М.Әуезовтің Абайтануға қосқан үлесі
І. Кіріспе.
Абайтанудың бірегей зерттеушісі.
ІІ. Негізгі бөлім
а) Мұхтар Әуезовтің абайтануға қосқан үлесі.
ә) Мұхтар Әуезов және Абай әлемі.
ІІІ. Қорытынды.

Үдере даму үстіндегі қазақ кеңес әдебиетінің іргелі саласына айналып отырған абайтанудың негізін қалаушы ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің Абай мұрасы туралы ұлан- ғайыр ғылыми зерттеулері туған әдебиет тарихында ерекше орын алатын бірегей қайталанбас құбылысқа айналып та үлгірді. Ұлы ақын мұрасының сыры терең болмысына бойлай еніп, ғылыми зерттеулерімен бірге тарихи шындықты бойына дарытқан суреткерлік құдыретімен, көркемдік шындыққа айналдыру арқылы көркемөнердің көптеген жанрында теңдесі жоқ қайталанбас туындыларымен рухани жан дүниемізді айтарлықтай байытты.
Абай жайлы ұзақ жылдарға созылған ғылыми зерттеулерін тұтас қорытындылай отырып жазған ғылыми монографиясы мен атақты “Абай жолы” эпопеясын жазу ұлы қаламгердің ғылыми- шығармашылық ізденіс үстінде тер төккен отыз жылдан астам уақытын алды. Жазушының өз мәлімдеуіне сүйенер болсақ, Абай жөнінде жазу ойы он тоғыз жасында-ақ асқарлы арманға айналған. Ұлы ақын мұрасын он жеті жылдай толассыз іздену, зерттеумен шұғылданып, он екі жыл бойында тікелей жазумен айналысқан. Абай мұрасы М. Әуезовтің бүкіл ғылыми-шығармашылық ғұмырында шарқ ұрып іздену үстінде жүрек қалауы, стихиясы мен рухани дем беруші таусылмас қуаттың қайнар бұлағына айналған.

1. Мұтар Әуезов “Абайды білмек парыз ойлы жасқа” Алматы “Санат” 1997 ж.
2. М. Мырзахметов “Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары” Алматы 1982 ж.
3. М. Әуезов “Абайтану дәрістерінің дерек көздері” Алматы “Санат” 1997 ж.
4. М. Әуезов “Әдебиет тарихы” Алматы “Ана тілі” 1991 ж.
5. М. Мырзахметов “Абайдың адамгершілік мұраттары” Алматы.
6. М. Мырзахметов “Абайтану тарихы” Алматы 1994 ж.
7. Мұхтар Әуезов әлемі. Алматы 1997 ж.
8. М. Әуезов “Абай Құнанбаев”. Монографиялық зерттеулер мен мақалалар. Алматы “Санат” 1995 ж.

М.Әуезовтің Абайтануға қосқан үлесі.
Үдере даму үстіндегі қазақ кеңес әдебиетінің іргелі саласына
айналып отырған абайтанудың негізін қалаушы ғұлама ғалым Мұхтар
Әуезовтің Абай мұрасы туралы ұлан- ғайыр ғылыми зерттеулері туған
әдебиет тарихында ерекше орын алатын бірегей қайталанбас құбылысқа
айналып та үлгірді. Ұлы ақын мұрасының сыры терең болмысына бойлай
еніп, ғылыми зерттеулерімен бірге тарихи шындықты бойына дарытқан
суреткерлік құдыретімен, көркемдік шындыққа айналдыру арқылы
көркемөнердің көптеген жанрында теңдесі жоқ қайталанбас туындыларымен
рухани жан дүниемізді айтарлықтай байытты.
Абай жайлы ұзақ жылдарға созылған ғылыми зерттеулерін тұтас
қорытындылай отырып жазған ғылыми монографиясы мен атақты “Абай
жолы” эпопеясын жазу ұлы қаламгердің ғылыми- шығармашылық ізденіс
үстінде тер төккен отыз жылдан астам уақытын алды. Жазушының өз
мәлімдеуіне сүйенер болсақ, Абай жөнінде жазу ойы он тоғыз жасында-
ақ асқарлы арманға айналған. Ұлы ақын мұрасын он жеті жылдай
толассыз іздену, зерттеумен шұғылданып, он екі жыл бойында тікелей
жазумен айналысқан. Абай мұрасы М. Әуезовтің бүкіл ғылыми-
шығармашылық ғұмырында шарқ ұрып іздену үстінде жүрек қалауы,
стихиясы мен рухани дем беруші таусылмас қуаттың қайнар бұлағына
айналған.
