында М.Кемал және оның жақтастары шығыстағы,
оңтүстік пен батыстағы жау әскерлерін талқандап, Ресеймен, Ұлыбританиямен,
Франциямен және Италиямен бейбіт келісімге келді. 1922 жылдың қарашасында
соңғы сұлтан – Мехмед VІ британ әскери кемесіне мініп алып, елден қашып
шықты.
1923 жылдың 29 қазанында Түрік Республикасының құрылғаны жария етілді,
бір жыл өткен соң оның Конституциясы қабылданды. Дәл сол күні Ұлы ұлттық
жиналыс Ғази Мұстафа Кемалды Түрік Республикасының президенті етіп
бірауыздан сайлады.
Ол Осман империясының жеті жүз жылдық тарихын тәмамдаған, жаңа
мемлекет – Түркияны құрған адамға айналды.
Соғыс барысында қол жеткізген беделі мен Түркияны азат етуші деген
даңқына арқа сүйей отырып, М.Кемал батыл және түбегейлі өзгерістерге еш
жалтақсыз кірісті. Кемалшылар өткен күнмен ат құйрығын кесісу және жаңа
тұрпатты ұлтты қалыптастыру алға басудың міндетті шарты деп санады.
Отаншыл күштерді біріктірудегі ұйымдық бастау ретінде түрік ұлтшылдығы
идеясы ұлт-азаттық соғысы жылдарында дүниеге келді. Ол ұлыдержавашыл
османшылдықтың, жас түріктік пантүркизм мен панисламизмнің орнын
алмастырды.
Оның алдындағы екі ғасыр бойында үнемі дерлік жеңіле бергеннен,
империяның іштей іріп-шіруінен түріктердің ұлттық сағы әбден-ақ сынған еді.
Оны қайта көтеруді алдымен зиялы қауым сөз етті. Сондықтан да Ататүріктің:
“Түрік болу қандай бақыт!” деген атақты сөзі әлемдегі басқа жұрттарға қыр
көрсетудей естіліп, қайта өрлеп жатқан елдің ұлттық идеясының арқауына
алынды.
Ішкі саясатта ұлтшылдық бұқара халықты революциялық жаңғыруларға
жұмылдырудың басты тетігіне айналды. Түрік ұлтшылдығы қағидаты
конституцияға және билік құрушы Халықтық-революциялық партияның
бағдарламасына енгізілді.
Ататүрік алға қойған міндеттердің соншама жойқындығын түсіну үшін 1920-
шы жылдарда христиандық Еуропа мен мұсылмандық Түркияның арасында түпсіз
шыңырау жатқанын есте ұстау, екінші жағынан алғанда, Еуропа десе әділетті
түрде түрік мемлекеттілігінің өзін құртып жібере жаздаған қас жауын
көретін мұсылман еліне еуропалық даму жолын ұсынған Ататүріктің батылдығы
мен көрегендігіне дес беру керек. Еуропаландыру мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz