Желтоқсан батырлары



Желтоқсан оқиғасы
Желтоқсан батыры Қайрат Рысқұлбеков
Желтоқсан батыры Самат Семейханұлы Қоқымбеков
Желтоқсан батыры Жансая Сәбитова
Бүкiл әлем алдында құдiретi күштi «Қызыл Империяның» қаһарынан қаймықпай оның озбырлы - үстемдiк саясатына қасқайып, қарсы тұрған қазақ жастарының 1986 - жылғы Желтоқсан көтерiлiсiндегi жанкештi ерлiктерi қай елге де, қай мемлекетке де болмасын тағылымды да ғибратты үлгi - өнеге.
Әйгiлi Желтоқсан көтерiлiсiнде Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбирадай боздақтар қыршынынан қиылса, жүздеген жастар темiр тордың ащы дәмiн татып мыңдаған азаматтар жазықсыз қудаланып, бiлiм ордаларынан шығарылып, қызметтерiнен қуылды.
Кезiнде желтоқсандықтарға қаншама қара күйе жағылып, қуғын-сүргiндi құқай көргенмен Кеңестер Одағының «қабырғасы қақырап шаңырағы» ортасына түстi. Жаратқан Иемiздiң құдiреттi күшi де шығар, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған тәуелсiздiкке қол жеткiздiк.
Желтоқсан батырлары түгелге жуық ақталды. Өзектi өртеген өкiнiштiсi, Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбирадай қыршын жастар тәуелсiздiк таңының арайлап атқанын көре алмай кеттi.
Даңқты жерлесiмiз, халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков арамызда аман жүргенде 13-наурызда «Қамал бұзар» 40 жасқа толар едi... Қыршынынан қиылса да Қайрат мыңнын, тiптен, миллионның қолы жете бермейтiндей алынбайтын қамалды қатар-құрбыларымен осыдан 20 жыл бұрын, 20 жасында сол құрсаулы қамалдың қабырғасын қақыратты деп, айтуға толық негiз бар.
Бұл ойды толықтыра алатындай дерекке зер салсақ, осыдан 10 жыл бұрын 1996 жылы 13-наурызда елiмiзде ғарыштық iлiмдердi насихаттап жүрген ғалым – эзотерист (эзотериялық iлiм – құпия iлiм) Валерий Антонович Запредельный «Жас Алаш» газетiнiң тiлшiсiне «Қазақстанды болашақта не күтiп тұр?» айдарымен берген сұхбатында:
...Осыдан тоғыз жыл бұрын болып өткен қайғылы Желтоқсан оқиғасының эзотериялық (құпия) мағынасын айтайын. Қазақстанның болашағы үшiн сол кездегi қыз бен жiгiттер өздерiн құрбандыққа шалды (Ғарышта құрбандық Заңы бар).
Олардың төгiлген қаны – жай ғана қан емес, Қазақстанның маңдайына жазылып, төнiп тұрған қауiп-қатер, қасiреттердiң көпшiлiгiн шайып әкеттi.
Сөйтiп, бейбiтшiлiк пен әдiлеттiлiк өмiрге жол ашты. Басқа республикаларда қантөгiс болып жатқанда бiз осы он жыл iшiнде бейбiт, бiр қалыпты өмiр сүрдiк...

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Желтоқсан батыры Қайрат Рысқұлбеков