Не қолжазбасы, күнделігі, естелігі, не архив мағлұматы қалмаған,
өз заманы үшін жұмбақ жан күйінде өткен ғажайып ақын туралы бір
ғана зерттеушінің мұншалықты орасан зор көлемде ғылыми зерттеулер
жүргізуі мен бүкіл әлем оқырманын өз талантына табындыра алған
теңдесі жоқ көркем туынды жазуы жер жүзі әдебиетінде аса сирек
ұшырасар бірегей қайталанбас құбылыс десе болғандай.
М. Әуезовтің Абай мұрасы жайлы ұзақ жылдарға созылған
шығармашылық ізденістері мен ғылыми зерттеулерін, көркем туындыларын
бір-бірімен тығыз байланыста алып төрт түрлі іргелі салаға бөле
отырып қарастыру қажеттігі сезіледі. Оларды бас-басына жеке түрде
атап өтер болсақ :
1. Абайтанудың іргелі саласына айналып отырған ақын шығармаларының
текстологиясы жөніндегі аса қиын да күрделі проблемаларын тұтас
қамтитын Абай өлеңдерін жинау, екшеп толықтыру, тұңғыш толық
басылымдарын дайындау, түсініктер жазудағы ізденістері мен осы
саладағы арнаулы зертеулерін қамтиды.
2. Абайдың тұңғыш ғылыми өмірбаянын жазу үстінде алғашқы
биограф, тарихшы ретінде көптеген ақын замандастарымен бетпе-бет
кездесіп, тікелей тілдесу, жүзбе-жүз әңгімелесу арқылы естеліктер
жинау, жаздырып алу, соларға орай тарихи деректер көзін іздестіру
әрекеті жатады.
3. Абайдың әдеби мұрасы жайлы арнайы ғылыми зерттеу жұмыстарын,
негізінен сегіз түрлі проблема шеңберінде жүргізе отырып, әр жылдар
айтылған ой-пікірлерін қорытындылау және де ұзақ жылдар бойы жоғары
оқу орындарында абайтанудың арнайы курсы мен арнайы семинар
сабақтарын өткізумен айналысу. Абай мұрасы жайлы зерттеулерге
басшылық ету, аспиранттар мен ізденушілерге жетекшілік ету өз алдына
дербес бір мәселе.
4. Жоғарыда айтылған әр саладағы зерттеулердің ғылыми нәтижесіне
сүйене отырып, Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы көркемөнер
саласының әрқилы жанрында жазылған туындылары өз алдына бір әлемді
құрайды. М. Әуезовтің ұлы ақын өмірі мен әдеби мұрасын зерттеу
саласындағы бірегей табысы әрине ХХ ғасырдың көркем ойындағы қол
жетпес шыңына айналған атақты “ Абай жолы” эпопеясында жатыр.
Абайтану саласындағы бұл іспеттес орасан зор ғылыми шығармашылық
ізденістердің сәтті аяқталуына айта берсек себептер көп. Бірақ
осылардың ішіндегі елеулі буынның бірі – Абай мұрасы жайлы сан
жылдарға созылған азабы мен қызығы мол ғылыми зерттеу еңбектері
деп қарасақ, бір жағынан, Абай өмірі кешкен әлеуметтік ортада туып,
сол ортаның сыры мен шындығына жастайынан қанығып қалыптасуыда
айтарлықтай орын алған. Бұл жағдайлар, бір жағынан, Абай мұрасын
жинап, тереңдей зерттеуіне әрі М. Әуезовтің әлем әдебиетінің алтын
қорына олжа салған ұлы туындысының сәтті аяқталуына зор септігін
тигізді. Және де сол танымдары тұстың саяси- әлеуметтік сан салалы
өмір болмысының тарихи негізі ретінде суреттеліп, жанданып жатты.
М. Әуезов өзінің бүкіл абайтану саласындағы ғылыми зерттеулері
мен көркем туындыларында ақын өмірі мен шығармалары жайлы сөз
еткенде үнемі хронологиялық принципті негізге алып, Абайдың ақындық
өнердегі даму, жетілу жолдарын, дүниетанымы мен идеялық өсіндегі
эволюциялық даму процесін көрсетуге айрықша мән бере қараған. Осы
арқылы Абайдың ақындық өнердегі, дүниетанымдағы өзгерістер мен
бетбұрыстардың туу себебін сол дәуірдің саяси- әлеуметтік тарихи
шындығымен сабақтастыра отырып арашалауды мақсат еткен өзіндік
тәсілін көреміз. Ақын шығармаларындағы жаңа мотивін нақтылы
өлеңдерді талдай отырып, сол кезеңдегі әлеуметтік өмірдегі шындықтан
туындап жататынын аса нәзік білгірлікпен ашады. Мысал ретінде айтар
болсақ, ғалым Абай лирикасына талдау жасағанда. Өлеңдерді жазылған
мерзімдері бойынша қарастырады. Абайдың ой өрісі мен идеялық іздену
кезеңдеріндегі ақындық өнердің даму жолындағы басты ерекшеліктерін
көрсетуде алдымен ақын шығармаларын жазылу жылдарына орай шартты
түрде төрт түрлі тақырып шеңберінде ала отырып талдайды. Ғалымның
ойынша, зерттеу жұмысын бұлайша жүргізудің себебі Абай әр жылғы
жазылған шығармаларында да осы тақырыптарға қайрыла соғып
отыратындықтан екі жақты ұғатын сияқты. Біріншіден, зерттеуші өз ойын
осы тақырыптық жүйеге сүйенгендіктен бір желінің бойымен дамытып,
ой желісін үзбей жалғастыра отырып салыстырулар жүргізеді.
Екіншіден, осы тақырыптарға үнемі қайта оралып отырғанның өзінде
ақындық өнерде бір жерге тұрақтап қалмай бір тақырып шеңберінің
өзінде де көркемдік шеберлік пен ой өрісінің даму жолы
көрсетіледі. Осы тәсіл арқылы ақынның бүкіл ішкі рухани дамуындағы
эволюциялық өсу процесінің жанды көрінісін ғылыми негізде толық
түрде аңғарта алған.
Абайтану саласындағы М. Әуезовтің ерекшк мән бере қараған
мәселелері Абай мұрасының халықтығы мен реализмі, ақын өмірбаяны,
текстологиясы, источникоеведениясы, Шығыс пен Батысқа қарым- қатынасы,
ақындық дәстүрі, оның дәстүрлік жалғастық табу жалдары негізінен
орыс әдебиетіндегі реалистік дәстүрдің ХІХ ғасырдың екінші жартысынан
кейінгі қазақ әдебиетінде орын тебу процесіндегі заңдылықтар жайлы
теориялық денгейдегі бірегей зерттеулерге жатады. Әрі жалпы қазақ
әдебиетінің ғылыми – теориялық проблемаларын сөз еткенде де, осы
саладағы өзекті ойларының желісіне үнемі абайтану саласындағы ой
тұжырымдарын тірек етіп отыратын ерекшелікті де көреміз.
Мұхтар Әуезовтің ұлы ақы мұрасын зерттеудегі іргелі еңбектерінің
бірі, абайтанудың өзекті желісіне айналған саласы – Абайдың ғылыми
өмірбаянын жазуға арналды. Архив деректері, не күнделік жазба
деректері сақталмаған жағдайда Абай өмірбаянын ел аузынан ақын
замандастарының жадында сақталған естеліктердің жұрнағын мысқылдап
жинап, оларды сұрыптап жазу үшін ұзақ жылдар бойы сарыла ізденуді
бастан кешті. Абайға дос – тілектестер мен оған қас топтың әр түрлі
өкілдерінен, жалпы Абай замандастарынан мыңға жуық кісілермен бетпе
– бет кездесіп, олар берген дерек – мағлұматтардың шындығына жету
үшін аналитикалық талдаулар негізінде ой қорытып отыруға тура
келді.
М. Әуезов Абайдың кеңестік дәуіріндегі бірден бір биографы
ретінде ұлы ақын өміріне байланысты ірілі – ұсақты дерек атауларының
бәріне де ерекше назар салып, көңіл бөліп отырған. Абайдың ғылыми
өмірбаянын бір емес, әлдеқанша қайта қарап, төрт рет жаңғыртып
тыңнан жазу арқылы мүлде жаңа деректермен толықтырып, сапасын
артырып отыруға көп күш салған. Абай өмірбаянының ең алғашқы
нұсқасы 1924 – 1927 жылдар аралығында жазылып аяқталса да 1933 жылы
ғана жарық көре алды. Абайдың шын мәніндегі ғылыми өмірбаянын
жазуды М. Әуезовтің алдымен қолға алуының белгілі себебі де бар
еді.
Өйткені Абай өмірбаянын толық әрі терең білмейінше, ақын
шығармаларының басты сарының тудырған саяси- әлеуметтік, тарихи
оқиғалардың бар болмысын ғылыми тұрғыдан терең танып білу аса
қиынға соқпақ. Ал ақын өмір сүріп бастан кешкен әр түрлі
әлеуметтік мәні бар тарихи оқиғалардың қыры мен сыры ақын
шығармалардың басты сарынымен тікелей байланысты астасып жататын- ды.
Абай мұрасының алғашқы зерттеушілерінің бірі Ғ. Сағди 1923 жылдың
ішінде- ақ Абайдың толық өмірбаянының жазылмауы бұл мұраның терең
танып білудегі басты кедергіге айналып отырғанын ескерте келіп: “ Не
үшін қазақтің қалам қайраткерлері Абайдың өмір тарихын толықтырып
жазуға сараңдық жасайтыны аса түсініксіз аянышты нәрсе”, - деп ашына
жазуында бұлтартпас ащы шындық жататын.
Міне, ақын мұрасын зерттеушілердің бәрін де бұл сияқты басты
кедергіден арылтқан танытқыш құрал- М. Әуезов жазған Абайдың тұңғыш
ғылыми өмірбаяны болатын. Мұқаң жазған бұл елеулі еңбектің Абай
мұрасын терең танытуда маңызы зор болумен бірге онда қамтылған көп
салалы тың деректер кейінен келе түгелге жуық “Абай жолы”
эпопеясының оқиға желісіне арқау балып сіңісіп кетуінде көп
нәрсенің қатпарлы сырлары тұнып жатқандай.
“ Абай жолы” эпопеясына негіз болып қаланған деректер көзі мен
жазылу, дүниеге келу тарихын ғылыми тұрғыдан терең танып білу үшін
қай зерттеуші болса да М. Әуезовтің абайтану саласындағы ғылыми
зерттеу еңбектерінде көтерген күрделі проблемаларына соқпай өте
алмақ емес. Өйткені эпопеяның бас кейіпкерінің өзі интеллектуалды
творчестволық дарын иесі болғандықтан, ол проблемаларды саралап білу-
шешуші мән- мағына алатын қажеттілікке айналары ақиқат. Осы айтылған
ерекшеліктерді терен танып білген жағдайда ғана Абай жолы
эпопеясының жазылу тарихы мен ондағы қойылған сан түрлі күрделі
мәселелер табиғатына дендеп кіре алмақпыз. Осы тұрғыдан қарағанда,
“Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары” деп аталатын еңбектің
зерттеу нысанына алатын тақырыбы бүгінгі әдебиетімізде алға қойылар
зерттеу жұмыстарының аса зәру актуалды да қажетті саласына
айналмақ.
Қазақ әдебиетін бүкіл әлемдік даңққа бөлеген Абай жолы
эпопеясының табиғатын танып білу әрекетінің бір жағы әр
зерттеушіні, сөзсіз, М. Әуезовтің ұлы ақын мұрасы туралы еңбектерін
терең танып меңгеруге әкеп тіремек.
Мұхтартану жөніндегі сын пікірдің басы ертеректе басталса да,
жазушының Абай мұрасы саласындағы ғылыми еңбектерінің жайы әлі
күнге дейін арнайы зерттелген емес. Әрине, бұл жөнінде көптеген
ғалымдар өздерінің зерттеу тақырыбына орай құнды пікірлер айтты,
бірақ дәл осы салада арнайы зерттеу еңбектері жазылған емес, бұл
тақырыптың бүгінгі міндет тұрғысынан күн тәтібіне қойылуы керектігі
жайлы жазушының 80 жылдық мерекесі тұсында өткен Бүкіл одақтық
ғылыми конференцияда Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент –
мүшесі, профессор З.Ахметов: “Мұхтар Әуезов және Абайтану
проблемалары” арнайы да кең түрде зерттеуге тұрарлық , өйткені Абай
тақырыбы Әуезов творчествосында басты орын алғаны белгілі ғой”, -
деп арнайы түрде атап өткен болатын. Бұл еңбектің алдында қояр
негізгі мақсатты –Мұхтар Әуезовтің абайтану саласында көтерген
проблемалары мен оларды шешу жолындағы ғылыми ізденістерін, ондағы
ерекшеліктерді зерттеуге арналады. Осыған қоса жазушының “ Абай
жолы” эпопеясындағы Абай мұрасы жөніндегі өзіндік ерекшелігі бар
зерттеулері де, көркемдік баяндаулары да бірге қарастырылады. Әрине
осы арада мына жайды айрықша ескерте кетер едік: мұхтарану
саласында жазылған еңбектерде көп, бір- ақ олардың қай- қайсысы
болмасын жазушы М. Әуезовтің көркем шығармаларына арналады да, ғалым
М. Әуезовтің абайтану саласындағы зерттеулеріне тоқтала бермейді.
Немесе айтыла қалған күнде жанама түрдегі пікірлер болып отырады.
Сондықтан да біз бұл іспеттес еңбектерге тоқтала бермейміз. Егер
олар сілтемеде көрсетілмесе, мұның себебі жоғарыда айтылған
жағдайларға байланысты екенін ескермек керек.
Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары өте күрделі де
көлемді болуы себепті, оларды бір еңбекте тұтас қамтып, толық
баяндап шығу да мүмкін емес. Ол бір ғана зерттеушінің зерттеу
ауқымына сыйып, оңай алынатын тақырыптар да емес. Осы жағдайды
ескере отырып, біз М. Әуезов тарапынан көтеріліп, арнайы зерттелген
проблемалық тақырыптарды тұтас қамтып, қарастыруға саналы түрде
бармадық. Тек қана бұл проблемалардың әлі күнге дейін жұртшылыққа
беймәлім, немесе қызу пікір таласына түскен буынды, өзекті жақтарын
алумен алумен ғана шектелдік. Біз таңдап отырған тақырыптар М.
Әуезов тарапынан ұзақ жылдар бойы молынан зерттелгенімен, ғалымның
бұл туралы ойлары толық түрде жарияланбаған. Көбінесе, тезис
түрінде, не шашпа пікір не һашия түрінде берілгендіктен, жазушы
архивіндегі деректер көзіне көбірек үңілдік. Осы ерекшеліктерге
байланысты ғылыми еңбектерінде аз таратылған ойларының желісі “Абай
жолында” мейлінше кең суреттелетін жақтарына мән бере қарастырдық.
Қорыта айтқанда, М. Әуезов өзінің абайтану саласындағы ғылыми
еңбектері мен ақын жөніндегі көркем шығармаларының соңғы нүктесін
қойғанға дейін Абай мұрасының рухани нәр алған көздерін анықтау,
нақтылы деректермен толықтыру жолында шындыққа саятын зор ғылыми
зерттеу жұмыстарын жүргізіп келген. Осы салада қол жеткен теориялық
негізде қорытылған ой байламын тұрақты түбегейлі көзқарас ретінде
1945 жылы Абайдың жүз жылдық юбилейі кезінде Қазақстан Жазушылар
одағының пленумында жасаған баяндамасында ұсынды. Осы ғылыми
негіздегі биограф ұсынған Абай шығармаларының нәр алған үш қайнары
жайлы көзқарасы ұлы ақын жайлы жазылған атақты “Абай жолында” да
түбірлі де терең өріс алған –Абайдың ақындық кітапханасы жайлы өте
күрделі де көлемді поблеманы кең тұрғыдан қамтуынан да айқын
көрінеді. Яғни М. Әуезов Абайдың ғылыми өмірбаянын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz