Microsoft Excel электрондық кестесі жайлы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

“Технологиялық үрдістерді және өндірістерді компьютерлендіру” кафедрасы

“Ақпараттану” пәні бойынша іс-тәжірибеден

ТАПСЫРМА

Орындаған:

ПГН-02-1 қ. студенті

Тоқтаған Д

Қабылдаған:

Баймағанбетова С.

Алматы 2003

Мазмұны

ТапсырмаЖалпы мағлұматтарСтандартты функцияларды қолдануДиаграмма және графика сызуӘдебиеттер тізімі:
  1. Тапсырма
  2. Жалпы мағлұматтар
  3. Стандартты функцияларды қолдану
  4. Диаграмма және графика сызу
  5. Әдебиеттер тізімі
3471012:

3

4

7

10

12

Excel программасы жөніндегі жалпы мағлұматтар

Microsoft Excel электрондық кестесімен танысамыз. “Электрондық кесте” деген термин кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу деген ұғымды білдіреді. Кестелерді өңдеу мыналардан тұрады:

  1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.
  2. Түрлі-түрлі мәліметтерге тигізетін әсерін зерттеу.
  3. Оптимизация (тиімді ету) есептерін шығару.
  4. Белгілі бір критерилерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын алу.
  5. Графиктер мен диаграммарды тұрғызу.
  6. Мәліметтерді статистикалық талдау.

Excel программасын іске қосу

Excel-ді іске қосу үшін онымен байланысқан шарт белгіні тауып, тышқанды екі рет сырт еткізу қажет. Ол іске кіріскенде экранға төменгі сурет көрсетілген терезе шығады.

Excel терезесінде мынандай объектілер бар:

Жоғарғы қатар - басқару батырмалары орналасқан терезе тақырыбы.

Екінші қатар - Excel меню қатары.

Үшінші және төртінші қатарлар - стандартты және форматтау саймандар панелдері.

Бесінші қатар - енгізу-түзету қатары немесе формулалар қатары.

Excel менюімен жұмыс атқару

Электрондық кестенің негізгі ұғымдары мыналар:

Қатар нөмірі - электрондық кестенің көлденең орналасқан қатарларының сол жақ шетінде жазылған нөмірі.

Баған әрпі - электрондық кестенің бағаналарын белгілейді.

Ұя (тор) - электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі.

Ұя сілтемесі (көрсеткіші) - жұмыс істеуге тиіс екпінді күйдегі үстіміздегі немесе ағымдағы ұяны көрсетіп тұрған тіктөртбұрышты теңбілтор таңба.

Ағымдағы ұя (немесе үстіміздегі ұя, екпінді ұя) - теңбілтормен белгіленіп тұрған ұя. Ол кестенің бір торын ғана белгілеп, келісім бойынша, мәлімет енгізу операциясы немесе басқа бір іс-әрекет осы торда ғана орындалатынын көрсетеді.

Блок (ұялар жиыны, аумағы) - тіктөртбұрышты түрдегі қатарласа орналасқан ұялар жиыны.

Ұялар ішіндегі мәлімет

Excel кестелерінде кез келген ұяға мәліметтердің 3 түрін енгізуге болады, олар: текст, сан және формула.

Енгізілген мәліметтер ұя ішінде немесе формула қатарында бейнеледі және оларды енгізу Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басқан кезде аяқталады.

Сандар енгізу: электрондық кестеге сандар енгізу =, +, - таңбаларынан немесе бірден цифрдан басталады. Егер енгізілген санның ені ұяның енінен артық болса, онда сан експоненциал түрде бейнеленеді немесе ол санның орнына тәрізді таңбалар шығады (бірақ ЭЕМ жанында ол санның барлық разрядтары толық сақталады) .

Формулалар енгізу: Excel-де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұя әдістері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиыннан тұрады.

Текст енгізу: текст - кез келген символдар тізбегі егер текст цифрдан басталатын болса, онда оны “’” таңбасымен бастау қажет. Егер текст ені ұяның енінен артық болса және оң жақтағы ұялар бос болса, экрандағы элемент солардағы да ішінен көрініп тұрады. Ал, егер оң жақтағы ұяға басқа мәлімет енгізілсе, онда оның алдындағы көрінген мәлімет тек өз ұясында ғана бейнеленіп қиылып қалады (бірақ ЭЕМ жадында ол толық сақталып тұрады) .