Бүкiл әлем алдында құдiретi күштi Қызыл Империяның қаһарынан
қаймықпай оның озбырлы - үстемдiк саясатына қасқайып, қарсы тұрған қазақ
жастарының 1986 - жылғы Желтоқсан көтерiлiсiндегi жанкештi ерлiктерi қай
елге де, қай мемлекетке де болмасын тағылымды да ғибратты үлгi - өнеге.
Әйгiлi Желтоқсан көтерiлiсiнде Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбирадай
боздақтар қыршынынан қиылса, жүздеген жастар темiр тордың ащы дәмiн татып
мыңдаған азаматтар жазықсыз қудаланып, бiлiм ордаларынан шығарылып,
қызметтерiнен қуылды.
Кезiнде желтоқсандықтарға қаншама қара күйе жағылып, қуғын-сүргiндi
құқай көргенмен Кеңестер Одағының қабырғасы қақырап шаңырағы ортасына
түстi. Жаратқан Иемiздiң құдiреттi күшi де шығар, ата-бабаларымыз ғасырлар
бойы армандаған тәуелсiздiкке қол жеткiздiк.
Желтоқсан батырлары түгелге жуық ақталды. Өзектi өртеген өкiнiштiсi,
Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбирадай қыршын жастар тәуелсiздiк таңының арайлап
атқанын көре алмай кеттi.
Даңқты жерлесiмiз, халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков арамызда аман
жүргенде 13-наурызда Қамал бұзар 40 жасқа толар едi... Қыршынынан қиылса
да Қайрат мыңнын, тiптен, миллионның қолы жете бермейтiндей алынбайтын
қамалды қатар-құрбыларымен осыдан 20 жыл бұрын, 20 жасында сол құрсаулы
қамалдың қабырғасын қақыратты деп, айтуға толық негiз бар.
Бұл ойды толықтыра алатындай дерекке зер салсақ, осыдан 10 жыл бұрын
1996 жылы 13-наурызда елiмiзде ғарыштық iлiмдердi насихаттап жүрген ғалым –
эзотерист (эзотериялық iлiм – құпия iлiм) Валерий Антонович Запредельный
Жас Алаш газетiнiң тiлшiсiне Қазақстанды болашақта не күтiп тұр?
айдарымен берген сұхбатында:
...Осыдан тоғыз жыл бұрын болып өткен қайғылы Желтоқсан оқиғасының
эзотериялық (құпия) мағынасын айтайын. Қазақстанның болашағы үшiн сол
кездегi қыз бен жiгiттер өздерiн құрбандыққа шалды (Ғарышта құрбандық Заңы
бар).
Олардың төгiлген қаны – жай ғана қан емес, Қазақстанның маңдайына
жазылып, төнiп тұрған қауiп-қатер, қасiреттердiң көпшiлiгiн шайып әкеттi.
Сөйтiп, бейбiтшiлiк пен әдiлеттiлiк өмiрге жол ашты. Басқа
республикаларда қантөгiс болып жатқанда бiз осы он жыл iшiнде бейбiт, бiр
қалыпты өмiр сүрдiк...
...Қазақстанда ендi ешқандай соғыс, қантөгiс болмайды. Кiмде - кiм
бiзге қол сұғуға әрекет жасаса, үлкен қаһарға ұшырайды. Оны Желтоқсан
оқиғасынан да көруге болады.
Сол күңдерi жастарды жазалау үшiн әскери контигенттер әкелiнгенi
белгiлi. Оның құрамында орыс, тәжiк, кавказ халықтарының т.б. өкiлдерi бар
екен. Көп кешiкпей-ақ Кавказ қанға боялды. Душанбе, Прибалтика, Мәскеудегi
жағдайларды бiлесiз.
Ал, Рессейде осы 10 жыл iшiнде небiр қасiреттер, қақтығыстар, төгiлген
жас – көбi қазақ жерiндегi Желтоқсан оқиғасындағы өктемшiлiктердiң салдары.
Бұны тек соқыр адам ғана аңғармайды ... деп көп сырдың бетiн ашты.
Желтоқсан көтерiлiсiнiң, оның қаһармандарының қадiр-қасиетiн ғарыштық
құпия iлiмдi аса құнды зердемен зерттеген ешбiр жан баласы жоқ. Өзге ұлт
өкiлдерi тұрмақ, өз қандастарымыздан да украи – В.А. Запредельныйдан артық
ешкiм баға берген де жоқ.
Жерлесiмiз, Желтоқсан көтерiлiсiнiң қаһарманы Қ.Рысқұлбековтiң рухын
құрметтей отырып, жастарымызды ұлтжанды – адамгершiлiкке тәрбиелеу
мақсатында 1991 жылдың Наурыз мерекесiнде Мойынқұм ауданында Қайрат атында
қор ашқан болатынбыз.
Шама-шарқымызша осы уақытқа дейiн бiрқатар игi шара атқара алдық.
1. Туған ауылы Бiрлiктегi орта мектепке Қайрат Рысқүлбеков есiмi
берiлiп, алдына Белгiтас қойылды. Төлеби ауылындағы С.Шәкiров атындағы
мектепке тақта тас орнатылды.
2. Кiндiк қаны тамған Отанында Ескерткiш тұрғызылды.
3. Туған ауылындағы Гагарин көшесi мен Алматыдағы Обручев көшесi Қайрат
есiмiмен аталды.
4. Ұлтжанды, өнегелi қасиеттерiмен көзге түскен қазақ жастарына Қайрат
атындағы сыйлық тағайындап, лайықты иелерiне тапсырдық.
5. Ең негiзгiсi – көптеген әуре-сарсаңнан соң, Қ.Рысқұлбеков жатқан
Семейдегi түрменiң 21-камерасына 1993 жылдың шiлдесiнiң соңында бiрнеше
азаматпен кiрiп, Қайраттың мәйiтiн алғаш қараған дәрiгер-сарапшы Болат
Шалағановпен пiкiрлесе келе, оның өмiрiне қастандық жасалғанын анықтадым.
Бұл жөнiнде Азаттық Радиосында, Қазақстан -1, Хабар -2
телеарналарында Ер намысы - ел намысы, Қайрат және Желтоқсан көтерiлiсi
кiтаптарында жан - жақты айтылды. Жас Алаштың 2001 жылғы 7 -шiлдедегi
санында Қайратты өлтiрген кiм? деген колемдi мақалам жарияланды.
6. Сондай-ақ, Семей, Тараз, Алматы қалалары мен Мойынқұм, Шу
аудандарында өткiзiлген ақындар айтысы мен спорттық жарыстарға Қайрат
атында жүлделер белгiлеп тапсырдық.
7. Алматыдағы Сәулет - Құрылыс академиясында, Шу ауданындағы
Қ.Рысқұлбеков 8 жыл оқыған С. Шәкiров атындағы мектепте мұражай бөлмелерi
ашылып, Қайрат туралы деректi құжаттар жинастырып, топтастыруға ат
салысудамыз.
Кезiнде осындай игi шараларға халық болып көмектестi. Көптеген мекеме,
мектеп, тiптен балабақша мен жекелеген азаматтар қаржы аударып, нақтылай
жәрдемдестi. Олардың бәрiн тiзiп шығу мүмкiн емес.
Бiз осымен iс бiттi, бәрiн тындырдық деп, қол қусырып отырған жоқпыз.
Түрлi деңгейдегi бас қосуларга қатынасып, қаһарман ұлдың ұлтжанды да
өнегелi ғұмырын көпшiлiкке насихаттаудамыз.
1999 жылдан берi Тәуелсiздiк мерекесi қарсаңында жастар мен
жасөспiрiмдер арасында Шу ауданында Таеквондо жарысынан Қайрат Рысқұлбеков
атындағы Республикалық турнирдiң ойдағыдай өтуiне ат салусадамыз.
Айрықша атап өтерлiк жайт, жоғарғы құзырлы орындардан Мың өлiп мың
тiрiлген халқымыздың рухьн көтеру мақсатында:
а) Желтоқсан көтерiлiсiне байланысты күнәһарлар халық алдында
қылмыстарын мойындап, кешiрiм сұрасын!
ә) Желтоқсан құрбандарына жеделдете Алматыда мұражай ашылсын.
б) Сәулет - Құрылыс Академиясына Қайрат Рысқұлбековтың есiмi берiлсiн.
в) Желтоқсан боздақтарына Алматы мен Астанада Ескерткiш орнатылсын.
г) Чайковский атындағы музыкалық колледж Ләззат Асанованың атымен
аталсын.
д) Л.Асанова, Е.Сыпатаев, С.Мұхамеджановаға Халық қаһарманы атағы
берiлсiн! - деп өзектi тiлектердi талап етудемiз.
Мiне, осындай тағылымды шараларды жүзеге асырсақ, халқымыздың мерейiн
үстем етiп, жастарымызды өнегелi - отан сүйгiштiкке тәрбиелеу жолдарында
айтарлықтай ұлағатты iс тындырып қана қоймай, Тәуелсiздiгiмiздiң 15 жылдығы
мен Желтоқсан көтерiлiсiнiң 20 жылдығына қазақ рухын көтерген болар едiк!

Желтоқсан оқиғасы

Желтоқсан оқиғасы емес... бұл ҰЛТ-АЗАТТЫҚ көтеріліс. Сенсеңдер Кеңес
үкіметінің құлауына да осы бір себеп болды. Жер шарының көптеген бөлігін
алып жатқан алып империя ішінде кішентай толқу сол кездің өзінде-ақ жер
жаһанды шарлап кеткен. Сол күні ақ күллі балтық елдерінде, әсіресе Еуропа
елдерінде соның ішінде осы жәйлі Британия, Лондон қаласында дәріс оқылған.
Әрине әлемді дүркіретіп отырған осындай Империяның ішіндегі болған Ер
Түркілердің тікелей ұрпақтары Қазақ жұртының ұлт-азатық көтерілісі күллі
әлемде сол жылы-ақ бей-жәй қалған жоқ. Шет елдің тыңшылары сол жылы-ақ
керекті жерлерге хабардар еткен.
Сенесіңдерме, сенбейсіңдерме сол күні Алматы қаласының үстінде Найзағай
жарқылдаған!!! Қақаған қыстың аязында, Желтоқсан айындағы аязда қайдағы
найзағай деп ойлайсыңдар-ау. Бұл да бір Жаратқан Алланың берген бір белгісі
шығар.
Бұл Желтоқсан көтерілісінің Адамзат тарихына деген қосқан үлесі өте
зор. Өте зор болмай қайтсын Осындай жан-жағын дірілдеткен алып империяның
құлауына әкеп соқса. Бұл көтеріліс сасық саясатты ұстанған коммунистердің
арам пиғылының астында тапталған Орта Азия, Балтық елдері және бірнеше
мемлекткерге бостандық әкелді.
Енді ойлап қарасаңдар сол кешегі осы қан жосаға қатысқан Қасқырлар өз
ортамызда жүргеніні ұмытпауымыз керек.
Сол кешегі коммунистер, өз ортамызда ұлттың қамын жеген боп Қой терісін
жамылған Қасқырлардың көп екенін ұмытпағанымыз жөн.
Аққа Құдай жақ... Мейлі 50-100 ...1000 жылдар өтсін мұның түбі ашылады. Ал
бұл дүниеде ашылмайды екен.
Иншалаһ АҚІРЕТ бар... Қаракөз бауырларымыз бен апкелерімізді қорлап қан-
жосаға бояған сол кездегі қанішерлер бұл дүниеде ішіп-жеп өтер. Ал Алланың
алдында сазайларын тартар!!! Адасқан көзсоқырларды Алла-тағала одан арман
адастыра түседі!!!
Жасасын Қазақ... Желтоқсан ол Адамзат тарихына үлкен із қалдырған ҰЛТ-
АЗАТТЫҚ көтеріліс!!! Және сол көтерілісті тектіден қалған тұяқтар, Момын
Қазақтың ұл-қыздары жасаған!!!
Жоғарыдағылар бұған баға бермей қашқақтай берсе де... Келер ұрпақ біз
бұны ұмытпауға тиіспіз!!!
Әділ бағасын біз беруге міндеттіміз!!! Бұл ұлт-азаттық көтеріліс!!!
Желтоқсан көтерілісіне қатысқан жастар, нағыз батырлар. Олар бүкіл
әлемге қазақ деген ел бар екенін паш етіп, намыс туын көтеріп шықты.
Найзаға үкі таққан елміз,ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді
асырмаған елміз-деп Қазыбек би айтқан ел екенімізді танытты. Қыршын кеткен,
азап көрген, қуғынға түскен, осынау қарапайым қахармандарды ұмытпауымыз
керек. Оларда шен де, шекпен де болған жоқ,оларда тек қана ар -намыс қана
болды.Олар қандай құрметке де,қошеметке де лайық,бір өкініштісі марапаттау
жағы аз болып тұр. Мызғымас одақ осы көтерілістен кейін ыдырап,
тәуелсіздікке қолымыз жетті, тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштарына,құрмет
пен даңқ!!!

Желтоқсан батыры Самат Семейханұлы Қоқымбеков

Самат Семейханұлы Қоқымбеков 1962 жылы 27 қарашада Семей облысы, Үржар
ауданына қарасты Науалы ауылында дүниеге келген. 1978 жылы 8-сыныпты
бітірген соң, Семей қаласындағы ауыл шаруашылық техникумына оқуға түседі.
1982 жылы аталған техникумды ойдағыдай тәмамдап, әскер қатарына шақыры-
лады. 1985 жылы әскерден келген бетте Алматыдағы ауыл шаруашы-лығы
институтына құжаттарын тапсырып, оқуға түседі. 1986 жылы Желтоқсан
көтерілісіне қатысқаны үшін оқудан шығарылып, қудаланған. Содан 2003 жылы
ғана ақталады.
17 желтоқсан күні алаңға адам өте көп жиналды. Бұл күні біз сабаққа
бармадық. Түс ауғанша жасақшылар шерушілерге тиіспеді. Түс әлетінде ортаға
шыққан қарт ананың айтқан сөзі бәріміздің етімізден өтіп, сүйегімізге
жетті. Екіұдай күйде Океан дүкенінің алдында тұрғанымызда, әскер бізге
қарай лап қойды. Содан Сәтбаев көшесімен Достыққа қарай қаштық. ҚазПИ-де
оқитын екі қызды өзіммен сүйрелей қаштым. 17 желтоқсан күні осылайша
жасақшылардан тиіп-қашып жүрдік. Өз басым жоғарыдағылардың біздерді күштеп
баспақ ойы бар екенін ұқтым. Кешке таман алаңның іргесіндегі №6
жатақханамызға жетіп жығылдық.
Көз байланғанда жатақханаға былғары күртеше киген екі жігіт келді. Олар
көкейімізге қонатын көптеген ойларын айтты. Әңгімесінің түйіні қазақ қашан
жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мен туған елімді сүйемін!
Несіпбек Айтұлы-ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Тарихи сана негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Ләззат Асанова-Халық қаһарманы-Желтоқсан құрбаны
Менің түсінігімдегі тәуелсіздік. .
9 мамыр
1986 жыл. 16 желтоқсан
Қазақстан ұлы отан соғысы жылдары кезеңінде
Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себебі, сипаты, салдары
Тарихи әңгімелер арқылы елжандылыққа тәрбиелеу
Пәндер