Педагогика пәні жайпы ұғым



1. Кіріспе бөлім
2. Негізгі бөлім. Педагогика туралы жалпы ұғым.
3. Курстық жұмыстың тақырыбы: Халық педагогикасы жайлы ұғым және әртүрлі көзқарастар.
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер
Қазіргі жеделту, демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі-ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру. Білім министлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдасында. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру ойлау мүмкіндік жетілдіру, сонымен қатар әр әділетте қоғамның міндетті болып табылады. Қоғамға жан-жақты білімді жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істейтін адам қажет. Ондай адамды орта және жоғарғы оқу орындары даярлайды.
Жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын жақсарту және білім мазмұнын жаңарту Қазақстан Республикасы Білім Министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім проблемалары институты жасаған тұжырымдамаларының маңызы өте зор.
Оқу-тәрбие жұмысын тікелей байланысты осындай мемлекеттік құжаттар оқу құралдарын құрастыруға толық пайдаланады.
Педагогика курсы төрт бөлімнен тұрады:
1. Педагогиканың жалпы мәселелері
2. Тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері
3. Оқыту және білім беру мазмұны
4. Мектеп жұмысын басқарудың ғылыми әдістемелік негіздері.
Абай. 2 томдық шығармалар жинағы. Алматы, Жазушы 1986 ж
Абай. 1996 ж, №2, 48-бет
Бейсенбаев М. Абай және оның заманы. Алматы 1988 ж
Өзьекұлы С. Абай және адам құқы. Алматы, Жеті жарғы 1995 ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

1. Кіріспе бөлім
2. Негізгі бөлім. Педагогика туралы жалпы ұғым.
3. Курстық жұмыстың тақырыбы: Халық педагогикасы жайлы ұғым және әртүрлі
көзқарастар.
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі жеделту, демократияландыру жағдайында Қазақстан
Республикасында басты міндеттердің бірі-ұлттық ерекшеліктерді еске алып,
жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру.
Білім министлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдасында. Бүгінгі таңда жастарға
әлемдік ғылым прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру ойлау
мүмкіндік жетілдіру, сонымен қатар әр әділетте қоғамның міндетті болып
табылады. Қоғамға жан-жақты білімді жоғары мәдениетті, жұмысты
шығармашылықпен істейтін адам қажет. Ондай адамды орта және жоғарғы оқу
орындары даярлайды.
Жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын жақсарту және білім
мазмұнын жаңарту Қазақстан Республикасы Білім Министрлігі Ы.Алтынсарин
атындағы Қазақстан білім проблемалары институты жасаған тұжырымдамаларының
маңызы өте зор.
Оқу-тәрбие жұмысын тікелей байланысты осындай мемлекеттік құжаттар оқу
құралдарын құрастыруға толық пайдаланады.
Педагогика курсы төрт бөлімнен тұрады:
1. Педагогиканың жалпы мәселелері
2. Тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері
3. Оқыту және білім беру мазмұны
4. Мектеп жұмысын басқарудың ғылыми әдістемелік негіздері.

Педагогика пәні жайлы ұғым.

Педагогика әуел бостандық балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып
қалыптасқан.
Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным-мағлұматтар,
дәстүрлері мен әдет ғұрыптар заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға
ауысып отырады. Адам қоғамның, ғылым-білімнің дамуына байланысты тәрбиенің
шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттілігі
туды. Осындай өмір, ғылым елегін өткен мәліметтерді пайдаланып, педагогика
адам тәрбиесіне.
Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау өрісі орасан кеңейе түседі. Осыған
орай педагогіна тек қоюға болмайды.
Педагогиканың ғылыми таным саласы-тәрбие.
Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиеннің мәні мен ролін анықтайды.
Қоғам дамуының белгілі сатыларында тәрбиеннің құрамды бөліктері-білім
беру мен оқыту ұғымдары бөлшектеніп, жеке мағына бере бастайды.
Білім беру деп-табиғат және қоғам жайында ғылымды жинақталған білім
жүйесіне жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін
айтады. Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты.
Оқыту-білім берудің негізгі жолы. Оқыту, оқушы мен оқытушының біріккен іс-
әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты біртекті процесс: біріншіден, оқытушы
оқушыларға білім беріп, іскерлікке дағдыға үйретеді, екіншіден оқушы таным
міндеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асырылады.

Абай — әлемге көзқарасы қалыптасқан, өзіндік философиялық түйіндері бар
ғұлама. Ақынның рухани даналық мұрасы терең мағыналы философиялық ойларға
толы. Ол күллі шығыста философияның мәні болып табылатын жетілген адамды
басты және өзекті проблема етіп қарастырып, соған айрықша көңіл бөледі.
Даналықтың өлшемі бола білетін философ ақынның рухани мұрасы шын
мәнісінде, қазақ халқының зерделі ойы мен өмірі тұрғысынан энциклопедия
секілді...

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Дүние бір тарының қауызынды сияқты деген мақал бар. Осы мақалды Абай
қалай талдаған?
Ғажайып ғаламның сырына адам ақылы жетпейтіндігін Абай талай жерде
айтады. Бірақ сол ақылдың сол ғажап дүниенің барлығын сезінудің өзі оның
тамаша жетістігі ғой. Сократтың Менің білгенім — ешнәрсе білмейтіндігім
деген сөзін Абай осы мағынада ұғады. Әл-Фараби космологиясы да соған келіп
соғады.
Космология жөнінде даналардың пікірі осылай болғанда, бұл мәселеге
надандар қалай қарайды? Наданның ең басты белгісі бәрін білу... Оның
білмейтіні жоқ. Ол барлық дүниені өз пайдасына қарай шешуге тырысады. Ал
оның пайдасының көлемі ішу, жеу, ұйықтау, көбею, мақтану,...
Егер де осындай надандардың қолына билік тиетін болса, олар дүниені ойран
етер еді, өздері де ойран болар еді... Міне Әл-Фараби мен Абайдың кездескен
болмысы осындай ойлар төңірегі.
Сонымен даналар мен надандардың майданын ғалам бақыс деп атауға болады.
Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-
демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларының еңбектері ықпал етті.
Абай Г. Спенсердің орыс тіліне аударылған әлеуметтанулық туындыларымен
танысып, оның эволюциялық теориясын қабылдайды. Бүкіл тіршілік атаулының
өзгермелілігі туралы ой Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде жиі ұшырасады.
"Жиырмасыншы қара сезінде": "Дүние бірқалыпты тұрмайды" десе, өлеңінде:
"адамзат күнде өзгерер" дей келіп, патриархалды-феодалдық құрылысты басынан
өткізіп жатқан қазақтардың жаңа қоғамға өтеріне зор сеніммен қарайды.
Ресей бодандығынан босау қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы екенін
білетін Абай, бұғаудағы қазақтардың жағдайын "Осы мен өзім — қазақпын" деп
басталатын "Тоғызыншы қара сөзінде" баяндайды: "Мен өзім тірі болсам да,
анық тірі емеспін... Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам —
ызалана алмаймын. Күлсем — қуана алмаймын. Сөйлегенім өз сөзім емес,
күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі. Сол себептен бір жүрген қуыс
кеудемін ..." Ол патриархалдық-рулық құрылыстың сақталуына қынжылды.
Өйткені патша үкіметі ру басыларын бір-біріне айдап салып, өзінің отарлау
саясатын тоқтаусыз жүргізіп жатқан еді. Бодандықтан құтылудың жолын
надандықты жоюдан көрді. Ол үшін халқын оқу, білім, ғылымды меңгеруге
шақырды. Ғылымды үйренгенде қазақтарды бақастыққа жол беруден сақтандырады.
Оның пікірінше, бақастық адамды түземейтін, керісінше, оны бұзатын нәрсе,
әсіресе ол адамгершілікті азайтатын құбылыс екенін ескертеді. Қазақ
қоғамының әлеуметтік-таптық құрылымын қарастырып, оның байлар мен
кедейлерге бөлінгенін, бұл бөлінудің мүліктік теңсіздіктен туындағанын,
мүліктік теңсіздік бай мен кедей арасындағы мүдденің алшақтығын
қалыптастырып, әлеуметтік қарама-қайшылыққа соқтыратынын былайша
түсіңдіреді:
Қар жауса да тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы...
Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,
Артық қайыр артықша қызметке орай.
Байда мейір, жалшыда бейіл де жок,
Аңдыстырған екеуін құдайым-ай!

Қазақ қоғамы тек байлар мен кедейлерден ғана тұрмады. Ел билеу жүйесінде
жаңа әлеуметтік топтар пайда болып, халыққа әкімшілік жасау болыстардың,
т.б. билігіне өтті. Атқамінерлер көбейді. Патша өкіметі осы топ арқылы
еңбекші халықты қанап, тонап отырды, олар қоғамның әлеуметтік дамуына тұсау
болды.
Абай ел билеушілерін сайлаудың оң құбылыс екенін түсінді. Алайда, оның да
ел шырқын бұзатын келеңсіз жақтары бар екенін айта келіп, одан ел бірлігіне
нұқсан келтіретін мотивті көре білді. Ғұлама Абай езінің "Болды да партия",
"Мәз болады болысың", "Болыс болдым, мінеки", "Бөтен елде бар болса" атты
олеңдерінде аталмыш мәселені үлкен әлеуметтік проблема ретінде көтереді.
Орыс айтты өзіңе ерік берем деп,
Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп,
Бұзылмаса, оған ел түзелген жоқ,
Ұлық жүр бұл ісіңді кек көрем деп.
Сөйтіп, империялық "бөліп ал да, билей бер" саясатынан шыққан билікке
сайлаудың себеп пен салдарын бағамдайды.
Абай өз шығармаларында әлеуметтік мобильдік, адам статусы мәселелеріне
тоқталып, адамның қоғамдағы орнын: "Биік мансап — биік жартас..."дей келіп,
оны билік, байлық, білім деңгейі, т.б. айқындайтынын түсіндірді. Оның
пікірінше адам: "Барында баймын деп мақтанады. Жоғында "маған да баяғыда
мал бітіп еді" деп мақтанады. Кедей болған соң тағы қайыршылыққа түседі".
Адамның қоғамдық баспалдақпен биікке өрлеуі мен кері қозғалуын көрсетіп,
оны индивидтің әлеуметтік жағдайының өзгеруімен байланыстырады. Қазақ
қоғамында байдың малы жұтта қырылып, кедейленуі жиі орын алғаны рас және
еңбегімен кедейлердің орта шаруа, одан кейін байлардың қатарына
қосылғандары да жоқ емес еді. Сөйтіп, олардың қоғамдық баспалдақта орнын
ауыстыруы әлеуметтік занды процесс болды.
Данышпан Абай қазақ халқының олеуметтік дамуын еңбекпен байланыстырады.
Еңбектің терең әлеуметтік мәнін түсіндіреді. Ғұламаның шығармаларында еңбек
қоғамдық прогрестің негізі, материалдық құндылықтарды шығару көзі, халықтың
тұрмыс деңгейін түзетудің басты құралы ретінде баяндалады. Сол кезде жұрт
арасында еңбекке қатысты қалыптасқан немқұрайлылық, еріншектік, жалқаулық
сияқты келеңсіз құбылыстардың әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоғамның алға
басуына кедергі болып отырғанын, халықтың негізгі бөлігінің материалдық
жағдайының төмендігін айта келіп, халықты аянбай жұмыс істеуге шақырды.
Кедейліктің мотивін еңбексіздіктен іздеген Абай "Еңбек жоқ, қарекет жоқ
қазақ кедей, тамақ аңдып қайтеді тентіремей?" — деп қынжыла жазды. Еңбек
етуші адамға шаруашылық жүргізгенде "жинақылық керек, әрбір жинақылық түбі
кеніш болады" деп, еңбекті ұтымды жүргізуге насихаттайды, өйткені ұтымды
еңбек ету әлеуметтік прогреске жеткізудің жолы, кедейліктен шығудың бірден-
бір басты құралы еді. Кедейлікпен күресе алмаған, одан шыға алмаған кісі
кер келеді. Еңбектің сипаты мен мазмұнына ерекше мән берген Абай:

Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынап оқу оқып, білім алган, —

деп, егін салу мен білім алудың баянды еңбек екенін қорытады. Баянды
еңбекті ол материалдық игіліктерді өндірудің және адамның мұқтажын
қанағаттандырудың маңызды көзі деп түсінді.
Қазақ қоғамында халықтың бәрі бірдей еңбекке тартылмай, оның белгілі бір
бөлігі жұмыссыз болды. Абай оның жағымсыз әлеуметтік салдарын ашып
көрсетті.
Жұмысы жоқтық қазақты жаманшылыққа үйір етеді деп ескертті.
"Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға кұмарлық қайдан
тұрсын? Ашап-ішуге малдың тапшылығы да, ағайынның араздығына да әр түрлі
бәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секідді нәрселерге үйірлендіруге себеп
болатұғын нәрсе". Ұлы ойшыл жұмыссыздықтың материалдық жоқшылыққа әкеп
соқтыратынын баяндай отырып, оның адам мінез-кұлқын өзгертетінін айтып,
адамды хайуандандырып жіберетінін ескертті. Адамның бәрінде жаманшылыққа
қарсы тұра алатын күш-қуат, жігер табыла да бермейді. Сондықтан да Абай
"Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат
қазақта кем болады" деп жазды. Жұмыссыздықты ел ішінде тоқтату жолдарымен
қатар, сырт елдерге барып жұмысқа орналасу арқылы жоюға болатынына үмітпен
қарады. Ол "малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн
болар ма екен?" деп армандады. Абайдың бұл пікірі бүгінгі қоғамда
жұмыссыздықтың салдарынан қалыптасқан келеңсіз әлеуметтік жағдайларды:
қылмыстың өршуін, қайыршылықтың, нашақорлық пен маскүнемдіктің,
жезөкшеліктің, т.б. мәнін сол кезде-ақ көріп тұрғандай айтылғаны анық.
Абай осы тұжырымын "Отыз сегізінші сөзінде" тереңдете келіп, ғылымның,
білімнің пайда болып, қалыптасуын және оның әлеуметтік рөлін былайша
пайымдайды: "Адамның ғылымы, білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр
нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлән табылады".
Абай ғылымда абстрактілі ойлаумен қатар нақты фактілерге сүйенудің
маңыздылығын атап көрсетеді және ғылымда қолданылатын бақылау әдісінің
рөлін мезгейді. Ғылымда әр нәрсенің өлшеуі бар, оның өлшеуін білу — бір
үлкен керек іс деп, ғылым танудың маңызды принципін негіздейді және жолын
байқатады .
Ғылымның бірден-бір мақсаты — қоғамды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету:
"Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпымен, ұнамсызы ұнамсыз қалпымен,
әрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ақпаратты "көп жинағаны бар адам"
сынап, орындысын, орынсызын — бәрін де бағанағы жиған нәрселерінен есеп
қылып қарап табады. Бұлай етіп харекетке түскен адамды ақылды дейміз" .
Абай ғылыми ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың денесін спорттық ойындар арқылы жаттықтыру
Империя дәуірінің алтын ғасырының өкілі
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздері
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Педагогика ғылымының дамуы мен міндеттері
Тұтас педагогикалық үдерісіндегі тәрбиенің мазмұны
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
“Мектеп педагогикасы” пәні бойынша типтік бағдарлама
Тұлға дамуының әлеуметтік жағдайы
Тарихи-педагогикалық білім беруді жетілдіру
Пәндер