Электронды кестелер құру

Excel-ді құру

Excel-ді жүктеу тәсілдерінің бірі Бас меню арқылы іске қосу болып табылады: Іске қосу бағдарламалар - Microsoft Excel, ол кезде Excel қыстырмасы пайда болады, ал артынан жаңа кітап ашылады да жүйе жұмысқа дайын болады.

Excel-дің жаңа кітабына кітап 1 деген ат беріледі, ол Excel терезесінің жоғарғы қатарында бейнеленеді, бұл - басқару батырмалары бар тақырып қатары. Файлды сақтау кезінде кітап аты өзгеруі мүмкін. Екінші қатар - Excel процессорының Меню қатары. Үшінші және төртінші қатарлар - стандартты және Пішімдеу құралдар тақталары. Стандартты тақтасы файлды ашуға, сақтауға, басып шығаруға, өшіруге, көшіруге т. б. мүмкіндік береді. Пішімдеу тақтасы қаріп таңдауға (жартылай қарайтылған, қисайтылған, асты сызылған), мәтінді туралауға (ортасы, сол жақ немесе оң жақ шеттері бойынша) қажет.

Сандарды пішімдеуге т. б. мүмкіндік береді. Ұяшықтардың ішіндегісі мен формулулар редакторланатын Формула қатарына - терезенің 5-ші қатарына назар аударыңыз.

Төменіректегі экранда электронды кестенің жұмыс парағы орналасқан. Кестенің жолдары мен бағандарының өз белгілері бар: бағандар Латын алфавитінің әріптерімен, ал жолдар -санмен белгіленеді. Төменгі қатар -Қалып-күй қатары, онда Excel парғының немесе компьютердің қазіргі жағдайы туралы мәлімет шығып тұрады

12-сурет Excel бағдарламасының терезесі

Электронды кестенің негізгі ұғымдары

Excel-дің әрбір файлы парақтары бір кітап болып табылады. Әрбір парақ бағандар мен жолдардың екі өлшемді массивін бейнелейді және де бір электронды кестені сақтауға арналған. Әрбір жолмен бағанның қиылысында орналасқан тік төртбұрыш ұяшық немесе тор көз деп аталады. Ұяшықтарға қажетті деректер енгізіледі. Тышқан курсоры тұрған ұяшық ағындағы ұяшық деп аталады. Excel -де бір ұяшықпен қалай жұмыс істеуге болатын болса, алдын ала ерекшеленіп алып ұяшықтардың толық бір блогымен де солай жұмыс істеуге болады.

Кестені толтырудың негізгі әдістері

Электронды кестенің ұяшықтарына деректердің мына түрін енгізуге болады: мәтін, сандар, дата және уақыт, формула. Деректі енгізу үшін кестелік курсорды керекті ұяшыққа қойып оны теріп алып, ENTER пернесін басу керек. Бірінші символы бойынша Excel енгізіліп отырған деректің мәтін, сан әлде формула болып табылатынын өздігінен анықтайды. Яғни, егер бірінші символ әріп әлде тырнақша белгісі болса, онда мәтін енгізіліп жатыр саналады. Егер бірінші символ цифр немесе теңдік белгісі болса, онда сәйкесінше сан немесе формула деп есептелінеді. Тырнақша егер мәтін цифрден басталатын жағдайда қойылады.

Кестені редакторлау

Тышқанды қолданып немесе меню арқылы Пішім, қатар, биіктік, қиып алу, көшіру, қою, өшіру, тазалау командалары көмегімен бағандардың ені мен жолдардың биіктігін өзгертуге, сонымен қатар ұяшықты немесе ұяшықтардың бүтіндей бір блоктарын жылжытуға, көшіруге және тазалауға болады. Жолдармен бағандардың және блоктармен мұндай операцияларды жүргізбес бұрын алдымен оларды ерекшелеп алу керек.

Ұяшықтар мен блоктарды адрестеу әдістері

Ұяшықпен немесе блокпен жұмыс істегенде сілтемелерді қолдануға болады: С3, А1, С5 т. б. мұндай адрестеу салыстырмалы деп аталады және формулаларды жылжытуға өте ыңғайлы. Мысалы: егер Д3 ұяшығына = Д1+Д2 формуласы енгізілсе, онда Д3 ұяшығынан С3 ұяшығына көшірілген кезде формула =С1+С2 түрін қабылдайды. Егер формуланы көшірген кезде нақты ұяшыққа сілтемені сақтау қажет болса - абсалют адрестеу, онда S символы пайдаланылады. Мысалы, SC С3 жазуы формула қай жерге жалжытылса да, ол арқашан С3 ұяшығындығы мәнді пайдаланады дегенді білдіреді.

S символы тек керек жерінде ғана қолданылуы керек. Мысалы: SC3 немесе СS3. Біріншісінде баған бекітіледі, ал жолдар жылжытуға байланысты өзгеріп отырады. Екіншісінде жол бекітіледі де бағандар өзгеріп отырады.

Формуланы көшіру үшін автотолтыру функциясын пайдалану қажет немесе түзету менюіндегі көшіру және қою командаларының көмегімен қайта көшіру керек немесе саймандар тақтасының көшіру мен кірістіру батырмаларын пайдалану керек.

Кесте функциялары

Excel-де бағдарлама жадында сақталушы функциялардың үлкен жинағы құралған. Әрбір функцияның екі бөлігі бар: функция аты және оның аргументтері. Аргумент - бұл функциялар нәтиже алу үшін пайдаланатын және дөңес жақшаларда жазылатын деректер екенін еске сала кетейік.

Осылайша Фуцкция есептеулерді жеңілдетуге арналған және келесі түрге ие: Ү=f(x), бұд жерде Ү-функция пішімі, х - аргумент, f - функция. Мсалы, =As+Sin(c7), бұл жерде А5 - ұяшық адресі, Sin - функция аты, ал дөңес жақшада аргумент - С7 көрсетілген.

Стандарттық функцияларды қолдану

Электрондық кестенің ұяшығында құрамдас функцияларды және формулаларды енгізуге болады.

Формулаларда математикалық және салыстыру амалдарын қолдануға болады.

Формулаларда қолданылатын амалдардың (арифметикалық амалдардың) келесідей орындалу реті бар:

1. () -- жақша ішіндегі әрекеттер.

2. % -- пайыз.

3. ^ --дәрежеге шығару.

4. * немесе / --көбейту немесе бөлу.

5. + немесе -- қосу немесе алу.

6. < >= - салыстыру амалдары.

МАТЕМАТИКАЛЫҚ АМАЛДАР

АМАЛ: АМАЛ
ФУНКЦИЯ: ФУНКЦИЯ
АМАЛ: +
ФУНКЦИЯ: ҚОСУ
АМАЛ: -
ФУНКЦИЯ: АЗАЙТУ
АМАЛ: *
ФУНКЦИЯ: КӨБЕЙТУ
АМАЛ: /
ФУНКЦИЯ: БӨЛУ
АМАЛ: ^
ФУНКЦИЯ: ДӘРЕЖЕГЕ ШЫҒАРУ
АМАЛ: %
ФУНКЦИЯ: ПАЙЫЗДЫ ЕСЕПТЕУ

САЛЫСТЫРУ АМАЛДАРЫ

АМАЛ: АМАЛ
ФУНКЦИЯ: ФУНКЦИЯ
АМАЛ: <
ФУНКЦИЯ: КЕМ
АМАЛ: >
ФУНКЦИЯ: АРТЫҚ
АМАЛ: =
ФУНКЦИЯ: ТЕҢ
АМАЛ: <>
ФУНКЦИЯ: ТЕҢ ЕМЕС
АМАЛ: <=
ФУНКЦИЯ: КЕМ НЕМЕСЕ ТЕҢ
АМАЛ: >=
ФУНКЦИЯ: АРТЫҚ НЕМЕСЕ ТЕҢ

Электрондық кестелерде формулалар әдетте экранда бейнеленбейді, бірақ қажет болған жағдайда сәйкес амалдарды орындап, оларды экранға шығаруға болады. Егер формула ұяшыққа сыймайтын болса, онда кестелік процессор ұяшықта формуланың орналасуы үшін автоматты түрде оның енін кеңейтеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтерді сұрыптау
Электрондық кестелерді пайдалану
Кестені енгізу сұхбаты терезесі
Кестеде орналасқан ақпараттары бар беттерді құру
MS Excel электрондық кестесінде формуламен, функциямен жұмыс жасау және диаграммаларды құру
Дерекхана терезесімен танысу
Дербес компьютер және оның бағдарламалары
Excel электрондық кестесі
MS EXCEL
Информатика пәнінен зертханалық жұмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz